Басқарудың сызықты құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

___________________________________ _ кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Менеджмент негіздері
Тақырыбы: Ұйымдастыру – басқару функциясы ретінде

Тексерген: __________________________
___________________________________ _
___________________________ 200 ж.

Орындаған: __________ тобының студенті
___________________________________ _

Алматы 200
Мазмұны:

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------- 3

1 Ұйымдастыру функциясының мәні мен мазмұны-------------------------- 4

2 Ұйымдастырушылық құрылымдар және олардың сипаттамасы------- 8
2.1 Басқарудың сызықты құрылымы--------------------------- -------------
- 13
2.2 Басқарудың функционалдық құрылымы--------------------------- ------
15
2.3 Басқарудың сызықты-функционалдық құрылымы-------------------- 17
2.4 Басқарудың матрицалық құрылымы--------------------------- ----------
20

3 Қазіргі кездегі ұйымдастыру құрылымдарының жаңа түрлері-------- 23

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
------------ 26
Әдебиет тізімі----------------------------- ---------------------------------
--------------- 27
Кіріспе

Ұйымдастыру термині латынның сөзі organizo – сымбатты түр беремін,
орналыстырамын дегеннен шыққан. Орыс тілінде бұл сөз екі мағынаға ие
болады. Басқару функциясы ретінде ұйымдастыру басқарылатын жүйе қызметінің
барлық иерархиялық деңгейлеріндегі техникалық, экономикалық, әлеуметтік-
психологиялық және құқықтық жақтарының реттелуін қамтамасыз етеді
(Кнорринг, 1999). Ол ұйымдастырушылық құрылымға, ұйымдастырушылық
үрдістерге, ұйымдастырушылық заңдарға және ұйымдастырушылық мәдениетке әсер
ету арқылы айқындалады.
Басқару объектісі ретіндегі ұйым дегеніміз – қандай-да бір мақсаттарға
қол жеткізу үшін құрылған белгілі бір құрылым. Ұйымдардың құрылу
мақсаттарына және қызмет етуіне қарай олар өндірістік, көліктік,
коммерциялық, қаржылық, жобалық, ғылыми, консалтингтік және т.с.с. болып
бөлінеді. Меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бойынша ұйымдар
мемлекеттік, жеке, бірлескен, қоғамдық және аралас болуы мүмкін. Өзінің
ауқымы бойынша ұйымдар шағын, орташа және ірі болуы мүмкін.
1 Ұйымдастыру функциясының мәні мен мазмұны

Ұйым алдында тұрған басқарушылық мақсаттарға қол жеткізу және оларға
сәйкес мәселелердің шешілуі еңбек ұжымдарына және жеке жұмыскерлерге
басқарушылық ықпалдарды жүзеге асыру арқылы басқару функцияларының
арқасында жүзеге асады. Функция сөзі латынның functio – атқару, қызмет ету,
орындау деген сөзінен шыққан. Сондықтан, басқару функциялары белгілі бір
мақсаттарға қол жеткізуге бағыталған басқарушылық қызметінің мәнін
анықтайды.
Ұйымды басқарудың келесідей негізгі функцияларын қарастыруға болады:
1. Жоспарлау,
2. Ұйымдастыру,
3. Үйлестіру (координация),
4. Ынталандыру,
5. Есепке алу (учет),
6. Бақылау,
7. Реттеу,
8. Нормалау,
9. Маркетинг.
Ұйымдастыру функциясында басқарылатын жүйенің ресурстардың минималдық
шығындары кезінде қойылған мақсаттарға сәйкес қызмет етуін және дамуын
қамтамасыз ететін тәселдері, әдістері және буындарының жиынтығы
біріктіріледі. Басқарудың функциясы ретіндегі ұйымдастыру – басқаратын
жүйенің басқарылатын жүйе ұйымдастырушылық құрылымдарына, ұйымдастырушылық
үрдістеріне, ұйымдастырушылық заңдарына және ұйымдастырушылық мәдениетіне
ықпалы арқылы айқындалады.
Ұйымдастыру функциясы басқарудың бүкіл жүйесін қамтиды. Басқа
функциялармен салыстырғандағы оның ерекшелігі – ол барлық басқа
функциялардың әрекет етуінің тиімділігін және өзара әсерлесуін қамтамасыз
етеді.
Ұйымдастыру арқылы адамдар мен бөлімшелер бірыңғай өндірістік ағзаға
бірігеді. Дегенмен, бұндай бірігу кездейсоқ емес, ол басқару заңдарына және
өндіріс мәселесіне бағынады. Ұйымдастыру функциясының әрекет етуінің
арқасында басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы өзара әсерлесу
орнатылады.
Сөйтіп, басқарушылық іс-әрекеттердің түрі ретіндегі ұйымдастыру
жоспарлау функциясының жүзеге асырылуымен тығыз байланысты болады да, оның
бірінші қадамы болып келеді. Кәсіпорын өз жоспарларын орындау үшін және
алдына қойған мақсаттарын іске асыру үшін бірқатар элементтерді
құрылымдастыру (структурировать) қажет. Бұл көбінесе нарықтық қарым-
қатынастардың талаптарына икемділігі мен бейімделуін жоғарылату мақсатымен
өндіріс пен басқару құрылымының қайта құрылуын талап етеді.
Ұйымдастыру функциясының маңызды мәселесі – бұл кәсіпорында
өзгерістерге, инновацияларға, бүкіл кәсіпорынға ортақ құндылықтарға
бағдарлануға жоғары бейімделуімен сипатталатын мәдениеттің қалыптасуы үшін
жағдайлардың жасалуы.
Демек, ауқымдары мен қызмет ету түрлеріне тәуелсіз әрбір кәсіпорын
қандай-да бір түрде ұйымдастырылуы керек. Ұйымдастыру функциясына
негізделген жұмыстар өз рангыларына тәуелсіз барлық басмқарушылар орындауы
тиіс. Бұл функцияның тұжырымдамасы горизонталь мен вертикаль бойынша
құқытар мен жауапкершіліктің табысталуына негізделгендігімен,
ұйымдастырушылық құрылымын таңдау жөніндге шешімді басқарудың жрғары
буынының басшылығы қабылдайды. Сонымен қатар, бұндағы мәселе – кәсіпорынның
мақсаттары мен мәселелеріне ең жақын келетін ұйымдастырушылық құрылымды
таңдау. Мамандар қызметтері мен жұмыстарын горизонталь мен вертикаль
бойынша бөлу ерекше сипатқа ие болады.
Вертикаль бойынша (бағыныштылық бойынша) еңбектің бөлінісі шексіз
еместігін естен шығармау керек. Егер кәсіпорынның өсуі жүзеге асырылып
жатса, онда функциялар бөлінісінің жаңа түрі – горизонталь бойынша – пайда
болады.
Менеджер еңбегін бөлуге осындай қатынас алуан түрлі қызметтер мен
бөлімдердің құрылып жасалуына жәрдемдеседі. Батыс менеджемнтте бұндай
бөлімдердің жасалуы мен бөлінуі департаментация деп аталады.
Ұйымдастыру функциясының маңызды бағыты – бұл басқарудың жоғары мен
төмен деңгейлері арасындағы өзара қарым-қатынастарды орнату. Бір ғана басшы
басқаруы тиіс мамандардың санын анықтау оңайға түспейді. Іс жүзінде бұл сан
ұйымдастыру үрдісінің ерекшелігіне және басқарушылық деңгейге қарай түрлі
мәндерге ие болады.
Сөйтіп, жоғары басшылар оннан аспайтын бағыныштыларды басқарады
(қадағалайды), ал төменгі буын басқарушылары қызметкерлердің әлдеқайда
үлкен санын басқара алады.
Осыған байланысты басқарушылық нормаларын (бір менеджер тиімді басқара
алатын қызметкерлердің саны) анықтайтын екі маңызды факторды анықтауға
болады. Олар – уақыт пен жиілік, яғни менеджер әрбір қызметкерге неше уақыт
жұмсайды және оның жиілігі қандай болады деген сөз.
Басқарушылық деңгейлердің арасындағы байланысты орнатудың құралы – бұл
өкілеттіктер. Өкілеттіктерді табыстау (делегирование полномочий) – бұл
қойылған мәселелердің шешілуі үшін құқықтар мен жауапкершілікті тапсыру.
Бұл үрдіс (процесс) кәсіби ойлайтын және белсеңді түрде жұмыс істейтін
басқарушылардың өсуіне жәрдемдеседі және оларды бағыныштылардан дербес
қызмет ете алатын басшыларға айналдырады.
Ұйымдастыру басқару сұлбалары мен құрылымдарын, лауазымдық
нұсқамаларын, ережелерін, басқа нормативтік құжаттарды жасап шығаруға және
бекітуге бағытталған қызмет түрі ретінде саналады. Ол істердің бар жағдайын
терең экономикалық талдануына, ғылыми есептелуіне, жұмыскер мінез-құлығының
және басқарушылық үрдісті жанжақты зерделенуіне негізделеді. қазіргі
уақытта, бүкіл шаруашылық механизмнің қайта құрылуы жүзеге асырылып
жатқанда, ұйымдастыруға ерекше жоғары талаптар қойылады. Бұндай жағдайларда
ұйымдастыру экономиканы басқарудың кейінгі жетілдерілуінің, ең кең мағынада
алғанда, шешуші буыны болып табылады.
Ұйымдастыру функциясы бүкіл бөлімшелер арасындағы уақыттық және
тұрақты өзара әсерлесулерді орнатуға негізделеді. Ол кәсіпорынның қызмет
етунің реті мен шарттарын анықтайды. Бұл функцияны жүзеге асырудың екі жолы
бар: әкімшіліктік-ұйымдастырушылық басқару арқылы және жедел басқару
арқылы.
Әкімшіліктік-ұйымдастырушылық басқару арқылы құрылым анықталады, өзара
байланыстар орнатылады, бөлімшелер арасындағы функциялар үлестіріледі,
басқару аппаратының жұмыскерлері арасындағы өкілеттіктер үлестіріледі және
жауапкершілік анықталады.
Жедел басқару қол жеткізілген нәтижелерді ағымдық жоспарлар
көрсеткіштерімен әрдайымғы салыстыруға негізделеді.
Ұйымдастырушылық құрылымды кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің
мақсаттарымен, олардың функцияларымен анықталатын өзара байланыстары бар
бөлімшелер құрайды.

2 Ұйымдастырушылық құрылымдар және олардың сипаттамасы

Белгілі бір ұйымдастыру шаруаның жеке еңбегі сатысында-ақ байқалған
болған. Ол шаруа өз еңбегінің ақырғы мақсатына қол жеткізу үшін көптеген
рет қайталанатын өндірістік функциялардың әсерінен пайда болды. Өндірістік
функциялардың тұрақты жүзеге асырылуы өндіріс үрдісі ұйымдастырылуының
қарапайым нысанын, яғни оның жасырын күйде болатын бастапқы құрылымын
құрайды. Бұндай құбылыстың негізі – бұл кооперацияланған өндіріс, оның
дамуы ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастыратын басқару функцияларының
бөлінуіне әкелді.
Сөйтіп, өндірісті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы қалыптасуының
негізгі факторлары ретінде еңбектің бөлініс және басқару функциясының пайда
болуы саналды. Бірлескен еңбек, жұмыс күшінің кооперациясы қарым-
қатынастардыңғ жаңа түрін қалыптастырды. Оны өндірістік үрдістің мүшелері
арасындағы, басшылар мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынастар түрінде
қалыптасты деуге де болады.
Машиналық өндіріс сатысында басқару функцияларының ақырғы жекеленуі
іске асты. Өндірістік функциялардан толығымен босатылған басшылар пайда
болды. Ведомостер, есеп берулер, баяндамалр және т.с.с. арқылы бақылау
пайда болды. Кері байланыс реттелді. Осының бәрі, әсіресе, өндіріс
ауқымдарының өсуі, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарының тез дамуына
жәрдемдесті.
Өндірісті басқарудың құрылымы – бұл басқару жүйесінің басқарушы және
басқарылатын жүйешелері арасындағы басқарушылық байланыстардың жиынтығы. Ол
тізбекті бағыныштылықта орналасқан және белгілі бір құқықтары мен
міндеттері бар дербес бөлімшелердің немесе жеке атқарушылардың құрамы мен
ақпараттық өзара байланыстарымен сипатталады.
Құрылымдағы буындардың саны оның деңгейлерін анықтайды. Құрылымдар бір
деңгейлі және көп деңгейлі болуы мүмкін. Олардың байланыс сипатына қарай,
құрылымдар сызықты, функционалдық және аралас болып бөлінеді. Әрбір
құрылымдық бөлімше сандық және сапалық параметрлермен сипатталады.
Құрылымдық бөлімшелердің және атқарушылардың қызмет етуі арнайы
ережелермен (нұсқамалармен) регламентталады, олар басқарудың әрбір
органының функцияларын, олардың арасындағы құқықтар мен міндеттердің
үлестірілуін, ал бөлімше ішінде – әрбір атқарушылар функцияларын, құқықтары
мен міндеттерінің үлестірілуін анықтайды. Құрылымдық бөлімшелердің
қалыптасуы кезінде басты көңіл оларға ішкі ортаның әрдайымғы өзгерістеріне
бейімделуге рұқсат ететін динамикалылықты беруге аударылады.
Ғылым негізінде басқарудың бір субъектісіне бағынышты болатын
құрылымдық бөлімшелер мен жұмыскерлер санының шегі бар екендігі
дәлелденген. Тиімді басқарудың жолында ақпараттық кедергі қойылады. Ол
берілген құрылым және басқарудың техникалық құралдары кезінде шешуге қол
жетерлік экономикалық мәселелердің күрделілік шектерін орнатады.
Өндірісті басқару үшін құрамына қызметкерлердің алуан түрлі
категориялары: басшылар, мамандар және техникалық атқарушылар кіретін
аппарат құрылады. Басқару функцияларын және құрылымдық бөлімшелердің
функцияларын айыруға болады. Басқару функциялары – бұл кәсіпорынның
басқарылатын объект ретіндегі объективті қажеттілігі. Құрылымдық
бөлімшелердің функциялары басқарушылық қызметтің нақты мазмұнын және
өндірістегі ықпал ету саласын бейнелейді. Олар кәсіпорынның құрылымдық
бөлімшелерін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Басқару аппаратының құрылымдық бөлімшесі – бұл оның әкімшіліктік
жекеленген бөлігі. Ол басқарудың бір, бірнеше немесе көптеген функцияларын
атқарады. Санына қарай оларды функциялардың берілген түріне маманданған бір
немесе бірнеше құрылымдық бөлімшелер орындауы мүмкін. Қызмет етуінің
сипатына қарай сәйкес келмейтін функциялар жеке жұмыскерлерге жүктеледі.
Өндірісті басқару аппаратының құрылымы – бұл бірыңғай өзара
байланысқан жүйедегі өндірісті басқару аппараты құрымдарының, басқару
деңгейлерінің саны мен құрамы. Әдетте оны сұлба түрінде бейнелейді. Егер де
сұлбада құрылымдық бөлімшелерден басқа өндірістік бөлімшелер және олардың
өзара байланысы бейнеленсе, онда ол кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы
болып табылады. Горизонталь бойынша бір деңгейдің буындар санын, ал
вертикаль бойынша – деңгейлердің өзара бағыныштылығындағы санын анықтауға
болады. Басқару буындарына бірнеше құрылымдық бөлімшелерді басқаратын
басшылар, құрылымдық бөлімшелердің өздері және белгілі бір функцияларды
немесе осындай функциялардың бір бөлігін орындайтын жеке мамандар жатады.
Басқару аппаратының деңгейлері – бұл оның горизонталь бойынша олардың
төменнен жоғары қарай тізбекті бағыныштылығындағы деңгейлері. Кәсіпорындағы
бірінші (төменгі) деңгей – бұл өндірістік учаскі. Неғұрлым құрылым күрделі
болса, соғұрлым басқару деңгейлері көп болады. Сонымен қатар, жұмыстардың
көлеміне басқару жұмыскерлерінің білікті-лауазымдық құрамы және олардың
саны тәуелді болады.

Басқару аппаратының рационалды құрылымдарын құруға қойылатын талаптар
және оларды анықтайтын факторлар.
Басқару аппаратының құрылымы еңбек бөлінісінің нысанын көрсетеді. Ол
қаншалықты дұрыс құрылғанына қарай, басқарушы жүйенің басқарылатын жүйеге
ықпал ету тиімділігі тәуелді болады.
Басқару аппаратының құрылымына қойылатын бірінші талап – жеделдік
(оперативность). Бұл басқарушылық шешім басқарылатын объектке өндіріс
жағдайының кезекті өзгерісі пайда болғанына дейін жетуі керек деген сөз.
Болмаса, шешім қажетсіз болып қалады.
Басқа талап – сенімділік, яғни басқару аппаратының құрылымы ақпаратты
берудің абсолюттік ақиқаттылығын (достоверность) және тоқтаусыздылығын
(бесперебойность) қамтамасыз етуі тиіс. Ол өндірістегі осындай өзгерістерге
сәйкес тез қайта ауысатындай қозғалғыш болуы тиіс.
Әрбір басқарушы жүйеде горизонталь бойынша буындардың және вертикаль
бойынша деңгейлердің кішігірім саны болуы керек. Дегенмен бұл минимум
басқарудың ең жақсы тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс, яғни басқару жүйесі
оңтайлылық (оптимальность) талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Басқару құрылымы сапасының маңызды көрсеткіші – бұл оның үнемділігі,
яғни ең үлкен эффект оның аппаратын ұстауға кететін шығындардың минимумы
кезінде асырылуы тиіс.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына басқару мақсаттары,
принциптері, әдістері және функциялары ықпал етеді. Оларды қарастырайық.
Мақсат оның орындалуына жауап беретін бөлімшелердің бөлінуін талап
етеді.
Принциптер мен әдістер – құрылымдық бөлімшелердің құрылуы немесе
кеңеюі. Мысалы, әріптестік (коллегиальность) принципі директордың қол
астында әрекет ететін техникалық кеңес арқылы жүзеге асырылады. Оның
міндеттеріне қиын мәселелерді талқылау, шешімдердің нұсқаларын жасап шығару
кіреді. Нарықтық қарым-қатынастарға көшкен кезде кәсіпорындардың деңгейінде
іске асырылатын нақты бағдарламаларды жасап шығарған жөн. Басқарудың
әлеуметтік-психологиялық әдістерінің күшеюі нәтижесінде арнайы қызметтер
құрылады.
Басқару құрылымына ең үлкен әсерін басқару функциялары, олардың
құрамы, мазмұны және көлемі тигізеді. Сондықтан, олардың мақсаттарға қол
жеткізу үшін қажетті болатын тізімі мен мазмұнын анықтау басқару
аппаратының құрылуына алдын ала жүруі тиіс. Функцияның бірінші реттілігі
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдастырушылық құрылымдар
Басқару құрылымы туралы жалпы түсінік
Басқару ұғымы мен құрылымы
Тәжірибе базасымен танысу
Автоматты реттеуіштің функционалды сұлбасы
Ұйымдық құрылым. Сызықтық және функционалдық түрі
Басқару деңгейлері. Тігінен және көлденеңінен басқару құрылымдары
Мемлекетті басқарудың тәсілдері
Мемлекеттік басқарудың мәні
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ
Пәндер