Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы

Бітіру жұмысы

ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ
МЕН КЕЛЕШЕГІ

Орындаған 4-курс студенті _________________

Ғылыми жетекші _________________ Бюжеева Б.З.

т.ғ.к., доцент

Норма бақылаушы _________________ Бюжеева Б.З.

т.ғ.к., доцент

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді _________________Черных И.А.

т.ғ.д., доцент

Алматы,2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

1.1 Екі ел арасындағы қатынастардың кейбір тарихи
астары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

1.2 Қазақстан мен Ресей өзара қарым-қатынастарының құқықтық

негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ІІ ТАРАУ ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

2.1 Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен
мүдделері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

2.2 Екі елдің қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастығы
... ... ... ... ... ..32

ІІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

3.1 Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қарым-қатынастарының дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

3.2 Инвестиция - экономикалық қатынастарды нығайтудың кепілі ... ..41

3.3 Ресей мен Қазақстан қатынастарының қазіргі жағдайы, мәселелері мен
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...49

СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..53

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 63

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан
бастап тұрақтылықты және қауіпсіздікті, өзара сыйластық пен егемендікті
сақтау, басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласпау, аймақтық және ғаламдық
қауіпсіздікті сақтау механизміне, еуразиялық кеңістікте интеграция құру
қағидаларына негізделген сыртқы саясат жүргізуде.

Мемлекет басшысының айтуы бойынша Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі
принциптері белсенділік, көпжақтылық, прагматизм, диалог және көпжақты
ынтымақтастық қағидалары болып қала береді. Бұл ең алдымен өзара достық,
ынтымақтастық орнататын және республика қауіпсіздігін нығайтуға кепілдік
бере отырып оның әрі қарай дамуына ықпал ететін әлемнің көптеген елдерімен
қарым-қатынастар орнату болды. Сол ретте Қазақстан Республикасының сыртқы
саясатындағы маңызды бағыттардың бірі – көршілес Ресей мемлекетімен
ынтымақтастығын дамыту еді.

Тіпті, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар өздерінің бастауын сонау
XVI ғасырдан алып бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Екі халықтың
тарихы және түрлі саладағы ынтымақтастығы тығыз байланыста дамуда.

Екі ел де өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін бұл байланыстар ауызбіршілік
пен нағыз достыққа негізделген дәстүрлі байланыстарға айналды, өйткені екі
елдің серіктестіктің түрлі саласында мақсаттары мен мүдделері бір.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына арнаған Қазақстан-2030 бағдарламасында Қазақстанның тәуелсіздігі
мен аумақтың біртұтастығын сақтаудың бірден-бір маңызды жолы – ол өзімізге
жақын, әрі көршілес ірі держава Ресеймен өзара сенімділікке және тең
құқықты қағидаға негізделген қарым-қатынастарды нығайтып, дамыту екендігін
атап көрсетсе [1], ал, Ресей бұрынғы Президенті В.В.Путин де екіжақты
қатынастардағы қол жеткізген табыстарды саралай отырып, Ресей-Қазақстан
арасындағы стратегиялық серіктестіктің қалыптасып, дамуына аса үлкен мән
беретіндігін айтты [2].

Сол себепті де, екі ел арасындағы қатынастар мәселесін зерттеу,
бүгінгі таңда тек ғылыми жағынан ғана емес, сондай-ақ өркениетті дамуға
ұмтылған жас тәуелсіз мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасы
үшін саяси-экономикалық және қауіпсіздік тұрғысынан өте маңызды.

Жаһандану жағдайында адамзатты қамтамасыз ететін экономикалық,
әлеуметтік, мәдени-ақпараттық орталар өзгеріске түседі. Бір жағынан
мемлекеттер арасындағы өзара тәуелділіктің артуына, олардың ұлттық
мүдделерінің тәжірибе жүзінде барлық өлшемдерінің жүзеге асуына, ал екінші
жағынан өзінің көп қырлы сипатына, әлемдік қауымдастықтағы теңсіздіктің
дамуына бастайды.

Халықаралық деңгейде болып жатқан өзгерістер Қазақстан мен Ресей
халқының арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастықтың кең көлемде дами
түсуіне түрткі болғандай. Халықаралық жағдайды түсініп, еркіндіктің,
қауіпсіздіктің, бейбіт ынтымақтастықтың және екі ел арасындағы, екі елдің
азаматтары арасындағы достық байланысты күшейту үшін Қазақстан мен Ресей ел
басшылары мемлекетаралық қатынастағы бір-біріне деген сенімділікке жағдай
жасаудағы барлық шараларды қолдауға тырысуда.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сан-саладағы
екіжақты қатынастың нығая түсуі, еуразиялық қауымдастық келешегінің беки
түсуіне жағдай жасайтындығы күмән тудырмайды.

Қорытындылай келе, тақырыптың өзектілігі қарқынды дамып келе жатқан
ғаламдық және аймақтық өзгерістер жағдайында, сондай-ақ екі мемлекеттің
екіжақты қатынастарға стратегиялық тұрғыда назар аударуының күшеюі
жағдайында РФ мен ҚР арасындағы қатынастардың басты бағыттарын,
ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен болашағын зерттеудің қажеттілігіне
негізделген.

Зерттеудің нысаны ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан-Ресей қарым-
қатынастары: мәселелері мен келешегі болып табылады.

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
ынтымақтастығының даму деңгейін анықтып, екі ел арасындағы байланыстардың
тарихи дамуынан көріністер, саяси-экономикалық, қауіпсіздік саласындағы
байланыстарын ашып көрсете отырып, екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері мен
болашағына көңіл бөлінуінде болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы
арасындағы қалыптасқан ынтымақтастықты жан-жақты зерделей отырып, екіжақты
қарым-қатынастардың даму мүмкіндіктеріне, туындап отырған мәселерге,
олардың шешілу жолдарына және келешегіне сараптама жасау.

Осы мақсатқа жету барысында мынандай міндеттер қойылды:
- Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының қалыптасу тарихына, қазақ
халқы мен орыс халқының ортақ тағдырының қалыптасуына және тарихи
себептерге байланысты пайда болған ұлтаралық мәселелерге талдау жасау;
- Екі ел арасындағы қатынастардың құқықтық негізіне сараптама жасау;
- ҚР мен РФ ынтымақтастығының екі елдің саяси және экономикалық дамуына
ықпалын және екі елдің қауіпсіздік саласындағы өзара стратегиялық
мүдделерін анықтап, сараптама жасау;
- Сауда-экономикалық салада Қазақстан мен Ресей қатынастарының шеңберін
нақтылап, оның тиімділігін анықтау;
- Инвестиция саласындағы өзара ынтымақтастықтың тиімділігіне сараптама
жасау;
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері ХХІ ғасырдың басынан бүгінгі
күнге дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысындағы міндеттерді
орындау үшін келесі топтарға біріктіруге болатын кең ауқымды дерек көздері
пайдаланылды.
Деректердің бірінші тобын екіжақты және көпжақты сипаттағы дипломатиялық
құжаттар, мемлекет деңгейіндегі заңдар құрайды [3-18]. Бұл құжаттардың
көмегімен қатынастардың қағидалары анықталып, байланыстардың жағдай мен
дамуы туралы мәліметтер алуға болады. Ресей мен Қазақстан арасындағы
тәуелсіздік жылдарынан бүгінгі күнге дейін қол қойылған жекелеген екіжақты
келісімдер мен декларациялар саяси және экономикалық қатынастардың даму
барысын қадағалауда мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың басым жақтарын
көрсететін нақты да анық ақпарат көздері болып табылады. Аталған
дипломатиялық құжаттарды зерттеу ресми құжаттар деңгейінде Ресей мен
Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қатынастарының сипаты мен даму барысын
сараптауға үлкен мүмкіндіктер тудырды.
Деректердің екінші тобына Ресей мен Қазақстан президенттерінің еңбектері,
сөйлеген сөздері мен сұхбаттары жатқызылды. Бұл дерек көздерінде мемлекет
басшыларының аймақтық саясаттағы ұстанымдары мен түрлі мәселелерге қатысты
саясаттарының өзіндік көзқарастары көрініс тапқан. Сонымен қатар жұмыстың
мақсатын ашу барысында елдердің сыртқы істер министрлері мен елшілерінің
сөйлеген сөздері мен еңбектері де қолданылды [19-31].
Деректердің үшінші тобын зерттеу жұмысының тақырыбына тікелей байланысты
мәселелерді қамтушы бұқаралық ақпарат құралдарының, мерзімдік басылымдардың
және ақпарат агенттіктерінің материалдары [32-50] құрайды. Жұмыста әсіресе
қазақстандық және ресейлік басылымдардағы ақпараттардың кең қолданысы орын
алады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда Қазақстанның сыртқы
саясаты кең ауқымды саяси қызығу нысанына айналды. Оның ішінде бұрынғы
аймақ мемлекеттерімен тарихы ортақ және тағдырлас Ресей мемлекетінің Кеңес
Одағы күйрегеннен кейін Орталық Азияда жүргізген саясаты мен ынтымақтастық
мәселелері бірқатар зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды. Қазақстан-
Ресей қатынастарына арналған әдебиеттерді үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа қазақстандық авторлар: М.Шайхутдиновтың [51],
М.Лаумуллиннің [52], Т.А. Тұрсынбаевтың [53], К.Сыроежкиннің [54]
еңбектерін жатқызуға болады. Бұл ғалымдар өз еңбектерінде Ресей мен
Орталық Азия елдері арасындағы қарым қатынастарына, Ресей-Қазақстан
ынтымақтастығының даму барысына, бүгінгі күнгі жағдайына, Қазақстанның
сыртқы саясатының және қауіпсіздік мәселелеріне жан жақты талдау жасаған.
Ресей мен Қазақстан қарым-қатынастарына арналған ғылыми зерттеу
диссертациялары қорғалған. Атап айтқанда Б.Сомжүрек [55], Т.А.Тұрсынбаев
[56], Р.М.Тұрарбекова [57].

Т. Мансұровтың [58] еңбектерінің Ресей мен Қазақстан қарым-
қатынастарының даму барысын, сауда-экономикалық және саяси байланыстардың
сипатын, екіжақты қатынастарда орын алған мәселелер мен олардың шешілу
процесі кеңінен талқылауда маңызы зор болды. Еңбектерде екі ел арасындағы
саяси және экономикалық қатынастардың құқықтық негізіне толық сараптама
жасалып, маңызды шешімдердің қабылдануына әсер еткен жағдайларға талдау
берілген.
Қазақстандық ғалым М. Шайхутдиновтың [59] жұмысында ресейлік орталық
азиялық бағыттағы саясатының қалыптасу барысына сыни көзқарастар жазылған.
Еңбекте автор Орталық Азия аймағында қалыптасқан саяси шындық пен қазіргі
таңда белең алған көзқарастар мозаикасының арақатынасы сарапқа салынған.
Ұсынылған жұмыста Ресейдің тарихшылар, саясаткерлер, шығыстанушылар мен
мәдениеттанушылар арасында кеңінен тараған түрлі түсті көзқарастардың
көрінісі болып табылатын соңғы жылдардағы мақалалар мен еңбектерге шолу
жасалған.

Қазақстан-Ресей арасындағы қатынастары мәселелерін, Орталық Азиядағы
Ресей мүдделерін түсінуге Ж.Ибрашевтың [60], Ф.Кукееваның [61] еңбектері
мүмкіндік береді.

Отандық зерттеуші М. Ашимбаевтың [62] еңбегі Орталық Азиядағы әлемдік
державалардың геосаяси, экономикалық мүдделері мен стратегияларын ашуға
бағытталған. Әсіресе күштер орталығы арасында шиеленісе түскен бұл
аймақтағы Ресейдің ықпал етуін сақтау мақсатында құрған стратегиясының
негізгі бағыттары анықталады. Сонымен қатар Ресей мен Орталық Азия
мемлекеттерімен ынтымақтастығы жолында кедергі келтіруші нақты мәселелер
жұмыста жан-жақты сарапталып, Ресейдің сыртқы саяси басымдылықтары Орталық
Азия мемлекеттерімен тұрақты қарым-қатынастар орнатуға бел байлауының басты
себептері айқындалған.

Соңғы жылдары Қазақстан-Ресей қатынастарының проблематикасына көп көңіл
бөлінуде: 2006 жылы ҚР тұңғыш Президенті жанындағы Әлемдік экономика және
саясат институтында қазақстандық және ресейлік мамандардың қатысуымен
халықаралық конференция болып өтті және Е.Булегенованың [63], А.Смирнованың
[64] еңбектері басылып шықты.

Сондай-ақ қазақстандық туындылардың ішінде Б.Сұлтановтың [65] басқаруымен
басылып шыққан Орталық Азиядағы саяси үрдістерге, ортаазиялық ғалымдардың
халықаралық жағдайға берген бағалары туралы баяндалған туындыны атап өтсе
болады.

Халықаралық қатынастар саласындағы ынтымақтастық тақырыбына қалам тартқан
ғалымдардың да ғылыми мақалаларын зерттеу жұмысын жазу барысында
пайдаландық. Атап айтқанда, К.Н.Макашева [66], С.Ж.Сапанов [67], И.А.Черных
[68], А.Р.Әліпбаев [69], Б.М.Балаубаева [70] және т.б.

Әдебиеттердің екінші тобына ресей авторларының туындылары жатады.
Зерттеу тақырыбын ашуда бірқатар ресейлік авторлардың еңбектерін пайдалану
Ресейдің Қазақстандағы мүдделері мен өзара байланыстардың тиімділігін
тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Қазақстан-Ресей қатынастарына ресейлік авторлар да өзіндік баға береді.
Атап айтар болсақ, И.В.Вовк [71-72] еңбектерінде посткеңестік бірінші
онжылдықтағы Қазақстан-Ресей қатынастары, сондай-ақ Ресейдің Орталық
Азиядағы геосаяси мүдделері баяндалған.

Ресейдің бұрынғы президенті В.В.Путиннің Шығыс бағыттағы саясаты және
Үлкен Шығысқа Ресейдің қайтып оралуына С.Г.Лузяниннің [73] еңбегінде
талдау жасалынған.

Ресей мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы экономикалық ынтымақтастық
тақырыбына Э. Ивановтың [74] еңбегі арналған. Жұмыста Ресейдің Орталық Азия
мемлекеттері арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуының
тарихи алғышарттары мен ерекшеліктері анықталған. Сонымен қатар автор
жекелеген аймақ мемлекеттеріндегі экономикалық мүдделерін ашуға және
Ресейдің Орталық Азия мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынастарының
динамикасы мен құрылымына назар аударады. Еңбекте көрсетілген посткеңестік
кезеңде әлсіреп кеткен экономикалық байланыстарды белсендіру жолдары мен
экономика саласындағы ынтымақтастыққа жағымды әсер етуші факторларды
сараптаудың маңызы зор болды.
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
С.Луневтің [75] еңбегінен табуға болады. Автор еңбегінде посткеңестік
кезеңдегі аймақта орын алған қайшылықтар мен қақтығыстарға және елдердің
экономикалық дамуы мен Ресеймен байланыстарына тоқталады. Автордың
Қазақстан Республикасындағы Ресейдің жекелеген сыртқы саясатының даму
барысын сарапқа салуы мен өзгерістерін нақтылауы зерттеу тақырыбын ашуда
көмегін тигізді.
Ресей авторларының бірі А.Грозиннің [76] еңбегі Ресейдің Орталық
Азиядағы және Қазақстанда болуын, оның мақсаттары мен мүдделерін жан-жақты
зерттеуге арналған. Оның еңбегі екі жақты саяси қатынастарға Ресейдің
Қазақстанда ұстанған мүдделеріне сараптама жасауға үлкен мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, В.Евсеевтің еңбектерінің екі ел қатынастарын зерттеуде
маңызы зор. Автор еңбегінде Ресейдің Қазақстандағы мүдделеріне, оның
стратегиялық мақсаттары мен Қазақстанның геосаяси маңыздылығына тоқталады.
Автордың еңбегі зерттеу тақырыбын ашуға, Ресейдің Орталық Азиядағы ролініне
сараптама жасауға үлкен мүмкіндік береді [77].
Әдебиеттердің үшінші тобына шетелдік авторларды жатқызуға болады.
Атап айтар болсақ, посткеңестік Орталық Азия мәселелерін зерттеумен
айналысатын американдық маман М.Олкоттың [78] ғылыми тұжырымдамалары
этникалық мәселені түсінуде пайдасы зор болса, С.Хантингтонның [79] еңбегі
жалпы халықаралық қатынастар жүйесіндегі геосаясат және геостратегия ұғымын
түсінуге мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі.
- Екі жақты қарым-қатынастың саяси, экономикалық және гумнитарлық
салаларда дамып-өрбуінің деңгейін, өсу динамикасын, факторлық сипатын,
нәтижесін, болашағын анықтаудағы, саралау, талдау әдісі;
- Қазақстандық-ресейлік байланыстардың халықаралық аренадағы орны мен
аймақтық дәрежедегі әлемдік даму үрдісіне қосып отырған үлесін
анықтайтын салыстырмалық тәсілі. Бұл тәсіл Қазақстанның басқа елдерге
қарағанда сыртқы саясатының ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді;
- Күнделікті баспасөз беттеріндегі материалдар негізінде Қазақстан
Республикасының жекелеген елдермен қарым-қатынасының орнауы, дамуы
және екі жақтағы қатынастардағы келеңсіз жағдайлар тудыратын
факторларды анықтап, мәнін ашуда бақылау және қадағалау әдісі;
- Екі жақты қатынасты зерттеуде негізінен деректік сипаттағы мемлекет
қайраткерлерінің сөздерін, олардың саяси мәні бар баяндамаларын және
екі ел арасында жасалған келісімшарттардың, хаттамалардың мазмұндарын
саралауда қолданылатын контент анализ әдісі.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың жаһандану жағдайында қалыптасуы мен
даму барысы, мәселелерінің болашағы жүйелі түрде талқыланды. Қазақ-орыс
халқының екі ел қатынастарында алатын орны мен маңызы зерттелді.
Екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әскери және қауіпсіздік
саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалып, сипаты мен
ерекшеліктері, болашақтағы мүмкіндіктері анықталды.
Екі мемлекеттің арасындағы саяси, экономикалық және қауіпсіздік
саласындағы байланыстың негіздерін көрсететін кең көлемді құжаттар мен
материалдар ғылыми айналымға енгізілді.
Зерттеу жұмысының қолданыстық маңыздылығы оның өзектілігі мен
қолданбалы сипатымен тікелей байланысты. Зерттеу жұмысының материалдары ҚР
сыртқы саясатын зерттеушілерге, РФ-ның ҚР-дағы саясатын зерттеуге
қызығушылық танытқан мамандарға маңызы зор. Сонымен қатар, зерттеу
жұмысының негізгі жағдайларын халықаралық қатынастар, аймақтану
мамандықтарының оқу процесінде, жоғары оқу орындарында оқу курстарын
жасауда пайдалануға болады.
Қорғалуға ұсынылатын тұжырымдамалар:
1. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы ерте
кезеңнен бастау алады. Бастауын ерте заманнан алып отырған екі ел
арасындағы қатынастар түрлі кезеңнен өтіп, қазіргі кездегі
мәселелердің себебі болып отырған үрдістер сол кезеңде қалыптасты.
Екіжақты қатынастардағы тарихи қалыптасқан мәселелердің бірі – орыс
және қазақ диаспораларының бүгінгі күнгі жағдайы.
2. Қазақстан Республикасы батыс пен шығысты байланыстыратын көпір
болып табылады. Аталған елде көптеген әлемдік державалардың
мүдделері түйіскен. РФ-ның мұндағы позициялары келесі факторларға
негізделген: тауар шығаратын нарық, Орталық Азиядан (ланкестік, діни
экстремизм, сепаратизм және т.б.) төнген қауіпке қарсы плацдарм,
шикізат көзі, аймақтағы ықпалын сақтап қалудың бірден бір жолы
ретінде қарастырады. Ресей үшін бұл аймақтың маңыздылығы мұнаймен
емес, Каспийде үстемдік орнатуға негізделген. Ал, Қазақстан үшін РФ
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден бір жолы.
3. Ресей Федерациясының билігіне В.Путин келгеннен кейін Қазақстан
мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. В.Путиннің
Қазақстан-Ресей қатынастарына деген көзқарасын зерттеу барысында үш негізгі
кезеңді қарастыруға болады.
4. Екі мемлекет арасында еркін сауда қатынастары қалыптасқан. Оны
екі ел арасындағы тауар айналымының жылдан-жылға өсіп келе жатқандығынан
көруге болады. Екі жақтың да мүдделері ортақ сауданы кеңейтуге бағытталған.
Ресей Федерациясы дәстүрлі түрде Қазақстанның экспорт пен импорттағы басты
серіктесі болып отырғандығын атап өту керек.
Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы өсіп жылдан-жылға өсіп келеді.
Оған төмендегідей факторлар өз әсерін тигізеді: екі мемлекеттің
кәсіпорындарының салааралық байланысының дамуы, ортақ кәсіпорындар ашу және
қазақстандық, ресейлік компаниялардың филиалдарын ашу және т.б. Сондай-ақ
экономикалық қатынастардың жеткілікті түрде дамымауына кейбір жағдайлар
кедергі келтіруде: өзара саудада антидемпингтік және қорғау шараларын
қолдану, екі мемлекеттің өзара сауда қатынасындағы экспорт пен импорттың
тиімсіз құрылымы және т.б.
5. Қазақстан мен Ресейдің интеграциялық қатынастарын одан әрі терең
дамыту, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудегі
маңызды фактор екі елдің инвестициялық ынтымақтатығының дамуы болып
табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестициялық белсенділік қазіргі
таңда энергетика, энергия тасымалдаушыларды өндіру және оны тасымалдау
саласында ерекше дамып отыр.
Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың дамуына
келесі факторлар өз әсерін тигізді: шетел инвестицияларын тартылуын
қадағалайтын нормативті-құқықтық базаның құрылуы, банк саласында екі
мемлекеттің байланысының артуы, экономиканың нақты саласында өзара
жобаларды іске асыру және т.б.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан
тұрады.

І ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

1. Екі ел арасындағы қатынастардың кейбір тарихи астары

Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар түрлі тарихи кезеңдерден
өтті. Егер бастапқыда Қазақстан-Ресей қатынастары Ресей империясының
құрамында дамып келсе, кейін КСРО ның біртұтас-федеративті саяси-
административті құрылым жағдайында болды, қазіргі таңда екіжақты
қатынастардың деңгейі - екі тең тәуелсіз мемлекеттер ҚР мен РФ
ынтымақтастығы болып табылады.
Осы орайда, XVII-XVIII ғасырлардан бері қарайғы Қазақстан мен Ресей
қатынастарын, яғни қазақ жеріне Ресей империясының кіруінен бастап
қарастырып көрейік. Себебі дәл осы кезеңнен бастап Ресей Федерациясының
территориясының Мәскеуден Тынық мұхитқа дейін қазақтар қоныстанған
жерлермен жанаса кеңеюі басталады. Бұл өз кезегінде, Ресей Федерациясының
шеткі аймақтарға қатысты сыртқы саясатының қалыптасу заңдылықтарын
анықтауға мүмкіндік береді.
Ең алдымен бұл кезеңдегі Ресейдің мүддесі - Каспий теңізінде өз
ықпалын сақтап қалу болды (1813 жылғы Гулистан келісімі Ресейдің Каспий
теңізінде әскери флот иеленуіне мүмкіндік берді), осыған орай Қазақстан
шекаралық зона және табиғи ресурстардың көзі ретінде стратегиялық маңызға
ие бола бастады. Сол кездегі Ұлыбританияның әлемдегі ірі отарлы империя
болуы, оның Ресеймен бақталас жағдайында болуы Ресейді ықпал ету
территориясын кеңейтуге, яғни оңтүстікке Қазақстан территориясына жылжуына
итермеледі.
Патшалық Ресей тек құрлықтағы отарлық держава болғандықтан, оның
территорияны кеңейтудегі мүдделері шеткі территориялар есебінен
қанағаттандырылды. Ресей империясы жаулап алған территорияларға жергілікті
билікті басқару жүйесінде қалдыру арқылы ықпал етті. Алайда, олардың
қайшылыққа толы мүдделері үнемі соғыс жағдайына алып келіп отырды. Мұндай
жағдай қазақ хандарына да тән болды.
XVII-XVIII ғасырлардан бастап даланы әскери бағындыру кезеңінде Ресей
саясаты отарлық сипатқа ие бола бастайды. Түрлі бекіністер салынып,
ресейлік басқару жүйесі енгізіледі. Осылай Қазақстан территориясында орыс
диаспорасының қалыптасу үрдісі жүрді. Мысалы, егер 1870 жылы славяндар саны
245,9 мың болса, 1897 жылы 539,7 млн.ға жетті. Қарқынды түрде әскери
отарлық аппараттар, казактар әскері және ресейлік басқару жүйесі енгізілді.
Патшалық бөліп ал да, билей бер қағидасын басшылыққа алады. Ханның
билігінің әлсіреуіне, қазақтардың этно-территориялық біртұтастығының
бұзылуына әсер етеді. Сонымен қатар, далалы аймақты қазақ емес көшіп
келушілер есебінен жаулап алу басталады. Бұл өз кезегінде сұлтандардың,
көшпелі халықтың наразылығын тудырады. Алайда, аталған кезеңде көшіп келуші
халықты тек қана орыс халқы деп үзілді-кесілді айтуға болмайды, олардың
арасында башқұрттар, татарлар, қалмықтар болды. Осыған орай, атап өту
қажет, казак әскери табы тарихи-мәдени және этнодемографиялық үрдістің
ажырамас бөлігі болып табылады. Түркі және финдық-угор халықтары орыстар,
белорустар, украиндықтар тарапынан ассимиляцияға ұшырады, олар бастапқыда
орыс тілді Ресей империясының қол астындағылар болса, кейін орыс халқының
ажырамас бөлігіне айналды.
Жалпы, Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарындағы көптеген
халықтың тағдырының түйісуі халықтың тілдік жағдайының күрделенуіне алып
келді. Мысалы, Ресейдің оңтүстік бөлігі ұзақ жылдар бойына түркі тілінде
сөйлеп келсе, Қазақстанның солтүстік бөлігі орыс тілінде сөйлескен.
Келешекте орыстардың саны жаңа бекіністерді, бекеттерді, окургтік
аймақтарды, шекаралық бекеттерді салу есебінен көбейді. Нәтижесінде, XVIII
ғасырда Ертіс өзенінің бойында бекіністердің саны көбейіп, Омск, Семей,
Өскемен сияқты ірі қалалар қалыптасты. Орыстардың Қазақстан территориясын
жаулап алу белсенділігі ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында байқалады, яғни патша
үкіметі хандық билікті толық жойып, басқарудың территориялды - әкімшілік
жүйесіне өткеннен кейін. Ресейдің ішкі аймақтарынан тұрғындардың миграциясы
ХХ ғасырдың бастапқы онжылдығында күшейе түсті. Столыпин реформасы
кезеңінде 1906-1910 жылдары Ресейден, Белоруссиядан, Украинадан шаруалардың
жаңа көлемді миграциясы болды. Осы оқиғалардың нәтижесінде 1915 жылы
Қазақстандағы славян халқының саны 29 пайызға өсті. Осы кезеңнен бастап
республикадағы этнодемографиялық үрдістерде орыс факторы маңызды роль
атқара бостайды.
Кеңес Одағы билікке келгеннен кейін Қазақстан халқының құрылымы тағы
да өзгеріске ұшырады. 1930 жылдардағы жаппай ұжымдастыру салдарынан
көшпенді халықты күштеп отырықшы шаруашылыққа ауыстырды. Атақты қазақ
демографы М.Тәтімовтың есебі бойынша осы кезеңде қазақтар 49 пайызға
қысқарды, 15 пайызы шетелге қоныс аударды [80]. Солтүстік аймақта жағдай
тіпті ауыр болды. Бұл жерде қазақтар жалпы санының - 70 пайызынан,
оңтүстігінде - 50 пайызға, батыс аймақта – 65 пайызға қысқарды. Осылай,
қазақтардың санының қысқаруы славян халқының санының қазақ халқының санынан
артуына алып келді. 1939 жылы сәйкесінше 40,3% және 38% құрады [81.].
Жалпы, жоғарыда келтірілген статистикаға сәйкес, Қазақстанның
Солтүстік, Шығыс, Батыс аймақтарындағы этнодемографиялық құрылымында
қазақтардың санының қысқаруы, бірнеше ғасырға жалғасқан Ресейдің ішкі
аймақтарынан халықтың қоныс аударуымен тығыз байланысты. Аталған кезеңде,
Қазақстанда орыс халқының болу факторы Ресей үшін отарлаудың басты құралы
болды.
ХХ ғасырдың басында Ресей империясы Австро-Венгрия, Осман империясы
сияқты құлдырауға ұшырап 1917 жылы Кеңес үкіметі орнады. Бұрынғы Ресей
империясының халықтарын біріктірген Кеңес Одағы идеологиялық біріктірілген
ұйым болды. КСРО-ның ядросы көп жылдар бойына Ресей Федерациясы және орыс
халқы болды, ал олардың атынан басқарған одақтық олигархия Коммунистік
партия болды. Бірақ Кеңес Одағының құрамында болған жылдары Қазақстанның
тәуелсіздік алуына кейбір алғышарттар жасалынды: шекарасы қалыптасты,
халықтардың бүгінігі бірлігі сол кезде қалыптасқан еді.
Кеңес билігі кезеңінде Қазақстан А.Байтұрсыновтың айтуы бойынша
қуыршақ мемлекеттің құқықтарын иемденген жариаланған мемлекеттік
егементік алды. Қазақ ССР-нің құқықтарының шектелуіне қарамастан,
республиканың әлеуметтік-саяси, экономикалық сипаттағы даму мәселелері
орталықтан шешілді, одақ кезінде Қазақстан саяси қатынастардың егеменді
субъект статусын иемденді. Кеңес билігі кезеңінде қазақ жері алғаш
біріктірілді. Халықтар достығы кеңес қоғамының үлкен жеңісі болды,
халықтардың ынтымақтастығы мен өзара көмек тұтас мемлекеттің және жеке
одақтас республикалардың дамуының ажырамас бөлігіне айналды. Сондай-ақ
орталықтанған экономикалық және бюрократиялық басқару жүйесі жағдайында
республиканың мүдделері есепке алынбады. Халықтың унификациясы жүргізілді,
халықтық санасына кеңес халқы атты тұжырым құйылды. Одақтас республикалар
арасындағы іртұтас халықшаруашылығы кешені және социалистік еңбек бөлінісі
қағидасы өндірістік күштердің, халық шаруашылығының біржақты дамуына алып
келді. Қазақ ССР-нің ірі өндірістік серіктесі РСФСР болды, оған барлық
өндірістің 70 пайызы келді.
Кеңес Одағының ыдырауы, халықтардың біртұтастығының және орыс этносы
ұғымының дағдарысқа ұшырауы, кеңестік экономиканың құлдырауы және
тәуелсіздік парады социализмді жеңген елдің заңды құлдырауы болды.
1991 жылы Ресей Федерациясы КСРО-ның ізбасары ретінде біртұтас
мемлекеттен демократиялық федеративті мемлекет құру жолына түсті. Ресей
Федерациясының алдында Еуразиялық халықтың өзара байланысын есепке ала
отырып бұрынғы кеңестік мемлекеттермен халықаралық қатынастарды қайта
жаңғырту мәселесі тұрды.
Сонымен қатар, Ресейдің ұлттық, аймақтық және ғаламдық мүдделері
концепциясы бірнеше рет өзгеріп, түрлі даму кезеңдерден өтті, еуропалық
халықтың бірлігі ұғымын есепке ала отырып Еуропа және Батыс елдерімен
интеграциялану біржақты бағытынан, геосаяси шындықтарды ескере отырып
көпжақты сыртқы саясатқа дейін түбірімен өзгерді. 1990-жылдардағы Ресей
элитасының Ресейдің қоршалуына алып келген пессимистік көзқарасы, оның
ұстанымдарының сыртқы аренада ғана емес, посткеңестік кеңістікте әлсіреуіне
алып келді, алайда билікке келген жаңа басшылықтың саяси ұстанымдары бұл
жағдайды түбірімен өзгертті. Сәйкесінше, Ресейдің сыртқы сясатының
шашыраңқы бағыттарының орнына, жақын көршілес мемлекеттермен ынтымақтастық
орнату қажеттілігі туындады. Себебі, Ресейде бұрынғы Кеңес мемлекеттерімен
саяси, экономикалық және гуманитарлық саладағы қайта интеграцияланудың
маңыздылығын түсіне бастады. Ресейдің сыртқы саясат саласындағы мамандары
Ресейдің посткеңестік республикалармен интеграциялануының 1990-жылдары
жинақталып қалған саяси, экономикалық және гуманитарлық саладағы
мәселелерді шешуде мыңыздылығын баса айта бастады. Осы жағдайларда, Ресей
саясатының маңызды мақсаты посткеңестің кеңістіктегі елдермен ТМД
шеңберінде және екіжақты ынтымақтастық шеңберінде интеграция құру болып
табылады. Осы бағытта халықтардың ұлттық дәстүрлерін, тілін және мәдениетін
дамытуда және екі ел арасында біртұтас ақпараттық-байланыс, ғылыми-
ағартушылық және мәдени-тілдік кеңістікті, иммиграциялық саясатты бірлесе
жүргізуде ынтымақтастықтың гуманитарлық аспектісі шешуші роль атқарады.
2005 жылы Ресей ТМД елдері арасында мәдени, ғылыми, білім, ақпарат,
спорт және туризм саласындағы байланыстарды дамытуға бағытталған
гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға шақырды. Аталмыш
келісім шеңберінде ТМД мүше мемлекеттеріне гуманитарлық салада ресурстарды
бірлесе қолдануда олардың мүдделерін қорғау үшін ТМД елдерінің
гуманитарлық ынтымақтастығы жөніндегі Кеңес құру туралы ұсыныс жасалынды
[82]. Гуманитарлық саладағы Халықаралық қауымдастық қорын құру туралы
жоспарда Ресейдің ерекше ролін атап өтуге болады. Сонымен, гуманитарлық
саладағы ынтымақтастық посткеңестік кеңістік елдермен білім, ғылым,
мәдениет және ақпарат саласындағы қатынастарының дамуына әсер ететін
Ресейдің аймақтық саясатының басты бөлінбес бөлшегі болып табылады.
Әсіресе, гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтық жарқын мысалы
Қазақстан мен Ресей арасындағы достықтан байқалады, бұл жерде екі елдің
мақсаты халықтарының мүдделері мен құқықтарын сақтауға, қалыптасқан
байланыстарды сақтауға, табиғи көршілес достық қатынастарды орнатуға
бағытталған. Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының тарихы тереңде жатыр
және бай тарихи дәстүрлермен тығыз байланысқан. Бұл жағдай екіжақты
байланыстарды дамытуда негіз болып отыр.
Көп жағдайда, Ресей мен Қазақстанның гуманитарлық саладағы
ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты тарихтың, мәдениеттің және қазақ-орыс
халқының көп ғасырлық достықтың біртұтастығына негізделеді. В.В.Путиннің
айтуы бойынша біз артымызда бірнеше ғасырлар бойы біздің мәдени және
интеллектуалды байлығымызды қалыптастырған ортақ өмір, естелік, қандық
туысқандық негізінде байланысқан қазақ және орыс халқының ұрпақтары
тұрғанын естен шығармауымыз қажет [83].
Алайда, бұл жағдай саяси ерік-жігер мен екі елдің серіктестікке деген
ынтасы болмаса, Қазақстан мен Ресей халықтарының құқықтары қорғалмаған
жағдайда және ұлттық мүдделерін құрметтемеген жағдайда солып қалады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сенім және гуманитарлық
ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы, ортақ тарих, халықтар
арасындағы туынқандық сезім мәселелері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
сөздерінде жиі айтылатыны кездейсоқтық емес. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына жолдауында (2006ж.) Қазақстан-Ресей қатынастары сенімділік пен
стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейінде тұр. Ресейлік вектор –
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт болып табылады.
Дәл осылай Ресей Президенті В.В.Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы
ынтымақтастыққа оң баға береді. 2004 жылы Астанаға сапарында В.В. Путин
Ресей Қазақстанмен көршілік татулығын жоғары бағалайды. Біздің еліміз үшін
сіздің еліңіз – жақын серіктес, тіпті, жақын дос. Бұл шешуші және сенімді
іскер серіктес - деп атап өтті [83, 2 стр.]. Алайда, Қазақстан-Ресей
қатынастары ТМД кеңістігінде тұрақтандырушы фактор ретінде ынтымақтастықтың
жаңа деңгейіне көтерілсе де, екі ел арасында гуманитарлық саладағы
ынтымақтастықпен сабақтастыра қарастыратын шешімін таппаған мәселелер де
бар. Себебі, екі мемлекетте Ресей аймақтарында қазақ халқының, Қазақстанның
тұрғындары арасында орыс халқының болуымен байланысты ұқсас этносаяси
жағдай қалыптасқан. Сәйкесінше, Қазақстан мен Ресей олардың алдында
құқықтарын және мүдделерін қорғау саласында белгілі міндеттерге ие. Қазіргі
таңда екі мемлекетте де этносаяси жағдай жалпы тұрақты болғанымен,
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарына кері әсерін тигізетін тенденциялардың
пайда болу мүмкіншілігін жоққа шығаруға болмайды.
Осы орайда, Ресей Федерациясындағы қазақ халқының жағдайының және
Қазақстан Республикасындағы орыс тілді халықтың жағдайын зерттеу
гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың даму мәселесінде өзекті сипат алып
отыр.
Ресей Федерациясындағы қазақ халқын екіге бөліп қарастыру қалыптасқан –
оның біріншісі мемлекеттік шекараларды белгілеген кезде өзінің байырғы
жұртында тұрса да негізгі этникалық ортасынан бөлініп қалған қазақтар
болса, екіншісі, тарихи жағдайларға байланысты әр кезеңдерде көшіп барып
орнығып қалғандар.
Бірінші топқа ата-бабалары бірнеше ғасырдан бері тұрақтаған,
туылғанынан бері ресейлік болып табылатындарды жатқызуға болады. Екінші
топқа – кеңес кезінде диаспоралық қауымдастық құрған, кейінірек
Қазақстаннан Ресейге қоныс аударғандарды жатқызамыз. Қазақстанмен шекаралас
Ресей аймақтарындағы қазақ халқын автохномды деп айтуға болады. Себебі,
Төменгі Поволжье, Оңтүстік Урал, Оңтүстік-Шығыс Сібір әне Алтай аймағы
дәстүрлі түрде Кіші және Орта жүздің көшпенді халқының мекені болған.
Ресейдің бұл бөлігіндегі қазақтардың ғасырлар бойы мекен еткендігін тарихи
және мұрағат құжаттары дәлелдейді [84]. Сонымен қоса, географиялық-
шаруашылық территорияға байланысты қалыптасқан аталған қазақтардың
туысқандық жүйесі орта ғасырлардағы олардың көне мазарлары, өзендердің
қазақша атаулары, осы аймақтардағы қазақ халқының болуы бұл өңірдегі
қазақтардық автохондығын дәлелдейді. Ресейлік зерттеуші Е.Ларина айтқандай
олардың таралу территориясы (қазақтардың-автордың ескертуі) – Қазақстанмен
шектесетін Повлжье, Урал, Сібір, Алтай жерлері – қазақтардың дәстүрлі көшіп-
қону территориясы. Дәл осы өзбек қалаларынан солтүстікке қарай, Аралдан
оңтүстікке қарай жатқан еуразиялық далалардың тоғысының нақты шекарасы
болған жоқ [85].
Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймақтарындағы қазақ халқының
этнодемографиялық жағдайға әсері Қеңес Одағы кезеңінде шектеулі зерттеліп
келді және қазіргі таңда толығымен зерттелмеуде.
Алайда, қазақ халқының Ресей Федерациясын мойындауы және өздерін
автохонды ұлт ретінде мойындауы – саяси топтар және ғылыми топтар
арасында саяси мәселе болып отыр. Сондықтан, қазақтардың Ресей
Федерациясында болуын зерттеуде ресейлік және қазақстандық авторлар
ирредент ұғымынан гөрі диаспора терминін пайдаланады.
Ал, Ресейдегі қазақ диаспорасына келер болсақ, әсіресе, шекаралас
аймақтарда тұратын қазақтардың барлығы дерлік – осы өлкені ежелден мекен
еткен қазақтардың ұрпағы. ХХ ғасырдың басында Кеңес Одағы құрамындағы
республикалардың шекаралары белгіленген кезде жүздеген қазақ ауылдары РКФСР
аумағында қалып қойған болатын. Кеңес империясы ыдырағаннан кейін РКФСР
аумағында тұрған қазақтар Ресей Федерациясының азаматтарына айналды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жарияланған 90-жылдардың басындағы
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың (жұмыссыздық, ақылы оқу т.б.) күрт
адамдарды еріксіз қоныс аударуға мәжбүр етті. 1994-1997 жылдар аралығында
Ресейге сегіз мыңнан он мыңға дейінгі қазақтар қоныс аударған, ал 1998-2001
жж. аралығында бұл көрсеткіш ақырындап төмендеп қоныс аударушылар 4613
адамға азайды [86]. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі, Санкт-Петербург,
Астрахань және Омбы қалаларындағы Консулдық мекемелері Ресей аймақтарындағы
қазақ ұйымдарымен жұмыс істей отырып, әрі шекаралас облыс, елді-мекен
әкімшіліктерімен де тығыз ынтымақтастық орнатуда. Аз ұлтты халықтарға, оның
ішінде қазақ диаспорасына қатысты Ресей Федерациясында атқарылып жатқан
шаралар тікелей елдің конституциясы мен осы мәселе жөнінде қабылданған
халықаралық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда
Ресей аумағында қазақтардың 20-ға тарта ұлттық ұйымдары тіркелген. Олар
ұлттық салт-сананы жоғалтпау жолында өздері тұрып жатқан елді-мекендердің
ресми басшылығымен тиімді қарым-қатынас орнатуда. Осы ұйым жетекшілері
тұрақты түрде Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде бас қосып отырады. Әрбір
аумақтан келген ұйым өкілдері өзара тәжірибе алмасып отырады, сонымен қатар
Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық
жағдайларды сараптап, талдау жасайды.
Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің ақпараты бойынша,
қазақ диаспорасын ерекше алаңдатып отырған мәселелер мынандай: Қазақстанмен
мәдени-гуманитарлық байланыстар; шекараға жақын аймақтарға теле-радио
хабарларын, қазақ тіліндегі баспасөзді жеткізу, диаспора өкілдерінің
жастарына Қазақстан жоғары оқу орындарынан арнаулы орын бөлу; Қазақстан
театрлары мен белгілі өнер қайраткерлерінің гастрольдерін ұйымдастыру;
жазушы, ақын, мәдениет қайраткерлерімен кездесу; кітапханаларды қазақ
тіліндегі көркем әдебиет және оқу методикалық әдебиеттермен қамтамасыз
етуге көмек, диаспора өкілдерінің балаларын Қазақстан жеріне қазақы тілді
ортаға бейімдейтін жаздық демалыс ұйымдастыру. Осы мәселелерді шешуге
көмектесу, отандастарымыздың атамекенімен байланысты нығайтуға, ата рухын,
мәдениетін, тілін меңгеруге деген талпынытарына қол ұшын беріп, жоғарыда
аталған іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсету біздің парызымыз. Ұлт
саясатын жүргізу қазақ орыстардың, православие дінінің басқа ұлт өкілдеріне
қырын қарайтын кертартпалық саяси ықпалына да байланысты. Қазақ диаспорасы
тағдыры үшін аймақтағы қалыптасқан тарихи дәстүрлердің маңызы зор.
Сонымен айтар болсақ, жаһандану тұсында миллионға жетер-жетпес
ресейлік қазақтардың тағдыры қыл көпірдің үстінде тұрғандай, оларға жұтылып
кету қаупі нақты төніп тұр. Адам ретінде Ресейге олардың барлық барлық құқы
бар, бірақ ана тілін пайдалану құқы жоқтың қасы. Ұлтсызданған тарихи отаны
да үлгі бола алмай отырғанын сезеді. Елге оралыңдар деген ұсынысқа:
Бізге қарағанда жағдайларың жақсы ғой, бірақ сендердің де қазақ болып
сақталып қалуларыңыз да күмәнді деп жауап береді. Жаһандану үрдісіне қарсы
тұру мүмкін емес, бұл даму заңдылығы. Бірақ оған бейімделіп, жақсысынан
үйреніп, жаманынан жирену басқа ұлттардың тәжірибесіне үңілу, сырттағы
қазақты, оның ішінде тәжірибелі мамадарды өзімізге татып, ұлттық саясатқа
жаңа бетбұрыс жасап еліміздің өркендеуі үшін белсенді түрде жұмыстар жасау
керек.
Қазақстан мен Ресейдің екіжақты үндестігіндегі маңызды мәселелердің
бірі орыс диаспорасы мәселесі болып отыр. Дәл екі этникалық топтардың
қатынастары екі елдегі қоғамдық тұрақтылықты анықтайтын фактор болып
табылады. Кейінгі кезге дейін Қазақстандағы орыс тілді халықтың мәселесі
зерттеудің нысаны болған жоқ және одақтас мемлекеттердің ішінде ішкі
миграция ретінде ғана қарастырылып келді. Қазақстандағы тың жерлерді
игеруге қатысқан халық өз үйлеріндегідей сезініп, осы жерде тұрақтап қалды.
Олардың көпшілігі тарапынан қоныстану үрдісі біртұтас мемлекет құру
жолындағы заңды құбылыс ретінде қабылданды. Сондықтан, олар үшін жергілікті
халық жат болмады. Ұлтшылдықты жеңген мемлекет үшін орыс тілді халық ұғымы
болған жоқ, тек – орыс тіліне елеулі орын берілген кеңес халқы қоғамын
құруға тырысты. Қазақстандағы орыс тілді халықтың саны елеулі деңгейде көп,
себебі Ресей халқының шеткі территорияларға қоныстану үрдісі еретерек
басталған болатын. Алайда, КСРО құлағаннан кейін орыс тілді халық ұғымы
саяси сөздікте этникалық орыстарды білдіретін және бұрынғы кеңес
мемлекеттерінің халықтарын анықтайтын ұғым ретінде өзгеше сипат ала
бастады. Бірақ, ғылыми ортада этникалық орыстар мен тарихтың ықпалымен орыс
халқы болап есептелініп кеткен халық арасындағы айырмашылықты зерттеудің
күрделілігі терминологиялық қайшылық тудырады.
Аталған, екі ойлылық Қазақстанның этносаяси және конфессионалдық
жағдайы үшін маңызды, себебі республиканың орыс тілді халқы 80 пайызды
құрайды. Сәйкесінше, Қазақстандағы орыс халқы мәселесін зерттеуші мамандар
Қазақстанның орыс тілді халқын орыс этносының бір бөлігі және этномәдени
құрылым ретінде қарастырады. Осылай орыс тілді халық ұғымы орыс тіліне
көшіп, өзінің туған тілін ұмытқан халықты көрсетеді. Сондықтан этникалық
орыстар мен орыс тілді халық ұғымын ажырата білу қажет. Олар орыс тілін
еркін меңгерген және өзінің этнотілдік және этноконфессионалдық
ерекшеліктерін сақтап қалған халықтар. Сондықтан, Қазақстандағы орыс
тілді халықтың жағдайын зерттеуде бұл термин ұтымды болап табылады.
Алайда, мұнда бірнеше қайшылықтар бар. Біріншіден, Орыс диаспорасының
диаспоралық дәрежесінің айналасындағы дауға байланысты. Қазіргі
посткеңестік елдердегі орыс диаспорасы тарихи қалыптасқан қауымдастықтан
гөрі саяси топтастырудың өнімі болып табылады.
1991 жылы Кеңес Одағының құлауы Қазақстандағы этникалық орыстар үшін
күтпеген жағдай болды. Ресми түрде олар саяси өзгерістерді қабылдауға дайын
емес еді. Орыстардың ұлттық сана-сезіміне үлкен соққы болды. Посткеңестік
мемлекеттердегі орыстарға қарсы наразылық және ұлтаралық қақтығыстар
орыстар арасында үрей тудыра бастады. Зерттеушілердің пікірінше жаңа
тәуелсіз мемлекеттерде этносаясат нәтижесінде негізгі ұлтқа басымдық
белірді, ал орыс халқы саяси, мәдени және әлеуметтік жікшілдікке ұшырады.
Басқаша айтар болсақ, жаңа тәуелсіз мемлекеттерде орыс халқы кеңес одағы
кезіндегі бастаушы дәрежесінен айырылды.
Нәтижесінде, Қазақстанның тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында орыстар
саяси үрдістерден шет қалып қойды және ұлттық азшылық ретінде екінші
деңгейге түсіп қалды. Жаңа саяси-әлеуметтік жағдайда орыстардың алдында
ұлттық біртұтастық мәселесі және Қазақстан мен тарихи отаны Ресейге қатысты
көзқарасы бірінші орында тұрды. Жаңа мекенін таңдау: жаңа біртұтастық пен
жағдайларға үйренісу немесе кеңестік біртұтастықтан біршама айырмашылығы
бар РФ – на оралып өзінің тарихи ресейлік біртұтастығына қайта оралу
мәселесі өзекті сипат алды. Көптеген этникалық орыстар үшін бұл жағдайдан
шығу жолы – Ресейге эмиграция болды. Эмиграцияның күшейген уақыты
Қазақстандағы экономикалық жағдай күрт төмендеген кезде 1992-1996жылдары
күшейіп кетті (Қосымша А) [87].
Алайда, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруымен
және өмір сүру деңгейінің жоғарылауымен орыстардың иммиграциялық көшіп –
қонуы айтарлықтай тоқтады. Мысалы, орыстардың үлкен ұрпақтары Ресейге қоныс
аударудың болашағының жоқтығын түсініп, жаңа жағдайларға үйренісе бастады.
Ал, жас ұрпақ Қазақстанда болып жатқан саяси, әлеуметтік-психологиялық,
жаңа нарықтық қатынастарға тез араласып кетті. Олардың көпшілігі қазақ
тіліне деген қызығушылық танытуда, ал Ресей тек олардың ата-бабалары өмір
сүрген географиялық ұғым ретінде ғана қабылданады. Сонымен қатар,
әлеуметтік жағдайдың жақсаруы және этникалық орыстардың тез үйренісіп кетуі
Қазақстанда әлеметтік жікшілдіктің болмауымен тығыз байланысты. Сәйкесінше,
Қазақстанда этникалық оқшалануға алып келетін фактор туралы айтудың қажеті
жоқ, себебі нарықтық экономикаға көшу жағдайында ұлттар бірдей қиын
жағдайға тап болды. Зерттеуші Е.Садовскаяның ойынша әлеуметтік-экономикалық
дағдарыс жағдайында 1992-1999 жылдары Қазақстнда этникалық топтар елеулі
роль атқармады. Осы оң үрдістер Қазақстандағы этнодемографиялық жағдайдың
жақсаруына әсер етті. Сәйкесінше, орыстардың Қазақстаннан кетуі азайып,
тіпті қайтып оралған жағдайлар да тіркелді [88].
Посткеңестік Орталық Азия мәселелерін зерттеумен айналысатын атақты
американ сарапшысы М.Олкоттың пікірінше Қазақстандағы орыстардың жағдайы
айтарлықтай жақсы. Демократизация және нарықтық реформаларға бағытталған
республиканың қазіргі саясаты сенімсіздік потенциалын жойды. Ол сондай-ақ
мемлекетің экономикалық жағдайының жақсаруы халықты біріктіреді және
интеграцияланушы фактор болып табылады деп есептейді [78.]. Қазақстандағы
этникалық орыстардың қоғамдық-психологиялық тұрақтылығына әсер етуші
факторлар әлеуметтік-экномикалық жағдайдың жақсаруы, ұлтаралық және
конфессияаралық келісімнің болуы, ұлттық және тілдік мәселелерді шешуде
мемлекеттің ұтымды саясаты болып отыр.
Жалпы, Қазақстандағы этникалық орыстардың жағдайы ТМД-ның басқа
мемлекеттерімен салыстырғанда ерекшеленеді. Сонымен қатар, Қазақстандағы
этникалық орыстардың саны басқа ұлттық азшылықтардың санынан әлде-қайда көп
және республикада орыс тілінің кеңінен қолданылуы қазақтармен
интеграциялануына қолайлы жағдай туғызуда. Егер, тәуелсіздік алғашқы
жылдары этникалық орыстар қоғамдық-саяси салада белсенділік танытпаса,
кейінгі жылдары олардың саясатқа араласуы анық байқалады. Өз кезегінде
Ресей мемлекеттік саясат деңгейінде Қазақстанда өмір сүріп жатқан этникалық
орыстармен байланыс орнатуда экономикалық, саяси, мәдени, ақпарат және тағы
басқа салаларда көмек көрсете отырып, кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Ресей Федерациясының Сыртқы Істер Министрінің орынбасары Г.Карасиннің айтуы
бойынша Ресей СІМ механизмдері арқылы шетелдегі орыс диаспорасын қолдауды
арттыруда [89]. Бір жағынан, этникалық орыстардың жағдайы мәселесі түрлі
даулар мен екіжақты мемлекеттік деңгейдегі және ТМД шеңберінде
талқылаулардың нысанына айналды. Ресей қазақстандық-реселік қарым-
қатынастар арасында гуманитарлық ынтымақтастыққа көп көңіл бөледі.

107 Қазақстан мен Ресей өзара қарым-қатынстардың құқықтық негіздері

Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынастарының даму барысын сараптауға
тәуелсіздіктен бері бүгінгі күнге дейін қабылданған елдің сыртқы саяси
концепциялары, екіжақты және көпжақты құжаттары тамаша мүмкіндік береді.
Тәуелсіз даму жылдары аралығында ресей-қазақстандық экономикалық
ынтымақтастыққа қажетті құқықтық келісімдер негізі де қалыптасты.
Келісімдердің негізгілерінің арасынан 1995 жылы 20 қаңтардағы Ресей-
Қазақстан ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы декларацияны [3],
1996 жылы 26 сәуірдегі Бірлескен (Алматы) декларацияны, 1998 жылы 12
қазандағы ҚР мен РФ арасында 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық
ынтымақтастық туралы шартты [4] атап өтуге болады.
Бұл құжаттар бойынша келесі бағыттар басымдылықтар ретінде көрсетілген:
• Мемлекеттік қолдауды қамту, ортақ экономикалық кеңістікті құра
отырып екі елдің шаруашылық субъектілерінің өзара тиімді
ынтымақтастығына неғұрлым ыңғайлы жағдай тудыру, ұлттық
заңнамаларды бірыңғайластыруды жалғастыру;
• Еркін сауда зонасын құруды тездетуге үлес қосу;
• Шекаралас аймақтардың ынтымақтастығын арттыру;
• Біріккен қаржы-өндірістік топтар, холдингтер және өндіріс пен
қызмет көрсету салаларында біріккен кәсіпорындарды құру;
• Ресей мен Қазақстан экономикасына, әсіресе өндіріс пен аграрлық
секторға шетелдік және отандық капиталды тартуда жағымды
шарттар қалыптастыру;
• Тиімді антидемпингтік механизмді қалыптастыру;
• Бірлескен энергетикалық және транспорттық жобаларға қолдау
жасау.
Қазақстан-Ресей қатынастарының тарихындағы мейілінше елеулі оқиғалардың
қатарына Н.Назарбаевтың 1998 жылы 6 шілдеде Ресейге сапары барысында қол
қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ
ғасырды көздеген мәңгі достық пен одақтастық туралы келісім болды [6].
Мұндай маңызды саяси құжат осы заманғы тарихта әлі болған емес. Құжаттың
мазмұны халықтардың тату көршілес байланыстарының бұған дейін қол жеткен
биік деңгейін де, олардың болашаққа, үшінші мыңжылдыққа қадам баса отырып,
іс-қимылдың барлық салаларындағы көп қырлы әрі жемісті қатынастарды
дамытуды бірлесе жалғастыруға деген құлшынысын бейнелейді.
Құжат бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мәңгілік
достықпен байланысқан. ХХІ ғасыр табалдырығында олар екі мемлекеттің
гүлденуіне және ұлтаралық келісімді, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
өзара достастықты сақтап, күшейтуі тиіс.
РФ мен ҚР кез-келген мемлекет тарапынан төнген қауіптерді жоюға және
басқыншылыққа қарсы бірлесіп күреседі. Қажет болған жағдайда бір-біріне БҰҰ
Жарғысының 51-ші бабына сәйкес ұжымдық қорғаныс, әскери көмек көрсетеді.
РФ мен ҚР екіжақты екі халықтың рухани және мәдени жақындығын дамытуға
ықпалдасады және мәдениет, ғылым, білім, ақпарат саласында байланыстарды
тереңдетеді.
Біріккен мәлімдемеде ел президенттері екі мемлекеттің қарым-қатынастары
достықтың жаңа деңгейіне көтерілді және Қазақстан-Ресей қатынастары
еуразиялық кеңістіктегі халықаралық тұрақтылық пен ынтымақтастықтың маңызды
факторы болып табылады деп атап көрсетті.
1998 жылы Ресей Президенті Б.Ельциннің Қазақстан Республикасына ресми
сапары болды. Сапардың маңызды нәтижесі ҚР мен РФ арасындағы 1998-2007
жылдарға бағытталған экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол
қойылуы болды [4].
Келісімде біртіндеп ортақ экономикалық кеңістікті құру және дамыту
қажеттілігі айтылған. Сауданың, өндірістік кооперацияның, инвестициялық,
ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың дамуына жол ашатын екі мемлекет
территориясында инвестициялық жобаларды және бірлескен өндірістік
құрылымдарды құруға, экономика саласында нормативтік-құқықтық негіз құруға
қолайлы жағдай жасауға тырысады.
Экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы отын-энергетика және
агроөнеркәсіптік кешенінде, металлургия, машина жасау, транспорт, әскери-
техникалық ынтымақтастық саласында, ғарыш кеңістігін зерттеу саласында,
Байқоңыр кешенін бірлесе қолдану саласында ынтымақтастықты дамытуды
көздейді. Бағдарламаның жүзеге асырылуы екі ел экономикасының
интеграциялануының бастамасы туралы айтуға мүмкіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
XX Ғ. 90-ЖЫЛДАРЫ МЕН XXI Ғ. БАСЫНДАҒЫ КАСПИЙ АЙМАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ АХУАЛЫ
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Егемендіктің теориялық сипаттамасы
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Исламды түркі өркениетінің қабылдауы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Пәндер