Қазақ тілі сабағын оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І-бөлім Қазақ тілі сабағын оқыту
1.1.Қазақ тілін мектепте оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
1.2 Мектепте лексиканы оқытудың міндеттері

ІІ- бөлім Ұлт мектептерінде қазақ тілі сабағын ұйымдастыру жолдары

2.1. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту әдістемесінің ұйымдастыру
2.2. Қазақ тілінен лексика – грамматикалық минимумды
іріктеу мәселелері.
2.3. Қазақ тілі сабағын ұйымдастыру жолдары
2.4. Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді
әдіс – тәсілдері

Қорытынды

Пайдаланған қорытынды

Кіріспе
Қазақ тілін оқыту методикасы – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс
тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің
жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен білу беру арқылы оқушының
өзін қоршаға көз қарасын қалыптастырады. Сонымен бірге методика мұғалімді
педогогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді
оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. әдістеме
мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге сабақ
берудің тиімді әдіс тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
Соңғы кезде ана тіліміз – мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі
жайында жиі әңгіме қозғалып жүр. Оның дәрежесі тәуелсіздік алғалы бері
биікке көтеріліп, мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасының
тіл туралы Заңы, басқа да ресми құжаттар жарық көрді. Солардың бірі жуықта
жарық көрген Елбасының арнайы жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдау мен
дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Бұл
бағдарламадағы мемлекеттік тілге қатысты берілген нақты тұжырымдар үлкен
істің алдағы он жылда тиянақтылатынын көрсетіп отыр.
Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруы үшін, Қазақстанды
мекендейтін халықтардың ол тілді білуі парыз. Еліміз көп ұлтты мемлекеттік
болғандықтан, орыс тілді басқа ұлт өкілдері мен қазақтарға қазақ тілін
оқытуды жан – жақты жетілдіріп, оның өзекті мәселелерінің шешімін іздеу
керектігі дәлелденіп отыр.
Сонымен мемлекеттік тіл өз мәртебесіне сай қоғамдық қызметін кеңейтіп,
қажеттілігін табиғи түрде арттыруы үшін, тілді міндетті оқытуды жүйелі
түрде енгізіп, оқыту сапасына қатал талаптар қою және оның орындалу
нәтижесіне тұрақты бақылау жасау қажет.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі 1 – 11 сынып аралығында
жүретін негізгі міндетті пәндердің бірі. Осы тұрғыда қазақ тілін оқыту
мәселелері әлі көптеген шешімдерін таба алмай отыр. Мәселен, мектепте қазақ
тілін оқыту үрдісі бар да, оның көрсеткіштік нәтижелері төменгі деңгейде.
Курстық жұмысының мақсаты: оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ
тілін оқыту әдістемесінің зерттелу тарихына тоқтала отырып, өзекті
мәселелерін көрсету, олардың шешілу жолдарын қарастыру.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін, келесі мәселелерді шешу керек:
- Қазақ тілінен бірегей типтік, яғни лексика – грамматикалық
минимумның осы кезеңге дейін анықталмауы;
- Оқулық, оқу құралдарының білім беру, іскерлік, дағды
қалыптастыру тұрғысында сапсыз жасалуы;
- Тілді практикалық негізде үйретудің жаңаша, тиімді әдіс –
тәсілдерінің тәжірибеде аз қолданылуы.

І-бөлім Қазақ тілі сабағын оқыту
1.1. Қазақ тілі сабағында оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Лексика туралы жалпы түсінікті өткенде, мұғалім сөз мағыналарындағы
өзгерісті кесте арқылы түсіндіргені жөн.Тіліміздегі сөздердің бір күн, бір
жыл немесе он жыл ғана өмір сүріп қоймайтындығын,бірнеше мыңдаған жылдар
бойы өмір сүретіндігін, қолданылу барысында тіл өңделіп, жетіліп, кейде
жойылып, кейде түрлі өзгеріске түсіп отыратындығын, бірақ бұл құбылыс өте
баяу жүретіндігіне мысалдар арқылы көз жеткізген дұрыс. Бұған кесте көмекке
келе алады.

Реті Түрлері Мысалдар
1 Сөздің мағынасы да, дыбысталуы Ата,ана,ақ қара, кел, бар,күн,
да толық сақталған түрі адам т.б.
2 Мағынасы сақталған да, сыртқы Йер (жер), йасыл(жасыл), көкбөрі
дыбысталуы өзгеріске ұшыраған (көкпар), товар (тауар), сұғ
(су)т.б.
3 Дыбысталуы сақталған да жеке Асты, үсті екен, еді, соң,-ау,
өзіндік мағынасы жойылған -мыс,бері т.б.

Бұл
кестеде сөз мағыналарының өзгеруін көре аламыз.
Бір айта кететін нәрсе: кестедегі рет саны екінші қатардағы
мысалдарды оқушыларға түсіндіріп, оларға ол жөнінде мәлімет беруге болады,
бірақ оларға осы тәріздес мысалдар теріп жазып келіңдер немесе біліп
келіңдер деп тапсырма беруге болмайды. Мәселен, товар деген сөздің орыс
сөзі емес, көне түркі тілінде (оны М. Қашқари сөздігі дәлелдейді) бар сөз
екенін,оның орыс тілінде қолданылатынын мұғалім ғана білуге тиіс екенін,
оқушының білмеуі заңды екенін ескеру керек және осындай сөздерді өзің
біліп кел деп тапсыру сыйымсыз болады.Кестедегі рет саны бірінші картадағы
мысалдарды тіліміздің сөздік қорын құрайтын сөздер бойынша толықтыруга
болады.Ал рет саны үшінші картадағы сөздерге тіліміздегі көмекші сөздер –
көмекші есімдер , көмекші етістіктер, шылаулар жататындығын ажырата алса
және өздері мысалкелтіре алса жеткілілікті. Лексикаға қатысты
жаттығулардың бірінде (34 әр сөздің грамматикалық белгілерін – қай сөз
табы , қандай сөйлем мүшесі, қандай формада тұрғанын дәлелдеңдер деген
тапсырма берілген. Бұның лексикаға қатысы болмаса да, оқушылардың 4-
сыныпта өткендерін жаттығу жұмысы арқылы қайталау мақсаты көзделінді және
сөздегі лексикалық мағына мен грамматикалық мағыналардың бір еместігін,
грамматикалық мағынаны грамматикалық форма беретіндігіне алдын ала
жүргізілген қажетті тапсырма деп ұққан жөн.
31-жаттығуда да ана тілі жайлы жазылған өлең оның соңынан берілген
тапсырма бұдан бұрынғы орындатқан тапсырмаларды қайталаған сияқты болмау
үшін, ақынның айтқандарын шумақ-шумақпен анықтап, ана тілі жайлы өздері
жазған шығармаларымен құрастырған мәтіндерінде осыларды айта алды ма, әлде
ұмыт қалдырды ма, осы жайында чсараптай алсын,

-жаттығуды жаппай орындау міндетті емес: тауып жаза алғандар ғана жазсын .
Сөз мағынасын оқытқанда сөзбен мағына деген үлкен бөлімді оқытуды
бастамас бұрын сөз мағынасын айырудың тілді үйретуші мен қолданушылар үшін
мәні зор екенін мұғәлімнің сөзбен айтып түсіндіруі бір басқа, сөз мағынасын
түсінуге көмектесетін сөздіктерді сабаққа алып келіп, көзге көрсетіп,
олармен жұмыс жүргізудің нәтижесі бір басқа болмақ.Сөздік оқушылардың
бәріне бірдей жете бермейтін болғандықтан, сыныпты бірнеше топқа бөліп,
сөздіктер тауып беріп, топпен жұмыс жүргізген жөн.Айталық, құралай сөзі
нені білдіреді деп оқушы сұраса, қыздың аты деп жауап бере салмай киіктің
лағы екенін оқушыларға түсіндіріп айтып жөткен жөн сияқты.Немесе әй, дер
әже қой дер қожа жоқ деген тұрақты тіркес ертеден келе жатыр.Бұның
мағынасын түсінбейтін қазақ жоқ осы тіркес ішіндегі Әжеге түсіндірмелік
сөздікте: Әже-ауылдың сыйлы құрметті адамы деген түсінік берілген.Олай
болса, ол ажа деген сөз емес екен ендеше сөз мағыналарын тарихи тұрғыдан
түсіндіретін Қазақ тілінің этималогиялық сөздігін, Ә.Нұрғаманбетовтың
505 сөзі, Р.Сыздықованың Сөздер сөйлейді, дейтін кітаптарымен Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігін қатар, ұштастыра пайдаланған дұрыс.Бұл үшін
оқушылардың арнайы оқу дәптері болуы керек.Сөздік дәптерге түсірілген
сөздер саны бойынша жарыс ұйымдастырып, отыру да артық болмайды.Жарыс ойын
түрінде өткізіледі.Сынып оқушылары үш топқа (командаға) бөлінеді: бірі-жас
Сөздер тобы яғни тілімізге жаңадан еніп жатқан жаңа сөздер, екіншісі-
қарт сөздер тобы, яғни бұрыннан қолданылып, келе жатқан сөздер, үшіншісі
– қартайып барып қайта жасарған сөздер.Қай топ сөздерді көбірек тауып
келтірсе, сол топ жеңіске жетеді.Әрине, бұлардың саны бірдей болмайды,
әсіресе топтағы сөздерді табуға мұғалім алдын ала дайындық жүргізгені
дұрыс.Оқулықта 37-жаттығу солдайндық үшін берілген.Мұндай жарыс-ойынды КВН-
ге айналдыруға болады.КВН де сол сөздермен сөз тіркес терін, сөйлемдер мен
мәтін құрастыру тапсырмалары қамтылады.
41-жаттығу ес, зерек, ойлау тәрізді абстрактілі ұғымдардың мағнасын
білгізу үшін беріліп отыр.Бұл сөздердің мағынасын Түсіндірмелік сөздіктен
қарап анықтаған жөн.Мұнымен қоса, Абайдың 31-қара сөзі бұл сөздердің
мағынасын түсінуге кқөмегін тигізеді.31-сөзді тұтастай немесе авзацтарға
бөліп жазып, кабинетке көрнекілік іліп қойса да болады.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасын түсіндіргенде, көп сөйлеп,
оқытушыларды шаршатып алмас үшін оқушылардың өзін қатыстыра отырып,
әңгімелеген дұрыс.Оқушыларды әуел баста –ақ топ топқа бөліп қойған
жөн.Сонда әр оқушы қай топта екекнін күні бұрын біліп, дайын отырады.Бір
топтағы оқушылар тура мағыналы сөзді айтады, ал екінші топтағы оқушылар сол
сөз емін еркін қарым-қатынасқа түсе алатын,яғни тіркес құрай алатын
сөздерді атайды.Әр-бір тура мағыналы сөздің қанша сөзбен тіркес құрағандығы
тақтаға жазылып отырады немесе тура мағыналы сөз тіркестер тырнақша
Қоржынына салынып отырады.Осыдан кейін келесі топ ауыспалы мағнада
жұмсалатын сөздерді айтады да, басқа тоаптар сол сөздің қарым қатынасқа
түсе алатын сөздерін атап, тіркес құрайды.Соның бастапқы мағынасымен
құралған тіркесті ойынды жүргшізуші анықтап, тура мағыналы сөз тіркес
терінің қатарына қосады.Ауыспалы мағынасымен құралған тіркестер келтірінді
мағыналы сөз тіркестер тырнақша Қоржынына салынады.
44-жаттығудағы Абайдың Өлең-сөздің патшасы, сқөз сарасы деген
өлеңінде сөз өнеріне қойылатан талаптарды анықтау оқушыларға оңай
тимейді.өлең бойынша, ең алдымен, ауыспалы мағыналы сөздерді: Сөз патшасы,
сөз сарасы (Сара деген сөз мағнасына көңіл бөлу керек), тілге жеңіл, жылы
тию, жұмыр келу, бөтен сөз, іші алтын, сырты күміс, сөз жақсысы деп
анықтап, бастапқы мағнасын айтып бере алса болғаны.Содан кейі мұғалімнің
Абайдың айтуынша өлең қандай болу керек? деген сұрағына жауап берсін.
49-жаттығуда Ғ.Мүсеріповтың сөзі берілген. Ондаға мақсат –ауыспалы
мағыналы сөздерді тапқызу ғана емес , ойдың биіктігі, адами сезім деген
тіркестердің мәнін ұғындыру. Үнемі биікке ұмтылу, жоғары мұраттарды мақсат
ету, ешкімнің табанының астында қалмау-жазушының өзіне де замандастарына
да, өкшелес буын мен кейінгі ұрпаққа да бағыттап айтқан ұлы арманы екені
белгілі
Егер оқушылардың әрқайсысы әр түрлі жауап беріп беруі Ғ. Мүсірепов
сөзіндегі адами сезім-аталық, екіншісі-ұстаздық, үшіншісі-достық,
төртіншісі- жанашырлық, бесіншісі-ұлылық т.б. деп жауап беріп жатса ,
оларды түзетем деп әуре болудың қажеті жоқ, себебі бұл мәтінде жағымды
адами сезімдердің бәрі бар.
50-жаттығуда берілген А. Тоқпановтың мәтінінде ауыспалы мағынада
жұмсалған сөз тіркестерін оқушылардың бәрі бірдей таба алмауы мүмкін. Осы
сипаттағы жаттығуды мүмкіндік деңгейінің тапсырмаларын орындай алатын
оқушыларға жүктеген дұрыс.Міндетті деңгей үшін ауыспалы мағына түрін құрап
тұрған ұшқын, оятқан , қанат бітірген, жүйрік, шебер, қоңыр, шоқ тастап,
мектеп, ұйып сөздерінің сатын сцзып беріп, қандай сөздермен тіркес құрап
тұрғанын тапқазу да жеткілікті. Осы тіркестерді оқушы лексикасына енгізу
үшін сөздік дәптерге немесе арнаулы дәптерге жазып жүруін қадағалау
қажет.Сонда ғана жай жаттығу көлемінде ұмытылып қалып қоймайды.
1.2 Мектепте лексиканы оқытудың міндеттері
Көп мағыналы сөздерді оқытқанда көп мағыналы сөздерді оқушылар көп
жағдайда омоним сөздермен шатастырыды. Көп мағыналы сөздердің омоним
сөздермен ұқсастығы – екеуінің де бірдей дыбысталатындығы, айырмашылығы-
көп мағыналы сөздер мағыналары жағынан жақын болып келетіндігі, ал омоним
мағыналары жағынан басқа- басқа болатындығы. Көп мағыналылық – бір сөздің
әр түрлі контексте әр түтлі мағына беруі. Көп мағыналылыққа жататын
сөздердің мағыналары арасыпда мағыналық байланыс, жақындық, ортақтық
болады.Ондай жақындық, ортақтық сөздің негізгі, тура мағынасынан шығады.
Мағыналық жақындықты айыру үшін , Сөздің келтірінді мағыналарын негізгі
мағынасымен салыстыра қарағанда түсінікті болады. Мәселен , адамның басы
дей отырып , төбенің басы , таудың басы, жұмыс басы , бұлақ басы дей
береміз, көйлектің етегі дей отырып, таудың етегі дейміз.Мұндағы бірінші
тіркестегі сөздер-өздерінің тура мағынасында, соңғы тіркестегі сөздер
ауыспалы мағынада тұр. Бұлардың әрқайсысы әр түрлі сөзбен аталмай , бірақ
сөзбен айтылуында бір заңдылық бар. Ол – ұқсастық заңдылығы. Мәселен,
көйлектің етегі бірнеше метр – ақ болсын дейік, ал таудың етегі ондаған,
жүздеген шақыоымға созылуы мүмкін. Бірақ көйлектің етегімен таудың
етегіндегі ұқсастық – екуіде заттың ең төменгі жағы, төменгі бөлігі. Көп
мағыналы сөздерде айыру үшін және оқушылар шатаспай ажырату үшін сөздердің
мағыналарының арасындағы осындай ұқсастықты, ортақтықты іздеп, таба білу
қажет. Оқушылар мағыналық жақындығы бар сөздерді жаттанды емес, саналы
түрде айыра білу үшін, олардың өз айналасындағы, жүрген ортасындағы бірдей
атаумен аталатын ұқсас, жақын, ортақ нәрселерді тапқызып көру қажет.
Осы жұмыстарды орындатқан соң, мәтіндердегі, сөйлемдрдегі көп мағыналы
сөздерді тапқызған жөн.
Ақанның Құлагері жайында айтылған мәтіннен көп мағыналы сөздерді
табыңдар деген тапсырманы орындату оңайға түспейді, себебі мәтінде көп
мағыналы сөздер қатар, жарыса қолданылып тұрған жоқ. әуелде оқушылар
мәтінде қатар қоланылып тұрған көп мағыналы сөздерді іздейтіні белгілі.
Дағдарып қалған оқушыларға мұғалім ән аяқталғанда деген тіркесті мысалға
келтіріп, аяқталғанда сөздің тағы басқа қандай сөздермен тіркестіруге
болатынын естеріне салу керек.
Тапысмада көрсетілгендей , осы мәтіндегі оқйғаны диалогсіз баяндап
жазудың не айтудың өзіндік тәсілдері бар, олар: бірінші жақтан баяндауды
үінші жақтың формасына тсіріп баяндау, төл сөзді төлеу сөзге айландыру.
Мәселен, Ақан жиналған жұртқа бір-екі ауз өлең айтып бермекші болып,
домбырасын қолына алдыда, Маң-маңгерді шырқап берді. Жұрт бір-біріне
сыбырласып, бұл әннің ақының өзінің құлагеріне шығарған әні екенін, аты да
дәл тауып қойылғанын, тіпті аттың желмайадай жүрісіде әнде айнытпай
берілгенін айтты.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдарын бесінші сынып оқушылары
білмейтіндіктен, мұғалім кез-келген диалогты мысалға алып, ғылымы
түсініксіз ақ төл сөзді төлеу сөзге айландырып ауызша айтып көрсеткеі жөн.
Мұнысз тапсырма нәтижелі орындалмай қалады.
Көп мағыналылыққа қатысты соңғы жаттығулардың бірінде Сөздің көп
мағыналылығын тілдегі рөлі қандай? деген мәселе төңірегінде өз ойын
айтқызу үшін мынадац сұрақтар қажет:
1. Көп мағыналы сөздердің басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері қандай?
2. Бір сөздің көп мағыналы болуының себебі неде?
3. Көп мағыналы сөздерді сөздік ретімен жазар болсақ тіліміздегі
сөздердің саны молайарам еді?
4. Көп мағыналы сөздер тек тура мағынасында қолданылама әлде ауыспалы
мағынада да қолданыла ма?
Омонимдер мен синоним сөздерді оқытқанда омонимдердің омоним екеніне көз
жеткізу үшін ондай сөздерге сионим іздеп көру керек. бірдей дыбысталатын,
бірақ мағынасы басқа-басқа сөздерге синоним мағыналы сөздердің ешқандай
қатысы болмайды. Мысалы, ат – есім, ат – жылқы, ат – мылтық ат деген
етістіктік мағынада ешқандацй синоним, ешқандай көп мағыналық ортақтық
байланыс жоқ.
Омонимдермен синонимдерді салыстырмалы түрде оқыту қажеттігі мынада:
1. омонидердің дыбысталуы бірдей болуы керек болса, синонимдердің
дыбысталуында өзгешелігі болуы керек;
2. омонимдер әр түрлі сөз табына қатысты болса синонимдер бір сөз табына
қатысты болады;
3. синонимдер мәтінде бірдей сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем
мүшесінің қызметін атқарса, омонимдер әр түрлі сұаққа жауап беріп,
басқа-басқа сөйлем мүшесінің қызметін атқарады;
Мұндай қорытындыны оқушылардың өздеріне де жасатуға болады. Ол үшін
омонимдерді бір бағанға, синонимдерді екінші бағанға жазып, олардың
дыбсталуына назар аудару қажет. Мұнан кейі олар қандай сөз таптарына
жататынын ажыратып жазады. Соңында әр қайсысын сөйлем ішінде келтіріп,
сұрақтарын қойғызып, қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарып тұрғанын
талқыланады.
Мұнымен қатар, синонимдер тақырыбын оқытқанда оқушылардың сөйлеу, жазу
дағдысында ең қажетті белглердің бірі – синонимдік қатарға енетін сөздердің
бірәзі бірінің орынына бірі қолданылса, кейбіреулерінің басқа сөздермен
тіркесу қабілеті шектеулі болатындығы. Оқушыладың сөздерін орнымен қолдану
біліктілігін дамытуда синоним сөздерді қолдану мүмкіндіктеріне қарай
пайдалана білуге төселдірудің мәні зор. Синонмдік сөздіктен теріп жазған
синонимдік қатардағы сөздердің әр қайсысын байланысуға қабілетті сөздермен
тіркестіріп, сәтті сөз тіркестері және сәтсіз сөз тіркестері деп топтаған
әрі қызық, әрі тиімді тәсіл.
Шежіре үйрету мәтінін оқытудың мақсаты рушылдыққа бөліну емес, ауыз
біршілікке үндеу, ағайын, туыс жекжат, ауыл адамдарының арасында татулықты
сақтау, мұнымен қоса тарихын жетік білу мақсаты көзделеді. Осы жағдайды
оқушыларға баса ескерткен жөн. Оқушыға өзіңнің жеті атаңды атап бер деге
тапсырманы кеңейтіп, әдебй ғұмырнамалық кешке айландыруға да болады.
Шежіре үйренуден басталған ойдың желісі синоним тақырыбына қатысты бүкіл
жаттығулардың өн бойында сақтала отырып, 85-жаттығудағы өз өмір баянын
шығармашылық пен жазып шығу жұмысымен қорытындыланады.
Антонимді оқытқанда көңіл бөлетін нәрсе – антоним сөзднрдің қатар
қолданысы мәтіннің көркемдік қуатын арттыратын қарама-қарсы ұғымдағы
сөздердің қатар қолданысы мәтіннің көркемдік қуатын арттыратыны. Қарама –
қарсы ұғымдағы сөздерді салыстырмалы сипатта жұмсау шешендіктің ең үздік
тәсірдерінің бірі болған. Мұндай тәсіл суреттеп отырған затар мен
құбылыстардың қасиеттерін айқын көрсетіп, әсерлі жеткізген.
Шешендік ғылымында оны антитезалы суреттеу дейді. Құбылыстарды қарама-
қарсы қойып суреттеуге оқушыларды төселдіру үшін халық ауыз әдебиетіндегі
үзінділерді, шешендік сөздерді пайдалану керек. Мысалы: Ер Тарғын
жырындағы Ақжүніс пен Қартқожақтың сөйлесуі, Байдалы бидің Ағасы бардың,
жақсы болса, жағасы бар, Төле бидің Халқыңа әділ бол, тағы басқа
шешендік сөздері.
Осындай материалдарды оқытып, талдатып, оқушылардың көңіл-күйін,
ақындық (поэтикалық деген мағынада шартты түрде алынып отыр) шабытын
көтеріп тастағаннан кейін өздері де мысал келтіруге дайын болады.
Мысалдарды оқушыларға таныс ортада, белгілі нәрселерден іздеттіру қажет.
Мысалы: ақ қар-қара жер, ыстық бу-суық су, ақ жүрек-қара жүрек, үлкен-кіші,
жылы қабақ-салқын қабақ, т.б.
Осылайша тура мағыналы және ауыспалы мағыналы тіркестерді тауып
құрастырғаннан кейін, сол тіркестерді айқындауыштық сипатта кеңейтуді
тапсырған жөн: қараңғы түн-жарық түн; тастайқараңғы немесе көзге түртсе
көргісіз, қараңғы түн – сүттей жарық немесе айлы жарық түн; батыр адам –
қорқақ адам; арыстандай айбатты батыр адам – қоян жүрек қорқақ адам; жылы
хабар – суық хабар; жайлы (жағымды, жылы) хабар – суық хабар т.б.
Келесі орындалатын жұмыс түрі – осы тіркестерді сөйлем және мәтін ішінде
қолдану.
Табу, эвфимизм мен дисфемизмдерді оқыту.
Табу (ағылшын uboo – қасиетті, тыйым салынған) – наным- сенімге, әдет-
ғұрыпқа байланысты сөздердің балама түрінде айтылуы.
Табу сөздері оқушылардың бәріне бірдей белгілі емес; ауылдың балалары
ата – енесі, қайындары мен қайын сіңілдеріне ат қойған жеңгелердің сөздерін
естіп өссе, қала балаларының көбісіне мұндай сыпайыгершілік атаулар
белгісіз. Табиғат құбылыстарына қойылған атаулар мен аурулардың өзгертілген
аттарында мұғалімнің жинастыруына тура келеді. Бұларды көркем әдебиеттен
көптеп табуға болады.
Табу мен эвфемизм қате түсінік пен ескі көз қарастан тумағанын, қайта
әдепті, сыпайы сөйлеуден туғандығын оқушылар жете түсінуге тиіс.
Эвфемизмнің мағынасы (грек eu – жақсы, phemi – айтамын) – сыпайы сөз,
мағынасы тұрпайы сөздеді сыпайылап жеткізу. Эвфемизмдер – сыпайыгершілікке,
әдептілікке байланысты туған сөздер, ол –тілдегі ауыспалы мағынадағы
сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі.
Мысалы, адамның дене мүшелеріндегі кем-кетікті жеңіл сөздермен алмастырып
қоланады (саңырау – құлағының мүкісі бар). Ол әдетте фразеологизмдер
түрінде болады. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты – сөзге келді,
тіл тигізді, жүз шайысты сияқты тұрақты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр
сөздер айтты деген мағынаны білдіреді. Олай болса, эвфемизмдерді
фразеологизмдер тобынан да іздеуге болады деген сөз.
Дисфемизмдер – оқулықта айтылғандай, тілдің әдепті сөзді әдепсіз
сөздермен ауыстырып айту. Белгілі бір контексте жөнімен, дұрыс жазылған
сөздің мағынасын неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру – сөзді ауыспалы
мағынада (троп) қолдаудың бір түрі. Мысалы: Бұт артары мен шаңырақ саларын
жауға берді. (К.Оразалин). Өздерің бір-бір тулақтарыңа мініп- ақ шапқылап
кетерсіңдер. Жеңілетініңді білетін болсаң, сен бес қырт атанар ма едің?
(М.Әуезов). Осындағы бұт артар деген көлік орнына, шаңырақ салар күш
көлік (түйе, өгіз) орнына, тулақ мінетін ат орнына, қырт көк мылжың
дегеннің орнына жұмсалып отыр. Сол арқылы сан қилы жағымсыз эмоциялық мән
тудырған. Осыдан аңғарғанымыздай, дисфемизм кез келген жазушының – ұлы
болсын, кіші болсын – көркем шығармаларында кездесетін. Бұлар көбінесе
ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкердің тілінде ұшырасады. Сол
арқылы әр жазушы өз қаһарманының мінез-құлқын, іс-әрекетін, ой-өрісін
бейнелеп, нақтылы шынайы бейнесін жасайды.
Әдістемеде бұл мәселеге көбірек тоқталып, кең мәлімет беріп отырғанымыз
– бұл тақырыптың кеңінен зерттелмегендігіде кез келген жерде жиі айтыла
бермегендігінде. Бұлар жайында сөз қозғап, қазақ тілі лекциясы құрамында
қарастырған - Ә Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиев қана.
Эвфимизм сөздер мен дисфемизм сөздерді бір бірінен ажырату, олардың
қолданылу мақсатын білу тіл мәдениеті үшін өте-мөте қажет. Сондықтан
оқушыларға қандай сөздер екеніне ғылыми түсінік беру жеткіліксіз.
Эвфимизмдер мен дисфемизмдерді сөйлеу тілі мен байланыстыра алып, талдату
қажет. Ол үшін не істеу керек? Эвфемизмдер мен дисфемизмдерді көркем
әдебиеттен көптеп тапқызып бұл сөздерді қолданушы кейіпкерлерге мінездеме
бергізген жөн. Сөйтіп сыпайы, әдепті сөйлеушіні мәдениетті деп тауып, оны
өнеге тұтып, дөрекі сөздерді көп қолданушы кейіпкерлерге мінездеме берілген
жөн болады. Сыныпта бір-екі апталық немесе бір айлық сөйлеу этикетінен
сынақ өткізіп, оқушыларды жауапты сөйлеуге щақыратын жұмыс түрлерін жүргізу
әбден орынды болмақ.

ІІ- бөлім Ұлт мектептерінде қазақ тілі сабағын ұйымдастыру жолдары

2.1. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту әдістемесінің ұйымдастыру
Қазақстанда жалпы мектеп жүйесінің түбегейлі өзгеруі Ұлы Қазан
социалистік төңкерісінен соң басталады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында
– ақ Қазақстанда тіл туралы ресми құжаттар дүниеге келе бастады. Солардың
алғашқыларының бірі – 1920 жылы қабылданған Қазақ АССР – і еңбекшілері
правосының декларациясы. Онда еліміздегі барлық тілдердің тең құқықты
қолданылатындағы жарияланса, іле 1921 жылы Қазақ АССР – і халық
комисарларының кеңесі Республикадағы мемлекеттік мекемелерге қазақ, орыс
тілдерін қолдану жөніндегі Декреттер қоғамдық салаларда қазақ және орыс
тілдерін қолдану міндеті көзделді. өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту
мәселесі тұңғыш рет 1926 жылы Қазақ АССР – нің орталық атқару комитеті
президиумының Аппараты тұрақтандыру жөніндегі қаулысында қаралады.
Мұнда ересектер үшін курстар ұйымдастыру ( ерікті түрде ) ал, екінші
басқышты мектептердегі жавропалықтардың балаларын қазақ тіліне міндетті
түрде оқыту қажеттілігі атап көрсетіледі. Осы жылдары өзге ұлт өкілдері
үшін алғаш бағдарлама, оқулық жарық көрді. Олар: Жавропалықтар үшін қазақ
тілінің бағдарламасы ( 1926 жыл), К.Кемеңгеровтың Жавропалықтар үшін екі
жылдық оқу құралы (1928 жыл. )
ВКП (б) ОК – нің 1932 жылғы Оқу бағдарламалары мен бастауыш, орта
мектеп режимі туралы қаулысының шешімдерінін орындау барысында өзге ұлт
оқушылары үшін жүйелі қазақ тілі оқулықтары жазыла бастады. Солардың бірі –
Т.Шонанұлының 1931, 1933 жылдары шыққан Орыс үшін қазақ әліппесі мен
Қазақ тілінің оқу құралы.
1934 жылы ҮІІІ Қазақстандық өлкелік партия конференциясы өзге ұлт
өкілдерінің қазақ тілін үйренуін жеделдетуді барлық партия ұйымдарына
міндетті етті. Бұл орыс мектебіне арналған қазақ тілі оқулықтарына жедел
қарқын берді. Осы жылдары шыққан оқулықтар: Т.Ахметованың 5 -6 сыныпқа
арналған Орыс мектептері үшін оқу құралы (1934 жыл), С.Жиенбаевтың 6 – 7
сыныпқа арналған Қазақ тілі оқулығы (1938 жыл), І. Кеңесбаевтың 8 – 10
сыныптар үшін Қазақ тілі оқулығы ( 1939жыл ), С.Жиенбаевтың 7 сынып
оқулығы (1940 жыл).
Осылармен қатар сол кездері шығып тұрған педагогикалық журналдар мен
газет беттері қазақ әдістемесінің өкілдері Ш.Х.Сарыбаев, С.Жиенбаев,
Ғ.Бегалиев сияқты әдіскер ғалымдардың ұлттық мектептегі қазақ тілін оқу
жаындағы ірілі – кішілі мақалалары жарық көре бастады.
Солардың алғашқыларының бірі – С.Жиенбаевтың Орыс мектебінде қазақ
тілін оқытудың методикасы атты мақаласы. Ол бұл мақаласында қазақ тілін
оқытуда шет тілін оқытудың әдістемесін қолданудың тиімділігін айта келіп,
алдымен оқушының ауызша сөйлетудің қажеттілігіне тоқталады. Оқушылардың
сөйлеу тілін дамытуға, әсіресе қазақ тілі сөздерінің ерекше орын алатынын,
сондықтан, оған сабақ барысында көбірек көңіл бөлу керектігін атап
көрсетеді.
Осы тұста жарық көрген дүниелердің ішінен ғалым Ш.Х.Сарыбаевтың еңбегін
ерекше атап өту керек. Ол – сол салада алғаш құнды мақалалар жариялап,
кейіннен көз майын тауыса зерттеген тақырыптар аясына тұңғыш диссертациялық
жұмыс жазған адам.Автор диссертациясының кіріспесінде орыс мектебінде қазақ
тілі пәнін оқытуға жете мән бермей келе жатқанын, әдістемелік бақылау мен
басшылықтың, оқу құралдарының жоқтығын қынжыла жазады. Еңбек қазақ тілі
грамматикасын оқытудың әдістемесі, ауызекі тілде сөйлеуге үйретудің
әдістемесі екі бөлімнен тұрады. Ғалым грамматиканы оқытуда теориялық
материалдардың ең керектілерін іріктеп, оны практикалық қажеттіліке қарай
жүйелеп орналастыру тәртібінің тілді үйренуде маңызды роль атқаратынына
тоқталады. Автордың бірнеше ұқсас, мазмұны бір – біріне жақын тақырыптарды
біріктіріп ұсынуы – қазіргі кезеңдегі сабақты тиімді өткізудің әдісі –
блокпен оқытуға сәйкес келеді. Оқушыларға грамматикалық және лексикалық
материалдарды игеруді араға уақыт салып, оқытып қайталап отырудың
тиімділігіне назар аударады. Морфология мен синтаксис элементтерін оқытуда
өзінің элементтерін Сан әдісін ұсынады. Алдымен тақырыпқа лайық
мысалдарды түсіндіріп, содан соң оны қорытып, ережесін шығарып, соңынан
Сан әдісті қолдануды ұсынады. Бұл әдіс, біріншіден, оқушылардың сабаққа
ынтасын арттырса, екіншіден, ұстаз бен шәкірттердің уақыты үнемдеуіне
мүмкіндік береді.
Еңбектің тіл дамытуға арналған тарауында оқу, жазу, сөздік жұмысын
жүргізудің жолдары баяндалады, оны үнемі грамматикалық материалдармен
ұштастырып отырудың қажеттілігі еске салынады. Автор оқушыны оқу мен жазуға
дағдыландыруға оқулықтағы текстердің үлкен роль атқаратынына тоқталады, әр
сабақта өткен сабақтарды қайталап отырудың тиянақты білім беруге негіз
жасайтындығына көңіл бөледі.
Ш.Х.Сарыбаев 1948 жылы жазған Орыс оқушыларын қазақша сөйлеуге үйрету
әдісі деген мақаласында орыс оқушыларына отыз сағаттық сабақта қазақша
түсіндіріп, ал жүз сағат көлеміндегі сабақты қазақ тілінде жүргізуге
болатынын, оны өз тәжірибесінде байқап, дәлелдегенін айтады. Мұндай
нәтижеге жету үшін, оқу процесінде мынадай шарттардың орындалу қажеттілігін
көрсетеді:
- үйретілген сөз оқушының көз алдындағы заттар мен соның
қимылының атауы болуы керек;
- бас сабақта берілетін сөз саны аз, яғни, бестен аспауы қажет;
- үйретілген сөз мағыналық жағынан үйлесімді, ұялас болуы керек.
Жоғары аталған талаптарды орындағанда ғана оқушының сөйлеу тілін
дамытуға жемісті нәтижеге қол жеткізуге болады деп жазады автор.
1952 – 1954 жылдары жарық көрген Орыс оқушыларына қазақ тілі
категориясын оқыту, Қазақ тілін оқыту мақаласында қазақ тілі
категориясын орыс мектебі түгілі, қазақ мектебі оқушыларына меңгерту қиын
мәселе екендігін, оның бір төркінінің бұл жөніндегі әдістемелік
еңбектерінің жоқтығында екенін баяндайды. Ол қазақ тілі тақырыбын
түсіндіруде үйретілген қазақ тілінің мағыналық жағынан ұқсас болуы,
көрнекті түсіндіру деген тәрізді екі түрлі принципті тұтқа етіп ұстауды
ұсынады. Осыған байланысты қазақ тілі оқушыларының тікелей іс - әрекеттері
( өздері жасаған ) арқылы түсіндірілді.
Қимылды білдіретін сөздерді оқушылардың көз алдындағы заттардың
қозғалысы арқылы түсіндірудің тиімділігін нақты мысалдармен дәлелдеп, қазақ
тілін меңгертуде сан әдісін қолданудың жолдарын көрсетеді.
Қазақ тілі шақтарын меңгерту үшін, оларды үнемі бір – бірімен салыстыра
оқытудың және жіктелуін қазақ тілімен байланыстыра өтіудің маңызы зор
екенін айтады.
Сол тақырыптардың ішіндегі күрделі де көлемдісі қазақ тілі. Ғалымның
қазақ тілі тақырыбына қайта – қайта оралып, осы бағытта дүркін – дүркін
мақала жазуы, автордың орыс мектебіндегі қазақ тілін оқыту әдістемесін
жетік білетіндігін аңғартады. Себебі, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда
қазақ тілінің алатын орны ерекше. Автор осы ерекшеліктерді тап басып,
талдап көрсетеді.
1940 жылы жазылған М.Лопатухинның еңбегі орыс мектебінде қазақ тілін
оқытумен байланысты қойылатын талптар, қазақ тілін өзге тіл ретінде оқыту
әдістерінің өзіндік ерекшеліктері, сабақ құрылымы, үлгілері, үй жұмыстары
берудің әдістемесі сияқты мәселелер қамтылады. Сонымен бірге мұнда
орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық материалдарды берудің жолдары сөз
болады. Автор бұл еңбегінде жазба және ауызша тілді дамытудың жолдары мен
қазақ және орыс тілдеріндегі тілдік материалдардың ұқсас жақтарының
ерекшеліктеріне тоқталған. Тақырыбымызға сәйкес қазақ тілін оқыту мәселесі
бұл еңбекте қысқаша баяндалады. Мұнда қазақ тілі сөздерін енгізген
көрнекті түсіндіру әдістері арқылы меңгеруге тиісті грамматикалық
материалды айтып кетеді.
1941 жылы жарық көрген жинаққа ғылым Ш.Х. Сарыбаев пен Т.Әбішевтің
көлемді мақалалары енген.
Ш.Х. Сарыбаев өзінің орыс мектебіне қазақ тілін ұйрету мәселелері атты
мақаласында орыс тілі оқушыларымен жүргізілетін алғашқы сабақтар үлгісін
көрсетеді. Мұнда ол грамматикалық материалдарды оқушылардың игеріп, оны
тілде дұрыс қолдануда үйретудің жолдарын, қазақ тілі бойынша бұйрық рай,
ауыспалы осы шақты меңгертудің әдістемесін сөз еткен. Бұл материалдарды
жеңіл игертуге өзінің кейіннен диссертациясында сөз ететін сан әдісін
қолданудың тиімділігін айта келе, көрнекті көрсетеді. Еңбектің соңында
бақылау жұмысын жүргізу әдістемесіне тоқталған.
Т.Әбішевтің мақаласы Орыстарға қазақ тілін оқыту методикасын оқытудың
кейбір мәселелері деп аталады. Мұнда ол қазақ тілі сабақтарында
жүргізілетін жұмыстың түрлері мен тілдің грамматикалық игерту әдістеріне
тоқталады.
1946 жылы Ғ.Бегалиев Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту деген
мақаласында сөйлеуге ең қажетті сөздерді іріктеп алу қажет дей келе, сөздік
минимум жасауға келіп тіреледі. Автордың лексика – грамматикалық материалды
іріктеудің кей бір элементтерін атап көрсетуі – тіл үйретудің негізгі
проблемаларының бірі. Сол алғашқы оқу жылында үйретілген тілдік минимум
мына негізде беріледі:
1. Оқушылардың қазақша сөйлеуіне аса қажет сөздерінің іріктелуі.
2. Көп мағыналы сөздердің берілмеуін қадағалау
3. Айтылуы қысқа буынды сөздер
4. Үйретілген қазақ тілін бұйрық мағынада қолдану
1950 жылдары жарық көрген М.Бошаев, Ф.Мұсабекова мақалаларында
С.Жиенбаевтың 6-7 сыныпқа сыныпқа Ғ.Бегалиевтің 8-9 сыныпқа
арналғаноқулықтарындағы бапсты кемшіліктерге мыналарды атап көрсетеді:
- жаңа сөздерді келесі сабақтарда қайталанудың жоқтығы;
- жаттығулар мен тапсырмалардың мазмұның сапасының төмендігі;
- қиын сөздердің аударылмауы;
- стильдік, емлелік қателердің көптігі;
1960 жылы шықан К.Мыңбаева, Е. Көшербаевтың еңбектерінде бастауыш
сыныптарда оқытылатын оқулық құрылымы, онымен жұмыс істеудің әдіс –
тәсілдері, сөздік жұмысын жүргізудің жолдары және үйретілетін сөздік
минимум берілген.
1974 жылы Орыс мектебіндегі қазақ тілі мұғалімдерінің іс –
тәжірибесінен деген еңбек жарық көрді. Бұл орыс мектебіндегі қазақ тілі
әдістемесі бойынша алғаш жарияланған еңбек болып табылады. Мұнда
Ж.Адамбаеваның 4 – 5 сыныптарда тіл дамытуға байланысты жүргізілетін
жұмыстары, Р.Әміровтың сабақта сабақта көрнекілік қолдану тәсілдері,
Н.Дүйсекованың үйірме жұмыстарын ұйымдастыру туралы жазған мақалалары
енген.
1978 жылы Адамбаеваның Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабақтарында тіл
дамыту жұмыстары деген еңбегі жарық көрді. Бұл әдістемелік құрал ғылыми
тұрғыдан жазылған көлемді мазмұнды еңбектің бірі. Мұнда автор 2 -8 сынып
аралықтарындағы қазақ тілі дамыту жұмыстарының ерекшеліктері мен оған
қойылатын талаптар, ерекше дыбыстарды тіл дамытумен ұштастыра оқыту
тәсілдері, мәтін, грамматика, жаттығу, тапсырмаларды орындауға байланысты
жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының түрлері, онда пайдаланатын көрнекі
құралдар, сабақ үлгілері тәрізді мәселелер қамтылған. Сонымен бірге, осы
автордың бастауыш, орта буынды сыныптарға арналған грамматикалық кестелері
мен диафильмдердің, фонохрестоматияларының оқушыларға тіл үйретуде маңызы
зор болғандығын айта кету орынды.
1980 жылдары жарық көрген бірі – Ы.Мамановтың Орыс мектебіндегі қазақ
тілін оқыту әдістемелік оқу құралы. Автор бұл еңбегінде фонетика,
морфология, синтаксисты оқытудың әдіс – тәсілдеріне және қазақ тілі
формаларын үйретудің жолдарына арнайы тоқталған. Сөздердің бір –бірімен
байланысын, сөз тіркесін құрауда грамматикалық формалардың басты роль
атқаратындығын, ендеше, грамматикасыз тіл үйрету мүмкін емес екендігін,
соның ішінде, қазақ тілі сөздерінің атқаратын рөлін айта келіп, оқушының
міндетті түрде білуге тиісті төмендегі қазақ тілі формаларын атап
көрсетеді; жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ, нақ осы шақ, бұйрық рай,
өткен шақ есімше, тұйық етістік, өткен шақ көсемше, қалау рай, көмекші
етістіктер ( еді, екен, ет, де.).

1987 жылы Қазақ ССР министрлер советінің Республикада қазақ тілін
оқытып, үйретуді жетілдіру қаулысынан кейін, іле республикада қазақ тілі
мемлекеттік мәртебе алғаннан соң (1989), Егеменді еліміздің жаңа
Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып заңдастырылып, қазақ
тілін өркендетудің бағыт – бағдары анықталды. Міне, осы тарихи құжаттар
республикада тұратын жергілікті ұлт пен өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік
тілді үйрену қажеттілігін туғызды. Осыған байланысты ересектерге арналған
Қазақ тілі, жоғары оқу орындары үшін қазақ тілі оқулықтары, мектепке
арналған оқу құралдары көптеп шығарыла бастады. Атап айтқанда,
Х.Қожахметованың Қазақ тілінің 40 сабағы, Н.Оралбаеваның Біз қазақ тілін
үйренеміз, Ш.Бектұров, А.Бектұрованың Қазақ тілі оқулығы,
Б.Құлмахамбетов, Ж.Елемісованың Қазақ тілі көмекші құралы,
Ә.Сәдуақасованың Орыс мектебіндегі қазақ тілін үйретудің мәселелері,
Т.Аяпованың Қазақ тілі оқулығы, Қ.Молдабековтің Қазақ тілін
үйренушілерге оқулығы, Э.Сүлейменова және бірнеше автордың қазақ тілін
өзге ұлт өкілдеріне үйретумен байланысты жарық көрген Тіл ұстарту,
Анықтағыш, Сұхбат, Бейнежазба, Үнжария оқу кешені, А.Мұсаева, бірнеше
автордың Алғашқы қадам оқу құралы, А.Бұхдыбаев, Л.Екшембаеваның Сөйлей
білсеңіз - ұтасыз Ү.Несіпбайқызының Ана тілі - қанатым әдістемелік
құралы, А.Сәтбекованың Қазақ тіліндегі септіктерді орыс мектебінің 6 –
сыныбында оқыту әдістемелік құралы, еңбектері жарық көрді.
Осылармен бірге ұлттық мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері бойынша
жоғары оқу орындарынан студенттеріне арналған тұңғыш оқулық Орыс тіліндегі
мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесін ерекше атауға болады. Оның
авторлары – көрнекті ғалым Н.Оралбаева және К.Жақсылықова. Мұнда орыс
мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық негіздемесі, бағдарламар
мен оқулықтар, қазақ тілін оқытудың әдістері, қазақ тілі сабақтары,
оқушылардың қазақша тілін дамыту мәселелері және тіл салаларын оқытудың
теориясы мен практикасы толық қамтылған.
Осы еңбекпен байланысты, 1999 жылы А.Қасабек, А.Күзембаеваның Орыс
мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің практикалық және зертханалық
оқу құралын атауға болады. Сонымен бірге, орыс мектептеріне арналған жаңа
бағдарламалар, кеңес дәуірінде бірінші рет жарық көрген бірінші сыныпқа
арналған суретті оқулығы.
50 – жылдардан бері қарай алғаш рет шыққан 9,10,11, сынып оқулықтары,
Атамұра баспасынан шығып жатқан Жаңа буын оқулықтары – айтқанымызға
дәлел.

Сыныптары Жылдары Авторлары
1 2 3
1 – сынып 1998 Б.Баймұратова
Ұ.Бұтабаева
Қ.Қасабекова
1997 Ә.Жүнісбеков, Б.Баймұратова
С.Бәтібаева
1960 – 1970 Р.Әміров, А.Бекбосынова
2 – сынып 1970 – 1985 Р Р.Әміров, А.Асқарбаева
1985 – 1993 А.Асқарбаева,К.Түменова
1998 Ә.Жүнісбек,Б.Құлмағамбетова
Ж.Мәжитқызы

3 – сынып 1960 – 1970 Р.Әміров, А.Бекбосынова
1969 – 1992 Р.Әміров, А.Асқарбаева
1993 Р.Әміров
1999 Ә.Жүнісбек, Е.Дүйсебаев
Ж.Мәжитқызы
4 – сынып 1960 – 1970 Р.Әміров, А.Бекбосынова
1969 – 1992 Ж.Адамбаева
1993 А.Ақтаева
1999 Ә.Жүнісбек, Е.Дүйсебаев.
Ж. Мәжитқызы
5 – сынып 1960 – 1970 Ғ.Бегалиева, А.Айдарбеков
1970 – 1988 Ы.Маманов, М.Нұрғалиева
1988 – 1992 М.Нұрғалиева
Б.Құлмағамбетова
1993 Ж.Адамбаева
2000 Ж.Адамбева.
6 – сынып 1950 – 1970 Ғ.Бегалиева, А.Айдарбеков
1970 – 1990 Ы.Маманов, М.Нұрғалиева
1990 – 1992 Н.Ботантаева
1993 М.Нұрғалиева,Б.Құлмағамбетова.
Б.Құлмағамбетова.а.Исанова
2000 М.Нұрғалиева.А.сатбекова
7-сынып 1931 Т.Шонаұлы
1940 С.Жиенбаев
1950-1973 Ғ.Бегалиев, А.Айдарбеков
1973-1985 Ы.Маманов, Н.Дүйсекова
1985-1992 Ы.Маманов
1993 Н.Ботанбаева
2000 Н.Ботанбаева және т.б.
8-сынап 1940 І.Кеңесбаев
1950-1970 Ғ.Бегалиев,ААйдарбеков
1970-1982 Ы.Маманов,Н.Дүйсекова
1993 Ы.Маманов. А.Қошқаров
9-сынып 1940 І.Кеңесбаев
1990-1993 С.Дүкенбаева, Ә.Сәдуақасова
10-сынып 1940 І.Кеңесбаев
1992-1993 Ж.Адамбаева, А.Оңалбаева
11-сынып 1993 Х.Қожахметова, М.Нұрғалиева

2.2. Қазақ тілінен лексика- грамматикалық минимумды іріктеу мәселелері

Қазақ тілін өзге ұлттарға оқытумен байланысты шешімін таппай келе жатқан
мәселелердің бірі – лексика–грамматикалық материалдың шенберін шектеу, яғни
лексика-грамматикалық минимумды анықтау. Тілді меңгеру барысында лексика-
грамматикалық материалды іріктеп, таңдап оқытудың теориялық та, практикалық
та маңызы зор.
Өзге тілді үйретуге тілдің толық грамматикалық жүйесін және сол тілдің
сөздік қорын игеру мүмкін емес. Қазақ тілі бойынша жасалған жүйелі
минимумның жоқтығы оқыту барысында көптеген қиындықтарға әкеліп тірейді.
60-жылдарда өзге тілді оқыту әдістемесінде ереже, анықтама т.б.
грамматикалық ұғымдарды баса түсіндіру әдістері, жолдары ойдағыдай нәтиже
бере алмады. Ал 70 – жылдардағы грамматиканы игеруден мүлдем бас тарту да
оны тек сөйлеу үлгілеріне құру да нәтиже бере алмады. Әдіскер ғылымдардың
зерттеуі бойынша, өзге тілді оқытудың грамматикалық минимумын жасаудың
негізгі мақсаты- адамдардың арасындағы қарым-қатынас жасау қажеттілігіне
қарай сөйлеудің практикалық коммуникативтік бағытынқамтамасыз ететін тіл
материалын іріктеу
Грамматиканы оқытудың маңызы зор. Академик Л.В.Шерба: Грамматика-это
репертуар средств, посредством, которых, во-первых, по определенным
правилым выражаются отношения между самостоятельными предметами мысли и
посредством, которых, во-вторых,по определенным правилам оразуются новые
слова деген.
Сөйлеу-адам әрекеттінің бірі. Ал сөйлеуді тілдік механизм басқарады, ал
бұл-грамматика деген сөз.
Грамматикалық материалды іріктеп қана қоймай, сонымен бірге оны жүйелеп
орналастыру, өту ретін белгілеу де оқу процесінде нәтижеге жетудің алғы
шарттарының бірі.
Орыс мектептерінде бүгінгі күнге дейін қолданылып келген Ж.Д.
Адамбаеваның 5-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығынада 18 грамматикалық
тақырып берілген.

Олардың реті мынадай :
& 6. Жұрнақ
& 10. Нақ осы шақ
& 11. Нақ осы шақтың күрделі түрі
& 14. Өткен шақ
& 15. Келер шақ
& 20. етістіктің болымсыз түрі
& 23. Көптік жалғау
& 24. Сұраулық шылау
& 27. Кімнің? Ненің?
& 31. Затесімнің тәуекелдік жалғаулары
& 36. суффиксы-нікі, -дікі, - тікі.
& 46. кімге? Қайда? Неге?
& 47. Кімді? Нені?
& 52. Кімде? Неде? Қайда?
& 56.послелоги дейін? Шейін?
& 57. Кіммен? Неммен?
& 59. Жіктік жағау
& 61. Кімнен? Неден? Қайдан?

Грамматикалық тақырыптардың берілу реті бойынша бірінші берілген
тақырып- Жұрнақ. Ал жұрнақпен бірге сөздің морфологиялық құрамына жататын
қосымшалар мен жалғаулар (көптік жалғауы, зат есімнің тәуекелдік жалғаулары
– нікі,-дікі,-тікі қосымшалары) жұрнақпен сабақтаспай, алшақ орналасқан.
Жіктелуді үйретпес бұрын шақты оқыту, қосымша, жұрнақ, жалғаудың ара жігін,
ажыратпай жатып жіктелуді үйрету мүмкін емес екені белгілі. Сондықтан
грамматикалық тақырыптарды берудегі осындай жүйесіздік оқытуда қиындық
туғызары анық.
Грамматикалық материалдарды іріктеуде оқушылардың жас ерекшелігін ескеру
балалардың жапс шамасына лайық теориялық материалдың не тым жеңіл, не тым
ауыр болмауын қамтамасыз етеді. Ғылымдардың дәлелдеуі бойынша бала күрделі
грамматикалық ережелердің өзін екінші сынып көлемінің өзінде –ақ саналы
түрде меңгере алады екен. Сондықтан грамматикалдық материалды әр сыныпқа
өсіп күрделеніп отыруын қадағалау қажет. Осы тұрғыдан алғанда, 5-сынып
оқушыларына септіктердің атын, мағынасын көрсетпей, тек сұрақтарын және
септік жалғауларының буын, дыбыс үндестіктеріне сай жалғану ережесін ғана
беру жеңіл бола тұра күңгірттеу. Бірақ, мұнда септіктердің алдыңғы
6-сыныпта өтілетіндігі ескерілсе керек. Осыған орай, 8-сыныптың оқу
бағдарламасы бойынша Құрмалас сөйлемдер (салалас құрмалас сөйлемдер,
сабақтас, құрмалас сөйлемдер) берілген. Жалпы құрмалассөйлем синтаксисі
тілдің күрделі саласы екені белгілі. Ұлт мектептерінде, ұлт мектептеріндегі
орыс тілін оқытуда құрмалас сөйлемдер 9-сыныпта оқытылады. Ал бұл мәселе
орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда ескерілмеген.
Өзге тіл ретінде оқыту процесінде қазақ тіліндегі грамматикалық
материалды іріктеу мәселесі алғаш рет жоғарғы оқу орындарының студенттеріне
арналған К.Жақсылықованың қазақ тілінің тілдік материалын сұрыптау және
комплексті түрде берудің ғылыми негіздері деген зерттеу еңбегінде
қарастырылған (1992). Мұнда ол грамматикалық материалды іріктеудің
функционалды, дифференциалды, ана тілінің ерекшелігін ескеру, қосымшалардың
омонимдік қасиеті принцптерін айтады
Грамматикалық материалды іріктеудің негізгі заңдылықтарының бірі-
функциональдық принцип. Бұл функциональды лингвистикаға сүйенеді.
Функциональды лингвистика грамматикалық механизмнің кілті болып табылады.
Тілдің функциональдық жүйесіне сүйену оқытуда үлкен нәтижеге қол
жеткізеді. Мысалы, қалып етістіктерін меңгерту барысында осы етістік туралы
жалпы мәлімет берумен бірге, оның функциональдық қызметі түсіндіріледі,
нақтылап айтқанда, біріншіден, осы шақтың, нақ осы мағына білдіруі,
екіншіден, созылыңқы сипат категориясын жасайды, үшіншіден, күрделі
еетістік құрамында келуі және аналитикалық формант жасауы. Осы секілді
функциональдық қызметі жоғары грамматикалық материалды іріктеу оқушының
сөйлеу тілінің қажеттілігін өтейді.
Грамматикалық ереже, анықтамалары түсіндіруде оқушылардың ана тіліне
сүйене отырып принципі өзге тілді оқытудың негізгі екені дидактикадан
белгілі. Осымен байланысты оқушының ана тілінде қалыптасқан грамматикалық
құрылысын үйретуде алатын орны ерекше. Мәселен, етістіктің шақтық, жақтық,
модальдық, болымсыздық т.б. грамматикалық категорияларының екі тілде де бар
екендігі, олардың көрсеткіштерінің әр түрлі болғанымен, білдіретін
иағыналарының ұқсастығы оқушының материалды салыстырмалы түрда ассоциативті
байланыстарнегізінде қабылдануына мүмкіндік береді.
Н.оралбаева, К.Жақсылықовалардың Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін
оқыту әдістемесі еңбегінде лексикалық материалды таңдап, сұрыптауда
сөздің төмендегідей қасиеттеріне ерекше көңіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Қазақ тілі сабағының түрлері
Бейнелеу өнері әдістемесі пәнінен арналған бақылау жұмысының әдістемесі
Ағылшын тілі сабақ жүргізудің үлгісі
Психологиялық мониторинг мәліметтері негізінде оқушының оқу процесін оңтайландыру және жекешелеу
Шетел тілі сабақтарында проблемалық әдісті қолдану
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және ерекшеліктері
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
Пәндер