Жәңгір ханның немересі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кріспе
Негізгі бөлім
1. Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920)өмірбаяны
2. Ш.Бөкеев ақындылығы
3. Ш.Бөкеев шығармашылығы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақ әдебиетінің жалпы курсы бойынша жасалатын бағдарлама әдебиеттің
барлық кезеңдерін қамтиды. Яғни, қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірінен
бастап, қазіргі қазақ әдебиетіне дейінгі материалдар жинақталып, негізгі
даму арналары, әдеби ағым-бағыттары, жанрлық даму мен өзара сабақтастық
мәселелері қозғалады. Атап айтқанда, әдебиет пен қоғам байланысы,
әлеуметтік-тарихи дамудың әдебиетке тигізген ықпалы, кезең әдебиетінің
даму ерекшеліктері мен көрнекті тұлғалардың, шығармашылық өкілдерінің
басты туындылары енгізіледі. Сөйтіп, біртұтас әдеби даму процесінің
ерекшеліктері мен негізгі арналары сараланады. Түркі халықтарына ортақ
ежелгі дәуір әдебиетінің өзіндік көркемдік ерекшеліктерін, қазақ хандығы
тұсындағы жыраулар поэзиясының тақырыбы мен идеясын, жанрлық түрлері мен
көркемдік мазмұнын қамтитын басты сипаттары ашылады.
ХІХ ғасырдың бірінші-екінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихының
даму ерекшеліктері, отаршылдық езгіге үстемдікке қарсы наразылық сарынын
бейнелейтін реалистік, романтикалық туындылар екшеліп, ақындар
поэзиясының бейнелілігі қарастырылады. Оның ішінде, айтыс ақындары
шығармашылығы, импровизаторлық сипат ауыз әдебиетімен байланыс және жазба
әдебиетке тән белгілер айқындалады.
Сол сияқты ХХ ғасыр әдебиетінің қазіргі кезге дейінгі даму сипаты,
тақырыптық-жанрлық, құрылымдық, көркемдік ерекшеліктерін айқындайтын
басты туындылар енгізіліп, жаңаша пайымдаулар негізінде талданатын
көркем шығармалар нысанаға алынады.

1.Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920)өмірбаяны
Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлы
(1847-1920)


          Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлы 1847 жылы Орда ауданы Жасқұс
ауылында дүниеге келген - классик ақын, шығыс әдебиетінен, еуропа, орыс
әдебиетінен сусындап, қазақтың суырып салма поэзиясы дәстүрін жазба
әдебиетке ұластырған аса білімдар ақын. Бес жасында ата-анасынан жетім
қалады. Бірақ ағаларының қамқорлығымен Орынбор кадет корпусында, Астрахан
гимназиясында оқыған. Орыс тілін үйреніп, әдебиет пен мәдениетке ден
қояды. Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата қонысы - Көлборсыда
өмір кешеді. Аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркем сөз
өнерін ұнатады, өзін-өзі үнемі рухани жетілдіріп отырады, өлеңдер жазады.
1917 ж Көлборсыдан көшіп, қазіргі Ақжайық ауданы жеріне келеді. Шығармалары
1911-12ж. Шайыр, Көксілдер, 1926 ж. 23 жоқтау жинақтары жарық көрген.
1934жылы жеке жинағы, кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда
жарияланып отырды. Уақыт, заман, табиғат, ғылым, өнер туралы толғанады.
Өмірдің өтуі, Ғылым, Эдисон,т.б.өлеңдері өзгермелі,өтпелі өмірдің
заңдылығын ежелгі қазақ поэзиясының ең құнарлы сөздерімен,әсерлі
суреттерімен бейнелейді. Поэзиясында парасатты, ойлы, дала қазағының ой-
қиялы, ақын өмір сүрген дәуірдің алуан сырлары кәсіпқой шеберлікпен
өрнектелген. Халық өмірімен біте қайнасып, араласып отырған ол, Шәңгерей
Бөкеевті ауыл балаларына оқытушы етіп ұстайды. Оған орыс тілін үйретіп,
орыс роман, повестерін мазмұндап береді. Ғұмар оны малшы шаруаларға
әңгімелеп отырады. Шәңгерей бірқатар орыс ақын-жазушыларының шығармаларын
М.Ю. Лермонтовтың Қашқын поэмасы, т.б. қазақ тіліне аударған. Бөкеев ел
ауызындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық
жасайды. Жазықсыз жапа шеккен Қубала ақын сияқты бұқара халық өкілдеріне
қол ұшын беріп отырады. Оралда Қазақстан газетін шығаруға атсалысады.
Бөкеев қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын, сыншыл лирик әрі философ
ақын. Үш ғасыр жырлайды және Бес ғасыр жырлайды топтамаларына өлеңдері
енген. Ақбақайдағы мәйтіне қорған және мәрмәр тақта 2006 жылы қойылды.
Шәңгерей – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып,
дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының
қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында – хан ордасында дүниеге келген.
Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде Алпыс бөлме, жүз есік
көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес
жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік
көрмей өседі. Жасынан оқып, білім алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен
әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін,
Астраханьдағы реальды училищиге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет
корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен
танысады.
Самар губерниясында (қазіргі Куйбышев облысы) бітімші сот (мировой
судья) болып жұмыс істейді. Әділдік жолын іздеу, шындықты қорғау жолындағы
ой-санасы осы тұста қалыптасқан сияқты. Ол әкімшілік-төрешіл биліктің
зорлық, алдау, парашылдық сыр-сипатын көріп, бұл жұмыстан бойын аулақ
салуды ойлайды. Сөйтіп, біраз жыл қызмет істегеннен кейін қызметін тастап,
өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, патша тарапынан
дворян атағын алып, Самар губерниясындағы дворяндар тізіміне тіркеледі де,
еңбекпен, өнермен шұғылданады. Орданың Жәнібек жағындағы Көлборсы деген
жерді өз меншігі етіп, сол кездегі орыс помещиқтері сияқты тұрақ жай
тұрғызады. Онда ағаштан, тастан сәулетті үйлер, мектеп, медресе, мешіт
салғызып; туыстарының балаларын оқытады. Бау-бақша, алма ағашын ектіріп,
егін салады. Асыл тұқымды мал өсіреді.
Шәңгерей ашқан мектепте білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Сондай бала
оқытқан, білімді әрі талапты мұғалімнің бірі көрнекті ақын Шәңгерей Бөкеев
(1876-1921) еді. Ол Шәңгерейді аға тұтып, жиі араласып тұрады. Шәңгерей
оның ой-өрісінің кеңеюіне, орыс әдебиетімен танысуына ерекше ықпал етеді.
Ғ. Қараш Жәңгір ханның немересі, сұлтан Шәңгерей Сейіткерейұлына деген
толғауында:

Алғыр жүйрік сұлтаным,
Ақылың жетіп алысқа
Ілгеріні болжадың.
Болжағанның белгісі,
Атаңнан мұра қалған су —
Көлборсыны меншіктеп,
Жағасынан жер алдың...
Кешегі өткен бабаңыз —
Хан Жәңгірден үлгі алдың, —

деп жырға қосқа. Сонымен қатар Шәңгерейдің ақындығын, тілге шешендігін, сөз
асылын қадірлеген көсемдігін, серілігін тамаша суреттеген. Бұл толғауы
ақынның 1914 жылы Уфада шыққан Аға тұлпар жинағында жарияланған.
Осыдан бастап Шәңгерей өз мекенінде оқшау өмір сүріп, аңшылықпен
айналысты, жақсы ат, қыран құс, құмай тазы ұстаған. Құс салып, ит жүгіртіп,
саятшылық өнерін қызықтаған.
Шәңгерейдің ерекше көңіл аударған бір ісі – әдебиет, өнер, ғылым
болады. Ол орыстың классик жазушыларының шығармаларымен танысады.
Лермонтовты, Гогольді сүйіп оқиды. Ән-күйге, сурет өнеріне, сән-салтанатқа
ерекше көңіл қойған ол ақын, әнші, күйші, домбырашы, суретші сияқты
өнерпаздарды өзіне жақын тартып, олардың өнерін тамашалайды. Ол қадір
тұтқан өнер адамдарының бірі – орыс суретшісі Мальцев деген досы. Оған
шеберхана да салып берген. Орыстың Фет, Тютчев сынды ақындарының да
өлеңдерін оқып, әсерленеді. Шәңгерейдің бай кітапханасы болған. Ғылыми
әдебиеттерді, әр түрлі қазақ және орыс тіліндегі газет-журналдарды алдырып
оқыған. ХХ ғасырдың басында қазақ, татар тілінде басылған ақындардың
кітаптарын оқып, қоғамдық, әдеби өмірдің беталысынан үнемі хабардар болып
отырған.
1911-1913 жылдары қазақ зиялыларының ұымдастырумен Оралда Қазақстан
газетін шығару мәселесі сөз болғанда, бұл істі қолдап, оған қажетті қаржыны
толықтыруға көмектескен де Шәңгерей еді.
Шәңгерей прозалық шығармалар жазған деген де дерек бар. Қара мұрт
атты роман, Сұрау-жауап деген көлемді әңгіме жазса керек, бірақ ол
туындылары сақталмаған. Ол 1917 жылы шамасында Көлборсыдағы қонысын тастап,
аталас төре тұқымдары мекендеген Ақбақай деген жерге (Батыс Қазақстан
облысы, қазіргі Қаратөбе ауданы) көшіп келеді. Қоныс аудару себебі де
мәлімсіз. Бізге белгілісі – өмірінің соңғы кезінде ел ішінде даулы, талас-
тартысты мәселелерге көп араласпай, оқшау өмір сүрген.
Шәңгерей 1920 жылы қаңтарда сол Ақбақайда қайтыс болған. Ақынның біраз
өлеңдері Шайыр (1910) және Көкселдір (1912) деген жинақтарда
жарияланған. Бұл жинақтарды бастырған Ғ. Қараш еді. Кеңес дәірінде
Қызылорда қаласында ақын өлеңдерінің жинағы (1933) басылды.

2. Ш.Бөкеев ақындылығы, шығармашылығы

Шәңгерейдің бізге белгілі шығармалары әлеуметтік өмірдің әр түрлі
жақтарын қамтиды. Отаршылдық салдарынан туындап жатқан өзгерістерді көре
білген ақын бұрынғы хандық дәуірдегі өмірді аңсайды. Оның қоғамдық ой-
пікірлері, топшылаулары бірде өмір шындығын айқын көрсетсе, бірде өткенге
алаңдау сарынында келеді. Жер-судың құты кетті, сәні кетті, бәрі адыра
қалды. Бұрынғы асыл адамдар енді жоқ, бұрынғыдай билер, ерлер енді тумайды
дейді.

Адыра дедім Нарынды,
Құсы ұшып көлінен,
Құты кетіп жерінен,
Саба құрсақ билерден,
Еңіреген ерлерден,
Айырылып адыра қалғанда..,—

дейді. Ақын өз кезіндегі жаңалықтардың бәрін бірдей қабылдай бермеген.
Қазақ даласындағы ел билеудегі жаңалықтар мен заң, тәртіптер, біртіндеп
еніп жатқан капиталистік қарым-қатынастар, отаршылдық, сауда-саттық,
халықтың жерден қыспаққа ұшырауы сияқты өзгерістер Шәңгерейдің көз алдында
өтіп жатты. Бұрынғы хан ордасындағы ата-баба билігі мен беделі жайлы ұғым-
түсініктер оның ақындығын сол бағытта оқшаушырақ қалыптастырды. Бұл кезеңде
хан тұқымдарының да еркіндігі шектеле бастаған еді. Ақынның:

Құйрық атып құлия,
Түлкідей қашқан жымия.
Қаранды үзіп барасың,
Бізден де, қайран дүния...

деуі содан туған. Сондықтан да ақын бұрынғы ата-баба дәуірі еркіндік дәуір
еді, ешкімге тәуелді емес едік, дегенді білдіреді. Ағасын ақылдың артық
асқармен тең өлеңінде:

Ағасын ақылын артық асқармен тең,
Асылдың арқар ұранды тіреуі – сен.
Ала ту Абылайдың ала аттансаң,
Аламан артындағы біреуі – мен..,

деп, ұлы дүбір шықса қалмас едім, ел тәуелсіздігі үшін аттанған сарбаздың
қатарында мен да Абылайлап аттанар едім дейді. Хан тұқымдары арасында
Абылай ханның ел тәуелсіздігі үшін еткен тарихи еңбегі дәріптеліп, есімі
қастерленді.
Ақынның өмір мен өлім туралы пәлсапалық толғанысынан өмір шындығының
елесі көрінеді. Ол тумақ, өлмекті табиғи құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ойын
өлеңінде лирикалық бейне арқылы жеткізеді. Барлық қауіп-қатерді себеп-
салдарлы түрде көрсетеді. Өмірдің өтуі өлеңінде қырдағы құланың аман
жүрмегі жоқ, құдыққа құлан құласа, құлағында құрбақа ойнар, суға құлан
шұбырса, жолын тосқан жолбарыс жүрегін жұлып, жем етер. Ол да аман
қалмайды. Бөкен терісін бөрік еткен, сексеуілді күрке еткен мерген жалғыз
оқпен оның да қазасын жеткізеді. Мерген де ажалдан құтылмайды. Кім болса да
ажал оғынан құтылмақ емес дейді. Өз заманындағы әлеуметтік құрылысқа
жатырқай қараған ақын алдағы болашақтан үміт күтпейді. Ақын ескі қоғамдық
құрылыстың күйреуін белгілі мөлшерде өз басының да трагедиясы деп түсінетін
сияқты.

Бұл дүние пәнилығын етеді екен,
Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен...
Өзіне халық аузын қаратқан ер,
Тіріге, өлсе, қадірі кетеді екен...

Бұл сөздерінен де өмірдің өтуі, ескінің өтіп, жаңаның келуі, елді
аузына қаратқан ерлердің, көзден тайса, көңілден кететінін айтып,
торыққандай болғанын көреміз.
Шәңгерей шығармаларында өнер, ғылым, білім тақырыбы ерекше жырланады.
Ол ғылым жетістігінде үлкен сеніммен қарайды. Қоғамның дамуы үшін қажет
шарттардың бірі – ғылым екенін ұғындыруға күш салады. Жастарды оқуға,
ғылыммен шұғылдануға шақырады.

Оқысаң ғылым нұрын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Мас болған біліміне кейбір жастар,
Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар.
Апырай, кімге аян бұл жиһанның
Белгісіз ұлылығы асқар-асқар!

Ғылымға ұмтылушы жастарға Шәңгерейдің үлгі еткені – Бұхарда, Казанда
оқып келген қазақ-татар молдалары емес, дүние жүзіне әйгілі ғалымдар. Ол
атақты ағылшын ғалымы Эдиссонды (1847-1931) үлгі етеді. Эдиссон Томас Алва
– американың атақты физигі, электротехника мен байланыс жөнінде көп
жаңалықтар ашып, түрліше құрал-аспаптар ойлап шығарған ғалым.
Сонымен қатар ғылымға бөгет жасайтын надан молдаларды шенейді. Ақын
Эдиссонға арнаған өлеңінде ғылым мен надандықты бір-біріне қарама-қарсы
қояды. Ғылымды бұтағы көп, жемісі мол, биік шынар бәйтерек бейнесінде
суреттеп, ғалымның әр саласын сол бәйтеректің жемісі ретінде бейнелейді.

Бұл ғылым – бір бәйтерек шектен асқан,
Шұлғанған бұтағына ғарсы-күрсі.
Бар ғаләм он сегіз мың саясында,
Таусылмас, бұтақ сайын бар жемісі.
Шайтани бұл өнерді қалай дейміз,
Әр өнер – сол жемістің бірдемесі.
Эдиссон мұны істеген – ғалым адам,
Оқымас, жалқау біздей емес надан.
Пәнделерден қимие-симие ғылымы хикмет,
Көп сырлар ашты түпсіз дариядан...

Ақын ғылымның қоғамдық маңызын көпшілікке түсіндіруді оқыған адамға
міндет етіп қояды.
Шәңгерей өлеңдерінде өмірдің әр кезеңдерінің суреті бар. Ол бес, он
жеті, жиырма алты жастағы өмірді суреттеп, балалықтың, жігіттіктің, егде
тартқан шақтың бейнесін

3. Ш.Бөкеев шығармашылығы

Көрнекті Алаш қайраткері, ойшыл ақын Шәңгерей Бөкеевтің (1875-1921)
шығармаларын толық бастырып шығаратын уақыт келді.
Бөкеев ғалым, республикалық Ана тілі газетінің бас редакторы Мақсат
Тәжмұраттың мәлім еткеніндей, Шәңгерей Бөкеев – Алаш қозғалысына дейін-ақ
ел өміріне ерте араласып, соңына бай мұра қалдырған ақын. Жастайынан жетім
қалып, ағайын-туыстарының көмегімен ауыл молдасынан сауат ашса да, кейін
өзінің білім-беделі арқасында өз заманының ең көзі ашық, халқын алға
жетелеген зиялы өкілдерінің қатарынан табылады. Шәңгерейдің бірінші қыры
ұстаздығы болса, екінші еңбегі 1911-1913 жылдары Қазақстан газетін ашуда
айқын көрінеді. Басқасын айтпай-ақ, әуелі Ордада, кейін Оралда жарық көріп
тұрған аталмыш газет Қазақстан сөзін тұңғыш рет ресми қолдануымен де
құнды, сонысымен де айрықша бағалы. Соның өзінен-ақ Қазақстан газетін
(редакторы Елеусін Бұйрин) ашқандардың ойы ауыл-аймақ төңірегінде емес, тым
әріде екендігі, болашақ ел мүддесін көздегені бірден сезіледі.
  Шәңгерей Бөкеев - әртүрлі мерзімді баспасөзде көп жазған қаламгер. Ол
Шәңгерей Бөкеев баласы, Шәңгерей Бөкеевұлы, Ахунд Шәңгерей Бөкеевұлы,
Ғабдолла Мұштақ сынды есімдермен жариялап отырған. Ал Қазақстан
газетінде ( 1911, № 2, мамырдың 27-сі ) жарияланған Тіршілік таласы атты
мақаласына өзінің шыққан тегінен алып, Оразақай (Шәңгерей Бөкеев, Кіші
жүзге сіңген төрт таңбалы ноғай-қазақ руының Қояс тармағының Оразақайынан
тарайды, атақты жырау Шалкиіз Тіленшіұлының тікелей ұрпағы) деп қол қояды.
Сөйтіп бір кезде ауыл молдасынан дәріс алған ол қоғам ағысынан қалыс
қалмай, халқының қамын ойлаған қайраткер ақын дәрежесіне дейінгі күрделі
жолдан өтті. Ел тағдыры, дәуір сипаты, өмірдің өзекті мәселелері
шығармаларының негізгі тақырыбына айналды.
 
Шәңгерей Бөкеевтің баспагерлік қыры да көп замандастарынан бұрын, Қазан
төңкерісіне дейін-ақ кеңінен ашылған болатын. Алдымен өзі ұстаз тұтқан
қазақтың белгілі ақыны Шәңгерей Бөкеевтің қолдауымен ел аузынан жинаған
әдеби мұраларды құрастырып, Орынбордан Шайыр, Көксілдер атты екі жинақ
шығарса, кейін өз дүниелерін бастыруға көшеді. Ақынның кітаптары қай
жылдары жарық көргеніне қарап-ақ көп нәрсені аңғаруға болады. Атап
айтқанда, оның Бала тұлпар (Уфа, 1911), Қарлығаш (Қазан, 1911), Тумыш
(Уфа, 1911), Аға тұлпар (Орынбор, 1914), Тұрымтай ( Уфа, 1918 )
аталатын бес өлең, Ойға келген пікірлерім ( Орынбор, 1910), Өрнек (Уфа,
1911), Бәдел қажы (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген (ол
кезеңде қазақта мұндай кітап шығарған ешкім жоқ). Осының ішінде Аға
тұлпар кітабының шоқтығы ерекше биік. Шәңгерейдің замана халі мен
табиғатты салыстыра зерттеуінен өз бабасы Шалкиіздің әсері байқалса, бағзы
дарқан дала мен көшпелі өмірді еске алуда Шәңгереймен үндестігі айқын
көрінеді. Кейінгі жинақтарында ақынның қолтаңбасы дараланып, көркемдік
деңгейі көтеріліп, сөз өрнегі айшықтала түседі.
Шәңгерей Бөкеевті заман аңысын аңдап, тіпті болжай білген көреген деп
те айтуға болады. Ол Неден қорқам? деген жырында: Мезгілсіз ерте туған
таңнан қорқам, Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам. Таң туды, мезгіл
жетті деп адасып, Құрылған қараңғыда заңнан қорқам, деп жазды. Кейін өзі
де сол мезгілсіз атқан таңның құрбаны болып кетті, яғни 1921 жылы
бандылардың қолынан небәрі қырық алты жасында, шығармашылық күш-қуаты әбден
толысқан шағында қаза тапты.
Қорыта айтқанда, артына мол мұра қалдырған, Алаштың өз алдына дербес ел
болып шалқығанынан көруді армандаған Шәңгерей Бөкеевтің шығармаларын толық
көлемде бастырып шығару бүгінгі ұрпақтың абыройлы борышы болса керек.
Әдебиет атты ұлы құдіреттің құпиясына құмартып, сөз өнерінің сырларына
елтушілер көп те, соның жаратушысына айналған шығармашылық тұлғалар өте
аз. Асыл сөздің қыр-сырын меңгеріп, өзінің қаламгер шеберлігін
жетілдірудің қиын асуларынан шаршап-шалдықпай, жасқанып-жасымай, тауы
шағылмай еңбегінің нәтижесі ел сүйсінерліктей деңгейге көтерілген
қаламгерлер сирек. Оның себебі сөз өнерін, сөз сиқырын меңгеруді талап
еткенді өзгені тәркі етіп, ұлы Абай айтқандай:

Өзгеге көңлім тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың [6, 152 б.], –
деп, бас бүтін берілген зор құштарлық билеп алуы тиіс. Ондай шынайы талант
иесіне ғана тән ерекше бір сезім бойды билемеген жағдайда талап пен
талпыныс құр ермек қана болып қала бермек. Сондықтан да мыңның бірі ақын,
жүздің бірі жазушы, онның бірі сыншы, екінің бірі әдебиетші бола алмайды.
Ал енді, әрқайсысы бір хас талантты қажет ететін өнерпаздық болмыстың түгел
басын құрап, оның сан-саласында қажырлы еңбек етер дарын тіптен сирек.
Ондайлар ұлы А. Байтұрсыновтан бастап, кешегі М. Әуезов, С. Мұқанов сынды
саусақпен саналар тұлғалар ғана. Әрине, талант дарыны тұрғысынан жоғарыда
аталған ұлылардай бүтін бітім болмаса да, өз уақытының үрдісінен қалыспай
қилы жанрларда жалықпай еңбек етіп, жарқ етіп танылып, жарқырап жанған
талант иелері баршылық және жетерлік. Солардың бірі де бірегейі – біздің
зерттеуімізге арқау болып отырған Шәңгерейдің Бөкеев.
Белгілі әдебиет қайраткерлерінің азды-көпті мұрасын қарастыру үшін, ең
алдымен, оның шығармашылық ғұмырнамасын шолып шығып, әдебиетке біржолата
бет бұрып, көркем шығармашылыққа келуінің бастау көздерін ашып, талғам-
танымының өркен жайған кезеңдерін айқындауға тиістіміз. Ендеше біздің осы
бөлімдегі баса назар аударарымыз Шәңгерейдің Бөкеевтің шығармашылық өмір
жолы мен ақындық әлемі.
Әрбір творчестволық тұлғаның шығармашылығын тану үшін оның өмір жолын,
өскен ортасын, қалыптасу кезеңдерін саралаудан бастау дәстүрі ұлы Абай
туралы еңбек жазған, жалпы шығармашылық ғұмыр туралы толыққанды зерттеу
жүргізген Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алады. Ол өзінің Қазақтың бас
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі қазақ хандары мен билеушілері
Хандар
Қазақ Хандығының Шежіресі
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
Жалаңтөс батыр
XVI-XVII ғ. Қазақ хандығы
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихы
Есім және Жәңгір хандар билеген тұстағы қазақ хандығы
Әз Тәуке хан
Қазақ хандары
Пәндер