АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: "Сейтқали Меңдешов - қоғам қайраткері"
Тексерген: Байсалбаева Т. М.
Орындаған: Нұрлан А. Н.
Мамандығы: 6В01301 "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі"
Алматы, 2020
Сейтқали Меңдешов-қоғам қайраткері.
І. Сейтқали Меңдешевтің Қазан төңкерісіне дейінгі өмір жолы Қазақтың ірі тарихи тұлғаларының бірі - Сейтқали Меңдешев. Ол қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейінгі зиялылардың бірі және бірегейі. Ұлт мүддесі жолында қызмет еткен қайраткер. Ол көзінің тірісінде-ақ «тұңғыш қазақ президенті», «қазақ жерінің жоқшысы» атанған. Сейітқали Меңдешев 1882 жылы Бөкей Ордасының Қамыссамар көлінің жағасындағы шағын ауылда жылы дүниеге келген. Оның өскен ауылының кәсібі балық аулау болатын. Өсе келе Сейітқали да осы кәсіппен шұғылданады. Тұрмыс пен тіршіліктің арқауы болған балық байлығы Сейітқалиды өзен-көлдің сырына тереңірек үңілуге, оны молырақ оқып білуге ынтазар етті. Бірақ тағдыр Сейітқалиды балықшылықтан аулаққа алып кетті. Бұған туған ауылының Новая Казанкамен іргелес болып, орысша-қазақша оқытатын мектептің болуы себеп еді. Ол Қазан қаласында оқыған кезінде тек қана білім қумай, прогресшіл бағыттағы оқытушылармен де танысып, байланыс жасап, саяси жағынан да білімін толықтырып, дүниеге көзқарасын қалыптастыра бастайды. Алғаш еңбек жолын 1903 жылы қазақ балаларына білім, тәрбие беруден бастап, он үш жылдай ұстаздық қызмет атқарады. Сол кезде ол қоғамдықсаяси қозғалысқа, мәдени ағарту істеріне белсене араласады. 1905 жылғы бірінші орыс революциясы жас мұғалім Сейітқали Мендешевке үлкен әсер етті. Осы революциядан кейін Орда қаласы айдаудағы орыс революционерлерінің саяси жұмыстар орталығына айналды. Ол С. Меңдешев секілді алдыңғы қатарлы оқыған қазақ жастарының саяси көзқарасының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. 1907-1908 жылдары революцияшыл мұғалімдер, дәрігерлер Ордада жасырын кәсіпшілік одағын ұйымдастырады. Оны ұйымдастырушылардың бірі - Сейітқали Мендешев болды. Сонымен қатар С. Меңдешев жергілікті жерде оқыған сауатты адамдардың басын қосып, 1911 жылы Ордада «Қазақстан» газетін шығару ісін ұйымдастырғандардың да бірі болды. Газетте патша үкіметінің еңбекші тапты қанап, надандықта ұстап отырғаны түсіндірілді. Газеттің бағдарламасында үкіметтің өкім - жарлықтары, қоғамдық мәселелер, агенттік жедел хаттар, жергілікті өмір, биржа, сот хроникасы, әр түрлі сыртқы және ішкі хабарлар, өлеңдер көрініс табатындығы көрсетілді. Алғашқы екі номері Астраханьдағы Окурь және Алресьянц баспаханасынан шығарылды. Редақтор Е. Бұйрин газет шығарудағы қиындықтарға байланысты жергілікті татар баспагерлерінің қолдауымен кавказдық газет шығарушылармен одақ жасасты. Газетті шығару қаржылық қиындықтарға байланысты Орал қаласына ауыстырылды. «Қазақстан» газеті сол кездегі қазақ тұрмысынан көп мәселе көтерген. Осы кез Сейітқали Меңдешевтің саяси тұлға ретінде қалыптасуының алғашқы баспалдағы болды. Жылдар өткен сайын Сейітқали саяси жұмыста шындала түсті. Оның бұл кездегі саяси көзқарасының қалыптасуына Петербургте болуы да ерекше әсер етті. Ол 1913 жылы Петербургте болған Бүкіл Ресейлік халық ағарту съезіне Бөкей ордасы қазақтары арасында халық ағарту ісінің жайы жөнінде баяндама жасап, қазақ балаларының білімге құштар екенін, бірақ оған қолы жетпей отырғанын мәлімдейді. Ол бұл сапарында Петербургтің саяси ахуалымен кеңірек танысып қайтады. Сондықтан Қазақ жеріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатысты. Бұған осы оқиға болар алдында Петербургке екінші рет барып қайтуы, оннан тағы да үлкен саяси нәрмен оралуы себеп болды. Сейітқали Мендешевтің Петербургке бұл жолғы сапары мына жағдайға байланысты болды: Астрахань губернаторының жер бөлу жөніндегі әділетсізідігіне Бөкей Ордасының бір топ қазақтары наразы еді. Осыған орай арызбен сол кезеңнің беделді екі адамы - Нығметолла Ыбрагимов пен Ғұбайдолла Ахметовты Петербургке жіберуді ұйғарды. Ол екеуі Петербургке Сейітқали Мендешевтің жол бастап баруын және патша әкімшілігіне жолыққанда тілмәш болуын қалайды, ал Сейітқали олардың өтінішін қабыл алады. Петербургте болған кезінде Сейітқали 1-дүниежүзілік соғыстың барысы, жұмысшылардың толқуы, интеллигенцияның озық ойлы жөнінде көп мағлұматтарға қанығады. С. Мендешев Петербургтен ауылға шілде айының басында оралады. Ол ауылда 19 бен 43 жас арасындағы қазақ жігіттерінің патшаның бұйрығына қарсы толқу, наразылық барын естиді. Мобилизацияға жергілікті әкімдер-ауылнайлар, болыстық страшиналар белсене кіріскен. Олар патша жарлығына қарсылық білдірушілерді сол арада атып тастауға дейін тәртіп береді. Қара жұмысқа адам бермеуге жергілікті адамдар, барлық ауылдар қарсылық білдіріп, санақшыларды қуып жібереді. Ауыл азаматтары қолдарына қару алып атқа міне бастайды. Петербургтегі саяси толқулардың ортасынан келген Сейітқали Мендешев қазақ ауылдарының басын біріктіруді, оларды қаруландыруды ойлайды да, осы мақсатпен ол Жаңақалаға келген бойда-ақ өзімен пікірлес жолдастары Мұқтар Сәрсембаев пен Нұғыман Залиевті және басқаларды шақырып ақылдасады. Дегенмен, жергілікті би-болыстар да қарап жатпайды. Олар патшаның жарлығын екі етпей орындауға барлық күштерін салып бағады. Қамыссамар правителі Нұрым Қарабаев Астраханнан шыққан патша уәкілі Аракчеевтің келуімен байланысты болыс, старшиналардың жиылысын шақырады. Бұған ауылдың кейбір беделді азаматтарын да қатыстырады. Ондағы мақсат Германиямен соғыста халі төмендеген патша армиясына көмек беру еді. Олардың бұл жоспарын қазақтар жүзеге асыртпауға күш жұмсайды. Қарсылық білдірушілердің ішінде Сейітқали Мендешев те болды. Ол осы жиналыста «Қазақтың жастарын мал есебінде майдандағы қара жұмысқа алу әділетке жатпайды. Егер біздің жігіттерді алатын болса, ол үшін әуелі қазақ жігіттерін оқытып, көзін ашу керек», -дейді. Чиновник Аракчеев терісіне сыймай қатты ашу шақырады: « Өшір үніңді, саған кім үйретті? Қазақ жастарын майдан жұмысына пайдалану туралы сенен ешкім де ақыл сұраған жоқ! Мынау айтып тұрғанын патша ағзамға қарсы сөздер. Бұл бұзақылығының үшін ұлы императордың алдында жауап бересің», - деп жекіреді. Бұл сөзді естігенде 80 жастағы Тастанбек Желдібаев деген ақсақал орнынан ұшып түрегеледі. Ол осы өңірдің өжет, шешен, әрі қара қылды қақ жарған турашыл ақсақалы болатын. Көз алдында өршіге алқынып дөрекілік көрсеткен Астрахань губернаторының уәкілін көріп, оны бүріп алатын қырандай қатты ұстанады. Тастанбек Желдібаев өз сөзінің аяғын: - Патшаңа сәлем айт, біз кісі бермейміз. Қанша керек болса да, ол бізден ақша алатын болсын, - деп бітіреді. Сонымен жиналғандар қара жұмысқа адам бермейтіндіктерін ашық айтып тарқасады. Әрине, генерал-губернатордың уәкілімен бұлайша сөзге келіп жүз шайысудың арты шатаққа тірелетінін Сейітқали Мендешев бастаған топ анық аңғарады. Келесі күні ол Жаңақалаға барып, ауылдағы наразылық білдірушілерге басшылық ететін орталықтар ұйымдастыру жөнінде кеңеседі. Осы мақсатпен көп адамдар ауылға аттанады. Көтерілісшілер қатарының ұлғаюына байланысты ҚарабаевАракчеев Астраханнан қосымша отряд алдырады. 22 шілде күні Жаңақалаға Ордадан Яков Крицкий бастаған отряд келіп, С. Мендешевке Астрахань губернаторының тұтқынға алу жөніндегі құжатымен таныстырады. Тұтқынға алынған 6 адамның ішінде С. Мендешев, Т. Желдібаев, Н. Залиев және әкімдердің «көзінің қырында жүрген» Сүндетқали Нұрсарин де болады. Ордаға келген тағы да бір қазақ жігітін қосып Астрахандағы түрмеге айдайды. Астрахань түрмесінде Сейітқали 1916 жылдың желтоқсанына дейін отырады. Ол түрмеден келген соң, ауылына аялдамастан Таловкаға жүріп кетеді. Бұл жөнінде Куйбышев облысының Большая Глушица селосында тұрған Мусин Мерген деген адам былай дейді: «мен оның делбешісі болып бардым. Таловкада Тереньев деген орыстың үйіне түстік. Сейітқалидің келген хабарын естіп, семинариядағы әріптесі Мұхамбетрахым Қарабаев біз отырған үйге іздеп келді. Амандасып болған соң: - Неге біздің үйге түспедің? - деді Қарабаев. - Сенде кісі қарайтын бет бар ма? Бізде қазақ баласының тағдырын ойыншыққа айналдырамыз деген серт болып па еді? -деген Сейітқалидің сөзіне Қарабаев ешнәрсе айта алмай қалып: - Өкпең болса үйге жүр, сонда айтарсың, - деді. Сейітқали бармайтынын кесіп айтты. Кейін білдім, Мендешев Таловкаға Аракчеевті іздеп, оның қазақ даласындағы қылмыстарын бетіне басу үшін барыпты. Бірақ ол бізден бұрын кетіп қалғандықтан, жолығыса алмадық». Кеңес өкіметі орнағанға дейін қазақтардың сауатын ашуға, олардың теңдігін қорғауға айтарлықтай еңбек сіңірген Сейітқали Мендешев 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде қыруар қоғамдық маңызы бар жұмыстар атқарды. Қолынан келгенше көтерілістің сәтті аяқталуына қызмет етті. Бұл келтірілген фактілер ол атқарған жұмыстардың оннан бірі десек те болады.
ІІ. Қайсар ұлдың қоғам қайраткерлік тұлғасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz