Аймақтық теңіздер


Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
институт
кафедрасы
Р е ф е р а т
Халықаралық теңіз құқығы
Орындаған:
Тексерген: Сейдеш Б. Б.
Астана - 200
Мазмұны:
Кiрiспе
Халықаралық теңіз құқығы туралы түсінік
- Теңіз кеңістіктерінің жіктелуі
- Ішкі теңіз сулары
- Аймақтық теңіздер
- Аймақтық теңізден тыс теңіз кеңістіктері
Әдебиеттер
Кіріспе
Халықаралық теңіз құқығы туралы түсінік
Теңіздер мұхит кеңістіктері атам заманнан бері адамзат үшін түрлі қызметтер көрсетіп, атап айтқанда, теңізде жүзуде, теңіздің органикалық және бейорганикалық қорларын өндіруде, ғылыми зерттеулер жасауда және т. б. қызметтерге мол үлес қосып келеді. Осынау қызметтер үрдісі барысында мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі. Олардың осынау өзара әсқимылдары мен қызмет-әрекеттері заңгерлік нормалармен белгіленіп, халықаралық теңіз құқығы деп аталатын халықаралық-құқықтық үйлестірудің құрамдас бөлігі атанады.
Теңіздегі іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері болуына байланысты, халықаралық теңіз құқығының басым нормалары халықаралық-құқықтың үйлестірудің өзге салаларында кездесе қоймайды.
Ал, халықаралық теңіз құқығының кейбір нормалары теңіз қызметін үйлестіру үшін үлкен маңызға ие. Атап айтқанда, барлық мемлекеттер үшін ашық теңіздегі кеме қатынасының еркіндік принципі ортақ. Бұл принцип аймақ суларындағы, шектеулі экономикалық аймақтардағы, халықаралық бұғаздар мен кейбір теңіз кеңістіктеріндегі құқықтық режимге біршама әсер етеді. Сондай-ақ, 1982 жылы жасалған Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясы бекіткен қағидалы ережелерге сәйкес барлық теңіз аудандары мен аймақтық су межесіндегі аумақтар бейбіт мақсатқа қолдануға негізделген.
Халықаралық теңіз құқығы жалпы халықаралық құқықтың органикалық құрамдас бөлігі болып табылады және ол субъектілер, дерек көздер, қағидалар, халықаралық шарттар құқығы мен жауапкершіліктері туралы нұсқаулармен жетекшілік етеді және халықаралық әуе құқығы, ғарыш құқығы және т. б. салалармен өзара тығыз байланысады.
Халықаралық теңіз құқығы тарихи терең антикалық дәуірге кететін халықаралық құқықтың ең көне бөлімдерінің бірі болып табылады. Бірақ та, соған қарамастан, бұл сала құқығы 1958 жылы Женевада өткен Теңіз құқығы жөніндегі І БҰҰ конференциясында аймақтық теңіз және оның маңайындағы аймақтар туралы; ашық теңіз туралы; құрылық қайраңы туралы; балық аулау және теңіздің бірі қорлары туралы төрт конвенцияға жіктелді.
Теңіз кеңістіктерінің жіктелуі
Халықаралық-құқықтық көзқарас тұрғысынан біздің ғаламшарда теңіздер мен мұхиттар кеңістігі екіге жіктеледі. Олар: 1) түрлі мемлекеттердің егемендігіндегі және елдердің әрқайсысының аумағын құрайтын кеңістік; 2) елдердің ешқайсысына қарамайтын кеңістік.
Әлемдік мұхит бөліктерінің осы аталған теңіз кеңістіктерінің біріне тиесілігі, бұл теңіз бөлігінің құқықтық мәртебесін немесе құқықтық жағдайын анықтайды. Ал, теңіз кеңістігінің құқықтық мәртебесі аталмыш кеңістіктегі іс-қимылды үйлестіруге және құқықтық режимді орнатуға үлкен әсер етеді.
Теңіз жағалауы бар ел аумағының құрамына теңіз жағалауында орналасқан бөлік пен ішкі теңіз суы және аймақтық теңіз атанатын аумағы кіреді. Бір немесе бірнеше архипелагтан тұратын мемлекеттің аумағына архипелаг аралдарының ішінде орналасқан архипелаг сулары кіреді.
Ішкі теңіз сулары, аймақтық теңіз және архипелаг суы - Әлемдік мұхиттің шағын ғана құрамдас бөлігі. Мұхиттар мен теңіздердің ауқымды бөлігі бірде-бір елдің, бірде-бір мемлекеттік қарауына кірмейді, бірақ соған қарамастан олардың өз құқықтық мәртебелері бар.
Теңіз кеңістіктерін құқықтық жіктеу нақты теңіз кеңістігінің құқытық мәртебесі мен құқықтық режимнің ерекшелігіне байланысты жүзеге асырылады. Бұл жіктеменің тарихи негіздемесі бар және 1982 жылы қабылданған Теңіз құқығы жөніндегі конвенцияға сүйенеді.
Ішкі теңіз сулары
Ішкі теңіз сулары туралы түсінік берер болсақ, теңіз жағалауы бар әр мемлекеттік аумағына ішкі теңіз сулары кіреді. Халықаралық келісімдер мен түрді мемлекеттердің ұлттық заңнамаларының айтуынша, ішкі теңіз суларына - мемлекет жағалауы мен аймақтық теңіздің ендігін белгілеу үшін қабылданған шекара сызығы аралығындағы сулар жатады.
Ішкі теңіз суларына сонымен бірге, айлақтың гидротехникалық және басқа да құрылымдарынан шетте орналасқан, сызықпен шектелген айлақ акваториясы; мемлекеттің құрғақтағы нүктелері толық қоршап жатқан теңіз суы және барлық жағалауы бір ғана мемлекетке тиесілі (Ақ теңіз сияқты) теңіз; ені 24 теңіз милінен аспайтын және бір ғана мемлекетке тиесілі теңіз айлақтары, шығанақтар, жағалаулар жатады.
Ал, ішкі теңіз суларындағы құқықтық режимді жағалаудағы мемлекеттің өзі орната алады. Атап айтқанда, ішкі теңіз суларындағы кеме қатынасын, балық аулау шаруашылығын, ғылыми және зерттеу жұмыстарын жағалаудағы мемлекеттік заңымен реттеліп, ережелерімен үйлестіріледі. Бұл суларда шетелдіктерге кез-келген кәсіппен, зерттеу жұмыстарымен айналысуға тыйым салынады. Ереже бойынша, бұл суларға рұқсатпен ғана шетелдік кемелер ғана кіре алады. Тек қана, төтенше жағдайлар мен табиғи апат жағдайлары барысныда ғана рұқсат талап етілмеуі мүмкін.
Аймақтық теңіздер
Жағалау бойында, ішкі теңіз суларынан тыс жерде орналасқан теңіз белдеуі - аймақтық теңіз немесе аймақтық сулар деп аталады. Бұл теңіз белдеуіне жағалаудағы мемлекеттік егемендігі де қарайды. Аймақтық теңіздің сыртқы шекарасы мемлекеттің теңіз шекарасы болып табылады.
Жағалаудағы мемлекеттің иелігі аймақтық теңіз табаны мен су үстіндегі, сонымен бірге, оның үстінде орналасқан әуе кеңістігіндегі байлықтарға да тарайды. Жағалаудағы мемлекет иелігінінің аймақтық теңізге қатыстығы туралы ереже 1958 жылы қабылданған Аймақтық теңіз және жағалаудағы аймақ туралы конвенцияның 1-2-інші баптарында және 1982 жылы жасалған Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясының 2-інші бабында қарастырылған. Ал, аймақтық теңіздерде жағалаудағы мемлекет бекіткен заңдар мен ережелердің жұмыс істейтіндігі дәлелдеуді қажет етпейтін теорема.
Аймақтық теңізден тыс теңіз кеңістіктері
Аймақтық теңізден тыс теңздер мен мұхит кеңістіктері жағалаудағы мемлекеттік құрамына кірмейді, сондықтан да болар, олар ашық теңіз кеңістіктері деп аталады. Бірақ та, кеңістіктің жекелеген аудандары, мысалы, жағалау аймағы, құрылықтық қайраң, шектеулі экономикалық аймақ және т. б., түрлі құқықтық режимге ие, бірақ, олардың барлығы бір ғана құқықтық мәртебе ие: яғни, олар қандай да бір болмасын мемлекеттік қарауына қарамайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz