Халықаралық валюталық жүйе және валюталық рыноктар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

Экономика және бизнес факультетi

Экономикалық теория кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТА БАҒАМЫ

Орындаған
1 курс студентi:
Тобы:
Ғылыми жетекшi
э.ғ.к ., доцент:

( қолы, күнi )

Алматы, 200

ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5

1. Халықаралық валюталық жүйе және валюталық
рыноктар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2. Валюталық бағам және оған әсер етушi
факторлар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДIК ВАЛЮТА ЖҮЙЕСIНДЕГI ОРНЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16

1. Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң жалпы жағдайы мен
белгiлерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 16
2. Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және валюталық
бағам
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...19

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге
даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш
күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен,
халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының
интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң оңды әсерiн тигiзедi.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi
сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және
мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi
даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап
ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк
ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық
рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық
валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдыңғы қатарлы
елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық
экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық
валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң
экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта
өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Сондықтан, мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның
тақырыбын бүгiндегi өзектi мәселелердiң бiрi “Халықаралық валюта жүйесi
және валюта бағамы” деп алдым.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден, жалпы халықаралық
валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның пайда болу себептерi
мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi
факторларға тоқталып, екiншiден, Қазақстан Республикасының халықаралық
валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта
бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына
қосар үлесiн қарастыру.
Валюталық жүйенi талдамас бұрын “валюта” терминiнiң мәнiн ашып алайық.
Ол Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта деп
мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi
немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымдат
жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда
жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма
–қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ
шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу
бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.
Ендi осы валюталық қатынастарға, олардың қызмет етуiне, валюта
бағамына кеңiнен тоқталайық.

I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАР

1.1 Халықаралық валюталық жүйе және валюталық қатынастар

Халақаралық валюталық қатынастар дегенiмiз – дүниежүзiлiк шаруашылықта
орын алатын валюталық iс-әрекеттер кезiнде қалыптасатын және ұлттық
шаруашылықтар қызметi нәтижелерiнiң өзара айырбасын жүзеге асыратын
қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерi
вексельдiк және айырбастау әрекеттерi түрiнде ежелгi Греция мен Римде орын
алғандығы тарихтан белгiлi. Валюталық қатынастар дамуының келесi кезеңi
ортағасырлық Лион, Антвериен қалаларындағы “вексельдiк жәрмеңкелер” болып
табылады.
Халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң
қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек
бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы
және жаһанданумен сипатталады.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң оңды әсерiн тигiзедi.
Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының
интернационалдануы негiзiнде бiрте-бiрте белгiлi бiр формаларды иемдене
бастады. Нәтижесiнде валюталық жүйе қалыптасты.
Ваюталық жүйе дегенiмiз - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет
аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды
ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
1. Ұлттық валюталық жүйе;
2. Дүниежүзлiк валюталық жүйе;
3. Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе. Тарихта, ұлттық
валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын
, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және
оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi.
Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзгi элементтерiне мыналар жатады:
• Ұлттық валюта;
• Ұлттық валютаның айырбасталу, аударылу мүмкiндiктерi;
• Ұлтттық валюта бағамының режимi;
• Валюталық шектеулердiң бары немесе жоғы;
• Ел валютасының халықаралық өтiмдiлiгiн мемлекеттiк реттеу;
• Халықаралық несиелiк құралдар айналымын пайдалану ережелерi;
• Ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногының режимi;
• Елдiң валюталық қатынастарын басқарушы және реттеушi органдар.
Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Дүниежүзлiк валюталық жүйе 19-ғасырдың ортасына қарай құрылған.
Дүниежүзлк валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы
институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз
ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқықтардың
нормалар кешенiн құрайды.
Дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң негiзгi элементтерi болып төменде
көрсетiлгендер саналады:
• Резервтiк валюталар, халықаралық есептесулерге арналған валюталық
бiрлiктер;
• Валюталардың өзара айырбасталу шарттары;
• Валюталық паритеттердiң үйлестiрiлген тәртiбi;
• Валюталық бағамдау тәртiбiнiң ережесi;
• Валюталық шектеулердi мемлекет аралық реттеу;
• Халықаралық валюта өтiмдiлiгiн мемлекет аралық реттеу;
• Халықаралық есептесулердiң негiзгi факторларын үйлестiру;
• Дүниежүзiлiк валюта рыноктары мен алтын рыноктарының режимi;
• Мемлекетаралық валюталық реттеудi жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар.
Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген
ұлттық валюта ақша бiрлiгi құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда
пайдаланылатын ақшалар валюта болып есептелiнедi.
Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi,
оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары
арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк
валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады. Мысалы, европалық валюталық жүйе
– бұл еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта
аймағында ұйымдастырылуы – экономикалық формасындағы катынастырды
бiлдiредi.
Айырбасталу мүмкiндiгi бар ұлтық валютаның ерекше категориясына
резервтiк валюта жатады. Резервтiк валюта халықаралық төлем мен резервтiк
қаражат қызметiн басқа елдер үшiн валюталық паритет пен валюталық бағам
ролiн атқарады. Сондай-ақ дүниежүзiлiк валюта жүйесiне қатысушы елдердiң
валюталары бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция үшiн
қолданылатын құрал болып табылады. Қазiргi кезде резервтiк валюта ретiнде
АҚШ-тың доллары мен Еуроодақтың еуросы пайдаланып жүр.
Валюта жүйесiнiң тағы бiр элементi валюталық паритет, яғни заңнама
арқылы рәсiмделетiн екi валюта арақатынасы жатады.
Валюта бағамының режимi де валюта жүйесiнiң элементi болып табылады.
Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне
байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың
негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арасындағы дағдарыс тұсында
оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық
қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi
жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн
жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен
жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың
түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс
сақталады.
2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен
аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
Дүниежүзлiк ваюталардың жүйенiң мынандай эволюциялары белгiлi:
1. Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
2. Париждiң валюталық жүйесi.
3. Генуэз валюталық жүйесi.
4. Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.
5. Ямайск валюталық жүйесi.
6. Европалық валюталық жүйесi.
БҰҰ-ның Бреттон-Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық
конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық,
несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi
бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон – Вудс валюталық жүйенiң
дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы халықаралық валюталық
конференцияға мүше елдердiң Кинготондағы келiсiмi халықаралық валюталық
конференцияның жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып, төртiншi валюталық
жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:
• Алтын – девиз стандартты орнына “СДР” (арнайы қарыз алу құқы)
стандарты енгiзiлдi;
• Елдерге кез-келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық
берiлдi.
СДР-дiң қызмет етуiнiң мынандай басты мәселесi орын алды:
1. Эмиссиялау және басу;
2. Қамтамасыз ету;
3. Бағамды анықтау әдiсi;
4. СДР-дiң пайдалану ауқымы;
Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану процесiн
ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму
себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас
орталықтардың дүниежүзлiк рыноктағы өзара қарсы күресi және валюталық
тұрақсыздағы жатады. Еуропалық экономикалық қоғамдастық – бұл Батыс
Еуропа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру тобын
бiлдiредi , ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция, Италия,
Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасында жасалған
келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында басты қызмет
етедi.
Батыс еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен
ажыратылады:
Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және
шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және 12 саяси одақ
болса, бiрiншi уақытта 15-16 мемлекетке жеттi.
Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы мемлекеттiң құрылымына
жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
• Еуропалық кеңес;
• Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
• ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
• Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ және министiрлер
кеңесiнiң қызметiн бақылайды, ЕҚ бюджетiн бекiтедi.
ЕҚ соты – құқықтық нормаларын сақтамаудың қадағалау ұйымы.
Үшiншiден, интеграциялық процестiң материялдық негiзi болып, ЕҚ –
тың бюджетiнiң бiр бөлiгiнен құралған көп бiрлескен қорлар қызмет
етедi.
Әлемдегi халықаралық валюталық реттеудi Халықаралық валюта қоры жүзеге
асырады, ал Еуропада бұл мәселелермен еуропа орталық банкi шұғылданады.
Валюталық рыноктар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды,
валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық
операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы пайда
болуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруда, валюталық бағамдарды
реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi
және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.
Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер
үшiн жалпыға бiрдей қабылданған төлем құрылымының болмауында.
Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер,
инвестициялар, мемлекет аралық төлемдер бойынша есеп айырысудың
қажеттi шарты сатып алу-сату формасында бiр валютаны екiншi бiрiне
айырбастау болып табылады.
Валюталық рыноктарда валюталық операциялады жүргiзуге халықаралық
сауда мен оған байланысты көрсетiлген қызметтер және халықаралық
капиталдар мен несиелер қозғалысы негiз болып табылады.
Валюталық рыноктар – сұраныс пен ұсыныс негiзiнде ондағы айналатын
валюталарға сауда саттық жүргiзетiн ресми орталықты сипаттайды.
Қазiргi валюталық рыноктарда мынандай ағымдарды бөлiп қарауға болады:

• Шаруашылық байланыстардың интернацияналдануы негiзiнде валюталық
рыноктардың интернацияналдануының күшеюi.
• Байланыстың жаңа жүйелерiн пайдалану;
• Әлемнiң барлық банктерiне тәулiк iшiнде үздiксiз операцияларды
жасау;
• Коммерциялық валюталық мәмiлелермен салыстырғанда алып сатарлық және
орбитражлық валюталық мәмiлелер көлемiн ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлемiне, сипатына және пайдаланылатын
валюталар тобына қарай қазiргi валюталық рыноктар халықаралық
аймақтық және ұлттық болып бөлiнедi .
Халықаралық валюта iрi дүниежүзлiк қаржы орталықтарында
шоғырланған. Олардың iшiнде: Лондондағы , Нью-Йорктегi , Франкфурт-На-
майнедегi, Париждегi, Токиодағы валюталық қаржы орталықтарды бөлiп
айтуға болады.

2. Валюталық бағам және оған әсер етушi факторлар

Жоғарыда айтқанымыздай валюта жүйесiнiң маңызды элементiнiң бiрi
валюта бағамы болып табылады. Себебi, халықаралық экономикалық қатынастар
дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн талап етедi.
Валюта бағамының өлшемi төмендегi жағдайлар үшiн қажет:
• Тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық сауда барысында
өзара айырбастау, капиталдар мен несиелердiң қозғалысын реттеу үшiн,
экспорттаушы шетелдiк валютадағы түсiмiн ұлттық валютаға айырбастауда,
импорттаушы шетелден сатып алған тауар бағасын өтеу үшiн шетелдiк
валютаны алу кезiнде, валюталармен өзара байланыстардың
қажеттiлiгiнен;
• Дүниежүзлiк және ұлттық рыноктағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе
шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық
көрсеткiштерiн салыстыру негiзiнде;
• Банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы есеп-шоттарын уақытылы
қайта бағалап отыруыа байланысты.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң
басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық
ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда
болатын объективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағамы
валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға
байланысты өзгередi.
Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң
қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен
бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесе шетелдiк валюталарға шаққандағы
құндық көрсеткiштердi салыстырған уақытта валюталық бағам аса қажет.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабiлетiне қарай құндылық заңының әрекетiн
бейнелейтiн валюталар арақатынасы валюталықбағамның өзiне тән қызмет
етедi. Сондықтан валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етедi. Басқа
факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегi құнсыздану қарқыны неғұрлым
жоғарылаған сайын валютаның бағамы да соғырлым төмендейдi.
Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабiлетiнiң және валюта бағамының
төмендеуiне апарып соқтырады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуелдiлiгi
әсiресе тауарлардың, қызметтердiң және капиталдардың халықаралық
айырбасының көлемi үлкен елдерге жоғары болады.
2. Төлем базасының жай күйi. Активтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының
жоғарылауына ықпал етiп, шетелдiк борышқорлар жағынан оған деген сұраныс
күшейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу
беталысына себепшi болып, өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн
борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
3. Әралуан елдердiң процент мөлшерлемесiнiң айырмашылығы. Пайыз
мөлшерлемесiнiң елдегi өзгерiсi басқаша тепе-тең жағдайда халықаралық, ең
алдымен қысқа мерзiмдi капиталдардың қозғалысына әсер етедi. Пайыз
мөлшерлемесiнiң жоғарылауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның
төмендеуi капиталдардың шекараның арғы жағына ауысуы дем бередi.
4. Валюталық рыноктағы және алып сатарлық валюта операцияларының қызметi.
Егер қандай да бiр валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса, онда
фирмалар мен банктер оны әлсiзденген валютаның қалпын нашарлататын
мейлiнше тұрақты валюталарға күнi бұрын сатып жiбередi. Экономикалық
саясаттағы өзгерiстердi , бағамдық арақатынастардың ауытқуының валюталық
рыноктарын тез сезiнедi;
5. Белгiлi бiр валютаның еурорынокта және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесi;
6. Валютаның бағамдық арақатынасына төлемдердi жеделдету немесе кiдiрiс те
әсер етедi.
7. Ұлттық және дүниежүзiлiк рыноктарда сенiм дәрежесi. Ол елдегi
экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бiрге валюта
бағамға ықпал ететiн жоғарыдағы қарастырылған факторлармен айқындалады.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп
қарастыруға болады;
Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы,
валюталық саясат және т.б.
Экономикалық, халықаралық тәжiрибеде анықталатын экономикалық тiк
бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және
инфляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi,
дүниежүзлiк рыноктағы тепе - теңдiк;
Психологиялық: жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден
қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi
дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валюталық бағамның
базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi елдердiң
ақша бiрлiктерiнiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын
сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде аутқиды. ХВҚ-ның
жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-
да валюталық “қоржын” базасында бекiтiледi .
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағыттарын
анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады: фундаментальдi,
техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар.
Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық
операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз
жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел
валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе
сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық каперотив
арқылы анықталады.
Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және
мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi
жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағамы бойынша
жүзеге асады. Мерзiмдi валюталық мәміленi жасағанда валютаны
айырбастау алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағамы
бойынша жүзеге асады .
Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын
ұлттық валюта бағамдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам
қолданылады: бiреуi - комерциялық, екiншiсi - қаржылық операциялар
бойынша.
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және
экономикалық талдау кезiнде колданылатын есептеу бағамдары бар. Оған
жататын орташа бағамдар сатушы және сатып алушы бағамдарының
арифметикалық ортасы. Шын мәнiнде айтсақ мұндай бағам жоқ, бiрақ
оның мөлшерi күнделiктi ақпарат құралдарында жарияланады.
Батыста көптеген валюталық бағамдардың индекстерi тараған.
Көптеген валюталық бағам бiрдей өзгеруi мүмкiн болғандықтан, жеке
ақша бiрлiктерiнiң басқаларымен салыстырғанда арзандау дәрежемен
анықтауға мүмкiндiк бар. Валюта бағамдарының өзгеру дәрежесiн өлшеу
үшiн арнайы индекстер есептелiнедi, олардың негiзiнде валюталық
қоржындар болады.
Көбiнесе валюталық бағамдардың индекстерi туарлардың бәсекелестiк
қабiлеттiктерiне әсер ету, ұлттық ақша бiрлiгiнiң бағамдарына әсер
ету, сондай-ақ елдiң төлем және сауда балансына әсер етуiн бағалау
үшiн қолданылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Әлемдік валюталық жүйенің дамуы мен валюталық рыноктар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Еуропалық валюта жүйесі туралы
Әлемдік шарушылықтың құрылымы
ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі
Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының ақша – несие саясаты туралы ақпарат
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық қатынастар
Пәндер