Тұтыну несиесінің жіктелуі ерекшелікғтері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

І .ҚР тұтыну несиесімен несиелендірудің мәні мен мағынасы

1. Тұтыну несиесінің экономикалық мәні, жалпы сипаттамасы ... ... ... .8

1.2. Тұтыну несиесінің жіктелу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..21

2. Тұтыну несиесін жүзеге асу механизмінің ерекшеліктерін талдау

2.1. Қазақстандағы тұтыну несиесі механизміне сипаттама ... ... ... ... ... 25
2.2. Тұтыну несиесін пайдаланудың негізгі талаптары мен шарттары ... .30

2.3. ЦентрКредит банк АҚ тұтыну несиесі бойынша жүргізетін іс-
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47

3. Қазақстан Республикасында тұтыну несиесін дамыту мен жетілдірудің
негізгі бағыттары
3.1. Тұтыну несиесін дамытудың нақты жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...57
3.2. Тұтыну несиесін жетілдіруде шетелдік тәжірибелерді
қолдану ... ... .62
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.68

Кіріспе

Қазіргі кезде банктерді тұтынулық несие механизмін игеру стратегияық
түрде қызықтырады. Бұл несиеге сұраныс ұсыныстан айтар-лықтай жоғары.
Қазақстанда осы сферадағы заңдардың күшіне енуіне байланысты, сөзсіз,
батыстан тұтыну несиесіне бағытталған ақшалар ағып келеді.
Қазірше банктер негізінен эпизодтық түрде осындай несиелердің механизмін
ұсына отырып несиелендіреді. Екіншіден, маңызды мәселелердің бірі – бұл
халықтың батыстық стандарттарға сай келмейтін төменгі деңгейіндегі
табыстары.
Бүгінгі таңда, банктік секторда жеке бизнесті дамытудың айтқанда жоқ.
Жеке клиенттер үшін қызмет нарығы динамикалық өсуде және де айтарлықтай
мүмкіндікке ие. Алайда, бұл нарықтың жеке сегменттерінің дамуын тежейтін
белгілі бір барьерлер де жоқ емес.
Клиенттер – заңды тұлғалар, негізінен олар банктер арасында бөлініп
қойылған және де өзінің ары қарай даму болашағы үшін банктерге, ең алдымен
жұмысы өте тынымсыз әрі шығынды бола тұра перспективасы өте зор ритейл
аумағына өтіп алу маңызды болып табылады. Ақшалы болып табылмайтын,
гормонды түрде дамуды ұстанған банктер, өзінің банктік қоғамдастығыда
белгілі орын ала тұра, жеке бизнесті дамыту қажет деп санайды. Экономиканың
дамуына байланысты жеке тұлғалардың қатысуымен жоғарғы технологияық
транзакциялардың көп бөлігі таралады, мұндай операциялар көлемінің өсуі
банктер үшін күннен-күнге табысты бола бастады.
Әрине, салымшылардың банкке бұрылуы баяу жүреді, бірақ біздің
көзқарасымыз бойынша, жеке клиенттер санасында өзгеріс болып өткен. Мұнымен
қатар, жеңіл ақшалар кезеңінің артта қалғандығы және тіпті, ең кіші салымшы
үшін күресу керектігі, осылайша қосымша ресурстық база құру жайлы түсінік
барлық банктерде қалыптаспаған. Көптеген банктердің офистері физикалық
тұрғыда жеке тұлғалардың үлкен көлеміне қызмет көрсете алмаса, ол құрал-
жабдықтар үлкен шығынды талап етсе, банктер мұндай өзгерістерді жиі артқа
қалдырып отырады, бұл оларды көптеген перспективадан айырады.
Қазіргі кезде Қазақстанда халыққа тұтыну несиесін бірнеше банктер
ұсынады, мысалы: Казкоммерцбанк, Халық банкі, Тұран Әлем банкі,
ЦентрКредит банкі Нұр банкі, Каспий банкі және т.б. банктер. Зерттеулер
қорытындылары бойынша коммерциялық банктердің тұтыну несиесіне қоятын
талаптары бір-біріне ұқсас болады. Тұтыну мақсаттарына берілетін несиелерді
банктердің көбі міндетті кепілмен қамтыған, екі жыл мерзімімен
шектейді. Несие бойынша ставкасын шетел валютасында 15-20 жылдық пайызбен,
теңгемен 25-30 жылдық пайызды құрайды.
Қазіргі кезеңде Кеңес өкіметі кезінде әйгілі болған, Батысқа кеңінен
таралған тұтыну несиесі өзекті мәселелердің біріне айналған. Әсіресе тұтыну
несиесі Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезінде тіптен маңызды бола
бастады. Тұтыну несиесі басқа несиелер сияқты белгілі бір шаттарды орындау
барысында алдымен, отбасы жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді, бұл
халықтың тұрмыс деңгейін көтереді.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – тұтыну несиесін ұсынудың
Қазақстандық тәжірбиесін зерделеу.Оған қол жеткізу үшін келесідей
тапсырмалар берілген:
- Тұтыну несиесінің теориялық негізін ашу;
- Тұтыну несиесі түсінігі мен мәнін ашу;
- Тұтыну несиесінің жіктелуін анықтау;
- Ипотекалық несиені – тұтыну несиенің формасы ретінде қарастыру;
- Қазақстандағы тұтыну несиенің жағдайы және оған талдау жасау;
- Қазақстандағы тұтыну несиесінің даму перспективалары мен проблемаларын
анықтау.
Бұл жерде тұтыну несиесі институты қызмет көрсетудің жаңа түрі болып
табылатындығын айта кеткен жөн. Қазақстандық экономистердің ғылыми
еңбектерінде бұл несие жайлы мәліметтер тиісті дәрежеде берілмеген.
Сондықтан, дипломдық жұмысын орындау барысында көптеген нормативтік
құжаттар мен арнайы отандық әдебиеттер мен қоса шетелдік те
әдебиетт қатары да пайдаланылып отыр.
Зерттеу обьектісі ретінде Банк Ценр Кредит АҚ мәліметтері
алынып отыр.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, үш тарау, қорытынды және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 .ҚР тұтыну несиесімен несиелендірудің мәні мен мағынасы
1.1.Тұтыну несиесінің экономикалық мәні, жалпы сипаттамасы
Қазақстанда тұтыну несиесіне халыққа ұсынылатын барлық несиелердің
түрі жатады, оның ішінде ұзақ мерзімді тауарларды алуға берілетін несие,
ипотекалық несие, жедел мұқтаждыққа қажетті несие және т.б. Отандық
айтылуына қарағанда, тұтыну несиесі батыстық тәжірбиеде біраз басқалай
анықталады, нақтырақ айтсақ: тұтыну деп жеке қарыз алушыларға тұтыну
тауарын және соған сәйкес қызметтерді төлеуге ұсынылатын несиені айтады.
Тұтыну несиесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі рұқсатымен
анықталатын белгілі статусы бар банктер жүргізеді. Тұтыну несиесі Қазақстан
Республикасының келесідей заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес
орындалады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім),
Азаматтық процессуалды кодекс, Салық кодексі, ҚР-ғы банктер және банк
іскерлігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 2155
30.03.1995ж, Лицензилау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы № 2200 17.04.1995ж, Жылжымайтын мүлік пен олармен мәміле жүргізу
құқығын мемлекеттік тіркеу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 2727 25.12.1997ж,
Жылжымайтын кепіл мүлкін тіркеу туралы 30.06.1998 жылғы № 254 Қазақстан
Республикасы Заңы, Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы 23.12.1995ж №2723
Президент Жарлығы; 22.12.1995жылғы Жер туралы № 2717 Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы; 27.01.1996ж Жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы № 2828 Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы; 19.06.1997ж Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы № 131-
1 ҚР Заңы; 29.06.1998ж Төлем және ақша аударымы туралы № 237-1 Қазақстан
Республикасы Заңы; Банк активтерінің классификациясы және шартты талаптары
және Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің онымен провизиялық
есеп айырысу Ережесі, Пруденциялық нормативтер туралы Ереже,
16.08.2005ж Екінші деңгейлі банктердің несиелік құжаттарын жүргізу
тәртібі № 276 Қазақстан Республикасы ҰББ Қаулысы, 25.07.1997ж Екінші
деңгейлі банктердің берген құжаттамаларының, кепілдіктері Қазақстан
Республикасы ҰБ тіркелу тәртібі туралы № 288 Қазақстан Республикасы ҰББ
Қаулысы; 08.04.2005ж Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктері
шағын кәсіпкерлікті несиелеудің ең төменгі мөлшері және несиелеудің төменгі
мөлшері № 100 ҚР ҰББ Қаулысы, 24.04.2005ж ҚР экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды ұйымдастыру туралы № 229 ҚР ҰББ Қаулысы, 23.05.2005ж
ҚР валюталық операциялар жүргізу тәртібі туралы № 206 ҚР ҰББ Қаулысы,
сондай-ақ Екінші деңгейлі банктердің несие саясатына байланысты
құжаттамаларды жүргізу ережесі. Біздің елімізде тұтыну несиесі деп халыққа
ұсынылатын несие деп атайды. Мұнымен қатар, несиенің тұтыну сипаты несиені
ұсыну мақсатымен (несиелік объектімен) анықталады.
Қазіргі кезенде Кеңес өкіметі кезінде әйгілі болған, Батысқа кеңінен
таралған тұтыну несиесі өзекті мәселелердің біріне айналған. Әсіресе тұтыну
несиесі Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезінде тіптен маңызды бола
бастады. Тұтыну несиесі басқа несиелер сияқты белгілі бір шаттарды орындау
барысында алдымен, отбасы жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді, бұл
халықтың тұрмыс деңгейін көтереді.
Несиелеу процесі кезінде банктер нарықтық қатынастарының қалыптасуына,
қоғамдық өндірістің тиімді дамуына, республика экономикасы мен қаржысын
тұрақтандыруға, айналымдағы ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге,
инфляциялық процестердің алдын алуға және де ұлттық валютамыз – теңгенің
тұрақтануына өз септігін тигізуге міндетті.
Көрсетілген нұсқаулы құжаттарға сәйкес банктік несиелер проритетті
реттеу өндіріс тиімділігінің жоғарлауына әкелетін шаралар мен әр түрлі
мақсаттарға сәйкес, оның ғылыми-техникалық деңгейіне, жаңа тиімділігі
жоғары өнім түрін шығаруды ынталандыруға, халыққа әр түрлі қызмет
көрсетуге, халыққа қажетті тауарлы материалдық құндылықтарға және экспортқа
ұсынылуы қажет. Мұнымен қатар, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына,
кәсіпкерлік қызметтің кеңеюіне, сауда-саттық шарттарын үлкейту сияқты
мақсаттарға банктер мерзімінде қайтару шартымен несие ұсына отырып белсенді
түрде қолдауы қажет. Жоспарлау несиенің берілуі мен өтелуі пайыздық
қойылымдарының төмендеуі немесе жоғарлануына сәйкес барлық сұрақтарды қарыз
алушы қызмет көрсету банктеріне екі жақ-тың міндеттері мен
жауапкершіліктерін анықтайтын несиелік шарт негізінде шешеді.Тұтыну
несиесінің жалпы сипаттамасына келмес бұрын, бірінші несиенің қозғалуын
(айналымын) қарастыру керек.

Несиенің қозғалу сызбасы 1.

Несиені орналастыру –несиенің қозғалуындағы маңызды кезең. Бұнда
кредитор несиенің қайтарылуына толық сенімді болуы керек.
Несиені алушы - жеке тұлғаның өз несиесін алу міндеттемелерін дәл
өтеу мерзімінде, толықтай төлеу қабілеттілігі болып табылады. Қарыз алушы-
бұл несие алушы және оны қайтаруға міндетті несиелік қатынастың екінші
жағы.
Уақытша қолдануға алынған құнның қайтарылуы – бұл пайыз төлеу
және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) алынған несиені қарыз
берушіге (кредиторға) қайтарылуы.
Тұтыну несиелері банктерде комерциялық негізде мерзімділік,
қайтарымдылық, төлемділік және мақсатқа сай қолданылу шартында жүзеге
асады. Банктер несиелеу үшін өздерінің бос ресурстары көлеміне сәйкес қарыз
беруге міндетті.
Тұтыну несиенің қолданылатын механизмі келесідей элементтерден тұрады:
- Несиелеу объектісі;
- Несие көлемі;
- Несиенің берілу шарты мен өтелу мерзімі және оның қарыз алушының
қызметінің жақсаруына әсері;
- Сыйақы бойынша қойылым;
- Қарыз алушының қарызды қайтаруды қамтамасыз ету міндеттемесі
(кепілдік);
- Несиелеуге қажетті есеп – қисап тізімі мен ақпараттар, олардың қарыз
алушы мен белгіленетін мерзімі басқа да шарттары;
- Несиелік келісімнің шарттары екі жақтың бірімен бұзылған жағдайдағы
экономикалық әсер көлемі.
Банктегі несиелік комитет қарыз алушының таза табысы мен болжанған
шығындар көлемін қарыз алушы мен бірге отырып анықтайды, және барлық қарыз
түрлері осы көлемде беріледі. Қарыз меншік формасына
қарамай несие қабілеттігіне және қарыз алушы іс-әрекетінің қабілеттілігене
біртұтасты ұсынылады.
Қарыз алушының несие қабілеттілігі дегеніміз жеке тұлғаның өз қарыз
міндеттемелерін дәл өтеу мерзімінде, толықтай төлеу қабілеттілігі болып
табылады.
Қарыз алушы кәсіп әрекетінің қабілеттілігі – бұл азаматтың өз іс -
әрекетімен азаматтық құқығын жүзеге асыру және өзіне азаматтық
міндеттемелер қойып, оны орындауы. Қабілеттілік кәмелетке толумен қатар
пайда болады.
Банктерде қарыз алушыларға ақша беру, ережеге сай, бұрын берілген
қарыздардан мерзімі өтіп кеткен болмаған жағдайда беріледі. Кейбір
жағдайларда банк жетекшісінің шешімімен несие бойынша мерзімі өткен, бірақ
жақын арада өтелуі мүмкін қарызы болған кезде де беріле береді әсіресе
банкке жоғары тәуекел туғызатын төменгі тұрақсыз табыс алатын қарыз
алушылар мен несиелік қатынас жасайтын ұйымдардың мәселелері мұқият қаралуы
тиіс. Мұндай белгілі бір аймақтың әлеуметтік экономикалық қанағаттандыру
мақсатында несие алушыларға қарыз беру, тек қана, басқару органдарының
немесе жоғарғы звенолардың дәйекті өтінішіне сәйкес, осы қарыздың
қайтарылатындығына кепілдеме алған кезде ғана жүзеге асырылады.
Қиындатылған күдікті несиелермен жұмыс. Несие мониторингін жасау
барысында несиені қайтаруға және оған тиесілі сыйақыны төлеуге
бағытталған, қарыз алушыға несие бойынша міндеттемелерді орындамауға
мүмкіндік бермейтін заңдарға сәйкес жоспарлы саясат жүргізу қажет. Несиенің
қайтармауына әсер ету мүмкін мәселелердің тереңдеуіне жол беруге болмайды.
Несиенің қайтарылуы күдікті бола бастаса, бұл жағдайда талдау жүргізу
қажет, егер ол уақытша болып, рұқсат етілетін болса, онда Несие
мониторингінің реті жарлығына сәйкес оны болдырмайтын барлық нұсқаларды
қарастыру керек.
Мұндай нұсқалар ретінде алушының дәйекті өтініш бойынша шешілетін,
берілген несиенің құрылымы (реструктуризация) мен пролонгация ұсыну
мәселесін қарастыруға болады.
Талдау шешімі бойынша іскерліктің тек проблема тууына әсер еткен жақтары
ғана күдікті болып табылады. Оның алдын-алу жолдары, несие құрылымы
(реструктуризация), пролонгация кезеңіне ақша ағымын
болжауымен байланысты. Бұдан басқа, несиені кепілдікпен қамсыздандыруды
қайта бағалау және қажетті қосымша қамтамассыз ету жүргізіледі.
Несиенің құрылымы (реструктуризация) немесе пролонгация туралы шешімді одан
әрі жүргізу немесе бекіту нағыз несиелік саясатын, жалпылама тағайындалған
ретте жарлықтарға процедуралар мен өкілеттіліктерге сәйкес жүзеге асады.
Қабылданған оң шешімдерге сәйкес қарыз шарты (төлем графигіне
өзгертулер енгізілген) мен кепілдеме шартына (кепілдеме тіркеген органдарға
1 дана ұсынуы мен) қосымша келісім хатталады.
Егер банкке қарызды өтеу кезінде кепілдеме қауіпсіздігімен байланысты
қарыз алушының адекватсыз әрекетінен проблемалар туындайтын болса, онда
несие күдікті деп саналады және ол арқылы төмендегідей операцияларды
орындау қажет:
- Банк қауіпсіздік қызметін пайда болған проблемалар жайлы ескерту;
- Аталған қызметтің қызметшілерімен бірлесе отырып қарыз алушының жақын
арада осы мәселені шешуге нақты мүмкіндігін бар жоғын анықтау;
- Кепілге алынған заттың жағдайын тексеру, оның нақты нарықтық құнын
және оған сұраныс деңгейін, басқа қайнар көздер болмаған жағдайда
қарызды өтеу үшін оны реализациялау мүмкіндігін анықтау;
- Күмәнді несиені сақтап қалу мүмкін болмаған жағдайда несиелік саясатқа
және Қазақстан Республика заңдарына сәйкес оны өтеу шараларын қолдану
қажет;
Мерзімі ұзартылған қарыздар пайда болып, өтелмеген жағдайда банк әр
айдың 1-ші күні Несиелеу департаментіне қарыз алушының қарыз өтемеу
себептері мен оны қайтару үшін оны қолданып жатқан шаралар жайлы ақпараттар
ұсынып отырады.
Бұдан кейін қарызын өтеуде үлкен проблемалары болған қарыз алушыларға
несие тек несиелеу Департаментінің рұқсатымен ғана берілетін болады.
Шығынды несиелер бойынша пайыз (процент) қарыздың мерзімі өткен
несиелер есебіне енгізілгеннен кейін 90 күн бойы тоқтатылады.
Бүгінгі таңда Қазақстандық банктер тұтыну несиелерін әр түрлі мақсаттарға
ұсынады:
1. Тұтыну тауарларын алу үшін:
Тұтыну тауарларына ұзақ мерзімде қолданыстағы өнеркәсіптік тауарлар жатады:
- Жиһаз;
- Сантехника;
- Аудио, видео және тұрмыстық техника;
- Компьютер және организациялық техника;
- Басқа да тұтыну тауарлары;
АҚШ-тың 500$ сомасында қарыз беру алғашқы жарнасыз, төлем
қабілеттілігі бар жеке тұлғаның кепілділігі немесе қарыз алушыға жұмыс
берушінің кепілділігі бойынша берілу мүмкін.
500 АҚШ долларынан жоғарылау сомада қарыз алу кезінде қарыз алушылар
тауар құнының 30%-нан кем емес көлемде алғашқы жарна енгізуі қажет.
2000 АҚШ долларынан жоғары сомадағы қарыз тек қамтамасыз ету өтімділік
жағдайында (жылжымайтын мүлік, автотранспорт және т.б), кепілдеме құнын
негізге алып және несиелеу кезеңінің сыйақысын жабатындай болғанда ғана
беріледі. Бұл жерде алғашқы жарна міндетті емес.
Қарызды ұсынуының міндетті шарттарының біріне – біздің банкпен
анықталған сақтандыру компаниясында, алынған тауарды сақтандыру жатады.
Сонымен қатар, сақтандыру сомасы тауар алушы алған тауарының кепілдеме
құнынан аз болмауы керек.
Қарыз алушының тұтыну тауарларын Жарлық шеңберінде иемденуін банкке
серіктес компаниялар қадағалайды. Банк компьютермен келісім шартқа
отырғаннан кейін оларды өзіміздің банктің басқа да қызметтерін ұсыну
арқылы қызықтыру қажет.
Компания клиенттерге несиелеу шарттары мен қажетті құжаттар пакеті
туралы кеңес береді және банк талаптарына сәйкес клиенттерінің төлем
қабілеттілігіне алдын-ала минималды біліктілігін өткізіледі.
Тұтыну несиесін алуға жинақталған құжаттар пакетін банкке компания
немесе қарыз алушы жеткізеді.
Алынған тауарды бағалау алынған тауардың техникалық сипаттамасы мен
оның құны жайлы компанияның анықтамасы негізінде жүргізеді.
Алғашқы жарнамен несие беруге оң шешім қабылданған жағдайда клиент,
алғашқы жарнаны компания кассасына немесе банкте ашылған компаниның
ағымдағы шотына таңдалған тауар мен оның құны жайлы Компания анықтамасы мен
төлем енгізілгенін дәлелдейтін квитанциялардың түпнұсқасын банкке ұсына
отырып, алғашқы жарнаны енгізеді.
Қарыз келісімі мен кепілдеме келісіміне қол қойылып, басқа да құжаттар
хатталғаннан кейін, банк компанияның ағымдағы шотына ақшаны аударады және
компанияға төлем жасалғандығы жайлы хабарлайды.
Кепілдеме шартын тіркеуді қарыз алушының өкілдігі мен Бэк-офис
жүргізеді. Филиалдарының бөлшекті несиелік компоненті АҚШ-ң 1000$ дейінгі
кепілдеме шартының мемлекеттік тіркеуінсіз, кепілдеме мүлігін қамтамасыз
етуге шешім қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда жылжымалы мүлік
кепілдемесінің келісім жасалады.
2. Қызмет төлеміне ұсынылатын несие:
Қызмет төлеміне қарыз санатына әр түрлі салтанат жиындарын өткізуге,
білімге, медициналық қызметке, демалыс, туризмге, тұрғын үйді жөндеу
жұмыстарын жүргізуге және т.б берілетін несиелер жатады, егер аталған
қызметтерге несие беру Несие саясатының басқа процедуралармен
регламенттелмесе.
Қарызды қамтамасыз етуде тиісті сипатта тіркелген, негізгі қарызды
және несиелеу кезегіне тиісті сыйақы сомасын жабатын ликвидті қамсыздандыру
қажет.
Қарыз қолма қол түрінде және де қолма-қолсыз түрде, фирманың немесе
мекеменің шотына аударылу мүмкін.
Ссуда арқылы төлемдер төлем графигіне сәйкес банк кассасына қолма-қол
немесе аударымдар арқылы енгізіледі. Қарыз алушы өз еркі бойынша үлкен
сомада төлем жүргізе алады, яғни мерзімінен бұрын. Қарыз алушы кезекті
төлемді өтелмеген жағдайларда белгіленген мерзімде төлем мерзімі өткен
қызмет шотына аударылады.
Қарызды пайдаланғаны үшін пайыздар белгіленген ретте төленеді және
саналады.
Қазіргі уақытта тұтыну несиесі төлем қабілеттілігі бар тұлғалардың
кепілділігі бойынша ұсынылу мүмкін.
Кепілдеме қарызды өтеуде және оның пайыздарын төлеуде гарант болып
табылады. Қамтамасыз ету ретінде банктер төмендегілерді белгілейді:
- тұрақты табыс көзі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының
кепілдемесі;
- төлем қабілеттігі бар кәсіп орындар мен ұйымдар, яғни банк
клиенттерінің кепілдемесі;
- жеке тұлғалар мен кепілге берілетін ликвидтік бағалы қағаздар;
- кепілге берілетін жылжымайтын мүлік объектілері, транспорттық құралдар
және басқа да мүліктер.
Әрбір қарыз алушыға берілетін несиелердің максималды көлемі оның төлем
қабілеттілігін бағалау негізінде және де несиенің қайтаруды қамсыздандыру
арқылы, бұрын алынған қарыз бойынша қалдық сенімділік есебі бойынша
анықталады. Максималды несие көлемі банк бекіткен шекті көлемінен аспау
тиіс.
Банктерінің несиелік саясаты, Қазақстан Республикасының Банктер және
банктік қызмет туралы заңына сәйкес, ҚР-ң заңды актілерімен, сонымен қатар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің нормативті құқықтық актілеріне, банк Үкіметіне сәйкес жасалады.
Несие ұсыну мен несиелік тәуекелділікті басқару процестерінің
барлығының негізін Несиелік саясат құрады. Ол банк қызметкерлері басшылық
етуге тиіс негізгі ережелерді, жарлықтарды, процедураларды анықтайды.
Тұтыну несиесін несиелеу процесі банктерімен бақылау және тәуелділікті
басқару, қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік, қамтамасыздандырылған және
мақсатқа жұмсалу шартында коммерциялық негізде жүзеге асады.
Банктік тәуекелділікті басқару негізіне келесідей принциптер жатады:
- Банктің мүмкін болатын шығындарын болжау, бұл несиенің
қайтарылмауынан немесе қарыз алушының төлем қабілеттілігін
төмендететін жағдайдан болуы мүмкін;
- Несие бөлімшелері басшыларының жауапкершілігі, саясатының
нақтылығы және тәуекелді басқару механизмі;
- Банк жүйесінің бөлімшелері мен қызметтері тәуекелділігіне бақылау
және координация, тәуекелді басқару процедураларын бақылауға
айқын мониторинг.
Банктер үшін несиелік тәуекелді басқаруға көп көңіл бөлінеді. Несиелік
тәуекелділік – бұл қарыз алушының несиені қайтаруда сыйақы және де кепіл
хаттары бойынша міндеттемелерді, овердрафт және аккредитив бойынша
міндеттемелерді орындамау мүмкін боллатын тәуекел. Несиелік тәуекел банк
пен қарыз (кепіл, аккредитив) шарты бойынша, қарыз алушы
ара қатынасы негізінде орналасқан, сондықтан ол қарыз алушыға сияқты банкке
де байланысты болады.
Несиелік тәуекел сатыларын анықтайтын негізгі фактор болып қарыз
алушылардың несиелік қабілеттілігі саналады. Қарыз алушыларының несиелік
қабілеттілігін бақылау кезінде, әдетте, төмендегідей факторларды ескереді:
- Несиенің оң тарихы;
- Динамикада клиентінің қаржылық – шаруашылық іскерлігі жағдайының
талдауы;
- Қарыз алушының банк алдындағы міндеттемелерді орындауға арналған
қарызды және аударылған, саналған сыйақыны өтеу үшін қажетті ақша
ағымымен қамсыздандыру қабілеттілігі;
- Меншікті капиталдың жеткіліктілігі және оның несие сұралған жұбаны
қолданылу мүмкіндігі;
- Қарыз алушы нарығы конъюктурасының жағдайы және оның салаларының даму
перспективасы;
- Бизнес, маркетинг және басқармадағы моральдық тұрақтылық және іскерлік
беделінің мүмкіндігі;
- өтімді кепілдеме мүлігінің немесе қаржылық өтімді құралдарының бар
болуы (кепілдеме, сақтандыру полюсі, акция, облигация және т.б.)
тәуекелді тиімді басқару үшін осы факторларының әр
- қайсысы (банк позициясы бойынша – тәуекел факторлары)
- талдануы және бағалануы тиіс;
- Несиелік тәуекел саясатына несиелік процесті ұйымдастыру бөліміндегі
банк жұмысының сапасын анықтайтын факторлар да әсер етеді;
- Банктің несиелік операцияларын реттейтін инструктивті және
методологиялық құжаттардың бар болуы;
- Қарызды қарастыру және берудің айқын процедураларының болуы;
- Несиелік құжаттарды хаттауға нық талаптар;
- Мониторинг жүйесі және несиені негізге сай беру мен оның өтелу
көздерінің нақтылығына тиімді бақылау;
- Аналитикалық жұмыстың тиімділігі және қарыз алушы туралы ақпараттың
болуы;
- Несие процесіне қатысатын банк қызметкерлерінің жоғарғы
профессионалдық деңгейі және олардың несиелік саясаты, жарғыларды және
процедураларды қатал сақтау;
- Банктің қиянатшыл жұмысшылары тарапынан болатын зұлындық пен
коррупцияның алдын-ала жою.
Банктің несие бөлімшелері жұмыстарының ұйымдасқан түрде, белгілі
дәрежеде болуы несиелік операциялар тәуекелділігін айтарлықтай төмендетеді.
Әдетте, несиенің жаңартпалы тобына клиенттердің несиені несиелік карта
арқылы ұсынуы немесе бірдей активті-посивті шотты овердрафт формасындағы
қарыз жатады. Әлемдік банктік тәжірибеде жеке тұлғалардың талап етуіне
дейінгі шот арқылы несиелік бағыт көп таралмаған, бірақ, сол несиелерге
сәкес несиелік карталар бойынша қолданылады. Клиенттер шотындағы қалдық
қаражатынан асып кеткен сомаға чек жазып (чектік несие) бере алады, бірақ
олар овердрафт қолданғаны үшін банкке пайыздар төлейді.

1.2. Тұтыну несиесінің жіктелуі ерекшелікғтері
Берілуіне қарай несиелер мақсатты және мақсатсыз овердравт (кезек
күттірмейтін мұқтаждық) болып бөлінеді.
Тұтыну несиесінің және несиелеу объектілерінің жіктелуі белгілер
ретіне қарай, соның ішінде қарыз алушы типі, қамсыздандыру түрі, өтеу
мерзімі, өтеу әдісі, мақсатты жұмсалуына, несиелеу объектілеріне, көлеміне
және де т.б. арқылы жүргізіледі.
Қолданылу бағытында қарай (несиелеу объектісін) Қазақстанда тұтыну
несиесінің өзі бірнеше несиелерге бөлінеді:
- Кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға (неотложные нужды );
- Құрылыс және үй алуға;
- Жеке тұрғын үйлерді жөндеуге, оларды газдандыруға жәнесу құбыры
және канализация желілеріне қосу үшін;
- Ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға, бұдан басқа, мал және құс
өсіруге арналған құрылыстарға, жеке шаруасына кіші механизация
құралдарын алуға;
- Бақшалы кооператив және серіктестік мүшелеріне бақша үйлерін
салуға немесе сатып алуға және бақша учаскелерін түзетіп
көріктендіруге,
- Банктер мұнымен қатар автомобиль және басқада ұзақ мерзімді
қолданыстағы тауарлар алуға, сиыр, тана сатып алуға ұзақ мерзімді
несиелер береді.
Несиелік келісім субъектері арқылы (кредитор мен қарыз
алушыларының келбетіне қарай) келесілерді ажыратуға болады:
- банктік тұтынатын несиелері;
- халыққа сауда ұйымдары ұсынатын несиелер;
- банктік емес типтегі несиелік мекемелердің тұтыну несиелері
(ломбардтар, жалға беру пунктері, өзара көмек кассалары, несиелік
кооперативтер, құрылыс қоғамдары зейнетақы қоры және т.б.);
- жеке тұлғалармен ұсынылатын жеке тұтыну несиелері;
- қарыз алушының өздері жұмыс істейтін кәсіп орында және
ұйымдарында тікелей ұсынылатын тұтыну несиелері.
Несиелеу мерзіміне қарай тұтыну несиелері келесідей бөлінеді:
- қысқа мерзімді (1 күннен 1жылға дейін);
- орта мерзімді (1жылдан 3жылға дейін);
- ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары)
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасынлда жалпы экономикалық
тұрақсыздықпен байланысты тұтыну несиелердің мерзімге бөлу шарты сипатта.
Банктер несие ұсына отырып, әдетте, оларды қысқа мерзімді (1жылға дейін)
және ұзақ мерзімді (1жылдан жоғары) деп бөледі. Қысқа мерзімді несиені
белгілі бір мерзімге ғана жасатуға болады (1 жыл шеңберінде).
Берілуіне қарай несиелер мақсатты және мақсатсыз овердравт (кезек
күттірмейтін мұқтаждық) болып бөлінеді.
Қамтамасыздандырылуына байланысты несиелер қамтамассыз етілген
(бланктік) және қамтамасыз етілмеген (кепілдемемен, гарантиямен,
сақтандырумен). Банктің қамтамасыз етуді талап ететін негізгі себебі –
қарыз алушы қарызын мерзімінде және толық өтей алмаған жағдайда еріксіз
шығындалу тәуекелі. Қамтамасыздандыру қарыздың өтелуіне кепілдік бермейді,
тәуекелділікті төмендетеді. Себебі, банк ликвидация кезінде банк несиелерін
қамтамасыз ету қызметін атқаратын активтердің кез келген түріне қатысты
кредиторлар алдында ерекшелікке ие болады.
Өтелу әдістеріне қарай несиелер бір мезгілде өтелетін және төлемі
(кейінге қалдырылған) және ұзартылған болып бөлінеді.
Төлемі ұзартылған несиелерге төмендегілерді жатқызуға болады:
- бір қалыпты несиені кезеңдік өтеу (ай сайын, квартал сайын және т.б);
- бір қалыпты кезеңдік өтелу қарызды өтеу сомасы белгілі бір факторларға
байланысты, мысалы, қарызды толықтай өтеу мерзімі таяп қалғанда немесе
бір қалыпсыз, кезеңсіз өтелу қарыздары бойынша несиелік келісімнің
аяқталуына байланысты өзгеріп отырады (өседі немесе азаяды).
Мерзімі ұзартылған несиелерді беру кезінде келісім-шарт мерзім
біткенше қарыз сомасы барлық кезеңдерге бөлшектеліп көшірілу принципі
қолданылады. Және де банк үшін несиенің келесі мерзімінің барлық кезеңде
өтелгені пайдалы, себебі, бұл несие айналымын тездетеді және жаңа салымдар
үшін несиелік ресурстарды босатады, бұл
оның өтімділігін жоғарлатады.
Пайыздар алу әдісі бойынша несиелер келесідей жіктеледі:
- дәл қарыз ұсынылған мерзімде пайыздар алынатын несиелер;
- дәл несие өтелген мерзімде пайыздар төлемімен қоса берілетін
несиелер;
- барлық қолданылған мерзімдерге бірдей салым арқылы пайыздар
төлемімен берілетін несиелер (квартал сайын, жарты жылда бір рет
немесе арнайы келісілген график бойынша).
Мұнымен қатар, аннуететтік төлемімен берілетін қарыз деген ұғым бар,
яғни қарызды қолданғаны үшін бір мезгілде пайыздар төлемі жүргізу.
Несие құралдарының шеңбер айналымы сипаты бойынша бір реттік және
жаңартылған болып бөлінеді. (револьверные (жаңартпалы несие) және ролл-
оверные(жаңартылмалы несие)).
Әдетте, несиенің жаңартпалы тобына клиенттердің несиені несиелік карта
арқылы ұсынуы немесе бірдей активті-посивті шотты овердрафт формасындағы
қарыз жатады. Әлемдік банктік тәжірибеде жеке тұлғалардың талап етуіне
дейінгі шот арқылы несиелік бағыт көп таралмаған, бірақ, сол несиелерге
сәкес несиелік карталар бойынша қолданылады. Клиенттер шотындағы қалдық
қаражатынан асып кеткен сомаға чек жазып (чектік несие) бере алады, бірақ
олар овердрафт қолданғаны үшін банкке пайыздар төлейді.
2. Тұтыну несиесін жүзеге асу механизмінің ерекшеліктерін талдау
2.1. Қазақстандағы тұтыну несиесі механизміне сипаттама
Соңғы кездері жеке тұлғаларға берілетін несие үлесі өсіп келеді.
Қазақстандағы банктік қызмет нарығындағы жаңа тенденциялардың біріне –
банктердің жеке қарыз алушыларға деген қызығушылығының тез артуы жатады.
2004 жылдың соңына таман банктердің несиелік портфелінде жеке тұлғалардың
үлесі 7,3%-ды құрады, алайда осы несиелердің үлкен көлемі кооперативті
клиенттерінің қызметкерлеріне және өз қызметкерлеріне беріліп отырады. 2004
жылы және 2005 жылы банктер азаматтарға арналған несиелерді белсенді шығара
бастады (2005 жылдың басына таман банктердің несиелік портфелінің 10,9%-ын
құрады). Жеке тұлғалармен алынған несие үлесінің ұзақ уақыт төмендеуінен
кейін, 2005 жылы несиелік портфелінің өсу қарқыны азаматтарды несиелеу
өсімінен бірталай төмен болды – осы жылдың ортасында халыққа несие беру
үлесі 15,5% болды.
Банктердің 2005 жылға несиелік портфелінің өсу қарқынының тенденциясын
ескере келе біз азаматтарға (кәсіпорындарға берілетін қарызда қоса алғанда,
қарыз көлемінің 41 млрд.-тық өсімімен бір жарым есеге жоғары, ал күтілген
бірлікті арттыру - 12 млрд. теңге.
Қазақстан Республикасының бір азаматына, жеке тұлғаға 1950 теңге
шамасында несиеден келеді.
Халыққа берілетін жалпы несиенің жалпы көлемінде валюталық қарыз үлесі
27,7, бұл көрсеткіштер тек Астана қаласының (мұнда валюталық несие 42,5%)
және Алматы қаласының (88,9%) үлесіне жатады.
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және статистика
Агенттерінің деректері бойынша есептелген
Қазақстанда несиелік карточкаларды жоқ деп айтуға болады. Әсер ету
құралдары жөнінде қарайтын болсақ, халықты несиелеуге мұндай құралдардың аз
қолданылатынын байқауға болады. Ал АҚШ пен Еуропада аз сомаға тұтыну
несиесін ұсынуда дәл осы құрал негізгі болып табылады.
Қазақстанда шығарылған карточкалардың үлкен санына қарамастан,
овердрафт рұқсат етілмеген немесе банк ол бойынша өте жоғары пайыздар
алады.Бухгалтердік есептің Есептер жоспарына өзгерістер енгізгеннен кейін
банктерде мұндай несиелер жеке есептерде көрсетілетін болды. 2005 жылдың 1
шілдесінде 15 банкте банктердің ұсынылған несиелер бойынша жалпы сомасы 245
млн теңгені, яғни барлық тұтыну несиесінің 8%-дан кем емес үлесін құрады.

1-кесте
Жеке тұлғаларға ұсынылатын несиелер көлемі бойынша алдыңғы қатарлы
банктер (2005ж )
Соммасы, Кешіктірілу Өсу Несиедегі Активтік
Банктер млрд. үлесі, % қарқыну, үлесі ранг
тенге %
Казкоммерцбанкі 21218 0,9 41,4 7,0 1
ТұранӘлем Банкі 6180 0,1 4950,4 17,6 5
Халық банкі 3451 0,0 174,4 21,2 8
ЦентрКредит банкі 2397 0,1 167,4 4,8 3
АТФ банкі 1040 0,0 13,4 14,8 31
Альянс банкі 747 0,0 244,8 2,7 10

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және статистика
Агенттерінің деректері бойынша есептелген
Салықтық жаңартпалар азаматтарды банктен несие алуға мәжбүрлейді.
Қарап отырсақ, Салық кодексіне жеке тұлғаның шығындарын бақылау стадиясының
енгізілуі тұтыну несиесі өсуінің католизаторы болып табылады. Кіріс туралы
ақпарат жоқ болса, Салық органдары осы деректер жайында түсініктеме талап
етеді. Бұл заңды айналып өту үшін көп елдер несиені тауар алу құралы
ретінде жариялайды.
Кредитор деп жеке тұлғаны айтуға болады, бірақ банк қызметі артығырақ
көрінеді, яғни оған табыс көзін растаудың қажеті жоқ. Мұнда сол несиенің
өтелу көздеріне бақылау жүргізілу қарыстырылмаған.
Бұл фактор өте салмақты, мысалы, ипотекалық несиелеу бағдарламаларында
несие алған уақыттан 3 айда жедел, мерзімінен бұрын өтеуге тыйым салынған.
Бұл банкке несие бойынша кейбір табыстарды алуға және шығындарды өтеуге
мүмкіндік береді.
2004 жылы азаматтарға несиенің жартысын кооперативті банктер береді.
Осы түсініктемелердің жанама белгісіне – тұтыну несиесінің көлемі бойынша
ірі корпоративтік банктер көш бастауда және де олар мерзімі ұзартылған
несиелердің ең аз үлесін құрайды.
Азаматтарға ұсынылған несиелер көлемі бойынша алдыңғы қатарда
Казкоммерцбанк келеді. 2005 жылдың ортасына таман банк 87,2 млрд. теңге
сомасында несие ұсынған. Бірінші жарты жылдықтағы өсім – 41,4%. Екінші
орында - ТұранӘлем банкі 198 млрд теңге қалдықпен. Мұнымен қоса, жарты жыл
ішінде бұл жерде тұтыну несиесінің көлемі 77,5 есеге өсті.
Айқын кооперативтік мамандандыру жұмысымен айналысатын төрт банк
халықты несиелейтін ірі кредиторлар тізімінің төрттен бір бөлігін қамтуы
көп нәрсені білдіреді. Бірінші жарты жылдықта тұтыну несиесі (кәсіпкерлерге
емес) 59,4 млрд теңгеге өсті. Казкоммерцбанкте өсім 9,2 млрд теңгені (жалпы
соманың 78,5%) құрады, ал жоғарыда айтылған корпоративтік төрт банкте 45,3
млрд. теңге (48,3%), яғни жартысына жуығы. Бұл қызығушылықты корпоративтік
клиенттерге деген көмекпен түсіндіруге болады. Банктердің жеке тұлғаларды
несиелеуге деген қызығушылықтың лезде артуы – бұл бір аңыз.
Қалыпты несиелер үлесіне коммерциялық банктердің тұтыну несиесінің
әрбір үшіншісі келеді. Азаматтарды несиелеудің нақты жұмыс істеу жүйесі
әзірше әлі дамыған жоқ (Казкоммерцбанкті санамағанда). Себебі, шын мәнінде
азаматтарды несиелеу айтарлықтай тәуекел туғызады. Тағы бір көпте таралған
аңызға сәйкес – жеке тұлғалар кәсіпорындарға қарағанда ұқыптырақ келеді.
Бір қарағанда, банктердің жеке қарыз алушыларға назар аударуы - заңға сай.
Алайда, Ұлттық Банк деректері бойынша да дәл осы жеке тұлғалар ең тәртіпті
болып көрсетілген.
2004 жылдың аяғына қарай жеке тұлғаларға берілген қарыз ішінде мерзімі
ұзартылған қарыз үлесі 6,1% болған кезде билік органы несиесінің үлесі –
10,5%, кәсіпорындар мен ұйымдардікі – 18,3%.
2004-2005 жылдары мемлекеттік билік органдарын несиелеу үлесі тұтыну
несиесіне қарағанда өте төмен болды, ал 2006 жылдың 1 қаңтарында
кәсіпорындарға берілген несие үлесі халыққа берілген қарыздан төмен болды.
Бірақ мұндай көрсеткіштер ең алдымен сапасы, банктердің толық
бақылауында болатын қызметшілер несиесінің үлкен үлесімен байланысты.
Азаматтарды несиелеуші банктер мерзімі ұзартылған несиелер үлесінің
төмен болуымен мақтана алмайды. Өте мұқият талдау жеке қарыз алушылардың
сенімін растайды.

1 -сурет
АҚ ЦентрКредит банкінің тұтыну несиесінің берілген көлемі.

Бұл кестеден АҚ ЦенрКредит банкінің тұтыну несиесінің берілуі
(шығарылуының) жылдан жылға жоғарланып отырғанын көре аламыз. Сонымен
қатар, халықты несиелендірудің өсуі, яғни тұтыну несиесіне сұраныс болып
жатқандығын, халықтың тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық
қызметтерді өтеу үшін берілетін несиеге сұраныстың өсуі.
Тұтыну несиесі бағдарламаларының көпшілікке аян түрі – бұл банктің
тұрмыстық техникасын несиеге беру келісімін сол дүкендердің ішінде
рәсімдеуі болып табылады. Тауар құнының 10%-ын төлеу арқылы сатып алушы
тауар құнының қалған бөлігін жылдық 20%-бен бір жылға дейін мерзімге
несиеге алады.
Жалпы, бұны банктердің жеке қарыз алушылармен алғашқы және үнемі сәтті
бола бермейтін тәжірибелері деп қорытуға болады. Алайда, бұған қарамастан
кейбір банктер, оның ішінде алматылық банктер тек корпоративтік қарыз
алушылармен ғана емес, сонымен қатар жеке қарыз алушылармен де күресу
керектігін түсінді.

2.2. Тұтыну несиесін пайдаланудың негізгі талаптары мен шарттары
Клиент қарыз алу өтініші құжаттамасымен келгенде, менеджерлер оған
алатын қарыздың негізгі шарттарын түсіндіріп, қандай құжаттардың керектігі
және оны рәсімдеу кезіндегі тәртіпке байланысты ақыл-кеңес береді. Бұнда
клиент банктің несиелік саясаты аясындағы шарттармен, талаптармен танысады
және керекті қаржы және оның мерзімі жайында келіседі. Ал содан кейін ғана
клиентке өтінішті қарауға керекті құжаттар тізімін береді.

Несиелік процесті ұйымдастыруды келесідей тізбектелген сатылар арқылы
көрсетуге болады:
– несиелік өтінішті қабылдау;
– қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау және эксперттік
қорытынды дайындау;
– несиенің кепілдемемен қамтамасыз етілгендігін тексеру және баға
беру;
– заңдық қорытынды дайындау;
– қауіпсіздік қызметі қортындысын (банктің белгілі бір жеке
нормативтік актілерімен қарастырған жағдайда) дайындау;
– несие процедурасын мақұлдау және оны беру;
– несиелік өтініш пен құжатқа бұрыштама қоюдың заңдылығы;
– берілген несиеге мониторинг жүргізу және оның өтелуін бақылау.
Тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі
Барлық қарыз алушыларға ұсынылатын міндетті құжаттар:
– банктің өтініш анкетасының үлгісі;
– 1000 АҚШ долларынан жоғары қарыз алу кезінде қарыз алушыдан отбасы
құрамы жайлы анықтама (№ 3 форма);
– қарыз алушының жеке куәлігінің (төлқұжатының) көшірмесі;
– куәландырылған СТТН көшірмесі.
Жалдамалы жұмыс істейтін қарыз алушыға қажетті қосымша құжаттар:
– еңбек келісімі немесе қарыз алушы жұмысының кадр қызметімен
расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
– қарыз алушының жұмыс орнынан, оның соңғы бір жыл ішіндегі табысын
кеөрсететін анықтама;
– қарыз алушыға жұмыс берген фирманың кепілдемесі (кейбір жағдайда
ғана);
– төлем қабілеттілігі бар жеке тұлғаның кепілдемесі (кейбір жағдайда
ғана).
Заңды білімі жоқ, кәсіпкерлікпен айналысатын қарыз алушыларға керекті
қосымша құжаттар:
– кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлік, патент, лицензия немесе
кәсіпкерлік іскерлігіне рұқсат;
– салық комитенінен жылдық табысы туралы анықтама, өткенжылдың
есептік табысы туралы декларацияның көшірмесі (салық инспекциясымен
бекітілген және расталған) немесе тұрақты ақша кірісінің бар
екендігін растайтын басқа да құжаттар (соңғы 6 айға);
– лицензияланған қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия;
– сауда орнының бар екендігін растайтын құжаттар;
– қарыз алушының бизнесіне қатысты базар әкімшілігінен тұрақты
төлемдер туралы анықтама және оның бизнесіне қатысты басқа да
құжаттар;
– жабдықтаушылармен, сатыпр алушылармен жүргізілген келісімдер,
контрактілер және мерзімі мен болу себебі көрсетілген дебиторлық
және кредиторлық қарыздарды ажырату;
– соңғы екі жылдың ішіндегі салықты төлегендігі туралы құжат.
Кіші және орта бизнес субъектісі – заңды тұлғаның қатысушысы болып
табылатын қарыз алушылардың жинақтайтын қосымша құжаттары:
– Жарғы, басқа да барлық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
Ұйымдастыру келісімінің (егер бар болса) нотариуспен
куәландырылған көшірмесі;
– мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу туралы куәлік;
– лицензияланған қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия;
– қаржылық-шаруашылық іскерлігі туралы соңғы екі есепті кезеңдегі
салық қызметі органдарының белгісі бар баланстар (жылдық және
кварталдық) мен есеп, сонымен қатар жылдық есеп бойынша аудиторлық
қорытынды.
Кепілдемелік қамсыздандыру құжаттары
Кепілдемелік мүлктің заңды тұрғыдан бекіткен құжаттары.
Бұдан басқа, үйді кепілге қойғанда:
– әйелі мен күйеуінің және басқа да кәмелеттік жасқа толған жанұя
мүшелерінің үйді кепілдікке қоюға және сотсыз іске асыруға деген
нотариалды келісімі;
– қамқорлық және қорғаншылықоргандарының кәмелетке толмаған жанұя
мүшелдері атынан мүлікке жәен оны сотсыз іске асыруға деген
келісімі;
– неке туралы куәләктің (немесе ажырасу туралы) көшірмесі немесе
қарыз алушының өтініш беру барысында неде тұрмағаны және
балаларының жоқ екендігін растайтын нотариалдық құжат;
– коммуналдық төлемдерді төлегендегі түбіртектің көшірмесі.
Автокөлікті кепілге қойғанда:
– автокөлік иесінің көлікті қоюға және сотсыз іске асыруға немесе
қарыз алушының өтініш беру барысында некеде тұрмағанын растайтын
нотариалды куәліктің көшірмесі;
– транспортқа байланысты аслық төлегендегі туралы түбіртек
көшірмесі;
– техникалық тексеруден өткендігі туралы құжаттың көшірмесі;
– техникалық төлқұжаттың көшірмесі.
Қажет болған жағдайда менеджер клиентке құжаттарды толтыру реті мен
рәсімдеу туралы кеңес береді жіне банктік тарифпен белгіленген өтінішті
қарастырғаны үшін комиссиондық сыйақы сомасын төлеуді ескертеді. Сонымен
қатар, кепілдемілік келісімді рәсімдеу және тіркеу кезінде клиентке өзінің
есебінен ақылы қызмет ұсынылады. Бұл көрсетілетін қызмет тарифінің
төлемдеріне сай жүргізіледі.
Егер клиент өтініші банк талаптарына сай келмесе, оған өтініші бойынша
қажетті толықтырулардың керектігін, сондай-ақ қарыз беру шарттарын қайта
қарастырады. Егер өтініштің болашағы үмітсіз болса, онда сыпайы түрде ол
кері қайтарылады.
Клиент пен менеджер келіскеннен кейін, белгілі уақыт ішінде клиент
барлық қарыз алуға керекті құжаттарды дайындауы тиіс. Егер клиент керекті
құжаттарды белгіленген мерзім ішінде өткізбесе, менеджер клиентпен
хабарласып мүмкіндігінше құжаттардың кешіктірілмеуін және оның себептерін
сұрастырады. Егер клиенттің қарыз алуға рұқсат алуында қандай да бір
қиыншылықтар туындап жатса, менеджер осы сұраққа байланысты кеңес береді
және кездесуге жаңа мерзім тағайындайды.
Клиент қалыптасқан құжаттар пакетін ұсынғаннан кейін менеджер оның
банк талаптарына сәйкестігін, толықтығын тексереді. Құжаттар толықтығы мен
құжатты рәсімдеуде ешқандай қателік болмаса, онда өтініш Несиелік модульге
жатқызылады. Осыдан кейін, құжаттар пакеті мен өтінішті қарастырғаны үшін
комиссиондық төлемді төлегендігін растайтын құжаттарды әрі қарай Бэк-офиске
және тәуелсіз бағалаушыларға жөнелтеді. Менеджер бір уақытта клиентпен және
Бэк-офиспен бірлесе отырып кепілдеме мүлкінің орналасқан жеріне тәуелсіз
бағалаушылардың және клиент бизнесінің орналасқан жеріне несиелік
офицердің бару мерзімін анықтайды.
Менеджер Бэк-офистің құрылымдық бөлімшелері қарауында жатқан өтініштің
қалай өтіп жатқандығын бақылаумен қатар, ол жайында клиентке хабарлап
отырады.
Несиелік өтінішті қарастыру
Фронт офис пен Несиелік бөлімшеге түскен несиелік өтініш бойынша толық
құжаттар пакеті және жобаның сараптамасына, сондай-ақ кепілдеме мүлкін
бағалау кезінде банк тарифіне сай көлемде төлем енгізгенін растайтын
құжаттар өтініштерді тіркеу журналына тіркеледі. Сонымен қатар, бөлім
басшысының немесес оның уәкілетті адамының рұқсатнамасымен тікелеу
орындаушының талқылауына жіберіледі.
Несиелеу менеджерімен Несиелік модульге енгізілген құжаттар пакетінің
деректеріне сәйкес, өтінішті талқылаушы несиелік офицер банктің белгілі
процедуралары арқылы анықталған әдіс бойынша жобаға сараптама жүргізеді.
Жобаның талқылауы кезінде параллельді түрде заңгер қорғаныс қызметі
және тәуелсіз бағалаушы жарлықтарына сәйкес жоба, кепілдеме және өтініш
берушінің сенімді екендігіне заңдық сараптама жүргізеді.
Алғашқы жарнамен несие беру туралы оң шешім қабылдағанда клиент
кассаға немесе банкте ашылған ағымдық шотқа алғашқы жарнаны енгізеді.
Содан кейін таңдалған тауар және оның құны туралы анықтама мен төлем
өндірілгенін растайтын түбіртек түпнұсқасын береді.
Несие және кепілдеме хатталып қол қойылғаннан кейін банк қарыз сомасын
ағымдағы шотқа аударады және атқарылған төлем туралы ескертеді.
Кепілдеме келісімін тіркеуді қарыз алушы сенімімен Бэк-офис жүргізеді.
Жеке бөлшекті несиелік комитет кепілдеме келісімінің мемлекеттік
тіркеуінсіз 1000 АҚШ долларына дейін сомада кепілдеме мүлкін кепілге ала
отырып шешім қабылдауға құқылы. Бұндай жағдайда жылжитын мүлікті
рәсімдейді.
Клиент тұтыну несиесін алғаннан кейін несиелік офицер барлық несиелеу
мерзіміне толықтай төлем мониторингін жүргізеді (төлем кестесіне бақылау
жасай отырып). Банктің несие портфелі жөніндегі жалпы мониторингтік бақылау
және координациялық жұмысты несиелік Департаменттегі Несиелік комитет іске
асырады. Проблемалық несиелер жөніндегі жұмыстар және мониторингтегі
ұйымдастыру туралы Несие департаментінің Несиелік комитетінің үкімін (іске
асыру үшін) филиалдың жауапты қызметкерлері мен басшылықтары іске асыруға
міндетті.
Несие алғаннан бастап оны толық өтегенге дейінгі жүргізілген
маниторингтік жұмыс несиелік құжаттамаларда тігілетін мониторингтік
есептемеде көрсетіледі. Несиелік офицер мониторинг кезінде құжаттамалардың
несиелік және банктің нормативтік құжаттарының ресімделу кезіндегі
талаптарын мүлтіксіз орындауы керек.
Несиелік ресурстардың мақсатқа сай жұмсалуын тексеру.
Көзделген жобаға несие ресурстарының қаншалықты керектігін білгеннен
кейін несиелік офицер оның қаншалықты мақсатқа сай екендігін анықтау үшін
жобаны іске асыратын жеріне барып тексеру керек.
Егер жоба этап бойынша несие ресурстарын игеретін болса, онда тексеру
де сол жобаның деректеріне сай әр этап бойынша жүргізіледі.
Тексерістің нәтижесі несиелік ресурстардың мақсатқа сай игерілуі болып
табылады. Қорытындыға барлық құжаттамалар (қабылдау-табыстау актілер,
банктік немесе кассалық шығыс ордерлер, тауарлы-транспорттық жүкқұжаттар
және т.б.) кіреді.
Егер де несиелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді несие
Қазақстандағы тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және оны талдау
Банктің тұтынушылық несие нарығындағы қызметін жетілдіру ( Цеснабанк АҚ мысалында)
Капиталдың шоғарлануын жеделдету
Жеке тұлғаларды несиелеудің мәні, формалары және жіктелуі
Банктік тұтыну несиелері
Тұтыну мақсатына берілетін несиелер
Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі
Инвестициялық операциялары
Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму перспективалары
Пәндер