Ұлттық Банктің ақша айналысын бақылау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың тақырыбы:

Ұлттық Банк −қаржы нарығында реттеуші орган ретінде.



Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Ұлттық Банк туралы түсінік.
Ұлттық Банк − Қазақстан Республикасының Орталық банкі. Оның мақсаты мен
міндеттері, қызметтері мен операциялары және құрылымы мен басқару органдары.
2. Ұлттық Банктің ақша айналысын ұйымдастыруын талдау және басқару. 2002, 2003,
2004, 2005 жылғы халықаралық резервтерімен ақша базасы туралы мәліметтер.
3. Ұлттық Банктің валюталық нарығын реттеу,ондағы өтімділік саясатын талдау. 2004
жылғы маусым, шілде және тамыз айларындағы валюталық нарығындағы өзгерістер.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Банктік жүйе − нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының
бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан
қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық
шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты
болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық
мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал
ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және
шаруашылық қызметтің үрдісіне босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта
отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу
жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның
арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал
етеді.
Біздің елімізде банктік жүйе дамыған және дамып келе жатқан болып табылады және
Ұлттық Банк − Қазақстан Республикасының орталық банкі деп саналады. Сондықтан,
бұл курстық жұмыста біз Ұлттық Банктің операцияларын, қызметтерін, ақша
айналысын, құрылымы мен басқару органдарын, валюталық нарығын талдадық.
Сондай-ақ, мұнда Ұлттық Банкінің 2003-жылдың қорытындысы және болашаққа
қойылған жоспары және банк секторындағы 2004-жылдың қыркүйек айындағы жағдайы
туралы ресми хабары орын алған.
Менің ойымша бұл тақырыпты зерттеу және тереңдеп оқу өте маңызды және қызықты.
Сондықтан мен осы тақырыпта талдап алдым.

1. Ұлттық Банк туралы түсінік.

Ұлттық Банк − Қазақстан Республикасының Орталық банкі.

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген
үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы,
сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие банктердің банкі,
соңғы сатыдағы несие беруші ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық
саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие
саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын
жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы боцынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және
республикамыздағы банк жүцесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық
кеңесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта құрлған. Ол жай
клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке
өзгертілді және банктердің банкі болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық Банкке
шоғырланды және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық Банкінің
мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде
жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық Банктердің
мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық Банкіден несие алады.
Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық
Банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық Банк − ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің
құралу көздеріне − банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен
дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық Банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге
көлемінде мына қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық
Банк тапқан пайдадан аударымдар.
Негізгі Ұлттық Банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет −
жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор − ғимараттардан, құрылғылардан,
көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты − банкіге
тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық Банк резервтік және басқа қорлар
құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен
толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін
операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық Банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға:
активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың
құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған
бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық Банк және оның мекемелері
барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Ұлттық Банктің мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің негізгі міндеті − Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісіне мынадай
қосымша міндеттер жүктеледі:
•Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатты жасау және жүзеге асыру;
•ақша-несие және банк жүйесының тұрақтылығын қамтамасыз етуге
көмектесу;
•банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін
ережелерді жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардің
мүдделерін қорғау.

Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:

• елдегі несиелік ресурстары және ақша айналысын басқару;
• өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
• халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды
жүзеге асыру бойынша ережелерді , әдістемелік инструкциялық нормотивтік
актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің
есеп беруін ұйымдастыру ;
• банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын
талдау;
• банк ісін бақылау және қадағалау;
• елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
• ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
• валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі
валюталық саясатын жүргізу және т.б.

Ұлттық Банктің қызметтері мен операциялары.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңға
сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
• айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан
Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан
Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы
жалғыз эмитент болып табылады;
• кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі
және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
• Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
• Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын
өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия
береді;
• банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін
өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
• ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы
ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие
беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
• банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық
нормативтер белгілейді;
• Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы
банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
• Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие
реттеуі әдістермен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық Банк банктердің
операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін
өзгертуге құқықтар береді;
• Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және
нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың
мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс
істеуін ұйымдастыруы тиіс;
• Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды
жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
• банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша
банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге
асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті
нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
• бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге,
шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға
бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және
мерзімін бекітеді;
• егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан
Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық
субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және
басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу
мақсатында бекіте алады;
• Ұлттық Банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін
ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
• қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу
және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкнотар мен монеталарды тасуды,
сақтандыруды және инкассасциялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар
мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
• Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және
тұрақты түрде жариялады;
• ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
• ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан
жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда
клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру
құқына ие;
• Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесінекадрларды дайындауға
қатысады.
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы
қаржыландырылатын несиелік есеп айырвсу және ұйымдардың кассалық қызмет
көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер
атқарады.

Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары.

Ұлттық Банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Ережесі негізінде
анықталады.
Ұлттық Банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат,
бас аумуқтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті
құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық Банкінің 1996 жылғықұрылымы 1ші сызбада
көрсетілген.
Ұлттық Банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық Банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның
құрамына − Ұлттық Банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен
Президенттің бір өкілі және Қазақстан Миинстрлер Кабинетінің екі өкілі
кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасы Президентімен бекітіледі.
Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:
• мемлекеттік ақша несиелік саясатын жасайды;
• Ұлттық Банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;
• Парламент бекіткен тұжырм негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
• Ұлттық Банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен
операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
• Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін
белгілейді;
• сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін
бекітеді;
• Ұлттық Банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады;
• Ұлттық Банк туралы Ережені, Ұлттық Банк құрылымынбекітеді және
департаменттерінің директорларын тағайындайды;
• банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін
бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық Банк төрағасының немесе басқарманың үш
мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық Банк төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен
алты жылға сайланады.
Ұлттық Банк төрағасы Ұлттық Банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен
қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық Банк төрағасы Ұлттық Банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-
бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық Банк атынан келісім-шарттар жасауға
өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді,
Ұлттық Банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады және Ұлттық Банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол
басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер
бере алады. Ұлттық Банк төрағасы уақыташ жоқ кезде, оның қызметін
орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық Банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып
жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан
босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлтық Банк төрағасы арқылы
Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай
алады.
Ұлттық Банкінің жедел басқару органы − Директорлар кеңесі
(директорат), ол Ұлттық Банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңға
сәйкес Ұлттық Банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма
қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына − төраға, оның орынбасарлары және департамент
директорлары кіреді. Ұлттық Банкінің орталық аппараттарында келесідей (1997
жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша несие операциялары, банктік
қадағалау, халықралық қатынастар, эмиссиялық кассалық операциялар,
ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет,
зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері,
шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық Банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің
облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар
филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық Банк атынан қызмет етеді.

2. Ұлттық Банктің ақша айналысын ұйымдастыруын талдау.

Ұлттық Банктің ақша айналысын бақылау.

Ұлттық Банк − заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық Банкінің
эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу
формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігін-теңге
болып табылады.
Ұлттық Банк банкноттар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды,
олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның
инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың
номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек.Банкроталар мен
монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің
қуқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерізімін, тәртібін
анықтау құқөығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел
мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін
белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып
отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық
банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен
байланысты, қолма қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырғанда өзгерді. Еқінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы
қаражаттарының қалдығы шегінде қолма қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен
қатар, операциялық кассадағы қолма қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия − бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма қол түрінде де немесе қолма қолсыз ақша
түрінде де болуы мүмкін.
Қолма қол ақша түріндегі эмиссия − айналысқа банкноталар мен
монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялауының негізгі
себептерінің бірі − кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма қолсыз есеп
айырысулардың біртіндеп қолма қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине,
жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің
кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма қол ақшаларды эмиссиялаудың
үлес салмағы банк асасында берілуі қысқарады.
Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың
процесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін
қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру
арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы
келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша
бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі
мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл
− сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы
жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола
алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша
мультипликативті көбеюі орын алады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық Банкінің ақша базасы
сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы − бұл Ұлттық Банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы
қолма қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер
− бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық Банкідегі арнайы шотта несие
корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі
(бұл Ұлттық Банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен
қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық Банкідегі корреспонденттік
шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма қол ақшаның мөлшері
банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты
болғандықтан, Ұлттық Банк ақша базасының мөшерін екінші деңгейңдегі
банктердің Ұлттық Банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының
көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл
құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсетететін және ақша
мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына
байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі
болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма қол ақшаның үлес
салмағына байланысты болады.
Бұл − айналымдағы қолма қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда
мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі
олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның
кофиценттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйесі
арқылы жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық Банк арқылы
тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және
ақша- несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс
жылдамдығының азаюы ұзақ мерізімді депозиттердің және ұзақ мерізімді
инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы
экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана
мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген
сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма қол ақша үлесінің
өсуіменен, ұзақ мерізімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық
субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге
жүреді.
Ақша айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне
байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі
жоғарылайды.
Монетаризация деңгейі 1989 жылы Францияда 68,5 %, Германияда − 64,5
%, Ұлыбританияда − 89,1 %, АҚШ та − 77,5 %, Жапонияда − 116,5 %, болды.
Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12 % ға жуық болды, бұл әрине
жеткіліксіз.

2002 жылғы халықаралық резервтерімен ақша базасы туралы мәліметтер.

№030 Баспасөз релизі 2002 жылғы 16 қазан

2002 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
халықаралық резервтері және ақша базасы туралы келесідей мәліметтер
берілген.

Ағымдағы бағада Тұрақты бағада
Таза халықаралық резервтері, млн. 2929,6 2860,6
доллар
соның ішінде:
ЕАВ дағы таза активтер 2375,5 2375,5
Алтын 554,1 485,1
Ақша базасы, млрд. теңге 188,1 188,1
KZT USD (мерзім аяғына) 154,30 150,94
Алтын бағасы 317,10 277,60

2002 жылдағы қазан айының бірінші жартысында Ұлттық Банкінің
халықаралық резрвтері төмендеді.
Ағымдағы бағада Ұлттық Банкінің таза халықаралық резрвтері 6,4%ға
төмендеді (немесе 200,9 млн. доллар). Сыртқы нарықта алтындағы активтердің
бағасы 1,6% ға төмендегені нәтижесінде, Ұлттық Банкінің алтындағы активтері
7,6 млн. долларға төмендеді.
Тұрақты бағада Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері 6,3%ға,
ЕАВдағы таза активтері 7,5%ға төмендеді, алтындағы активтері 0,3%ға
көтерілді.
Жалпы мемлекеттің халықаралық резервтері (ағымдағы бағада), яғни
Ұлттық қордың ақшасын қосқанда, (алдын ала берілген мәліметтер бойынша
1688,6 млн.доллар) 4620,4 млн. доллар ақшаны құрады, және де алдыңғы жылмен
салыстырғанда 3,8%ға төмендеді.
2002 жылғы қазанның бірінші жартысындағы Ұлттық Банкінің таза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысын реттеудегі Ұлттық банктің рөлі
Банктің мәні және оның қызмет көрсету аясы
Ақша саясаты
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің атқаратын қызметтері
Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы
Пәндер