Қосушы мемлекеттің сыртқы сауда режимін және оның ДСҰ - ның көпжақты сауда келісімдеріне сыйымдылығын қарастыру
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І тарау. ҚР кеден органдарының шетел мемлекеттері кеден органдарымен
және халықаралық кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы.
1. СЭҚ-тарда кедендік-саудалық реттеуге қатысатын ұйымдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. ҚР-ның өзге елдермен халықаралық кедендік ынтымақтастығының құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. ЕурАзЭҚ елдері шеңберіндегі кедендік ынтымақтастық
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ тарау. ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігі және оны қамтамасыз ету.
2.1. Экономикалық қауіпсіздік мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Экономикалық қауіпсіздік қамтамасыз ету әдістері мен
құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Кеден іс саласындағы құқық бұзушылықтар – елдің
экономикалық қауіпсіздігінің нақты қауіптері ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ тарау. ОҚО бойынша кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі қызметі.
3.1. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы
контрабандамен және кеден ережелерін бұзушылық-
тармен күресін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. ОҚО бойынша Кеден Басқармасының Контрабандамен
және кеден ережелерін бұзушылықтармен күрес бөлімі-
нің жұмысын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытындылар мен ұсыныстар.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алмай тұрып, мемлекеттің алдында
қазіргі уақыттағыдай проблемалар мен переспективалар анағұрлым маңызды
болмаған. себебі барлық мәселелер орталықты шешімін табатын болған. Ал
еліміз өз алдына егемендік алған соң оның негізгі мүддесі болып,
мемлекеттің жан-жақты дамуы табылды. 1990 жылдардың басында және орта
шенінде ел халқының әлеуметтік хал-ахуалы, экономиаклық дамуының
тенденциясының төмендеуі, яғни экономикалық дағдарыс ерекше байқалды. Осы
дағдарыстан шығу үшін, елдегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
үшін, мемлекет әрі қарай даму үшін белгілі стратегиялық маңызды шаралар
жасау керек болды. Осындай кедендік саясаттың бір тармағы- халықаралық
кедендік ұйымдармен, жекелеген елдермен мемлекеттің кедендік байланыс
орнатуы.
Әлемде әлемдік және аймақтық маңызға ие халықаралық ұйымдар бар.
Соның ішінде, осы дипломдық жұмыста қарастырылған ұйымдарды атап өтуге
болады: Дүниежүзілік Сауда Ұйымы, Дүниежүзілік Кеден Ұйымы,ЕуроАзиялық
Экономикалық қауымдастық. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты- оған мүше елдер
арасында тауар айналымын жоғарлата отырып, сол арқылы халықаралық сауданың
дамуына әсер ету.
Бұл ұйымдар Қазақстан үшін үлкен маңызды роль атқарады. Бұл ұйымдарға
мүше болу, ондағы мүшелікті тиімді пайдалануҚазақстан үшін аса маңызды
болып табылады. Қазақстан осы ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, өзін
халықаралық аренада мықтап орнықтырады.
Менің дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты- жоғарыда көрсетілген
халықаралық кедендік ұйымдардың жұмысын және мемлекеттің экономиаклық
қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі оның қызметіне талдау жасау және ондағы
кеден қызметінің алатын орны туралы мәселелерді қарастыру.
Мемлекеттің экономиаклық қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз- бұл
елдің экономиаксын тұрақты деңгейде ұстап тұру және дамыту. Сол арқылы
мемлекеттің өмір сүргіштігін жүзеге асыру, басқа елге деген экономикалық
тәуелсіздікті жою арқылы экокомиаклық егеменділікті сақтауға тырысу.
Жалпы бұл дипломдық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылған:
-Қазақстан үшін ДСҰ-на қалай кіру керектігі туралы мәселелер;
-ДКҰ-дағы мүшелікті қалай пайдалану керектігі туралы мәселелері;
-ЕурАзия мемлекеттерінің алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру туралы
мәселелері;
-Экономиаклық қауіпсіздікті қамтамсыз ету туралы мәселелер;
-Экономиаклық қауіпсіздікті қамтамсыз етудегі кеден орындарының рөлі;
-ОҚО бойынша Кеден Басқармасының Контрабандамен және кеден ережелерін
бұзушылықтармен күрес бөлімінің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етудегі атқарған іс-шаралары туралы мәселелер.
Осындай мәселелердің шешімін табу менің дипломдық жұмысымның негізгі
мақсаты болып табылады.
І тарау. ҚР КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫі ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРl КЕДЕН ОРГАНДАРЫМЕН ЖӘНЕ
ХАЛЫІАРАЛЫІ КЕДЕНДlК ҰЙЫМДАРЫМЕН ЫНТЫМАІТАСТЫҒЫ.
1.1.СЭҚ-тарды кедендік саудалық реттеуге қатысатын негізгі ұйымдар.
Қазақстан Республикасының сауда- кедендік ұйымдардың қызметіне
қатысуы, Қазақстанның халықаралық кеден қауымдастығына қатысуы бірден-бір
маңызды каналдары болып табылады.
Сонымен Қазақстан дүниежүзілік Кеден ұйымына 1993 жылы 5 қарашадан
бастап мүше ретінде қатысып келеді.
Универсалды сауда-кедендік халықаралық ұйымдардың бірі бұл – ГАТТ
болып табылады. ( Тарифтер және сауда бойынша Бас Келісім). Қазір бұл ДСҰ
(ВТО) (Дүниежүзілік Сауда Ұйымы).
Біздің ел ГАТТ, ДСҰ-ның бақлаушысы болып табылады. Таяуда ел ДСҰ-ның
толық құқылы қатысушысы олады. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Кеден
Ұйымының ресми мүшесі болып табылады. Оның бұрынғы аты СТС- Кедендік
Қауымдастық Кеңесі.
Халықаралық Кеден нормаларына негізделген Қазақстандық кеден құқығының
дамуы және Қазақстаның жаңа халықаралық қауымдастыққа белсене қатысуы-
өзара байланысқан және өзара толықтырылған процесстер.
Қазақстан Республикасының кеден кодексіндегі республиканың кеден
заңдарындағы барлық жиынтықтарында халықаралық кеден құқығының принциптері
бар: ұлттық режим қағидасыалалаушылық;қағидасы; ДСҰ-ның қатысушыларының
құқықтары мен міндеттері тең; сыртқы сауданың және кеден саясатының
жариялық қағидасы; мемлекеттің сырқы саудасын реттеу ретінде кеден тарифын
қолдану қағидасы.
ДСҰ, ГАТТ 1947 жылыдың қазанында құрылған құқықтық механизмдері мен
көптеген сырқы сауда проблемаларын шешеді. ГАТТ-тың ерекшелігі ол-бір
уақытта халықаралық ұйымда, сауда және кеден сұрақтары сферасында
халықаралық келісім шарт болып келеді. Қазіргі ДСҰ үшін ГАТТ-тың құндылығы
мынада: ГАТТ-тың көмегімен құрылған келісуші жақтардың сессиясы түріндегі
құрылымдық механизм;өкілеттіктер кеңесі, хатшылықтары, тұрақты және уақытша
комиттетер, кеңестер және топтар өзгеріссіз ДСҰ-ға қызмет етіп келеді.
ГАТТ ДСҰ- ның ұйымдасырушылық – басқару құрылымындағы маңыздысы сауда
және даму бойынша Комитет болып табылады. Мүнда сауда саясатының сұрақтары
қарастырылады, сонымен қатар халықаралық сауданы либерализациялау
сұрақтары; ауыл-шаруашылық тауарларының саудасы бойыша комитет осы
тауарлардың халықаралық аренадағы сауданы либерализациялау сұрақтарын
қарастырады; кедендік – тарифтік саясаттың негізгі сұрақтарын қайта құратын
тарифтік жеңідіктер бойынша комитет; осы ұйымның қатысушыларының арасындағы
тұрақты ақпарат аламасуды жақсартатын саудадағы техникалық кедергілер
бойынша комитет.
ГАТТ ДСҰ-ның субсудиялық және компенсациялық баждар бойынша,
антидемпингтік практика бойынша, кедендік бағалау бойынша комитеттері бар.
Қазір ТМД мемлекеттерінің әрқайсысы, соның ішінде Қазақстан ДСҰ-ға
(ГАТТ) ресми мүшелігін және толық құқылығын қамтамасыз ету үшін жавғдайлар
жасалып жатыр. ДСҰ-ға кіру үшін Қазақстан сырқы экономикалық қызмет туралы
заңдарын өзгерту керек, тарифтік және тарифтік емес реттеу құралдарын ДСҰ-
ның талаптарына сәйкестендірілуі керек, оның ішінде тарифтік реттеу
басымдырақ болуы керек. Бүдан басқа, елдің нарықтық экономикаға көшкендігін
нақты көрсету керек және ол кедендік баждардың көлемін көтермелеуге
міндеттеледі.
ГАТТ жүйесінде сыртқы экономиаклық және кеден проблемаларын шешуде
тиімді құқықтық механизмдер қалыптаса бастады. ГАТТ мынадай халықаралық
құқықтық қағидалар негізінде қызмет істеп келеді. Олар: өзара пайда
қағидасы; алалаушылық қағидасы; барынша жағдай жасау қағидасы. ДСҰ осы
қағидалар негізінде қызмет етіп келеді.
ГАТТ-тың ұйымдастыру- басқарушылық құрылымына сауда даму бойынша
комитет (Сауда саясаты мәселелері, саудада дамушы елдерге жеңілдіктер ұсыну
туралы шешімді жүзеге асырылуына бақылау), тарифтік бойынша комитет
(Кедендік тарифтік саясат және оны реттеу), ауылшаруашылық тауарлары
саудасы бойынша комитет. ГАТТ-тың органдар жүйесінде ГАТТ-қа қатысушылардың
арасындағы жаңа стандарттар ментехникалық регламенттар туралы информация
алмасуды жақсартатын, түзететін саудадағы техникалық кедергілер бойынша
комитет қызмет атқарған. ГАТТ шеңберінде субсидиялар мен компенсациялық
баждар бойынша, кедендік бағалау бойынша комитеттер жұмыс істеген. ГАТТ-тың
VІІ- ші бабынасәйкес кедендік бағалау бой ынша комитет кедендік бағалау
әдісі бойынша қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңына талдау жасап және
кеден құқығыбойынша теримологияны қайта жасап шығарды.
ДСҰ (Дүниежүзілік Сауда Ұйымы) 1995 жылы 1 қаңтарда ГАТТ- тың
негізінде құрылды.
ЖСҰ-ның штаб пәтері Женева (Швейцария) қаласында орналасқан. ДСҰ-ның
қызметіне мыналар жатады: көпжақты сауда келісім- шарттарын және
келісімдерін жүзеге асыру, сауда келіс сөздерін жүргізуге көмектесу, сауда
дауларын реттеуге көмектесу, әлемдік экономиаклық саясатта қайта құру
мақсатында бірлесіп басқа да халықаралық ұйымдармен қызметтесуге қатысу.
ДСҰ-ның құрылымы: ДСҰ-ның жоғарғы органы- министерлер деңгейіндегі
конференция болып табылады. Ол екі жылда бір рет шақырылады. Ағымдағы
жұмысты ДСҰ-ның Хатшысы жүзнгн асырады, ол Бас Директормен басқарылады.
Келесі кеңестер мен комитеттер жұмыс істейді:
- Сауда тауарлар бойынша Кеңес;
- Қызмет көрсетулер саудасы бойынша Кеңес;
- Интеллектуалды меншікке құқық аспектілері саудасы бойынша Кеңес;
- Келісімдер мен шарттар бойынша Комитет;
- Сыртқы сауда саясатындағы басқа проблемаларды реттейді, сауда даму
бойынша Комитет;
- Қаржы қызметтері бойынша Комитет;
- Даулы сұрақтарды қарастыру бойынша орган;
ДСҰ өзінің қызметі негізінде халықаралық кеден сұрақтарын шешуге
қатысады.ДСҰ-ға қосылу кезінде мемлекеттер кеден баж ставкасын көтермеу
керек, бұл баждардың көлемі ДСҰ- ға қосылар алдында келісілуі керек. Бұдан
басқа ДСҰ-на кірген мемлекеттер экспортталатын тауарларға бағаны түсірмеуге
міндетті.
ҚР Президентінің “2003 жылғы сыртқы және ішкі саясатының негізгі
бағыттары” туралы халыққа жолдауында көрсетілгендей, үкімет алдында ДСҰ-на
кіру және дайындалу бойынша активтендіру тапсырмасы тұрады.
ДСҰ-на кіру мемлекетке және қоғамға жан-жақты әсер етеді, орлардың
негізгілері:
-әкелу кеден бажының төмендеуі және импортер жақтан келетінкүшті
бәсеке шарттары бойынша жұмыс істейтін отандық қызмет көрсетуші және тауар
өндірушілер мүүдесі;
- отандық өндіушілер мен импортерлер бәсекесі нәтижесі нәтижесінде
тауарлар қызмет көрсету сапасының жоғарлауынан және бағаның
төмендеуінен ұтатын тұтынушылар мүддесі;
- халықаралық келісім- шарттармен бекітілген аймақтық ұйымдар
шеңберіндегі екіжақты және көпжақты сауда кооперациялық байланыстар
мен міндеттерді қайта қарау күрделі болады;
- мемлекет ролі мен орнының халықаралық еңбек бөлінісі мен
кооперациядағы, әлемдік рынокқа шығу жағдайының өзгеруі;
Осылардың барлығы соңғы есепте ортақ нәтижелі баланыстың сәйкестенуі
үшін осы жағдайдағы аспектілердің плюсі мен минусы есептелінген мүдделерді
сәйсектендіру керектігін білдіреді.
Сол үшін Қазақстан ДСҰ-на кірудің объективті зөара байланыстылығын
және соың аймақтық экономиаклық шеңберінде пайда болатын халықаралық
міндеттерді ерекше талдау қажет.
Қазіргі кезеңде Қазақстан ТМД- ның, ЕурАзЭҚ- тың, Орта Азия
Ынтымақтастық Ұйымының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының және Экономиаклық
Ынтымақтастық Ұйымының мүшесі болып табылады.
Осылардың ішінде тек ЕурАзЭҚ қана мүше мемлекеттерінің өзара келісуі
арқылы ДСҰ-на кіруді ұсынады.
Кеден одағы және ДСҰ.
ДСҰ-на кіру туралы өтінішті 1992 жылы- Ресей, 1994 жылы- Белорусия,
1995 жылы- Қазақстан, 1996 жылы- Қырғызстан Республикасы білдірді. ґткен
уақыттарда ДСҰ хатшылығында әрбір елдің сырқы сауда режимі туралы
меморандум қарастырылған, сонымен қатар мемлекеттердің үкіметтері ДСҰ мүше
елдерінің осы меморандум бойынша жіберген сұрақтарына жауаптар қайтарылды.
Бірінші “танысу” біткен соң Кеден Одағы елдері келесі “ДСҰ-на кіру шарттары
туралы” кзеңіне кірісті, ал Қырғыстан ДСҰ мүшесі болды.
Интеграциялық комитеттің алғашқы инциативаларының бірі- бұл ДСҰ-на
кіру кезінеде Кеден Одағы елдерінің жақындастығы мен координациялануы
болды.
Осы елдердің басшылының сараптау кездесуінен кейін 1997 жылы маусымда
бірінші құжатқа қол қойды- ол Кеден Одағы туралы келісімі мүше елдерінің
ДСҰ-на кіру кезіндегі мемлекеттердің халықаралық сауда келісім сөздері
туралы хаттама.
Бұл құжатқа сәйкес елдер ДСҰ-кіру кезінде, басқа халықаралық сауда
және экономиаклық шарттарды әр ел өз алдына жүргізді.
Біртұтастық тек елдердің бір- бірімен келіссөздер жүргізу тактикасы
және стратегиясы туралы кеңестер беру, инеформация алмасу, келіссөздер
жүргізу кезінде пайда болатын проблемаларды шешу туралы тәжірибелер алмасу
ғана белгіленген. Осыған сәйкес интеграциялықкомитетке осы шараларды жүзеге
асыруда координаттар функциясын атқару тапсырылды.
1997 жылы қыркүйекте Белорус Республикасының Президенті А.Лукашенко
және Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев Ресей Федерациясының
Президенті Б. Ельцинге мемлекет аралық кеңес жиналысында ДСҰ-на 4 ел
біртұтас кеден территориясы ретінде бірге кіру мәселесін қарастыру туралы
ұсыныс хат жолдаған болатын.
Осы ұсыныс Инеграциялық Комитетте қарастырыла отырып, келесідей пікір
жасалды.
ДСҰ- ны құру туралы келісім шарттың XІІ бабына сәйкес кез- келген
мемлекет немесе кеден территориясы, егер ол өз СЭБ-ны автономды түрде
жүзеге асыратын болса, онда олар БСҰ- на мүше бола алады. Теория жүзінде 4
елдің Кеден Одағы ДСҰ мүшесі бола алады. Бірақ бұл төрт ел өзінің СЭБ-ын
жүзеге асыруда тәуелсіз құқығын сақтап отыр, сонымен қатар тарифтерді
бекіту, тауарлардың жәек қызмет көрсетудің сыртқы саудасын басқа да шара
арқылы реттеу. Осыған сәйкес Кеден Одағы ДСҰ көзқарасы бойынша біртұтас
территориясы бар преференциалды сауда ұйымы ретінде қарастыра алмайды.
Бүдан әрбір елдің нақты жүргізіп жатқан келіссөздерін есепке ала отырып,
ДСҰ-на кіру бойынша Кеңес Одағын құру процесін және ДСҰ-на осы Кеден
одағына мүше елдердің кіру процессін сыйыстырудың 2 варианты бар:
1. Елдердің өз алдына ДСҰ-на кіру келіссөздерін тоқтатып Кеден Одағын
құру процесін соңына дейін жеткізуді ДСұ нормасына сәйкес жасау;
одақтың нотификациясын жүргізу, содан кейін біртұтас кеден
территориясының ДСҰ- на кіруі туралы келіссөздерді жүргізу керек.
2. ДСҰ-на кіру курсын Кеден Одағымен мүше мемлекеттерінің егеменді ел
ретінде жалғастыру. Бұл жерде ДСҰ шеңберінде Кеден Одағын құруды
бітіру бойынша жұмысты және келіссөздер бағытын қатаң түрде бақылау
қажет.
Баяандама жасаушылар екінші вариантты таңдау туралы ұсыныс жасайды.
Себебі бұл вариант қазіргі жағдайда мүкіндігі молырақ болады.
Бұл баяндама мен ұсыныстар 1998 жылы апрельде үкімет басшылары
кеңесінде қарастырылды. Мүнда мемлекеттер өз алдына жеке ДСҰ-на
келіссөздері бекітілді.
Бұдан басқа да 1998 жылы ішінде ДСҰ-на кірудің кілтті сұрақтарын
шешудің әдістерін бірге қарастыру келісілді. Ол сұрақтар мыналар:
- ДСҰ-да бар кеден тарифтері бойынша, сонымен қатар ауылшаруашылық
және секторлық тарифтік инситивалар;
- Келіссөздер жүргізудің негізгі әдістері бойынша: ДСҰ келісіміне
қатысу соның ішінде мүше елдерге міндетті емес сауда шарттарын
тоқтатпау және келіссөздер кезінде реттеу; потенциалды ДСҰ-ның мүше
елдерінің құқықтарының түрі;
- Қызмет көрсету рыногына ену сұрақтары бойынша;
- ДСҰ талаптарына сәйкес Кеден Одағы елдерінің ұлттық заңдарына
өзгерістер енгізу туралы сұрақтар бойынша. Яғни ДСҰ-на кіру туралы
келіссөздерге қатысты барлық проблемаларды қарастыру болжанған
болатын. Бірақ сол жылы осы келіссөздерге әсер ететін екі оқиға
болды;
- Кеден Одағының мүше елдерінің бірі келісілген келіссөздерег
қарамастан ДСҰ мүшесі болады;
Ресейде Кеден Одағы мүше елдерінің ДСҰ-на кіруі туралы
проблесаларды екінші кезекке қойғызатын қаржы құлдырауы пайда
болды.
1999-2000 жылдары Ресей қаржы дағдарысын біртіндеп жойып, тұрақты даму
алды. Содан кейін өнім өңдеу жылдамдап, ішкі жалпы ұлттық өнім өсім
жоғарылады. ДСҰ-ның жұмысшы тобымен осы ұйымға кіру туралы келісімдер қайта
жанданды.
Қарастырылып жатқан проблеманы актуальды ететін екінші жағдай- бұл
2000 жылы елдер басшылығының халықаралық экономиаклық ұйым құжаттарын
проектілеу және оны Кеден Одағының базасында құру, сонымен қатар ДСҰ-на
кірумен байланысты жасалған қызметтерді құжаттау туралы шешімі.
10 қазанда сол жылы Ресей, Қазақстан, Белорус, Тәжікістан, Қырғыстан
Президенттері ЕурАзЭҚ құру туралы келісімге қол қойды.
Мүнда елдердің президенттері белгілегендей ЕурАзЭҚ-ның қызметі
бірқатар сыртқы сауда және кеден саясаты тапсырмаларын шешуге және ДСҰ-на
осы ұйым мүшелерінің бірлесіп, өзара келісу арқылы кіруге бағытталған.
Бұл жағдайлар ДСҰ-на кіру туралы проблемаларға мүше мемлекеттерден
тағы басқа әдістер талап етеді. Ендігі кезекке осыған байланысты Ресей
делегациясы жағынан өзінің сыбайлас мемлекеттерімен тығысз байланысынан бас
тартып, ДСҰ-га кіруді тездету туралы уайымын тудырды.
ґзара әрекеттесудің бірнеше варианттары бар:
1. Қазір қолданылып жатқан ДСҰ-на кіру туралы шарттар бағыттарын сол
күйінде қалдыру;
2. Сол кездегі келісім жүргізуді белгілеуден келісім жасау мен оның
негізгі элементтерін унифакциялауға өту. Осы мақсатқа сәйкес
функциялармен жасалатын және олардың шешімі унифакциялау кезінде
әріптес мемлекеттер үшін міндетті болатын нтеграциялық комитеттегі
комиссияға консультативтік кездесулерді трансформациялау керек;
3. Келіссөздер жүргізуді бағыттау механизмінен қатал келісуге және
унифакциялауға өту, осы арқылы бірдей бағыт ұсынып ДСҰ-на кіру;
4. ДСҰ-на кіру перспективаларын қаратыру, яғни ЕурАзЭҚ-тың біртұтас
Кеден Одағына мүше елдер ДСҰ-на жеке-жеке кіретін болса, онда
бірдей бағыт ұстану өте қиын болады. Кеден құрылымы келіссөздер
процесстері және олардың біту кезеңіне өтуі, Қырғызстанның ДСҰ-на
мүше болуы қазіргі кездек осы тапсырманы шешу проблемасы болып
табылады.
Жылдың басында ЕурАзЭҚ- қа мүше елдердің үкіметтік делегациясының
басшылары консультацияларында мыналар анықталған болатын:
-Қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ- қа мүше елдердің әрқайсысы ДСҰ- кіру
кезеңдерінің әр сатысында тұрғаны;
-Келіссөздер жүргізу бағыттары информациялардың конфеденциалды болуына
байланысты күрделенгені;
Мүше еледрдің үкіметтері ДСҰ-на кіру кезінде келесі облыстардағы
келіссөздер бағыттарын сәйкестендіруге және унифакциялауға үлкен көңіл
бөлулері керек:
-Тауарлар рыногына ену бойынша тарифтік ұсыныстар және кеден баж
ставкаларын байланыстырудың соңғы деңгейіне;
-Қызмет көрсету рыногына енуі бойынша ұсыныстарға;
-Экокмика және сауда мәселелері бойынша міндеттер, ең алдлымен, табиғи
монополия, баға құру, мемлекеттік субсидия, интеллектуалды меншік,
саудадағы технологиялық тосқауылдар, кеден процедуралары обылысындағы заң
базасының өзгертілуіне және оның практикада қолданылуына;
- ДСҰ алдында қабылданған міндеттердің импелементациялық мерзіміне.
Осы үшін ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев 2002 жылы ақпанда ДСҰ-на кіруде жүргізілетін
келіссөздерді мемлекетаралық кеңестің кезекті отырысында талқылау туралы
мүше мемлекеттердің басшыларына ұсынған болатын. Соның ішінде оның айтуынша
осы келісулер тиімділігі ЕурАзЭҚ-ның стратегиялық тапсырмаларын жүзеге
асыруға әсер етеді, бәрінен бұрын біртұтас СЭҚ тәртібін орнату.
2002 жылы мамырдағы мемлекетаралық кеңестің жыл сайынғы өткізетін
саммитінде ДСҰ- кіру жөніндегі мүше елдердің келіссөздер жүргізуді
жетілдіру туралы, сонымен қатар жүйелі түрдегі консультациялар өткізу
туралы құжат қабылданды.
Мүнда Ресей Федерациясының ДСҰ-на оған кіруші мемлекеттермен
шешілетін болды.
Сонымен, жақын уақытта ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттер келесі процестерді
тиімді жүзеге асыру мүкіндігі жасалатын болады:
- Ортақ тауар, қызмет көрсету және капитал нарығы және оны құрайтын
негізгі- біртұтас және кеден саясатын құру;
- ДСҰ- на кіру арқылы дүниежүзілік шаруашылыққа ену.
Қазақстанның халықаралық сауда жүйесіне және ДСҰ-на интеграциясы.
Қазақстанның халықаралық саудаға интеграциясы оның әлемдік экономика
жүйесіне енуіне және оның әлемдік шараушылық байланыстарын күшейтуге
бағытталған маңызды шарттарының бірі болып табылады. Кіші көлемді рыногы
және әлемдік рынокқа енуді қажет ететін Қазақстан үшін ашық сауда саясатын
жүргізу объективті түрде қажет.
Жалпы жағдайда халықаралық саудаға интеграциялану елдерге басқа
әріптес елдерге сияқты құқық бере отырып, тұрақты және болжауға болатын
сауда ортасында өзінің даму стратегиясын үшін анағұрлым тиімді,
мүкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік берді.
Қазақстандағы сауда реформаларын келесідегілерге байланыстыруға
болады: ТМД елдерінен біржақты тәуелділікті жою үшін және тұтынушылық
таңдауды кеңейту үшін сауда жасауды және бағыттарға қою, әлемдік
бағаналарға жақындау үшін Ресей инфрақұрылымын дұрыстау, ірі
кәсіпорындардың монопольды басқаруын шектеп, отандық өндірушілерді сыртқы
бәсекеге қосу; экономиаклық реформалардың тиімділігін арттыратын шетелдің
тікелей инвесторларын тарту.
Қазақстан ашық сауда режиміне өту кезінде ДСҰ-на кіру бағытын
ұстанады. ДСҰ-на кіру сыртқы сауда заңдылықтарын, ережелерін және олардың
тәжірибеде қолданылуын ДСҰ келісімдерінің көпжақты міндеттемелеріне
жақындастыруды талап етті.
ДСҰ-на кірудің негізгі ережесі осы ұйымның құрылуы туралы келісімнің
(1995 ж) XІІ бабында (пункт 1) көрсетілген. Бүдан біздің білетініміз кез-
келген мемлекет немесе кеден территориясы осы ұйымның мүше елдерінің
келісуімен ғана кіре алады. Бұл дегеніміз – кіруші мемлекеттер үшін
көпжақты келісімнің ережелері мен нормалары ДСҰ мүше мемлекеттерінің
анықтамалық деңгейлі міндеттемелері, ал кіру кезіндегі барлық мәселелер
келісімдер пәні және кіруші елдерге ДСҰ- ның мүше елдері тарапынан қысым
көрсетуге ашық екендігін білдіреді. ДСҰ- кірудің күрделілігі сонда, бұл
ұйым құрлғалы ибері оған мүше болу процесінің жай жүруінде. 1995-1999
жылдары кіруге кандидат 36 мемлекеттің тек ғңана осы келіссөздерді аяқтай
алды ( Эквадор, Монғолия, Болгория, Панама, Киргизия, Латвия және Эстония).
ДСҰ-ның процедуралық талаптары.
ДСҰ-на кірудің өзара байланыстары 3 процессі бар:
1. Қосушы мемлекеттің сыртқы сауда режимін және оның ДСҰ-ның көпжақты
сауда келісімдеріне сыйымдылығын қарастыру. Қосылудың бұл
процесінің бөлігі қызығушылық білдіретін елдер қатысуымен жүзеге
асады.
Қарастырылатын мәселелерге мыналар кіреді: баға құруды реттеу
тәжірибесі мен нормалары, салық салу жүйесі, жекелеген экономика
секторындағы субсидиялар, соның ішінде шетел инвесторлары режимі, импорт
кеден тарифі, т.б. отандақ өндірушілерді қорғау шаралары (антидемпингтік
және компенсациялық шарлар), импорттық лицензиялау, экспортты реттеу,
мемлекеттік сауда мекемелері, импорт тауарларын стандарттау және
сертификаттау жүйесі, валюта айырбастау операциялары.
2. Тауарлармен сауда жасау бойынша шегіністер (сәйкес кемітулер мен
импорттық тарифтерді байланыстыру жолымен). Бұл келіссөздер
қосылушы елдермен өздерінің басты әріптестерімен екіжақты тәртіпте
жүзеге асады. Ауылшаруашылығы саласындағы шегіністерді қоса
тарифтік шегіністер тізімі (яғни рыноқка ену, экспорттық
субсидиялар және ішкі қолдаулар) қосылу туралы хаттаманың ажырамас
бөлігі болып табылады және ДСҰ-ның барлық мүшелеріне жағымды
міндетті режимі болып табылады.
Қосылу туралы келіссөздердің сезімталдығы және күрделілігі сол
қосылушы мемлекеттер аса дайындалуы және отандық өндірушілермен және
компанияларымен келісулері керек, олардың ДСҰ-на мүше елдермен
ынтымақтасуларына дайын екендігі туралы.
Экспорт және импорт саласындағы стратегияларды және олардың дамудағы
рөлін есепке ала отырып, сауда саясатына қатысты ұлттық мүдделерді анықтау
ВТО-ға кірудегі баланыстылыққа жетудегі фундаментальді предпосылка болып
табылады.
3. Преференциалды сауда келісімдері негізінде басқа елдермен сауда
қатнастарын дамытумен бірге қосылу процесін анықтау.
ДСҰ шеңберінде қосылушының ірі сауда әріптестерімен жүргізілетін
келіссөздердің нәтижелері ДСҰ-на барлық мүше елдеріне жарияланады.
Сондықтан стратегиялық және саяси мәселелер ДСҰ-на кіру үшін шешілуі қажет,
бұл салада мүдделер қосылу процесі кезеңінде қатаң ұстануы қажет.
ДСҰ-на мүшелік нәтижесінде қосылушы мемлекеттерден белгілі бір
шегіністер жасау талап етіледі. Бұл талап одақтың рыногына шетел
тауарларының көптеп келуіне әсер етеді (мыс, кеден тарифтерін
төмендетуден), осыған байланысты шікі реттеу шараларын қолдануға әжептеуір
әсерін тигізеді. Ал ДСҰ-на мүшелік етуден қосылған мемлекет басқа елдер
рыногына оңай енуіне мүмкіндік береді.
Сондықтан қосылушы мемлекет келіссөздер жүргізуге дайындық кезінде
көпжақты келісімге жан-жақты анализ жасауы қажет, себебі бұл келісімнен
шығатын міндеттемелерді қабылдай алатындығы туралы өзінің дайын екенін
сыртқы сауда режимінің дайын екені ұлттық заңымен және статистикалық
мәлімдемелермен дәлелденуі тиіс.
Соңғы кезде Қазақстанның тарифтік режимі оның өндірісінің
инфрақұрылымының жетілмегенін, ресурстарының жетіспеушілігін және қаржы
жүйесінің инфрақұрылымының бітпегенін көрсетеді, ал бұдан көретініміз,
жалпы экономикадағы тиімділіктің жетіспеушілігі. Бүлардың барлығы ДСҰ
келісімі шеңберінде ашықты қатнасты көрсете алмайды. ДСҰ құзіретіне жататын
қызмет көрсетумен сауда жасау және интеллектуалды меншікті қорғау саласы
сияқты жаңа салаларды сыртқы сауда режимінде реттеу заң жағынан
негізделген.
Қазақстан үшін күрделі мәселе, ДСҰ бойынша әріптестерімен келіссөздер
жүргізу кезіндегі шетел тауарлары мен қызмет көрсетулері одақтастықтың
рыногына ену туралы проблемаларды шешу болып табылады. Бұл дегеніміз
Қазақстан өзіне приоритетті болып табылатын салаларды қорғай алуы, олардың
бәсекелестік қабілеттілігін арттыру керек. Берілген тапсырма қиын және
күрделі және ол ДСҰ-на қосылушы Қазақстанның өзімен шешілуі тиіс.
Стагнацияның қиын жағдайында және экономиаклық дағдарыстан шығу үшін халық
үкіметтен өзінің ұлттық өндірушілерін қолдау үшін әртүрлі протенционистік
шараларды қолдануды талап етеді.
Ашық экономика өзінің қатысушыларына тек әлеуметтік саудада қанша күш
салынғанымен тосқауылдар сақталуда. Саудада ережелердің қайта құрылуы
сақталуда. Бәсекелестікті қорғау және тікелей инвестиция саласында әлі де
болса келісілегн ережелер жоқ. ГАТТ-ң құрылуы кезінде сауда тарифтері
дамыған елдерде 40% болады. 2000 жылғы болжамдарға қарағанда олар 4 % -
төмен болады екен. Бұл цифр сауданың еркіндегенін көрсетеді. Алайда, кейбір
дамыған елдерде өнімдердің жекелеген түріне деген жоғары тарифтер
сақталуда. Мысалы, АІШ-та арахис майына деген тариф 132 % -ке тең.
Еуропалық Одақ елдерінде жеміс шырынына деген тарифтер 46-дан 215-ке дейін
айнып отырады. Анағұрлым протекционистік саясатқа текстильді өндіріс пен
ауылшаруашылығы салалары ұшырап отырады. 1995 жылдан бастап ДСҰ елдері
импортталушы өнімдер үшін тарифтердің жаңа жүйесін енгізуді бастады. Жаңа
тарифтік жүйенің толықтай түрі 2005 жылы енгізілді.
Қазақстанның ДСҰ-на кіруінің ұйымдастырушылық процедурасынан басқа
бірқатар қарама-қайшылықты, өзінде құрымдылық, инфрақұрылым артта
қалушылықты бірқатар геозоляционизмдік қиындықтар бар. Постициалистік
Орталық және Шығыс Еуропа елдері шекарасы Батыс Еуропаға жақын. Олардың
дәстүрлі квалификациялық жұмыс күші бола тұра олар Еуразиялық Одақ және ТМД
арасындағы кең және континент аралық еркін сауда аймағы - бұл алыстағы
перспективті іс болып табылады. Қазақстанның дамыған және дамушы елдермен
сауда байланысы аймақтық және субаймақтық одақтар мен сауда аймақтарына ТМД-
ң кіруін қолдаумен қатар жүреді. Бұл үшін бұрын тұрып қалған республика
аралық еңбек бөлінісін, шикізатты және жартылай фабрикаттарды өңдеуді
әлеуметтік тереңдету арқылы ауыстыруды қамтамасыз ету керек. Тек осы
жолдармен ғана қысқа және орта мерзім ішінде Кеден Одағы шеңберінде ТМД
және Орта Азия елдері мен ДСҰ шеңберіндегі ұзақ уақытты және стратегиялық
бүкіәлемдік сауда ынтымақтастығы тенденциясы ТМД-ға бағытталу проблемаларын
шешуге болады.
ґтпелі кезеңде бағаны еркіндету және сәйкес валютаны айырбастау
саясаты және валютаның айналмалылығы кезеңдеріндегі сауда барьерлерін алып
тастау бойынша реформалар экономиаклық реформаларының жүзеге асырылмауынан,
экономиаклық тәуелділіктен құтылу жолы емес. Жалпы алғанда олар динамикалық
дамуға, инновацияға және құрылымдық өзгеруге жағымды жағдайлар туғызады.
ґтпелі кезең кезінде немесе аймақтық және Кеден Одағы шеңберінде келісімді
түрде орнатылуы қажет.
Қазақсанның ДСҰ-на кіруі туралы мәртебесін таңдауы.
Практикада ДСҰ-на кіруші мемлекеттер үшін 2 түрлі мәртебе алу
көзделген: дамушы елдер мәртебесі және өтпелі кезең режимі мәртебесі.
Елдердің көбі, соның қатарында постсоциалистік Ресей, Қытай, Қазақстан
елдері ДСҰ-на кіру кезіндегі дамушы ел мәртебесін алуды жөн көреді. Ол
елдер Дсұ-ның кейбір ережелері мен қағидаларынан бөлек өзіне тиімді
жақтарды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл төлем баланысын орнату үшін
импортқа уақытша шектеулер қою, сонымен қатар жаңа сала құру үшін немесе
барынша дамыту үшін шектеулер қою сияқты шектеулер қою мүмкін.
ДСҰ мүшелері өтпелі кезең мәртебесін алған елдерге көп көңіл бөлнді.
ДКҰ (Дүниежүзілік Кеден Ұйымы)1945 жылы 12 қыркүйек, тарифтер және сауда
бойынша Бас келісім (ГАТТ) қағидалары негізіәнде Еуропалық кеден одағын
құру мүмкіндігін зерттеу бойынша зерттеу тобын құруға 13 үкімет келісімін
берді. Келесі 1948 жылы зерттеу тобы өзінің Брюссельде Бас өкілеттілігін
орналастыру туралы Бенилюкс елдерінен ұсынысты қабылдап, екі комитетті
құрды- Экономиаклық Комитет және Кедендік Комитет. Сол уақытта қызмет етіп
келген экономикалық комитет экономиаклық қауымдастықтың және даму бойынша
ұйыммен тоқтатылған еді, Кеден Комитетіне 140 мемлекет мүше үкіметаралық
ұйым негізінде Кеден Бірлестік Кеңесі болды.
ДКҰ- мы құрылымы бойынша келесі органдардан тұрады: Кеңес, Кеден
саясаты бойынша комиссия, қаржы комитеті.
Кеңесте үйлестірілген жүйе бойынша комитет Номенклатура бойынша
комитеті.
Кеңесте үйлестірілген жүйе бойынша комитет, Номенклатура бойынша
комитет, Ғылымдық подкомитет. Кеден саясаты бойынша комиссия және ондағы –
Тұрақты техникалық Комитет, мәжбүрлеу комитеті, 1972 жылғы контейнерлер
бойынша кедендік конвенцияны басқару бойынша комитет кедендік ұйымдастыру
мақсатында көмектеседі. Қаржылық комитет - кедендік квалификация бойынша
техникалық комитетпен, кедендік бағалау бойынша комитетпен,
консультациялық ақыл үйрету тобымен бақыланады. ДКҰ-ның құрамында
контрабандаға қарсы күрес бойынша комитет.
Конвенцияның мәліметтеріне сәйкес кеңестің қызметіне:
▪ Кеден ішіндегі бірлестікке қатысты барлық сұрақтарды зерттеу;
▪ Кеден режимдерінің біржақтылығын және үйлестірілімінің ең жоғарғы
деңгейіне жету мақсатында кедендік жүйенің техникалық аспектілерін
зерттеу;
▪ Қызығушылық білдірген үкіметтерге ұсынысты қабылдау үшін конвенция
жобасын және түзетулерді жасау;
▪ Конвенцияны талқылау, қолдану және осындай конвенцияларды нақты
белгіленген функцияларды жүзеге асырудың бірегей формасын бекіту үшін
ұсынысты дайындау;
▪ Конвенцияны қолдану және талқылау сұрақтары бойынша мәселелерді шешу
үшін ұсынысты дайындау;
▪ Кеден процедурасына қатысты ақпаратты тарату;
▪ Қызығушылық білдірген үкіметтерге, өздерінің инициативасы бойынша
немесе сұрауы бойынша кеден ісі, СТС-ның жасалуындағы конвенцияның бас
жоспарына қатысы бар сұрақтар бойынша мәліметтер беру;
▪ Оның құзіреттілігі шеңберінде басқа Үкіметаралық ұйымдармен
ынтымақтастықты қамсыздандыру.
Қазіргі таңда бұл функцияларды ДСҰ жүзеге асырады.
Жарғылық сессия 1953 жылы 26 қаңтарда Брюссельде және онда Австрия,
Белгия, Дания, Франция, Германия, Греция, Ирландия, Италия, Люксембург,
Нидерланды, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швецария, Туркия және
Ұлыбритания өкілдерінің қатысуымен өтті. 30 жыл өткен соң 1983 жылы 26
қаңтарда, бүкіл Дүниежүзілік Кеден қызметкерлері тойлайтын халықаралық
кеден күні болып жарияланады.
ДКҰ кеңесі маусым айында жылына бір рет әдетте Брюссельде жиналатын,
бірақ қажет болған жағдайда кездесу конвенцияға қатысушы мемлекеттерде
өтетін. Кеңес жұмысына қатысушы делегаттар конвенцияның келісуші
тараптардың өкілдері болатын яғни олар тәртіп бойынша ұлттық кеден
органдарының басшылары болып табылады.
Кеңес жұмысына Қаржы комитеті (3 адам) және Кеден саясаты бойынша
комиссия (20 адам) әрекеттеседі. Комиссиялардың аттарының өздері айтып тұр.
Бұл комиссиялар саясаттың маңызды сұрақтарын қарастырып және консультация
жасау үшін, кеңестің регламентін (уақыт) жасауда әрекеттесу үшін
шақырылады.
Кеңес өз қызметін негізінен техникалық комитеттер арқылы жүзеге
асыратын, олардың бастылары болып: үйлестірілген жүйе бойынша комитет;
тұрақты техникалық комитет; кедендік бағалау бойынша комитет.
Көптеген халықаралық өнеркәсіптік ұйымдардың және кейбір қатысушы
емес мемлекеттер кеңес және техникалық комитеттердің сессияларында
бақылаушы ретінде қатысады.
ДКҰ Брюссельде орналасқан Бас Хатшылығы 100 адамдық қызметкерлер
штатынан тұрады. 10 жылға создыруға болатын, 5 жыл мерзімдегі контрактімен
жұмыс істейтін ДКҰ әкімшілігінен 30 сарапшыдан тұрады. Бүдан бөлек
хатшылықта Конвенцияға қатысушы елдердің арнайы жобаларды жүзеге асыру
мақсатымен қызметкерлер өкілдер болады.
ДКҰ- ның ресми тілдері болып ағылшын және француз тілі болып
табылады. Свонымен қатар кедендік бағалау бойынша техникалық комитет
жұмысында испан тілі қолданылады, ал кедендік конвенцияны контейнерлер
бойынша басқару комитетінде 4 тілде жұмыс істейді. Олар ағылшын, испан,
орыс және француз тілдері.
Хатшылық жиі Брюссельден тыс өткізілетін кездесулер сондай-ақ курстар
және арнайы семинарлар ұйымдастырылады.
ДКҰ бюджеті (шамамен жылына 500 млн Белгиялық франк) негізінен
қатысушылардың жылдық салымдары есебінен жасалады.
Әртүрлі шекараларды кесіп өтудегі күрделі және түрлі кеден
процедураларының талаптары түрлі қиындықтардың қайнар көзі болуы мүмкін.
Бастапқыдағы СТС, ал қазіргі ДКҰ кеден жүйелерінің бірыңғайлығының және
жоғары деңгейдегі үйлестілімдігін орнатуды мақсат тұтады. Кеден
процедураларының сәйкес келетін шеңберінің жұмысына тұрақты техникалық
комитет жауапты болады.
Кеден қатынастарын дамытудағы маңызды құжаттардың бірі болып
табылатын Киота конвенциясы ретінде белгілі кеден процедураларын үйлестіріп
қарапайымдайтын халықаралық конвенция. Көрсетілген конвенция 31 қосымшаны
біріктіреді. Берілген қосымшалар өзіне негізгі қағидаларды қосады. Оларды
қолдану қатысушы мемлекеттердің кеден процедураларын үйлестіріп
қарапайымдауға әкеледі. Киота конвенциясын кедендерде және сауда
ұйымдарында кеңінен қолдануға бағытталған жоспарлар әрдайым қолдау табады.
Жақында тұрақты техникалық комитет жаңа конвенция негізінде
тауарларды уақытша өткізудің әдістерін зерттеді. (Стамбул конвенциясы).
1993 жылдың 27 қарашасында күшіне енген берілген конвенция тауарларды,
жүктерді уақытша өткізудің барлық келісімдерін бір құжатқа біріктіреді.
ДКҰ процедураларын қарапайымдау және бақылау мақсатында кеден
мекемелерінде техникалық әдістермен қазіргі заманға ресімдеу базасының
дамуына белсенді түрде әрекеттеседі. Форумды ұйымдастыру бойынша ақпарат
алмасу үшін 1974 жылы подкомитет жарғыланғңан болатын. Соңынан кеден
мекемелерінде берілгендерді алмасудың электрондық банкін қолдануды
зерттейтін консультативтік топ құүрылған болатын. Қазіргі кездегі
берілгендерді алмасудың электрондық банкін (БАЭБ) кеден мекемелерінде және
сауда ұйымдарында қолдануда үлкен мән берілуде.
Кеден органдарының басты міндеті болып қоғам қызығушылығын қорғауды
қамсыздандыру. Осыған байланысты ДКҰ қызметіне өзінің мүшелеріне кеден
сферасындағы қылмыстың барлық түрімен күресте ынтымақтастықты мықтап бекіте
түсу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ДКҰ келесідей бағытталған қорғайдың үш
деңгейінің стратегиясын тәжірибеленеді:
а) Кеден органдары арасындағы өзара көмек көрсету;
б) Ақпарат беруші және координатор функциясын атқару;
с) Мәжбүрлеу акциясын жүзеге асыратын басқа халықаралық ұйымдармен
ынтымақтасу.
Осы сферада ДКҰ әлдеқайда құқықтық маңызы бар құжат болып кеден
қылмыстардан тергеу және ашу, ескертудегі әкімшілік өзара әрекеттесу туралы
Конвенция (Наероби 1977 жыл, 22 мамыр, 1980 жылы күшіне енді).
Кеден сферасындағы қылмыстың барлық түрлері сауда алаяқтығын
интеллектуалды меншік құқығын бұзу, есірткі, психотропты заттар, ядролық
материалдар, токсикалық қалдықтар, мәдени құндылықтар, өсімдіктер мен
жануаролардың сирек кездесетін түрлері сияқты тиым салынған заттарды өткізу
жатады.
ДКҰ кеден қылмыстары бойынша компьютерлендірілген банк берілгендері
бар орталықтанған ақпараттық жүйе қызмет атқарады. Бұл берілгендер
классификацияланады, өңделеді және мүше мемлекеттердің кеден қызметіне
таратылып жіберіледі.
Сондай-ақ ДКҰ құқықтық мәжбүрлеу сферасындағы жұмыс істейтін басқа
халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста болу. Бұл есірткі және басқа
құралдарды өткізуден түскен ақшаны жасыруға қарсы күресті жеңілдетеді.
Халықаралық саудаға әкелетін негізгі талаптар болып халықаралық
деңгейдегі тауарлар классификациясы жүйесін тану және қабылдау болып
табылады. ДКҰ қол жеткізген жетістіктері қатарында тауарлардың
үйлестірілген сипаттамасы және кодификацияланған жүйе.
1988 жылы 1 қаңтарда күшіне енген берілген жүйе алты таңбалыбелгі
кодтан тұратын 5000- нан астам тауарлар тобын өзіне қосады және оның
бірегей қолдануы үшін қажетті анықтамалар мен ережелерді ( тәртіптер)
біріктіреді.
Жаңа жүйе үлкен табысқа ие. 4 жыл ішінде әлемдік сауданың 90%-ін
құрайтын 100-ден астам елдер, бүгінгі әлемде кеңінен қолданылатын, нақты
халықаралық тауарлар номенклатурасы негізінде жасалған үйлестірілген жүйені
қабылдады. Ол тек қана тарифтері мен халықаралық сауда статистикасының
негізі ретінде ғана емес, сондай-ақ тауарлардың шыққан елін анықтау,
халықаралық сауда келісімдері, сөйлесімдері, жүк тасымалдау тарифтерін
анықтау және т.б.
Үйлестірілген жүйені пайдалануды жеңілдету үшін бірқатар қосымша
басылымдар дайындалды. Оның ішінде: түсіндірме жазылымдар (хаттар) және
маңызды классификацияны анықтаудағы классификация тізіміне қорытынды
бойынша қысқаша жетекшілік. Тауарлардың үйлестірілген жүйесінің берілгендер
банкісі ретінде белгілі қосымша электрондық басылым жасалған болатын.
Берілгендер банкі өзіне сәйкес алты таңбалы коды бар халықаралық сауда
объектісі болып табылатын 1000- даған тауарларды қосады.
Үйлестірілген жүйе берілгендер банкі құқықтық құжат болып табылмай-ақ
үйлестірілген жүйедегі тауарлар классификациясын жүргізуді жеңілдету үшін
үйлестіру жүйесін пайдаланушыларға көмекші ретінде жасалады. Осының
арқасында Клирингтік уақытты кемітуге мүмкіндік туды және кеден баждарының
әлдеқайда дұрыс жиналымын орнатудың шығындары азайды, кедендер және
саудагерлер арасындағы келіспеушіліктер кеміді, алмасу электрондық
банкісінің дамуына әрекеттесу және жалпы халықаралық савуда жеңілдеді.
Үйлестірілегн жүйені кеңінен және бірыңғай қолдануының қамтамасыз
етілуі үшін бірқатар басқа да қадамдар қолға алынуда. Мысалы: дамушы
елдерге үйлестіру жүйесі көптеген тауарлардың дұрыс классификациясын
жүргізуді кедендік зертханалардың қызметін жетілдіру үшін техникалық көмек
көрсетілуде.
Кедендік бағалау қазіргі заманғы кеден тарифтерінің бас келбеті болып
табылады. Ол кеден баждарын бағалауда, ішкі өндірісті қорғаудағы құрал
немесе жылдық табысты анықтау үшін; ол сондай-ақ халықаралық сауда элементі
болып табылады, статистика. Квота, лицензиялық келісім, салық ретінде
маңызды.
ДКҰ және ДСҰ ГАТТ арасындағы өзара байланыс бір- біріндегі тұрақты
бақылаушы статусын анықтайды.
ДКҰ бағалау сферасындағы маңызды жетістігі болып қысқаша жетекшілікті
дайындау, ол өзіне ГАТТ бағалау кодексін талқылаудағы келісуші тараптардың
әрекеттесуін болдыратын, қабылданған құжаттардың бірқатар сериясын өзін
еқосады. Қызметтің басқа бағыты болып елдер мен шығарылған бағалау бойынша
қаулы көрсеткіштерін дайындау, кедендік бағалауды бұзуды зерттеу және кеден
бағалауын бақылау бойынша анықтама басылымы.
Тауарларды бағалау конвенциясына кедендік мақсат үшін қатысушылардың
саны 1953-ші жылдан бастап 18 қатысушыдан 1953 жылы өзгеріп 1980 жылы
максималды саны 33 қатысушыға дейін өзгеріп отырды. Қазір мүшелердің саны
азайған.
ДКҰ маңызды функцияларының бірі болып қатысушы мемлекеттердің
қызметкерлеріне өмірлік бар істерді, олар қазіргі заманғы кеден жұмысында
үнемі туындап отыратын қиындықтарды жеңе білуге үйретеді. Кеңес
хатшылығында кеден қызметіндегі түрлі техникалық сферасындағы сарапшылардан
бөлек кішігірім оқытып- үйрететін мамандар жұмыс істейді. ДКҰ оқу-
үйретудің түрлі қызметін және техникалық ынтымақтастықты, оның ішінде:
өзінің елдеріндегі кеден қызметінің түрлі аспектілері бойынша жаттығу
модульдерін дайындау.
Техникалық инструктаж бойынша курстарды ұйымдастыру; ДКҰ қызметін
үйрену бойынша бағдарламаны ұйымдастыру және олардың кеден қызметі
сферсындағы зерттеу бағдарламасын ұйымдастыру; оқу- үйрету әдістемесін
талқылау.
ДКҰ басты ролі болып халықаралық кеден ісіне үйретуді қамсыздандыру,
сондай-ақ потенциалдық донарлармен қайырымдылық жасаушылардың құралдарын
мобилизациялау.
ДКҰ әлемдік мәні бар динамикалық ұйымға айналды. XXІ ғасырда бүкіл
әлемнің кеден органдары шекара арқылы өтетін тауар қозғалысы жолымен
саудаға әрекеттесуге тырысуда. Осы уақытта кедендер ұлғайып келе жатқан
әртүрлі кеден қылмыстарымен күресуде. Осындай қиын жағдайда ДКҰ алуан түрлі
халықаралық құжаттарда қабылдау және қолдану арқылы үйлесімділікті және
стандартизацияға әрекеттесуде, сондай-ақ оның үнемі өсіп отырған мүшелерін
белсенді түрде кеден органдары арасында ақпарат алмастыру арқылы белсенді
түрде ақпарат алып отырады, дамушы және дамыған елдерге кеден органдарының
қазіргі заманғы технологияны пайдалануда әрекеттесу, кеден және сауда
ұйымдары арасында өзрара қарым- қатнастарды кеңейту, кеден оқуын үйренуде
көмек көрсету, нарық экономикасы жолындағы қатысушы мемлекеттерге арнайы
көмек көрсету, нарық экономиаксы жолындағы қатысушы мемлекеттерге арнайы
көмек көрсету, сондай-ақ өздерінің мамандық әдістерімен бөлісіп бір- біріне
көмектесетін дүниежүзі кеден сарапшыларының кездесуін өткізу.
Дүниежүзілік кеден ұйымы халықаралық сауда қызығушылығының атымен
әлемнің барлық кеден жүйелерінде жоғарғы үйлесімділік пен бірыңғайлылығын
қамсыздандыру мақсатында жұмыс істейді.
Қазақстан ДКҰ- ның Қаржы Комитетінің мүшесіне қабылданды.
Осы жылдың маусым айында ҚР-ң делегация Кеден Комитетінің төрағасы М.
Нүкеновтың басшылығымен жыл сайын өтетін ДКҰ-ның кеден ынтымақтастық кеңесі
сессиясына қатысты.
Сессия 2001 жылы Брюссельде (Бельгия) өтті. Кеңестің сессиясы
күнтәртібінде саяси, қаржы, техникалық сұрақтар, жеке жұмыстардың
мәлімдемесі және ДКҰ-ның комиссиясының өткен жылғы есеп беруі, ДКҰ-ның жаңа
бас хатшысын тағайындау сияқты мәселелер қарастырылды. Кеден ынтымақтастық
кеңесі табак өнімдерінің контрабандасына, кеден органдарындағы коррупциямен
күресуге үлкен мән берілді.
Сессияның сұрақтарының бірі Қазақстан Республикасының ДКҰ-ң қаржы
комитетіне мүшелікке қабылдану болды.
ҚР ДКҰ-на 1992 жылдан бері мүше болып, алғаш рет Қаржы Комитетіне мүше
болды.
Қаржы Комитетінде мүше болу Қазақстан үшін бұл ұйымның шешім қабылдау
механизіміне, ДКҰ-ң құралдарын жұмсау қызметіне қатысуға мүмкіндік
туғызады.
ҚР-ң кеден комитетінің қаржы комитетінде мүшелікте болу халықаралық
саудада болып жатқан ғаламдық процестерге интеграциялануына мүмкіндік
береді. Бұл кеден қызметінің бұдан әрі қалай дамуы керектігін наықтайды.
Қаржы комитетіне қатысу тағы бір практикалық маңызға ие болып
табылады. Ол дегеніміз- ДКҰ-ң кадрларды дайындау және қайта дайындау
бойынша, кеден қызметін реформалау және модернизациялау бойынша әртүрлі
программаларға қатысуын қамтамысз етеді.
1.2. ҚР-ның өзге елдермен халықаралық кедендік ынтымақтастығының құқықтық
негіздері.
Қазақстан-Қытай: Кедендік ынтымақтастық.
ҚР Республикасы кеден комитеті және ІХР Бас Кеден басқармасының
шекаралық мәселелер бойынша жұмысшы тобының жиналысында қабылданған.
Меморандум.
24 январь, 2002 жыл. Үрімші қ.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 1997 жылы 26
қыркүйектегі ((Кеден ісі саласындағы ынтымақтастық және өзара көмек көрсету
туралы(( келісім шартын жүзеге асыру мақсатындағы және ҚР Мемлекеттік кіріс
Министірлігі Кеден комитеті төрағасы Маратқали Нүркенов пен ІХР Бас Кеден
Басқармасының төрағасыф Чань Гуань Линь арасында Пекинде қол қойылған.
Меморандумға сәйкес 2002 жылдың 22-24 қаңтар аралығында ҚР кеден қызметі
жұмысшы тобымен ІХР кеден қызметінің жұмысшы тобының арасында шекаралық
мәселелер бойынша алғашқы мәжіліс өтті. ҚР кеден қызметі жұмысшы тобының
жетекшісі Кеден Комитетінің Халықаралық қатнастар басқармасының бастығы
С.М. Нұнрғалиева ханым болды. Ал, ІХР кеден қызметі жұмысшы тобының
жетекшісі Бас Кеден Басқармасының, Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті
бастығының орынбасары Кан Чань мырза болды.
Жақтар бұрын қол қойылған келісім-шарттар мен хаттамалардың жүзеге асыру
барсына байланысты өзара ақпараттармен алмасты және болып жатқан
проблемаларды талқылады.
Кездесу барысында Кеден ісі саласындағы ынтымақтастық және өзара көмек
көрсету туралы келісімге сәйкес Қазақстан жағы Қытай Халық Республикасы
жағына ҚР-ғы қолданыстағы құқықтық-нормативтік актілерді тапсырды. Бұл
құқықтық-нормативтік актілер 2 тілде – ағылшын және орыс тілінде болды.
Жақтар күн тәртібәінде мәселелер бойынша пікір алмасты және төмендегі
аталғандарға келісті.
1. Жақтар келесі жақтардың кеден қызметінен белгілеушілердің үш деңгейлі
жүйесін құрды.
- Орталық кедендік әкімшілік деңгейінде;
- Аймақтық кеден басқармалары деңгейінде;
- Шекаралық кедендер деңгейінде.
Кездесу соңында жақтар бір ай мерзімінде белгілеушіле жөнінде
ақпараттармен алмасты (ф.и.о, адрес, телефон, факс, е-тап).
Белгілеушілердің құрамында өзгерістер болған жағдайда жақтар бір-біріне осы
туралы хабарлайтын болады.
Орталық кедендік әкімшілік деңгейіндегі белгілеушілердің кездесулері
жылына бір өткізіледі.
Аймақтық кеден басқармалары деңгейіндегі белгілеушілердің кездесуі
жарты жылда бір рет өткізіледі.
Шекаралық кеден басқармалары деңгейіндегі белгілеушілердің кездесулері
2 айда 1 рет өткізіледі және келісім бойынша қажет болған жағдайда қосымша
кездесу белгіленеді.
Кездесу орны жақтардың территориясында кезегімен белгіленеді және
өткізіледі. Кездесуді жүзеге асыру үшін жақтармен барлық қажетті жағдайлар
жасалады.
Аймақтық кеден басқармалары деңгейіндегі кездесулер Үрімші қаласы
Кеден Басқарамасы және ҚР Кеден Комитетінің өкілеттіә басқармасымен
өткізіледі.
2. ҚР комитеті мен ІХР-ң Бас Кеден Басқармасының арасында болған
ынтымақтастық және кеден құжаттарын өзара мойындау туралы хаттамаға
сәйкес 31 наурыз 2002 жылға дейін екі елдің кеден қызметін қамтамасыз
ету үшін кеден құжаттарының және олардың түсіндірмелерін ауыстырады.
3. Кеден ісі саласында, оның ішінде, қару-жарақ контрабандасымен, оқ-
дәрілермен, наркотикалық заттармен, сонымен қатар терроризммен,
сепаратизммен және экстремизммен күрес жөнінде ақпараттармен алмасуды
жөнге келтіру. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz