Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ
ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы және
дамуы ... ... ... .4
1.2 Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен мәселелері..9
1.3 Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК
ҚОЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Шағын және орта кәсіпорындарды қолдаудың мемлекеттік
бағдарламалары мен заңдық
актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 15
2.2 Шағын және орта кәсіпорындарды қолдаудың институттары ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті
мәселелердің бірі болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы
халықтың тұрмыс деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан – 2030 стратегиясы, 2015 жылға дейінгі индустриалдық-
инновациялық даму стратегиясы мен Елбасының Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне, оның ішінде
ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды
жүзеге асыруда шағын және орта кәсіпкерлікке жетекші орын беріліп отыр.
Кәсіпкерлік, өркениетті нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде қозғаушы
энергия болып табылады. Дамушы мемлекеттерде шағын кәсіпкерлік бұрынан бері
өзінің функциялар мен қоғамдық прогрестегі үлесімен анықталған жетекші орын
мен маңызға ие болды. Шағын және орта кәсіпкерлік Қазақстан үшін
көкейкесті болып отырған жұмыссыздық пен қоғамның әлеуметтік қорғалуы
мәселелерін шешуге қомақты үлес қосуға қабілетті. Шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту салық салынытын база мен импортталатын өндіріс
деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Экономикадығы қағидаттарды
бекітуге оның рөлі едәуір. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет
тарапынан қолдау мен дамыту өзекті мәселе болып отыр.
Жұмыстың мақсаты қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерліктің
қалыптасуын, дамуының жағдайын, тенденцияларын, мәселелерін көрсету.
Жұмыстың негізгі міндеті шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты
мәселелерді шешуге мемлекеттің қандай құралдар арқылы қатысатынын анықтау.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында Қазақстан Республикасындағы шағын
және орта кәсіпорындардың жағдайы. Оның бөлімдерінде шағын және орта
кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына тоқталып, қазіргі жағдайы, мәселелері
қарастырылады.
Екінші тарауда шағын және орта кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау туралы
әңгіме қозғалады. Бірінші бөлімінде шағын және орта кәсіпорындарды
қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары мен заңдық актілері көрсетіледі.
Сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің
қалыптасуы мен Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдаудың көп деңгейлі жүйесінің сызбасы келтірілген.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
1. Шағын және орта кәсіпорындарының қалыптасуы және дамуы
Шағын және орта бизнестің мәні мен мағынасын тереңірек ашуымыз үшін, ең
алдымен сол шағын және орта бизнесті алып жүруші субъект – кәсіпкер,
кәсіпкерлік терминіне тоқталып өтелік.
Кәсіпкерлік қызмет - жеке тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі
бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі. Ол сондай-ақ, адамдардың
өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Экономикалық мағынада
кәсіпкер ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы шағын және орта
бизнестің, яғни кәсіпкерліктің негізі адам кызметінің экономикалық
танымында жатыр. Кәсіпкердің іс-әрекеті өзінің еңбек шығындарына немесе
жалдамалы еңбекті пайдалануға негізделеді шағын және орта бизнесті
жүргізушілер экономикалық мүддені білдіретін, сонымен қатар оған
катысушылар міндетті шарт жасасып ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрі
-ұжымдық деп есептеледі Жеке кәсіпкерлерге қарағанда жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктер көптеген мәселелерді шеше алады. Кәсіпкерліктің
потенциалдық мүмкіндіктерін толық бақылау үшін олардың субъектілерін
номиналды және нақты деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыға кәсіпкерлік
кызметпен айналысу құқығы жатады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде
әрбір азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда, оны жүзеге
асыру қоғам мүшелерінің кез-келгенінің қолынан келе бермейді. Сондықтан
кәсіпкерліктің шын, нақты субъектісі - бұған деген алғы шарттары бар, ең
бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Міне, осы адамдар
экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып, дамыта алады. 1; 59б
Шағын кәсіпкерлік субьектісі – заңды тұлға құрмаған, қызметкерлерінің
орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын жеке кәсіпкерлер және жеке
кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50
адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс
мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар болып
табылады.
Шағын бизнес кәсіпорны – заңды тұлға түріндегі шағын кәсіпкерлік
субьектісі. 2; 8б
Кәсіпкерліктің объектісі – адамның белгілі қызметі. Кәсіпкерліктің соңғы
нәтижесі ендірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ ең бастысы - әр
кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы
себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты - өз кәсіпорынының пайдасын
барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал,
кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты.
Қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан
шығып қалмас үшін өндіріс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын іздейді,
яғни, бұл кәсіпкерліктің ең басты мәселесі.
Елімізде отандық шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993 жылдары
басталды. Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте-бірте жеке
меншікке ауысты. Олар әртүрлі шаруашылық ассоциациялары, жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар
формаларында қайта құрылды.
Елдің кәсіпкерлікті дамытуда ынтасын арттыру үшін экономикалық,
әлеуметтік, құқықтық базасын құрып, оларды одан әрі жетілдіру керек.
Қазақстан Республикасында қалыптаса бастаған жалпы кәсіпкерлік қызметті
төрт түрге бөліп қарастыруға болады. Олар:
1. Өндірістік – оныңт ішінде инновациялық, ғылыми-техникалық
жаңалықтарға сай тауар өндіру, қызмет көрсету және басқалар.
2. Коммерциялық – сауда-саттық, делдалдық, сауда үйлері, тауар
биржалары және т.б.
3. Қаржылық – банктік, сақтандыру, аудиторлық, лизингтік қор биржалары
және т.б.
4. Кеңес берушілік – басқармалық, әкімшілік, маркетингтік, ақпараттық,
кадрлар дайындау және т.б.
Біздің республикамызда қаржылық кәсіпкерліктің банктік түрімен тек қана
банктер ғана айналыса алады.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға белсенді катысушылары –
шағын және орта бизнес субьектілері – кәсіпкерлер, жеке адамдар,
бизнесмендер екені белгілі. Республикамызда шағын және орта бизнестің
дамуына жан-жақты жағдайлар интенсивті түрде жасалуда. Ал, оларға жекеше
тоқталсақ, меншікті жекешелендіру бағдарламасының жүруі, ол өз кезегінде
шағын бизнестің дамуының нағыз экономикалық негізі екенін есімізге алайық.
Кәсіпкер шағын және орта бизнес субъектісі ретінде оның іс-әрекеті әр кезде
де белгілі бағытта ұйымдастырылады және оның нақты нысандары бар.
Кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тәсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері
бар. Оның ішінде негізгісі - шаруашылық субъектілерінің еркіндігі мен
тәуелсіздігі. Олардың дербестігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін
тәртіпті қалыптастырады. Кәсіпкердің тәуелсіздігі оған экономикалық
ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру
процесін ұйымдастыруы және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай өткізе
алу құқын береді. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелері бұларды
өз қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен
айналысуға құқығы бар. Кәсіпкерлікке тән тағы да бір сипат - шаруашылық
жүргізудегі тәуекелге бел бууы, іске кірісер алдында болашақ бұлдыр
қиялдарды болжап білу және оны шеше алуы. Шаруашылықтың кауіп-қатері,
тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын мәнідегі шығындар мен
нәтижелердің ара қатынасы жатады.1; 59б
Шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптаса басталуы
мен дамуы тауарлы нарықтың және кәсіпкерлік іс-әрекеттің кең ауқымға құлаш
жаюымен байланыстыруға болады. Әрине мемелекетіміздің тәуелсіздікке қол
жеткізуі, нарық экономикасына бет бұрудың өзі елде кәсіпкерлік пен шағын
және орта бизнеспен айналысуға міндет еді. Бастапқы кезең ретінде көрінген
мұндай бизнес 1995-1996-шы жылдары делдалдық қызмет ретінде жүзеге асты. Ал
одан кейінгі 5-6 жылдар ішінде қолынан іс келетін азаматтар, заңды тұлғалар
әлемдік тәжірибені үйрету арқылы қалыптасқан бизнес кілті - өндіріс
екендігін түсінді. Республикамыз табиғи жер қойнауындағы ресурстарға бай,
жер ауқымы кең болғандықтан, ауыл шаруашылығында - фермерлік іс, шаруашылық
қожалықтарын құру, төл өсіру, сүт тағамдарының көптеген түрлерін молынан
нарыққа шығару соңғы кезде кең дамып келеді.
Егеменді Қазақстанымызда кәсіпкерліктің даму тарихына он бес жыл толды.
Шағын кәсіпкерліктің өсу динамикасын келесі 1 және 2 кестелерден көруге
болады.
1-кесте. 1993-1999 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын
кәсіпкерліктің өсу динамикасы
Жылдар 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999
Кәсіпорындар 19060 20606 21260 17539 21907 31145 63422
саны
Өсу қарқынын 100 108 103 82 124 142 203
2-кесте. 2000-2005 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын
кәсіпкерліктің өсу динамикасы
Жылдар 2000 2001 2002 2003 2004 2005
Кәсіпорындар 99289 115354 130770 143160 141783 195700
саны
Өсу қарқынын 157 116 113 111 99 138
Жоғарыда көрсетілген 1 және 2 кестелерде көрсетілгеніндей тоқсаныншы
жылдары шағып кәсіпорндардың қалыптасуы жоғарғы қарқында, ал екі мыңыншы
жылдары өсу қарқынының тқмендегенін, бірақ жалпы кәсіпорындардың санының
өсуінің сақталып қалғанын көруге болады.
Осы қарастырылған жылдарда кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын бизнесті
қолдау және дамытуға бес мемлекеттік бағдарламалар жасалынды және
қабылданды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік
бағдарламаларын (1992-1994 жж., 1994-1996 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002
жж.) талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды
қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті.1; 60б
Алғашқы 1992-1994 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті
қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасау республиканың
экономикасын дамытуға монополиялық әсер ететін ұйымдық – басқару
құрылымдары, банктер, мемлекеттік акционерлік және холдингтік компаниялары,
және шауашылықтың басқа да субъектілері сияқты мемлекеттік секіорларды
коммерциялауды және монополизациясыздандыруды жүргізу жолымен жеке
кәсіпкерліктің негізін қалауға мүмкіншілік берілді. Бұл кезеңде шағын
кәсіпорындар жұмысының алғашқы үш жылында салықтардан босатылу сияқты
салықтық жеңілдіктерге ие болды. Бұл еліміздегі шағын бизнесті дамытуға ең
үлкен қолдау болды. Кәсіпкерліктің дамытуын қаржылық қамтамасыз ету үшін
меншік формасына қарамастан шаруашылық субъектілердің табысының 1 пайызын
аудару есебінен кәсіпкерлікке колдау көрсетуге Республикалық қор кұрылды.
Бұл қабылданған шараның арқасында халықтың қажеттілігін қанағаттандыратын
тауарлар мен азық-түліктердің және нарықтың тапшылығының деңгейін
төмендететін жеке кәсіпкерліктің субъектілерінің санының тез есуіне алып
келді.
Екінші 1994-1996 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті
қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты жеке
кәсіпкерліктің инфраструктурасын дамытуға, экономиканың күшті жеке секторын
калыптастыруға кажетті тиімді кұкықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық
және ұйымдық жағдайларды құру болып табылды. Республиканың экономикасында
нақты бәсекелестік ортаның пайда болуы жеке кәсіпкерліктің 150 мыңдай
шамасындағы субьектілердің қалыптасуын талап етті. Мемлекеттік басқару
органдарының және кәсіпкерлік құрылымдардың өзара іс-әрекеттерімен
қамтамасыз етуін және бағдарламалар жасаудың негізгі механизмі
республиканың барлық аудандарында шағын бизнестің орталығын құрумен
негізделінді. Бірақ, бұл кезең республикадағы әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың нашарлап кетуіне байланысты кәсіпкерліктің дамуына қайшы
факторлардың пайда болуымен сипатталды яғни, шағын кәсіпкерліктің барлық
жеңілдіктері алынып тасталынды, Республикалық қор кәсіпкерлікті қолдау
мүмкіншілігінен айрылды, әр түрлі басқарушы органдар тарапынан күштеулер
көрсетіле басталды. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін әр түрлі алымдар
тағайындалды, барлық кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне лицензиялар енгізілді.
Сонымен қатар, бағдарламаның аудандық орталықтарын құру деген негізгі
мақсаты жүзеге асырылмады. Осының барлығы кәсімкерлік бизнестің қарқынын
төмендетуге алып келді, яғни шағын кәіпкерлік субьектілерінің санының тез
қысқаруына және І996жылы өсу қарқынының 82 пайызға төмендеуіне алып келді
(1-кестеде көрсетілген).
1998 жылдың желтоқсанында үшінші 1999-2000 жылдардағы Қазақстан
Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды, негізгі мақсаттары шағын кәсіпкерліктің тұрақты
дамуын қамтамасыз ету, зкономиканың негізгі салалраында шағын
кәсіпкерлікітің үлес салмағын өсіру, жаңа жұмыс орындарының санын өсіру,
нақты бәсекелестік ортаны құру болып табылды. Бұл кезеңде шағын
кәсіпкерлікті дамыту аясында көптеген өзгерістер болды. Мемлекеттік
органдардың бақылаушылық және қадағалаушылық қызметтерін реттейтін
нормативтік құқықтық акітлері қабылданды. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің
іс-әрекеттерінің заңсыз араласуға жол бермеу және жібермеу мақсатында
бақылаушылық және қадағалаушылық органдар кезекті тексерулерін жүргізер
алдында олардың прокуратура органдарынан тіркеуден өту Ережелері жасалды
және бекітілді. Шағын кәсіпкерлік бойынша іс-әрекетті ақпараттық және
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған Республикалық ақпараттық-
жәрмоңкелік орталық құрылды. Бұл бағдарламада шағын кәсіпкерліктің
субьектілерінің мүдделсерін қорғауда кәсіпкерлерді біріктіретін Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Заңына толықтырулар мен өзгертулер
енгізілді. Қазақстан Республикасының өкіметінде шағын кәсіпкерлікті дамыту
бойынша кәңес-жиналыс органының есебінде комиссия құрылды, оның негізгі
мақсаты кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау, мүдделерін ұсыну және
өкіметтің қабылданғын жобаларында олардың пікірлерін ескеру, шағын
кәсіпкерлікті қолдау және қорғау бойынша бағдарламалар мен жобаларды жасау
жәнс өңдеуге қатысу, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының мүдделерін қолдау
болып табылады. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері мен
қатар кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары да кірді. Нәтижесінде бұл
бағдарламада қабылданған шаралар азаматтардың кәсіпкерлік қарқындылығын
жетілдірді, яғни 1-кестеде көрсетілгендей 1999 жылы шағын кәсіпкерліктің
өсу қарқыны 203 пайызға тез өсуіне алып келді.1; 61б
Төртінші қабылданған 2001-2002 жылдардағы Қазақстан Республикасының
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасыда
өзінің өзгерістерін алып келді. 2002 жылдың мамырында мемлекеттік тіркеу
жүйесін реформалау шараларының жоспары енгізілді және кәсіпкерлік іс-
әрекеттердің түрлерінің тиімділігін қарастыратын кәсіпкерлік әрекеттерді
лицензиялау, лицензиялау сұрақтары бойынша орталық және жергілікті атқарушы
органдардың лауазымдары және процедуралары бекітілді. Шағын бизнесті
салалық қолдауды жүзеге асыратын шаралар қабылданды. Кәсіпкерлік сұрақтарға
қатысты барлық нормативтік құқықтық актілерді жалпылама эксперттеу
мақсатында әрбір мемлекеттік органда Эксперттік одақты құру ұсынысы
өңделінді. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың республикалық қорының несиелік
ресурстары өсті. 2002 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының
өкіметінің №716 жарлығына сәйкес Қордың жарғылық капиталын өсіруге 22716100
АҚШ долларына бағаланған сомма бөлінді. Шағын кәсіпкерліктің республикалық
ақпараттық-жәрмеңкелік орталығында web-сайт ашу және шағын кәсіпкерліктің
сұрақтары бойынша ақпараттық мәліметтер базасын құру жұмыстары атқарылуда.
Бұл жылдары шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 2001 жылы 116 пайызды және
2002 жылы 113 пайызды кұрады (2-кестеде көрсетілген).
2003-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын
қабылдаудың механизмі және негізгі бағыттары шағын және орта кәсіпкерлік
үшін салық салу жүйесін жетілдіру, инвестициялық қолдаудың және қаржылық-
несиелік жүйелерді дамьпу, шағын және орта кәсіпкерліктердің көшіру
формаларын дамыту, инфрақұрылымды дамытуды одан ары қарай жалғастыру,
ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар кәсіпкерлікті реттеудің
нормативтік-құқықтық базасын жүйелеу және жүйелендіру болып табылды.1;
62б
2005 жылдың 12 мамырында өкіметтің №450 жарлығына сәйкес 2005-2007
жылдарға Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті жедел
дамытушы бағдарлама бекітілді, оның негізгі мақсаттары және міндеттері
иституционалдық шарттарды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсеке
қабілеттілігін көтеруге бағытталған, шағын және орта бизнестің
субъектілерінің іс-әрекеттерінің аясын максималды кеңейтуге және олардың
әрекеттерін жетілдіруге бағытталған болып табылады. Бұл 2005 жылы шағын
кәсіпкерліктің өсу қарқыны 138 пайызды кұрады (2-кестеде көрсетілген).
1.2 Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен мәселелері
2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 21,9 мың кәсіпорын 112,4
млрд.теңге сомасында залал шексе, 26,2 мың кәсіпорын 103,3 млрд.теңге
сомасында табыс келтірді.
2006 жылдың қортындылары бойынша ең көп теріс сальдо өңдеу өнеркәсібінде,
құрылыста, финанстық қызмет көрсететін, электр энергиясын, газ бен суды
өндіретін және бөлетін кәсіпорындарда, ең көп оң сальдо – көлік
кәсіпорындарында, жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және
тұтынушыларға қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарда болды.
Республиканың 16 аймағының 5 облысының Қарағанды (285,9 млн.теңге),
Қызылорда (601,4 млн.теңге), Ақтөбе (965,2 млн.теңге), Павлодар (1383,4
млн.теңге), Шығыс Қазақстан (2701,6 млн.теңге) және Алматы қаласының
(17277,4 млн.теңге) шағын кәсіпорындары 2006 жылды аймақ бойынша залалмен
аяқтады. 3
2006 жылы шағын кәсіпорындар қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесінде өнім
(тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету) өткізуден 2365,7 млрд.теңге сомасында
табыс түсірді, бұл 2005 жылғы қарағанда 1,4 есе көп. Осы табыстың
жартысынан көбін (66,3%) саудамен, жылжымайтын мүлікпен операция жасайтын,
жалға беретін және тұтынушыларға қызмет көрсететін шағын кәсіпорындар
қамтамасыз етті. Өңірлер бойынша шағын кәсіпорындар өткізген өнімнен түскен
табыстың ең көп сомасы Алматы (988,3 млрд.теңге, немесе өнім өткізуден
түскен табыстың жалпы сомасының 41,8%), Астана (270,2 млрд.теңге, немесе
11,4%) қалаларында және Қарағанды облысында (136,4 млрд.теңге, немесе 5,8%)
алынды; ең азы – Жамбыл (28,1 млрд.теңге, немесе 1,2%) және Қызылорда (25,5
млрд.теңге, немесе 1,1%) облыстарында болды.
3-кесте. Шағын кәсіпорындар қызметінің 2006 жылғы экономикалық қызмет
түрлері бойынша қаржылық нәтижесі
Табыс алғандар Залал шеккендер Қаржылық Өнімді
нәтиже (тауарлар,
(табыс (+), жұмыстар,
залал (-)), қызмет
млн. теңге көрсету)
өткізуден
түскен
табыс, млн.
теңге
бірлік млн. бірлік млн.
теңге теңге
Барлығы 26241 103348,6 21917 112389,4 -9040,8 2365660,6
Ауыл шаруашылығы, 1516 4521,3 1200 2444,6 2076,7 49193,5
аңшылық, орман
шаруашылығы
Балық аулау, балық 49 8,7 25 51,9 -43,3 469,5
өсіру
Кен өндіру 131 3760,8 160 4904,2 -1143,4 26992,6
өнеркәсібі
Өңдеу өнеркәсібі 2743 5440,1 2603 10646,6 -5206,5 145290,3
Электр энергиясын, 154 1199,4 292 3869,4 -2670,0 18579,0
газ бен су өндіру
және бөлу
Құрылыс 3056 9857,8 2507 12679,0 -2821,2 326902,6
Сауда, 9900 42291,3 8293 33051,7 9239,6 1395758,6
автомобильдерді,
тұрмыстық
бұйымдарды және
жеке адам
пайдаланатын
заттарды жөндеу
Қонақ үйлер және 419 798,8 392 1026,8 -228,0 13749,8
мейрамханалар
Көлік 1156 6368,8 1184 3133,3 3235,5 69196,3
Байланыс 177 846,2 142 265,9 580,3 13282,3
Қаржы қызметі 527 8082,8 402 26090,4 -18007,6 114917,9
Жылжымайтын 5599 17936,0 4018 12803,0 5133,1 172638,3
мүлікпен
операциялар, жалға
беру және
тұтынушыларға
қызмет көрсету
Коммуналдық, 814 2236,6 699 1422,6 814,0 18689,9
әлеуметтік және
дербес қызметтер
көрсету
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес халыктың әл-ауқатының
төмендеген кезінде, ел экономикасы макроэкономикалық дағдарысқа ұшыраған
кезінде де өміршең күй танытты. Елдегі объективті және субъективті
қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергі етуде.
Объективті қиындықтары, экономиканың жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет
тапшылығы, қаржылық ресурстар жетіспеушілігі, міне осы мәселелер шағын және
орта бизнестің кең көлемде қарқын алуына кедергі етуде. Нарықтық
экономикаға таяну жақындаған сайын, мемлекеттің инвестор ретіндегі рөлі
төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнесті дамытуда қолайлы климат жасауы,
заңдық-нормативтік актілерді жолға қоюы, шетелдік және отандық
инвесторларды шағын және орта бизнесті дамыту жолында капитал кұюына
тартуы, шағын және орта бизнесті колдау мен дамыту бағдарламаларын
қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауы кажет.
Субьективті негізгі қиындықтарды, негізінен былайша түсіндіруге болады.
Қоғамның сана-сезімінде қалыптасып қалған пайда табу, табыс алу, бай болу
әрекеттерін әлі де болса, психологиялық жағынан дайындық жоқ. Кәсіпкерлер
тарапынан да нарықтың тез өзгеру қозғалысына жылдам әрі тиімді реакциясы
толық әдетке енбеген. Кәсіпкерлер менеджмент, маркетинг салаларының қыр мен
сырын әлі де түсінбеген. Шағын кәсіпорындардың жұмысының тиімділігі – өнім
өндірудегі тар мамандану ғана емес, еңбек құралдарына да мамандануында.
Мұндай өндірістер шектеулі тауар ассортиментін шығарарып, қажет болған
жағдайда оны тез ауыстыруы да мүмкін. Шағын бизнестің дамуы транспорттық
шығындар мен өнімдердің құрып қалуы қаупін төмендетеді. Сонымен, шағын
кәсіпорындар – негізінде алып инфрақұрылымдық бөлімдердің (қоймалық,
арнаулы коммуника-циялар, көліктік шаруашылықтар, тазалау құрылғылары)
құрылуына көп шығындар жұмсалмайды. Өндірістің аздаған көлемі бойынша
тауарларды сату, айналымға жіберу, материалды техникалық жабдықтауларды
өнім дайіын болған кезінде реализациялау тез жүреді.1; 59б
Осы уақытқа дейін Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау белгілі бір
қысқа мерзімді тиімділік берген салық жеңілдіктерін беру және мемлекеттік
қаржы есебінен жеңілдікпен қаржыландыруға назар аударылады, бірақ жүйесіз
жүргізілді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың перспективалары мен
міндеттері ұзақ мерзімді перспективаға арналған мемлекеттің экономикалық
дамуының мақсаттары мен басымдылықтарының жалпы жүйесінің өзара
байланыссыз, оның өз проблемалар тұрғысында қаралуымен түсіндіреді.
Қазіргі уақытта экономиканың қаржы-несие секторында, әдеттегідей, ұзақ
мерзімді несиелерді қажет етпейтін сауда және қызмет көрсету саласындағы
шағын бизнес кәсіпорындары басым, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
екінші деңгейдегі банктер берген несиелердің жалпы сомасының 40%-ға жуығы
сауда саласына келеді. Бірінші кезекте бұл осы кәсіпорындардағы
инвестициялық кезеңнің қысқалығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар,
өндірістік шағын кәсіпорындар сауда кәсіпорындарындай емес, өздерінің
негізгі қорларын жетілдіру және қызметтерін кеңейту үшін барынша арзан және
ұзақ мерзімді несиелерді қажет етеді.
Қалыптасқан ахуалдың негізі рынок заңдарында жатыр. Шағын бизнесте сауда
саласының басымдығы оған бастапқы күрделі салымның төмендігімен,
шығындардың тез өтімділігімен және жеткілікті жоғары тиімділікпен
байланысты. Кәсіпкерлер үшін осы саланың тартымдылығы қысқа мерзімді
несиелерге деген сұранысты қалыптастырады, өйткені несиенің артығымен
алынған анағұрлым жоғары құны түскен пайдамен өтеледі.4
Сондай-ақ несиені кепілмен қамтамасыз ету проблемасы бұрынғыша өзекті
болып тұр, әсіресе ауылдық жерлерде. Проблеманың түйіні кепілмен қамтамасыз
етудің болмауында немесе жетіспеушілігінде және банк сарапшыларының
берілген кепілді бағалау ерекшелігінде болып табылады.
Кепілге қойылатын мүліктің болмауы немесе жетіспеушілігі проблемасы оның
рыноктық құнымен және өтімділігімен өте тығыз байланысты. Бүгінгі күні
екінші деңгейдегі банктер кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті, жабдықтарды,
айналымдағы қаражаттарды, көлік құралдарын, кепілдемелерді, бағалы
қағаздарды қабылдайды. Кепіл құны мен өтімділігін банктің сарапшылары
анықтайды.
1.3 Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Сөзсіз, мемлекеттік қолдау шағын және орта кәсіпкерлікте жаңа
кәсіпорндардың пайда болуын ынталандырады. Және де сол көпсатылы қолдау
шағын және орта кәсіпорынның даму кезеңі мен жағдайына байланысты
дефференцияланған сипатта болуы тиіс. Құрылу кезеңінен өткен жаңа құрылған
кәсіпорындар мен банкроттық шегінде орналасқан шағын және орта кәсіпорындар
қолдаудың түрліше әдістерін талап етеді.
Жаңа құрылған кәсіпорындарға байланысты мемлекеттік саясат күрделірек
болады және мемлекеттік органдар тарапынан үлкен көлемдегі ұйымдастырушылық
шараларды талап етіп, келесі алты бағыт бойынша топтастырылады:
1. Шағын және орта кәсіпорындарға мүмкіндігінше барлығын қамтитын
көмек көрсету;
2. Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау;
3. Кәсіпорынды тиімді басқару(менеджмент) жүйесін құруға көмек
көрсету;
4. Бизнесті ақпараттық қолдау;
5. Сәйкес салық салу жүйесі мен басқа да реттеуші механизмдер арқылы
кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру;
6. Қоғамда кәсіпкерлік үшін климат құру.
Бірінші бағыт – шағын және орта кәсіпорындарға мүмкіндігінше барлығын
қамтитын көмек көрсету. Бұл көмек стратегиялық сипатқа ие, себебі шағын
және орта кәсіпорындарды қолдау арқылы мемлекет ірі кәсіпорындардың дамуына
да жоғары потенциялын қамтамасыз етеді, өйткені кез келген ірі кәсіпорын
шағын кәсіпорынның даму стадияларынан өтеді.
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың келесі бағыты – бұл
кәсіпкерлікті қаржылық қолдау. Ол екі линия бойынша ұсынылуы мүмкін:
бизнесті тікелей және бөлмелерді, құрал-жабдықтарды ұсыну мен коммуналдық
қызмет көрсетулер, жалға беру құнын төмендету арқылы жанама қаржыландыру
жолымен.
Мемлекет қызметіндегі үшінші бағыт – бұл кәсіпорынды тиімді
басқару(менеджмент) жүйесін құруға көмек көрсету. Жалпы, кәсіпорын қызметін
тоқтатуының негізгі себебтердің бірі менеджменттің дұрыс жүргізілмеуі болып
табылады. Шағын және орта кәсіпорындар келесі салалардың бірінде қиындықтар
пайда болғанда сәтсіздікке ұшырайды: өндіріс(технологиялар, ноу-хау),
маркетинг(өндіріс және өткізу жоспарларын жосрпарлау мен іске асыру),
қаржылық менеджмент пен бақылау, ұйымдастырушылық құрылым мен басқару
іскерлігі.
Одан басқа, мемлекет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz