Тұлғалық білім берудің орталығы - оқушылар тұлғасын үздіксіз дамыту


Диплом жұмысы
Тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың педагогикалық шарттары
Орындаған: Сайманова Сауле
Ғылыми жетекшісі:
педагогика ғылымдарының кандидаты
Кусаметова Гүлсім Көпжасаровна
Қазақстан Республикасы
, 2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Тұлғалық-бағдарлы білім берудің теориялық
негіздері . . .
1. 2 Тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың мүмкіншіліктері . . .
2 Тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың жолдары
2. 1 Тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың моделі және педагогикалық шарттары . . .
2. 2 Тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың мазмұны . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
. 1
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны дүние жүзінде өзара бағыныштылық пен өзара әсерлесумен сипатталады. Экономика мен мәдениетке тән жаһандану үрдістері, қоғамның ақпараттануы білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту саласында жалпы орта білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуде мектептегі оқытудың мақсатын және білім берудің жоспарланған нәтижелерін қайта қарауды талап етеді.
Білім берудің бағыты өз кезегінде білім берудің жаңа моделін және соған сәйкес білімдік технологияларды айқындайды. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауында (2005 жыл) «Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атап өтілген (1) . Жедел дамып отырған технологиялар заманында білім берудің басты ұстанымы «өмір бойы білім алу, адамның сапалық кәсіби және ғылыми дайындығы, өз бетінше іздене білуі және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігі болуы қажет» (2) . Осыған орай Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытуда стратегиялық басымдықтар белгіленген.
Жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі - жеке және қоғам өміріне қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік беру болып табылады (3; 10) . Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында, 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген (2, 4) .
Мектептегі білім жаңа мазмұнмен байытылып, оқушының қабілеттерін дамыту, оның бойында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру міндетін шешуге бағытталған. Оқушының бейімділіктері мен қабілеттерін есепке ала отырып, білім беру траекториясын барынша даралау мақсатында жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысында бейіндік оқыту енгізілген. Жалпы орта мектепті бітіруші оқудың, мектеп өмірінің мәнін болашақ еңбек қызметіне дайындық ретінде түсініп, топта қарым-қатынасқа дайын болуы тиіс (3; 11) . Қазіргі әлемдік өркениетте экономикалық жағдайға сәйкес білімдік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту және жеке жағдайда негізгі құзыреттіліктерін дамытудың қажеттілігі айқындалып отыр. «Бізге экономикалық және қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа білім беру жүйесі қажет» деп Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өтеді (5) .
Негізгі мектептегі білім әр оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түрінде құзыреттіліктер жиынтығын игеруіне бағдарланған. 12 жылдық мектептегі оқу процесін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқыту процесін ұйымдастыру тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік, құзыреттілік, денсаулық сақтау тұрғылары негізінде жүреді.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда тұлғаны дамытуға, оның әлеуетін анықтауға, дербестігін қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі сынып-сабақ жүйесінің орнына ізгіліктік философия, психология және педагогиканың идеяларын біріктірген тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесі келуде. Аталған жүйе адамды субъект, өз өмірін жасаушы қалыптастыруға мүмкіндік береді; оқушыларды белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік, шығармашылық және т. б. ) жауапкершілікпен жүзеге асыруға үйретеді. Білім берудің жаңа сапасына 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында қол жеткізуге болады. Осыған сәйкес жалпы білім беретін мектептің екінші сатысында оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруі, олардың бойында адамдар арасындағы қарым-қатынастығы биік мәдениеті, өзін-өзі тануды және кәсіби бағдарды қалыптастыру негізгі мектеп қызметінің басым бағыттары болып табылады (3; 4) .
«Орта білім беру жүйесінің жаңа моделі оқу-тәрбие процесінде оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс» деп жаңа орта білім беру стандартында көрсетілген. Онда жалпы орта білім берудің мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене араласатын құзыретті, интеллектуалды және рухани тұлғаның дамуына жағдай жасау болып табылады (3) . Осылай анықталған білім беру мақсаты педагогтарды оқу-тәрбие процесін құзыреттілік тұрғысынан ұйымдастыруды талап етеді. Мектепте қолданылатын білім беру технологияларына, оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелерін бағалау критерийлеріне, білімнің жаңа сапасына қойылатын талаптар да өзгеруде.
Қазіргі таңда негізгі құзыреттіліктерге берілген бірмәнді анықтама жоқ. Тек ғылыми зерттеулер ғана емес, сонымен қатар білім беруді дамытудың стратегиясын анықтайтын құжаттар да бұл ұғымдарды түрліше анықтайды.
1992 жылдан бастап ресми түрде «негізгі құзыреттіліктер» ұғымы Еуропа Одағының «Еуропадағы орта білім» жобасында айтыла бастады. В. В. Сериков, И. Г. Агапов, А. А. Хуторской орта мектепте құзыреттілік тұрғысын жүзеге асыру процесінің негізгі бағыттарын ашады. Дегенмен негізгі құзыреттіліктерге берілетін анықтамалардың әр алуандығы, жан-жақты іскерліктер мен дағдылардың дидактикалық көлемінің жеткілікті деңгейде айқындалмауы осы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыратын технологияларды жасау және қолдануда алкен кедергі келтіреді. Оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту білімнің берілу тәсіліне тәуелді. Негізгі мектептің білім мазмұнын анықтауға және оны толық меңгертуге деген қажеттіліктер өсіп отырғанмен, оның оқушыға берілу жолдарына жете мән берілмеген. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін негізгі құзыреттіліктерді дамытудың әдістемесі жасау талап етіледі.
Бүгінгі күні демократиялық қоғам талаптарына сай тұлғалық-бағдарлы тұрғыдан білім беруді ұйымдастыру қажеттілігі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту міндеті, сонымен қатар, оны жүзеге асыруға арналған әдістемелік даярлықтың жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықтар орын алып отыр. Осы аталған қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбын «Тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу объектісі - жалпы білім беретін мектептегі оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні - тұлғалық-бағдарлы білім беруде коммуникативтік құзыреттіліктерді дамытудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің мақсаты: тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу, әдістемесін жасау. .
Зерттеудің міндеттері :
- тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың теориялық негіздерін айқындау;
- оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін тұлғалық-бағдарлы білім беруде дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау және моделін жасау;
- тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың технологиясын жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру;
- оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың аталған технологияға сәйкес ғылыми-практикалық ұсыныстарын практикаға ендіру.
Зерттеудің жетекші идеясы: Оқушылардың құзыреттіліктерін дамытуды тұлғалық-бағдарлы тұрғыдан ұйымдастыру олардың тұлғалық тұрақтануына және әлеуметтенуіне негіз болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным теориясы және диалектика принциптері, тұлға және іс-әрекет теориялары, ізгіліктік педагогика және психологияның тұжырымдамалары, тұлғалық-бағдарлы білім беру ілімі, топ туралы психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық тұжырымдамалар, диагностикалаудың жалпы әдіснамасы.
Зерттеу көздері: философтардың, психологтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың еңбектері, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, педагогикалық баспасөз материалдары, озық тәжірибелер, автордың жеке іс-тәжірибесі
.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы :
- тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту жүйесі ғылыми тұрғыдан негізделді;
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: теориялық және эксперименталдық зерттеудің логикалық құрылымымен; зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, зерттеудің мақсат-міндеттеріне сәйкес зерттеу әдістерін таңдаумен; эксперименталдық мәліметтерді сандық және сапалық талдауда оларды өңдеудің статистикалық әдісін қолданумен; зерттеу нәтижелерінің дәлелді қорытындылануымен қамтамасыз етілді.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, зерттеудің мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері мен зерттеу болжамы, әдістері, кезеңдері көрсетіліп, жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығыбаяндалған, қорғауға ұсынылатын қағидалар сипатталған.
« Тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде тұлғалық-бағдарлы білім берудің психологиялық-педагогикалық негіздері зерделенген. Зерттеу проблемасы бойынша логикалық-тарихи және салыстырмалы талдау берілген; «тұлғалық-бағдарлы білім беру», «құзырет», «құзыреттілік», «коммуникативтік құзыреттіліктер», «тұлғалық-бағдарлы шағын топ» ұғымдарының мәні қазіргі білім беру тұрғысына негізделе отырып, талданған, олардың мәндік сипаттамалары берілген. Оқушыларға шағын топта тұлғалық-бағдарлы білім берудің ерекшеліктері, педагогикалық шарттары айқындалып, моделі жасалған, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері белгіленген.
«Тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың жолдары» атты екінші бөлімде тұлғалық-бағдарлы топтарда білім берудің технологиясын жобалау және құрудың үлгісі берілді және оның мазмұны ашылды. .
Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.
Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері, талдаулар, сөздік берілген.
I Тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері
- Тұлғалық-бағдарлы білім берудің теориялық негіздері
Қазіргі қоғамның даму қарқыны білім берудің міндеттерін қайта қарауды талап етеді. Тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылдық даралығын дамыту, баланың бар мүмкіншілігін ашып, оны жүзеге асыру білім беру жүйесінің басты бағыттары. Оны біз Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы жобасынан көре аламыз: «Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдық тұрғыдан ескірген. Оқушының даралығына бағдарланған білікті көзқарас жоқ. Мектепте оқу оқушының өмірлік жолын, мүдделері мен перспективаларын таңдауына нақты дәлелдемелер бермейді . . . Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген [2] .
Қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі білім берудің мазмұнын жетілдіру болып табылады. Білім берудің мазмұны оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік проблемаларды өз бетімен және тиімді шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап білім, тәжірибе және қабілеттердің жиынтығын меңгертуге бағытталған. Білімге бағытталған оқытудан құзыретті, тұлғалық-бағдарлы білім беруге көшу білім берудің мазмұнында экономикалық, саяси, хұқықтық, дене, коммуникативтік мәдениет компоненттерінің, сонымен бірге, еңбек, жанұялық қарым-қатынастар, салауатты өмір салтын ұстану, өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетінің көрініс табуын белгілейді (3) .
Осы міндеттерге сәйкес мектептердің басты мақсаты - оқушының өз тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру, баланың даралығын ашу, оның айқындалуына, дамуына, тұрақтануына көмек беру. Мектепте әрбір бала қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс. Оқыту үрдісі барысында әрбір баланың даралығын ашу мектепте тұлғалық-бағдарлы білім беруді ұйымдастыруды қажет етеді.
Бұл білім берудің мазмұнына, оқыту технологиясына өзгеріс енгізу қажеттілігінің бір көрінісі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін педагогикаға көптеген оқытудың түрлері енгізілуде. Солардың бірі - тұлғалық-бағдарлы тұрғыдан оқыту технологиясы. «Тұлғалық-бағдарлы білім беру» ұғымы қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Тұлғалық-бағдарлы білім беру мақсаттан гөрі негізінен құндылықтарға бағытталған. Осы оқыту түрін жан-жақты зерттеп, оның теориялық-әдіснамалық негізін жасау - біздің міндетіміз болып табылады.
Ізгіліктік педагогикасы, тұлғаға деген қызығушылық, оқушының сұранысына бағытталу, жалпыадамзаттық ізгіліктік, рухани құндылықтарға бетбұрыс жасау - қазіргі қоғам мен білім беру жүйесінің даму бағыттары болып табылады. Бүгінгі мектептің мақсаты - өзінің үздіксіз білім алуына және өз бетімен дамуына бағытталған азаматты тәрбиелеу. Дәстүрлі білімділікке бағытталған оқыту жаңа қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыра алмайды. Сондықтан, өмірде өз орнын анықтай алатын, білімі арқылы мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын, дербес, белсенді, үнемі даму үстінде болатын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу үшін инновациялық педагогикалық парадигма, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне жаңа тұжырымдамалық тұрғылар қажет болып отыр.
«Тұлғалық-бағдарлы білім беру», «тұлғалық-бағдарлы тұрғы» ұғымдарының түсіндірмесінде әр алуан пікірлер кездеседі. Бұл пікірлердің көптігі былайша түсіндіріледі: кез-келген оқытудың түрі тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың әрқайсысын тұлғалық-бағдарлы оқыту деп тануға болады. Бүгінгі таңда оқытудың түрлі модельдері мен технологиялары жасалуда. Олардың әрқайсысы «тұлға», «тұлғаның дамуы», «тұлғалық-бағдарлы білім беру» ұғымдарын өз бетінше түсіндіреді.
Тұлғалық-бағдарлы білім берудің орталығы тұлға болып табылады. Осы білім беру парадигмасын жасау үшін тұлға ұғымына анықтама беріп, оның құрылымын белгілеу қажет. Тұлғалық-бағдарлы білім беруді ұйымдастыру үшін «тұлға» ұғымының мәнін ашудың маңызы мынада: тұлға, оның құрылымы, қасиеттері, даму механизмі жайындағы түсініктер оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуда тұлғалық-бағдарлы ортаны ұйымдастыруда аса қажет. Сондықтан «тұлға» ұғымын жан-жақты талдау қажеттілігі туындайды.
«Тұлға» ұғымының этимологиясына тоқталсақ. Ағылшынның тұлға («personality») сөзі латынның «persona» сөзінен шыққан. Бастапқыда бұл сөз ежелгі грек драмасында театр қойылымы үшін киілетін бетпердені білдіреді. Осылайша, басынан-ақ «тұлға» ұғымына жеке адамның белгілі бір рольдерді орындағанда енетін сыртқы, әлеуметтік бейнесі деген мән берілген. Кейін бұлш сөзбен актердің өзі мен оның ролін белгілеген. Рим халқында «persona» сөзі міндетті түрде рольдің (әке тұлғасы, патша тұлғасы) белгілі бір әлеуметтік қызметін атап көрсетумен бірге қолданылған. Осылайша, «тұлға» ұғымының бастапқы мағынасы - бұл адамның белгілі бір әлеуметтік ролі немесе қызметі.
Тұлға - психология және педагогика ғылымдарының іргелі ұғымдарының бірі. «Тұлға» ұғымының психология ғылымындағы көпмәнділігін көрсету мақсатында осы саладағы көрнекті теорияларға шолу жасасақ (9; 23-24бб. ) . Отандық және шетелдік психология және педагогика ғылымдарында түрлі тұлға теориялары қалыптасқан. Олардың әрқайсысы тұлға ұғымын және оның құрылымын түрліше түсіндіреді.
Іс-әрекеттік тұлға теориясы (С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, К. А. Абульханова-Славская) тұлғаның орталығы, оның даму көзі - іс-әрекет, бұл субъектінің қоғаммен өзара әрекеттесуінің күрделі динамикалық жүйесі, оның барысында тұлғаның қасиеттері қалыптасады. Іс-әрекеттік тұрғы аясында тұлғаның 4 компонентті моделі белгіленген. Тұлғаның басты құрамдас бөліктері: бағытталуы, қабілеттер, мінез-құлық және өзін-өзі бақылау (6, 7, 8) .
Шетел психологиясында мына тұлға теориялары кең таралған:
- психологиялық-динамикалық (З. Фрейд) ;
- аналитикалық (К. Юнг) ;
- ізгіліктік (К. Роджерс, А. Маслоу) ;
- когнитивті (Дж. Келли) ;
- іс-әрекеттік (А. Бандура, Дж. Роттер) ;
- диспозициялық (Э. Кречмер, Г. Айзенк, Г. Олпорт) (9, 10, 11) .
Мысалы, Карл Роджерс тұлғаны өзім ұғымымен түсіндірген: ұйымдасқан, ұзақмерзімді, субъективті қабылдайтын мән. Гордон Олпорт тұлғаға мынадай анықтама береді: тұлға - бұл адамның дүниемен өзара әрекеттесуінің сипатын беретін ішкі «бірнәрсе». Ал Эрик Эриксон түсінігінде индивид өмір бойы психологиялық-әлеуметтік дағдарыстар қатарынан өтеді, және оның тұлғасы дағдарыстың нәтижелік қызметі түрінде көрінеді. Джордж Келли тұлғаны әрбір индивидке тән өмірлік тәжірибені ұғынудың ерекше тәсілі деп түсіндірген (9, 10, 11) .
Батыстың ізгіліктік психологиясына ресейлік және қазақстандық психология үндес болып табылады.
Біздің түсінуімізше, тұлға - саналы түрде өзінің бойында, табиғатта, әлеуметтік салада жаңа нәрсені жасаушы адам.
«Тұлға» ұғымы философия, психология, педагогика ғылымдарында зерттелуде. Ұғымды түсіндіруде шетел психологиясында бірнеше тұрғылар бар: әлеуметтік-генетикалық, биологиялық-генетикалық және психогенетикалық. Әлеуметтік-генетикалық тұрғы тұлғаның ерекшеліктерін қоғамның құрылымы, әлеуметтенудің тәсілдері, қоршаған ортамен қарым-қатынасы арқылы түсіндіреді. Әлеуметтану теориясына сәйкес, адам биологиялық түр ретінде дүниеге келіп, өмірдің әлеуметтік жағдайларының әсерінен тұлға ретінде қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы бұнда білім мен дағдыны меңгеру, үйренудің нәтижесі (Э. Торндайк , Б. Скиннер және т. б. ) . Олар тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын адамның сол ортаға бейімделуіне мәжбүр болатын ортаның өзінде жинақталған қасиеттері көмегімен түсіндіреді. Биогенетикалық тұрғыда тұлғаның даму негізіне ағза жетілуінің биологиялық үрдістері салынған (С. Холл, Э. Кречмер, З. Фрейд және т. б. ) [9] . Психогенетикалық тұрғы билологиялық та, ортаның мәнін де жоққа шығармайды, бірақ жетекші орынға шынайы психикалық үрдістердің дамуын шығарады [9] .
«Тұлға-индивид - бұл қоғамда нндивид қатысатын қоғамдық сипатта болатын қарым-қатынас жиынтығында меңгерілетін ерекше қасиет. . » (12; 185 б. )
«Психологияда тұлға - бұл пәндік іс-әрекетте және қарым-қатынаста индивидтің меңгеретін жүйелі (әлеуметтік) қасиет, ол индивидтің бойында қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасу деңгейін көрсетеді» (13; 386 б. )
« . . . Тұлға - таным, толғаныс және дүниеге деген көзқарас негізінде дүниені өзгертуші субъект ретіндегі нақты адам» (14; 193 б. )
«Тұлға өзінің қоршаған ортаға, қоғамдық ортаға, басқа адамдарға деген қарым-қатынасымен анықталады. Бұл қарым-қатынастар адамдар іс-әрекетінде жүзеге асады . . . Адам қаншалықты өзінің қоршаған ортаға қарым-қатынасын саналы түрде анықтаса, ол соншалықты тұлға болып табылады». (15; 243-245 б. )
«Тұлға - бұл адам болмысының идеалды ерекше формасы. Ол адамға субъективтілік сапасын береді, яғни өзінің себебі болуға, өзінің болмысын дүниеде жасауға мүмкіндік береді» (16; 230 б. )
Осылайша, бұл анықтамаларды талдай отырып, тұлғаны сипаттайтын үш мәнді қасиеттерді анықтадық. Олар: бағытталу, іс-әрекет және қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы. Аталған үш компоненттермен бірге тұлғаның маңызды қасиеті де анықталған: бір тұлғаны басқалардан ерекшелейтін жеке құрылымдар жиынтығы. Психологияда бұл қасиеттерді «жекелік, даралық» ұғымымен сипаттайды.
Психология ғылымында даралықты түсіндіруде төменде келтірілген дәстүрлі анықтамалар бар:
- тұлға - тұлғалық сапалардың қайталанбас үйлесімділігі;
- нақты бір адамға тән жалпы тұлғалық қасиеттерге қосымша қасиет;
- тұлғаның толысқандығын белгілейтін жаңа тұлғалық құрылым.
Даралықтың тұрақтануы тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру формасында көрінеді.
Б. Г. Ананьев адамның тұлғалық қасиеттерін былайша суреттейді: «тұлғаның құрылымдық-динамикалық қасиеттерінің бастапқы сәті - осы тұлғаның тұрақтанған және қалыптасқан қоғамдағы мәртебесі. Мәртебе негізінде жүйелер құрылады: а) қоғамдық қызметтер - рольдері; ә) мақсаты мен құндылықты бағдарлары» (17) .
Ал К. К. Платоновтың зерттеулерінде тұлғаның иерархиялық құрылымы идеясы ұсынылады. Тұлға құрылымында төрт негізгі құрылым астылар бар:
- бағытталуы (тілегі, ұмтылысы, қызығушылығы, бейімділіктері, идеалдары, көзқарастары, сенімдері) ;
- тәжірибесі (білім, іскерлік, дағды, әдет) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz