Айналым активтері


Мазмұны
Кіріспе
Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің тиімділігін талдау
1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау
2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықтан айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Курстық жұмысының өзектілігі кәсіпорынның айналым активтерін құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жолы болып саналады. Кәсіпорын барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары келесі жолмен қалыптасып керек. ¼ - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ бөлігі қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасады.
Сондай-ақ, қаржы менеджментінің міндеттерінің күрделілігін анықтайтын басқа да жағдайлар айналым активтерін баскаруға тікелей байланысты. Мұндай міндеттер кешені мен оларды іске асыру механизмі кәсіпорындағы айналым активтерін баскару саясатын қалыптастыруда көрінеді.
Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелер тиімділігін талдау
2. 1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау
Құрылымдық талдау мақсаты - кәсіпорын қаржысының құрылымы мен қарқынын және олардың түзілу көздерін жалпы қаржы жағдайымен танысу үшін зерттеу. Құрылымдық талдау алдын-ала жүргізіледі. Өйткені оның нәтижесі бойынша қаржы жағдайына түпкілікті баға беруге болмайды. Оған қол жеткізу үшін арнаулы көрсеткіштердің есебі қажет. Құрылымдық талдаудың алдында ұйым активтерінің қарқынын бағалау жүргізіледі. Ол активтердің өсу қарқыны мен қаржы нәтижелерінің өсу қарқынын салыстыру арқылы есептеледі. Мысалы, түсім мен тауарды, өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден түскен пайда. Активтердің, сатудан түскен түсімнің және пайданың өсу арқынын салыстыру 1-кестеде көрсетілген.
Кесте-1
Активтердің және қаржы нәтижелерінің қарқынын салыстыру.
Активтердің орташа көлемі
102. 1
Сатудан түскен түсім
361679
148. 48
Сатудан түскен К/шш (птш )
-92148
440. 86
-30. 92
*«Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп мәліметтері бойынша дайындалды.
Түсімнің және пайданың өсу қарқындары активтердің өсу қарқынынан көп болса, есепті кезенде алдыңғы кезеңге қарағанда кәсіпорынның активтерін пайдалану неғұрлым тиімді болған. Пайданың өсу қарқыны активтің өсу қарқынынан көп, ал түсімнің өсу қарқыны төмен болса, онда активтерді пайдалану тиімділігін көтеру тек өнімнің, тауардың, жүмыстың және қызметтің бағасын көтеру есебінен ғана болған1. Қаржы нәтижелерінің (түсім мен пайда) өсу қарқыны активтердің өсу қарқынынан төмен болса, бұл кәсіпорын қызметінің тиімділігінің төмендеуін көрсетеді. Біздің жағдайымызда түсімнің өсу қарқыны пайда мен активтер өсімінің қарқынынан көп (бұл көбінесе бірінші жағдайға келеді), сосын пайданың өсу қарқыны түсім мен активтердің өсу қарқынынан аса бастайды. Бұл жағдайдың тұрақтанып келе жатқандығынан хабар береді. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімділігі артып келеді деген сөз. Қаржы нәтижелерінің өзгеруімен салыстырылмаған ұйым активтерінің өзгеруі өзінше аз ақпаратты. Кәсіпорын жұмыстың қаржы схемасын пайдаланған кезде нәтижелік баланстың өзара зачет есебінен төмендеуі басқа себептерге байланысты оның өсуінен асып кетуі мүмкін. Сондықтан қысқа мерзімді (мысалы, тоқсан ішіндегі) активтердің көлемінің азаюы кәсіпорынның жағдайының төмендегендігінің әрқашан дәлелі болады. Әсіресе егер бұған қаржы нәтижелерінің оң қарқыны әсер етсе. Ұйымның активтері айналымнан тыс (АТА) және айналым активтерінен (АА) тұрады. Сондықтан активердің неғұрлым жалпылық құрылымы айналым және айналымнан тыс активтердің қатынас коэффициенті сипаттайды:
Кт = айналым активтері / айналымнан тыс активтер (3)
Бұл көрсеткіштің мәні көп жағдайда талданып отырған ұйымның құралдарының айналым шеңберінің салалық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл есеп үшін активтер түрі бойынша абсолютті көлемі, олардың барлық активтер көлеміндегі үлес салмақтары, абсолютті көлемдердің және үлес салмақтарының өзгеруі, айналымдағы және айналымңан тыс активтердің қатынас коэффициентінің есепті мерзімдегі мәні мен өзгерісі бойынша мәліметтер қажет (2-кесте) . Кәсіпорынның жалпы активтерінің көлемінің өзгерісіндегі әр актив түрі бойынша (айналымнан тыс, айналымдағы) өзгеріс үлесін көрсету қажет.
К есте-2
Кәсіпорынның айналымдағы және айналымнан тыс активтерінің қатынас коэффициентінің деңгейі.
*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.
Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай, қарастырылып отырған субъектінің айналымдағы және айналымнан тыс активтерінің қатынас коэффициенті төмен дәрежеде: 2004 жылы - 0, 16 және 2005 жыпы 0, 23. Бұл дегеніміз "Смак" ЖШС-і өндіріс саласына жатады. Алайда осы көрсеткіштің кәсіпорын мүлкіндегі айналым активтерінің үлесін арттыру есебінен өсу қарқыны байқалады, 2004 жылғы 14, 1 пайыздан 2005 жылы 18, 9 пайызға дейін.
Бұдан соң айналым активтерінің құрылымы мен қарқынына талдау жүргізіледі. Запастардың, дебиторлық қарыздың, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, ақша қаражаттарының қарқынының оң немесе теріс бағасы қаржы нәтижелерімен салыстырмалы түрде берілуі тиіс. Айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігі әртүрлі болса, бір жағдайда бұл қызмет аясының кеңеюінің себебі деп бағаланса, басқа бір жағдайда - іскерлік белсенділіктің түсуімен және осыған орай қаржының айналым кезеңіңің ұлғаюымен түсіндіріледі. "Смак" ЖШС-інің айналым активтерінің қарқыны мен құрылымын талдау 3-кестеде көрсетілген.
Кесте-3
"Смак" ЖШС-інің ағымдағы активтерінің қарқыны мен кұрылымын талдау
* "Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.
3-кестенің мәліметтері көрсетіп отырғандай, 2005 жылы кәсіпорынның ағымдағы активтері 2004 жылға қарағанда 38561 мың теңгеге төмендегені көрінеді, ал 2005 жылы олардың 2004 жылға қарағанда 215255 мың теңгеге немесе 52, 98 пайызға өскеңдігін байқаймыз. Бұл ТМЗ-ның өсуімен байланысты, бұл өндіріс көлемінің біршама өскендігін көрсетеді. 1-кесте мәліметтеріне қарасақ, сатудан түскен түсім 148, 48 пайызға өскен. Ол шығынның азаюына әкелген. Ағымдағы активтердің құрылымында ТМЗ-ға көп орын беріледі. Сонымен қатар ТМЗ-ның ағымдағы активтердің құрылымындағы үлес салмағының 2004 жылғы 66, 8 пайыздан 2005 жылы 95, 8 пайызға дейін артқаны байқалады. Дебиторлық қарыздар мен ақша каражаттары қарқыны тұрақты түрде төмендеп, ағымдағы активтер құрылымында аз ғана үлес алады - сәйкесінше 3 пайыз және 1, 2 пайыз (01. 01. 04. мәліметтер бойынша) . Айналым құралдарының құрамы деп өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларын құрайтын элементтер жиынтығын айтады. Яғни олардың жеке элементтер бойынша орналасуы. Айналым құралдарының құрамы мен құрылымы экономиканың әр саласында әр түрлі болып келеді. Олар өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық белгілері бойынша көптеген факторлармен анықгалады.
Таза айналым капиталы дегеніміз ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырмашылық. Сондықтан оның компоненттерінің құрамындағы кез келген өзгеріс оның мөлшері мен сапасына тура немесе жанама әсер етеді. Әдетте, таза айналым капиталының қалыпты өсуі оң қарқын ретінде қарастырылады. Алайда басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Таза айналым капиталын есептеу 4-кестеде берілген.
Кесте-4«Смак» ЖШС-інің таза айналым капиталы деңгейі (мың теңге)
Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, таза айналым капиталы оң мәнге ие. Бұл субъектінің қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. 2005 жылға дейін таза айналым капиталының төмендеу қарқыны байқалады да, 2005 жылдың соңында оның көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 2, 76 пайызға өскендігі көрінеді.
Кесте-5
* "Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.
Айналым капиталының негізгі құрамдас бөлігі ретінде кәсіпорынның өндірістік запастарын қарастыруға болады. Олар өз кезегінде шикізат пен материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және басқа да запастардан кұралады. Кәсіпорын өз қаражатын запастар құруға жұмсайтын болғандықтан запастарды сақтаудың шығындары тек қана қойма шығындарымен ғана байланысты емес, сонымен бірге тауардың бүлінуі мен ескіруіне де байланысты.
Көптеген кәсіпорындар запастарды құру мұндай кәсіпорынға тән капиталды салымдарының қауіптілігіндей деңгейде. Сондықтан сақтаудың шығынын есептегенде кәсіпорын капиталының орташа құнын алады.
Ағымдағы активтердің белгілі бір түрін белгілі бір мөлшерде сақтағаннан болған экономикалық және ұйымдастырушылық-өндірістік нәтижелері осы актив түріне тән сипатта болады. Мысалы, дайын өнімнің көп запасы (алдағы үлкен сатылымға орай қарастырылған) сұраныс әдеттен тыс өсіп кеткенде өнім тапшылығының тумауына жәрдемдеседі. Осылайша шикізат пен материалдардың жеткілікті көп мөлшердегі запастары осындай запастардың өндіріс процесінің тоқтауынан немесе неғұрлым қымбат тұратын материал-алмастырғыштарды сатып алудан болатын жетіспеушілігі кезінде кәсіпорынды сақтап қалады. Шикізат пен материалдарды көп мөлшерде сатып алуға берілген үлкен тапсырыс әрине үлкен запастардың кұрылуына экеп соғады. Дегенмен егер кәсіпорын жеткізушілерден көп тапсырыс бергені үшін жеңілдіктерге, көтерме бағаға қол жеткізе алса мұндай тапсырысты жасауға әбден болады. Осындай себептерге байланысты кәсіпорында дайын өнімнің жеткілікті запасы болған жөн. Ол өндірісті неғүрлым ұзақ та үнемді басқаруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде енді кәсіпорынның өзі, әдеттегідей, клиенттеріне жеңілдіктер бере алады. Қаржы менеджерінің міндеті - запастарды сақтаудың нәтижелері мен шығындарын шығарып, қалыпты балансты жасау.
Дебиторлық қарыз - айналым капиталының маңызды компоненті, бөлігі. Бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынға немесе мекемеге тауар сатқан кезде, оның ақшасы бірден төленеді деп үміттену міндетті емес. Жеткізілген тауарлар үшін төленбеген шоттар (немесе тапсырып алу шоттар) дебиторлык қарыздың көп бөлігін кұрайды.
Дебиторлық қарызға тән элемент - маңызы бойынша құнды қағазға жататын (коммерциялық құнды қағаздар) тапсырып алу векселі.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар. Ақша қаражаттарына кассадағы, есеп шоты мен депозиттік шоттардағы ақшалар жатады. Қысқа мерзімді салымдарды құрайтын бағалы қағаздарға: басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздары, мемлекеттік қазыналық билеттер, мемлекеттік облигациялар және жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар жатады.
Қаржы менеджері қолма-қол қаражат пен бағалы қағаздар арасында таңдау жасағанда өндіріс менеджері шешетіндей міндеттерді орындайды. Қандай жағдайда да ақша қаражатының үлкен қорын құрумен байланысты артықшылықтар болады. Олар қолда бар ақшаның түгесілу қаупін азайтады және заң тағайындаған уақыттан бұрын тарифті төлеу талабын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, уақытша бос, пайдаланылмай жатқан ақша қаражатын сақтаудың шығындары оларды бағалы қағаздарға қысқа мерзімді салу шығындарынан әлдеқайда жоғары. Мысалы, оларда шартты түрде мүмкін болған қысқа мерзімді инвестициялау кезінде алынбаған пайда түрінде қарастыруға болады. Осылайша қаржы менеджері ақша қаражаттарының тиімді запасының мәселесін шешуі керек болады.
Ағымдағы міндеттемелерге қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыздар жатады. Нарықтық экономика жағдайында несиелердің негізгі көздері коммерциялық банктер болып табылады. Әдеттегідей, банктер қарыз алушыдан оның сұрап отырған несиесінің тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуін құжатпен растауын талап етеді. Басқа вариант бойынша кәсіпорын өзінің дебиторлық қарыздарының бір бөлігін қаржы мекемесіне сатады да, оған қарыз міндеттемесі бойынша ақша алуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ кейбір кәсіпорындар өздерінің қысқа мерзімді қаржыландыруға қатысты проблемаларын өздерінің ағымдағы активтерін кепілге беру арқылы шешсе, кейбіреуі оның бір бөлігін сатуы да мүмкін. Кеңірек талдау жүргізу үшін барлық айналым активтерін тәуекел категориялары бойынша топтастырған жөн.
Мысалы, аяқталмаған өндіріс немесе алдағы кезеңдердің шығындарына қарағанда дебиторлық қарыздарды сатудың ықтималдығы анағұрлым жоғары. Мұндайда айналым құралдары түрлерінің пайдаланылу аймақтарын ескерген жөн. Бір ғана мақсатқа қолданылатын активтертің тәуекелі өте жоғары. Яғни көпмақсатты активтерге қарағанда сатылу ықтималдығы төмен. Жоғары тәуекел категориясына жататын активтерге неғұрлым қаржы көп салынса, соғұрлым кәсіпорынның өтімділігі төмен.
Келтірілген талдаудың дамуы үшін қиын сатылатын активтер мен активтердің жалпы көлемінің қатынасының, сондай-ақ қиын сатылатын және оңай сатылатын активтердің өзгеру қарқынын бағалаған дұрыс. Осы айтылған қарқындардың өсуі өтімділіктің төмендегендігін көрсетеді.
Мұндай талдау жүргізген кезде айналым құралдарындағы сатылатын және оңай сатылатын деп жіктеу тұрақты болмайтындығын естен шығармаған жөн. ол нақты экономикалық шарттардың өзгеруімен ауысып отырады. Мысалы, қамтамасыз ету тұрақсыз болғаңда және ақшасының құнсыздануы жалғасқанда кәсіпорындар ақша қаражаттарын өндірістік қорларға және тауарлы-материалдық құндылықтардың басқа түрлеріне салуға ынталы болуы мүмкін. Оған деген нарық бағасы тұрақты өсуде. Ол аталған топтың активтерін оңай өткізілетіндерге қосуға негіз болады.
Кәсіпорын балансындағы қиын өтетін активтердің көлемінің көптігінің бұдан да ауыр жағымсыз салдарлары болады. Өлі капитал деп аталатын бұл қаржы кәсіпорындағы құралдардың айналымдылығын тежейді. Нәтижесінде оның қызметінің тиімділігін төмендетеді. Біздің кәсіпорындарда көбінесе рентабельділік көрсеткіштерінің құлдырауы көп жағдайда қиын өтетін активтердің барлығы мен үлесінің өсуімен анықталады.
Соңында, айналым құралдарының жеке элементтерінің құрамында көрінетін қиын өтетін активтер кәсіпорынның өтімділігінің шынайылығын бұрмалап көрсетеді. Бұл оның басшылары мен іскер серіктестерін тура жолдан адастыруы мүмкін. Көптеген кәсіпорындарда тауарлы-материалдық құндылықтардың сақталуын қадағалаудың едәуір әлсіреуі жағдайды одан ары ұшықтыра түседі. Формалді түрде жүргізілген инвентаризация кәсіпорын басшысы мен бухгалтериясына материалдык құндылықтардың саны мен сақгалуының айқын бейнесін ашпайды. Егер қиын өтетін активтер айналым құралдарының көп бөлігін құрайтын болса, онда кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері тез арада қаржы жағдайы мен кәсіпорын жағдайын тұрақтандыратын шараларды қарастыру керек. Ондай шараларға мыналарды жатқызуға болады:
- "төмен" сапалы активтерді анықтау үшін (тозған қондырғылар, көп жатып қалған материалдар; қайтып алынуы мүмкін емес дебиторлық қарыздар) мүлік инвентаризациясын жүргізу жне кәсіпорын мүлкінің шынайы көлемін анықгау;
- сатып алушылармен есеп айырысуды ұйымдастыруды жетілдіру (инфляция кезінде өнімді сатудың қолайлы жағдайын күтіп отырмай, оны тезірек өткізіп жіберген жөн) ;
- тауарлы-материалдық құндылықтардың шектен тыс қорларын қысқарту, нәтижесінде шығатын ақша қаражаттарын қысқарту.
Айналым құралдарын ұйымдастыру олардың тиімділігін арттырудың жалпы кешенді проблемасында негіз қалаушы болып саналады.
Айналым құралдарының өндіріс пен айналымдағы тиімді қатынасын тағайындау өндірістік бағдарламаны орындауды қаржы құралдарымен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге айналыс құралдарын пайдалану тиімділігін арттырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
Мемлекет жүргізіп отырған қаржы саясаты кәсіорынның қалыпты өндірістік-қаржы қызметіне кедергі жасауы немесе серпіліс беруі мүмкін. Оның ішіне айналым құралдарын рационалды пайдалану да кіреді. Мемлекетгік салық саясаты мұнда басты рөл атқарады. Мысалы, бірқатар салықтарды (жұмыс, қызмет) өнімнің өзіндік құнына енгізу, қосымша құн салығын бюджетке төлеудің ерекшеліктері, пайда салығын аванспен төлеу кәсіпорынның айналым құралдарын өндірістік емес шығындарға жұмсауға жұмылдырады. Бұл кәсіпорындарды үлкен пайызбен қарыздар алуға, жоспардан тыс қаржы көздерін іздеуге, қаржы тәртібін бұзуға мәжбүрлейді. Айналым құралдарын басқа арнаға бұру олардың айналымдылығын тежейді, кәсіпорын жұмысының тиімділігін төмендетеді, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Кәсіпорынның айналым құралдарын ұйымдастыру міндетті түрде олардың сақталуы мен тиімді пайдалануын жүйелі түрде бақылаумен іске асады. Бұған ревизиялар мен статистикалық мәліметтер, операциялық және бухгалтерлік есептер негізіндегі зерттеулерді жатқызуға болады. Бұны активтердің құрылымы мен құрамын адын-ала талдамай іске асыру мүмкін емес. Сондықтан оған ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Міндеттеме - бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борыш қордың нақты әрекетіне мыналар жатады:
- мүлікті беру;
- жұмысты орындау;
- ақша төлеу
және басқалар әйтпесе бір әрекеттен бас тарту, ал несие беруші борыш қорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған кәсіпорынның берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар ағымына әкеліп соғады.
Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс-жүзіне асырады:
- ақшалай қаражатпен төлеу;
- активтерді табыстау;
- қызмет ұсыну;
- міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;
- міндеттемені капиталға айналдыру.
Міндеттеме ағымдық (қысқа мерзімдік кредиттік берешек, ол операция кезеңінде немесе есептелінетін күнінен 12 ай ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz