Аударма дәл аударма



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Ш. Айтматовтың әр сөйлемінде тереңнен тебірене
шығар мұң бар. Сол мұңның арқасында елжірей
тыңдалар сыр бар. Сол сыр шыны майдай
шынайы сезім мен ойсырата ойрандататын
тұңғиық ойға бастайды. Сондықтан да Айтматовты
оқыған әр адам өзімен өзі мұңдасып отырғандай күй кешеді

Әбіш Кекілбаев

Зерттеудің өзектілігі: Қырғыз халқының аса көрнекті жазушысы,
талантты прозаик Ш. Айтматов шығармашылығы бүкіл әлем назарын аударып отыр.
ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша туындылары жоғары ұсынысқа ие, әлемде
шығармалары ең көп оқылатын бүгінгі күннің жазушысы — Ш.Айтматов. Бұған
оның шығармаларының әлем тілдеріне аударылғаны дәлел. Жазушы шығармашылығы
түрлі деңгейде зерттелген. Түркітану ғылымында айтматовтану пәні де
қалыптасқан. Ш. Айтматов шығармашылығын әдеби, тілдік тұрғыдан қарастырылып
жүргенімен, аудармалары әлі күнге дейін арнайы, толық зерттелмеген. Жазушы
шығармаларының аударылу үдерісін жүйелі түрде қарастырған отандық
ғалымдардың ғылыми еңбектері жоқ. Сондықтан да, Ш. Айтматовтың
шығармаларының аударылу мәселелерін зерттей түсу күн тәртібіне қойылуға
тиіс болып тұр. Зерттеу жұмысының көкейкестілігі бір жағынан осыдан да
көрінеді.
Біздің диплом жұмысымызда Айтматов шығармаларының аударылу деңгейі,
әсіресе, орыс→қазақ тілдеріндегі аудармаларының нұсқалары стильдік тұрғыдан
қарастырылады. Ал аударма мәтін мен түпнұсқа мәтіндерді стильдік тұрғыдан,
аударма теориясы тұрғысынан талдау шығарманың аударылу деңгейін анықтап,
сапалық құндылығын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі аударматану
ғылымында мұндай салыстырмалы талдаулардың қажеттілігі арта түсуде.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Әлем әдебиетінде өзіндік орны бар
Ш.Айтматов шығармашылығына бүкіл әлем өз қызығушылығын білдірді. Ш.
Айтматов шығармашылығын отандық ғалымдармен қоса, әлем ғалымдары да
қарастырды. В. Ким Ш. Айтматовтың 50-60 жылдардағы әдеби-эстетикалық
көзқарастары жайында ғылыми еңбек жазса, чех ізденушісі Ондрей Маршак
Многообразие в единстве литературы социологического реализма деген
кандидаттық диссертациясының бір бөлімін Ш. Айтматов − адам, журналист,
суреткер деп арнаған. Сонымен бірге ресей ғалымдарынан Л.Аннинский, В.А.
Апухтина, Г. Гачев, Л. Лебедова т.б. еңбектеріндегі айтылған ғылыми
тұжырымдарды атап өту қажет. Бұл талдауларда коммунистік идеология әсері
болғандығын ескерту қажет.
Ш. Айтматов жазушы ғана емес, публицист. Осы тұрғыдан А. Акматалиев
Ш. Айтматовго таасирленүү деп Айтматовтың журналистігін қарастырады.
1960 жылдан бастап Ш. Айтматов шығармашылығын әдеби жағынан қарастыра
бастады. Оның алғаш әңгіме-повестері жариялана бастаған уақыттан бастап,
шығармаларының көркемдік желісі жағынан, стильдік тұрғысынан, поэтикалық,
тілдік жағынан жан-жақты зерттелініп, баспасөз беттерінде жарыса мақалалар
жарияланды. Ш.Айтматов әдебиеттегі ерекше құбылыс екендігіне алғаш назар
аударып шағын пікірлерін жазған − М. Әуезов. М. Әуезовтің Жәмила повесіне
жазған Путь добрый, яғни Жолың болсын деген мақаласынан соң, Луи
Арагон повесті француз тіліне аударды. Жас қаламгер Ш. Айтматовтың өмірі
мен шығармашылығын жан-жақты зерттеп, терең, байыпты талдау жасап, Рымбек
Мылтықбаевтың Шыңғыс Айтматов атты әдеби өмірбаяндық очерк жазған. Онда
Р. Мылтықбаев жалпы Ш. Айтматовтың шығармашылық лабораториясына үңіледі.
Жәмила повесінің аударылуы жайлы Қ. Нұрмахановтың Дәстүрлі достық
еңбегінің екінші бөлімінде сөз етеді. Ш.Айтматов шығармашылығы
қарастырылатын Н.Сыдықовтың Ш. Айтматов шығармаларындағы пейзаж,
Р.Рахманалиевтің Ш. Айтматов және әдеби байланыс, Р.Құрманходжаевтің Ш.
Айтматов шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесі және жеке адам тұлғасын
қалыптастыру мәселелері, Қ. Қойшыманованың Ш. Айтматов повестері, Ж.
Бақашеваның Ш. Айтматовтың шығармашылық шеберлігі, Ш. Айтматовтың
шығармашылығының өзекті мәселелерін Кәрібекова Ақторғын Ш. Айтматовтың
шығармашылық лабораториясы атты кандидаттық жұмысында қарастырады. Осы
зерттеу еңбектері Ш. Айтматов шығармашылығын зерттеудегі елеулі жетістік
болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері: Ш. Айтматовтың Жәмила,
Қош бол, Гүлсары! повестері мен Боранды бекет романы жарияланғаннан
бері жарты ғасыр уақыт өтті. Сол жылдар көлемінде Ш. Айтматов шығармалары
әлем тілдерінің бірнеше тілдеріне аударылды. Соңғы статистика бойынша,
бірінші рет қазақ жерінде Ш. Айтматов еңбектері орыс тілінде, жазушының
туған күніне орай, 2008 жылы желтоқсанның жиырма екісінде сегіз томнан
тұратын шығармаларының толық жинағы жарық көрді. Еңбекке қаламгердің барлық
туындыларының қолжазбалық нұсқасы енгізілген. Кеңестік кезеңде
қысқартуларға ұшыраған шығармалары қалпына келтіріліп басылып отыр. Мариям
Айтматованың қатысуымен Алматыда жаңа жинақтың тұсауы кесілді. Барлық
көркем шығармалары, мақалалары және дүние жүзінің белгілі қаламгерлерімен
сұхбаты қоса енгізілген жаңа 8 томдық кітап қоғамдық ұйымдар мен Айтматов
атындағы халықаралық қордың қолдауымен жарық көріп отыр. Кітап орыс
тілінде. Қазақша нұсқасын шығару алдағы күннің еншісінде, - дейді
қазақстандық қаламгерлер. Шығармалары әлемнің 176 тіліне аударылып, 130-ға
жуық елде жарияланған. Кітаптары 830 рет басылып, 67,2 миллион дана болып
шыққан.
Жұмысымыздың негізгі мақсаты - Ш. Айтматовтың Боранды бекет
романының әлем тілдеріне, соның ішінде орыс, қазақ тілдеріне аударылу
тарихы мен деңгейін анықтау
Алға қойған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Ш. Айтматовтың Боранды бекет романының аудармаларында аударма
үдерісін сипаттайтын бірліктердің қолданылу аясын қарастыру;
- роман аудармаларының түпнұсқамен сәйкестігін, эквиваленттілігін,
жазушының өзіндік стилін қалай бергендігін, көркемдік амалдардың берілуін
айқындау.
- аудармаларды функционалдық жағынан жүйелеу;
- аудармалардағы сюжет, көркем амалдарды типологиялық тұрғыдан
талдау;
- көркемдік бейнелеуіш құралдардың аударылу ерекшеліктеріне назар
аудару;
- ұлттық реалилердің аудармада берілу үлгісіне назар аудару;
- Ш. Айтматов повестерінің аудармаларына стильдік тұрғыдан талдау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысында − Ш. Айтматов романының
орыс→қазақ тілдеріндегі стильдік сәйкестіктері алғаш рет типологиялық,
салыстырмалы деңгейде қарастырылып отыр.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Диплом жұмысын жазу барысында түпнұсқа
мәтіндері мен аударма мәтіндерді типологиялық, салыстырмалы, функционалдық
талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу нысаны ретінде Ш. Айтматов романының қазақ тіліндегі аударма
мәтіндері және тұпнұсқасы пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БӨЛІМ
Ш.АЙТМАТОВТЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АУДАРМА НҰСҚАЛАРЫ

Проза жанрын аудару үшін аударманың ең алғашқы, негізгі заңы түсіну
болса, автордың ойын айқын қабылдау − тағы бір маңызды қыры. Шығармада
образды, көрсетілген жағдайды, өмірді ойға тоқып, елестете білу керек.
Проза аудармасының өзіндік ерекшеліктері айқындауда аударма мәтінді
интеграция бойынша, аударма мәтінге автор тұрғыдан, не жанр тұрғыдан, не
стиль тұрғыдан, не мәтін тұрғыдан келуге болады. Соның ішінде біз аударма
мәтіндердің ерекшеліктерін көрсетуде жанр мәселесі, яғни проза жанрының
аудару ерекшелігіндегі негізгі қағидаларымен аудармашылар баса назар
аударатын ұстанымдарды айтуды көздедік. Проза жанрының өзіндік
ерекшеліктерін ғалым Н.Ф.Пелевина проза жанрын стиль жағынан төмендегідей
бөліп қарастырады:
• Особо важную роль играют в художественной прозе диалоги,
отражающие особенности разговорного стиля.
• ...Проза прежде всего передает течение событий.
• Всякий текст, описывающий явления и события, изображает их как
протекающие во времени. Время протекания описываемых событий не
тождественно времени, проходящему пои чтении текста, − это
воображаемое, или изображаемое, время.
• Содержание художественного текста нив коем случае не является
автоматическим отображением жизненных фактов − оно имеет
сложные, исторически изменчивые, до конца еще не изученные
законы построение.
• Тропеические средства[ 1, беті ].
Кез келген проза жанрындағы әрбір туынды белгілі бір жазушының
идеясынан туындаған көркем шығарма. Аудармашы интерпретатор болғандықтан,
ол сол айтпақ идеяны түсініп, түйсініп, қабылдап, екінші бір оқырманға
түпнұсқаның дәрежесіндей бүкіл қыр-сырларымен жеткізуі тиіс. Бұл проза
жанрын аударудағы аудармашылар ескеретін ең бірінші басты мәселе. Бұл
туралы ғалым З. Қабдолов: егер тақырып − жазушы суреттеп отырған өмір
құбылысы болса, идея − жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы
туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер
едік[2,150], − дейді. Анығырақ айтқанда, жазушы өзі бейнелеп, суреттеп
отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге аударса, қайда
бағыттаса, сол − идея! Сондықтан да, проза аудармашылары әркез түпнұсқаның
рухын, идеялық-көркемдік ерекшелігін, образдық жүйесін, стильдік даралығын
сақтауды басты парыз деп білсе аударылған туынды түпнұсқаның адекватты
нұсқасы болып табылар еді.
Аудармашылар үшін проза жанрын аударуда ерекше ескеретіні,
шығармаларды ана тіліне аударуда өзекті мәселе − сөздің мағынасын аша білу.
Ол үшін аудармашы сөздерді ажырата білуі тиіс. Олар фразеологиялық сөз бе,
әлде еркін тіркесті сөзбе анықтап алғаны дұрыс.
Аудармашылар көбіне еркін аударма стилін қолданады. Онда олар
түпнұсқада кеткен автордың қателіктерін дұрыстап жібереді. Алайда
автордың қателіктерін жөндеуге болмайды, ол аударма теориясының
талаптарына қайшы келеді.
Көркем шығарма сюжеттер желісінен тұрады. Сюжет дегеніміз, − дейді
Горький, − жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым-қатысы, байланысы,
қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу
тарихы[3,215]. Осы құбылыстарды қысқартып немесе аудармашылар өзінше
түрлендіріп бере алмайды. Аудармашы сюжеттер желісін толықтырулар мен
қысқартулар арқылы берсе, түпнұсқаға, түпнұсқа авторына жасаған қиянаты
болады. Көркем аудармада мүмкіндігінше сөздерді, тіркестерді, сөйлемдерді,
сюжеттерді қалдырып кету немесе қосу, аудармашы тарапынан өзгертуге
болмайды. Сюжетті біріктіріп, тұтастырып тұратын көркем шығарманың құрылысы
болады. Прозалық жанрдағы туындыларды аударуда көркем шығарманың құрылысын,
яғни композициясын сақтауда маңызды. Сюжет − сюжет болу үшін оның барлық
кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы
қажет. Осы бірліктер тізбегін аудармашылар прозалық туындыларды аударуда
осылайша сатылай бергені де дұрыс.
Аудармашы оқиғалар желісін тізбек бойынша аударуы тиіс. Оқиғаның
ортасынан не соңынан аударуға оның құқығы жоқ. Өзін қызықтырған оқиға
тұсынан да бере алмайды. Аудармашыға ондай мүмкіндіктен де берілмейді.
Проза жанрын аударуда аудармашылар ондағы сөзді емес, ойлар мен
мағыналарды аудару, мәтін мағынасын шығарма жазылған тілдегі көркемдік
деңгейінде жеткізу қажеттілігі талаптардың басты қатарларында тұруы қажет.
Проза жанрында стильдің бүкіл түрі кездесуі мүмкін. Әсіресе, ауызекі
сөйлеу стилі кейіпкерлердің бір-бірімен диалогтық қарым қатынасында жиі
кездеседі. Әр кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі әрқалай болады. Кейіпкер
тілдерін жете зерттеп, олардың мінез-құлқымен де танысу аудармашыларға
прозаны аударуда үлкен көмегін тигізері хақ.
Проза жанрын аударуда аудармашыға қойылатын талаптардың бірі көркемдік
амалдарды өз дәрежесінде тәржімалау. Жазушыларға мол тіл байлығы керек
болса, аудармашылар үшін де тілдік қордың байлығы аса қажет. Автор айтқысы
келген сырын, танытқысы келген шындығын жан тебірентер суретке айналдыру
үшін көркемдік амалдардың түрлерін қолданады. Мұның өзі аударылатын
шығарманың толық көркемдік құндылығын баламалы түрде жеткізудің басты
шарты. Аударма шығармаларында түпнұсқа мен аударма тілінің ішкі
заңдылықтарын сақтау қандай маңызды болса, оның түрін (формасын) жеткізу,
мүмкіндігіне орай көркемдік, бейнелеу құралдарының толық қамтылуы да
ерекше.
Аудармашыға проза жанрын аударуда өзіндік қиындықтары болатын
құбылыстардың бірі − ұлттық нақыштағы тілдік бірліктер. Оларға − реали
сөздер мен фразеологиялық бірліктерді, мақал-мәтелдерді жатқызуға болады.
Олардың дәл баламасын табу аудармашыларға біршама қиындық тудырады.
Дегенмен ұлттық нақыштағы сөздерді тастап не бұрмалап, не қарабайырландырып
тәржімалауға болмайды. Бұл сөздер түпнұқаның негізгі тірек сөздері десекте
болады. Ұлттық колоритті сөздердің түпнұсқада, мәтін мағынасында айтулы
қызметі бар сөздер болып табылады.
Проза жанрындағы ерекше құбылысқа − диалогтар мен монологтарды
жатқызуға болады. Осы туралы З. Қабдолов: Диалогты аударудағы бір қиындық
– диалогте сол сөзді сөйлеп тұрған кісінің мінезі тұрады. Оның қуаныш-
реніші, сүйініші-күйініші жатады. Диалогті аударғанда, белгілі кейіпкер сол
сөзді қандай халде айтты, оның көңіл-күйі не күйде еді, міне, осы жәйттерді
есте мықтап ұстаған жөн [2,166]. Демек, диалогты аударуда аудармашы ерекше
сақтықпен аударуы тиіс.
Аудармашылар ерекше сақтықпен аударуы тиіс болған ол − туыстас тілдегі
шығармалардың аударылуы.
Туыс тілдерден аудару бір есептен оңай болғанмен, оның да өзіндік
қайшылықтары жетерлік. Мұнда екі тілдік омонимя мен полисемия неше түрлі
қиындықтар туғызуы ықтимал. Сөздердің сыртқы түріндегі жалған ұқсастықтың
аудармашыларды әрдайым адастыратынын қырғыз, өзбек тілдерінен аударылған
көркем туындылар материалы негізінде байқауға болады. Сыртқы түріне қарай
тон пішіп, соған орай эквивалент ретінде берілген сөздер көбінесе мүлде
басқа мағынаны ұқтырып, түпнұсқаға тән кейбір өзгеше құбылыстарды
солғындатады [4].
Көркем аудармада туыс тілдерден аударуда қателіктер жиі орын алуы, кейде
мағыналас сөздердің әр тілде өзіндік дербес ұғымы аңғармаудан туындайды.
Сол үшін де аудармашылар жекелеген сөздерге жете мән беріп, зерттеп,
зерделеп барып аударғандары жөн.
Аудармашылар үшін ескерілетін жайттарды неміс зерттеушісі Альфред
Курелла былай дейді: Аудармашы өзі аударатын шығарма авторының елін, оның
тұрмысын, тарихын, географиялық жағдайын жақсы білуге тиіс, бірақ бәрінен
бұрын өз ана тілін жетік еркін меңгерген адам болуы керек[5,2].
А.Курелланың тұжырымы туыстас тілдерден аударатын аудармашылардың
қасиеттерін айқындап бергендей. Бұдан шығатын қорытынды, жоғарыдағы
тізбектелген белгілер Ш. Айтматов повестерінің аудармашылары Ш. Мұртаза мен
Қ. Нұрмахановтардың бойынан табылатын қасиеттер. Себебі, барлық талаптар
таныс, соның ішінде автордың елі, мәдениеті, тұрмысы, тарихы, бәрі де
аудармашыларға таңсық емес, таныс. Қырғыз бен қазақ туыстас ел, дегенменде
кәсібі мен мәдениетінде ұлттық ерекшеліктер мен айырмашылықтар болады.
Себебі, географиялық жағдай басқа. Тұрмыстық қолданыстағы тіршілік көздері
басқа. Ш. Айтматов әрбір туындысында қазақтар туралы айтпай кетпейді.
Дегенменде шығармалардағы қазақтардың тарихы мен мәдениетіне байланысты
типологиялық қателіктер кездесіп жатады. Бұл туралы профессор Т. Есембеков:
Ш. Айтматовтың алғашқы романы Боранды бекетте романның газетте басылған
алғашқы нұсқасында шубат кумыс из верблюжьего молока[6,11], − деп айтады.
Бұдан байқағанымыз, ареалы бөлек ұлт қанша туыстас болса да, тілдік
ерекшелігінен, тұрмыстық ерекшелігінен ажыратылып, айқындалып тұрады.
Осындай типологиялық ұқсастықпен, ортақтық шығарманы аударуда
аудармашыларды жаңылыстырып, қателіктерге ұрындыруы мүмкін.
Жоғарыда атап өткен ақпараттармен қоса, аудармашылар туыстас тілден
аударатын мәтіндерден тілдік индикаторларды жақсы түсінеді. Түпнұсқадағы
өзіндік ерекшелігі болып танылатын ментальдық картиналар жақсы таныс
болады. Бұның аудармашыларға тигізер көмегі мол. Біз қарастырып отырған
туындылардан Қош бол, Гүлсарыда! ментальдық картиналарды көптеп
кездестіруге болады. Мысалы, Шора өлген соң қазақтардың бауырымдап жоқтап
келуі, Танабайдың жоқтауы, Шораның баласы Самансұрмен Танабайдың көрісуі,
жұбатуы. Қазақтың салт-дәстүрінде қаза болған адамның туысқандары соның
ішінде ер кісілер есіктің алдында сап түзеп тұрса, әйел қауымы үйде жоқтау
айтады. Көңіл сұрап, жұбатуға келген кісілер барлығымен көрісіп, жұбату
айтады. Ал қырғыздың салтында қаза болған адамның туысқандары теріс
қабырғаға қарап отырады екен. Жұбатуға келген адамдар олармен көрісіп,
жұбату айтқан соң туысқандары бермен қарайды екен. Мұндай салтты көріп таң
қалған едік. Осындай дәстүрді Ш. Айтматов Қош бол, Гүлсары! повесінде
Шораның өлімін суреттеген жерінде бір сөйлем арқылы беріп кетеді.
Танабаймен Шораның ұлы Самансұрдың көріскен тұсы. Түпнұсқа мәтінінде, Во
дворе лицом к стене дома стоял сын Чоро, студент Самансур. Он
повернулся к Танабаю в слезах, они обнялись, плача[7,98]. Ал
аудармаларында қалай берілген? Мысалыға қазақ тіліндегі аударма мәтінде,
Аулада дуалға бетін беріп, Шораның студент баласы Самансұр тұр екен.
Көзінің жасы көл болып, бері бұрылып, Танабай екеуі құшақтасып
көрісті[8,155]. Мұнда қазақ аудармашысы Ш. Мұртаза в слезах сөзіне
қазақ тіліндегі фразеологизмді дұрыс қолдана білген. Автор қабылдаушыға
прагматикалық әсер ету үшін сөйлемнің мағынасын айқынырақ берген. Алайда
аудармашы дом яғни, үйдің қабырғасына бетін беріп тұрған Самансұр. Мұндай
фразаны аудармашы Ш. Мұртаза тастап кеткен. Аудармашы автор қолданысындағы
жекелеген сөздерді де нақтылап беруі тиіс Қырғызша аудармада, Босогодо
дубалга чекесин сүйөп, өкүрүп, Чоронун студент уулу Самансур туруптур. Көз
жашы көл болуп бери бурулду да, Танабай экөө кучакташып калды[9,246].
Қырғызша нұсқада да сол кездегі сәтті, яғни ситуацияны бере алған. Үй
сөзінің синонимі етіп босого сөзін аудармашы Ашым Жакыпбеков нақтылап
бере білген. Мұндай салт-дәстүр жат болған ағылшын тілді оқырмандарға
аудармашы қалай бере алды екен? In the yard, standing with his face to the
wall of the house, was Choro's son, the student Samansur. He turned to
Tanabai with tears in his eyes. They embraced and wept[10,1]. Жалпы
ағылшын тіліндегі аудармасында түпнұсқа тілінен айтарлықтай алшақтық жоқ.
Соңғы фразада обнялись, плача сөздерінің embraced and wept деп
аражігін ажырата берген.
Аударматануда аймақтық аударма (региональный перевод) деген термин
бар. Ағылшын, испан, италян тілдеріндегі көркем шығарманы аударуға
қарағанда, туыстас тілдерден аудару аудармашы үшін айтарлықтай қиынға
соқтырмайды. Аудармашыға көптеген объект таныс болады. Мысалға, туыстас
тілдерді аударуда аудармашы тілдік тұрғыдан, фондық тұрғыдан, тарихи
тұрғыдан, заман тұрғысынан хабардар болады. Аталмыш ақпараттардан хабардар
болған аудармашы ешбір қиындықсыз аударады. Аудармашы қырғыз, өзбек
тілдерінен туындыны аударарда сол халықтардың ерекшеліктерін айқындайтын
тілдік бірліктерді, тіліндегі тілдік ерекшеліктерді сол қалпында беруі
керек. Сонда ол қырғыз, не өзбек еліне тиесілі болған туынды екеніне
оқырман хабардар болып тұрады.
Ш. Айтматовтың Қош бол, Гүлсары! повесін тәржімалаған аудармашы,
жазушы Ш. Мұртаза қырғыз тіліндегі жекелеген сөздерді сол қалпында
транскрипциялаған. Мысалы, Мұны Гүлсары да жақсы сезетін. Әсіресе таудан
түсіп айылға келе жатқанда, егін даласына жұмысқа бара жатқан топ-топ әйел
жолығар шақ ерекше еді[8,36]. Мұнда аудармашы қырғыз тілінің сөз бірлігі
айыл сөзін сақтап, сілтемемен түсіндірмелі әдіс арқылы беріп кеткен.
Түпнұсқа мәтінінде, И как ему было не красоваться, сидя верхом на
бегущем иноходце! Гульсары это хорошо знал. Особенно когда Танабай
ехал в аил через поля, где встречались на дороге женщины, идущие
гурьбой на работу[7,1], − деп Ш. Айтматов қырғыз тіліндегі сөздің
ерекшелігін трансформациялап берген. Автордың өзі жекелеген сөздерді ұлт
тілінің жазылуымен берсе, онда аудармашылар өз тілдерінде бар
эквивалентімен бере алмайды.
Сондықтан, аударма мәтіндерінде жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін
қолдануда аздаған сәйкессіздіктер кездессе де, аса бір көзге түсе қоятын
дөрекі қателіктердің орын алмағандығы белгілі.
Қырғыз елінің тілдік қолданысына ғана тән ырлау сөзі бар. Бұл сөздің
мағынасы ыр зат. Ритм жана уйкаш аркылуу түзүлгөн чыгарма[11,750] деп
Кыргыз тилинин түшүндүрмө сөздүгүнде анықтама береді. Бұл қырғызша ән
айту. Осындай сөздерді туыстас тілдерді аударуда түпнұсқада қалай жазылса,
аударма мәтінінде солай берген жөн. Мұндай сөздер ұлттық ерекшелікті
айқындап тұрады.
Жалпы бұл түріктік және аймақтық әдеби байланысқа жатады. Оған: қырғыз,
өзбек, тәжік, түрікмен болмаса керісінше қазақ, қырғыз, өзбек т.б.
байланыстарын жатқызуға болады. Тілдің ұқсастығы салыстыруға үлкен көмегін
тигізіп, жақсы негіз бола алады[12,67], − дейді С. Омаров. Бұл пікірмен
түбегейлі келісуге болады. Шынында ұқсас, тегі бір тілдерден дүниеге келген
аударма туындысы ауыз толтырып айтарлықтай мағыналық ауытқулар мен стиль
бұзушылықтарды кездестіре алмаймыз.
Аударма − шығармашылық өнердің ең биігі. Неміс халқының классигі
И.Гете пайымдауында аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін,
байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді.
Ағылшын жазушысы әрі сыншысы И. Бэлекк аударма дегеніміз отандық
әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс деп орынды айтқан.
Ә. Тарақ Көркем аударма − көркем әдебиет жанрын басқа тілде
баяндайтын аударма түрі. Әлемді мәдени түрде меңгерудің көркемдік құралы.
Адамзаттың ой-санасының, білім-танымының дамуындағы мәдениеттер
байланысының өркендеуіндегі қызметі өлшеусіз. Көркем шығарма аудармасы
дегеніміз − түпнұсқалық шығарманың көркемдік рухын басқа тіл де дәл,
сәйкес, шынайы, сапалы жасап шығару. Оны аударылған ұлт тілінде жазылған
туындыдай, соның көркемдік ой дәрежесіндей жеткізе білу керек, − дейді
[13,10]. Сонда әрбір аударма туындысы оқырмандарына түпнұсқаның құндылығына
сай әсер дарытуы тиіс.
Аудармашы тарапынан көркем аудармада мүмкіндігінше сөздерді,
тіркестерді, сөйлемдерді қалдырып кету немесе қосу т.б. түрлендірулер
жасалады. Дегенмен бұлардың бәрінің белгілі себебі болуы керек және
түпнұсқаның құрылымдық-мазмұндық тұтастығына нұқсан келмеуі керек. Көркем
әдебиет шығармаларының аудармасында түпнұсқаның дербес өзіндік бітім-
болмысын, ерекшелігін жасау кезінде оны эстетикалық қабылдау мәні ерекше.
Аудармашы шығарманың көркем мазмұнының бар ерекшелігін сақтаумен бірге,
образдық жүйесін, семантикалық, стилистикалық баяндау мәнері және бейнелеу
сипаттары мен мүмкіндіктерін ана тілдегідей аударма тілінде де жеткізуге
ұмтылады.
Аударматанушы Ә. Тарақ аударма ісінде екі ұғымды мықтап есте ұстау
керек: 1) Жазушының стилі, жазушының қолтаңбасы. Мұның сыртында ырғақ,
интонация, күрделі сөйлемдерді бұзбай аудару т.б. 2) Шығарманың мазмұндық
түрін жеткізу кейіпкерлерінің іс-әрекеті, мінез-қылығын, оқиғалар мен
жағдайларды, жалпы алғанда композициясын басқа бір тілде қайта баяндап
шығу ғана емес, сонымен бірге мәтіннің мағынасын жеткізу, сөздер,
тіркестер, сөйлемдерді ұлт тіліне жалпыға бірдей түсінікті түрде сипаттау
[13,21] , − дейді
Ш. Айтматов қаламынан жалпы оқырман қауымына етене түсінікті,
махаббатқа толы туындылар дүниеге келді, олардың философиялық,
психологиялық, мифологиялық астары терең. Бұл туралы ғалым Р.Мылтықбаев:
Шыңғыс Айтматов − көркем өнердің хас шебері, көркем сөздің иесі. Оның
ұлылығы бір жағынан, халық тіршілігінің сырын данышпандықпен ашып, өмір
құбылыстарын жан-жақты кеңінен суреттеп көрсете білгендігінде болса, екінші
жағынан, сөз өнерін шыңға көтеріп тамаша суреттеуінен болар[14,15], −
дейді.
Шыңғыс Айтматов алғашқы Жәмилә повесімен-ақ әлемді елең еткізді.
Күркіреу өзенінің бойында Данияр салған әнге дүние құлағын еріксіз түре
қалды. Айтматов шығармашылығы түбегейлі талданды, көркемдік сыр-сипаты
айқындалды, әлем тілдеріне аударылуда тіл ерекшелігін талдады дей алмаймыз.
Оның өзіндік ерекшелігін, жаңашыл жазушы екендігі тек қырғыз халқына ғана
емес, бүкіл әлемге айқын. Ш. Айтматов шығармаларындағы басты кейіпкерлердің
барлығы типтік образдар, олардың өмірде прототиптері болғандығын зерттеу
жұмысында А. Кәрібаева айтады[15,7]. Мысалы, Жәмилә повесіндегі Жәмилә,
Садық, Данияр, Қош бол, Гүлсары! повесіндегі Танабай образдарының
прототиптері болған.
Ш. Айтматов аудармалары түпнұсқадан тікелей аударылған. Ш. Айтматов
қос тілде жазатын жазушы. Ш. Айтматов алғаш Қош бол, Гүлсары! повесінен
бастап шығармаларын бірден орыс тілінде жазуды бастады. Асылы үлкен
суреткерлер өз шығармаларының аудармасына өте-мөте сын көзбен қараған.
Билингвист жазушылар табиғаты, оның ішінде Ш. Айтматовтың орысша жазу
ерекшелігі жазушылардың өз туындыларын екі тілде бірдей жазуы үлкен сипат
алған сол дәуірдің өзінде-ақ назарға алынды. Орысша жазу себебі туралы
суреткердің бірнеше мәрте арнайы берілген жауаптары, диалог-интервьюлері
шығармалар жинағының жетінші томына енгізілген. Г. Атрянмен сұхбатында Ш.
Айтматов Ең алдымен, бұл орайда аударма мәселесін көтерген дұрыс... Мен
үшін өз кезінде шығармаларымның аудармасы көңіліме ұнамаған бір шақ туды,
ал аудармамен айналысуды өз қолыма алғаннан кейін мен енді жазуды да бастап
кеттім, − деп айтады[16,386]. Тағы бірде кемеңгер жазушы өзінің орысша
жазуына бірнеше себеп болғандығын айтады: Алғашқыда орысша жазу өзін-өзі
сақтаудың бір жолы болды, − деп отырып жергілікті сынның өресі тар
болатыны, мұндайда авторға оңай соқпайтынын, тіпті республиканың үлкен
басшыларының бірі ауыл итінің бақытсыз халін жазғаны үшін бұны кеңес
адамының тағдыры туралы повесть деп талқылап, жазушыға жаза қолдануды
талап еткендігін мысалға келтіреді: Сондықтан мен Мәскеу редакцияларынан
бастадым, − деп көрсетеді.
Тіпті Қош бол, Гүлсары! повесін жазғанымда мен А. Твардовскийдің
сөздерінің ақиқатына айнымай сендім, жан терімменен сезіндім. Мұндай ақылды
стратегиямен әрекеттенбесем менің Гүлсарым туылмай туа шөкпек еді, − деп
те турасын айтады[17].
Жазушының орыс тілінде жазуы әлем әдебиетінің көркемдік әлеміне еркін
енуіне, жазушының шеберлік сырларына ерте қанығуына септігін тигізді.
Прозаик ретінде Ш. Айтматовтың өзіндік ұстанымдары мен ерекшеліктері
бар. Ш.Айтматовтың фольклормен мәмілесі өзгеше, ол әрдайым онымен
шығармашылық мәміле жасайды, өлшемін берік сақтай отырып, өз шығармаларында
пайдаланады. Оларды шебер жинақтайды және трансформациялайды, фольклорлық
сюжеттерге жаңа өмір береді. Бұл жазушының өзіндік ерекшелігі. Ш. Айтматов
ойы тұңғиық, тереңнен алып, түпкірлеп танытатын жалпыадамзаттық,
жалпыәлемдік проблемаларды қоя біледі.
Қош бол, Гүлсары! повесінің бір ерекшелігі онда ауыз әдебиетінің
белгісі бар. Автор повеске Бозінгеннің зары (Плач верблюдицы) деген
аңызды енгізеді. Танабайдың Гүлсарыны іздеп, сағынған жайттарын Бозінгеннің
баласын іздеп, зар еңіреп жылаған жерін автор повеске қосып, повестің
сюжетін аңызбен параллель алады. Осы ерекшелікті профессор Ж. Дәдебаев
төмендегідей етіп көрсетеді: Ш. Айтматов шығармаларының көркемдік идеялық
жүйесінде халық творчествасы үлгілерімен қатар этнография, археология,
тарих салаларындағы материалдардың атқаратын рөлі жоғары. Әсіресе, қырғыз
суреткері шығармашылығында халық ауыз әдебиеті, оның ішінде аңыздық проза
үлгілерінің ерекше орын алатыны мәлім және мұның өзі әлемдік әдебиеттегі
даму тендецияларын, оның басым бағыттарын аңғартады[18].
Ш.Айтматовтың фольклорлық желіні өз шығармаларында қолдануы жайлы
қырғыз зерттеушісі Л. Үкүбаеваның тұжырымдары: 1) Ш. Айтматовтың бар
болмысы мен жан-тәнінде ұлттық рухани дәулет табиғи түрде орын алған және
ол оның көркем эстетикалық ой-көзқарасына әрдайым қатысып отырады,
шығармаларының поэтикасына өзгеше қайталанбас түс береді;
2) Ш.Айтматовтың фольклормен мәмілесі өзгеше, ол әрдайым онымен
шығармашылық мәміле жасайды, өлшемін берік сақтай отырып, өз шығармаларында
пайдаланады. Оларды шебер жинақтайды және трансформациялайды, фольклорлық
сюжеттерге жаңа өмір береді;
3) Ш. Айтматов шығармашылғында фольклорлық эстетикалық әлемдік әдебиет
тәжірибесімен жетілдіріледі және бұдан жазушы өзінің стильдік индивидуалдық
өзгешелігін ешқашан жоғалтпайды;
4) Ш. Айтматов − халыққа көркем ойлау негізінде өзі миф, ертегі-аңызын
ойлап тапқан, жаңа әдеби эпосты жаратушы деп санамалап көрсетеді[19,64-
65].
Аудармашылар фольклорлық сюжеттердің жалаң сөздерін ғана аудармай, аңыз
туралы қарап, ізденіп, оқып, мағына қабаттарын түсініп барып аударса,
аударма толыққанды аударма болар еді. Жоғарыдағы фольклорлық сюжеттер Қош
бол, Гүлсары! повесінің қазақша нұсқасында қалай көрініс алғанын қарап
бақылайық. Қазақ аудармашысына аңызды аударуда еш қиындық тудырмаған болар.
Себебі, біздің танымымызда, түсінігімізде бұл аңыз бар. Мысалы, −
Шаңқобызыңды алшы. Боз інген зарын тартшы, −деді... Жайдар шаңқобызды
алып, ерніне тақап, жіп-жіңішке болат қылды саусағымен шертіп көріп, демін
шығарып, қайтадан дем тартып қалған кезде бағзы заманғы көшпелілердің
құдіретті күйін төгілтіп ала жөнелді. Ақ ботасынан айырылған аруана туралы
жыр. Құла түзде сау желгеліталай күн. Ботасын іздеп боздайды. Енді қайтып
екі кештің арасында ботасын ертіп жар басына бара алмас, таңсәріде енді
қайтып ботасын ертіп жазираға шыға алмас, енді екеуі бірге бұтадан жапырақ
сыдырмас, енді бірге еспе құмды кеше алмас, енді бірге көктемнің көк
майсасына жайылмас, енді қайтып ақ сүтін иіп бере алмас. Қайдасың сен,
қарақат көз ботақан? Үн қатшы! Желіннен саулап сүт ақты, исініп кеткен
желіннен. Қайдасың сен? Үн қатшы! Желіннен саулап сүт ақты, исініп кеткен
желіннен. Анасының ақ сүті...[8,72]. Ш. Мұртаза мағынасын сақтап бере
алған. Аңыздың желісі түпнұсқадағыдай сақталған. Қырғыз аудармасында,
моциясы басым, мағына желісі сақталған. Түр, ырғақ үйлесімі де бар. Боз
інген зары деген аңыз жат болған ағылшын тілді оқырмандарға қалай
берілгендігіне назар аударайық:
Ш. Айтматов керемет психолог. Кейіпкерлерінің жан дүниесіне үңіліп,
олардың көңіл-күйлерін табиғатпен, кейбір құбылыстармен параллель алады.
Қош бол, Гүлсары! повесінде тағы бір хикая кездеседі. Автор шаңқобыздан
шыққан күйдің тарихын айта, кейіпкерлердің жан-дүниесін сипаттайды.
Ш. Айтматов ұлтсыздықтың алдын алу мен тексіздіктің қандай апат алып
келетінін әр шығармасында баса айтады. Ш. Айтматов, екіншіден,
концептуалды жазушы. Ол өзінің жазатын бағытын сонау аласапыран заманында
айқандап алғанын мына бір сөзінен байқауға болады: Қазіргі кезде кітап
жазу аса қиындап кетті. Алдағы уақытта бұл міндет қиындай түспек. Неге?
Баяғыдай белгілі бағыт, белгілі идеяның айналасынан көп ұзап шықпай шығарма
жаза беретін заман келмекке кетті. Ендігі жерде жазушылар өзін де,
оқырманын да алдамауы тиіс. Бұрынғыдай Бізге неге қарсы, кімге қарсы
күресуіміз керек? деген бір жақты сауалды төңіректеудің күні өтті. Ендігі
жерде Адамзат тіршілігінің мәні неде? Дүниенің, болмыстың мәні неде?
деген аса қиын да әрі аса күрделі сауалдарға жауап іздеуге тура келеді деп
өзінің ғаламдық дәрежеде ойлайтынын айтып тұрғандай.
Ш.Айтматов шығармаларын қазақ оқырмандарына біршама аудармашылар мен
жазушылар тәржімалады. Соның ішінде повестерін аударуда есімдері ерекше
аталатын бес жазушы-аудармашылар − Қ.Нұрмаханов, Қ. Мұхамеджанов, З.
Қабдолов Ш. Мұртаза, Ә. Кекілбаев.
Ш. Айтматов повестерінің түпнұсқа мәтінімен қазақ, орыс, ағылшын
тілдеріндегі көркем аудармаларындағы тілдік сәйкестіктерді қарастыра
отырып, аудармашылардың интерпретациялық ұстанымдары айқындалады. Атап
айтсақ, аудармашы, әрі аударматанушы Қ. Нұрмаханов қырғыз жазушысы Ш.
Айтматовтың шығармаларын аударуға қызығушылық танытқан аудармашылардың
бірі. Қ. Нұрмаханов аударма жасауда өзіндік қағидалары болды. Оның
айтуынша, Бір авторды стилі, рухы, творчествалық табиғаты жағынан жақын
бір адам аударсын, сонда аударма сапасы тәуір болып шығады дейді. Осы
қағидасын аударма үдерісі кезінде мықтап ұстанған.
Ш. Айтматовты әлемге әйгілі еткен Жәмилә повесінде қазақ
оқырмандарымен қауыштырған, Қ.Нұрмаханов еді. Повесть аударыла салысымен,
Лениншіл жас газетінде үздіксіз жарияланды. Аудармасына көңілі толған
автор газет редакциясына келіп, алғысын білдіре отырып:
Бир боордош Казақстан жаштарынын газетасы менин Жамыйла аттуу
повестиме орун берип, окуучуларды аны менен таныштырышы – мен үчүн өң чоң
сыймык деп эсептеймин. Айткени, ар бир адабий чығарманын күчү, көркү эң
мурун өз эне тилинде окулганда сезилет. Ал, эми қазақ тили биз үчүн өз эне
тилдей жакын, кымбат, жағымдуу. Бул повесттин окуясы кыргыз менен казактар
канатташ, журтташ жагашаган Талас өрөнүнде өтөт. Эгерде менин жазгандарым
биздин жер – суунун көркүн ачып, адамдардын жан сулуулгун, эмгегин
көрсөтүугө жарап, жүрөгүңөрдү толкундатса, анда мен максатыма жеткен болом,
анда мен өзүмдү бактылуу сезем [20], – деп разылығын білдіреді.
А. Кәрібекова зерттеу жұмысында жазушыға әсер еткен жағдайлар да
шығармашылық жолына әсер етеді деп мына жайттарды ескертеді: Ш.
Айтматовтың шығармашылық еңбегінде өз басынан өткендері мен көргендерінің
маңызы айрықша зор және бұл қалам қайраткерлеріне ортақ типтік болып
табылады [15,8].
Жоғарыда айтылған жазушы ерекшеліктері мен ұстанымдарын аудармашылар
білмейінше, оның туындыларының мағыналық қабаттарын түсіне алмайды,
түпнұсқаның стилін жете зерттемейінше, автордың стилін толық бере алмайды.
Шығарманың сыртқы тұрпатын сақтап беру емес, ішкі төркініне мән беруі
керек. Ш. Айтматов концептуалды жазушы. Ол ғаламдық дәрежеде ойлап,
шығармаларында ғаламдық мәселені қоя білген. Алайда жазушының шығарманы
жазу барысында типологиялық қателіктерді де жіберіп отырған. Осы тұрғысынан
зерттеп, зерделеген профессор Т.Есембеков былай дейді: Ұқсастық, ортақтық
сияқты ұғымдар салыстырмалы түрде зерттелсе белгілі бір шығарма немесе
автор төңірегіндегі мифтерді түсінуге көмектеседі. Кейде биографиялық
деректер де типологиялық сапаға ие болуы мүмкін. Ш. Айтматовтың қазақтармен
аралас-құралас болғаны оның қазақ тарихы мен әдебиеті жөнінде типологиялық
хабары бар екен деген түсінік тудырған. Боранды бекет, Жан пида
романдарындағы қазақ өміріне қатысты мағлұматтар авторлық концепцияға
бағындырылған, қазақ тұрмысының типологиялық айырмашылықтарының
ескерілмегені өз алдына сәйкес емес суреттерді типологиялық ұқсастық
тудырған[6,11] Осы көрсетілген кемшіліктерді аудармашы қалай беруі керек?
Осы жағынан келгенде аудармашыларға біршама қиындық тудырады. Алайда
аталмыш типологиялық қателіктерді аудармашылар түзетпей, сол қалпында
бергендігі жөнінде аударматанушы Ә.Тарақ: Егерде шығармада кемшілік,
түрлендіру кездессе, оларды дәл сол қалпында аударып көрсеткен
дұрыс[13,10], − дейді. Аудармашы түпнұсқадағы кеткен типологиялық
қателерді аудармада тігісін жатқызып, оқырманға білдірмей бергені дұрыс.
Түпнұсқа мәтін қанша күрделі болса да, аудармашы шығармадағы ұлттық
ерекшелікті, көркемдік мазмұнды түпнұсқамен тең дәрежеде аудармада көрсете
білуі тиіс. Ол өзі аударатын ақын-жазушының шығармашылығын аударуға қызыға
кіріскенде ғана сәтті аударма тудырады. Тағы да, аудармашы түпнұсқаның
мазмұнын, идеясын, рухын, стильдік ерекшеліктерін өз бояуымен, өзіне тән
көрік келбетімен жеткізіп бере алуы үшін аудармашы өз тілінде емін-еркін
шарықтай алатын дәрежеде болуы қажет. Шыңғысты төл тумаларындай қазақ
тілінде сөйлеткен аудармашылар − Қ. Нұрмаханов, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Мұртаза
Ә. Нұршайықов, А. Нұрқатов, М. Әлімбаев, З. Қабдолов, Н. Ками,
Ә.Кекілбаевтар. Ш. Айтматовтың бүкіл шығармалары десек артық айтқан емес,
қазақ тіліне аударылған:
Бетпе-бет (аударған Қ. Нұрмаханов 1959 ж.),
Жәмилә (аударған Қ. Нұрмаханов 1959 ж.),
Шынарым менің, шырайлым менің (аударған Қ. Нұрмаханов 1964 ж.), Алғашқы
ұстаз (аударған Қ. Нұрмаханов 1964 ж.),
Құс жолы (аударған Қ. Нұрмаханов 1963 ж.),
Ертеден келген тырналар (аударған Ә.Кекілбаев 1977ж.),
Жан пида (аударған Ш. Мұртаза 1988 ж.),
Боранды бекет (аударған Ш. Мұртаза 1986 ж.),
Тау мен дала хикаясы (аударған Ш. Мұртаза 1979 ж.),
Теңіз жағалай жүгірген тарғылт төбет (аударған Ш. Мұртаза 1979 ж.), Ана-
жер-ана (Қ. Мұхамеджанов 1970 ж.),
Алғашқы ұстаз (аударған Ә. Нұршайықов 1962 ж.),
Арманым, Әселім! (аударған А. Нұрқатов 1964 ж.),
Бұғы ана (аударған М. Әлімбаев 1978ж.),
Мәңгілік келіншек (аударған Н. Ками 2006 ж.),
Кассандра таңбасы (аударған Н. Ками 2008 ж.).
Ш. Айтматов қос тілде жазатын жазушы. Ш. Айтматов алғашқы қысқа
әңгімелері мен Жәмила повесін қырғыз тілінде жазды. Қазақ аудармашылары
қырғыз тілінен тікелей тәржімалаған. Қазақ тіліндегі аудармалардың көбісі
орыс тілінен аударылған.
Ш. Айтматовтың Жәмилә, Құс жолы, Бетпе-бет повестері − тылдағы
әйелдер өмірін жан-жақты бейнелеген әдебиеттің озық үлгілері болды.
Қаламгердің алғашқы туындыларының бірі Жәмилә повесі осыдан жарты ғасыр
бұрын дүниеге келген туынды. Содан бергі жарты ғасыр ішінде Жәмилә дүние
жүзінің көптеген тіліне аударылып, әлемдік оқырманның ең сүйікті
шығармаларының біріне айналды. Жазушының шығармасында соғыс жылдарындағы
ауыл адамдарының ауыр бейнетімен қатар олардың рухани кеңдігі, жан-
сезімінің өлшеусіз ізгілігі, байлығы да шебер көрсетіледі. Сай-сүйекті
сырқыратқан ауыр қайғыдан бір сәт иығы босай қалғанда, бұлардың мұңы мен
сағынышын, алданышы мен арманын әнге қосып, сол ән-жырымен, жан сырымен тау
мен даланы түгел баурап, қалықтап тұрып алатыны да бар.
Қазақ оқырманы Жәмила повесімен қазақ тіліне белгілі әдебиет
сыншысы, аудармашы Қ.Нұрмахановтың аудармасы арқылы танысты. Тікелей
түпнұсқадан аударылған бұл туындыны көркем аударма талаптарына жауап
беретін, сапалы аударма деуге толық негіз бар.
Осы тұрғыда келетін болсақ, аудармашы Қ. Нұрмаханов Жәмилә повесін
аударғанда Ш. Айтматовпен рухани туыс жан ретінде, автор мен аудармашы бір-
бірін түсіне білгендігін айта кету дұрыс.
Қ. Нұрмаханов жолма-жол аударманы − түпнұсқа мен аударма арасындағы
берекесіз дәнекер [13,8] деп, жолма-жол аудармаға кеңінен тоқталып, жолма-
жол аудармалар жасаушыларға үш түрлі талап қояды, сол талаптар ойдағыдай
орындалған да ғана аударма сапасының арта түседі деген ой түйіндейді. Қ.
Нұрмаханов аудармашы туралы ойын тағы да былай жеткізеді: Бір авторды
стилі, рухы шығармашылық табиғаты жағынан жақын бір адам аударсын, сонда
аударма сапасы тәуір болып шығады[5].
Қ. Нұрмаханов Ш. Айтматовтың Жәмила повесін дәл аударма жасаған. Л.
Дәуренбекова Дәл аударма − жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін дәл
беру. Түпнұсқа сөйлемдерінен дұрыс лексика-грамматикалық аударма нұсқасын
жасау, − деп тұжырымдайды[21,10]. Өз заманында повесть аудармасын жоғары
бағаланды. Автордың өз туындысы секілді. Аудармашы аударғанын байқамай да
қалды. Мына бір естелік соған дәлел. Қырғыз халық жазушысы Ш. Айтматовтың
2006 жылы Балауса баспасынан шыққан жинағына Қ. Нұрмаханов аударған
Бетпе-бет, Алғашқы ұстаз повестері мен Ақ жауын әңгімесі еніпті. Егер
осы жинақтың басында Ш. Айтматов деген автордың аты-жөні және тақырып
тұсындағы аударған деген сөздер жазылмаса, онда кітапқа енген осы үш
шығарманы кез келген оқырман қазақ жазушысы Қ. Нұрмахановтың еңбектері деп
қабылдар еді[22,126]. Бұл пікір Қ. Нұрмахановтың аударма шеберлігінен
хабар береді.
Аударма теориясы өзі зерттеп отырған нысанды түрлі аспектілерден
қарастыра алады. Олар лингвистикалық, құрылымдық, типтік және т.с.с болып
бөлініп кетеді. Кез келген аудармаға баға беру үшін аударма мәтін мен
түпнұсқа мәтінінің арасында мұқият әрі жүйелі сараптама жүргізу
нәтижесінде оның типін анықтау қажет. Аударманың теориясының құрылымы,
зерттеу нысанына қарай бір құрылымды әдеби аудармаға жатады. Аударудың
жалпы теориясы аударудың жалпы заңдылықтарын, үрдістерін жүзеге асуын
қадағалайды. Аударманың жеке теориясы бір тілдің көрсеткіштерін,
мәліметтерін басқа бір тілге аудару барысындағы лингвистикалық аспектілерді
қарастырады. Аударманың типологиясы түпнұсқа тілімен аударма тілінің
арасындағы қатынасқа байланысты пайда болған түр. Аударма тілдік тұрғыда
тіларалық, аударманың авторына байланысты дәстүрлі, презентациялық
формасына қарай жазбаша, сәйкестіліктің сапасына және ерекшелігіне қарай
дәлме-дәл семантикалық аударма, жанрлығына қарай көркем әдеби аударма,
аударма белгісіне қарай тура, сатылы аударма. Аударма классификациясына
қарай жанрлық-стилистикалық аударма. Орыс және ағылшын тілдеріне
аударушылардың түпнұсқа мәтінін сегменттеу және аударма бірліктерін
қолдануы бойынша толық мәтіндік, ал аудармаларда түпнұсқа мәтінінің
таныстырылуы бойынша жазбаша орындалған. Орысша аударма мәтіннің түпнұсқа
мәтінінің қасиеттері мен сапасын беруі бойынша, сараптама жүргізу
нәтижесінде, еркін аударма деп табылады. Ал ағылшынша аударма мәтін 1-
(қырғыз тіліндегі) түпнұсқаның қасиеті мен сапасын беру жөнінен еркін, ал 2-
түпнұсқаның (орыс тіліндегі) сапасы мен қасиеттерін беру жөнінен тура
(точный) болып табылады. Орыс тіліне толық түпнұсқа мәтінінің негізгі
ақпараттары беріліп, кей тұстарында біршама өзгерістер, яғни сөздік
өзгерістер енгізген. Олар: 1) Қалдырып кету, 2) Ой қосу. Төменде
келтіретін мысалдар айтқан ойымыздың дәлелі болады.
Ш. Айтматов шығармаларын қазақ тіліне көптеген аудармашылар аударған.
Аталмыш Жәмилә (Жамийла) повесті Қалжан Нұрмаханов 1959 жылы
тәржімалаған. Шығармада бірде-бір жол қалдырылмай, түпнұсқамен сай келетін
етіп қырғызшадан аударылған. Аударма барысында аудармашы сөзбе-сөз
аудармаға берілмеген. Қырғыз тілінің сөйлем құрылысы мен лексикалық жағы
қазақ тіліне өте ұқсас болғандықтан, шығарманың тілі, яғни қырғызша нұсқасы
оқырманға өте жатық. Аударма дәл аударма. Дәл аударма − жазушының тіл,
стиль, сөйлем ерекшеліктерін дәл беру. Сөйлеміне сөйлем орай етіп аудару.
Осы тұста аударманың сөзбе-сөз тәсілі − әріпқойлыққа негізделген. Жолма-жол
аударма әсерсіз, жүдеу болып келеді. Еркін ауларма − аудармашының өзіншелеп
әңгімелеп отырғанына өте ұқсас келеді. Дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл,
стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады. Бұл жөніндегі дәл аудару
дегенді біз сөйлеміне сөйлем орай етіп аудару деп түсінеміз деген
қорытындыға келдік.
Орыс тіліндегі нұсқасын А. Дмитриева аударған. Тілі өте жеңіл сөз
тіркестері болсын, тұрақты тіркестер болсын өте жатық аударылған.
Түпнұсқамен мағынасы өте жақсы сәйкестікпен берілген. Оны мына үзіндіден
байқауға болады: В глубине картины − край осеннего поблекшего неба. Ветер
гонит над далекой горной грядой быстрые пегие тучки. На первом плане −
красно-бурая полынная степь. И дорого черная, еще не просохшая после
недавних дождей. Теснятся у обочины сухие, обломанные кусты чия. Вдоль
размытой колеи тянутся следы двух путников. Чем дальше, тем слабее
проступают они на дороге, а сами путники, кажется, сделают еще шаг − и
уйдут за рамку. Один из них... Впрочем, я забегаю немного вперед[23,1].
Ағылшын тіліне Фаинна Глаголева аударған. Аудару генерализация
әдісінің оқырманға жалқылықтан жалпылыққа, түсіндірмелі әдіс арқылы
берілген. Аударма ағылшын тіліне сатылы түрде жасалған. Ағылшын тіліне орыс
тілі арқылы аударылған. Ағылшын тіліндегі нұсқа толығымен 2-дәрежелі
ақпарат негізінде аударылып шыққан. Ағылшын тіліндегі аудармада көптеп
конкретизация кездеседі. Себебі, ағылшын ұлтына нақтылықпен жеткізу,
жалпылықтан жалқылыққа аудару аудармашының басты міндеті болған.
Дүниеге келген әрбір көркем шығарма бірден туа салмас. Жазушы өз
ойында пісіріп, дамытып, түрлендірген күйде жаңа бір тың туынды дүниеге
келеді. Жазушы туындыларының дүниеге келу тарихына Р. Мылтықбаев былай деп
ой бөліседі: Жазушының шығарма сюжетін, басты кейіпкерлерін өмірден,
тарихтан іздейді, қалай табады, қалай талғайды, қалай жазалы. Бұдан дүниеге
келген шығарманың тағдыры шығады. Мұнда жазушыға шеберлік, талант, біліммен
қатар үлкен психолог болу қажет. Болашақ әрбір кейіпкерін жазушы
психологиялық терең талдаудан өткізуі шарт[24,21]. Жануарларды
адамдандырылған бейнеде беру үлгісінде жазылған С. Сейфуллиннің Қызыл
ат, І. Жансүгіровтің Құлагер сияқты классиктердің қатарына Ш. Айтматов
өзінің Гүлсарысымен де қатарға ене алады.
Жазушылардың бір-бірімен кеңесі ғана емес, бір шығарманың стилі,
оқиғасы т.б. қызықтырып, келесі бір қаламгердің шығармасының туылуына
түрткі болуы яки, суреткерлік өнерін жетілдіруге себеп болуы мүмкін.
Мәселен, әдебиетке Ақбоз ат романымен келген, көрнекті жазушы
Т. Әлімқұлов аталмыш романның жазылу тарихына
байланысты былай деп сыр шерттеді: Ақбоз аттың жазылу тәсіліне келсем,
романды жазудан бұрын осы тақырыпқа жазылған көптеген шығармаларды оқыдым.
Бәрін айту қажет емес те шығар, басты-бастысы: Мамин-Сибиряктың Ақбоз ат
дейтін новелласы, Лев Толстойдың Холстомер әңгімесі, оны мен Күржік деп
атаймын. И. Куприннің Изумруд, яғни, Ақ-көк ат дейтін әңгімесі, Бұған
Петр Ширяковтың Внук Талеони деген романы қосылады. Австриялық жазушы
Харлидың Четвероногая лотерея дейтін романында ипподромның шырғалаңы мен
сыры суреттеледі. Мен, әрине, оларға еліктемеуге тырыстым. Еліктесең –
ұқсайсың. Ұқсасаң – жалғандық туады [25,3.]. Яғни, жазушы бір шығарманы
жазу үшін, өзіне қажетті мәселелерді үңіле зерттеп, талдап, екшеп, сұрыптап
барып ұсынатындығы байқалады.

ІІ БӨЛІМ
“БОРАНДЫ БЕКЕТ” РОМАНЫНЫҢ ҚАЗАҚША АУДАРМАСЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ

“Боранды бекет” романы жазушының шоқтығы биік шығармаларының бірі.
Аталған романның аудармасы туралы сөз қозғамас бұрын туындының идеялық-
көркемдік ерекшеліктеріне тоқатала кетейік.
Бодандықтан құтылып, ел болып есімізді жиып жатқанымыз кеше ғана, Күні
кешеге дейін небір хикметтерді басымыздан кешірдік емес пе? Ұлтымызды
айтуға “ұялдық”, ата-жұртымызды аялауға қысылдық. Тілімізді білмегенге,
дінімізді ұмытқанға, салт-дәстүрімізді аяқасты еткенге қынжылған жоқпыз.
Елімізді басқалар билеп, жеріміздің қожасы болудан қалсақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәтінді дәлме - дәл жеткізу
Аудармашынің сенімділігі
Аударманың түрлері
Аудармашы этикасі қолданушының көзқарасына тәуелді
Авторлық аударма түпнұсқа мәтінді аударған авторлық аударма
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ АЛГОРИТМІ
Контекстуалды аударма
Көркем аударма түсінігі
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Пәндер