Жүсіп Баласағұн


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Философтың шағын өмірбаяны. . …3
  2. «Құтты білік» дастаны (''Бақытқа жеткізуші білік'') ……… . . . 3
  3. «Құтты білік» шығармасы жайлы пікірлер. . …. 5
  4. Баласағұн - философ ретінде және тәрбиелік тағылымға толы педагог ретінде. …6

Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден ХІ ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда барыс жылы (яғни 1021 жылы) туған. Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы ''Құтты біліктен'' ғана табамыз.

Музыкант отбасында туғандықтан музыканы, күй тартып, өлең айтып, нақышты музыка сазын лез бойына толық дарытқан. Баласағұнның бізге жеткен ең ірі туын-дысы түркі тілінде жазылған 13 мың жолдың Ғибрат - өнеге поэмасы. ''Құтты білік'' 1069 жылы жазылған. Бұл -саясат, өнеге, тәрбие жөнінде толғаныс тапқан, үлкен тәрбиелік мәні мен маңызы бар, тағылымы -терең, философиялық трактат.

Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» - Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» - «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген.

Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласында 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14-ғасырдың бірінші жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманган қаласынан табылған үшінші нұсқасы 12-ғасырларда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты. Дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 жылы «Азия» журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді. Венгер ғалымы Германи Вамбери «Құтты біліктің» бірнеше тарауын неміс тіліне тәржіма жасап, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды.

Бұл шығарманы зерттеу, ғылыми мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. Радлов жиырма жыл бойы үзбей айналысты. «Құтты білік» дастанын К. Каримов өзбек тіліне, Н. Гребнев пен С. Иванов орыс тіліне, А. Егеубаев қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерекше. Бұл шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра. «Құтты білік» поэмасы түркі тіліндегі энциклопедиялық шығарма. Оны жазуда автор саяси сарынды басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол Қарахандар жоғары дамыған Мәуреннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды.

Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге Баласағұни философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда да болды. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Шығармада шамандық түсініктер көрініс тауып, исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Романов пен С. Иванов: «Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасы ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері де енген. Қазақ ғалымдары Б. Кенжебаев, Ә. Дербісәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Қоңыратбаев, М. Мырзахметов еңбектерінде бұл көне жәдігер әдеби, тілдік, стильдік, философиялық, педагогикалық, текстологиялық, әлеуметтік, тарихи, саяси, мәдени тұрғыдан зерттелді. Соның ішінде Жүсіп Баласағұнидың қазақ халқы мәдениетінің қалыптасуына, қазақ жерінде ақыл-ойдың, даналықтың дамуына тигізген ықпалы мен тәлім-тәрбие мәселелерін көтерудегі рөлі, көптеген халық даналықтарының ұқсастықтары мен сабақтастықтары да ғалымдар назарынан тыс қалмады.

Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін айтады. ''Құтты білік'' дастаны (''Бақытқа жеткізуші білік'') түркі тілді туысқан халықтардың бізге келіп жеткен дүниежүзілік мәнге ие бірден-бір жазба әдеби ескерткіші. ХІ ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мұраларының бірі.

Жүсіп өз заманындағы ғылым саласымен толық танысып кемелденген шағында ''Құтты білік'' тәрізді классикалық шығармасын жазуға бет бұрды. Араб, парсы тілдерін жақсы білумен бірге өз ана тілін де терең меңгеріп, бар байлығын бойына дарытқан Жүсіп ана тілінің көркемдік қуатын әлемге таныту бағытын ұстады. өз тілін менсінбей араб, парсы тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты сырттан таңылған қорлық салты үстем кезде өз ана тілінде көркем шығарма жазу дәстүрін қалыптастырып кетуі - соның тарихи еңбегі.

''Құтты білік'' - ХІ ғасырға дейінгі түркі тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды.

Абай шығармаларында жүйелі түрде мол таралатын мораль философиясы жайлы ой толғаныстардың ішкі төркіндері әсіресе ондағы жуан мәртлік жөнінде айтылатын пікірлерімен іштей іліктестік табатын рухани қазына көздерінің біріне - ХІ ғасырда қазақ жерінде жазылып, дүниеге келген ''Құтты білік'' дастаны. Бұл ойымызға айғақты дәлел ретінде екі түрлі себепті еске алмақ керек. Оның бірі - Абайдың ақындық кітапхана- сының қорында Жүсіп Баласағұнның атақты дидактикалық дастаны ''Құтты біліктің'' де болғаны жайында ақынның немере інісі Мұтылғанның жазбаша дерегіне сүйенеміз. Дастандағы жәуан мәрттілік жайлы пікірлер желісімен Абайдың 17, 38-қарасөзі мен ''Ғылым таппай мақтанба'', ''Әсемпаз болма әрнеге'' т. б. өлеңдеріндегі ойлардың іліктес, төркіндес келіп жатуы, тамыры тереңде жатқан рухани туыстық танытқандай нақтылы ұғымдармен ұштастырады.

М. Әуезов те бұл дастанға көп көңіл бөлген. Москва универститетінде оқыған лекциясында осы дастанға арнайы тоқталып, талдау жасап, пікір білдірген. Бұл аталған деректер тобы ''Құтты білік'' пен қазақ әдебиетінің байланысы жайлы арнайы зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді.

''Құтты білік'' ХІ ғасырда өмір сүрген түркі тайпа-ларының бәріне түсінікті әдеби тіл негізінде жазылуы себепті, оны әр дәуірде мәдениеті мен ғылымы үдере даму жолына түскен түркі тілді бауырлас халықтардың бәрі де ортақ мұра ретінде зерттеп, ғасырлар сырына қаныға бермек. Мақсат - әр халық осы ұлы мұрадан пікір суыртпақтап, өзінің рухани өзекті желісін тарта білуіне кеп тіреледі.

Музыкант отбасында туғандықтан музыканы, күй тартып, өлең айтып, нақышты музыка сазын лез бойына толық дарытқан. Баласағұнның бізге жеткен ең ірі туын-дысы түркі тілінде жазылған 13 мың жолдың Ғибрат - өнеге поэмасы. ''Құтты білік'' 1069 жылы жазылған. Бұл -саясат, өнеге, тәрбие жөнінде толғаныс тапқан, үлкен тәрбиелік мәні мен маңызы бар, тағылымы -терең, философиялық трактат.

Баласағұнның адамның дамуы, жеке адам басының жетілуі, өсуі тікелей тәрбиенің жетістігі, ол адам табиғатына байланысты бола отырып, оның тарихи дамуының үстінде үнемі өзгеріске ұшырайтынын анықтады. Бұл пікір ХІХ ғасырдың 40 жылдарынан басталған және 60 жылдар үстінде дами түскен Еуропа педагогтары мен сол жылдардағы прогресшіл-орыс педагогтарының пікірімен үндес келеді. Баласағұн - философ ретінде және тәрбиелік тағылымға толы-педагог ретінде артына өшпес мұра, тәрбиелік дәстүр, өнеге қалдырған адам. Оның үйретуінше, адамның жетіліп қалыптасуы, оның ішінде жастар тәрбиесі - қоғамдық жағдайлардың, айнала ортаның ықпалымен, оң әсерімен тәрбие арқылы және адам табиғатын туысынан - дүниеге келумен бірге болатын қасиеттер арқылы қалыптасады. Оның ішінде адамнан өсіп-жетілуінде, оның дүниеге келуі мен ілесе келетін қажетті кейбір сапалар мен қасиеттердің болатындығын мойындады. өзінің ''Құтты білік'' деген еңбегінде бұл қасиеттер мен сапалар даяр күйінде бола салған адам ақылының мінез-құлқының дарындылықтары емес, ол туыстан ілесе жүретін ерекше-ліктер сол дарындылықтардың дамуына себепкер ғана бола алады. Бұл нәсілдік ерекшіліктер адамның өзі өмір сүретін қоғамдық жағдайлар арқылы және сол адамның қабыл-дайтын тәрбиесі, тәрбиені жүзеге асыратын -еңбек арқылы сақталады және жетіледі - деп үлкен философиялық тұжырым, педагогикалық мәнді тағылым жасаған адам. Баласағұн орта, айнала дүние, әлем, қоршаған орта мен өмір деген ұғымдарды жете қолданған. Ой-тұжырым-дарына қарағанда сол ұғымның барлығы қазіргі қоғам - деген мағынаға, ой жүйесіне, пікірге толық сай келеді. Ол еңбекті сол кездегі, өзі өмір сүрген ортадағы, қарым-қатынас құралы - деп пайдаланған.

Баласағұнның тәрбие тағылымының бастауы болар-лықтай мына бір пікірін келтіруге болады: ''Тәрбиенің барлық ұждағаттылығы, саласы мен түрі . . . өзара ұйымдас-қан, ұйымшыл тату да тәтті адамдар құрамының, тобының - жетелі адамдар тобының, зерделі адамдар құрамын толықтыратындай биікке көтерілуі қажет. Тәрбие өз кезегінде, әсері мен ықпалында -мирасқорлы'', пайдалы еңбектің көзі болуы шарт - деп ой түйеді Баласағұн. Бұл үлкен өсиет. Бүгінгі педагогикалық тұрғыдан алғанда үлкен ұжым тәрбиелейтін, педагогиканың бала тәрбие-сіндегі басты мақсаты мен міндетін айқындайтын әдіс еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі десе де болады. Сондай-ақ, бұл еңбек пен тәрбиенің педагогикалық негізі, теориясы деуге толық болады.

Баласағұн рубайларының тәрбиелік тағылымы негізі-нен үш сатыға бөлінеді. Бірінші -әрбір жеке адамның білімді болуы. Білімді болу үшін оқу қажет. Екінші - барлық байлық, молшылық - ол үшін еңбек, кәсіп, адалдық, тазалық, қажет. үшінші - әлеуметтік, табиғи күштілік -ол үшін бірлік, достық бостандық керек.

''Құтты білік'' дастанында үйленудің, ұл-қыз өсірудің қиыншылығы көркем суреттелген. Автордың ойынша егер ұл-қызың жаман болса төрдегі басыңды көрге сүйрейді. Ал, өзіңе ұқсап туған жетелі бала сенің түріңді, бет-бейнеңді жоғалтпаумен қатар, туған тіліңді де болашақ-қа жоғалтпай апарады:

''Егер, ұл-қыз жақсы болса, зерделі,

Айтқаныңнан айнымай дәл келгені.

Егер жаман болса, сені ұлытар,

өзің өлсең - тәрк етер де ұмытар. ''

(3377, 3378 - бәйіттері) Қараханидтер дәуірінде отанды қорғау, елді басқару, жұмыстың ең ауырын атқару, отбасын асырау, бала-шаға мен ата-анаға қамқорлық жасау, т. б. негізгі жұмыстар ерлердің еншісінде болған. Сондықтан білімді де білікті, ізетті де жүректі ұл өсіру әкенің назарынан тыс қалмаған. Жүсіп Баласағұн дастанында әке тәрбиесіне аса көңіл бөлген: ''Бейбастақ қып өсірсе ұлдың қылығын, Кінәлі әке, жазығы жоқ ұлының'' -деп ақын ұл бала үшін Әке тәрбиесінің орнын ешкім толтыра алмайтындығын айтады. Әке әрқашанда балаға бағыт-бағдар, үлгі-өнеге болып, ұлға, ерлерге тән мінез-құлық қалыптастырады. Ж. Баласағұнның:

"¥л өсіргің келсе дана жүректі

Қатты ұстап: үйрет білім, ізетті.

Кім ұл-қызын шолжаңдатса бетімен,

Тартар күйік, ет кескендей етінен''.

деген ой-тұжырымдары бүгінгі педагогика ғылымының негізгі шарттарына сәйкес келіп жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Хас Хажып Баласағұн
Жүсіп Хас Хабыж Баласағун
Жүсіп Баласағұн. «Құтадғу білік»
Құтты білік дастанының нұсқалары
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия туралы
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының көркемдік ерекшеліктері
Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері
Ж. Баласағұнның дүниетанымының идеялық негіздері
Құтты білік дастаныны
Құтты біліктің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz