Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы
ЖОСПАР
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТ ҮКІМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ

... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Фискалды саясаттың экономикалық мәні, рөлі мен бағыттары
... ... ... ... ... .4
1.2 Фискалдық саясаттың құралдары мен негізгі түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Қазақстан Республикасы фискалдық саясаты құралдары, жүргізетін
органдары және құқықтық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2Қазақстан Республикасы фискалдық саясатының дамуы келешегі мен 2008-
2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Қазақстан республикасының салық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 20
2.4 Салық
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
КIРIСПЕ
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық
салу механизмi зор рол атқарады.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясаты – бюджет
(мемлекеттің шығыстары) мен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде
затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық
табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы
мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Макроэкономикалық реттеуде мультипликатордың іс-әрекетінің жоғарыда
баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына
қарай дискрециялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау
кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі. Осы фискалды саясаттың
негізінде мемлекет экономиканы тікелей реттеуді жүзеге асырады. Бұл
саясатта салықтық реттеудің және салық салу механизмдері саясаттары арқылы
реттеудің маңыздылығы зор болып табылады.
Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк
саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-
экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн
терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту
мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi
мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Осымен курстық жұмыс тақырыбын “Қазақстан Республикасының фискалдық
саясаты” деп алдық.
Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің өтпелі экономикалық негіздегі
нарықтық қатынастарға өту барысында ұлттық экономиканың тиімді дамып,
әлемдегі жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін макроэкономикалық
реттеулердің негізгі қүралдарының бірі болып табылатын фискалдық саясаттың
маңыздылығын, оның құрылымы мен түрлерін, олардың экономикаға әсерлерін
қарастыру болып табылады.
Бұл тақырыпты орындаудағы мiндеттер келесiдей:
• Фискалдық саясаттың экономикалық мәнін және түрлерін талдау;
• Қысқа және ұзақ мерзімдегі фискалды саясаттың іске асу механизмін
анықтау;
• Фискалды саясаттың түрлеріне және іске асу формасына байланысты
олардың экоеномикаға тигізер әсерлерін атап өту;
• Фискалды саясаттың негізгі құралы болып табылатын салықтардың нарық
тепе-теңдігіне, макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін талдау;
• Қазақстанның фискалдық саясатына талдау жасау;
• Қазақстан Республикасының орта 2008-2010 жылдарға арналған орта
мерзімді фискалды саясатының бағдары мен мақсатына тоқталып өту болып
табылады.
1. ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТ ҮКІМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ

кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды
қарастырады:
• Мемлекет шығыстарының көбеюі;
• Салықтардың төмендеуі;
• Мемлекеттің шығыстарының артуының үлкен нәтижесін ескере отырып
фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі. 2, 154 б

Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарланған болуы
тиіс. Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық
саясат кері бағыттарды қамтиды:
• Мемлекет шығыстарының азаюы;
• Салықтардың көбеюі;
• Осы аталған бағыттардың үйлесуі.
Дискрециялық емес фискалдық саясат акценттті нарықтық өзін-өзі
реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет
етеді.
Дискрециялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктірме
тұрақтандырғыштардың механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда
экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық
өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды
шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық
өсуді тежейді. Құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын
жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. Келесі 1-ші суреттен
мемлекеттің шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық жағдайы кезінде бұл
өзгерістер салықтардың өзгерісі ( Т сызығы) көрсетілген: 8, 305 б
Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет
тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу
фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады,
бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі
инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын
бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.
Т
G+Т Тапшылық Артықшылық
G
0 Q1 Q2 Q3
Cурет-1 – Экономикаға салық өзгерісінің жалпы әсері
Тәжірибеде тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша
факторлардың әсерін бастан кешіреді:
1. Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы;
2. Ығыстыру әрекетінің іс әрекеттілігі, бұл ақша нарығында пайыздық
мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде
жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді.
3. Сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың
инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею
әсерін төмендетеді;
4. ашық экономикада ұлттық өндірістің жиынтық шығыстардың элементі
ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары
өзгерісінің ықпалын басынан кешіреді. 7, 344 б
Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған
факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар
мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз
қалаушы факторы ретінде болып көрінеді: мемлекет жиынтық сұранымды
ынталандыруға мүмкіндік түғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына
ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың деңгейін көтереді.
Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:
• бюджет тапшылығын қысқарту;
• тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;
• шектеулі ақша – несие саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі
мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін
өсіру;
• бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды әлсірету,
экономиканың экспорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын
көтермелеу;
• төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау;
Бірақ бұларды іске асыру үшін келесі шараларды орындау керек:
1. ақша массасына бағдарланған жоғары икемділік;
2. дүниежүзілік бағаларға ішкі бағалардың икемділігі;
3. бағалардың қозғалысының тауарлар қозғалысынан жоғары икемділігі;
4. экономикалық ресурстардың едәуір өздерін алмастырушылығы.
Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі
бағытын қарастырады: сұранымға (кейнстік үлгі) және ұсынымға (ұсыным
теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным
артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни
иняфляцияның қарқыны тездейді. 2, 155 б
Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді,
өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті
инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп,
еңбекке деген ынтаны арттырады, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді,
бұл ұлттық өнімнің жалпы түрде өсуін, бағалардың төмендеуін қамтамасыз
етеді.
Мұнан басқа ұсыным экономикасының теориясы салықтардың аса төмен
мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті
еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту – ұлттық өндіріс пен табыстың
көбеюі және көлеңкелі экономиканың азаюы есебінен салықтық түсімдердің
өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі
ретінде салық салудың үдемелігі және бюджет кірістері арасындағы тәуелділік
қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының нарық жағдайында экономикасының дамуы,
мемлекеттің экономикалық саясатының құрылымдық және қаржы саясаттарының
шешуші шараларына байланысты. Қаржы саясатының негізі болып фискалдық
саясат, яғни үкіметтің салық салу жүйесіндегі және мемлекеттік шығындарды
реттеуі төңірегінде жүргізетін бюджеттік-салық саясаты саналады.
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен атқаратын рөлі, қоғамның саяси
және экономикалық құрылғысына, мемлекеттің табиғаты мен алдында тұрған
міндеттеріне байланысты анықталады.
Фискалдық саясатқа мемлекттің бюджет қорын бөлу қызметі де жатады,
яғни бір жағынан салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын толтыратын
болса, ал екінші жағынан – оларды экономикада және қоғамда қажеттілік
туындап отырған салаларға немесе аумақтарға жұмсаумен, бөлумен айналысады.
Мемлекет дәр осы қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қоғамдық
игіліктері мен қызметтерін тұтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси,
әлеуметтік, экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.
Сонымен қатар бюджет пен ЖІӨ-нің арасында тікелей байланыс болады. Оны
келесі 2-ші суреттен көре аламыз. 2, 156 б
Бюджеттік түсімдер
Бюджет артықшылығы
Балансталған
бюджет
Бюджет тапшылығы
Ақша бірліктері
Сурет-2 – ЖІӨ көлемі мен бюджеттің байланысы
Мемлекеттің салық саясатының басты міндеті болып, салық ставкаларын
үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту. Фискалдық саясатты жүргізу – еліміздің
заңды органдарының айрықша құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту
және бекіту арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды. Сондықтан
да қаржы тұрақтылығының жалпы ережесі бойынша, дағдарыс кезінде де қаржы
ресурстары мен бұларға қарама-қарсы қоғамның әлеуметтік-экономикалық
қажеттіліктері сәйкес болуы керек. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық
қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі, өндірілген жалпы қоғамдық өнімнің
көлеміне байланысты.
Ұлттық табыстағы әлеуметтік қажеттілік көлеміне шектеу енгізу
минималды күнкөріс минимумын; минималды тұтыну бюджетін; тұтыну
корзинасының құқы; еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы және степендия
төлеудің минималды мөлшері сиықты тұтынудың әлеуметтік нормативтерін
пайдалануға мұқтаждық етеді.
Инфляция жағдайда халықтың өмір сүруінің қажетті әлеуметтік деңгейін
сақтап тұруы үшін еңбек ақы мен әлеуметтік төлемдерге индексация
жүргізіледі, өтемдік үстемақылар ұсынылады. Мұнымен қатар, халықтың
әлеуметтік қажеттілігі мен оны қанағаттандырудың негізі болып, еңбек ақы
төлеу түрлері мен жүйелері, табыс жәнеәлеуметтік салықтардың ставкасы
арқылы еңбек ақыны салықтық реттеу, тұтынуға бағытталған қордың өсімін
немесе еңбек ақы төлеудің жалпы қорын реттеуі саналады.
Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін
өсуі салықтық түсімдердің өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу
бәсееңдейді, сонан соң бюджет кірістері кенет құлдырайды. Бұдан
экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетті
салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек
деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші бұл нарыққа
бағытталған шаруашылық агентттерінің ынталылығы. Лаффэрдің айтуы бойынша
бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл
сомасының 30% артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса,
онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы
инвестицияны да қысқартады. 7, 349 б
Тәжірибе көрсеткеніндей егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір
айтарлықтай жоғарғы деңгейге жететін болса, онда өндірісті ұлғайтуға,
кәсіпкерлік бастамаларға арналған ынталандыру шаралары көлемі, пайда азаяды
да, тиісінше бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді.
Сондықтан еліміздің экономикасын салықтық реттеуде салық салу
мөлшерлемелерін белгілеуде жан жақты зерттеулер мен талдауларды жүзеге
асыруымыз керек. Салық салуды жетілдіруде еңді қарқындап дамып келе жатқан
еліміз үшін ең басында халыққа, щағын және орта кәсіпкерлікке, мемлекеттік
маңызы бар кәсіпорындарға, ауыл шаруашылығына, экспортқа негізделген
өнеркәсіпорындарына салық салуда жеңілдіктер ұсыну арқылы оларды нақты
қолдау шараларын жүргізу болып табылады. Сол кезде ұлттық экономикадағы
экономикалық қызмет етуші кәсіпорындар мен заңды тұлғалар өздерінің
қызметтерін кеңейте бастайды, түсетін пайданың болуына байланысты жаңадан
кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашыла бастайды. Сонымен қатар халықтың,
кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттыру негізінде жалпы салық
салынатын объектілер мен жалпы табыс көлемінің өсуіне байланысты салық
көлемі де өсе бастайды. Бұл шара ең басында мемлекеттік бюджеттің
тапшылығына алып келетін болса, оның нәтижесі нарықтық экономикада ең
қолайлы болып табылады.
Ал экономикада қызмет етіп отырған ірі, тұрақты табыс табатын,
монополиялық және табиғи ресурстармен айналысатын кәсіпорындарға қосылған
құнға салық және акциздер салықтары арқылы мемлекет өзінің бюджетке түсетін
салық деңгейін қамтамасыз етіп отыруы қажет. Яғни, салық арқылы нарықтық
экономикада қоғамның дамуын тек бір жақты ғана емес, оны салық механизмі
арқылы қаржының мол шоғырланған жағынан ол қаржыларды қосымша салықтар салу
арқылы экономиканың қаржыға мұқтаж болып отырған салалары мен топтарына
ұсыну болып табылады. Сонда ғана экономикада нарықтық тепе-теңдік сақталады
және нарық бірқалыпты тұрақты дамуға бет алады.
2.2 Фискалдық саясаттың құралдары мен негізгі түрлері
Мемлекеттiң экономикаға әсер етуi салық салу құралдары арқылы
жүргiзiледi. Мемлекеттiк шығындар мемлекеттiк бюджеттiң қаржыларын
пайдалану нәтижесiнде мүмкiн болады, ал салық бюджеттi қаржымен қамтамасыз
ететiн бiрден-бiр құрал.
Салық төлемi (Т), мемлекеттiк шығындар (G) және жоспарланған
инвестиция I-дiң белгiлi бiр деңгейiнде тепе-теңдiк өнiм көлемi Y
қалыптасқанын кейнс кресi көрсетедi. 2, 154 б
Қоғамдық шаруашылықта мемлекеттiң өмiр сүруiнiң негiзi бұл салық болып
табылады. Сондай-ақ мемлекеттiң нарықтық тепе-теңдiкке әсерiнiң бiрi ол
салықтық реттеу болып табылады. Мемлекеттiң салық саясаты бұл нарықта
ресурстарды көбейту, қоғамдық мақсаттарға бағытталған қызметтерге жұмсалады
Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайда тепе-теңдiк жағдай
қалыптаса бередi. Сондықтан пайда болған үзiлiстi жою үшiн, экономиканы
мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетiн
салық төлемi мен мемлекеттiк шығындар көлемiнiң өзгеруi арқылы жүзеге
асырылады.
Бюджет-салық саясаты (қазыналық (фискальный) саясат) – мемлекеттiк
бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн реттеу
мақсатында үкiмет тарапынан жүргiзiлетiн шаралар. Бұл шаралар жұмыспен
толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдiгiн және экономиканың өсуiн
қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Өз кезегінде фискалдық саясат экономиканы мемлекеттік қай жағына
қарай реттеуіне байланысты екі түрге бөлінеді: ынталандырушы және тежеуші
салық саясаты. Бұл саясаттар бір мезгілде экономиканың әр салаларында әр
түрлі қолданыс табуы да мүмкін.
Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспанция) – бұл саясат
қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк құлдырауды жою мақсатын қояды.
Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн
төмендету арқылы немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзег
асырылады. 2, 154 б
Ұзақ мерзiмдiк кезеңде салықты төмендету саясаты өндiрiс
факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттiң өсуiне алып
келуi мүмкiн. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенi салық салық
реформасының жүргiзiлуiне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы
Ұлттық банк жүргiзетiн тежеушi ақша-несие саясатымен және мемлекеттiк
шығындардың құрылымынын оңтайландырумен байланысты.
Тежеуші бюджеттiк-салық саясаты (қазыналық шектеу) - экономикдағы
циклдiк өсудi тежеу мақсатын көздейдi. Бұл саясатты жүзеге асыру үшiн,
мемлекеттiк шығындар төмендеп, салық мөлшерi жоғарылайды немесе
бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзiмдiк
кезеңде бұл шаралардың нәтижесiнде, өндiрiстiң құлдырауы мен жұмысссыздық
деңгейiнiң өсуi салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкiндiк
бередi.
Ұзақ мерзiмдiк кезеңде өспелi салық “сынасы” жиынтық ұсыныстың
төмендеуiне және құлдыраушылық механизмiн ашуға негiз болуы мүмкiн. Бұл
құбылыс әсiресе төменднгi жағдайларда кездеседi: мемлекеттiк шығындардың
азаюы бюджеттiң барлық баптарында пропорционалды қысқартып, жүзеге асырылып
отырса және еңбек рыногының инфрақұрылымына мемлекекттiк инвестиция
берiлуiнде басымдылық болмаса.
Қысқа мерзімдік кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттің, салықтың
және мемлекеттің шығындарының мультипликаторы әсіремен байланысты болады.
Мемлекеттік шығындарының өсуімен салыстырғанда салық мөлшерінің
азаюынан мультипликаторлық әсер әлсіздеу. Бұл салықтың өзгерісімен
салыстырғанда мемлекеттік шығындардың табыстың көлеміне және тұтынуға
әсерінің күштілігімен байланысты болады. Бұл айырмашылық қазыналық саясат
құралдарын таңдағанда анықтаушы, негізгі болып есептеледі.
Егер де қазыналық саясат экономикадағы мемлекеттік секторды кеңейту
мақсатын көздесе, онда циклдық құлдырауды тоқтату үшін мемлекеттік шығын
өседі, бұл құбылыс күшті ынталандырушы әсер етеді. 2, 155 б
Ал инфляцияның көтерілуін тежеу үшін салық мөлшері өседі. Бұл құбылыс
салыстырмалы жұмсақ тежеуші шара болып есептеледі. Егер де қазыналық саясат
мемлекеттік секторды тежеуге бағытталса, онда циклдық құлдырау кезеңінде
салық төмендейді. Бұл жағдай салыстырмалы аз ынталандырушы әсер береді. Ал
циклдық көтерілу кезеңінде мемлекеттік шығындар төмендейді, бұл инфляция
деңгейін тез төмендетуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттiк шығындарды тиiмсiз басқарумен қатар уақытқа созылған
құлдыраушылық экономикалық әлуеттiң бұзылуына әсерiн тигiзедi. Мұндай
жағдай экономиканың өтпелi кезеңiнде жиi кездеседi.
Қысқа мерзiмдiк кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттiң,
салықтың және мемлекеттiк шығындардың мультипликаторы әсерiмен байланысты
болады.
Мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн көру үшiн кейнс кресiн
пайдаланамыз. Мемлекеттiк шығындар жиынтық шығындардың құрауышы болып
табылады, олардың өсуi жоспарланған шығындарды да өсiредi.
Дискрециялық фискалдық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша
салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың
көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын,
инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге
бағытталған.
Мемлекеттің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен
байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық
салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға
түседі.
Дискрециялық емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдық
тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі.
Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне
түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуін)
дискрециялық емес саясат қарастырады. 2, 163 б
Бұл саясат экономикадағы тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Таза салық
түсімі – бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан
берілетін трансферттердің арасындағы айырма.
Дискрециялық қазыналық саясат экономикадағы құлдырау кезеңінде жиынтық
ұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды өсіре
отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық
құрылады. Экономикалық өрлеу кезеңінде сәйкес түрде мақсатты түрде бюджет
артықшылығы құрылады.
Үкіметтің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен байланысты
болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық салымы пайыз
мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі.
Дискрециялық емес қазыналық саясатта бюджет артықшылығы және
тапшылығы дағдылы түрде пайда болады, ол экономиканың кіріктірме
тұрақтандырғышы арқылы мүмкін болады.
Кіріктірме тұрақтандырғыш – мемлекеттің экономикалық саясатын жиі
өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын
төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Дамыған мемлекеттерде
мұндай тұарқтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер
жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі. 2,
164 б
Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы дискрециялық қазыналық
саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімі ұзақтығының проблемасын салыстырмалы
қарағанда әлсіретеді, өйткені бұл механизмдер заң органдарының қатысуынсыз
жүзеге асады.
Фискалдық саясаттың қысқа және зақ мерзімдегі әсерлерінің біреуін
таңдау күрделі макроэкономикалық проблема. Бұл мәселені шешу дамыған
мемлекеттерде болсын, өтпелі кезеңдегі экономика болсын қиын екені белгілі.
Сондықтан экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы шартты түрде
ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ететін мемлекеттің фискалдық
дискрециялық шараларымен байланыста жүргізіледі.
Ресурстармен толық қамтылу деңгейі, табиғи жұмыссыздық деңгейі және
әлуетті өнім көлемін анықтаудың қиындығы салдарынан мемлекеттік бюджеттің
құрылымдық тапшылығын есептеу қиынға түседі. Бұл қиындық дамыған
мемлекеттер мен жаңа дамып келе жатқан мемлекеттер үшін бірдей болып
табылады. Сонымен қатар, ұзақ мерзімдік қазыналық саясаттың тиімділігін
бағалайтын құрал ретінде макроэкономикалық индикаторлардың динамикасы негіз
болады.
Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік
трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған
қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергі болытын жағдайлар пайда болады.
Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде
болатындықтан, бұл жағдай жиі инфляцияның күщеюіне әкелетіндіктен, онда
қаржылардың бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі жиынтық шығындардың
және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісінше бюджет тапшылығын
тыйым салу артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық
дүрлігісті ұстап тұрады.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:
1. ақша-несие эмиссиясы;
2. займ шығару;
3. мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту. 2, 167 б
Мемлекет бюджетіне салық түсімін көбейту мәселесі бюджет тапшылығын
қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді
салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлемесін азайтып, салық базасын
кеңейту мүмкін болады.
Мемлекет түсіміне салық түсімін көбейту проблемасы бюджет тапшылығын

Қысқа мерзімді кезеңде салық мөлшерлемесінің төмендеуі:
1. Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғыш деңгейінің төмендеуі
нәтижесінде;
2. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауынан пайда болатын мемлекеттік емес
сектордың ығыстыпу әсерінің өсуінен (бұл құбылыс ақша ұсынысының
тұрақты жағдайында , ақша нарығындағы ақша сұранысының өсуінің жоғарғы
жағдайға реакциясы);
3. Бюджет тапшылығын өсіру, бір мезгілде салық салудың мөлшерлемесін және
бюджетке салық түсімін төмендету арқылы мүмкін болады.
Тепе-теңдік табыс көлеміне мультипликаторлық әсер салық
мөлшерінің төмендеуіне байланысты болады. Егер салық төлеу мөлшері ∆T
төмендесе, онда қолда бар табыс Yd = Y-T-ға өседі. Тұтыну шығындарына
сәйкес түрде (∆T *b) көлеміне өседі, бұл жағдай жоспарланған шығындарды
оңға қарай жоғары жылжытады және тепе-теңдік өнім көлемін Y1-ден Y2
көлеміне өсіреді.
Ол көлем ∆Y = - ∆T * b 1-b тең.
Мұндағы ∆Y ∆T = -b 1-b салық мультипликаторы деп алады.
Салық мультипликаторының механизмі, мемлекеттік шығындар
ммультипликаторы сияқты, салық көлемінің бір өзгерісіне тұтынудың көп қатар
өзгерісін көрсетеді.
Салық мөлшері ∆T-ға төмендесе:
• Қолда бар табыс ∆T-ға өседі;
• Тұтыну (∆T *b) шамасына өседі;
• Жиынтық шығындар (∆T *b) шамасына өседі;
• Жиынтық табыс (∆T *b) шамасына өседі;
• Тұтыну в (∆T *b) шамасына өседі;
• Жиынтық шығындар (∆T *b2) шамасына өседі;
• Жиынтық табыс (∆T *b2) шамасына өседі;
• Тұтыну b (∆T *b2) шамасына өседі;
Егер де мемлекеттік бюджетке берілетін салық мөлшері табыс
динамикасына тәуелді деп алсақ, онда салық функциясы төмендегідей түрде
жазылады: 2, 160 б
Т = t * Y
Егерде мемлекеттік шығындар және автонамды салық төлемдері бірдей
көлемге өзгерсе, онда тепе-теңдік өнім көлемі де өседі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz