Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып : Мәшһүр Жүсіп және қазақ тарихы мәселелері.

Кіріспе2-4

1 бөлім Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының

өмірі мен қызметі4-8

2-бөлім Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының

қазақ тарихын зерттеуге қосқан үлесі,

негізгі еңбектер және ондағы тарихи деректер. 8-20

3 бөлім. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ

шежіресін зерттеуі туралы. 21-33

Қорытынды:33-35

Пайдаланған әдебиеттер мен

құжаттардың тізімі 35-38

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Биылғы жылы қазақ халқының танымал ақыны, этнографы шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Осы күнге дейін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектері тек қана философиялық, әдеби, ауыз әдебиеті, фольклористика тұрғысынан зерттеліп келіп, өкінішке қарай тарихи тұрғыда қарастырылмаған. Сондықтан біз осы жұмысымызда осы олқылықтың орнын толтыруға тырыстық. Өйткені Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ халқының тарихын зерттеуде аса ірі үлес қосқан тұлғалардың бірі екені даусыз. Оның қазақ халқының тарихын жан-жақты зерттеп деректерді жинауы, қазақ халқын аралап ауыз әдебиет, шежіре үлгілерін жинап нәтижесінде 30 томдық «Мес» жинағын шығаруы дәлел бола алады. Себебі бұл жинақта төл тарихымызға арналған жазбалар орын алды. Өз кезінде мол мұра қалдырған адамның бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы тарихымызға елеулі үлесі, оның еңбектеріндегі тарихи жыр, аңыз-әңгіме, дастан тағы басқалары дәуірлер мен кезеңдерге байланысты ретімен берілуінде. Бұл жерде айтқымыз келіп тұрғаны оның еңбектерінде нақты дәуірлеу болмасада хронологиялық талдау байқалады. Бұл жерде тарихымызға қатысты оқиғалармен үрдістер ретімен көрсетіліп тарихи сабақтастық сақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбасында белгілі-бір халықтардың шығу тегіне, рулық құрамына, қоныс аударуына, қалыптасуына, тіпті олардың тұрмыс тіршілігіне, киетін киімдері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т. б. қатысты деректердің молынан ұшырасуы назар аудартады. Мәселен, «Бұл қазақ қай уақыттан үш жүз атанған» оның ішінде «Алаш» деген қай ел, не себепті олай айтылғандығы, «Жүз» деген атау қайдан шыққан деген сұрақтарға өз көзқарасын білдірген. Сол арқылы қазақ елінің пайда болуы тарихнамасына шолу жасалынады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Мәшһүрдің еңбектерін, яғни бай мұрасын М. Әуезов, М. Бөжеев, З. Сейітжанов, Д. Әбілев, Ж. Шалғымбаева, С. Дәуітов, М. Алпысбесұлы сияқты ғалым-зерттеушілер зерттеп, өздерінің бағаларын берді [132 9 б] . Алайда олар Мәшһүрдің әдеби мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін, материалдарын жинақтап, құрастырған қызметі туралы айтып, сол тұстарын көбірек зерттеді. Осы уақытқа дейін Ә. Марғұлан, Е. Бекмаханов зерттеулерінде М. Ж. Көпеевтің тарихи еңбектері біршама талданып, баға берілген. Өз кезегінде Ә. Х. Марғұлан Мәшһүр зерттеулерін, өзін жоғары бағалаған. Ә. Марғұланның: «Мәшһүр ақындықтан басқа ғалым адам. Күншығыс, араб, парсы халқының тарихын, фәлсафасын жақсы білген. Химия, физика, геология, астрономия ғылымдарынан жақсы хабары болған. Мәшһүрдің бұл сияқты терең ғылымдармен танысуына көз болған, көбінесе атақты Әбу Әли ибн Сина, әл-Фараби сияқты орта ғасырдағы бұқара ғалымдарының шығармалары, жаңа араб, фарсы, түрік кітаптарын көп оқыған . . . Мәшһүр Жүсіп жинаған тарих, әдебиет материалдары өте бағалы» [82 91 б] . - деген пікір білдірді. Өз кезегінде Мәшһүр еңбектерін зерттеулерінде пайдаланған қазақтың белгілі тарихшы, ғалымы Е. Бекмаханов шежірешінің жазбаларын жоғары бағалаған. «Көпеев өзгелерге қарағанда шайқас болған орындарды егжей-тегжейлі суреттейді және жекелеген мекендердің атауларын атап-атап көрсетіп отырады, ал мұны басқа шығармалардан ешбір кездестіре алмайсың. Алайда Көпеев өзінің түсіндірулерінде және қорытынды жасауларында -қателік те жібереді. Оның үстіне халық ішінде тараған жекелеген аңыздарды Көпеев шындыққа балайды. Ол мысалы, «Кенесарыны өлтірушілердің бәрі оның киелі рухының қарғысына ұшырап, бүкіл үрім-бұтағымен құрып кетті» деп жазады» [115 330 б] . - деген тарихшы-ғалымның тұжырымында шындық бар. М. Ж. Көпейүлы мұрасын жете зерттеген ғалым М. Бөжеевтің пайымдауынша оның қолжазбаларының көлемі 30 томға жететін көрінеді. М. Қ. Әбусейтова ғалым қолжазбаларындағы мәліметтердің тарихилығын жоғары бағалап, деректерін терең зерттеудің қажет екені жайлы жазған [133 286 б] .

Тақырыптың мақсаты: Осы күнге дейін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектеріндегі ғалымдардың назарынан тыс қалып жүрген. Тарихи шығармаларын жаңа көзқарас тұрғысынан қарастырып оның тарихи еңбектерін ғылыми айналымға енгізу болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттерді қоямын:

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы туралы еңбектерді жинақтау,
  2. Жинақталған еңбектерге салыстырмалы талдау жасау,
  3. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тарихи еңбектері мен ой тұжырымдарын сұрыптап, тарихи шынайылық тұрғысынан обьективті талдау.

Тақырыптың деректік көзі: Тақырыбымыздың деректік арқауы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қолжазбаларының негізіндегі әр кездері жазылған еңбектер, жеке мұрағат құжаттары мен таңдамалы жинақтар, фольклорлық матеиалдар, мұрағат құжаттары болып табылады. Сонымен бірге орыс ғалымдары мен отандық зерттеуші ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері: Жұмысымыздың хронологиялық шеңбері Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмір сүрген уақытты қазан төңкерісіне дейінгі одан кейінгі кеңес кезеңі және қазіргі уақытқа дейінгі уақытты қамтиды.

Тақырыбымыздың методологиялық және теориялық негіздері:

Тақырыбымыз бойынша жазылған еңбектердің методикасына назар аударып, ол еңбектердің ұстанымдық тұрғысын анықтау арқылы салыстырмалы талдау жасап өзіміздің зерттеу жұмысымызды мүмкіндігінше терең ойлы теориялық тұрғыда ұсыну сол арқылы жұмысымыздың мазмұнын ашу болып табылады.

Зерттеу жұмысымыздың құрлымы: «Мәшхүр Жүсіп және қазақ тарихы мәселері» атты зерттеу жұмысымыз: Кіріспеден, Бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер мен құжаттардың тізімінен тұрады.

1 бөлім. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен қызметі

Көрнекті ақын, публицист, этнограф, жиһанкез, саяхатшы, ағартушы, көріпкел, шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (шын есімі Көпжасар) 1858 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Қызылтау жерінде дүниеге келген.

Мәшһүр - Арғынның Сүйіндік тайпасынан тараған ұрпақтың өкілі. Шежіре арқылы көрсететін болсақ, Жүсіп Сүйіндіктің Құлболды руының Күлік атасының Тілеуімбет тармағынан тарайды. Өз атасы Ақжігіттен туған Сырмағамбет, әкесі - Көпжасар.

Сүйіндік→Құлболды→Күлік→Тілеуімбет→Ақжігіт→ Сырмағамбет →

Көпжасар → Мәшһүр Жүсіп.

Туғанда азан шақырып қойылған есімі - Адам Жүсіп болған көрінеді. Кейіннен 9 жасында қисса-дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған Мұса Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «өз заманында халыққа мәшһүр болатын бала екен», - деп лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кеткен [36 1 б] .

Мәшһүр 3 жасқа толғанда әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ сирақ» болып шыққан. Сонда Көпей: «Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас, жұтамас байлық» - деген даналықты ескеріп, баласын оқытуға бел буған. Сөйтіп бала Жүсіп Баянауыл медресесінде Қамар (Хамараддин) хазіреттен білім алып, алғаш оқуға ден қойған.

Мәшһүр ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр-дастандарды жаттап өскен. Өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол ерте танытқан. Ақындық жолға түсуінің 15 жасында басталғанын ақын былай баяндаған: «Айырылдым дәл он бесте ақыл-естен,

Жабысып бір дауасыз ауру төстен . . . » [37 147 б] .

Мәшһүрдің есейіп, оңы мен солын тани бастаған кезі XIX ғасырдың екінші жартысындағы ел өміріндегі өзгерістерге тұспа-тұс келді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға билік жүргізіп келген Қоқан хандығы XIX ғасырдың 50-60-жылдары саяси билік дағдарысына ұшырап, үнемі Бұхар хандығымен

соғыс жүргізумен болды [38 79-80 б б] .

Сол мезгілде Ресей екі жақтан: Сырдария (Ақмешіт) пен Жетісудан (Верный) шабуылдап, Ұлы жүз жерін басып алды. Қазақстанды тұтас иемденгеннен кейін, Ресейдің отаршылдық саясаты күрт өзгерді. Саяси-әскери отарлау кезеңі аяқталып, патша шенеуніктері қазақ еліне Ресей заңдарын, әкімшілік-басқару жүйесін тікелей енгізіп, рухани отарлау, шаруаларды қоныстандыру әдістерін жүзеге асыра бастады [39 116 б] .

Әкесінің ақыл-кеңесімен білім алуды жалғастыру мақсатында Мәшһүр Жүсіп 1872 жылы Бұхарадағы Көкілташ жоғары діни медресесіне оқуға түскен. Оны 1874 жылы тәмамдап, өз заманына лайық жоғары мұсылмандық білім алып, ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгеріп шыққан. Еліне оралған соң екі жылдай ауылда балаларды оқытып, ағартушылық қызметпен айналыса бастаған,

Мәшнүрдің тұрмысын жақсартуды ойлаған Арғындар арасында жомарттығымен, мырзалығымен, ағайынға қайырымдылығымен аты шыққан Әкімбек Мырза Жүсіпке қаражат беріп, астына ат міндіріп, алдына мал салып, Көпей отбасының дәулеттенуіне мұрындық болған [40 79 б] . Тұрмысы түзелген Мәшһүр 1887, 1895, 1907 жылдары үш рет Түркістан, Ташкент, Бұхара, Самарканд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтқан, Осы жылдары белгілі оқымыстылармен, ақындармен кездесіп, түркітанушы-академик В. В. Радловпен танысқан. Орта Азия қалаларына сапар шегуде ғалым, білгірлермен жүздесіп қана қоймай, сонымен қатар сол өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерін жазып алды. Осы тұста айта кетерлік бір жайт Мәшһүр ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен жыр-дастандарды бала кезінен-ақ жаттап, кейбіреулерін жыршылардан жазып алған. Мәселен, Ә. Марғұланның айтуынша Жүсіп 7 жасында «Ер Олжабай батыр» жырын сақау ақынның аузынан қағазға қондырған. Бала Жүсіптің осындай маңызды іспен айналысуына ұстазы Қамар хазіреттің де ықпалы болғаны даусыз.

Айта кетерлік бір жайт, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпақтары қазіргі Жүсіповтер әулеті аталарының мол мұрасын зерттеп, талдап, көптеген еңбектерін ғылыми айналымға өндіріп, ғылым үшін келелі нәтижелерге қол жеткізуде. Міне осы Жүсіповтер әулетінің шаңырағында жинақталып, сақталған (Мәшһүрге қатысты) жеке мұрағат қорларында ғалымды деректанушы, тарихшы ретінде сомдайтын мәліметтер жиі кездеседі. Солардың бірінде Мәшһүрдің ауызша тарих айту дәстүріне сәйкес елеулі істер атқарғандығы жайлы жазылған. 1881 жылы Мәшһүр 23 жасында Ақмола дуанына сапар шегіп, Мейрам Жанайдаров үйінде бір жыл қыстап, Қара өткелдегі Әліке Байдалы, Аққошқар Сайдалы, Бердалы қожадан Қаракесек шежіресін, Қазыбек би тарихын, Бөгенбай батыр немересі Сәбелең (Саққұлақ) шешеннен Қанжығалы, Бөгенбай батыр шежіресін, Қоңырқұлжа сұлтанның ұрпағымен бірге ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ел тарихы хақында мәлімет жинақтаған. 1870 жылы Санкт-Петербург каласынан В. В. Радловтың «Түркі тайпаларынын, халық әдебиеті үлгілері» атты еңбегі басылып шыққан. М. Ж. Көпеев осы кітапты 1881 жылы Ақмола өңіріне барған сапарында Мейрам Жанайдарұлының кітапханасынан кездестіріп, тұпнұсқасын көшіріп алған [41 22 б] . Еңбекпен танысқаннан кейін, оның жариялануына байланысты өз пікірін былайша білдірген: «Жетпіске жетіп, жер таянып отырған біздердің тумай тұрып қалған күнімізде Василей Василевич Радлоф қазақ әдебиетін бастырған екен. Біз жазайық деп отырған сөзіміз сонан алынған. «Қазақты: түбі» деп Василей Василеич Радлоф баспаға бастырған» [42 91-96 б б] .

Кейіннен өзі де «Қазақ түбі» деген еңбек жазуда осы В. В. Радловтың зерттеуіне сүйеніп, мәліметтерді салыстырып, талдап отырған.

Мәшһүр қазақ сахарасын көп аралап, сапар, саяхат шегіп, ауыз әдебиет үлгілерін жинауға ынталы болған. Мәселен, 1887 жылы Бұхар сапарының барар жолында Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи, Ташкенттегі Зеңгі Ата кесенелерін көріп, қайтар жолында Шу мен Сырдария, Ұлытау, Кішітауды, Есіл, Нұраны асықпай аралап көрген. Жай ғана саяхаттап, барды-жоқты көрумен шектелмей, ел жадындағы баға жетпес деректерді қағаз бетіне түсірумен де айналысқан. Ташкентте болған кезінде Сыздық төреден әкесі Кенесары туралы айтқан әңгімелерін жазып алған [43 12 б] .

Арада біраз уақыт өткеннен кейін 1889-1891 жылдары Кіші жүз жеріне аяқ басып, халқымен сұхбаттасқан. Осы сапарында төкпе жыршылар мен жыраулардың аузынан Жәңгір хан, Науша батыр, Исатай, Шернияз туралы аңыз-әңгімелерді, ру-тайпалардың шежірелерін, шежірелік баяндауларын жинаған [44 220 б] .

Осылайша Мәшһүр өмірінің айтарлықтай бөлігін салт атпен қазақ даласын аралаумен, мол рухани мүра жинаумен өткізген. Там-тұмдап жинаған мәліметтерінің негізінде зерттеу еңбектерін жазып, оларды қолжазбалық кітап түрінде жинақтаған. Солардың арасында «Мес» деп аталатын 30 томдық жинағының ішінде төл тарихымызға қатысты қолжазбалар орын алған.

2-бөлім Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қазақ тарихын зерттеуге қосқан үлесі, негізгі еңбектер және ондағы тарихи деректер.

Мәшһүр Жүсіптің қазақ тарихы туралы жазылған еңбектерінің бірі -«Қазақ түбі». Бұл еңбектің бірнеше нұсқалары бар. Әр үлгіде ел тарихы түрлі қырларынан баяндалады. Дегенмен тарихи тақырыптарды қамтитын Мәшһүр шығармаларының ортақ атауы - «Қазақ түбі». Еңбек ауыз әдебиеті үлгілерінің негізінде жазылған. Тарихи жыр, аңыз-әңгіме, дастан т. б. дәуірлер мен кезеңдерге байланысты ретімен берілген. Шығарма тарихи сипаттағы еңбек түрінде бағаланғанымен тарихи аңыз-әңгімелердің мазмұны әдеби тұрғыда ашылған.

Мәшһүр Жүсіп өзінің осы еңбегінде қазақ тарихының ежелгі дәуірден бастап XX ғасырдың бас кезі аралығындағы өзекті оқиғалар мен процестерге тоқталып, оларды баяндап, кейбіреулеріне сипаттама беріп кеткен. М. Ж. Көпейұлы жазбаларындағы ел тарихының мерзімдік шегі аса ауқымды болғандықтан тарихи оқиғалар тізбегін материалдың топтастырылуына, көлеміне, мазмұнына, қолжазбада орналасуына сәйкес 11 кезеңге жіктеуге болады. Бұл кезеңдер:

1. Адам Ата - Ел хан (б. з. ҮІІІ ғ. дейін) ;

2. Ел хан - Қондыкер жұрты (ҮІІІ-ІХ ғ. ) ;

3. 92 баулы Қыпшақ (ХІ-ХІІ ғғ. ) ;

4. Шыңғыс хан - Жәнібек Барақұлы (ХІІІ-ХҮ ғғ. ) ;

5. Жәнібек - Салқам Жәңгір (ХҮ-ХҮІІ ғғ. ) ;

6. Әз Тәуке - Абылай сұлтан (1680-1734 жж. ) ;

7. Абылай хан( 1734-1781 жж. ) ;

8. Уәли-Саржан (1781-1836 жж. ) ;

9. Кенесары (1837-1847 жж. ) ; Ю. Қоқан (ХҮІП-ХІХ ғ. 60-ж. ) ;

11. Патшалы Ресейдің отарлау саясаты (XIX ғ. II жартысы - 1907 ж. ) [45 73 б] .

Айта кетерлік бір жайт, мұндай кезеңдерге бөлу шартты түрде жасалған. М. Ж. Көпеевтің өзі төл тарихымызды дәуірлемеген, дегенмен оған қатысты оқиғалар мен процестер ежелгі дәуірден бері қарай хронологиялық ретпен көрсетіліп, тарихи сабақтастық сақталған. Автор қазақ тарихындағы елеулі оқиғаларды бөліп көрсетіп, оларды тарихи тұлғалармен байланыстырып, өзіндік тұжырымдар түйіндеп отырған. Мәселен, М. Ж. Көпеев «Қазақ түбі» еңбегінде Нұх пайғамбарға, яғни адамзат тарихындағы топан су қаптаған оқиғаға ерекше тоқталып, Нұх заманы туралы діни сипаттағы аңыз-әңгімелерді берген [46 223 б] . "Наурыз" атты еңбегінде Баянауыл мен Көкшетау жерлеріндегі ежелгі дәуірдің іздерін көрсетеді.

Зерттеуінде түркі дәуірінің, соның ішінде оғыздар кезеңіне тоқталып, оны сипаттап, қазақ тарихымен, салт-дәстүрмен байланыстырған. Өзінің тұжырымдарын пайымдауда шежіре, аңыз-әңгімелерге сүйенген. «Бұл шежіреден біздің алып отырған сыбағамыз - Уыз (Оғыз) хан балаларына өз пайым-парасатын, көзіне көрінген нәрсенің толымды-жарамдысын ат қылып қоя беріпті: Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп. Сол аттарды күні бүгінге шейін біздің қазақ айдың басында туған баланың атын Айбас кояды. Таң ата туған баланың атын Таңатар қояды. Күн шыға туса, Күншығар кояды. Түн ортасында туса, Түнқатар қояды. Көл басында туса, Көлбай қояды. Тауда туса Таубай, жайлауда туса Жайлаубай, қыстауда туса Қыстаубай, күзекте туса Күзекбай, Күзеубай. Есілде туса Есілбай. Нұрада туса Нұрабай. Уыз ханнан үстап қалған үлгі-өнеге - осы» [46 223 б] . - деп Мәшһүр Жүсіп Оғыздар заманында қалыптасқан төрт өрнек-үлгінің алғашқысын сипаттаған. Қалған үшеуін ғалым мына төмендегідей етіп баяндаған: «Екінші өрнек үлгісі - киіз үй. Бір нәрсені біреу іздеп таба алмай келсе: «Осы уыз үйлі пәленнен таба алмағаның ба?» - дейді. Үшінші өрнек үлгісі - топырлатып жылқы сою, қой сою, қара сабаға қымыз толтыру. Төртінші үлгісі- тоғыз-тоғыздан сый, сыйлық, сияпат. Өлген өлігіне мал шығарса да тоғыздан. Байлар өлсе жаназаға барып келушілерден: «Неше тоғыз шығарыпты?» - деседі [48 223 б] .

Оғыз кезеңін қорыта келіп, шежіре арқылы қазақтардың үш жүзге бөлінуін: «Арғы атамыз Ер Түрік, екінші буын атамыз Мұғол, Маңғұлыскейге қосыламыз. Үшінші буын атамыз - Уыз хан. Ай мен Күн, Жұлдызына таласпай-ақ қоялық. Үш оқты бізге қимай ма?! Біз неге бұл күнге шейін үш жүз атанып, үш алаш атанып жүрміз?!» [49 223 б], - деп түсіндіреді. Мәшһүрдің үш оқ жайындағы пайымдауына келетін болсақ, оның өзі негізсіз емес. Х. Әділгереев «Қазақ халқы құралуы тарихынан» атты мақаласында

Оғыз мемлекетінің үш ордаға бөлінгендігі туралы жазған 50 . Отандык тарих ғылымында оғыз ұлысының боз оқ, үш оқ тайпаларынан құралғандығы жайындағы да пікірлер кездеседі [51 10 б] . Мұндай пікірлер М. Ж. Көпеев пайымдауларын бекіте түседі.

«Қазақ түбінде» түркі дәуіріндегі Ел хан жұртының тарихы әңгімеленген. Ел жадындағы аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, қазақ халқының шығу тегі жөнінде былай деп жазған: «Біздің қазақ халқының қариялары: «Біз үш ханның баласымыз, - десіп сөйлейді, - Сейіл хан, Жайыл хан, Ел хан. Сейіл ханнан - сегіз арыс түрікпен. Жайыл ханнан - Майқы, Майқыдан туған өзбек Елден-Сыбан. Өзбектің үш баласы бар: үлкені - Мың, ортаншысы - Жүз, кішісінің аты - Қырық, - дейді. Сыбаннан Қазақ пен Созақ. Созақ баласы - Қарақалпақ. Қазақтан: Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Үш жүздің баласы: «Қазақтың атасы осы үшеуі екен», - деп айтысады. Ел ханның балалары Қондыкер жүрты. Ол қайда десең халифа қол астында «Қондыкердің ауыр жолы» деп айтыла тұғын бұрынғының сөзінде бар емес пе дейді. Түрікмен (Түрікпен) дегеннің мәнісі Қондыкер жұрты ауып кеткенде, бұлар мұнда қалғаны үшін маңайындағы сарт-сауан: «Түркі мүнда!», - деп, Түркілерден қалғандар», - деп, сонан түрікмен атанып кеткен деседі» [52 10-21 бб] .

Осы мәліметтерді пайдаланған Ә. Х. Марғұлан ІХ-ХІ ғасырларда Қондыкер шежіресінің шығуына негіз болған оғыз тайпалары ХҮ ғасырда Түркия жеріне ауып, сол аумақта орнығып, соған сәйкес Осман түріктері атанғандығын дәйектеуге тырысқан [53 352-354 бб] .

М. Ж. Көпеев көрсетілген үшінші кезеңде 92 баулы Қыпшақ тарихы туралы әртүрлі мәліметтер келтірген. Сарыарқа жерінің тарихын сөз қылған кітабында Дешті Қыпшақ заманы баян еткен. Автор Дешті Қыпшақтың аумағын: «Әркім білімі жеткен жерден сөйлеу керек. Күн батысы Сырдария, күн шығысы - ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі Жетісу, Семиреченский өзені, солтүстігі - Еділ, Жайық. Сол төрт судың арасы заман қадымда Дешті Қыпшақ жүртының қонысы еді. Сол Қыпшақтан 92 ру ел тарайды. «Қытай көп пе, Қыпшақ көп пе» - деп мақал болған себебі сол» [54 112-113, 121 бб], -түрінде анықтап көрсеткен.

ХІІІ-ХҮ ғасырларды қамтитын төртінші кезең бойынша «Қазақ түбі» Шыңғыс хан мен оның әулетінің шежіресін тарқатып, тарихын баяндаған [55 15 б] . Автор Шыңғыс әулетінің шежіресін Жәнібекке дейінгі, Жәнібектен кейінгі кезеңдерге бөліп берген. Бұл шежірені жай ғана тізбектеп көрсетумен шектелмей, оны фольклорлық мәліметтермен толықтырып, Қ. Халидтың, Ш. Құдайбердиевтің жазба шежірелерімен, орыс ғалымдарының зерттеулерімен байланыстырып, салыстыра отырып тарқатқан. Сол шежіренің бір нұсқасы мынадай: "Шыңғыс хан ұлы - Жошы хан. Бұл Жошы ханның балалары: Бату хан, лақабы «Сайын хан», бір баласы Бөрке (Бүрік) хан. Бұлардың заманында Мауралінхәрдегі, Дешті Қыпшақ үшке бөлініп: Ақ Орда, Көк Орда, Алтын Орда атанды.

Алтын Ордада Бөрке хан болды. Ақ Ордада Шайбан хан хан болды. Көк Ордада Токай Темірхан хан болды. Тоқай Темірден Өз Темір, мұның ұлы Хожақол, мұның ұлы Бадақол, мұның ұлы Орыс хан, мұның ұлы Барақ хан, мұның ұлы Әз Жәнібек хан, мұның ұлы Жәдік хан . . . » [56 68 б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕК КӨЗІ
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Мәшһүр Жүсіп шығармаларында ұлттық құндылық көрінісі
Бес жүз бес сөз
МӘШҺҮР - ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz