Фразеологизм түрлері
sҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНСИТЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
АУДАРМА ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ
КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ФРАЗЕОЛОГИЯ
Орындаған: Амренов Д.Г. ( топ Я-
221)
Ғылыми жетекші:_
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Аға оқытушы:
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
СЕМЕЙ 2004
МАЗМҰНЫ
Жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 - 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... .21
ЖОСПАРЫ
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім. Фразеология.
а) Фразеология және оның өзіндік белгілері.
ә) Фразеологизм түрлері.
б) Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы.
в) Фразеологизмдердің шығу арналары
3.Қорытынды.
4.Әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның мақсаты фразеологизмдерді қарастыру.
Өйткені фразеологизмдер аударма жұмысында жиі кездесетіндіктен және де
көптеген әдеби шығарма да көп қолданылады, сондықтан бұлар аударуда көп
қиындыққа әкелетіндіктен таңдауымның себебі осы еді. Көбінесе тілде
көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіткестері
кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық
орынды пайдаланады. Мақал-мәтелдермен пара-пар жоғары бағалап, оларды
қастерлей сақтап келеді. Өйткені фразеологизмдер солармен қатар сөйлеу
кезінде сөзді сәнді де өрнекті етеді.
Тіл-тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан
байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық
көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз (лексикалық қор) деген топқа осы
түрлі фразеологизмді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша
айтқанда, сөз байлығы тіркесетін саланы лексикология дейтін болсақ,
фразеологизм байлығын саланы фразеология деп атау әбден орынды.
Фразеологизмдер ( грек .phrasis – сөйлемше, logos – ұғым ) – белгілі бір
тілдегі тұрақты сөз нұсқалаларының жиынтығы, тілміздің бөлінбес бір
бөлшегі, сонымен бірге тіл атаулының бәріне тән құбылыс. өзінің көнелеу
жағнан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да
ерекшеліктері бар. Жеке сөзде тура атауштық мағынасы басым болса,
фразеологизмде бейнелеуіш атауштық семантика үстем келеді.
ФРАЗЕОЛОГИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗІНДІК БЕЛГІЛЕРІ
Фразеология деген термин негізінен екі түррлі мағынада қолданылады.
Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тіркестіретін тіл білімінің
саласы дегенді, екіншісі – бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас
жиынтығы дегенді білдіреді. Алайда фразеологизмдер жеріне жете зерттеліп
біткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген мәселелері өте көп.
Сондықтан да соңғы 15 –20 жылға дейін мұны жеке сала ретінде арнайы
зерттеушілер аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген
топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгені мәлім.
Соңғы 20-25 жыл көлемінде түркі тілдерінде көптеген фразеология
проблемалары жан-жақты зерттеліп, қыруар еңбектер жарық көрді.
Фразеология өз алдына дербес лингвистика саласын танытып негізінен үш
түрлі басты белгісі бар. Олар:
- даяр қалпында жұмсалу белгісі,
- мағына тұтастығы
- тіркес тиянақтылығы.
Осы үш белгіні еркін түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алып қарайық.
1) Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз
тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Мәселен, Дәурен қалаға жүрейін
деп отыр деген бір сөйлемді әркім неше саққа жүгіртіп өзгерте беруіне
болады. Мысалы Дәурен қалаға жүрмекші, Дәурен жақын арада қалаға бармақшы,
Дәурен қалаға барам деген ойда, Дәуреннің қалаға жүрем бе деген ойы бар,
т.б. Осы сияқты еркін сөз тіркестері қатнас жасау процесіндеәркімнің өз
қалауы бойынша жасалады. Белгілі бір ойды кім қалай етіп жеткізсе еркі
деген сөз. Ал тілдегі фразеологизмдерді бұлай етуге, құбылтуға көньейді.
Мәселен, төбесі көкке жетті дегенді төбесі көкке жетейін деп тұр, тебесі
көкке жетпекші деп өзгертуге болмайды. Бұлардың құрылым-құрлысы еркін
тіркеске ұқсағанмен, сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде
жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрлыс материалы ретінде
қызмет етеді де, сол қалпында сөйлем құрамына енеді. Еркін сөз тіркесінің
әрбір сыңары мағыналық дербестігін сақтап, сөйлемнде әр басқа мүше ретінде
жұмсалады. Синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер(модельдер),
формулалар бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Еркін тіркес пен фразалық
тіркесті бір-бірінен ажыратудың түрлі амалдары да болады. Мысалы: Ерке
дүкеннен 40 пышақ сатып алды. Қырық пышақпен қыржаңдап тұрған түлкі, О да
осал жау емес қыран паңға (Абай). Екі сөйлемдегі қырық пышақ деген
тіркестің алғашқысы – еркін тіркес те, соңғысы – фразалық тіркес. Алғашқы
сөйлемде қырық деген сан есім өзінің төрт оннан құралған сандық ұғымды
тікелей білдіреді. Мұндағы қырық дегн сөз пышақтың сан мөлшерін көрсетіп
тұр. Соңғы сөйлемде бұл сөз (40) өзінің сандық ұғымынан біржола қол үзіп,
фразеологиялық байлаулы маынаға ауысқан. Еркін тіркесте тіркескен
сөздердің арасына басқадай сөз салып, өзгертіп айтуға, я болмаса, түрліше
сұрау қоюға көнеді. Мәселен, алғашқы сөцлемдегі қырық пышақ деген тіркесті
қырық күміс пышақ деп өзгертуге, пышақтың санына қарап қанша ? деген
сұрау қоюға болады. Ал соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген мұндай
өзгерістің ешқайсысына көнбейді. Оның есесіне фразалық тіркестің белгілі
бір синонимдік баламасы болады. Мәселен соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген
тұрақты тіркесті қырқысу, аңдысу, жесісу, дегендермен алмастыруға болса,
алғашқы сөйлемдегі еркін тіркесте мұндай балама кездеспейді. Тура
мағынадағы сөз шындық болмыспен тікелей байланысты болады да, контексте
тұрса да, тұрмаса да өзінің заттық логикалық қатнасымен белгіленелі. Ал
фразалық байлпулы мағынадағы сөздер әрдайым белгілі контексте бағынышты
болып тұрады.
Оң көз бен оң қол дегендерді түсіну үшін де пәлендей контекстің қажеті
жоқ. Өйткені бұлар өзінің тура (заттық) мағынасына жұмсалып тұр. Ал менің
оң көзім де, оң қолым да бір өзіңсің десек мұндағы оң көз бен оң қол
дегендер туынды мағынада қолданылып, фразеологизмге айналған. Бұлар сенімді
серік, адал да мықты жәрдемші дегендермен баламалық қарым-қатнасқа түседі.
Сондықтан фразалық байлаулы мағынадағы сөздер өзіне лайықты белгілі
контексті талап етіп тұрады.
Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылу жағынан лексикалық
единица – сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде
жасалмайды, даяр тұрған құрлыс материалы ретінде сөйлемнің құрамына енеді.
Мысалы: бала, балалы, балалау, бала-шаға, балажан, балажандық, балалы-
шағалы тәрізді сөздер сөйлемнің құрамына енгенде бұлар түбір морфема,
аффикстік морфемаға жіктелмейді; әрқайсысы бір бүтін единица ретінде
жұмсалады. фразеологизмдер де дәл осы сияқты құбылыч деп тану керек. Бұлар
бірнеше сөздердің тіркесінен қүралғанмен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан
дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күйінде қаз
қалпын бүзбай қолданылады. Мысалы; жер аяғы кеңіді, жерге қаратты, жерден
алып, жерге салды, жер жеберіне жетті, жерден жетті, жерден жеті қоян
тапқандай, жер көкті басына көшірді, жер ортасынан келген адам, жер астынан
жік шықты, екі құлағы тік шықты, жер көкке сыйғызбады, т.б. Бұлар құрылым
құрлысы жағынан қаншалықты күрделілігіне қарамастан сөйлем ішінде әрқайсысы
жеке сөздерменбірдей теңесіп түрады. Мысалы, қыздың жиған жүгіндей деген
фраза - әсем, көркем, көрікті деген синонимдердің біреуімен пара-пар, ит
терісін басына қаптады деген ұрысты, балағаттады, сөкті, дегендердің
орнын басып, сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарып тұрады.
Сөз бен фразеологизмдердің арасында да бірінен біріне ауысып жататын
өтпелі қарым-қатнастық байланыстар болады. Тұрақты тіркестер мен күрделі
сөздер о баста сөз бен сөздің тіркесуі арқылы келіп шықса,
фразеологизмдердің кейбіреулері кей жағдайда қос сөз бен біріккен сөзге
айналып кететіндері болады. Мәселен, түйетабан, мысыққұйрық, атқұлақ,
кәріқыз, отағасы, ақсақал, жандайшап, атқамінер, атамекен, аткөпір,
ауызекі, ауызба-ауыз, қырып-жою, өліп-өшу, күйіп-пісу, сүйіп-құшу, ат-
сайман, атарман-шабарман, жатпай-тұрмай, өліп-тіріліп сияқты біріккен
сөздер мен қос сөздер идиомалау, лексикалану, грамматикалану заңымен даму-
өзгеру процестерін басынан өткізді. Қазіргі кезде бұлар лексика-
грамматикалық жағынан біртұтас, ритм ырғағы жағынан бірыңғай болып барып
фразеологизмдерден күрделі сөздерге айналып кеткен.
Олай болса күрделі сөздерді жалаң сөз бен тұрақты тіркестер өзара
байланыстырып тұратын дәнекер (көпір) деп есептеуге болады. Күрделі сөздер
жалаң сөзбен де, фразеологизмдермен де екі жақты байланысты болады. Өйткені
есім фразеологизмдер мен күрделі сөздер бір үлгімен жасалады. Мысалы, жел
аяқ, жел бау, жел буаз, жел бұйда, жел көз, жел қайық, жел көңіл, жел сөз,
жел қуық, жел өкпе, жел тиірмен, жел құяң, т.б. Осылардың бәрі бір үлгімен
жасалғанмен, мән-мағыналары бірдей емес. Бұлардың бірелері күрделі сөзге
(жел бау, жел қайық, жел тиірмен), енді біреулері фразеологизмдерге (жел
аяқ, жел өкпе, жел буаз, жел көңіл, жел құйын, жел сөз) жатады. Ал
кейбірулерінің (жел бұйда, жел көз, жел құйаң, т.б) қайда барары күмәнді
болып тұрады. Бұларды түр-тұрпатына қарап бәрін бір категорияға жатқызу
ғылыми жағынан ағаттық болады. Демек, күрделі сөздер мен фразеологизмдердің
өзара жіктеп бөлу үшін бұлардың әрқайсысына тән өзіндік белгілерін жете
тани білу керек деген сөз.
2) Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі – мағына тұтастығы.
Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол
мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді,
оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті қоян тапқандай
дегеннен қатты қуанады дегенді түсінеміз. Бұл мағына жер, жеті, қоян, табу
деген төрт сөздің бір де біреуімен байланыспайды, бірақ сол төрт сөздің қаз-
қатар жұптасып қолданылуы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін
единица ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұас
единица ретінде көрінеді. Мысалы: кір жуып, кіндік кескен жер (атамекен,
туған жер), екі аяғын бір етікке тықты (тықсырды, састырды), инемен құдық
қазғандай (бейнеті көп, өте ауыр), шаш етектен (көп, мол), аттың жалы,
түйенің қомында (асығыста, қарбаласта) дегендердің бәрі де құрылым-құрылысы
жағынан түрлі болғанмен, әрқайсысы мағына тұтастығымен сипатталады.
Фразеологизмдердің мағына тұтастығын жеке сөзбен нақ бірдей деп санауға
болмайды. Сөздің түбір мағынасын, яғни лексикалық мағынаны білдіреді. Ал
фразеологизмдер әрқашанда туынды мағынада жұмсалып, сөзбен баламалық
қатнаста емес жанамалық байланыста тұрады. Зерттеушілер қазіргі кезде сөз
бен еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына, ал жанамалық қатыста болатын
тұрақты тіркестер мағынасын фразеологиялық мағына деп жіктеп бөледі.
Мәселен, біреулердің басының көлеміне қарап, үлкен бас, кіші бас немесе
басы үлкен, басы кіші деуге болады. Мұндағы үлкен мен кіші дегенде
ешқандай эмоциялық бояу жоқ. Сөздің дәл ұғымын көрсетіп тұрады. Осы ұғымды
фразеологизмдермен де білдіруге болады. Мәселен, бастың үлкенін – қуға бас,
кішісін – шақша бас десек, онда бастың соншалықты үлкен, я кіші екндігі
білдірумен қатар, оған күшті эмоциялық мән жамайды. Сөйтіп біреулердің ар-
намысына тиіп, ашу-ызасын келтіретіндей жағдай жасайды. Сол сияқты
адамдардың аузына қарап біреуін – дорба ауыз, екіншісін – оймақ ауыз десек
те жағымды-жағымсыз көзқарас пайда болады. Олай болса, жеке лексикалық
мағынасы мен тұрақты тіркестің фразеологиялық мағынасы бір-біріне теңбе-тең
балама болмайды деген сөз. Жеке сөз де кейде ауыс мағынада қолданылып,
бейнелі мәнге ие болады. Мысалы: Жылқының жылқысы бар, Қазанаты бір бөлек;
Жігіттің жігіті бар, Азаматы бір бөлек.(Мақал). Осындағы азамат деген сөз
қатардағы жәй жігіт емес, адамгершілігі мол, парасатты ерекше адам дегенді
бейнелеп көрсетіп тұр. Жеке сөздердегі бұл сияқты бейнелік мағына соқпа-
соқпада елең етіп қалатынсирек құбылыс деп танылады. Ал фразеологизм
біткеннің бәріне тән басты белгі туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі
мән тудырады. Фразеологизмдердің мағынасында жағымды немесе жағымсыз
әйтеуір бір экспрессивті рең болады. Сөз бен тұрақты тіркестердің айрықша
көзге түсетін бір ерекшелігі осында.
3) Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілеріне
жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес,
қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Өзара тығыз жымдасып орналасқан
сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін ттіркесіп, өзге
сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді.
Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек,
мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жідереді. Тұрақты тіркес еркін тіркеске
айналып кетеді. Ал көк деген сөздің орнына синонимі аспан сөзімен
ауыстырсақ (мұрнын аспанға көтерді), мағына тұтастығы онша бұзылғанмен,
стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды келмейді. Көтерді
деген етістікті көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші сияқты түүрлендіріп,
өзгерте беруге де көнбейді. Тек өзінің қалыптасқан қалпында қолдануды талап
етеді. Сол сияқты бармағын тістеді деудің орнына саусаған тістеді десек,
фразеологиялық мағынасынан ажырап, басқаша мән алады.
Сондай-ақ санын соқты деген тұрақты тіркестың құрамындағы сан сөздің
орнына тізе немесе бас деген сөздер қолдамайды. Қолданыла қалған күйінде
тұрақтыдан еркес тіркеске ауысады.
Кейде тұрақты тіркестің құрамындағы бір сөздің әр түрлі формасынан
әлденеше фразеологизмдер жасала беруі мүмкін. Мысалы: жамбасы жерге тигенше
(өле-өлелгенше), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жығылып көрмеген, күшті).
Кей ретте жалғыз дыбыстың бір өз-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасынан
бүтіндей өзгертіп жібереді. Мәселен, тіл тиді дегеннен сұқ өтті, көз тиді
дегенді түсінсек, тіл тигізді болса, біреуді балағаттап сөкті, тілдеді
болып, мүлдем басқаша мағынаға ауысады. Сол сияқты іш тартты, ішін тартты,
ішіне тартты дегендердің сыртқы құрылым-құрылысы бір-біріне соншалықты
жақын болғанмен, мән-мағынасында елеулі айырмасы бар. Ауызға ілікті мен
ауызға ілінді, ауыз ашты, ауыз ашпады, ауызын ашырмады дегендердің бәрі де
өз алдына жеке-жеке фразеологизмдер болып есептелінеді. Бұл жағынан
қарағанда фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрақтылығы сөздің морфемалық
құрамының тұрақтылық сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыда
аталған үш түрлі белгі (тұрақтылық, тұтастық, тиянақтылық) арқылы
фразеологизмдер тілдің өзег категорияларынан оқшауланып, өзіндік бүтін
бейнесімен дербес өмір сүреді.
ФРАЗЕОЛОГИЗМ ТҮРЛЕРІ.
Фразеологизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанмен, бұлар
әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы
бірінен ап-айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншісінен өте солғындау
болып кездеседі. Сндықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл
біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірі болып сананалады.
Зерттеушілер бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың
құрамындағы сыңарлардың ара қатнасына қарай жіктеп, екіншілері құрылым-
құрылысы жағынан топтастырылады. Орыс тілінің академигі В. В.
Виноградовтың классификациясын тіл ғылымына басшылыққа алғалы 30-40 жылдай
уақыт өтті. Қазақ тіл білімінде де осы классификацияны бірден-бір арқау
етіп келе жатыр.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық,
фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық.
Бұл топқа фразеологизм құрамндығы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден
жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын
тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су
жетпеді деген қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл
мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі
жекелеген сөздерге талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуға көнбейді.
Түйені түгмен жұтты дегеннен біреуден ойсырата пара алып, елді қанады деген
мағына туады. Бұл мағынаның жасалуына түйе, түк, жұту сөздерінің тікелей
қатысы жоқ, соларды бірінен соң бірін тіркеп, жұбын жазбай қолдану арқылы
пайда болған. Жағына пышақ жанығандай дегеннен тарамысына ілінген арық,
жүдеу дегенді түсінеміз. Бұл мағынаны жасауға жақ, пышақ жану сөздерінің
тікелей қатысы болмаған. Иегінен ат тайып жығылғандай дегеннен сақал-
мұрттан жұрдай, көсе дегенді ұғынамыз. Мұнда да мағына тұтсастықтың
бірлігін, айқын байқаймыз. Аттың жалы, түйенің қомында дегеннен қарбалас
шақ, абыр-сабыр уақыт дегенді түсінеміз. Мұнда да тұрақты тіркестегі жеке
сөздер мен фразеологиялық мағына арасында тікелей байланыстың болмағандығы
байқалады. Бір ұрты май, бір ұрты қан дегеннен екіжүзді, залым дегенді
ұғынамыз. Бұл фразеологиялық мағына тұрақты тіркестердің құрамындағы бір,
ұрт, май, қан деген сөздердің меншікті мағынасымен мүлдем сәйкеспейді.
Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанмен,
олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат
пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz