Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
Б Е К І Т Е М І Н
БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы
Шығыстану институты директоры,
т.ғ.д., профессор
_____________ М.Қ. Әбусейітова
18 мамыр 2007 ж.
БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының шығыстық деректану,
Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті бөлімінің
2007 жылдың 18 мамырында өткен мәжілісінің
№ 5 ХАТТАМАСЫ
Төрайым: Әбусейітова М.Қ. т.ғ.д., профессор.
Мәжіліс хатшысы: Несіпбаева Ж. ҒҚ, т.ғ.к.
Қатысқандар: Есмағамбетов К.Л. т.ғ.д., профессор; Тоқтабаева Ш.Ж. ЖҒҚ,
т.ғ.д.; Ақышев А.К. ЖҒҚ, т.ғ.к.; Еженхан Б. ҒК; Баранова Ю.Г. ҒК;
Нұрманова А.Ш. АҒҚ, т.ғ.к., Мұрат Қ. ҒҚ; Аязбаев Б.Б. ҒК; Ыбрайева А.Б.
КҒҚ; Мамрайымов С.Д. – ізденуші.
Күн тәртібі:
1. Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының
Қазақстанның қазіргі заман тарихы және тарихи демография бөлімінің
ізденушісі Мамыраймов Серікбай Дәулетұлы “Ж. Қасымбаевтың XVIII -
ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихнамасына қосқан үлесі” 07.00.09
Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері мамандығы бойынша
дайындалған диссертациялық жұмысын тарих ғылымының кандидаты
дәрежесіне ұсыну үшін талқылау.
Төрайым, тарих ғылымының докторы, профессор Әбусейітова М.Қ: Ш.Ш.
Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның қазіргі
заман тарихы және тарихи демография бөлімінің ізденушісі Мамыраймов
Серікбай Дәулетұлының “Ж. Қасымбаевтың XVIII - ХХ ғасыр басындағы
Қазақстан тарихнамасына қосқан үлесі” атты 07.00.09 Тарихнама, деректану
және тарихи зерттеу әдістері мамандығы бойынша дайындалған диссертациялық
жұмысы тарих ғылымының кандидаты дәрежесіне ұсыну үшін талқылауға түсіп
отыр.
Диссертациялық тақырып Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология
институтының Ғылыми кеңесінде 2005ж. 3 – қарашада бекітілген (№9 хаттама).
Ғылыми жетекшісі ҚР ҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Х
Асылбеков. Жұмыс Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының
Қазақстанның қазіргі заман тарихы және тарихи демография бөлімінде
орындалған. Диссертациялық жұмыс ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім
және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитетінің талаптарына
толық сай келеді.Зерттеудің негізгі нәтижелері төрт халықаралық ғылыми
конференцияларда баяндалып, тоғыз ғылыми мақалада жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жетекшісі ҚР ҒА академигі, тарих
ғылымдарының докторы, профессор М.ХАсылбековтың оң пікірі бар.
Диссертациялық жұмыстың рецензенттері т.ғ.д., профессор,
К.Л.Есмағамбетовтың, АҒҚ, т.ғ.к., А.Ш. Нұрманованың жазбаша түрде берілген
оң пікірлері бар. Ендігі сөзді жұмысы туралы баяндау үшін ізденуші
С.Д.Мамыраймовқа береміз.
Мамыраймов С.Д: Менің сіздерге ұсынып отырған тақырыбым “Ж.Қасымбаевтың
XVIII - ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихнамасына қосқан үлесі” деп
аталатын зерттеу кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан, пайдаланылған
деректер тізімінен тұрады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігіне тоқталсақ,еліміз тәуелсіздікке қол
жеткізген бүгінгі уақытта халқымыздың өткен тарихын ұлттық мүдде тұрғысынан
зерттеп, Қазақстан тарихы ғылымы мен қазақ тарихнамасының дамуына үлес
қосқан ғалымдардың еңбектері мен тарихи мұраларын танып-білуге деген
ұмтылыс пен қызығушылық күн өткен сайын артып отыр. Оның себебі – көп
уақытқа дейін тұмшаланып келген ұлттық тарихымызды тереңдей зерттеу жолында
қызмет еткен, бүгінде дүниеден өткен тарихшы-ғалымдарымыздың соңында
қалдырған ғылыми-зерттеу еңбектерін талдап, қазіргі көзқарас тұрғысынан
баға беру арқылы жас ұрпақтың қоғамдық және тарихи санасы оянып, сол арқылы
олардың болашаққа деген сенімін күшейте түсу өте өзекті мәселелердің біріне
айналған.
Біз ғылыми тұрғыдан талдауды мақсат еткен мәселені байыпты, жан-жақты
және терең зерттеу қажеттілігі, өз пайымдауымыз бойынша, ең алдымен бүгінгі
қоғамдық өмір сұранысынан, соған сай таным құралы ретінде тарих ғылымының
табиғи болмысынан туындайды. Кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол
елдің, халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи өтпелі кезеңдер
мен сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған
түрлі қоғамдық күштердің, жеке тарихи қайраткерлердің өмір жолын зерттеу
арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған және сол арқылы
өркениетке қызмет еткен
Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, көрнекті тарихшы-ғалым, Қазақстан
Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қырғызстан
тарихшылары қауымдастығының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қызметкері, Парасат орденінің иегері,тарих ғылымдарының
докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасын зерделеу
аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осы орайда, біз аталған мәселені зерттеудің өзектілігін дәлелдейтін
бірнеше ғылыми тұжырымға назар аударғымыз келеді.
Біріншіден, қарапайым еңбек адамдарының отбасында дүниеге келіп,
әкесінен ерте айырылған, анасының тәрбиесімен өмірдің ауыртпалыққа толы
мектебінен сабақ алған Ж. Қасымбаевтың өмірі ғылыми тұрғыдан назар аударуға
әбден лайықты. Оның алғашқы кезде өнер саласында музыкалық білім алғанына
қарамастан тарих мамандығы бойынша жоғары білімге қол жеткізген болашақ
ғалым ретіндегі алғашқы ізденістері, Е. Бекмаханов сияқты ұлттық тарих
ғылымының аса көрнекті қайраткерлерінен сабақ алуы және басқа да деректер
қазіргі тұлғатану саласы үшін қызықты және маңызды, жаңаша зерттеу
жүргізуге мүмкіндік беретінінде дау болмаса керек.
Екіншіден, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуды студенттік кезінен-ақ
бастаған, болашақ тарихшы-маман ретінде Қазақстан Республикасының Орталық
мемлекеттік мұрағатының қойнауларынан еліміздің тарихына байланысты сирек
те құнды деректер іздеп, тапқан, сол аса маңызды мәліметтер негізінде
жазылған дипломдық жұмысының өзімен-ақ ұстаз-ғалымдарының назарын аударған
Ж. Қасымбаевтың шәкірттік кезеңін сипаттайтын тарихи деректерді талдаудың
қазіргі жастар бойындағы тарихи таным-сананы қалыптастырудағы ықпалы
ерекше. Қазақстандағы жоғары білім ордаларының ішіндегі қарашаңырағы болып
табылатын бұрынғы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінің, бүгінгі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
тарих факультетін бітіруші ретінде жазылған дипломдық жұмысында қозғалған
мәселелерді одан әрі тереңдете түсіп, оны тарих ғылымы бойынша кандидаттық,
одан кейін докторлық диссертацияға дейін жеткізуі Ж.Қасымбаевтың
еңбекқорлығын ғана көрсетпейді, сонымен бірге тарихшының ғылымдағы
жүйелілігі мен таңдап алған ғылым саласына деген адалдығын да аңғартса
керек.
Үшіншіден, Ж. Қасымбаевтың Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы, Томск,
Барнаул, Новосібір, Орынбор, Астрахань, Элиста, Ташкент және басқа да
қалалардың бай мұрағат қорларынан алынған Отан тарихына қатысты тарихи
құжаттарды ғылыми айналымға енгізді және тынымсыз іздену нәтижесінде
жинақталған ғылыми еңбектерінің КСРО Ғылым академиясы Тарих ғылыми-зерттеу
институты КСРО халықтарының тарихы бөлімінің арнайы мәжілісінде Н.
Бекмаханова, К. Юсупов, Ш. Мұхамедияров, Түркімен Ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі С. Агаджанов тарапынан жоғары бағалануының себептері
туралы мәліметтер де ғылыми тұрғыдан талдап, зерттеуді қажет етеді.
Ғалымның КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының иегері В.Я. Янин және
басқа да кеңінен танымал ғылым қайраткерлерінің ілтипатына бөленген,
кейіннен Вопросы истории, Военно-исторический журнал, Наука в Сибири,
Южный Урал және т.б. ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектерін зерделеп,
сараптаудың жас ұрпақтың ғылыми-тарихи көзқарастарын қалыптастырудағы
маңызы ерекше.
Төртіншіден, Ж. Қасымбаевтың оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізе отырып, өмірінің соңғы сәттеріне дейін ғылымнан қол үзбеуі, барлық
ғұмырын Қазақстан тарихы ғылымын тереңдетуге бағыттауы, барлық саналы
өмірін арнаған ұстаздық-педагогтік қызметін тек бір ғана жоғары оқу
орнында, қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде
өткізуі сияқты ерекшеліктері тарих ғылымының тұлғатану саласы үшін байыпты
зерттеуге лайықты мәселе.
Міне, жоғарыда аталған ғалым-тарихшы, ұстаз, тұлға ретіндегі
сипаттарын ерекше атап өте отырып, біз Ж. Қасымбаевтың өмірі мен ғылыми
мұраларын зерттеу қазіргі Қазақстан тарихы ғылымы, тарихнама саласы үшін
өзекті мәселе деп санаймыз.
Жұмыстың зерттелу дењгейі. Бұған дейін Ж. Қасымбаевтың өмірі мен
ғылыми-зерттеу еңбектері туралы мақалалар жарық көргенімен, ғалымның тарихи
мұралары жайында арнайы жан-жақты жүргізілген кешенді зерттеу жұмыстары
жүргізілген жоқ.
Дегенмен әр жылдары Ж. Қасымбаевтың өмірі мен еңбектері туралы өз
пікірлерін ортаға салған шетелдік және отандық авторлар аз емес.
Ж. Қасымбаевтың тарихи зерттеулері алыс және шетел ғалымдарының
тарапынан жоғары баға алды.
Атап айтқанда, Ресей ғалымы Ю.С. Зобов өзінің Ценное исследование
деп аталатын мақаласында Ж. Қасымбаевтың Под надежную защиту России атты
еңбегіне талдау жасай келіп, оны құнды ғылыми-зерттеу жұмысы деп бағалаған
.
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
14–20 желтоқсандағы №48 санында басылған рецензияда Ж.
Қасымбаевтың 1861–1917 жылдардағы Шығыс Қазақстан қалаларының әлеуметтік-
экономикалық аспектілері туралы монографиясына, оң пікір білдірілген.
Қытайдың Жэнь Минь Жибао газетінің 1996 жылғы 9 қараша күнгі
нөмірінде қытай тілінде жарық көрген аталған мерзімді басылымның шеф-
тілшісі Инь Шугуанның Ж. Қасымбаевпен сұхбатында зерттеушінің ғылыми
еңбектерінің ерекшеліктері сөз болған.
Қырғыз авторы Т. Чоротегиннің Бішкек қаласындағы Республика
газетінің 1996 жылғы 17–23 желтоқсандағы нөмірінде жарияланған мақаласында
Ж. Қасымбаевтың ғылыми еңбектеріне талдау жасалған.
Неміс авторы В. Шмидттің 1999 жылы басылған мақаласында.
Ж.Қасымбаевтың әр жылдары жарық көрген еңбектері туралы оң пікір жариялады.
Ж. Қасымбаевтың ғылыми-педагогикалық қызметі мен тарихи мұрасы жайында
өз тұжырымдарын ортаға салған отандық авторлар да аз емес.
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі М.Х. Асылбековтің
Социалистік Қазақстан (қазіргі Егемен Қазақстан), Лениншіл жас
(қазіргі Жас Алаш) газеттері мен Қазақ тарихы журналында жарық көрген
мақалаларында Ж. Қасымбаевтың 1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматыда орын
алған Желтоқсан көтерілісінен кейін компартия басшылығы тарапынан қалай
қудаланғаны жан-жақты айтылған.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.И. Дулатованың Историография
дореволюционного Казахстана (1861–1917 гг.) атты іргелі еңбегінде Ж.
Қасымбаевтың зерттеулеріне тарихнамалық тұрғыдан талдау жасалған.
Тарих ғылымдарының кандидаты И.В. Ерофеева өз рецензиясында Ж.
Қасымбаевтың 1986 жылы жарық көрген Под надежную защиту России (Алма-Ата:
Казахстан, 1986. 136 с.) атты еңбегі қазақ даласының Ресейге қосылуының
тарихына байланысты бұған дейін жеткілікті көңіл бөлінбей келген
ақтаңдақтардың орнын толтыруға мүмкіндік береді деп бағалайды.
Қ. Құсайынов Ж. Қасымбаевтың Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его
окружение атты еңбегіне қазақтың ұлы ақыны Абайдың әкесі Құнанбай
Өскенбайұлы және оның айналасы туралы жазылған алғашқы ғылыми монография
деп оң баға берілген.
М.Д. Шаймерденованың Торговать – не воевать және Казахстан – Китай:
факты и комментарии атты рецензиялары Ж. Қасымбаевтың Казахстан – Китай:
караванная торговля в ХІХ – начале ХХ веков атты монографиясын талдауға
арналған. Рецензия авторының пікірі бойынша, аталған ғылыми еңбекте ХІХ
ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан және Шығыс Түркістан
арасындағы шекаралық сауда ісінің динамикасы, көлем-аумағы және құрылымы,
оның көрші қоныстанған екі халықтың қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпалы
алғаш рет ғылыми тұрғыдан талқыға түсіп, сипатталған.
Академик К. Байпақовтың жарық көрген У истоков Акмолы атты
рецензиясы Ж. Қасымбаев пен Н. Агубаевтың История Акмолы (ХІХ – начало ХХ
вв.): исследования, источники, комментарии атты монографиясы туралы ой-
пікір білдіруді мақсат еткен.
С. Өтениязовтың Халық кеңесі газетінің 1994 жылғы 25 қаңтардағы №11
нөмірінде Керек кітап айдары бойынша басылған Қаһарман хан атты
мақаласында Ж. Ќасымбаевтың Кенесары хан атты монографиясының қазақ
елінің ақырғы ханының өміріне, бодандыққа қарсы күресінің елеусіз қалған
беттеріне арналғанына назар аударылған.
Сонымен қатар Э. Джилкибаевтың, А. Сәтбековтің,Т.Омарбековтің,
Қ.Қаражановтың, М.Жолсейітованың,З.Қабулдиновтың ғылыми мақала-ларында Ж.
Қасымбаевтың отандық тарих ғылымын зерттеудегі және жастардың тарихи
танымын қалыптастыру жолындағы еңбектері мен оған қосқан үлесі жоғары
бағаланған.
Сонымен бірге жоғарыда айтылған мерейтой қарсаңында жарық көрген
Жанұзақ Қасымбаев атты жинақта (бас редактор: ҚР ҰҒА академигі
Т.С.Садықов, құрастырушылар: тарих ғылымдарының кандидаттары Г.К.Кенжебаев,
Т.Т. Далаева, Б. Берлібаев) Ж. Қасымбаевтың өмірі мен қызметінің басты
кезеңдері туралы мәлімет, ҚР ҰҒА академигі К.М.Байпақовтың қазақ және орыс
тілдерінде жазылған Ж. Қасымбаевтың ғылыми, педагогикалық және қоғамдық
қызметі туралы қысқаша очеркі, Ж. Қасымбаевтың өмірі мен еңбектері
туралы әдебиеттер тізімі, Ж.Қасымбаевтың редакциясымен жарияланған
еңбектер, Ж. Қасымбаевтың ғылыми басшылығымен дайындалған диссертациялар
және бірлесіп жазған авторлар тізімі берілген.
Профессор Ж. Қасымбаевтың 60 жасқа толу мерейтойына орай тарихшы С.З.
Нарматовтың ғылыми-педагогикалық Ар журналында орыс тілінде жарияланған
Ученый и педагог атты мақаласында ғалымның ғылыми көзқарасы мен
зерттеулеріне баға берілген.
2005 жылғы 23-24 желтоқсан күндері Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университеті ректораты, осы университеттің тарих факультеті
мен Отан тарихы кафедрасының бастамасымен Отандық тарихты зерттеп,
оқытудың теориялық-әдістемелік және нақты-тарихи мәселелері. Қасымбаев
оқуы деген тақырыпта алғаш рет өткізілген Халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференция Ж. Қасымбаев еңбектеріне қазіргі көзқарас тұрғысынан қарауға
мүмкіндік берді.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қ. Құсайынов Жас Алаш газетінің
1993 жылғы 23 қарашадағы нөмірінде басылған Қазақ тарихы қалай оқытылмақ?
атты мақаласында Қазақстан тарихының ең бір күрделі кезеңіндегі оқиғаларды
пайымдаған 9 класс оқушыларына арналған белгілі ғалым-педагог, профессор
Ж.Қ. Қасымбаевтың Қазақстан тарихы (ХVІІІ ғасыр – 1914 ж.) бойынша
оқулығының толықтырылған, өңделген екінші басылымының жарық көруі орта
мектеп өміріндегі қуантарлық оқиға, бұл айрықша әлеуметтік жұмыс болмақ
екеніне тоқталған. Автор жаңадан шығарылған оқулықтың жетістіктерін жан-
жақты талдаған.
Егемен Қазақстан газетінің 2000 жылғы 30 тамыздағы нөмірінде жарық
көрген Өзімізді – өзіміз таныта білейік атты материал авторы А.Сәтбеков
өзінің республикалық Қазақ радиосы арқылы берілетін, тарих ғылымдарының
докторы, профессор Ж. Қасымбаев жүргізетін Зерде радиохабары жайындағы
әсерін ортаға салған.
Ж. Қасымбаев еңбектерінің зерттелу дењгейіне жалпы шолу жасай келіп,
мынадай ғылыми тұжырымға келдік:
Зерттеушінің еңбектері шетелдік және отандық ғылыми қауым тарапынан
да, оқырмандар тарапынан да дер кезінде бағасын алып, мерзімді баспасөз
беттерінде рецензиялар мен мақалалар жарық көріп тұрды.
Ж. Қасымбаевтың мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарына арналған
оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары да негізінен газет-журналдар
беттеріндегі оң пікірлердің жариялануына негіз болған.
Ж. Қасымбаев еңбектері туралы басылым беттерінде рецензия жариялаған
авторлардың басым бөлігінің рецензиялары мақтау сипатында болып келуімен
бірге, И.В. Ерофеева, К. Байпақов және т.б. мақалаларында ғалым
зерттеулерінің кемшілік тұстары да атап көрсетілген.
Зерттеу ж±мысыныњ деректік негізі. Диссертациялық жұмыстың деректік
негізі ретінде әртүрлі мұрағат құжаттары, мерзімді баспасөз беттерінде
жарық көрген материалдар, еліміздің баспаларынан басылып шыққан ғылыми
еңбектердің дерек, мәліметтері іріктеліп, сұрыптала отырып, пайдаланылды.
Зерттеу жұмысы барысында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік
мұрағатының және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде
сақталған Ж. Қасымбаевтың жеке мұрағатының қорларынан алынған құжаттар
ғылыми айналымға кеңінен тартылды. Осы қорларда сақталған құжаттардың
елеулі бөлігі осы зерттеу жұмысында алғаш рет қолданыс тапқандығын ерекше
атап көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында сақтаулы
тұрған мына қорлардың құжаттары: №1142 және лд №2536, сонымен бірге Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі №1ОК қорларының
құжаттары қолданыс тапты.
Осы аталған қорларда Ж. Қасымбаевтың өмірі, өзі өмірінің соңына дейін
жұмыс істеген қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінде атқарған оқытушылық және ғылыми-зерттеушілік қызметтеріне
қатысты көптеген құжаттар жинақталған.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының
академигі Т.С. Садықовтың бас редакторлық етуімен Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Қазақстан ғалымдары мен педагогтарының
библиографиясына мәліметтер сериясымен 2001 жылы жарық көрген Жанұзақ
Қасымбаев атты жинақ кеңінен пайдаланылды.
Ғалымның әр жылдары Қазақстан баспаларынан басылып шыққан ғылыми-
зерттеу еңбектері сарапқа салынды. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген
Ж. Қасымбаев еңбектері ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін
айқындауға, автордың тарихи мұраларын тақырыптық жағынан жүйелеуге
мүмкіндік берді.
Ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында ұстаздық қызмет істеген Ж.
Қасымбаевтың жоғары және орта оқу орындарына арнап жазған оқулықтары мен
оқу құралдары педагог-ғалымның жастардың тарихи танымын қалыптастырудағы
қосқан үлесін саралауға көмектесті.
Осыған қоса әр жылдары ғалымның ғылыми еңбектері жарияланған және оның
педагогтік-оқытушылық қызметі мен зерттеулері туралы пікір білдірген
республикалық ғылыми журналдар мен мерзімді баспасөз материалдары да біздің
зерттеу жұмысымыздың деректік негізін құрады. Олардың қатарында Қазақ
тарихы, Қазақстан жоғары мектебі, Ар, Ақиқат, Қазақ Ұлттық
университетінің хабаршысы, Егемен Қазақстан, Казахстанская правда,
Жас Алаш, Горизонт, Вечерняя Алматы, Азия дауысы, Әдебиет айдыны
газеттері және басқа да ғылыми және мерзімді басылымдар, бұқаралық ақпарат
құралдары бар.
Зерттеу жұмысында қолданыс тапқан осындай және өзге де дерек көздері
мұқият талданып, олардың ғылыми құндылығын ашуға ерекше мән берілді.
Деректерді сұрыптау барысында салыстырмалы әдіс кеңінен пайдаланылды.
Зерттеу ж±мысыныњ мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты
мақсаты – мұрағат қорларынан алынған әртүрлі деректер мен әр жылдары
еліміздің баспалары арқылы жарық көрген кітаптары, мерзімді басылымдарда
жарық көрген ғылыми еңбектері арқылы тарих ғылымдарының докторы, профессор
Ж. Қасымбаевтың өмірі мен қоғамдық, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін,
шығармашылық және ғылыми мұрасын ашып көрсетіп, тарихи талдау жасау. Сол
арқылы педагог-ғалымның көрнекті тарихшы ретіндегі тұлғасы мен профессорлық-
оқытушылық келбетін айқындаумен бірге тарихи еңбектерінің Қазақстан тарихы
ғылымын дамытуға қосқан үлесін ғылыми сарапқа салу – зерттеу жұмысының
басты өзегі болып табылады.
Сонымен бірге Отан тарихының XVIII-XIX және ХХ ғасырдың басындағы
күрделі мәселелерін зерттеген ғалым Ж. Қасымбаевтың өмір жолын, ірі ғалым
болып қалыптасу ерекшеліктерін және ғылыми мұрасын қарастыра отырып, жүйелі
түрде талдау жасау, сондай-ақ, еліміздің жоғары оқу орындарындағы жастардың
тарихи танымын қалыптастыруға айрықша ықпалын тигізген оқытушылық қызметіне
байланысты деректерге сүйене отырып, оның ұстаздық өмір жолы мен тарихи
ғылыми-зерттеу еңбектерінің маңызын ашып көрсету, оларды жан-жақты сараптау
және арнайы түрде зерттеу – осы диссертацияның негізгі бағыт-бағдары болып
табылады.
Осыған орай зерттеу жұмысының алдына төмендегідей нақты міндеттер
қойылды:
– Ж. Қасымбаевтың туып-өскен және білім алған ортасын айқындап, оның
көрнекті ғалым ретінде қалыптасуына тигізген әсерін көрсету;
– Ұстаз-ғалымның жоғары және орта мектептерге ұстаздық қызметін, соған
сәйкес оқытушының жоғары және арнаулы, орта оқу орындарына арналған
оқулықтары мен оқу құралдарын саралау;
– Ж. Қасымбаевтың тарихшы-ғалым және педагог ретінде жоғары оқу
орындарында атқарған қоғамдық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметінің
қазіргі оқу-әдістемелік үрдістегі орнын анықтау;
– Ж. Қасымбаевтың Қазақстанның XVIII-XIX және ХХ ғасырдың басындағы
әлеуметтік-экономикалық және демографиялық даму мәселелеріне арналған
еңбектерін сараптау;
– Ғалымның Қазақстан тарихындағы хандар мен сұлтандардың атқарған
қызметінің маңызын таразылауға арналған зерттеулерін талдау;
– Зерттеушінің Қазақстанның жоңғар шапқыншылығына қарсы және ұлт-
азаттық күресі туралы жұмыстарына ғылыми баға беру;
– Ж. Қасымбаевтың мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған
рецензиялары мен пікірлерін талдау.
Зерттеу ж±мысыныњ ғылыми жаңалығы:Диссертацияда Қазақстанның ХVІІІ
ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезі аралығындағы, атап айтқанда, 1917 жылғы
Қазан төңкерісіне дейінгі тарихын жан-жақты, тереңдей зерттеген көрнекті
ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы
Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Ж. Қасымбаевтың тарихшы –
ғалым ретінде қалыптасуы, ғылыми мұралары, тарих ғылымын дамытуға қосқан
мол үлесі алғаш рет, қазіргі заманның талаптарына сәйкес, жаңаша
көзқараспен талданып, тұңғыш рет арнайы ғылыми-зерттеу тақырыбына айналып
отыр.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Көрнекті ғалым, Ж.Қасымбаевтың
ғылыми мұралары, тарих ғылымын дамытуға қосқан мол үлесін зерттеу
нәтижесінде келесі тұжырымдар қорғауға ұсынылды.
1.Тарихшы Ж.Қасымбаевтың өмірі мен педагогтық және ғылыми-
ұйымдастырушылық қызметінің басты-басты кезеңдері айқындалып, оның көрнекті
тарихшы болып қалыптасуына ықпал еткен негізгі жағдайлар алғаш рет атап
көрсетілген;
2.Ж.Қасымбаевтың еліміздің жоғары оқу орындарының ұстаз-оқытушысы,
сонымен бірге арнаулы орта және орта мектептердің білім алушыларына
арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жаза жүріп, жастарға тарихи білім
беру ісін дамытып, жетілдірудегі оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік
жетістіктері айқындалып, педагог-ғалым қол жеткізген нәтижелерінің ғылыми
құндылығына нақты баға берілген;
3.Тек тарих ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz