Сот шешендік онерінің майталмандары


Кіріспе
Ресей сот шешендігі ХІХ ғ. екінші жартысынан 1864 ж. сот реформасы енгізілгеннен бастап дами бастайды. ХІХ ғ жүргізілген жер, әскери және шаруалар реформасына қарағанда сот реформасынан кейін жағдай түбегейлі жақсарады.
ХІХ ғ. адвокатурасы бірегейлі, өткенінде шарықтауға алғышарттары болмаса да, оның өкілдері өздерінің дарындылығымен қоғамды дүр сілкіндірді.
Сот реформасының өзегі «Сот Жарғысына» сәйкес алқа билер мен адвокатураны құру болып табылды. «Сот Жарғысының» құрылған жылдары Ф. Н. Плевако: «Жарлықтар судьялар мен прокурорлардың мансабын көтеру үшін емес, адвокаттардың ризалығы мен астамдығы үшін емес, олар Ресейде шындық орнату үшін шығарылған» - деген.
Россияда қатарлас халықтарға қарағанда шешендер аз шыққан, шешендік өнер кенжелеп дамыған. Оны Фонвизин былай деп түсіндіреді: « Шешендердің аз болуы себебі шындығында шешендік дарын көрінетіндей жағдайдың жоқтығынан. Шешендік абырой атаққа айқара есік ашатын және шешендік жеңіс құр мақтау емес, ретура, орхонция және консульдікпен сыйланатын бізде халық жиналыстары жоқ» - дейді.
«Алғашқы орыс риторикасы»
XVII ғ. дейін Россияның шешендік өнері әртүрлі атпен танылды, бірақ ол орта ғасырларға конфронтациялық емес сипатта ие болды, сондықтан да ол риториканың объектісі ретінде танылмады.
«Риторика» ұғымы алғашқы рет 1073 жылы «Об образах» деген грек жазбаларында көрсетілді, бірақ XVII ғ. басына дейін орыс оқулықтарында жазылмады. Сөйлеу шешендігіне үйрету салтанат шешендігінің үлгілерімен жүргізілді, ал практикалық дәрістер әртүрлі әдебиеттерде жазылды ( «Пчела», «Домострой», «Жития») . Алғашқы аударылған Меланхтонның оқулығы (1620 ж) болды.
Көріп отырғанымыздай, орыс риторикасының алғашқы бірқилы оқулығы Макарии митрополиттің жазған оқулығы болып саналады. Бұл оқулық 2 бөлімнен тұрды - «Об образовании дел» және «Об украшении». Бұдан «іске күш қосатын және беретін» сөздің ерекше ролін атап көрсеткен жөн. XVIII ғ соңында бұл риторика Михаил Усачевпен толықтырылып және қайта өңделді.
1705 жылы алғашқы Феофан Прокоповичтің (1681-1736) “De arte poetica” ( «О поэтическом искусстве» ), ал 1706 жылы сол латын тілінде жазылған “De arte rhetorica” ( «О риторичсеком искусстве» ) деген дәріс курстары жарық көреді.
Ресейде шешендік өнер шын мағынасында І Петр заманынан, яғни ХVIII ғ басталады. Осы уақыттан аты мен сөздері мәлім жазушылар Феофан Прокопович пен Стефон Яровский әйгілі болды. Прокоповичтің «Слово на подгребение Петра Великого» дейтін қабір үстінде сөйлеген сөзі сол замандағы орыс шешендігінің үлгісі болып табылады. Орыстың «алтын ауызы» «Злотоуст» атанған Прокоповичтің шешендік дарыны туралы Ломоносов былай деп жырлаған:
Бал таңдай Цицероннан тағылым алған,
Ресейде шешендік тәжі болған.
Тілінде жиі күнә жіберсе де,
Аса зор шешендікке үлгі салған.
«Сөз шешендігі - шынайы өнер» (М. В. Ломоносов)
Алғашқы орыс риторикасының осы ғылымның әлемдік дамуын жалғастыратын ғылыми Ломоносовтың шешендік өнер туралы 1747 жылы жазылған «Краткое руководство к красноречию» еңбегі басылып шықты. Бұдан кейін А. Ф. Мерзляковтың « Краткая риторика» (1821 ж), М. М. Сперанскийдің «Правила высшего красноречия» ( 1844 ж) атты теориялық еңбектері жарық көрді.
«Шешендік дегеніміз кез-келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонымен басқаларды ол жөнінде өз ойына ойыстыра білу. Осы ұсынылған өнер затын сөз немесе пікір» - дейді Ломоносов. Сонымен қатар ғалым шешен болу үшін 5 қасиет қажет дейді:
- табиғи дарын
- білім
- шешендерден үйрену
- сөйлеп жаттығу
- басқа ғалымдардан да хабардар болу.
Табиғи дарындылықты ол жан дарыны және тән дарыны деп екіге бөледі. Жан дарынына ақыл мен есті жатқызады, ал тән дарынына күшті сүйкімді дауыс, ұзақ үн, кең кеуде жатады деп есептейді.
Мерзляков: «Шешендік сөз дегеніміз белгілі бір мәлесені ауызша талқылау, белгілі бір ойдың ақиқаттылығын түсіндіру - дей келіп, шешендік пен шешенге мынадай анықтама береді:
- Осы тектес шығарма шығара алатын, оларды ұнамды әрі сенімді етіп айта білу қабілетімен ұштасқан қызыққандай талант иесін жалпы сөзшең дейді. Әлгі айтылғанға ие адам шешен деп аталады».
Шешендік сөздің негізгі мақсаты белгілі бір шындыққа тыңдаушылардың көзін жеткізу үшін баяндай, дәлелде білумен бірге, ақылы мен сезіміне әсер ете білу қажеттілігін ескере келіп, Сперанский былай дейді: «Сонымен шешендік екі басты мәселені қанағаттандыруы қажет:
Ақылды ойыстыру, жүректі тербеу, ал дәлел дегеніміз -қысқа, айқын, таза философиялық тұзбен тұздықталған болуы тиіс».
А. Кони, мәселен айыптаушылардың бойларынан көрінуі тиіс мынадай қасиеттерді атады - байсалдылық, сотталушыға қарсы кек ұстамаушылық, айыптау әдістерінің тиянақтылығы мен нақтылығы, істі бұрмалаумен әсірелеуден адалық, сондай-ақ ең бастысы іс-қимылы мен даусында жасандылықтың тіптен болмауы, яғни өзін-өзі ұстай білуі деп атайды. Ал, шынайы қорғаушының бейнесін Кони былай сипаттайды: «Ол өзін жалдаған кісінің құлы емес, оның әділетті жазадан құтылуына ниеттесті емес, ол сотталушы адамның досы, кеңесшісі, ақылшысы оның ұғымынша қорғауындағы адам тіптен де кінәлі емес, кінәлі болған жағдайда да соттың айыптауында емес»- деп сезінуі тиіс.
XVIII ғ соңы мен XIX ғ басы қоғамдағы феодалды-крепостниктік жүйенің күйзелісінің жақындауының белгілерімен, алғашқы социалдық реформалармен сипатталды. Бұл реформаларды жүргізу М. М. Сперанскийдің атымен тығыз байланысты. Заман риторикаға өзінің практикалық талаптарын қоя бастайды. Бұған жауап ретінде Сперанскийдің 1792 жылы Петербургтегі Александро-Невский монастырында бас семинарияда оқыған дәрістеріне негізделген «Правила высшего красноречия» деген еңбегі дәлел. Университеттерде шетте қалмады. Харьков университетінің алғашқы ректоры, академик Иван Степанович Рижский өзінің Санкт-Петербург училищесінде оқытушылық қызметпен айналысқан кездері жазған «Опыт риторики» деген еңбегі баршаға мәлім (1796), кейіннен бірнеше рет қайта басылып шығарылды.
«Ақыл-ойдың қуаттылығы мен сөздің қабілеттілігі»
Тараптардың жариялылығы, ауызша және жарыспалылығы ХІХ ғ. ресей заңгерлерінің сот тілмарлығының ерекшелігін анықтады, өйткені мұндай сот нысаны прокурордың, қорғаушының және сот төрағасының сендіре, ашық және түсінікті сөйлеуін талап етті. Сотта мұндай сөз сөйлеудің басты мақсаты - заңға жақын емес сот ант берген қатысушыларға түсінікті етіп жеткізу болды.
Осы кездің сот шешендері бір-бірінен сөйлеу мазмұнымен және сөйлеу нақышымен өзгешеленеді, бірақ сөз шешендігінің меңгерілуі мен өсуі барлығында да бірдей болатын. Ресей сот шешендігінің тарихы сот ділмарларының 2 тобын шығарды: рационалды тобы ( А. Ф. Кони, П. Н. Обнинский, В. Д. Спасович) мен сезімдік тобы ( Ф. Н. Плевако, Н. П. Карабчевский, С. А. Андреевский) .
ХІХ ғ. екінші жартысының заңгерлерінің кәсіби деңгейінің жоғарылығы сөзді ауызша және жазбаша игеру шеберлігімен ажырамас үйлесті. Көптеген атақты заңгерлердің сөздері көркем туынды ретінде қабылданды.
ХІХ ғ. екінші жартысының сот шешендерінің жақсы көретін әдістеріне - адамды сыйлау туралы пайымдаулар, адамгершілік туралы, заңдардың мағынасы туралы, моральдық принциптар туралы болды.
Революцияға дейінгі ресей адвокатурасында көптеген атақты сот шешендері болды, олар тек әйгілі қорғаушылар ғана болмай, сонымен қатар ірі табысты заңгер-ғалымдар, жазушылар, критиктер, либеральдық бағыттағы белгілі қоғам қайраткерлері болды.
Сот реформасынан кейін-ақ сот шешендерінің уркер тобы алға шықты: П. А. Александров, С. А. Андреевский, Н. П. Карабчевский, А. Ф. Кони, Ф. Н. Плевако, А. В. Лохфицкий, В. Д. Спасович, А. И. Урусов, Н. П. Шубинский және т. б. Сот құқығының тарихшысы Г. А. Джаншиев:
« Соншама дарынды, білімді және әділ, жаңа таныс емес сот өндірісін тез қабылдаған, сот ісін және сот атағын көтеруге тырысқан адамдар қайдан шықты?» - деп таңқалған.
«Сот шешендік онерінің майталмандары»
Сот шешендігінің кемеңгері Ф. Н. Плевако
Плевако Федор Никифорович (1842-1908)
Мәскеу университетін бітірген. Мәскеу сот палатасының ант берген өкілі ретінде тұрды. 40 жылдан астам қорғаушы болды.
Дарынды сот шешені. Бірте-бірте, сот отырысынан сот отырысына, өзінің сөйлеуімен таныла бастады. Іске мұқият дайындалды, істің жағдайларын терең зерттеді, дәлелдемелерді талдай білді және сотқа оқиғалардың ішкі мағынасын көрсете білді. Оның сөйлеген сөздері психологиялық тереңдігімен, өмірдегі даналылығымен, жатықтығымен және түсініктілігімен ерекшеленді. Адамдар арасындағы қиын қарым-қатынастарды, өмірлік қисындарды тыңдаушыларға түсінікті тілде жеткізе білді. Көптеген ірі процестерде өзін өткір және жүйрік айтыскер ретінде көрсетті.
«Адвокатура патшасы» В. Д. Спасович
Спасович Владимир Данилович (1829-1903)
1849 ж. Петербург университетінің заң факультетін бітірген. Бітіргеннен кейін қылмыстық сот палатасында шенеунік қызметін атқарды. 22 жасында халықаралық құқық кафедрасында магистрлік диссертациясын қорғаған. Педагогикалық жұмыспен айналысқан. Поляк жазушыларын орыс тіліне аударған. Ғалым-тарихшы К. Д. Кавелинмен жақын болып, соның ұсынысымен Петербург университетінің қылмыстық кафедрасын меңгерді. Дарынды криминалист, қылмыстық іс жүргізу саласында өзінің теориялық жұмыстарымен әйгілі, Спасович сол кездегі ең мықты деген қылмыстық құқық оқулығының авторы болған.
Спасович студенттер арасында зор құрметке иеленді. Оның дәрістері көптеген студенттерді баурады. Ол қылмыстық құқық пен іс жүргізу ғылымында жаңашылдық көзқараста болды, бірақ оны университет басшылығы жақтырмады.
1861 жылы алдыңғы ғалымдармен Петербург университетін тастап кетті. Адвокатурада 1866 жылдан бері. Саяси істер бойынша қорғаушы ретінде қатысты.
Александров Петр Акимович (1838-1893)
Петербург университетінің заң факультетін бітіре сала 1860 жылдан бастап 15 жыл бойы Әділет Министрлігінде әр түрлі қызмет атқарды. Мықты білім, қабілеттілігі мен дарындылығы оған қызметінде тез көтерілуге көмектесті: Петербург округтік соты прокурорының жолдасы, Псков округтік сотының прокуроры, Петербург сот палатасының прокурорының жолдасы, Үкімет Сенатының кассация департаментінің прокурорының жолдасы. 1876 жылы қызметіндегі келіспеушіліктерден кейін, оның бір іс бойынша баспасөз бостандығын жақтап сөз сөйлегені үшін, қызметінен кетіп, сол жылы адвокатураға келеді.
Қорғаушы ретінде Александров атақты «193» саяси ісіне қатысып өзіне назар аудартты. Бұл іс 1878 жылы Петербург округтік сотында жабық қаралған болатын. Қорғаушы ретінде Петербург адвокатурасының ең мықты қорғаушылары қатысқан болатын. Бұл істе әлі көпке танылмаған қорғаушы ретінде Александров өзінің ақыл-ойға салынған сөзімен, прокурормен сенімді жарыссөзімен қоғам назарын өзіне аудыртады. Көп ұзамай, бұл істен кейін, Петербург округтік сотында Вера Засуличтың ісі қаралған болатын. Бұл іс оның атын тек Ресейде ғана емес, шетелдерге танытты. Александровтың айтқан сөздері ант берген заседательдердің шешім шығаруына әсерін тигізгенін атап көрсету керек. Бұл сөздер сот шешенінің үлкен талантын, батыл екенін көрсетті. Өзінің мамандығын сыйлай отрып, ол өзінің сөздерінде сабырлы болатын.
Ол тыныш, сендіре, ішкі екпінмен сөйлейтін. Александров болашақ тамаша шешен бола тұра, ол тек өзінің шешендік өнеріне сеніп қоймай, сот алдындағы дайындыққа көп көңіл бөлетін. Ол өзінің сөйлер сөзін алдын-ала мұқият ойланатын.
Андреевский Сергей Аркадьевич (1847-1918)
Өте дарынды революцияға дейінгі қорғаушы. 1869 жылы Харьков университетінің заң факультетін бітіре сала Харьков сот палатасының прокуроры қарамағында сот лауазымына кандидат болды, Карачев қаласының сот тергеушісі болды, Казан округтік соты прокурорының жолдасы болды, онда өзін дарынды айыптаушы ретінде көрсетті.
1873 жылы А. Ф. Конидың қатысуымен, онымен қызмет бабымен жақсы қарым-қатынаста болатын, Петербург округтік соты прокурорының жолдасы болып ауысады.
1878 жылы патшалық әділеттілік Вера Засуличтің ісін қарауға дайындап жатқан болатын. Соттың құрамы мен айыптаушыға үлкен мән берілді. Әділет министрлігі атынан айыптаушы ретінде қатысуға - С. А. Андреевский мен В. И. Жуковскийге ұсынылған болатын. Бірақ екеуі де қатысудан бас тартады.
Андреевскийдің қорғаушы ретінде қатысқан бірінші ісінен бастап оған қылмыстық істер бойынша мықты қорғаушы атағын әкелді. Александровқа қарағанда, ол құжаттарды жан-жақты талдауға, алдын-ала тергеудің қорытындаларына көп көңіл бөлген жоқ. Нақты назар тек айыпталушының жеке басына, оның тұрмысына, оның қандай жағдайда қылмыс жасағанына аударады. Андреевксий айыпталушының әрекеттеріне психологиялық анализді терең, анық, ашық, сенімді беретін. Оны психологиялық қорғаудың шебері деп атауға болады.
Оның ерекшелігі ретінде - қорғау сөзіне көркем әдебиеттің әдістерін енгізуі. Адвокаттық қызметті өнер ретінде қарастырып, ол қорғаушыны «сөйлейтін жазушы» дейтін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz