Қаржылық жүйенің құрылымы


Ж О С П А Р
КІРІСПЕ
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНЕ ӨТУІ
І. 1. Құрылымдық қайта құрудың теориялық және әдістемелік негіздері
І. 2. Нарықтық экономикадағы экономикалық модельдерді және өнеркәсіп қаржысын қайта құру
IІ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
IІ. 1. Қаржылық жүйенің мәні мен атқаратын қызметі
IІ. 2. Қаржылық жүйенің құрылымы
IІ. 3. Бюджеттік жүйе - қаржылық жүйенің негізгі бөлімі ретінде
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
IIІ. 1. Қаржы облысындағы мемлекеттік саясат
IIІ. 2. Қазақстан Республикасының қаржы жуйесінің моделі
IIІ. 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
К I Р I С П ЕIIІ. 4. Шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды жұмылдыру
V. Қорытынды
V. 1. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тұрақты қаржылық жүйе нарықтық экономиканың дамуының жеткiлiктi құрылуының және жалпы экономиканың өсуi мен оның тұрақты болуына қажет. Бұл жүйе қоғамның жинақтарын анықтайтын, тиiмдi ететiн, сонымен қатар және олардың күнделiктi жүретiн операцияларын жеңiлдететiн негiзгi жүйе болып табылады. Орталықтандырылған және әкiмшiлiк экономиканың, нарықтық экономикаға құрылымдық ауысуында көптеген элементтер болса да, олардың ең негiзгi - тұрақты, нақты және сенiмдi қаржылық жүйенi құру. Сенiмдi қаржылық жүйе құрылған соң, капиталмен қаржы нарығы дамиды, әсiресе ұлттық мемлекеттiк құнды қағаздар нарығы құрылады.
Өзінің әлеуметтік - экономикалық қызметтерін атқару үшін мемлекет қажетті көлемде ақша қорларын жасап, оларды мақсатты бағыттарға пайдаланады. Осыған байланысты қаржы қатынастары және оларды қалыптастыратын институттар қаржы жүйесіне жатады. Қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Ол елдің әлеуметтік - экономикалық қажеттіліктерін және мемлекеттің құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Бюджеттің құрылымы елдің мемлекеттік құрылысына байланысты. Қазақстан Республикасы сияқты унитарлық құрылысты елдерде бюджет қос деңгейлі болады, ол жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады.
Қаржының қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз етудегі ролі өте зор екені әркімге белгілі. Қаржы мемлекеттің өркендеп, дамуының материалдық негізі және тірегі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық дамуына белсенді әрі пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Енді осы қаржы жөнінде ғалымдардың зерттеулеріне жүгініп көрейік. Қаржылық құқық саласының қазақстандық көрнекті ғалымы Худяков А. И. «қаржы» термині латынның «финис», яғни істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Он сегізінші ғасырда француздар «finance», яғни «финанс» деп мемлекеттің кірісін және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған. Қазіргі кезде «финанс» - «қаржы» терминінің мағынасы ақшамен тығыз байланысты. Cондықтан көптеген жағдайда азаматтар қаржыны қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақша деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржысы, мемлекеттің қаржысы, заңды тұлғалардың қаржысы деп бөледі. А. И. Худяковтың айтуынша «қаржы» термині қалай түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша деген тұжырым. Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі он жыл ішінде өте қарқынды дамыды. Оның дамуына
Мәселенiң өңделуiнiң денгейi.
Соңғы жылдары тұрақты және сенiмдi қаржылық жүйенi құру және мемлекеттiк қаржылық саясатты жүргiзу мәселесiне көптеген басылымдар арналған. Бiрақ бұл сұрақтың теориялық аспектiлердiң бiрлiгiне жете қойылған жоқ.
Жұмыстың мақсаты.
Нарықтық экономикаға қазiргi заманға сай қаржылық жүйенiң құрылымы мен мәнiнің, сонымен қатар оның даму тенденцияларын ашу, зерттеудiң мақсаты, келесiдей сұрақтарды анықтау болып табылады:
- қаржының қызметiмен мәнiн анықтау.
- қаржылық жүйенiң негiзгi бөлiмдерiн ашу.
- Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесiнiң негiзгi бөлiмi - мемелекеттiк бюджеттi талқылау.
- Мемлекеттiң қаржылық саясатының құрылуының негiзгi принциптерiн анықтау.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНЕ ӨТУІ
1. 1. Құрылымдық қайта құрудың теориялық және әдістемелік негіздері
Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясымен тәжірибесінде гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр.
Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында - экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін бағалау тұрады.
Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.
Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Өндірістің тиімді орналасуы - халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады.
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
- тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі;
- өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы - 60 % -тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде) ;
- экологиялық проблемалар - Орталық Қазақстанның қоршаған ортасының ластану және құлдырау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді әсер етудің жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша - бірінші орын алады) .
Барлық постсоветтік кезең бойында орталық органдар аймақтың әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін база құруға емес, көмір өндіру бойынша міндеттерді шешуге баса назар аударды. Шаруашылықты жүргізудің және әлеуметтік проблемаларды шешудің жағымсыз тәжірибесі - бұл аймақты шаруашылықтық игерудің технократтық тұжырымдамасын айтарлықтай іске асыру, ол өндірістік мақсаттардың әлеуметтік мақсаттардан басылымдығымен ғана емес, сонымен бірге келешекті міндеттерді шешуге зиян келтіріп, ағымдағы қиыспаушылықтарды жоюға жұмсалатын күштерді шоғырландырумен де сипатталған.
Өндірісті дамыту, ғылыми техникалық прогресс бойынша шараларды жүзеге асыру, өнім сапасын жақсарту үшін өте қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Сондықтан өнеркәсіптегі онсыз да ескірген өндірістік аппарат, соңғы екі-үш жылда алапатты түрде бұзылады, бұл көптеген кәсіпорындардың тоқтатылуы және жабылуы үшін қосымша себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге, бұрын көрсетілгендей, біздің экономикамыздың жетілмеген құрылымын есепке алу керек. Ауыр өнеркәсіптегі өндіруші және шикізатты салалардың меншікті салмағы өте жоғары. Және осы кезде ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, яғни экономиканың тұтынушы секторы жеткіліксіз дамыған болып қалады.
Әсіресе материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераның ара қатынасында біздің артта қалғанымыз анық. Дамыған елдерден айырмашылығында, біздің елде әлеуметтік сферада - 25 % болғанда, материалдық өндірісте еңбекке қабілетті тұрғындардың 75 % - тен артығы қамтылған. Бұл ара қатынас материалдық өндірісте еңбек өнімділігінің төмендігін білдіреді, басқаша айтқанда тұрғындардың материалдық өнімдегі мұқтаждықтары қанағаттандырылмайды. Бірақ істің мән-жайы біздің экономикалық дамуымыздың деңгейі өте төмен екендігінде ғана емес. Істің мән-жайы - шаруашылықты басқару теориясы мен тәжірибесінде осы уақытқа дейін экономика құрылымын жетілмеген көзқарастардың пайдаланылуында. Сонымен, халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес сфераларға бөлінуі сақталады, ал соңғысының астарында әлеуметтік сфера түсіндіріледі.
Экономикалық әдебиеттерде материалдық өндірістің шешуші ролі барынша қолданады, ал әлеуметтік сфера тұрлаусыз сфера ретінде беріледі. Шындығында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ғылыми техникалық прогресс қызметтер сферасын болып көрмеген өсу шегінде, ғылым, білім, мәдениет экономикалық дамудың басты факторлары болып келеді. Сондықтан әлеуметтік сфераның басым дамуын жариялап қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асатындай қамтамасыз ету керек. Өкінішке орай, қазіргі уақытта атап айтқанда ғылым, білім және мәдениет ауыр халде қалды, бұл біздің елімізді әлемдік дамудың қазіргі деңгейінен шегіндіріп тастайды. Мысалы, дамыған елдерде ұлттық табыстың пайдасын құруда әлеуметтік сфераның үлесі, материалдық өндіріске қарағанда жоғары екенін біздің ұғынуымыз қиын болады.
Өндірістік қатынастардың түрленуі өндірістік күштердегі терең өзгерістермен үйлесуі керектігі әбден түсінікті. Бірінші кезекте, ауыр өнеркәсіптің (ең алдымен, оның өндіруші және шикізатты салаларының) шамадан тыс басым болуын жеңумен және халықтың мұқтаждықтарын тікелей қамтамасыз ететін салалардың жылдам дамуымен байланысты, терең құралымдық өзгерістер ескеріледі.
Дәстүрлі түрде жинақталған құралымдық диспропорцияларды жою, халық шарушылығының жаңа құралымындағы ілгері техника-технологиялық негізде пропорционалдықты қалпына келтіру нарықтық экономикада “циклдік дағдарыс” кезеңінде жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, ұдайы өндіру процесінің циклдык сипаты, мәні бойынша, кезеңдік техника-технологиялық жаңғыртудың және жоғары дамыған мемлекеттерде де, дамитын елдерде де аймақтық экономикалардың құрылымдық қайта құрылуының басты рычагы болып табылады. Аймақтың халық шаруашылығы үшін ерекшелік - экономикалық дағдарыстың біршама басқа себептермен болуында, ал нарықтық қатынастарға өту дағдарыстық жағдайдан шығуды жеделдетуге қабілетті, қозғаушы күш ретінде қарастырылады. Алайда, бұл экономиканың құлдырауын тоқтату, ғылыми - технологиялық прогрестерді пайдалану негізінде оның материалды-техникалық базасын техникалық және экологиялық жаңғырту бойынша міндеттердің бір мезгілде шешілу қажеттігін күшейтеді.
Экономиканың құрылымдық қайта құрылу проблемалары бойынша ауқымды экономикалық әдебиеттерге қарамастан, қазіргі уақытқа дейін құрылымдық қайта құру категориясын түсінуде бірлікке қол жеткізілмеген. Сонымен, жұмыста экономиканың құрылымдық-технологиялық қайта құрылуын, осы проблеманың әр түрлі аспектілерін қарастыра отырып, автор бұл категорияға анықтама бермей, құрылымды-инвестициялық және ғылыми-техникалық саясаттың сайланушылығы туралы, олардың басымдылықтары туралы мәселені қояды. Ф. М. Дінішев экономикалық өсі мен белсенділіктің ауытқуларын экономиканың технологиялық құрылымының жаңартылуымен және техника-экономикалық даму бағыттарының өзгертілуімен байланыстырылады.
Алайда, құрылымдық қайта құру жеке технологиялық процестерге ғана емес, барлық макроэкономикалық жүйеге тән, және оны еңбектің қоғамдық бөлінуіне негізделген, өндірістік күштерді дамытудың және өндірістік қатынастар жүйесінің қол жеткізген деңгейімен себептелген қайта құру ретінде қарастыру керек. Сонымен бірге экономиканың тиімді құрылымын қалыптастыруда технологиялық тәртіптің атқаратын ролін ерекше атап көрсету керек.
“Қазақстан өнеркәсібін құрылымдық қайта құрудағы ғылыми-техникалық басымдылықтар” атты ұжымдық монографияның авторлары құрылымдық қайта құруды өндіріске енгізілетін жаңалықтардың қуатты ағының қамтамасыз ету арқылы белсенді, ылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу шараларының бірыңғай және қатаң дәлелденген жүйесі негізінде комплексті түрде жүргізуді ұсынады.
Әр түрлі пікірлерді және экономиканы құрылымдық қайта құрудың анықтамаларын салыстыру, берілген мәселені шешу алғашқы көзқарасқа қарағанда едәуір күрделірек екенін растайды. Бұл зерттеудің әр түрлі аспектілерінің бар болуымен себептелген, оларға байланысты экономиканың, құрылымын мұндай немесе басқа құраушылардың басты ролі анықталады.
Құрылымдық қайта құрулар қоғамдық қажеттіліктердің өзгерген жүйесі мен материалдық өндірістің құрылымы арасында пайда болатын қарама-қайшылықты шешу, салалар арасындағы шектелген ресурстарды бөлу құралы болып табылады. Бұл қарама-қайшылықты шешуде қажеттіліктерді де, сондай-ақ экономиканың ресурстық базасын да түрлендіретін ғылыми техникалық прогресс маңызды роль атқарады.
Экономикадағы ұзын толқындар теориясына және оның негізінде әзірленген технологиялық тәртіп теориясына сәйкес атап айтқанда технологиялық тәртіптің ауысуы (өзінің даму процесінде тұтастықты сақтайтын және тұйықталған қайта жаңғырту циклын қамтитын, технологиялық байланысқан өндірістер жиынтығының ауысуы) ғылыми техникалық прогресстың төңкерістік кезеңінің негізгі мазмұны болып табылады. Осындай ауысу нәтижесінде еңбекті қоғамдық бөлуде, салалар арасындағы ресурстарды бөлуде өзгерістер болады, бұл экономикалық өсуге және экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне әкеліп соғады.
Экономикалық әдебиеттерде XIX - XX ғ. ғ. бір-бірін ауыстырған, алты технологиялық тәртіпті бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысында салалардың белгілі тобы түрінде технологиялық ядро басым болды.
Бірінші технологиялық тәртіп үшін - бұл тоқыма өнеркәсібі және машина жасаудың сәйкес салалары; екінші - көмір өнеркәсібі, қара металлургия, ауыр машина жасау; үшінші - электр энергетикасы, электротехникалық өнеркәсіп; төртінші - химия және мұнай-химия өнеркәсібі, түсті металлургия, химиялық машина жасау, автомобиль жасау.
70-ші жылдардың аяғында басталған бесінші технологиялық тәртіпті есептеу техникасының өндірісіне, микроэлектроникаға, аспап жасауға, радиоэлектрондық өнеркәсіпке сүйенеді. Және, ақырында, әлемнің озық елдері информациялық технологиялар мен телекоммуникацияларға, робот жасауға, биотехнологияларға негізделген, алтыншы технологиялық тәртіпке өтуді бастады.
Қазақстан озық елдерден бір тәртіпке қала отырып, бесінші технологиялық тәртіпке әзірше баяу өтуде. Бұдан басқа, біздің аймақта да реформа бесінші технологиялық тәртіптің ядросын құрайтын салаларға теріс жерін тигізді. Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі құрылымдық қайта құру механизмінің толығымен жоқ болуы болып табылады. Реформа басталғанға дейін болған ресурстарды бөлудің орталықтандырылған механизмі жойылған, құрылымдық қайта құрудың нарықтық механизмі әлі құрылған жоқ.
Аймақтық экономика теориясында аймақтық дамуды реттеуге екі қарама-қарсы ыңғай бар. Неоклассикалық бағыт аймақтардың дамуындағы айырмашылықтар уақытша болып табылады және нарықтық механизммен жойылады деп болжайды. Неокейнсиандық бағыт рынокты аймақтық диспропорциялардың нашар реттегіші деп есептейді, олар мұндай “реттеу” кезіңде тек қана тереңдетіледі және аймақтық диспропорцияларды тек мемлекеттің программалы-мақсаттық қызметі ғана жоя алады.
Ұлыбританияның (Шотландия), Германияның (Рур), АҚШ-тың (Аппалачи) тоқырау аудандарында құрылымдық саясатты жүргізуде бұл ыңғайларды пайдалану тәжірибесі біріншіден, олардың қандай да бір комбинациясы керек; нарықтық механизм әрекет ету керек, бірақ дамудың мақсаттық бағдарламалармен белгіленетін тұрғыда әрекет ету керек деп куәландырады. Екіншіден, мемлекеттік кірісудің нәтижелері мақсаттардың дұрыс қойылуына және дағдарысты салаларды мемлекеттік қолдаудың келешегі жоқ, өйткені ескірген технологиялық тәртіпті “тоқтатып қоюды” білдіреді. Дағдарысты салалардағы тек жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістерді ғана қолдау және оларды әр тараптандыру тиімді.
Орталық Қазақстанның және Ұлыбританияның, Германияның, АҚШ-тың тоқырау аудандарының проблемаларының ұқсастығына қарамастан, біздің пікірімізше, Жапонияның соғыстан кейінгі тәжірибесі бұдан да құнды, Жапония өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және өзінің әлемдік экономикалық ірі мемлекет статусын қайтару проблемаларымен соқтығысты, сондай-ақ 80-ші жылдарда аймақтық “өсу полюстерін” құрудағы Жапонияның тәжірибесі де құнды. Бұл бағдарламалары - мақсаттық ыңғай және өнеркәсіптің инновациялық түрленуі есебінен жасалған болатын.
Қазақстанда мемлекеттің құрылымдық қайта құруға стратегиялық араласуынан қашып құтылу мүмкін емес, өйткені “қуып жететін” экономика моделін іске асыру үшін ғана емес, сонымен бірге әзірше толық көлемде қалыптаспаған нарықтық шаруашылық механизмді толықтыру, түзету үшін қажет.
Орталық Қазақстандағы аймақтық саясат, біздің пікірімізше, тоқырауға қарсы емес, ал ел экомикасында аймақтың сақталуын ғана емес, сонымен бірге атқаратын ролін күшейтуді қамтамасыз ететін, құрылымды-инновациялық саясат болу керек. Ол үшін барлық алғы шарттар бар: алуан түрлі табиғи ресурстар, қуатты өндірістік және ғылыми потенциал, жоғары білікті кадрлар, ыңғайлы геостратегиялық жағдай.
Қазақстан экономикасының құрылымдық қайта құру процесінде, біздің пікірімізше, екі кезеңді бөліп көрсету керек: орта мерзімді және ұзақ мерзімді. Жақын кезеңнің стратегиялық міндеті - өнеркәсіптік өндірістің көтерілуін және аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу үшін аймақтың материалдық өндірісін оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Оңтайландырудың астарында оның құрылымын (көпшілігінде, инфрақұрылымдық және тұтынымдылық кешендер үлесін ұлғайту), салаларын (сала ішіндегі кәсіпорындарын бәсекелестігі және ынтымақтастығы үшін жағдай жасау, кәсіпкерлік ортасын кәсіпорындардың инфрақұрылымы орналасуы және т. б. ), кәсіпорындарын (техникалық қайта қаруландыру, қайта құрылымдандыру, басқаруды жетілдіру) қосқанда, материалдық өндірісті кешенді түрлендіру түсіндіріледі.
Оңтайландыру үшін дағдарыстағы кәсіпорындарда жоқ болатын қаражат қажет болғандықтан, алдымен нәтижесінде алынған қаражатты материалдық өндірісті оңтайландыруға бағыттай отырып, аймақтағы өнеркәсіптік өндірістің көтерілуін қамтамасыз ету қажет.
Ұзақ мерзімді стратегиялық міндет Орталық Қазақстанда аймаққа халықаралық еңбекті бөлуде қолайлы орында қамтамасыз ететін, материалдық өндірістің (алтыншы технологиялық тәртіптің “ядросының”) “зерделі құрылымын” қалыптастыру болып табылады. Сондықтан Орталық Қазақстанның материалдық өндірісін құрылымдық қайта құру үшін ортақ приоритет төмендегілер болып табылады:
- өндірісті әлеуметтік қайта бағдарландыру;
- қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету;
- қолданылып жүрген кәсіпорындарды техникалық қайта қаруландыру. Соның ішінде әртараптандыру негізінде;
- өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
- икемді өндірістік құрылымдарды қалыптастыру.
Ресурстардың тапшылығынан құрылымдық қайта құру үнемі селективті. Әсіресе жақын міндетті - өнеркәсіптік өндірісті көтеруді шешу үшін селективті қолдау объектілерін таңдау маңызды. Салаларды маңдау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- Жиынтық сұрауға салалардың ықпал етуі (ұқсас салаларды, жабдықтаушы-салаларды есепке алумен) ;
- Салалардың жиынтық ұсынысқа ықпал етуі тұтынушы - салаларды және жанама әсерді, соның ішінде қанағаттандырылмаған сұранысты тұтынушы рыногына әсерін есепке алумен;
- Саланың экспортты жиынтық ұлғайтуға әсері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz