Ақша эмиссиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ұлттық банктiң рөлi

Жоспары:

Кiрiспе . . .

I бөлiм. Ұлттық банктiң құрылымы . . .

1. 1. Ұлттық банкi, оның мақсаты мен мiндеттерi, қызметiнiң бағыттары, меншiктi қаражаттары мен пайдасы . . .

1. 2. Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Кiрiспе

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін кездейді. Ұлттық банк - бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, "банктердің банкі" рөлін атқарады, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және республикамыздағы банк жүйесiнiң жоғарғы деңгейi болып табылады.

Осы жұмыста келесiдей сұрақтар қарастырылады:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәртебесі.
  • ҚР Ұлттық банкінің мақсаттары, міндеттері, қызмет тұрлері, өз қаражаттары.
  • ҚР Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары.
  • ҚР Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары.
  • Ақша эмиссиясы.
  • Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша эмиссиясын реттеу.
  • Ақша массасының көрсеткіштері.
  • Ақша-несие саясатының мақсаттары.
  • Ақша-несие саясатының негізгі құралдары.
  • Дисконттық немесе есеп саясаты.
  • Міндетті резервтер нормасы.
  • Ашық нарыктағы операциялар.
  • Ұлттық банк-«банктердің банкi»:

а) коммерциялық банктердің резервтерін сақтандыру;

ә) коммерциялық банктерді несиелеу;

б) жалпы ұлттық деңгейдегі қолма-қолсыз есеп айырысулар;

в) банктердің жұмысын бақылау және қадағалау.

I бөлiм. Ұлттық банктiң құрылымы

1. 1. Ұлттық банкi, оның мақсаты мен мiндеттерi, қызметiнiң бағыттары, меншiктi қаражаттары мен пайдасы.

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен аныкталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару кұқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-кол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компонентгерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және "банктердің банкі" болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлтгық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджетгерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:

  • оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттiң қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
  • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз) ;
  • Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсізбанктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор -ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да кұндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттык банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзiндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң негiзгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
  • банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін корғау.

Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:

  • елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жузеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
  • банк ісін бақылау және қадағалау;
  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
  • ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т. б.

Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

  • меншікті қаражаттары;
  • басқа банктермен тартылған және келісім-шарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
  • мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан.


1. 2. Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары

Ұлттық банк "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды.

  • айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
  • кепіл берушісі Үкімет болып табылатын ішкі және сыртқы қарызына қызметкөрсетуге қатысады;
  • Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
  • Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
  • банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасыныңоның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
  • ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
  • банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрi пруденциалдық нормативтер белгілейді;
  • Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейiн реттеуді жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;
  • Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
  • банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операцияларжүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардьщ клиенттеріне орындауға міндеттi нормативтiк актілер шығарады, сонымен катар, олардың орындалуын бақылайды;
  • бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарга бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
  • егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттікжәне басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есепайырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
  • Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
  • қолма-кол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сактандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын кұрады;
  • Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;
  • ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
  • ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
  • Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады.

Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.


Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық бағалы қағаздар
Ақша айналымы және құрылымы
Мемлекет кірістерінің мәні
Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы
Экономиканың қазіргі жағдайындағы салықтық заң бұзушылықтар және салықтық берешектерді қарыздарды мәжбүрлі түрде өндіріп алу
Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша - кредит саясаты. Ақша айналысын басқару
Бағалы қағаздар, мәні мен функциясы
Банктің мәні және оның қызмет көрсету аясы
Қаржы нарығы туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz