Асинхронды порт арқыл байланыс


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Факс-модем

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Жүйелі асинхронды адаптер.

Байланысты растау.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Факс - модем бұл факсимильді хабарламаларды қабылдауға және оны әрі қарай жіберуге мүмкіндік береді. Модем - басқа компьютерлерге телефон жүйесі(линиясы) арқылы шығуға мүмкіндік береді. Өзінің сыртқы пішіні және орнына байланысты факс-модемдер сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Ішкі модемдер негізінен электрондық плата түрінде компьютердің ішіне орнатылады, сыртқы модемдер - автономды құрылғы ретінде компьютерлік порттардың біреуіне жалғанады. Сыртқы модем ішкіге қарағанда, екеуі бір типті болғанымен сыртқы модемнің сыртқы келбетімен(индикаторлар, дауыс реттеуіші) және жеңіл орнатылуына байланысты бағасы қымбатырақ болады.

Факс хабарламаларын жіберудің негізгі стандарттары - Class 1 және Groop 4, ақпаратты сығу және 19200 bps жылдамдығын қолдайтындар. Қазіргі модемдер әлемінде екі фирма басқаларға қарағанда басымдылыққа ие, олар: ZyXEL және US Robotics. Олар ең сапалы және ең жылдам факс-модем және модем шығарады. Өте қымбат ZyXEL факс-модемдері сандық режимде басылған және сөйлеу сигналы сығылған дауыс шығару мүмкіндігі болуына байланысты оларды автожауапкер ретінде қолдануына болады. Сол сияқты кейбір ZyXEL U-1496 и US Robotics Courier модельдері Сөйлеу/ақпарат қосқышымен, қоса салынған тестілеуіш және басқа да функциялармен жабдықталған. ZyXEL факс-модемдерінің басты сапасы ретінде өте бай таңдау мүмкіншілігі, бірақ бұл оның бағасын одан да жоғары көтеріп жібереді($1250 дейін), ал US Robotics(Courier и Sportster) модельдері - төмен бағасы($200 дейін) және үлкен жұмыс сенімділігі.

Модем жұмысындағы негізгі параметрі, ақпараттарды жіберу жылдамдығы болып табылады. Ол bpsпен (бит секундына) өлшенеді және шығарған фирма өз өлшеулерін орнатады: 2400, 9600, 14400, 16800, 19200, 28800 немесе 56600 bps болады. Кейде модемдердің ескірген модельдері(300 және 1200bps) кездеседі, бірақ олар қолданыстан шықты десек те болады. Қазіргі кезде жақсы модемдер деп жылдамдығы 14400bps (10 минутта 1Mb-тың жанында) және оны $150 шамасында алуға болады. Сонымен қатар қазіргі заманғы модемдердің негізгі көрсеткіштерінің бірі қателерді түзету және ақпаратты сығу режимі болып табылады. Қателерді түзету режимі қосымша сигналдармен қамтамасыз етеді, солар арқылы модемдер линияның екі жағындағы ақпараттарды тексеріп белгіленбегендерін лақтырып тастайды. Екінші режим ақпараттарды тез және айқын беру үшін оны сығып, кейіннен оны алушы модемнен қалпына келтіреді. Осы екі режим ақпараттарды беру жылдамдығын және айқындылығын жоғарлатады.

Алдыңғы қатарлы модем-өндіруші фирмалардың бірі "Hayes Microcomputer Products" модемнің негізгі командаларын қабылдады АТ-терім командаларын қоса, соның арқасында қолданушы модем жұмысын басқара алады. Қазір Hayes-командаларымен Әлемнің көптеген фирмалары жұмыс істейді.

Сол сияқты модем жылдамдығының, ақпараттарды сығу және қателерді түзетудің әлемдік стандарттары бар. Бұл стандарттар ITU-T(CCITT стандарты) комитетімен және Microcom(MNPстандарты) фирмасымен бекітіледі. Ең жақсы модемдер осы стандарттарға сәйкес келеді. Ең көп таралған CCITT стандарттары: жылдамдық стандарты 9600 bps - V. 32 және жылдамдық 14400bps - V. 32 bis; қателерді түзету стандарты V. 42; коэфициенті барақпараттарды сығу стандарты - 4:1 V 42bis.

Соңғы жылдарда модемдер әлеміндегі жаңалық ретінде PCMCIA типті платада жеткізілетін Notebook модемдерін айтуға болады. Бұл платалар тұтастылығымен ыңғайлы және де компьютерге бос COM-портты модемге беруге рұқсат етпейді. Сонда да ол жәй модемге қарағанда қымбат болады.

Соңғы жылдары факс-модем және модемдерге сұраныс көбейді, себебі олар компьютермен жұмыс істейтін әр адамға қажет болады. Модемдер бір компьютерден екіншісіне ақпараттарды өте тез жіберуге және электронды поштамен хабарласуға, сол сияқты бүкіл әлемдік жүйеге(Iternet) кіруге және шетелдік серіктестермен контакт орнатуға мүмкіндік береді. Модем соңғы уақытта компьютердің ажырамас бөлігіне айналды. Модемді өз компьютеріне орнатқан адам жаңа әлем ашады десек те болады. Сіздің компьютеріңіз өзіндіктен әлемдік жүйенің бір буынына айналады. Ол сізге үйден шықпай сізден мыңдаған килоетр жердегі базадық ақпаратарды алуға рұқсат береді, өзіңіздің хабарламаларыңызды басқа қолданушыларға мүмкіншілігі бар BBS-ке (электронды хабарламалар тақатасы) орналастыруға, сол BBS-тен өзіңізге керек файлдарды көшіріп алуға, үй компьютерін офисіңіздің жүйесіне кіргізуге мүмкіндіктерін береді. Сонымен қатар, әлембік жүйені қолданып(RelCom, FidoNet) элетронды хаттарды Дүние жүзінің әр жеріне жіберіп және қабылдап алуға болады. Дүние Жүзілік жүйе жалғыз поштамен ауысуға ғана емес, сол сияқты әр түрлі конференцияларда қатысуға, сізге керек ақпартарға байланысты жаңалық алып тұруға болады. Компьютермен ақпарат алуға қосылудың негізгі үш тәсілі бар:

  • Асинхронды порт арқыл байланыс
  • Модем қолдану арқылы байланыс
  • Локалды жүйе арқылы байланыс

Біз байланыстың екі типін қарастырамыз: асинхрондық және модем арқылы байланыс.

Жүйелі асинхронды адаптер

Негізінен әр компьютер бір болса да жүйелі асинхронды адаптермен жабдықталған. Әдетте ол жеке плата болып немесе аналық платаға орналастырылған. Оның толық аты RS-232-C. Әр асинхронды адаптердің ішінде әдетте бірнеше порт болады, солар арқылы компьютерге сыртқы құрылғыларды қосуға мүмкіндік береді. Осындай порттардың әр қайсысына бірнеше регистр сәйкес келеді, олар арқылы программа соған рұқсат алады және анықталған линия IRQ(линия запроса прерывания) порттың жағдайының өзгеруі жайында компьютерге сигнал береді. Әр портқа логикалық ат беріледі (COM1, COM2 және т. б. ) . RS-232-C интерфейсі Электронды Кәсіпшілік Ассоциацясымен(EIA) компьютермен байланысу стандарты және әр түрлі перифериялық құрылғылармен байланыс ретінде өңделген. IBM PC компьютері RS-232-C интерфейсін толық қамтамасыз ете алмайды, компьютердің корпусындағы порт кейбір сигналдары бар интерфейстің құрамына еніп және стандартына сай кернеу деңгейлері бар. Қазіргі уақытта ақпарат беру порты өте кең қолданылады:

  • Тышқанның қосылуы
  • Сканер, принтер, графоқұрылысшылар, дигитайзерлер қосылады
  • Екі компьютердің арасындағы порт арқылы арнайы кабель және FastWire2 немесе Norton Commander командаларын қосу арқылы
  • Телфондық линия арқылы ақпарат алу үшін модемді қосуы
  • Арнайы компьютерлердің жүйеге қосылуы

Жүйелі ақпарат беру - ақпараттардың бір линиямен беріліп жатқанын білдіреді. Сол сияқты беріліп жатқан ақпараттың байттың биттері бір сымды пайдалана отырып кезекпен беріледі. Биттер тобын синхронизациялау үшін оның алдында арнайы старттық бит, топтың соңынан жұбын анықтайтын бір немесе екі стоптық бит жіберіледі. Кейде жұпты анықтайтын бит болмауы да мүмкін. Жұпты анықтайтын, старттық және стоптық биттердің қолданылуы берілетін ақпараттың форматын анықтайды. Қабылдағыш пен хабарлағыш бір форматты қолданылуы тиісті, әйтпесе ақпараттар ауыспайды. Тағы да бір маңызды мінездеме, ол ақпараттарды беру жылдамдығы. Ол да хабарлағыш пен қабылдағыш та бірдей болуы керек. Ақпаратты беру жылдамдығы әдетте бодпен(телеграф аппаратын ойлап шығарған француз ғалымы Emile Baudot - Э. Бодо фамилиясымен) өлшенеді. Бодтар секундына қанша бит берілетін анықтайды. Старт/стоптық және жұпты анықтайтын биттер де саналады.

Компьютер бір немесе екі ақпаратты жіберетін портпен жабдықталған. Бұл порттар аналық платада немесе аналық платаның кеңейтулеріне салынатын жеке бір платада орналасады. Бір платада орналасқан төрт немесе сегіз ақпаратты беретін порттар да бар. Оларды көбінесе бірнеше компьютерді немесе терминалдарды орталық компьютерге қосу үшін қолданады. Бұл платаларды «Мультипорт» деп атайды. Ақпартты беру портының негізінде INTEL 8250 микросхемасы немесе оның жаңа аналогтары INTEL 16450, 16550, 16550A жатыр. Ол әмбебап асинхронды қабылдап-жіберетін микросхема (UART-Universal Asynchronous Receiver Transmitter ) . Микросхема бірнеше ішкі регистрлері бар, оларға енгізу/ шығару командалары арқылы кіруге болады. 8250 микросхемасының ақпаратты қабылдау және жіберу регистрлері бар. Байтты жіберу кезінде ол қабылдағыштың буферлік регистріне жазылады, содан кейін қабылдағыштың жылжу регистріне қайта жазылады. Осыдан байт жылжу регистрінен битпен шығарылады. Программа тек буферлік регистрлерге кіре алады, жылжу процессі және ақпараттарды көшіру UART микросхемасымен авоматты түрде жасалынады. Ассинхронды жіберу порты сыртқы құрылғыларға арнайы сыйымдылық арқылы қосылады. RS-232-c интерфейстеріне екі стандартты сыйымдылық бар олар: DB-25 және DB-9. Біріншінің 25, ал екіншінің 9 шығарғышы бар.

DB-25 сыйымдылығының ажыратқышы.

Номер п/п Контакт Контакттің тағайындалуы(компьютер жағынан) Кіру немесе шығу; 1 Жерге енгізілетін қорғаныс-Frame Ground, FG2 Берілетін ақпараттар-Transmitted Data, TD Шығыс3; Қабылданатын ақпараттар-Received data, RD Кіріс4; Жіберуге сұраныс-Request to send, RTS Шығыс5; Жіберу үшін тазалау-Clear to send, CTS Кіріс6; Ақпарат даярлығы-Data Set Ready, DSR Кіріс7; Сигналды жерге енгізілу-Signal Ground, SG8; Қабылдау сигналының детекторы-data carrier detect, DCD Кіріс9-19; Қолданылмайды-Data terminal ready, DTR Шығыс20; Ақпаратт шығуының даярлығы21; Қолданылмайды22; Шақыру индикаторы-Ring indicator, RI Кіріс 23-25 қолданылмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
CISCO 5500 series қондырғысының негізінде есептеуіш желілердің құрылымы
Параллель және сериялық порттардың тарихы
микропроцессорлар құрамында кездесетін типтік цифорлық құрылғылармен танысу
Микропроцессорлық жүйе жайлы
Микроконтроллер негізінде дыбыстық сигналдарды қалыптастыру құрылғысын жобалау мен құрылымдау
Комбайнның көлбеу камерасындағы электр жетектің жүктемесін басқарудың микропроцессорлық жүйесін жасау
Асинхронды-синхорнды тізбектелген порт
Микропроцессор негізінде микро ЭЕМ-і ұйымдастыру
МП жүйесіндегі енгізу-шығару
Құрылымдық кәбілдік жүйесін жобалау принцинтеріне шолу және талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz