Кәсіпорын қызметінің экономикасын және қаржы жағдайын талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Тарау. Кәсіпкерлік қызметтің мәні және негізгі түрлері.
1.1. Кәсіпкерліктің түрлері және өзара
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Шағын кәсіпкерліктің ел экономикасындағы маңызы және рөлі ... ..9
1.3. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандарының түрлері ... ... ...13
ІІ Тарау. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің нарықтағы әрекеттері.
2.1. Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қызметі және мінез-құлқы ... ...16
2.2. Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... 21
2.3. Кәсіпорын стратегиясы және оның
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... .23
2.4. Кәсіпорын қызметінің экономикасын және қаржы
жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 27
ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің дамуы мен
бағыттары.
3.1. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары мен
тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..31
3.2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..36
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің мәселелері, оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...42
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .48
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..50

Кіріспе

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуінің алғашқы
кездерінен бастап кәсіпкерліктің дамуы мемлекеттің экономикалық саясатының
маңызды бағыттарының бірі болып келеді.
Осы тұрғыда жазылған курстық жұмыста қазіргі таңдағы еліміздің
экономикасында өркен жайған кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттары мен нақты
тенденциялары қарастырылады. Курстық жұмыс үш тарауды қамтиды:
І Тарауда жалпы кәсіпкерлік қызметтің мәні, түрлері, соның ішінде
шағын кәсіпкерлік жөнінде біршама зерттеу жүргізіледі.
ІІ Тарауда, негізінен, қазіргі таңдағы Қазақстанның нарықтық
жағдайындағы кәсіпкерлік қызметтің түрлі әрекеттері, мінез-құлқы және
негізгі көрсеткіштері қарастырылады. Сонымен қатар, нарықтағы кәсіпорын
стратегиясы, оның экономикасы мен қаржы жағдайына талдау жүргізіледі.
ІІІ Тарауда қарастырылатын жағдай – бұл қазіргі таңдағы Қазақстанда
кәсіпкерлік қызметтің дамуы, оның бағыттары мен тенденциялары
қарастырылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, оны дамыту
және осы тұрғыда туындайтын біршама мәселелер, олардың шешу жолдары мен
ұсыныстары қарастырылады.
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың "өз ісіне" деген табиғи
ұмтылысын тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түсуіне ықпал етеді. Ең
соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуы
қалыптасады.
Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар мүліктік
жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
3
Экономикалық ғылымда "кәсіпкерлік қабілеттілік" деген ұғым бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша
білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл
келе бермейді. Атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры
Иозеф Алиоз Шумпетер кәсіпкерлік тұрғысында былай дейді: Кәсіпкер болу –
басқаның істегенін істемеу. Үнемі барлық күш-қуатын барынша жұмысқа
жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, яғни адамдармен тез арада байланыс
жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу,
бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда
кәсіпкерлер оқшауланып тұрады. Бизнеспен айналысатындардың ішінен мұндай
қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Осы туралы француз
экономисі Жан Батист Сэй былай деген: Кәсіпкер – адамдарды өндірістік
шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін
адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды
және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық
әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер
бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет
термині қолданылады.

4
І Тарау. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің мәні және негізгі
ерекшеліктері.

1.1. Кәсіпкерліктің түрлері және өзара қатынастары.

Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру
өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған
бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы, өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік
технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына
тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және
ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер
жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны
іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп
мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім
өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Өндірістік кәсіпкерліктің жүзеге асырылу мазмұны мен тәсілдерін жалпы
түрде қарастыруға болады. Кәсіпкер ең әуелі өндірістік қызметтің түрлерін
таңдайды, басқаша айтқанда, қандай тауарлар, жұмыс, қызметтерді ол
өндіретіндігін белгілейді.
Содан соң ол потенциалды тұтынушылармен, тауарды сатып алушылармен
байланысқа түседі. Басқаша айтқанда, кәсіпкерлік маркетингтік қызметті
өзіне қосады. Шарттың бұл алғашқы фазасы кәсіпкер мен болашақ тауарды сатып
алушының арасындағы келісім-шарт түріндегі заңды реттеуді алуы мүмкін.
5
Кәсіпкер өндірісті жүзеге асыру үшін өндірістің келесідей факторларын
қолданады: жұмыс күші, өндірістік қорлар, материалдар, ақпарат. Кәсіпкерге
сонымен қатар өзінің күшімен атқара алмайтын жұмыс және қызметтер қажет
болады, яғни ол ұйымдар мен тұлғаларды қатыстырады. Мұндай жұмыстар мен
қызметтер ақшалай төлемдерді қажет етеді. Егер кәсіпкерде алғашқы төлемдер
болмаса, онда ол ақша ресурстары бар адамдардан несие алуы қажет.
Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның
мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау
операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы - мұнда
өнім өндіруге байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттігі
тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта
сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру,
ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу
бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болғандықтан оның сатып алу, сату объектісінің айрықшалығы - тауар болып
есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей
немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік
- бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық
мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек
тауар-қаржы активі болып саналады.
Қазақстан Республикасы Президентінің " Шаруашылық серіктесі жайлы "
және " Мемлекеттік кәсіпорын туралы " Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет
шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және

6
ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- коммандитті-аралас жауапкершілік ( біреудің толық мүлкімен және
басқаның салынған салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын
мүлікпен қосымша жауапкершілік мойына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар;
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты
жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі - оперативті басқару құқығына
негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады:
таза мемлекеттік - толық шаруашылық есеп, қазыналық - толық емес шаруашылық
есеп.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар
бола алады:
* Қазақстанның азаматтары;
* шетел мемлекетінің азаматтары;
* адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
Кәсіпкердің мәртебесі жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері
ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттелетіндер:
* кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы,
* кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
* барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат
және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
7
* меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
* кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
* кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінде еркін таңдау;
* нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Қазіргі жаңа жағдайда, яғни нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын
өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық
халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық
тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен
айқындалмақ. Олар мынадай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы
мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайдалық
негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне
негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер
меншігінің негізінде қызмет жасайды;
- құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар
құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен " Шаруашылық қызметінің
еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы", " Жеке кәсіпкерлік қорғау мен
қолдау туралы " республика заңдарында
кәсіпорын кез-келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде
болу мүмкіндігі айқындалған.
8

1.2. Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы маңызы мен рөлі.

Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикада алатын орны ерекше. Себебі,
ол көптеген экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге
қабілетті. Бірақ шағын кәсіпорындар санының өсіп, инфрақұрылымның дамуы мен
мемлекет тарапынан қолдау тапқанда ғана шағын бизнес бұл міндеттерін жүзеге
асыра алады.
Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке
жетеді.
2003 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан
астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс
істейтіндері - 329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен
қамтылғандардың саны - 1,4 млн. адам.
Кәсіпкерлік саласы жөнінде біршама мемлекеттік бағдарламалар
қабылданып, олар негізінен шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға
бағытталған.
Бәсекелік механизмнің ірге тасы болғандықтан, бүкіл дүние жүзі
көлемінде шағын кәсіпкерлік мемлекет тұрғысынан қолдау табады.
Шағын бизнесті ынталандырудың әдістері сан қилы. Өндірістік дамыған
елдердің тәжірибесі жоғарғы икемділікке ие болатын мемлекеттік қолдаудың
жанама шараларының неғұрлым нәтижелі екендігін көрсетеді. Оларға шағын
кәсіпкерліктің қызмет ету жағдайын жеңілдетуге арналған толып жатқан
салықтық шегермелер мен жеңілдіктер жатады (негізгі және айналмалы қорларды
жасау, инвестицияларды құру, ҒТЗ, мамандарды дайындау, экспорт және т.б.).
Салықтық сипаттағы шаралардың ішінен төмендегілерді атауға болады:
9
- шағын кәсіпорындарды алғашқы екі-үш жыл бойына пайдаға деген салықтан
толығымен босату, одан кейінгі төрт-бес жылда бірқатар жеңілдіктер беру;
- прогрессивті салық жүйесін қалыптастыру;
- салықтың кейбір түрлері бойынша берілетін жеңілдіктер;
- кәсіпкерлерді кешеуіл қалған аудандарға тарту үшін төмендетілген
салық мөлшерлемесін белгілеу;
- инновациялық бизнесті дамыту үшін берілетін салықтық жеңілдіктер;
- жеделдетілген амортизация тәртібі;
- мамандарды дайындауға арналған қаржыларға деген салықтық
шегермелер;
- салық салынбайтын пайда резервін жасау.
Әр түрлі елде салықтық жеңілдіктер беру жүйесі бірдей болмағанымен,
жалпы алғанда оның шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталғандығын көруге
болады.
Мысалы, экономикасы жоғары дамыған елдерде әрекет етуші салықтық
заңдылық бойынша жаңа шағын кәсіпорындар алғашқы екі жыл бойына пайдаға
деген салықтан толық босатылған;
ал үшінші жылы -75%; төртінші жылы - 50%; бесінші жылы - 25% шамамен
жеңілдік беріледі. Уақытша өтімділік қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда
бірқатар салықтарды төлеу мерзімін ұзарту мүмкіндігі қысқартылған.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың негізін салу көптеген
шағын фирмалардың құрылуымен жалғасуда. Бірақ еліміздегі әрекет етуші салық
жүйесі шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасамайды. Себебі, салықтық
есепке алу тәртібі тек қана белгілеу әдісімен жүзеге асады. Ал есепке
алудың екі әдісі бар, кассалық пен белгілеу. Олардың арасындағы айырмашылық
мынада: кассалық
10
бойынша фирмадан салықтар тұтынушыдан ақша алғаннан кейін алынса, бізде
қабылданған әдіс бойынша тауарды түсіру немесе қызмет көрсеткеннен кейін,
төлем фактісіне байланыссыз ұсталынады. Яғни кәсіпкер ешқандай ақша алмай
тұрып, төлем қағазында көрсетілген сомада салық төлеуге тиісті. Сонымен
бірге, толып жатқан салықтар, төлемдер мен жиналымдар саны мен олардың
алыну мөлшері экономиканың бұл секторының дамуын тежеуде. Табыстың барлығы
дерлік мемлекеттің пайдасына алынатындықтан, салық мөлшерлемесінің
көтеріңкі деңгейі кәсіпкерліктің мәнін жойып, кәсіпкерлікті түрлі жолдармен
салық төлеуден қашуға итермелеуде.
Қазіргі жүзеге асып отырған салық жүйесі табиғаты жағынан бағындыру
қатынастарына негізделген административті сипатта.
Салық төлеу қатынастарын реттеуге көмек болатын нормативті
актілер, салықтардың белгілі бір түрін төлеу барысында туатын барлық мүмкін
жағдайлар мен қиындықтарды есепке алмайды.
Қазақстанда соңғы жылдары бірқатар заңдылықтар мен нормативті актілер
қабылданды. Барлық жерде Қазақстан Республикасы прокуратуралық ұйымдары мен
еліміздің президентінің шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жарлықтарының
орындалуы тексерілген болатын. Тексерістің нәтижесі өкімет пен облыс
(жергілікті) әкімшіліктерімен бұл бағытта біршама шаралар қабылданғанын,
бірақ сонымен бірге шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін бірқатар
факторлардың орын алып отырғандығын көрсетті. Олардың қатарына тым жоғары
салықтар жатады.
Кәсіпкерлердің көпшілігі қосылған құнға деген салық мөлшерлемесі
шамадан тыс жоғары деп санайды. Соның нәтижесінде кәсіпорындар өздерінің
өнімдеріне деген бағаны төмендету мүмкіндіктерінен айрылып, өндіріс көлемін
қысқартуға мәжбүр болғандықтан, ондағы жұмыс орындары да азайып,
жұмыссыздық
11
өседі. Қосылған құнға деген салықтың салмағы тұтынушыларға түседі, олардың
төлем қабілеттілігін төмендетіп қана қоймай, бағаны өсіруге итермелеу
арқылы инфляцияны күшейтеді.
Кәсіпкерлердің пікірі бойынша, акцизді салықтар мен тіркеуге,
транспортқа, аукциондардан жиналатын төлемдерге салынатын жергілікті
салықтар мөлшерлемесі де жоғары деңгейде.
Республикадағы салық жүйесінің басты кемшілігінің бірі - белсенді
амортизациялық саясаттың қалыптаспағандығы. Шағын кәсіпорындарда жоғары
технологияны дамытуға қажетті мүмкіндіктердің барлығы бар. Бұл мәселені
шешу инвестиция бойынша да мардымды жеңілдіктерді қажет етеді. Сондай-ақ
қызмет етуші салық жүйесі акционерлік кәсіпорындар мен қаржы нарқының
дамуын шектеп, капиталдың тиімді өндіріс саласына құйылуына
кедергі жасауда. Тұтас алғанда, салық заңдылығы жүйесінің жетілмеуі,
салық мәселелерінің күрделілігі, біздің кәсіпкерлердің тәжірибесіздігімен
қосылып шағын бизнесті дамытуда қосымша қиындықтар туғызып отыр. Олай
болса, қызметін бастаған және материалдық өндіріс саласындағы, инновациялық
бизнес пен ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді
жүзеге асыратын кәсіпкерлерге салық салу бойынша нақты жеңілдіктер
берілетіндей етіп, әрекет етуші салық заңдылығына түзетулер енгізу
қажеттілігінің мерзімі жетті. Себебі, салық жүйесі еркін кәсіпкерліктің
белгілеген принциптерін пайдалану саласын неғұрлым кеңейтуге немесе,
керісінше, оны ең төменгі деңгейге дейін түсіруге қабілетті.
Шағын кәсіпорындарға жеңілдіктер беру - жылы ұя жасаудың жолы емес,
олардың қызмет ету жағдайын ірі кәсіпорындардың қызмет ету жағдайымен
теңестірудің әдісі.
Ірі кәсіпорындар тексерілген, нарыққа сенімді қызмет етеді. Олардың
қызметі мықты өндірістік базасына, қалыптасқан ақпараттар
12
көздері, кадрлар дайындау, қойманың жетілген таралымдар жүйесіне
негізделген. Ал қызметін бастаған шағын кәсіпорын субъектілерінде мұндай
мүмкіндіктер жоқ. Кез-келген ұсақ мәселені шешу олардан көп уақытты, күш-
жігер мен қаржы жұмсауды талап етеді. Сәтсіздікке ұшырау қаупі де зор. Осы
шығындардың орнын толтырып, шағын кәсіпорындардың тәуекелділік пен жоғалту
қаупі жоғары ортада өмір сүруін жеңілдету үшін, мемлекеттік қолдаудың басқа
түрлерімен бірге, салық салу бойынша да берілетін жеңілдіктердің қажет
екендігі айтпаса да түсінікті.
Шағын бизнес саласындағы ҚР заңнамаларына келер болсақ, онда соңғы
жылдардағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлікке
ерекше назар аударылады, өйткені шағын және орта бизнесті дамыту арқылы
тұрғындардың орталау жігінің әл-
ауқаты қалыптасады. Қазіргі уақытта оны дамыту үшін барлық алғышарттар бар

1.3. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандарының түрлері.
Қазақстанда "Меншік туралы" Заңға сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік,
жеке меншіктік, сол сияқты меншіктің аралас нысанасы

түрінде құралады және іс істей алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар - мұнда негізгі құралдар мемлекеттің
меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын
кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.
Мемлекеттік холдинг-компаниясы - Холдинг деп үлкен корпорациялардың
ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы бірыңғай
бақылау жасасуды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда мемлекеттік
акционерлік кәсіпорындары
13
құрылғанда халық шаруашылығы салаларында көптеген холдингтер көріне
бастады.
Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі бөлімшелерден
тұрады:
* жеке кәсіпкерлік;
* толық кәсіпкерлік;
* коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік;
* жауапкершілігі шектеулі қоғам;
* қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам;
* ашық акционерлік қоғам;
* жабық акционерлік қоғам;
* өндірістік кооперативтер.
Жеке кәсіпкерлік - бұл жеке кәсіпкерліктің ең жай нысаны, мұнымен
айналысуға әрекетті әрбір азаматтың құқығы бар.
Толық серіктестік - екі немесе одан да көп толық құқықты адамдардың
ұйымдасқан шаруашылық қоғамының бірлестігінің түрі. Олар кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасқан шарт негізінде өз мүліктерімен
қоғам алдында жауапты болады. Толық серіктестіктің мүлкі оның
қатысушылардың үлес (пай) жарнасы негізінде (ақшалай және басқа түрде)
қалыптасады.
Коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік - шаруашылық қоғамдарының бір
түрі. Оған шарт жасасу негізінде екі, одан да көп кісі біріге алады. Алайда
олар мүлікке деген жауапкершілігіне қарай екіге бөлінеді. Бірінші топқа
жататындар толық үлесшілер немесе коммандиттік серіктестіктің толық
мүшелері деп аталады. Олар қоғамның борышы үшін өз мүліктерімен толық жауап
береді. Ал коммандиттер, сенім бірлестігіндегілер деп аталатын екінші
топтағылар қоғамға қосқан жарнасы көлемінде жауапты.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам - кәсіпкерлік қызметті жүзеге
14
асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі.
Жауапкершілігі шектеулі қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоры
бар. Жауапкершілігі шектеулі қоғам жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін
қоғамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге
бере алады. Қоғам акциялар шығармайды.
Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту мүмкіндігін шектейді.
Қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам - қатысушылардың жарғылық қорға
өздерінің міндетті салымдарымен жауап беретін қоғам, ал бұл қаражаттардың
жетіспейтін кезінде - қосымша өздерінің мүліктерімен салған салымдарының
үйлесімді мөлшері.
Ашық акционерлік қоғам - бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Ол
рұқсат ету жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір
бөлшектенген негізгі капиталы болады. Акцияның ақшалай сомасы негізгі
капитал көлеміне сай келуі керек.
Жабық акционерлік қоғам - ашық акционерлік қоғамнан акцияларды
таратудың ерекше әдісімен өзгеше. Оның мәні акционерлік қоғамның акциясын
сатып алуды акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады.
Міне, осыдан барып, акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және
сақтандыру жүйесінде, экономиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына
әсер етеді.
Өндірістік кооператив - бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу
емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Кооператив кәсіпкерлік
нысанына тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс
орнатуында. Кооператив - ол заңды иегер.

15
ІІ Тарау. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің нарықтағы әрекеттері.
2.1. Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қызметі және мінез-құлқы.

Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық,
құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді.
Сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызметі шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана
өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және
әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге
асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында
мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін
және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы
әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ
экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
- өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін
қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;
- алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс-
әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік
дамытуға жұмсалады;
- жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген өнімді өткізу қызметімен
айналысуға мәжбүр, мұнда ол нарықтық конъюнктурамен, бәсекелестік орта
жағдайымен, сұраным төлем қабілеттілігімен және нарықтық ортаның басқа да
факторларымен есептесуі керек;
- жаңа жағдайда кәсіпорын иығына мемлекеттік экономикадағы
16
кәсіпорында кездеспеген - кәсіпкерлік қызмет жүктеледі.
Осы қызмет бұрындары және қазіргі кезде де дәстүрлі түрде шағын
бизнеспен байланыстырылады. Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік жайлы ескі
көзқарасты барынша жоюда.
Экономикалық әдебиеттерде бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін,
олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану
шеберлігімен байланыстырады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі
қажет:
- нарықтық ұсыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың
ішінен қанағаттандырылатындардың қайсысы көп эффект беретіндігін анықтау;
- өзінің меншікті табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың
пайдалылығын да солай арттыру қажет;
- кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдарды соған қол жеткізу үшін
ұйымдастыру керек. Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады.
Сондай-ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында
кәсіпорынға басқа да бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді:
- нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік
қабілеттілігін қолдану;
- менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі;
- қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортаны
басқару қызметі.
Осы аталған үш қызметті кәсіпорынның атқаруы оған өзінің нарықтық
ортадағы мінез-құлқының сипатын анықтауға көмектеседі.
Нарықтық экономикада кәсіпорынның (фирманың) қызмет жасауы үнемі
айқынсыздықпен және тәуекелмен байланысты.
17
Сондықтанда кәсіпорын жайлы мыңдаған мінез-құлық теорияларынан ерекше мәнге
ие теориялар - ол нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқын
қарастыратындары болып табылады.
Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқына келер
болсақ, онда кәсіпкерлік қызметте тәуекелсіз нәтижеге жету мүмкін емес.
Егер басшы тәуекелге бой ұрмаса, онда ол түбінде банкрот болады.
Менеджментте, егер кәсіпкер тәуекелділік шешімнен қашқақтайтын болса, онда
оны ұйым үшін қауіпті әрі тоқырауға алып барады деп есептеген.
Тәуекелдің әртүрлі анықтамалары бар. Бір жағдайда ол келешекпен
салыстырғанда анықталмағандық ретінде түсіндірілсе, екіншісінде - оның
дефинициялануы мүмкін болатын салдарларды қосып алады, үшіншісінде - өзінше
әуекелді жүзеге асырушы жаңалық ретінде түсіндіріледі. Өте дәлелденген және
ыңғайлы деп мына анықтаманы айтуға болады: тәуекелділік - қоғамдық пайдалы
нәтижеге мақсаттылықпен жету үшін құқылы қауіптілікті жасау, себебі кәдімгі
және тәуекелсіздік құралдарымен қол жеткізу мүмкін емес.
Облыстың жіберуге болатын тәуекелділік зонасы деп, сол шеңбердегі
кәсіпкерлік қызмет түрінің өзінің экономикалық мақсаттылығын сақтайды, яғни
жоғалту бар, бірақ олар күткен пайдадан төмен. Жіберуге болатын зона
тәуекелділігі шекарасының жоғалту деңгейіне сай келуі және ол кәсіпкер
қызметінің есептелінген пайдасына теңбе-тең.
Сындарлы тәуекелділік зонасы - бұл сондай облыс, кәсіпкерліктен
күткен түсім мөлшерінен артықтау жоғалту мүмкіндігімен сипатталады және ол
шығын мен пайда сомасын көрсетеді. Басқаша айтар болсақ, сындарлы
тәуекелділік зонасы жоғалту қауіптілігімен сипатталады, сондықтан да күткен
пайдадан
артықтау және кәсіпкердің іске жұмсаған барлық қаржысын
18
жоғалтуына алып келуі мүмкін. Қарастырған соңғы жағдайда кәсіпкер атқарған
іс-әрекеттен ешқандай табыс таба алмай ғана қалмайды, бірақ барлық жарамсыз
шығындар сомасында тақырға отырады.
Қауіп-қатерлі тәуекелдік зонасы жоғалту облысында кәсіпкердің мүлік
жағдайына сай мөлшеріне жетуін байқатады. Қауіп-қатерлі тәуекелділік
кәсіпорынды күйретуге, банкроттыққа, толық құлауына алып келуге қабілетті,
оны жауып, мүлкін саттырады. Сондықтан қауіп-қатерлі тәуекелділік (мүліктік
және ақшалай зияндылығына байланыссыз) категориясына мынандай тәуекелділік
жатады: тікелей адам өмірін деген қауіптілік пен немесе қауіп-қатердің
тууымен.
Тәуекелділікті басқару саласында білікті квалификациялы жұмыс жүргізе
отырып, оны азайтуға болады. Ол үшін - өзін-өзі сақтандыруды қолданады,
тәуекелділіктің бір бөлігін хеджирование жолымен басқа жеке тұлғаға немесе
ұйымға береді, опциондар, сақтандырулар жүргізіледі. Тәуекелділіктің
азаюына тиімді болжау мен жоспарлау, лимиттеу ықпал етеді.
Өзін-өзі сақтандыруды қолдану арқылы фирма өзінің кеткен шығынын
кемітуі мүмкін. Ол арнайы резервтік қордың құрылуымен байланысты немесе
шеккен зияндарын өзінің айналмалы қаржы қорының бір бөлшегімен жабады. Өзін-
өзі сақтандыру логикаға жататын нәрсе, себебі сақтандыру мүлігінің құны
бизнестегі барлық мүлік және қаржы параметрлерімен салыстырғанда аса үлкен
емес.
Кәсіпорынды өзін-өзі сақтандырудың және бір түрі опциондарды шығару
болып табылады. Опцион - алдағы келісім бойынша, сонда көрсетілген жағдайға
қарай, сатып алушының сатып алу құқығы. Опцион - мерзімі көрсетілген
қосымша тауар мөлшері, сол уақыт кезеңінде бір жағынан екінші жаққа өзінің
құқығын пайдаланатынын хабарлауы керек.
Әлемдік практикада қымбат жұмыстардың басқа компанияларда
19
жүзеге асқанында қаржылық тәуекелділіктің бір бөлігін аудару кең тараған
(венчурлық яғни тәуекелділік), себебі барлық жоба сәтсіздікке ұшыраған
жағдайда қаржы шығынының бір бөлігін өзі көтереді.
Кез-келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз
жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің
күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар,
пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысына белгілі бір принциптерге сүйенсе
және қажетті бернесін орындаса алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай
кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
* жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда
бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
* өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты
пайдалану;
* кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және
жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
* ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру
және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
* өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін
және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін
арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды
жақсарту;
* кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету,
кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
* баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске
20
асыру. Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары
межеленген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына
жетуге бағытталғаны жөн.
Қазіргі заман жағдайында көптеген отандық кәсіпорындардың алдында
кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу бірінші орында
болмай отыр. Көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі
мақсаттары олар үшін - өнімді өткізу, кәсіпорындардың қызметкерлеріне
жалақыларын уақытылы төлеу деп есептейді.
Осы кезеңдегі қиындық жағдай Қазақстан экономикасы үшін жақын арада
бастан өтеді, кәсіпорындар бірте-бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықтық
экономикаға тән алға қойылған міндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді,
үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда,
кәсіпорындарында шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және
құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады.

2.2. Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау.
Кәсіпорын қызметін анықтайтын көрсеткіштер мына төмендегі талдау
мақсаттарына байланысты болады:
* Стратегиялық мақсат. Осы кәсіпорын қызметі нәтижелілігінің өзімен
бәсекелестік басқа кәсіпорынның қызметімен салыстыру қажет. Осыған
орай, қорытындылау көрсеткіштерін және қызметін қандай бір
элементтерінің көрсеткіштерін таңдаған жөн.
* Тактикалық мақсат. Басшылық кәсіпорын қызметін бақылайды. Кейбір
бөлімшелердің немесе қандай бір болмасын өнімнің
жұмыс істеу тиімділігінің көрсеткіштері есептелінеді.
* Жоспарлау міндеті. Түрлі ресурстардың немесе осы
21
ресурстардың түрліше ұштастырылуының пайдалылығын салыстыру қажет.
* Басшылықтың басқа да мақсаттары. Кәсіподақ пен ұжымдық шарт жасасу
жөнінде келіссөздер жүргізу. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және
коммерциялық қызметі қасиетінің әр түрлілігі және түрлі белгідегі
көрсеткіштердің көптеген түрлеріне ықпал етеді. Сонымен, оларды
пайдалану проблемасы мынадан тұрады: олардың бірде-бірі әмбебап
көрсеткіштерін орындамайды, бір мағынада, бизнесте қол жеткен табыстар
немесе сәтсіздік туралы пікір алысу мүмкіндігі туады. Сондықтан да,
практикада әр уақытта бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жүйесі
пайдаланылады, бағаланады немесе кәсіпорын қызметінің түрлі жақтарын
көрсетеді.
Көрсеткіштер жеке, топтық және жалпы болып бөлінеді. Талдау мақсатына
байланысты көрсеткіштер: абсолюттік, салыстырмалық және орта мөлшерлік
нысаны түрінде білдіруі мүмкін. Әрбір нақты экономикалық көрсеткіш сапалық
анықтықта (кеңістік, уақыты және мөлшері) болады.
Нарықтық қатынастарға өтуде экономикалық, қаржылық және статистикалық
көрсеткіштер жүйесі олардың есеп айырысу бөлігі және есеп жүргізуі қалай
болса, шешімдерді негіздеу рөлі солай төтеп береді және түрлі өзгерістерге
ұшырайды. Мысалы, шаруашылық жүргізудегі жоспарлы жүйе жағдайында кәсіпорын
қызметін бағалағанда мынадай көрсеткіштер маңызды рөл атқарады: жоспарды
орындау, тауарлы өнімнің мөлшері, жалпы өнім мөлшері, ал нарықтық жағдайда:
бірінші кезекте сату мөлшері, пайда, пайдалылығы және толып жатқан
оңтайландырулар.
Нарық талабына сай барлық көрсеткіштерді мына төмендегілерге бөлуге
болады:
22
бағалылық, қол жеткен немесе даму деңгейінің мүмкіншілігі немесе не ол, не
бұл қызмет нәтижесін сипаттайды;
* жұмсалмалық, қызметтің көптеген түрлерін іске асыруға байланысты
жұмсалатын шығындар деңгейі.
Мұндай болу өте шартты. Ол жүргізілген талдаудың мақсатына байланысты
болады.
Практика жүзінде кеңінен қолданылып жүрген ең маңызды бағалық
көрсеткіштерге мыналар жатады:
* кәсіпорынның сатудағы жалпы мөлшері;
* жалпы табыс;
* шартты таза пайда;
* шартты таза өнім;
* процент төленгеннен кейінгі пайда;
* салық төленгеннен кейінгі пайда;
* барлық қосымша төлемдерден кейінгі пайда;
* өндірістің дамуына жұмсалған жаңа күрделі қаржыдан кейінгі өтімділігі;
* дивиденд төленгеннен кейінгі өтімділік.

2.3. Кәсіпорын стратегиясы және оның қалыптасуы.

Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер
жылдамдығы, сондай-ақ осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты
өседі. Сондықтан, кәсіпорынның стратегиясы осы өзгерістерден артықшылықтар
алу мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді
қамтитындай болуы керек.
Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені
көздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын
анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп
23
отырған нарық жағдайын ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға
еркіндік береді.
Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету
ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын
анықтау барысында мынадай мәселелерді шешкені жөн:
1. Қандай өндірісті тоқтату керек?
2. Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?
Кәсіпорынның нарықтағы іс-әрекетінің негізгі үш бағыты бар:
* өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары неғұрлым аз
болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда
төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің нарықтағы үлесі артады.
Бұл үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті және
жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді, өнімнің
өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады;
* өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату. Бұл бағыттың негізгі мақсаты
- өндіріс өнімінің сапасын жақсарту, тұтынушылар бағасы жоғары болса
да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты таңдаған
кәсіпорындар қалай да өз өнімінің сапасын жоғарылатуды көздейді. Бұл
үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек;
* кәсіпорын өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл
бағытты таңдаған кәсіпорын нарықтағы бір өнім түріне деген сұранысты
зерттеп, соған сай өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнімнің өзіндік
құнын төмендету немесе осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын
жүзеге
асырады. Кәсіпорын бүкіл нарыққа ғана емес, тек оның бір бөлігіне нақты
тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.
24
Қазіргі нарықтық жағдайда іс жүзінде басты бағытты көздейтін
стратегиялар эталондық стратегиялар деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді.
Бірінші топтағы стратегиялар:
* өндіретін өнімнің сапасын жақсарту;
* жаңа өнім өндіруді бастау;
* нарықта өзінің артықшылығын көрсету.
Екінші топқа - стратегияның интеграциялық дамуы, яғни жаңа құрылымды
қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады. Кәсіпорын қосымша бөлімшелер
ашуы мүмкін, жабдықтаушыларын өз қарамағына енгізіп алу, өндірілген өнімді
тұтынушыларға жеткізетін жаңа құрылымдар ашу.
Үшінші топ - бұл мақсаттылықпен қысқарту стратегиясы. Егер
кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол
құлдырай бастаса, нарықтағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда
кәсіпорын нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады.
а) жою стратегиясы - егер де кәсіпорын әрі қарай өндірісін жүргізе
алмайтын болса, онда өз қызметін түпкілікті тоқтатады;
ә) ұзақ мерзімді көзқарас ұзақ мерзімде пайда алуды көздемей, қысқа
мерзімде, қысқа уақытта барынша пайда алуды мақсат етеді;
б) қысқарту стратегиясы - кәсіпорын өзінің бір бөлімшесін жабады
немесе сатады. Егер де бұл бөлімше басқа бөлімшелерге қарағанда пайданы аз
табатын болса, оған жұмсалатын қаржы басқа бөлімшелерді дамытуға жұмсалады.
Кәсіпорын алға қойған стратегиясын жүзеге асыру үшін өзінің іс-
әрекеттерін қай бағытта, қандай заңдар негізінде орындайтынын
анықтайды, яғни өзінің саясатын және тактикасын белгілейді, алға қойған
стратегиялық мақсатқа жету жолдары анықталады.
25
Кәсіпорын стратегиясын орындау үшін өз қызметінде мынадай шарттар
орындалуы тиіс:
* кәсіпорынның мақсатты стратегиясы сол кәсіпорынның барлық
қызметкерлеріне түсінікті болуы керек;
* стратегияны орындауға қажетті қорға уақытылы жеткізіліп тұруы қажет.
Бұл үшін кәсіпорын басшылығының әр деңгейі өзіне белгілі мақсаттары
мен міндеттерін нақты орындап отырғаны жөн;
Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып саналады.
Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері
тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне
немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту
қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет
көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілу қажет.
Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші - бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды,
сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын арзандатуды ынталандырады, ғылыми-
техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техниканы,
технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда үдемелі әдістерді толық
қолдануына үлкен ықпалын
тигізеді. Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі
артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғарғы серпінділік,
ықшамдылық, өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландырулары тән.
Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігін
жалғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал
етеді.

26

2.4. Кәсіпорын қызметінің экономикасын және қаржы жағдайын
талдау.

Практикалық қызметінде кәсіпорын өзін ең алдымен сатудың көлеміне
және пайда табуға бағыттайды.
Сатудың жалпы мөлшері - бұл тауарлар және қызмет көрсетудің құны,
тұтынушыларға сатылғанын мына формуламен анықтайды:
Q = Б x N
мұнда, Q - сату мөлшері;
Б - тауардың бір өлшемінің бағасы, теңге;
N - сатылған тауардың мөлшері, теңге.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын қызметінің негізгі қорытындылайтын баға
көрсеткіші пайда болып есептелінеді.
Жалпы пайда - нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған
сатымдық шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да
өндіріс шығындары элементтерінің құнын анықтайды.
Шектік таза пайда - бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме
шығындар және амортизациялық аударым сомалары. Бұл көрсеткіш практикада
бизнестің барлық түрлеріне пайдаланылады.
Шектік таза өнім - бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен
шығындар немесе сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің
құны оларды өндіруге жұмсалған ресурстардың құны арасындағы айырмасы (
сатып алынатын материалдар, қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік төлемдер,
амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және т.б.).
Көрсетілген барлық көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштермен
қаралады:
* кәсіпорын, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі;
27
өнім сапасының көрсеткіші;
* тұтынушылардың қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері;
* кадрларды дайындау, қайта даярлау көрсеткіштері.
Есеп айырысуда ең күрделісі - сапа көрсеткіші болып табылады. Сол
себепті өнім сапасы оның міндетіне байланысты жалпы сату мөлшерінен
тұтынушылардың кепілдік қызмет көрсетудегі кері қайтарған бұйымдары
(өнімдер), тұтынушылардың кері қайтарған өнім мөлшерлері процент бойынша
бағаланады.
Нарықтық экономика жағдайында басқа көрсеткіштердің ішіндегі ең
таралғандары:
1. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері.
2. Өндіріс шығындары құрылымының көрсеткіштері.
Бірінші топқа жататын көрсеткіштер:
* кәсіпорынның жалпы сату мөлшеріндегі жалпы немесе шартты таза пайда
деңгейі;
* сату көлеміндегі шартты таза өнім деңгейі;
* тауарлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынынң инвестициялық қызметінің тиімділігі
Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары
МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Сарыағаш ауданы бойынша шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы қорларын талдау
Экономиканы талдаудың пәні, мақсаты және түрлері
Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі нысаны - сыртқы сауда қызметі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні
Экономикалық талдау мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысы
Қаржылық жоспарлау және болжамдар жүйесі
Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы
Пәндер