Мерзімнен бұрын өтеу



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . ...3
I бөлім. ЦЕСНАБАНК Акционерлік
Қоғамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...4
1. Цеснабанк АҚ қысқаша даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...4
2. Банктің көрсететін
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу ... ... ...14
2.1. Ипотекалық
несие ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 14
2.2. Цеснабанк АҚ – ң ипотекалық тұрғын үй қарызын алу
жөніндегі
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...18
2.3. Банк қызметіндегі тәуекелділіктер және оны
төмендету ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .28

Кіріспе
Өндірістік практика теориялық оқудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Практика өту барысында студент тереңірек білім және кәсіпкерлік дағдылар
алады.
Өндірістік практиканың өту мақсаты – тек қана практикалық
жағдайларды зерттеу ғана емес, ол диплом жұмысына қажетті материалдарды
жинау және талдау.
Өндірістік практика Цеснабанк Ақционерлік Қоғамында 28-ші қаңтардан
22-ші наурызға дейін өтілді.
Практиканың міндеттері:
• Цеснабанк АҚ қызметімен, құрылымымен, даму тарихымен таныс болу;
• Банк бөлімшелерімен және лауазымдық нұсқаулармен танысу;
• Диплом жұмысына қажетті мағлұматтар жинау;
Ипотекалық несие - бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда.
Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі
ретінде ұғамыз. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып
алуға беріледі, әрі ол ұзақ мерзімді сипатқа ие.ҚР Ипотека туралы заңы
шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық несиелеу қарқынды дамыды.Сол
себепті, практика өту кезінде ипотекалық несиелендірудің мағынсын, маңызын,
негізгі функциялары мен заңдарын, және оның қажеттілігіне мән бердім.Осының
негізінде ипотекалық несиелендіруді Отандық тәжірибеде қолданудың
маңыздылығын анықтап, сонымен қатар несиені қолданудағы проблемалар мен
тәуекелдерді айқындап, олардың шешу жолдарын қарастыру.
Есеп беруде келесі ішкі материалдар қолданылды:
- Банк уставы;
- Статистикалық көрсеткіштер;
- Банктің ипотекалық тұрғын үй қарызын алу жөніндегі нұсқау;
- Банктің бухгалтерлік есебі;
Жұмысты дайындау кезінде теориялық, статистикалық көрсеткіштер
зерттелді.

I бөлім. ЦЕСНАБАНК Акционерлік Қоғамы

1. Цеснабанк АҚ қысқаша даму тарихы

Цеснабанк Акционерлік Қоғамы 15 жылдан астам уақыт бойы
Қазақстанның қаржы нарығында белгілі. Республикамыздың коммерциялық
банктерінің ішіндегі – Астана қаласындағы бас офисімен жалғыз коммерциялық
банк.
Осы жылдарда еліміз үшін қоғамда, экономикада, банктік жүйеде даму
кезеңі болды. Банк нарықтың өзгеру серпініне қарап, даму мен қалыптасудың
барлық кезеңдерінен өтіп, әр клиенттің қажеттілігін кең ауқымда банк
өнімдерімен қанағаттандыру барысында қаржы-несиелік мекемелер арасында
үлкен беделге ие болды. Инновациялық, клиенттерге кешенді түрде қызмет
көрсету, ең жоғарғы жетістіктерге жету үшін банк басқарма жұмыстарының
жүйелерін тұрақты жетілдіру негізінде болатын тәуекелділік және табыстылық
балансының операциялары – міне, банк осындай салада өркендеуде.
Алға қойған міндеттерді шешу негізінде және өсіп келе жатқан
бәсекелестікті байқап өз ұстанымдарын нығайтты және айтарлықтай жақсартты.
•  1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде
Цеснабанк коммерциялық банкі тіркелді.
•  1993 жыл - Алматы және Қостанай қалаларында филиалдар ашылды.
•  1996 жыл - Ортаазиялық – Американдық Кәсіпкерлерді Қолдау Қорымен
(Азиялық Несие Компаниясы) шағын және орта бизнесті қаржыландыру жөнінде
келісімі жасалды.
•  1997 жыл - Степногор және Павлодар қалаларында филиалдар ашылды.
•  1998 жыл - Азиялық даму банкінің ауыл шаруашылық секторы үшін және
Еуропа жаңғыру және даму банкінің шағын және орта бизнесті несиелендіру
желілері ашылды, сондай-ақ, Әлемдік Банкпен ауыл шаруашылығын
жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы бойынша несие келісіміне қол
қойылды.
•  1998-2001 жылдар - Банк Rabobank (Нидерланды) банкімен бірге Твиннинг
институционалдық даму бағдарламасына қатысты.
•  2000 жыл - Цеснабанк АҚ Қазақстан жеке тұлғалардың салымдарына
кепілдік беру (сақтандыру) қорының мүшесі болды.
•  2001 жыл -  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
қорытындысы бойынша Цеснабанк Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық
стандарттарға өту тәртібі туралы ереже талаптарын орындаған деп танылды.
•  2003 жыл
- Ауылшаруашылығы министрлігі өткізген мониторинг нәтижелері бойынша Банк
Дүниежүзілік Банктің несие желісін жүзеге асыруға қатысушы банктердің
арасында ең таңдаулы деп танылды.
- Қазақстан Қор биржасы Биржалық Кеңесінің шешімімен А категориялы КАSЕ
бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді.
- Еуропа Қайта Құру және Даму банкі ең сапалы несие қоржыны бар банк деп
атады.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қорытындысымен Банк
банкін ақпараттандыру технологиясын автоматтандыру саласындағы бухгалтерлік
есептің халықаралық стандарттарына өтті деп танылды.
•  2004 жыл
- Астана қаласында Астаналық филиал өз жұмысын бастады, Қарағанды қаласында
филиал және Көкшетау қаласында  кассалық есеп айырысу бөлімі ашылды.
- Қазақстан қор биржасы Биржалық Кеңесінің шешімімен банктің облигациялары
А категориялы КАSЕ бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді.
- Банк VISА халықаралық төлем жүйесінің қауымдастық мүшесі және
Қазақстандық кепілдендірілген ипотекалық несие қорына мүше ретінде
қабылданды.
- Moody's Халықаралық рейтинг агенттігі Цеснабанк АҚ рейтингін растады:
В1 деңгейінде шетел валютасында ұзақ мерзімді депозит бойынша, Not
Prime деңгейінде қысқа мерзімді, Е+1 деңгейінде қаржы тұрақтылығы
рейтингі.
•  2005 жыл
- Өскемен, Петропавл, Көкшетау қалаларында филиалдар ашылды.
-  Visa  халықаралық төлем карточкалары шығарылды.
- Standard & Poor’s  Халықаралық рейтингілік агенттігі Цеснабанк  АҚ-ға
контрагенттің несие рейтингісін және В-С деңгейіндегі депозиттік
сертификаттар рейтингісін берді. Болжам – Тұрақты.
- Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Цесна Корпорациясы Цеснабанк АҚ Банктік холдинг
мәртебесін алуға  келісімін берді.
•  2006 жыл
- қаңтар –  Банк Алғашқы  облигациялық бағдарламасын 15 млрд. теңге
сомасына тіркеді, оның шеңберінде 4 облигациялар шығарылымы жүзеге
асырылды.
- мамыр – Банк 22 млн. АҚШ доллары сомасына дебюттік синдикатталған займды
тарту туралы келісімге қол қойды. Займның ұйымдастырушылары Raiffeissen
Zentralbank Österreich AG (Австрия) және Bankgesellschaft Berlin AG
(Германия) болды.
- мамыр – Цеснабанк АҚ мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Цеснабанк АҚ қызметінің ашықтығын көтеру мәселелері
бойынша ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы екі жақты
меморандумға қол қойды.
- қыркүйек – Fitch Ratings Халықаралық рейтинг агенттігі Цеснабанк АҚ
келесі рейтингтерді тағайындады: В- дефольт эмитенті рейтингі, Тұрақты
болжамы, В қысқа мерзімді рейтингі.
- қыркүйек -  Банк клиенттерімен өте тығыз байланыс орнату үшін,
қажеттіліктерді айқындау және оларды тезірек банк өнімдерін жеке сату
арқылы қанағаттандыру үшін Қатынастар менеджерлері институтын құрды.
- қыркүйек-желтоқсан – заңды тұлғалар үшін Жаңа жылда Цеснабанкпен бірге
акциясын өткізді, бұл Банктің қатардағы клиенттерімен қатар жаңа
клиенттеріне жеңілдік шарттарымен шоттар ашуға және Банк-Клиент жүйесін
орнатуды жүргізуге мүмкіндік берді.
- желтоқсан – Visa International төлем жүйелерінің маркетингтік
бағдарламалары қорытындысы бойынша Цеснабанк VISA акциясын ең үздік
жарнамалық жариялау үшін марапаттау алды.
- желтоқсан – Банк 50 млн. АҚШ доллары сомасына букраннерлер Landesbank
Berlin AG Raiffeisen Zentralbank Oesterreich-пен синдикатталған займды
тартуды жүзеге асырды.
- желтоқсан – Банк Қазақстан аумағында орналасқан Western Union-ның ең
үздік қызмет көрсету пункттері рейтингінде бірінші орынға ие болды.
- 2006-2007 жылдары – Банктің барлық салымшылары арасында Цеснабанк АҚ 
15-жылдығына орай теңдесі жоқ Астанада пәтер ұтып ал! акциясы жүргізілді.
- Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шымкент қалаларында филиалдар ашылды.
•  2007 жыл
- ақпан – 2010 жылы өтелетін және 9,875% купонымен 125 млн. АҚШ долларына 
еурооблигациялардың дебюттік шығарылымын жүзеге асырды. Жетекші
ұйымдастырушылары Citigroup және Dresdner Kleinwort болды.
- ақпан - Цеснабанк АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында
жарғылық капиталын 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге дейін  ұлғайту
туралы шешім қабылданды.
- ақпан - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі төрағасының 07.02.2007 ж. № 53 бұйрығына сәйкес
Цеснабанк акционерлік қоғамына 07.02.2007 ж. бағалы қағаздар нарығында
кастодиалдық қызметті жүзеге асыруға № 0007100290 лицензия ресімделді.
- сәуір - Банк жаңа қызмет - мобильді банкинг, ұялы телефонға SMS-
хабарламасы көмегімен карт-есепшот бойынша ақша қаражаты қозғалысын тәулік
бойы қадағалау қызметін енгізеді.
- мамыр –  Euromoney Беделді халықаралық қаржы журналы Цеснабанкті
Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы – Best Managed Companies 2007
атауы бойынша - ең үздік менеджментті банктардың бірі деп таныды.
- мамыр – Банк Халықаралық ақша аудару жүйесі ЮНИСТРИМ-мен серіктестік
келісіміне қол қойды.
- маусым – Банк бір ай ішінде Қазақстанда үш филиал – Таразда, Қызылордада
және Алматыда екінші филиал ашты.
- Банк 54 млн. АҚШ доллары сомасына синдикатталған займ туралы келісімге
қол қойды. Мәміленің жетекші ұйымдастырушылары мен букраннерлері
Commerzbank AG және Standard Bank Plc. Citibank N.A. болды, сондай-ақ, 
Dresdner Kleinwort  және ВТБ Банк ААҚ жетекші ұйымдастырушылар
мәртебесіне ие болды.

Қазақстандық ұйымдарға мүше болу

Цеснабанк:
- Қазақстандық Қор Биржасының мүшесі, 1-ші санатты брокер-диллердің
лицензиясына ие;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қаржы министрлігінің алғашқы
агенті;
- банкаралық ақша аударым (МСПД) жүйесі мен бөлшек сауда аударым (клиринг)
жүйесіне қатысушы;
- жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттер) кепілдік беру қорының
қатысушысы;
- ипотекалық несие сақтандыру қорының қатысушысы;
- Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі;
- Қазақстан Республикасы Банк қауымдастығының мүшесі;
- Қазақстанның салық төлеушілер ассоциациясының мүшесі.
- алғашқы Несие Бюросы құрылтайшыларының бірі болып табылады.

Халықаралық бағдарламаларға қатысу

Цеснабанк:
- Қазақстан ауылшаруашылығын жекешелендіруді қолдау бойынша Әлемдік Банк
бағдарламасына қатысушы;
- Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша Еуропалық қайта құру
және даму банкінің бағдарламасына қатысушы;
- Қазақстанның ауылшаруашылығын дамыту бойынша Азия даму банкінің
бағдарламасына қатысушы;
- Нидерландының Rabobank банкімен “Twinning” институционалдық даму
бағдарламасына қатысушы болып табылады.

2. Банктің көрсететін қызметтері

Несиелендіру

Цеснабанк АҚ бөлшектеп несиелендіру бағдарламасының бөлігін
өндіруде бөлшек сауда өнімдерін сату рыногын меңгеру қарқынды дамып келеді.
Жеке тұлғаларға арнайы өңделген бағдарламалар бойынша ұзақ мерзімді
займдарды ұсыну халыққа және олардың тұтынушылықтарын қанағаттандыруға
жіберілді.
Несиелендірудің жаңа бағдарламасы Цеснабанк АҚ клиенттеріне мына
займды алуға рұқсат береді:
•  бірінші және екінші рыноктағы жылжымайтын мүлікті алуға (табысты
анықтамай-ақ  несие алу мүмкіндігі бар);
•  Қазақстанның басқа қалаларында салынып жатқан тұрғын үйлерді алуға;
•  бірінші және екінші рыноктағы автокөлікті алуға;
•  табысты анықтамай-ақ шұғыл мұқтаждарына және төлемдерді төлеуге қызмет
көрсету.

Ипотека lights бағдарламасы

Пайдалану мақсаты:
Мұндай кредиттер пайдалнуға дайын тұрған және құрылысы салынып жатқан
жылжымайтын мүлік сатып алуғ үшін беріледі.
Мақсатты топ:
ҚР резиденті болып табылатын жеке тұлғалар.
Бағдарлама талаптары:
•Кредит мерзімі- 20 жылға дейін;
•Валютасы-теңге, АҚШ доллары, евро;
•Сыйақы мөлшерлемесі - жылдығы 7%-дан 11%-ға дейін.
• Сыйақы мөлшерлемесі қосымша қамтамасыз ету ретіндегі банк салымының
мөлшеріне байланысты;
•Табысты құжатпен растау талап етілмейді;
• Міндетті шарты - қосалқы қамтамасыз ету ретінде кредит сомасының кемінде
15 %-ы мөлшерінде банк салымы болуы керек;
• Жеке басын (кездейсоқ қайғылы жағдайлардан, еңбек ету қабілетін
жоғалтудан), мүліктік (кепілзатты) және титульдік (меншік құқығын жоғалту
салдарынан кепілдік мүліктен айрылудан) сақтандыру міндетті болып табылады;

•Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі - 7 жұмыс күні.

Кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету
Негізгі қамтамасыз ету ретінде - сатып алынатын жылжымайтын мүлік;
Қосымша қамтамасыз ету ретінде - банк салымы қабылдануы мүмкін.

Дайын баспана сатып алу
Пәтер немесе үй сатып алу үшін ақша жинап, күтудің қажеті жоқ.
Цеснабанктен несие алып, Сіз  қазір өз талғамыңыз бойынша  баспана  иесі
бола аласыз!
Банкке келгеннен бастап өз пәтеріңіздің кілтін алғанға дейін бар жоғы 7
жұмыс күні кетеді!
• 1- күн. Банк офисіне немесе риэлторлық компания офисіне келу:
а) берілетін сома мен несие мерзімін анықтау; б) несие алуға
сауалдама-өтініш толтыру; в)несиені өтеудің алдын-ала жасалатын
кестесін құрастыру; д)банкке ұсынылатын құжаттар тізбесін алу.
• 2-күн. Қажетті құжаттарды жинау және оларды Банкке ұсыну.
• 5-күн. Банктен несие берілетіні туралы шешімді алу және қажетті
шарттарға отыру үшін банк офисіне  келу мерзімін және уақытын келісу.
• 6-күн. Банк офисіне: · а) ағымдағы шот ашу үшін (ол болмаған
жағдайда);б) ипотекалық шартқа қол қою және сақтандыру шартын ресімдеу
үшін;в) сатушымен сату-сатып алу шартына қол қою үшін, сонымен бірге
сатушыға бастапқы жарна сомасын беру үшін;г) несие шартына қол қою
үшін;д) Жылжымайтын мүлік орталығына (ЖМО) қажетті құжаттарды  тіркеу
тәртібі туралы мәселені шешу үшін келу.
• 7-күн. Өзіңіздің ағымдағы шотыңыздан несие алу және сатушымен толық
есеп айрысу. Бұдан кейін одан сатып алған үйіңіздің кілтін алу.
• 25-күн. Оны ЖМО-ға тіркегеннен соң, Банк офисіне ипотекалық шарт
(клиентке берілетін данасын) алу үшін келу.
Қарызгердің меншіктену құқығын қайта ресімдеу (сату-сатып алу шартын
тіркеу) және ипотекалық шартты тіркеуді банк жүзеге асырады. Клиент тек осы
қызметтің ақысын төлейді.

Автонесие беру

Цеснабанктің автонесие бағдарламасы арқылы автокөлікті (тізгіні сол жақта)
автосалоннан, сондай-ақ базардан сатып алу.
Көлік бағасының 50 пайызы көлемінде жарна салу арқылы, оны 3 жылға дейін
қарызға алу мүмкіндігі бар.
Қарызды ресімдеу үшін :
1. Автонесие алу үшін өтініш-сауалнаманы толтыру керек.
2. Автонесие алу үшін қажетті құжаттарды банкке тапсыру керек.

Таблица-1
Қарыз валютасы АҚШ доллары
Қарыз беру мерзімі 36 айға дейін
Кепілдікке қабылданған көлікті пайдалануға болатын мерзімі
жаңа көліктер 1 жылға дейін немесе 10 000 шақырымға
дейін жүрілген
Германия және Жапония 15 жылға дейін (қарыз мерзімін қосқанда )
елдерінің көлігі
ТМД, Оңтүстік Корея, АҚШ және 7 жылға дейін (қарыз мерзімін қосқанда)
Еуропа елдерінің көліктері
(Германия мен Жапониядан басқа
)
өзге елдерден шығарылған 3 жылға дейін (қарыз мерзімін қосқанда)
көліктер (ҚХР, Үндістан және
т.б)
Қарыз беру түрі қолма-қол және аудару арқылы
Қарыздың төменгі мөлшері 1000 АҚШ доллары
Бастапқы жарна сатып алынатын көлік бағасының 50%-ынан
бастап
Қарызды өтеу қарызды өтеу кестесіне сәйкес (аннуитетті
төлем кестесі бойынша) ай сайын
Кепілдікпен қамтамасыз ету сатып алынатын көлік
Ерікті сақтандыру Сақтандыру компаниясында көлікті барлық
жағдайдан (оның ішінде көлікті ұрлап кету)
Кепілдік нысаны сақтандыру
көліктің нарықтық бағасының 2,8%-ы (үшінші
адамдардан жүрілген, жаңа көлікті сатып
алғанда)
көліктің нарықтық бағасының 2,5%-ы
(автосалоннан жаңа көлік сатып алғанда)
Банк комиссиясы
Банктік қарыз беру қарыз мөлшерінің 1,5%-ы
Қолма-қол ақша беру 1%
Банк шотын жүргізу Қарыз мөлшерінің 0,2%-ы
Мерзімнен бұрын өтеу Қарыз алған күннен бастап, 6 ай ішінде
толық немесе бөлшектеп мерзімінен бұрын
өтеуге болады, мұнда комиссиялық сыйақы
алынбайды

Шұғыл мұқтаждық несиесі
Қарызды ресімдеу үшін төмендегі құжаттар талап етіледі:
1. Қарыз алуға қажет сауалнама-өтініш.
2. Қарыз алушыныңбірлескен қарыз алушының (жұбайыныңзайыбының) банк
қызметкері түпнұсқамен салыстырған жеке куәлігінің көшірмесі.
3. Қарыз алушыныңбірлескен қарыз алушының салық есебіне алынғанын
растайтын салық қызметі органы берген, бекітілген үлгідегі құжаттың (СТН)
банк қызметкері түпнұсқамен салыстырған көшірмесі.
4. Қарыз алушыныңбірлескен қарыз алушының табыс көзі мен мөлшерін
көрсететін құжаттардың түпнұсқасыкөшірмесі.
5. Кепілдік заттың заңды құжаттары және кепілдік затын (кепілдік заты
пәтер, тұрғын үй болуы мүмкін) сотты қатыстырмай сатуға арналған құжаттар.
Таблица-2
Қарыз валютасы АҚШ доллары
Қарыз беру мерзімі 6 айдан 60 айға дейін
Қарызды өтеу Қарызды өтеудің үш түрлі нұсқасы (кестесі)
бар:
қарызды өтеудің аннуитетті кестесі (қарызды
өтеу кестесіне сәйкес ай сайын)
қарызды өтеудің аннуитетті кестесі (негізгі
қарызды өтеудің жеңілдік кезеңі)
кесте – негізгі қарызды теңдей бөліктермен
өтеу
Жас мөлшері 18 жастан 65 жасқа дейін
Қарыз беру түрі қолма-қол және аудару арқылы
Қарыздың төменгі мөлшері 1000 АҚШ доллары
Қарыздың жоғарғы мөлшері кепілдік мүліктің нарықтық бағасының 50%-ына
дейін
Міндеттемелерді орындауды пәтерлер, тұрғын үйлер
қамтамасыз ету түрі
Банк комиссиясы:
Банктік қарыз беру қарыз мөлшерінің 1,5%-ы
Қолма-қол ақша беру 1%
Банк шотын жүргізу қарыз мөлшерінің 0,1%-ы
Мерзімнен бұрын өтеу қарыз алған күннен бастап, 6 ай ішінде толық
немесе бөлшектеп мерзімінен бұрын өтеуге
болады, мұнда комиссиялық сыйақы алынбайды
Сақтандыру кепілдік нысанын (тұрғын үй) сақтандыру.

Депозиттер

Цеснабанк АҚ депозиттері Сіздің өз ақшаңызды тиімді басқару
мәселесін шешуде жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүкіл отбасына арналған бірегей
депозит бағдарламасы   капиталыңызды сақтап, оны  еселеуге мүмкіндік
береді.
Цеснабанк АҚ-да ақшаны сақтау пайдалы және ыңғайлы, себебі:
•  Банк Жеке тұлғалар депозиттерін (сақтандыру) кепілдендіруші
Қазақстандық қор АҚ  қатысушысы болып келеді;
•  банкке салынған ақшалар сенімді сақталады және кіріс кіргізеді;
•  бөлшек сауда депозиттері рыногында Цеснабанк АҚ сыйақы мөлшерлемесі
ең тиімді болып келеді;
•  банк әрдайым сыйлықтар ұтысын және түрлі акцияларды өткізіп отырады;
•  депозитке салынған  ақша Цеснабанк АҚ-дан қарыз алғанда кепілдікті
қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта банк келесі салым түрлерін қабылдайды:
-  Цесна
-  Патриот
-  Тәуелсіздік
-  Цесна-Мерей
-  Цесна-Плюс
-  Цесна-Тең мүмкіншіліктер
-  Цесна-Құрмет
-  Цесна-Студент
-  Цесна –Оқушы
-  Цесна-Сәби
Цеснабанк АҚ депозиттерінің артықшылықтары:
•  Сіз өзіңізге ыңғайлы валюта түрінде депозит аша аласыз (теңге, АҚШ
доллары, еуро);
•  бір жыл ішінде ақысыз қызмет көрсетілумен VISA төлем карточкасын ашу
мүмкіндігі;
•  депозиттің әр түрі бойынша жыл сайын арнайы сыйлықтар ұтысы ойнатылады,
сондай-ақ Банк барлық депозиттер бойынша жиі-жиі акция және ұтыс ойындарын
өткізіп тұрады;
•  сізге сыйақыны өзіңізге ыңғайлы түрде алуыңызға, сондай-ақ карт-
есепшотыңызға аударуға кепілдік етіледі;
•  есептелген сыйақыны капиталдандыру мүмкіндігі;
•  шотыңызға ақша салуды Сіз қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақша түрінде
жүзеге асыра аласыз, оған қоса ұзақ тапсырма арқылы карт-шотыңыздан немесе
дербес шотыңыздан аудара аласыз;
•  сізбен келісіп алынған мерзімде өзіңізге ыңғайлы түрде шотыңыздан үзінді
көшірме алу мүмкіндігі бар;
•  депозиттің кейбір түрлері бойынша валютаның бір түрінен басқа түріне
ауыстыру, депозиттен жартылай соманы  сыйақыны жоғалтпай-ақ алу және
депозитке аударылған сыйақыны жоғалтпай-ақ алдын ала бұзу айырбастау
мүмкіндігі бар;
•  жеңілдік шарттарымен тұтыну несиесін алу мүмкіндігі;
•  VISA  төлем карточкасы бойынша депозит сомасынан 90 %  дейін (250 000
тенгеден көп емес) несие лимитін алу мүмкіндігі.

Қаржы лизингі
Цеснабанк лизингтік операциялардың дамуына көп көңіл бөледі. Банк
тиімді шарттарда лизингке жол құрылысы және ауылшаруашылық техникасын,
жабдықтар, коммерциялық жылжымайтын мүлікті, автокөлік құралдарына, арнайы
техниканы, басқа да жабдықты (сауда, медициналық, полиграфиялық және т.б.)
береді. Лизинг 3 жыл және одан да  жоғары мерзімді құрайды.
Қаржы лизингінде елеулі артықшылықтар бар:

•  Қаржыландырудың ұзақ мерзімділігі.

•  Қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігінің жоқтығы.

•  Қымбат тұратын жаңа техникамен жабдықты, сондай-ақ, коммерциялық
жылжымайтын мүлікті бастапқы үлкен салымдарсыз пайдалану мүмкіндігі.

•  Лизингтік төлемдерді өтеудің икемді кестесі.

•  Болжалды жеткізушілер туралы ақпараттарды іріктеу және өңдеу.

Кассалық операциялар және инкассация
Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу барысында Цеснабанк банктің толық
қызмет түрлерін ұсынады, Олар: қабылдау, қайта санау, ұлттық және шетел
валюталарында Клиент шотына салу, сонымен қатар Клиент шотынан алу. Қолма-
қол ақшаны Клиент алдын ала сұраныс беру арқылы және сұраныссыз да ала
алады. Алдын-ала сұраныс бойынша ақша алу үшін Банкке берілетін
комиссиондық сыйақы сұраныссыз алуға қарағанда анағұрлым төмен.
Банктің жекелеген филиалдарының меншікті инкассациялық қызметі бар.
Ол Клиенттегі ақшалай түсім инкассацияның оңтайлы кестесін таңдауына
мүмкіндік береді. Арнайы дайындалған қызметкерлер, броньдалған
автомашиналар сіздің бағалы заттарыңыз бен ақшаларыңызды қауіпсіз жеткізу
және сенімді қорған.
Қолма-қол ақша мен айыру монеталарын инкассациялау және жеткізу
Клиентпен келісілген уақыт пен орында өтеді. Бұл сауда қызметімен
айналысатын клиенттерге қолма-қол ақшамен жоғары деңгейдегі қауіпсіздік
жағдайында өздерінің сауда құрылымдарының жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік
береді.

II-бөлім. Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу

1. Ипотекалық несие

Қазақстанда ипотекалық несиелеу Қазақстан Республикасы мемлекеттік
тұрғын үй бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл арада
Мемлекет халықтың қамтамасыздандырылу деңгейі төмен тобының әлеуметтік
тұрғын үй құрылысын салуына және сатып алуына әр түрлі әдістермен жәрдем
көрсетіп, олардың меншік құқығына ие болуын ынталандырады.
Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека
несиесі ретінде ұғуға болады. Ол ұзақ мерзімге тұрғын үй құрылысын салуға
және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі. Ипотекалық несиелеу нарықтық
экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері
бар:
• Ипотекалық несие – бұл катаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда.
Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік
сатылады және одан түскен қаражатпен несиегердің алашағы өтеледі.Сол
себепті ипотека несиесі несиегер үшін ең сенімді несие ретінде
саналады;
• Ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты себебі, ол тұрғын үй мен
өндірістік үй- жәйлаарды қаржыландыру, саныпалу, тұрғызу үшін және жер
учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;
• Ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі.
Несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.
Ипотеканың айрақша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге
санылатын мүлік нақты болу керек, яғни келісім шарттар кепілдік құқығының
объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепіодіктің жариялылығы , яғни
кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болуы
керек;
Ипотека кепілдік берушінің сатуына болатын немесе басқаша жолмен
шеттете алатын кез келген жылжымайтын мүлкіне қойылуы мүмкін. Ипотека
мыналарға қойылады:
- жер учаскесі;
-кәсіпорын,үй-ғимарат, құрылғы және кәсіпкерлік қызметте пайдалынылатын кез
келген жылжымайтын мүлік ;
- тұрғын үйлер мен пәтер ;
- саяжай, бау-бақша үйі, гараж және тұтынылатын өзгеде құрылыстар;
- басқадай жылжымайтын мүліктер:
Ипотека заттары кепілдік берушінің меншігі болу керек немесе толық
шаруашылық жүргізуде пайдаланылатын жалпы меншіктегі мүлік. Барлық меншік
иелерінің жазбаша келісімі болмаса ипотека қойылмайды.
Меншіктің жалпы үлесіне қатысушы өз үлесін басқа меншік иелерінің
келісімінсіз баршаға ортақ мүләктің құқығына сала алады.
Жылжымайтын мүлікті кепілге салу туралы негізгі ереже ипотека
жөніндегі келісімшарттың кепілхат түрінде бегітілуін қарастырады.
Мұндай келісімшарттың нақты заңды күші болуы үшін оның тиісті
дәрежеде рәсімдеп , нотариалдық тұрғыдан растау қажет.
Ипотека туралы келісімшарт мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап
күшіне енеді.
Ипотека мемлекеттің тіркеуден өтуі үшін кепілзатты ұстаушының
мемлекеттік бажды төлегенін растайтын кепілхат пен құжаттар ұсынылған
жағдайда оның яғни кепілзат ұстаушының өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Ипотека тіркеуді жүзеге асыраттын орынға осыған қажетті құжаттар
түскен күннен бастап, 15 күннің ішінде тіркелуі керек. Бұл арада тіркеу
күніне құжаттардың тіркелуге түскен күні жатады. Тіркеу жазбасы мына
мәліметтерді қамтиды:
- Кепілдік беруші жөніндегі мәлімет,
- Ипотеканың заты туралы мәлімет, өткен ипотеканың болғанын және
ипотекалық міндеттеменің әрекет ету мерзімін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік операциялар
Ипотекалық компанияның несиелік қызметтерін басқару
Қоғамдық жұмыстарға тарту тәртібі тарту түріндегі орындау тәртібі
Корпоративтік бағалы қағаздар портфелін басқару
Кепілдіктер мен өтемақылар
Қазіргі кездегі ресейдің сыртқы қарызы
Қылмыс ұғымы жайлы
Вексель бойынша есеп айырысу есебі
Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары
Екінші деңгейлі банктердің тұтыну несиелері
Пәндер