Фуконың шығармашылығында


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

№ 8 тақырып.

Қазіргі француздық ғылым философиясы. Эпистемологиялық мектеп. ( А. Койре, Г. Башляр, М. Фуко. )

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Башляр тәжірибе және теория, эмпирикалық және теориялық ара - қатынас жөнінде.
  2. Фуко және ғылыми білімнің структуралық концепциясы. Ғылымның феноменалогиялық концепциясы.
  3. Койре ғылыми таным және ғылымды зерттеуге тарихи ғылымдық тәсілдің жаңа типінің негізін салушы ретінде.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Философиялық сөздік - Н. Р Нұрғалиев, Алматы - 1996 ж;
  2. Философский энциклопедический словарь - Е. Ф. Губский, Москва - 2005ж;
  3. Мәдени философиялық энциклопедиялық сөздік - Т. Ғабитов, Алматы - 2004ж
  4. Влияние философских концепций на развитие научных теорий в философии науки А. Койре. - Статья, В. Л Абушенко;
  5. Очерки истории филосовской мысли: о влиянии философкий концепции на развитие научных теории - А. Койре, Москва - 1985
  1. Башляр тәжірибе және теория, эмпирикалық және теориялық ара - қатынас жөнінде.

Башляр Гостон (1884-1962) - француз философы, неорационализмнің негізін қалаушы. Батыстық сцентизм жағдайында ол жаңа ғылыми рухқа, классикалық емес мәдениет тарапына сай жаңа ғылыми әдістемені негіздеуге ұмтылды. Ол ілімін бірде «қоланбалы рационализм», бірде «диалектикалық рационализм», кейде «техникалық рационализм» деп атаған. Башляр бойынша, «таза ақыл» (рационализм) мен «таза тәжірибе» (эмпиризм) ұстанымдарынан бас тартып, оларды органикалық негізде қосу қажет. Башляр білім дамуының мына кезеңдерін атап өтеді: 1. ғылымғы дейінгі (таза эмпиризм үстемдік етеді) ; 2. ғылыми( рационалды аьстрактылы ойлаудың қалыптасуы) ; 3. жаңа ғылыми рух немесе ғылымның классикалық емес кезеңі. Бұл 3-ші кезеңде түпкілікті ақиқаттардан бас тартылады, ғылым ашық жүйе болып жарияланады және ол тәжірибелік тексерулерге дайын тұрады. Сонымен қоса ол ғылымды таным құралдарының жиынтығы деп қарастырады. Башляр үшін ең маңыздысы - адамның синтездеуші шығырмашылық қаділеті. Ал бұл, Башляр бойыншша, сананың спонтандығынан туады және ғылым, поэзия және басқа рухани мәдиенет формаларын біріктіре алады. [3] Башляр көзқарастары қазіргі постмодернизге де, К. Поппермен Т. Кун тұжырымдамаларына да жақын. Негізгі еңбектері: «Жаңа ғылыми рух» (1934), «Рационалды материализм» (1953), «Қолданбалы рационализм (1962) . Башлярдың еңбектерінде қазіргі ғылымға және оның қоғамдағы роліне талдау жасау үшін бірқатар құнды идеялар баяндалады. Сонымен бірге материализм мен идеализмдді біріктіру, ғылымға танып-білу қабілеті бар ақыл-парасат жасайтын құрылымдардың әлдеқандай жиынтығы деп қарастырды және ең жаңа сыншыл рационализмге жақындатады. Жалпы арнайы зерттеу заты болып, Башляр идеясының структурализмнің құрылуна, соның ішінде генетикалық структурализмге әсері болып табылады. Ғылымда кризистік жағдайларды ұғыну нәтижесінде Башляр «ғылымның жаңа рухын» құру тұралы үлкен жобаға бағытталды. Сонымен қатар ол қазіргі заман ойына сай келетін білімді қайта құру керектігін айтты. Башляр адам рухының үш жағдайын көрсетті: 1) «балалық жан» (қызығушылықтың нақты қондырмасы) ; 2) «профессорлық жан» (догматикалық - дидактикалық қондырғысы) ; 3) абстрактыға әлсіздік көрсететін жан (ғылыми ойдың «ауру» қондырғысы) . Ең соңында башлярлық концепция эпистемологиялық бөгеттерді жеңу стратегиясы ретінде құрала бастады. Қазіргі заман философиясы - ол шыншылдық философиясы емес, бірақ бұл философия картезиандық емес, және кантиандық емес. Қазіргі заман философиясы қажетті жағдайда рацианализм мен эмперизмнің оппазициясын болдырмау үшін «қолданбалы рацианализм» болуы қажет. Осыған орай ғылым объектісі - күнде болатын және бізбен таныстыратын құбылыстар емес, ол - «философиямен жүктелген» конструкциялар болуы керек деді. [Философский энциклопедический словарь - Е. Ф. Губский, 46 бет]

  1. Фуко және ғылыми білімнің структурикалық концепциясы. Ғылымның феноменалдық концепциясы.

Фуко Мишель Поль (1926-1984) . Француз философы, мәдениет тарихшысы, француз структурализмінің көрнекті өкілі. Фуконың шығармашылығында 3 негізгі кезең айқын жіктелінген: 60 жыл «Білім археологиясы», 70 жыл «Билік тамыры» (генеалогиясы), 80 жылдары «Тіршілік ету эстетикасы». «Білім археологиясына» сай кезеңде Фуко өзінің жұртқа танымал еңбектерін: «Клиниканың пайда болуы. Дәрігер көзқарасының археологиясы» (1963ж), «Сөздер мен заттар: гумманитарлық ғылымдар археологиясы» (1966ж), «Білім археологиясын» (1966ж) жазып шықты. Бұл кезеңдегі Фуко зерттеулерінің басты мақсаты - мәдениеттің белгілі бір салаларының, таным түрлерінің тарихи өзгермелі алғышарттарын зерттейтін өзіндік пәнді құрастыру. Аталған алғышарттар өзі қалыптасқан мәдени дәстүрдегі симиотикалық қарым - қатынас түрінің ерекшелігіне байланысты, яғни сол кезеңнің «сөздері» мен «заттарының» арақатынасына тәуелді түрде пайда болады. Фуко «сөздер» мен «заттар» қарым - қатынасының («эпистеманы»- таным көгжиегінің) бірін - бірі ауыстырып отыратын үш түрін: Қайта Өрлеу дәуірлік, классикалық рационалистік және қазіргі замандық түрін ажыратады. Қайта өрлеу дәуіріндегі сөз немесе тіл көп заттардың ішіндегі бір зат есебінде қарастырылды; классикалық рационализм тұсында тіл адам ойын жеткізетін құрал ретінде алынды; қазіргі эпистемада тіл шындықты құраушы өзіндік тәуелсіз күш деп саналады. «Білім археологиясы» медицина, оның ішінде психиотрия, биология, гуманитарлық ғылымдардың тарихи алғы шарттарын анықтайды. Фуконың шығармашылық жолының екінші кезеңінде «Бақылау және жазалау» (1975ж), «Білімге деген талпыныс» («сексуалдылық тарихының» 1 томы, 1976) еңбектері сай келеді. Бұл кезең барысында Фуконы билік мәселесі, белгілі бір әлеуметтік институттардың қызмет етуінің алғышарттары қызықтырады. Фуко билік - білім комплексін талдап, биліктің адамның танымдық көзқарасына тигізетін әсерін көрсетеді. Фуко бойынша билік түрі нақты шындықты, таным объектісін және оны аңғару «рәсімін» құрайды. Билік - білім арақатынасы тарихи түрлі кезеңдерде түрліше болып келеді. Қазіргі замандағы билік - білім «диспозициясы» Ағартушылық дәуірінен 19 ғасырға өту шамасында қалыптасқан болатын деп түсіндіреді. Фуко біздің уақытымыздағы биліктің басты ерекшелігі оның бір адам бойында жинақталмағандығы (мыс, монархиямен салыстырғанда), бір орталықтанбағандығы. Бұл билікке «бәрін бәрәнәі бақылауында ұстауы» («паноптизм»), тәртіп және қатал қағидалық тән. Нәтижесінде, бұл билікке индивидтерді басқарудың өзіндік стратегиясы, оларды қадағалаудың, жекешелеудің өзіндік процедурасы, жөн жосыға сай келеді. Айтылғандардың анық айғағы ретінде түрме сынды әлеуметтік институтты алып қарастырады. Фуко биліктік қарым - қатынас қғамның өне бойын түгелімен қамтымай тұра алмайды: оны мектептен де, казармадан да, дәрігер бөлмесі мен отбасынан да көреміз. Фуконың 1980 жылғы шығарсалары терең «Ляззат алу жолдары», «Өзіңе деген қамқорлық» моральдық субъектінің «еркін» іс - әрекеттерінің түрлерін және мүмкіншіліктерін қарастырады. Бұл тұста Фуко адам құмарлықтарын, тілек талаптарын талдайды. [Мәдени философиялық энциклопедиялық сөздік - Т. Ғабитов, 288 бет] .

  1. Койре ғылыми таным және ғылымды зерттеуге тарихи ғылымдық тәсілдің жаңа типінің негізін салушы ретінде.

Койре ( шын фамилиясы Койранский) Александр (1892-1964ж) - француз философы, орыс тегінен шыққан ғылым тарихшысы. Интернализмнің кқш басшысы, орыс философиялық ойларының тарихымен айналысқан. Гуссерль шәкірті, бірақ та оның өзінің концепциясының қайнар көзі Брюнсвик пен Мейерсонның критикалық еңбектерінде жатыр. өзінің методологиялық интенциясы, бірқатар тематизм және философиялық мәселелер бойынша Койркнің позициясы Башлыр негізін салған франктіліндегі неореализм идеясына жақын. Койре үшін философия тарихында орталық фигура Платон болып қалды. Койре идеясы (критикалық рацианализммен қатар) философия тарихындағы ең алдымен Куна методологиясындағы «парадигма», «қалыпты ғылым», «қалыпты революция» деген ұғымдардың концептуализациясын, «тарихи мектептің» постпозитивистік дискурсиясын қалыптастыруға әсер етті. Койре шәкірті Коэнмен бірігіп 1972 жылы «Ньютонның натурфилософиялық математикалық бастамасы» 2 томдық еңбегін басып шығарды. 1 - ші дүние жүзілік соғыстан кейін Койре Францияда жоғары зерттеу тәжірибелік мактебінде лекция курсын оқыды. 1929 жылы Беменің шығармашылығын зерттеп, докторлық дәрежесін алды. Койренің негізгі еңбектері - «Галелео туралы этюд», «Декарт және схоластика» (1923), «Әулие Ансельма философиясындағы құдай идеясы» (1923) . «19 ғасырдағы Ресейдегі ұлттық қозғалыс пен философия» (1929), т. б. [Очерки истории филосовской мысли: о влиянии философкий концепции на развитие научных теории - А. Койре, эл. кітап] .

Койренің ғылыми философия тарихындағы концепциясы ғылыми білімнің интерпретациясындағы фундаменталдық методологиялық қағидалар қатарына жатады. Ол 1930 жылдары интерализм Койре көшбасшы болған ішкі факторлер өзгерісі төңірегіндегі ғылымның даму проблематикасын шұғыл орталықтандырды. Ол білім табиғатын нақты әлеуметтік мәдени контекстте осы және басқа тарихи дәуірлерде түсіндіруді анықтайды. Білім әлеуметтік - экономикалық, техникалық, мәдени немесе тарихи себептер аппеляциясы арқылы түсіндірілмейді, керісінше ғылымның өзгеруін ойлауға мүмкіндік береді, бірақ таным адамзат белсенділігінде тұтастай сала болып қала береді.

Позитивизмге қарағанда Койре жеңісті Коперниктен басталған интеллектуалдық революциямен байланыстырады. Бұл бағытта танымды танитын Койре үшін қателік пен адасу ішкі және кездейсоқ ғылымға қатысты бірнәрсе болудан қалады, ғылым дамуының конструктивті элементі қалыптасады. Койре пікірі бойынша «сәтсіздік - сәттілік секілді қызықты, құрметеуге сай келеді, олар бір - бірімен арқашандағы сәтсіздік пен жетуге мүмкін емес мақсатқа қарамастан адамзат рухы тарихында бір - бірімен тығыз байланысты. Адамзат тарихы сызықты болуы мүмкін емес, ойдың ақиқатқа қозғалуы тікелей жүрмейді: ой тұтастай өтпелі дәуірде - қараңғы және белгісіз болуы сонымен бірге өзінің құндылығын жоғалту мүмкін емес. Керісінше белгісіздік пен айқындылықта ой жетіледі. Ол белгісіздіктен айқындылыққа ұмтылады. Ол Декарт қалағандай айқындылықтан айқындылыққа үмтылмайды». Койренің «адам интеллектінің мутациясы» радикалды нәтижесінде дүниені тұтастай қайта тануды талап етеді. Оның ойында жаңа заман Аристотельдің антикалық физикасының жалғасы емес деді. Койре бұл тезисті Галелеоның парадигматикасының радикалды ауысуына нақты талдау жасау арқылы түсіндіреді. [Влияние философских концепций на развитие научных теорий в философии науки А. Койре. - Статья, В. Л Абушенко] .

ГЛОССАРИЙ

Ақиқат - өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, практика, сайып келгенде оның өлшемі болып табылады. Ақиқаттың сипаттамасы заттарға және олардың тілмен тұжырымдалу тәсілдеріне емес, нақты ойға қатысты. Жаңа философия тұңғыш рет ақиқатты түсінудің дәйектік материалистік негіздемесін тұжырымдап, оны зерттеудің жаңа диалектикалық аспектілерін көрсетті. [ Философиялық сөздік - Н. Р Нұрғалиев , 21 бет] .

Диалектика - табиғаттың, қоғамның және ой сана дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Д. -ның ғылыми тұрғыда ұғыну ұзақ уақытты қажет етті және бұл ұғымның өзі терминнің әуелгі мағынансын өңдеу тіпті одан бас тарту барысында пайда болды. Ежелгі филос-да дүниедегі нәрсенің бәрі де құбылмалы екендігі атап айтылған шындықты процесс деп есептеп, бұл процесте кез-келген қасиеттің қарама-қарсы қасиетке айналуының қандай роль атқаратыны тұжырымдалған. (Гераклит, жекелеген милеттік материалистер, Пифагоршілдер) бұл сияқты зерттеулерде Д. термині әлі қолданылмады. Алғашында бұл термин: 1) сұрақ-жауап арқылы пікір таластыру қабілетін; 2) ұғымдарды саралау, заттарды түрі мен шыққан тезіне қарай ажырату өнерін білдірген. Аристотель Д. -ні ойлап тапқан Зенон Элеиский деп есептейді, ол көптік және қозғалыс ұғымдарын ой елегінен өткізгенде келіп шығатын қайшылықтарға талдау жасаған болатын. Аристотельдің өзі дәлелдеу туралы ғылым - «Аналитикадан» Д. -ны ықтимал пікірлері туралы ғылым ретінде ажыратады. Элеаттардың ізінше Платон шынайы болмысты бірқалыпты әрі өз-өзімен барабар болады деп анықтады. Сол себепті болмыстың өзінде қайшылықтар болады: болмыс бірегей әрі көпше, мәңгі әрі өткінші, бірқалыпты әрі құбылмалы болады. [Философиялық сөздік - Н. Р Нұрғалиев, 130 бет] .

Догматизм - тұрақты ұғымдарға, практика мен ғылымның жаңа деректеріне орын мен уақыттың нақты жағдайлары ескерілмейтін формулаларға сүйенетін, яғни шығармашылық даму мен ақиқаттың нақтылығы принципін елемейтін ойлау әдісі. Тарихи жағынан Д-ның пайда болуы діни түсініктердің, діни догматтардың өзгермейтін, сынауға болмайтын және барлық діндарлар үшін міндетті ақиқаттар деп көрсетілетін наным талаптарының дамуымен байланысты. Ежелгі дәуірдегі скептицизм жақтаушылары дүние туралы жақсы ілім аталымы догматизмге жатқызады. Қазіргі фил-ғы догматизм дүниенің өзгермелілігі мен даму идеясын теріске шығаратын антидеалектикалық тұжырымдамалармен, сондай-ақ деалектикалық даму заңдарының әртүрлі тарихи жағдайларды, түрлі объктілермен процестермен түрліше көрінетін түсінбеушілікпен тығыз байланысты. Саясатта Д. Сектеанттыққа, шығармашылық маркссизмнен бас тартуға, субъективизмге, практикадан қол үзуге апарып соғады.

Индивид - (лат. Individum - бөлінбейтін) 1. Объектілердің белгілі бір түрінен, тегінен немесе класынан бөлініп шыққан жалқы, жеке объект. Қазіргі логикада - санадан тыс немесе оның ішіндегі объект оның белгілі бір қасиеттері бар және басқа объектілермен байланыса алады, бірақ сол қасиеттер мен байланыстар тарапынана қарастырылмайды. 2. Адам адамзаттың жалқы өкілі, нақты антропол. Және әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан олжеке кісі. Сәби - И., алайда ол ол әлә де жеке дара кісі емес. И. «адамзаттың өкілі » ғана болудан, қрғамдағы өз болмысына біршама дербестік алғаннана кейін ғана дара жеке адамға айналады. И. Пен қоғам өзара диалект. байланыста болады. Оларды қарама-қарсы қоюға болмайды, өйткені И. дегеніміз қоғамдық тіршідік иесі және оның өмірінің көрінісі болып табылады. Бұл жерде И. Пен қоғамды өзара теңестіру де дұрыс емес, өйткені әрбір И. өз тегінің жалпы белгілерін сақтай отырып, өзіндік ерекшелігі бар дара тұлға ретінде де көрінеді. [Философиялық сөздік - Н. Р Нұрғалиев, 174 бет] .

Материализм - идеализмге қарама- қарсы ғылыми филос. бағыт. Сыртқы дүниенің объективті түрде өмір сүретіні жайлы барлық адамдардың стихиялы сенімі ретіндегі М. - нен ғылыми тұрғыдан негізделген филос-қ дүниетаным ретіндегі М. -ді айыру қажет. Филос-қ М. Материалдықтың алғашқылығын және руханилықтың, идеалдылықтың соңғылығын тұжырымдайды, ал бұл дүниенің мәңгілігін, оны ешкімнің жаратпағандығын, уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді. Сана материяның жемісі дей отырып, М. оған сыртқы дүниенің бейнелеу формасы ретінде қарайды, сөйтіп табиғаттың танымдылығын қос тайтайды. Филос. тарихында М. әдетте қоғамның алдыңғы қатарлы таптары мен топтарының ғана дүниетанымы болды, олар дүниені дұрыс танып білуге, адамның табиғатқа үстемдігін күшейтуге мүдделі еді. Ғылымның жетістіктерін қорытындылай отырып, М. ғылым білімнің өсуіне, ғылыми әдіс - тәсілдерінің дамуына жағдай жасады, ал бұл адамзаттың өзінің практикалық іс - әрекетінде табысқа жетуіне, өндіргіш күштердің дамуына игі әсерін тигізеді [Философиялық сөздік - Н. Р Нұрғалиев, 260 бет] .

Постмодернизм - дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді. «Қазіргі заман» ұғымының нақты бір қатаң анықтамасы жоқ. Жаңа дәуір рационализмі, ағартушылық дәуірдің ағымы, сондай-ақ 19 ғ. 2 жартысы әдебиет, 20 ғ. басындағы авангардта қазіргі заман ретінде қаралуы мүмкін. Сол себепті осы дәуірден кеінгінің бәрін П. деп атайды. П. термині 1917 жылдан бастап қолданысқа енгенмен, оның кең таралуы мен түсінуі 1960 жылда басталды. 20 ғ. архетектурадағы стиль атауы ретінде пайда болып, ол кейін әдебиет пен өнердегі өзгерістерді, сол сияқты әлеуметтік - экономикалық, технологиялық және саяси аймақтағы өзгерістерді сипаттау мақсатында қолданылды. П. - тік эстетиканың прициптері лабиринтпен резома болып табылады. П. батыста индустриалдық қоғамның орнына келген жаңа постиндустриалдық қоғамның серігіне айналды. Енді құнды тауар ақша да емес, билік те емес, ақпарат болып табылады. П. үшін нақты шындық жоқ тек виртуалды шындық ғана бар. Сондықтан П. мәтіндердің нақтылығы мен олардың плюрализмі бекітеді. П. мәдениеттің құрағы, яғни өткен мәдениеттің әртүрлі элементтерінен құрастырылған құрақ ретінде сипаттауға болады. Бұл құрақта әрбір дәстүрге, жанрға, стильге немесе дәуірге артықшылық берілмейді.

Рух - (лат. Spiritus - леп, дем, иіс) - сөздің кең мағынасында - материалдық бастамаға қарағанда идеалдыққа, санаға барабар ұғым: тар мағынасында - ойлау ұғымымен деңгейлес. Философиядағы әртүрлі ағымдағы өкілдері тек субъективтік Р. Бөлім алып, оларды басым деп қарастырғанда субъективтік идеализмге әкеліп соқтырады да тек объективтік рухты адамнан ажыратып алған және мистикалық тұрғыдан өзіндік күш ретінде қарастыратын сананы алғашқы деп мойындаушылық объективтік идеализмге ұрындырады. Антикалық философия рухты теориялық қызмет ретінде қарасытрды. Дегенмен, ақыл ойдан жоғары, тікелей интуитивтік танылатын бастама деп те танылды. Бұндай көзқарас сырттай қарағанда рух - құдай, тек нанымның ғана ісі бола алатын, жаратылыстан жоғры ғажайып мән деп түсінетін діни идеологияға жақын. Неміс классикалық фил. өкілдері рухты өзіндік сананың қызметі тұрғысынан қарасытырып, оның белсенділігін ерекше атап көрсеткен. Материалистік фил. Табиғатқа қарағанда рухты екінші деп қарастырады. Антикалық материалистер үшін рух бүкіл денені кернеп тұрған жанның нағыз зерделі бөлігі. [Философиялық сөздік - Н. Р Нұрғалиев, 367 бет] .

Рационализм - (лат. Rationalis - зерделі) - 1) таным теориясындағы ілім бойынша жалпылық пен қажеттілікті нағыз білімнің логикалық белгілерін - тәжірибеден және оны қорытудан шығару мүмкін емес; олар тек ақылдың өзінен не туа бітті ақылға тән ұғымдардан, не ақылдың бейімділігі алғырлығы түрінде болатын ұғымдардан алынуы мүмкін. Тәжірибе олардың пайда болуына белгілі бір дәрежеде ынталандырушылық ықпал жасайды, бірақ сөзсіз жалпыға ортақтық пен сөзсіз қажеттілік оларға алдыңғы тәжірибе бойынша және оған бейнебір тәуелсіз ақылдың тұжырымын немесе априорлық формаларын хабарлайды. Осы мағынасында Р. Ипперизмге қарама- қарсы. Р. матем. және матем. жаратылыстану ақиқаттарының логикалық ерекшеліктерін түсіндіруге жасалған әрекет ретінде пайда болды. Р. өкілдері 17 ғ. - Декарт, Спиноза, Лейбниц, 18 ғ. - Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель болды. Р. - ның шектеулілігі - нақты білімнің жалпыға ортақтығы мен қажеттілігінің тәжірибеден шығуын теріске шығаруда болып табылады. 2) діни ілімде Р. - бағыт, мұнда ақыл қандай догматтарды логикамен және зерде дәлелдермен үйлеседі деп санаса, сондай сенім догматтарын ғана қабылдауға болады. [Философский энциклопедический словарь - Е. Ф. Губский, 569 бет] .

Сциентизм ( сайентизм, лат. scientia және ағыл. sceince- білім, ғылым) - мәд. жүйесіндегі, қоғамның рухани өміріндегі ғылымның ролін абсолюттендіруге негізделген концепция. Ғылымның үлгісі ретінде с. әдетте, жаратылыстану ғылымдарын және дәл ғылымдар дейтінді қарастырады. Көзқарастарлы дәйекті түрде тұжырымдалған жүйесі емес, шындығында идеалдық бағдар болғандықтан С. Матем. Символиканы жасанды түрде қолдануда немесе философ-дүниетанымда және әлеуметтік-гуманитарлық проблемаларды талдауға осы ғылымдарға тән форманы әдейі ұсынудан көрінетін дәл ғылымға сырттай еліктеуден бастап, жаратылыстану ғылым білім ретінде абсолюттендіруге және философ. Дүниетанымдық проблематиканы танымдық мәнмен мағынадан айырылған деп теріске шығаруға (неопозотивизм) дейтін әртүрлі дәрежеде және әртүрлі шамада ықпал етеді. С. Басұа ғылымдармен салыстырғанда философияның өзіндік ерекшеліктерін жете бағаламаудан, арнаулы ғылым біліммен салыстырғанда философияның өзіндік ерекшелігі бар қоғамдық сананың ерекше формасы ретіндегі ролін теріске шығарудан да көрінеді. С социологияда жаратылыс ғылымдары зерттейтін объектімен салыстырғанда философияның өзіндік ерекшеліктерін теріске шығарумен, мазмұнды сәттерді ескеру қажеттігін елемеуден, эмперизм мен және суреттеушілікпен, әлеуметтік-проблематикаға байланысты қандай да болсын теориялық құрылымдарға дұшпандық көзқараспен, әлеуметтік зерттеудегі сандық әдістердің мәніні абсолюттендірумен байланысты. Дәйекті антисциентизм философияны ғылымнан принципті түрде өзгеше түрде деп қарайды, ол оның пікірінше әлем мен адам болмысының шынайы проблемаларын қозғау дәрежесіне көтеріле алмайды. анцисцентизм әлеуметтік-гуманитарлық білімді ғыл. Зертеудің объективтілігі принципін қолдануға болмайтын, тек сананаң ғана жемісі деп қарайды. Қазіргі философия қандай - да болса дүниетанымдық, философиялық және әлеуметтік - гуманистік проблиматикаға ғылыми көзқарасты қорғай отырып және ғылымның рөлін антисциентистік тұрғыдан кемсітушілік әрекеттерін теріске шығара отырып, сонымен бірге с - ді және оның ғылымның мәдениет жүйесіндегі орны мен функциясы туралы, сананың әртүрлі формаларының өзара қатынасы туралы күрделі мәселелерді елемеуін теріске шығарады. [Философский энциклопедический словарь - Е. Ф. Губский, 667 бет] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркия журналистикасы
ХХ ғасыр мәдениеті туралы
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ
Құрылым және іс-әрекет. Дугластың тор және топ зерттеу әдісі
Жанама бейнелеу
Қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы мәселесі
Ауыспалы уақыт концептілері
Палеография ғылыми саласы
Қазіргі ғылым философиясының ұғымы
ХІХ - ХХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ ЕМЕС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ. Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz