Некеге отыру және некені тоқтату



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастары

Жоспар:

Кіріспе

1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық
сұрақтар ... ... ... ... ... ...
2. Некеге отыру және некені тоқтату ... ... ... ... ... ... ... .
3. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы
құқықтық қатынастар ... ... ... .
4. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен
қорғаншылық институттары ... ... ... ... ..

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде
үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел
қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардың пайда болуына алып
келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын
реттеуге сонымен қатарұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр
әсер етеді.
Отбасы және неке сауалы коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең
күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте
болуы, олардың некеге тұруының жастарының айырмашылығы, яғни әрекет
қабілеттігі, сонымен қатар некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы
мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста біз халықаралақы жеке құқықтығы неке және
отбасы қатынастарына тоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы
коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың
ерекшеліктеріне назар аударамыз. Неке бұл ерлі-зайыптылар арасында
жасалатын шарт болғандықтан, осы ерлі зайптылардың арасындағы қатынас,
олардың шетелдің қатысуымен болғандықтағы ерекшеліктері осы курстық
жұмыстың зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Сонымен қатар, біз отбасындағы бала құқықтарына, оларды асырап алу
мен қорғаншылық, қамқоршылық институттарының халықаралық жеке құқықтағы
ерекшеліктерін баяндаймыз.

І. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар

Коллизиялық сұрақтарды шешуден бұрын біз біздің заңнаманың осы неке
және отбасы қатынастарына байланысты қандай ережелерді қолданатындығына
назар аудару қажет сияқты. Ең біріншіден, Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға ие
екендігін алға тартқан жөн.
Отбасылық қатынастар үшін ерлі-зайыптылардың отбасындағы сұрақтарды
шешудегі тең құқытық жағдайда болуы үлкен маңызға ие болып табылады және
бұл отбасындағы бала тәрбиесіне де қатысты болып келеді. Біздің отбасы және
неке құқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан-жақты қорғауға
бағытталғандығын айту керек. Отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік,
мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына тіліне, дінге көзқарасныа,
нанымына байланысты кез кедегн өзге жағдаяттар бойынша кемсітушілікке жол
берілмейді.
Бірқатар еммлекеттердің отбасы құқығынада ер адамның басшылығы тән
болып табылады; көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін отбасындағы әйел мен
ер адамның теңсіз құқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл
мемлекеттердің Азаматтық кодекстері неке шарты деген түсінік бар, бұл жерде
некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген
құқықтарын бекітеді[1].
Көптеген мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің (моногамия)
болуын бекітеді. Бірақ қазіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген
мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады, некеге тұру кезінде
қалыңдыққа ақы төлеу мне басқа да архаикалық әдет-ғұрыптар күні бүгінге
дейін сақталуда. Бұның барлығы отбасы құқығындағы әйелге қатысты
дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен
тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді; түрлі нәсіл мен дінге
көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.
Осы жекелеген жағдайлардан отбасы заңнамасындағы әртүрлілліктерге
байланысты екі мемлекеттің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық
сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие боылп табылады. Батыс мемлекеттерінде
отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылыққа ие болып
табылады. Некелік құқық қабілеттілік, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға
кедергілердің болмауы – бұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-
зайыптылардың өздерінің жеке хаңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде
түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында бірқатар мемлекеттерде ер
адамның азаматтық заңы қолданылады.
Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған
неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін,
бұны халықаралық жеке құқықта “ақсаңдаған неке” (“хромающие браки”) деп те
атайды.
Некедегі ерлі-зайыпылардың мүліктік қатынастары бірқатар
мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.
Бірқатар мемлекеттерде түрлі коллизяиылқ сұрақтар шешіледі.
Венгрияның халықаралық жеке құқық туралы Заңының 30§- не сәйкес некенің
жарамдылығынң материалдық-құқықтық шарттары некеге тұрушылардың “ортақ жеке
заңдарымен” анықталады. Егер де бұл тұлғалардың жеке заңдары түрліше болып
келсе, онда некенің жарамдылығы сол екі тараптың да жеке заңдарымен жарамды
деп танылса, жармды болып баға беріледі.
Венгрияда некенің нысанына некеге отыру жерінің құқығы қолданылады.
ҚХР-да Қытай азаматы шетел азаматымен некеге тұратын болса, онда некеге
отыру жер заңы қолданылады, ал некені тоқтату кезінде – некені тоқтату
туралы мәселені шешетін орган – сот елінің құқығы қолданылады (Қытай
Азаматтық құқығының жалпы ережелерінің 147-бабы).
Венгрия мен Югославияда некені тоқтату туралы сауалды шешу кезінде
негізгі принциптің бірі болып, ерлі-зайыптылардың заңдары танылады.
Балалардың құқытарын қорғауға байланысты Қазақстан Республикасы үшін
1989 жылдың 20 қарашасында қабылданған Бала құқықтары жөніндегі
Конвенцияның күші тарайды.

2. Некеге отыру және некені тоқтату
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел
азаматтарымен некеге отыруы. Қазіргізаман жағдайында, халықаралық қатынас
пен әріптестіктің дамуы кезінде қазақстандық азаматтардың шетел
азаматтарымен некелесуі көптеп орын алып отыр. Мұндай некегені бекіту, өз
кезегінде балалар мен олардың ата-аналарының түрлі азаматтықта болу
жағдайларын көбейтеді.
Қазақстан Республикасында қазақстандық азамат пен шетел азаматының
некесі, сонымен қатар шетелдіктердің де некесі бекітіле береді. Біздің
заңнама, біз білетіндей, өз азаматтарымыздың басқа шетел еммлекетінің
азаматымен некелесуге тыйым салып, ол үшін рұқсат сұрауды талап етпейді.
Біздің азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі, сонымен қатар
шетел азаматтарының өздерінің арасында некелерін бекітуі Қазақстан
Республикасының заңнамасына бағынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл салада
“некеге отыру жер заңы” деген коллизиялық принцип қолданылады. Неке біздің
заңнамада көзделген нысан бойынша жасалады, яғни азаматтық халы актілерін
жазу органдарында, осы некені тіркеудің бекітілген ережелерін сқатай отырып
тіркеледі. Қазақстан Республикасында некені діни жолмен бекіту қандай да
бір құқықтық салдарға жетелемейді, бірақ бұны адамдар өз арасында тануы да
мүмкін.
Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келісім некеге
тұрушылардың өздерімен жасалуы тиіс болып табылады. Бірқатар елдерде
(Испания, Перу және тағы басқалары) некеге тұрушылар сенімхат беріп, өкіл
арқылы некеге тұруларын жол беріледі. Біздің заң мұндай өкілдік етуге жол
бермейді.
Шеелдіктердің де некеге тұруларының материалдық шарттары олардың
ұлттық заңнамасымен емес, біздің заңнама бойынша анықталады. Мәселен,
қазақстандық неке және отбасы заңнамасына сәйкес некеге отыру үшін екі
жақты келісім, белгілі бір жасқа толу және тағы басқа талаптар қойылады.
Неке және отбасы туралы Заң егер тұлғалардың бірі басқа некеде
тіркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра алмайды делінген, бұл дегеніміз,
егер шетелдіктің өз заңы көп әйел алушылыққа жол бресе, онда ол біздің
республикамызда некеге отыра алмайды.
Шетелдік егер оның өз заңы екі некеге рұқсат бергеннің өзінде бізде
некесін тіркеуді талап ете алмайды. Кейбір мұсылмандық елерде (Турция,
Ирак) екі некеге рұқсат етілмейді.
Шетелдіктер, сонымен қатар біздің азаматтар некеге тұрған кезде,
некеге тұруға ешқандай кедергі жоқ екендігі тексеріледі және мұндай
тексерістің ең бастысы оның басқа некеде тұрған-тұрмағандығы анықталады.
Некеге тұруға кедергілердің бар екендігін айту міндеті некеде тұрушыларда
болыпк келеді.
Некеге тұрушының басқа некеге тұрмағандығы дәлелдейтін бірден-бір
дәлел оның басқа некесі туралы Азаматтық хал актілерін жазу органдарында ол
туралы жазбаның болмауы болып табылады. Егер шетелдік біздің Республикада
некеге отыру ниетін білдіретін болса, ол өзінің мемлекетінің тиісті
органынан өз мемлекетінде ешкіммен некеде тұрмайтындығын дәлелдейтін
анықтама қағазын алып келуге міндетті болып табылады. Тәжіриьеде әдетте
мұндай анықтама қағаздары Қазақстан Республикасындағы тиісті мемлекеттің
елшілігімен немесе консулдығымен беріледі.
Біздің құқыққа белгісіз басқа мемлекеттердің шектеулері (нәсілдік,
діни, ата-ана келісімінің болмауы және тағы басқа) біздің елде некені
тіркеуден бас тартуға негіз болып табылмайды. Бұл шетелдіктердің Қазақстан
Республикасында тіркейтін некелеріне де байланысты болып табылады.
Тәжірибеде шетелдікпен некеге отыруға толық емес, ішінара шектеулер
қойылатыны анық. Мысалы, некеге отыру үшін рұқсат алу Венгрияда, Индияда,
Иракта, Италияда және тағы басқа да мемлекеттерде бекітілген.
Біздің азаматтардың шетелдік азаматтармен некелерін тіркеу кезінде
бірқатар жағдайда некеге отырушы шетелдіктің де заңнамасы басшылыққа алынуы
керек, өйткені бұл жағдайда некені жарамсыз деп тану басқа мемлекетте орын
алмауы анық. Мынандай мысалды келтірсек болады: егер, некеге тұрушының
елінің заңнамасы бойынша ол келісім алмаған кезде неке ол елде жарамсыз
болып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда біздің АХАЖ органдары некеге
тұрушылардаоның мұндай некеге отыруға келісім бар жоқтығын анықтауы керек.
Егер де мұндай келісім болмаса, некеге отырушылармен келісіле отырып,
шетелдіктің осындай келісімді алуы үшін уақыт беріледі. Егер де осы
белгіленген уақытта органға қажет келісімді алып келмейтін болса, бірақ
некеге тұрушылар некені тіркеуді талап етіп отырса, неке тіркеуші орган
мұндай келісімнгің болмауына қарамастан некені тіркеуге міндетті болып
табылады. Мұндай неке біздің заңнама бойынша танығанымен, тісті шетелдіктің
мемлекетінде бұл неке танылмайды. Бұл өз кезегінде біздің мемлекеттің
азаматының өзінің некелескен адамының мемлекетіне барған уақытында
құқығының шектелуіне алып келуі мүмкін.
Бұндай жағдайда түсіндірудің процедурасы үлкен маңызға ие болып
табылады, өйткені біздің азамат шетелікдпен некеге отырған кезінде бұл
некенің басқа мемлекетте, оның ішінде некелескен адамының мемлекетінде
танылмай, оның белгілі бір шекте мүліктік құқықтары шектелетіндігін білуі
шарт болып табылады.
80-ші жылдары Болгариямен, Вьетнаммен, Венгриямен, Финляндиямен
бекітілген құқықтық көмек көрсету туралы шарттарда некені бекіту формасы
неке бекітілген мемлекеттің заңымен анықталатындығы айтылады.
Материалдық шарттар жағдайын да құқықтық көмек көрсету шарттары
қамтып кеткен. Мысалы, Вьетнаммен КСРО-ның арасында жасалған құқықтық көмек
көрсету шарттарында ерлі-зайыптылардың мүліктік жағдайы сол азаматы болып
табылатын мемлекеттің заңнамасымен шешіледі деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңында Қазақстан
Республикасы азаматының шетел азаматымен некеге тұруы немесе онымен некені
тоқтатуы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді деп көрсеткен.
Бір некелесушінің өз азаматтығын өзгертуі екінші азаматтың
азаматтығының өзгеруіне алып келмейді.
Консулдық некелер. Біздің заңнама Қазақстан Республикасының
территориясында консулдық некелерді, яғни шетелдік дипломатиялық өкілдіктер
мен елшіліктерде жасалатын некені таниды.
Шетел азаматтарының арасында Қазақстан Республикасының
территориясындағы елшіліктер мен өкілдіктердегі жасалатын некелер екіжақты
танудың негізінде ғана жарамды болып танылады. Ол үшін елшілік жіберіп
жатқан елдің Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі болуы қажет. Бұған
қоса мұндай некелердің жарамдылығына тағы бірқатар талаптар қойылады: а)
екі жақты келісімнің болуы, яғни шетел мемлекетінде осындай
консулдықтардағы некенің танылуы; б) некеге тұрушы екі тұлға да сол елшілік
пен консулдықты жіберген мемлекеттердің азаматы болуы.
Басқа мемлекеттермен жасалған консулдық ковенциялар өз елінің
мемлекетінің азаматының некесін консулға тіркуеуге рұқсат етеді. Мұндай
консулдық ковенциялардың көпшілігінде консул сол келуші мемлекеттің заңына
сәйкес некені тіркеуі тиіс деп көрсеткен. Тек кейбір консулдық
конвенцияларда ғана консул некені өзінің келген мемлекетінің заңнамасына
қарсы болмаса, өз мемлекетінің заңы бойынша тіркеуіне болады деп
көрсетілген. Куба мен Финляндия арасындағы консулдық конвенцияларға сәйкес,
консул некені тек өзі келген мемлекеттің заңнамасына қайшы болмаған
жағдайда ғана өз мемлекетінің заңы бойынша тіркеуі тиіс болып табылады.
Консулдық конвенцияларда осындай некенің тіркелгендігі туралы
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына хабарлау қажеттігі туралы жазба
жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен басқа
мемлекетте некеге отыруы. Қазақстан Республикасының азаматтары
шетелдіктермен біздің территорияда да, сонымен қатар басқа мемлекет
территориясында да некелесуі мүмкін. Мұндай некелер сол некеге отырушы
мемлекеттің заңдарының талаптарымен қойылған неке нысанына сәйкес болуы
шарт. Тиісті мемлекеттің Муниципалетінде, мэриясында немесе басқа да
органдарында және діни ғұрыптарды сақтай отырып жасалған неке сол
мемлекетте танылғанымен, кейіннен біздің мемлекетте танылуы мүмкін бе
дегенсұрақ туады. Біздің заңнаам бұл орайда нақты жауапты беріп отыр.
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңының ережесіне
сәйкес егер неке Қазақстан Республикасының территориясынан тыс, сол тиісті
мемлекеттің заңнамасы бекіткен нысанда тіркелетін болса және ол Қазақстан
Республикасының некені тіркеуге байланысты заң талаптарына қайшы болмайтын
болса, ол неке заңды деп танылуы ықтимал болып табылады.
Басқаша айтанда, бұндай неке заңды болып танылуы үшін біздің
мемлекеттің некелесу бойынша заңдарының материалдық нормалары бұзылмауы
тиіс болып табылады. Бұл айтылғанның мазмұнын ашатын болсақ, біздің
мемлекеттің азаматтығында тұрған азаматтың некесі жарамды болуы үшін ол
біздің заңнаманың қоятын материалдық шарттарын сақтауы тиіс болып табылады.
Шетелдікке қатысты айтар болсақ, қазақстандық азаматпен некег тұру үшін
оның біздің заңнаманың талаптарын сақта деп айта алмайсыз, өткені ол неке
біздің мемлекеттің территориясында емес, басқа мемлекеттің территориясында
жасалуы тиіс. Осыған сәйкес некенің жасалған орнының заң қолданылуға
жатады. Некенің нысанына байланысты айтар болсақ, оның жарамды деп
танылуының негіздері басқа да болып қалуы мүмкін. Өткеннен мысал келтірер
болсақ, 1937 жылы Л. Деген азамат Тегеранда ирандық қалыңдық Амалиямен
некелеседі. Неке Тегерандағы орыстың Провославлық шіркеуінде жасалады,
өйткені ирандық заңнама бойынша діни нысанға жол берілген. 1958 жылы
Тбилисида тұрып жатқан Л Раиса дегенмен некелеседі. 1960 жылы Л., қайтыс
болып кеткеннен кейін Амалия мұраға бірден мұрагер бола отырып, Л-дің
екінші некесін заңсыз деп тануды сұрап Грузиялық сотқа талап арызын береді.
Сот талап қоюшының пайдасына істі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы
Ерлі-зайыптылардың теңдігі
Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасы бойынша баланың құқықтары
Некеге тұрудың тоқтатылуы
Қазақстан респулаксының неке жане отбасы заңы
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы - неке қатынастары
Отбасы ұғымы, ата-ана құқығынан айыру жолдары
Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
Балалармен ата - аналардың арасындағы қатынастар
Отбасы құқығы туралы
Пәндер