Массивтер



Қарапайым типтер қатарына жататын стандартты (integer, real) және қолданушылар (тізбектелген тип) типтерінде бір айнымалыны сақтау үшін, негізінен компьютер жадысының бір ғана ұяшығы қолданылады. Бірақ көптеген программалау есептернің шешімін табу барысында әрбір элементтерінің деректерін жеке айнымалыға сақтау орнына, оларды тізбектеп бір жерде сақтау анағұрлым тиімді болып табылады.
Массив дегеніміз – бірдей типті мәліметтердің жиыны, басқаша айтқанда массив бір атауға біріктілген айнымалылардың реттік тізбегі.
Массив құрылымдық типтер қатарына жатады. Массив элементтері нөмірленеді. Массивтің әрбір элементіне индексін көрсету арқылы жұмыс істеуге болады. Массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болады. Егер массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица), онда элементтері екі индекс бойынша нөмірленеді.
Массив сипаттамалары:
o Типі – массив элементтерінің жалпы типі;
o Көлемі – массив индекстерінің саны;
o Шектелімі - әрбір индекстердің шектеу бойынша сәйкестігі;
o Пішімі – көлем және шектеулер жиындары.
Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан кейін міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде сандар қолданылады.
Массивтерді қолдану үшін оларды типтер (type) немесе айнымалыларды сипаттау (var) бөлімінде хабарлаау қажет.
Жалпы жазылу түрі:
Type
Массив типінің атауы = array[индекс типі] of элемент типіж
Var

МАССИВТЕР

Қарапайым типтер қатарына жататын стандартты (integer, real) және
қолданушылар (тізбектелген тип) типтерінде бір айнымалыны сақтау үшін,
негізінен компьютер жадысының бір ғана ұяшығы қолданылады. Бірақ көптеген
программалау есептернің шешімін табу барысында әрбір элементтерінің
деректерін жеке айнымалыға сақтау орнына, оларды тізбектеп бір жерде сақтау
анағұрлым тиімді болып табылады.
Массив дегеніміз – бірдей типті мәліметтердің жиыны, басқаша айтқанда
массив бір атауға біріктілген айнымалылардың реттік тізбегі.
Массив құрылымдық типтер қатарына жатады. Массив элементтері
нөмірленеді. Массивтің әрбір элементіне индексін көрсету арқылы жұмыс
істеуге болады. Массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болады. Егер
массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица), онда элементтері екі
индекс бойынша нөмірленеді.
Массив сипаттамалары:
o Типі – массив элементтерінің жалпы типі;
o Көлемі – массив индекстерінің саны;
o Шектелімі - әрбір индекстердің шектеу бойынша сәйкестігі;
o Пішімі – көлем және шектеулер жиындары.
Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан кейін
міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде
сандар қолданылады.
Массивтерді қолдану үшін оларды типтер (type) немесе айнымалыларды
сипаттау (var) бөлімінде хабарлаау қажет.
Жалпы жазылу түрі:
Type
Массив типінің атауы = array[индекс типі] of элемент типіж
Var
Массив атауы: массив типінің атауы;
Мұндағы:
массив типінің атауы – массив элементтерінің жиынын сипаттайды;
индекс типі – тізбектелген немесе шектелген типтерді көрсету;
элемент типі – массив элементтерінің типін көрсету.
Мысалы:
Type
GRUP=ARRAY[1..8] OF INTEGER;
VAR
A:GRUP;
Берілген мысалдағы массивтің әрбір элементімен жұмыс істеу үшін,
массив атауы және индексі берілуі тиіс. Массив индексі тік жақшаға алынып
жазылады, сол себепті массивтің кез-келген элементіне қатынас жасауға
болады.
Яғни берілген массивтің бірінші элементіне қатынас алу үшін массив
атауынан кейін бірінші индексті көрсету қажет: A[1]; массивтің екінші
элементіне қатынас жасау үшін: A[2]; ал А массивінің сегізінші элементіне
A[8].

A[1] A[2] A[3] A[4] A[5] A[6] A[7] A[8]

Берілген массивтің кезкелген элементтеріне арифметикалық
операцияларды, салыстыру және меншіктеу операторларын қолдануға болады.
сонымен қатар, массивтерге Turbo Pascal программалау тіліндегі айнымалы
типіне сәйкес келетін барлық стандартты процедуралар және функциялар
қолданылады.
Массивтің кез-келген бір элементіне нәтиже беру үшін, меншіктеу
операторы қолданылады:
Массив атауы[индексі]:=нәтиже;
Массивтерді программада қолдану үшін Turbo Pascal программалау
тілінде оларды бірден VAR бөлімінде сипаттау жолы қарастырылған.
Жалпы жазылу түрі:
VAR
МАССИВ АТАУЫ:ARRAY[ИНДЕКС ТИПІ] OF ЭЛЕМЕНТ ТИПІ
Мысалы:
VAR
GR:ARRAY[1..18]OF REAL;
Turbo Pascal программалау тілі бір өлшемді массивтермен қатар екі
өлшемді және көп өлшемді масивтерді қолдануға мүмкіндік береді.
Екі өлшемді немсе көп өлшемді массивтермн жұмыс істеу үшін, олар
сипаттау бөлімінде көрсетілуі тиіс.
Екі өлшемді массивті var бөлімінде сипаттаудың жалпы түрі:
Массив атауы: array [a1..an, b1..bn] of элемент типі;
Екі өлшемді массивті type бөлімінде сипаттаудың жалпы түрі:
type
Массив атауы= array [a1..an, b1..bn] of элемент типі;
Мұндағы, a1..an, b1..bn – екі өлшемді массивтің көлемі: a1..an –
массив қатарының алғашқы және соңғы мәні, ал b1..bn- массив бағанының
алғашқы және соңғы мәні.

А массиві: і
1 2 3 ... n






Екі өлшемді массивті енгізу:
for i:=1 to n do
for j:=1 to n do
read(a[i, j]);
Екі өлшемді массивті шығару:
for i:=1 to n do
begin
for j:=1 to n do
write(a[i, j], ‘ ’);
writeln;
end;

Мысалы, A[10, 10] екі өлшемді массиві берілген. Осы массивтің оң
элементінің көбейтіндісін табу керек.
PROGRAM MASS;
CONST N=10;
TYPE MASS:ARRAY [1..N, 1..N] OF INTEGER;
VAR I,J,P:INTEGER;
A:MASS;
BEGIN
WRITELN(‘ВВОД МАССИВА’);
FOR I:=1 TO N DO
FOR J:=1 TO N DO
READ(A[I,J]);
P:=1;
FOR I:=1 TO N DO
FOR J:=1 TO N DO
IF A[I,J]0 THEN
P:=P*A[I,J];
WRITELN(‘P=’ , P);
END.

Программаның блок-схемасы

Қосалқы программалар
Программада белгілі бір қайталанатын іс-әрекеттерді, атау бойынша
бөлек жазып, атауы арқылы бір немесе бірнеше рет іске қосуға болатын
программаның бөлігін қосалқы программа деп атайды.
Қосалқы программаларды қолдану арқылы программаларды ықшамдауға
болады.
Turbo Pascal программалау тілінде қосалқы программаның екі түрі
қолданылады:
1) процедура
2) функция
Turbo Pascal программалау тілінде айнымалыларды негізгі бөлімде
сипаттау түрі – ауқымды айнымалылар деп аталады. Егер айнымалылар қосалқы
программада сипатталса, онда олар жергілікті айнымалылар деп аталады.
Сондай-ақ негізгі программада қосалқы программаны шақыруда қолданылатын
айнымалыларды нақты айнымалылар деп атайды. Ал қосалқы программаның
атауында берілген айнымалылар формальді айнымалылар деп аталады.
Әрбір қосалқы программаның атауы болады және олар айнымалыларды
сипаттау бөлімінен құралып, операторлық жақшаларда орналасқан командалар
жиынан тұруы мүмкін.
1) Атау берілген операторлар тізбегін Pascal тілінде процедура
деп атайды. Кез келген процедура программаға ұқсас түрде
жазылады, яғни олардың тақырыбы және баяндау бөлімі
оператор болуы мүмкін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бір өлшемді массивтер
С++ тіліндегі массивтер
Екі өлшемді массивтер
Массивтер. Деректердің стандартты типтері
Массивтер үшін типтерді түрлендіру. Массивтерді клондау
Массив элементтерінің түрлеріне шектеулер
Массивтер жайлы
Массивтерде компоненттер құру
C++ екі өлшемді массивтер
C тіліндегі массивтер
Пәндер