Шағын бизнес теориясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

Менеджмент және бизнес кафедрасы

К у р с т ы қ ж ұ м ы с

Тақырыбы: Шағын бизнестің Қазақстан Республикасында және шет елдерде дамуы

Орындаған :

Тобы:

Тексерген:

Алматы, 200

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: I бөлім. Шағын бизнес теориясы
3:
Кіріспе . . .: 1. 1 Шағын бизнес түсінігі және формалары. .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 2 Шағын бизнестің экономикалық қызметінің мазмұны және қасиеттері. .
3: 10
Кіріспе . . .: I I бөлім. Шағын бизнестің дамуы
3:
Кіріспе . . .: 2. 1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы
3: 15
Кіріспе . . .: 2. 2 Шет елдерде шағын бизнестің дамуы. .
3: 34
Кіріспе . . .: Қорытынды.
3: 44
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер . . .
3: 45

КІРІСПЕ

Экономикалық үрдістердің ғаламдануы, тауарлады өндіру индустриализациясының негізінде ТҰК дамуы обьективті түрде шағын кәсіпкерліктің дамуына әкелді.

Шағын бизнес бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік және экономикалық прогресінің маңызды факторы болып табылады. Бастамасына ірі инвестицияларды қажет етпейтін және ресурс айналымының тез жылдамдығына кепілдік беретін шағын бизнес экономиканың қайта құрылу мәселелерін тез және нәтижелі шешуге қабілетті.

Нарық коньюнктураларының өзгеруіне оперативті түрде әсер ете отырып, шағын бизнес экономикаға қажетті икемділік береді. Шағын бизнестің секторы бұл көбінесе экономикалық өсімнің темпін анықтайтын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымын және сапасын анықтайтын ұлттық экономиканың негізгі секторларының бірі.

Ол халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ететіндіктен, жұмыссыздықпен кедейлікті қысқартатын болғандықтан, әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктеріне ие.

Қазақстанда обьективті қажеттілікпен қабылданған шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Осы бағыттағы маңызды қадам 2001- 2002 жылдары Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау және дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама болып табылады. Шағын бизнес мемлекеттік қолдау, кеңес беру, мемлекеттік тапсырмаларды тарату, кепілдік беру жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстанда жүргізілетін 2030 бағдарламасы және онымен байланысты экономикалық реформалар республикада шағын бизнесті құру мен дамыту

шарттары болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шағын бизнес өркениетті нарықтың шаруашылықтың элементі болып табылады. Соның арқасында экономика күшті антимонополиялық потенциялдың көмегімен қажетті икемділікке ие болады. Шағын бизнес көбінесе экономикалық өсімнің де темпін анқтайды, жалпы табыстың жалпы көлемінің 50% құра отырып, Ұлттық Табыс деңгейін анықтайды.

Егер ертеректе ірі кәсіпорындарды дамыту мен бірігуіне көңіл аударған болса, қазіргі таңда, аудандарда нәтижелі шаруашылық мүмкін болады, сол жағдайда, егер тауар мен қызмет көрсету нарығында монополиялық құрылымдар қажетті шағын және орта кәсіпорындардың санымен теңгерілсе, бұл бәсекелес механизм қызметімен, сәйкесінше, нарықты сақтаумен қамтамасыз етеді.

Ғылыми-техникалық прогресстің көптеген бағыттарын қамтамасыз етуі бойынша шағын бизнестің алатын орны үлкен. Ірі ұйымдармен бірлестіктер- техникалық жаңалықтарға тез икемделетін және өзгермелі шарттарға өндірістің адекватты икемділігінің оң жақсы формасы емес.

Сонымен бірге, шағын бизнестің мынадай функциялары элеуметтік маңызды болып келеді: жаңа қосымша орындардың пайда болуы, жұмыссыз еңбек күшін үлкен масштабта қамту қабілеттілігі, осыған байланысты, сақталмалы жұмыссыздықпен өндірістің құлдырауы нәтижесінде пайда болған элеуметтік қарбаластақты төмендетеді.

Осының барлығы соңғы уақытта өсіп келе жатқан республикадағы кәсіпкерлік белсенділіктің кейбір құлдырауымен байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Орта және шағын кәсіпкерлік- экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге қатысты ғана емес, өтпелі экономикасы бар елдерге де қатысты.

Біздің елімізде шағын кәсіпорындардың ең көп саны Оңтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Себебі бұл өнеркәсібі мен ауыл шарушылығы дамыған аймақ.

Отандық кәсіпкерді мемлекет тарапынан қолдау, ішкі рынокқа жұмыс істейтін, өзі шығарған отандық өнімдері арқылы ұлтты танымал ететін орта таптың қалыптасуына ықпал етеді.

Шағын және орта кәсіпорындарың тиімділігі және артықшылығы-олар аса үлкен қаржыны керек етпейді. Және оларға салынған қаржының да қайтарымы жылдам болады. Шағын және орта бизнес халықтың әл- ауқатын арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақының уақытында төленіп отыруына себін тигізетіні сөзсіз.

Бүгінгі Қазақстан жағдайында кәсіпкерліктің осы түрі ашылуына кең жол ашылды. Орта және шағын кәсіпкерді дамыту ел экономикасының бірсыпыра табысқа жетуіне мүмкіндік берді. Ауыл шаруашлығы саласындағы кәсіпкерлердің еңбегі нәтижесінде биыл он үш млн тонна астық жиналды. Және биылғы өнеркәсіп өнімінің өсімі он бес мың пайызға артты.

  1. ШАҒЫН БИЗНЕС ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ

Кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы- кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.

Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.

2000 жылдың 1қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс істейтіндері- 329, 1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны-1, 4 млн. адамды құрады.

Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532, 6 млрд. теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33, 7 млрд. теңге құраса, 2000 жылы- 45, 9 млрд. теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:

  • халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
  • қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
  • шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
  • шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.

Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы бұл-әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай- ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.

Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси- экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:

  • ҚР Азаматтық кодексі. 27. 12. 94ж. (жалпы бөлім) 16. 12. 98ж. өзгерістер енгізілген.
  • «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы. 19. 06. 97ж. №131-1 (26. 07. 99ж. өзгерістер енгізілген) .
  • «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы 19. 06. 97ж. №135-1 (29. 11. 97ж. өзгерістер енгізілген) .
  • «Жұмыстардың жеке түрлері және қызмет рыногын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. 31. 03. 99ж. №343 (14. 02. 2000ж. енгізілген) .
  • «Шағын кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша заңдық актілерге бірсыпыра қосымша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 29. 11. 99 №489-1.
  • «Адамдар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіндегі бостандық құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы. 27. 04. 98. №3928.
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 10. 07. 98. №283-1.
  • «Қазақстан Республикасының Агенттігінің шағын бизнесті қолдау мәселелері жөніндегі» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. 26. 04. 98. №475.
  • «Шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. 08. 04. 97. №499.
  • «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы». Қазақстан Республикасының Президентінің 2001жылғы7 мамырдағы Жарлығы.

Нарықтық экономикадағы шағын кәсіпорын орны. Россия экономикасындағы қазіргі заманға сай кезеңдегі құрылымды құрудың ең басты мәселесі мемлекет иелігінен шығару және мемлекеттік монополияның мүліктерін жекешелендіру болып табылады.

Бұл мәселелер немесе ассоциоланған, өндіріс құралдарының жалғыз ғана иесі болып табылатын және, әрине, олармен өнім өндірілетін ұсақ, шағын, орта кәсіпорындарды құру арқылы шешіледі. Елдің экономика сфераларында және салаларын қоса алғанда барлығында шағын нарықтық құрылымдардың құрылуы экономикалық үрдістердің бейбітшілік шаруашылық тенденцияларына жауап береді. Өйткені дүние жүзіндегі елдердің барлық салалары бойынша шағын бизнес сфераларында өте көп кіші кәсіпорындар қызмет етеді.

Қазіргі таңда Россия экономикасында біруақытта өте ірі, орта және шағын кәсіпорындар қызмет етеді, Сонымен бірге жеке және жанұялық еңбекке негізделген қызметтер жұзеге асырылады.

Кәсіпорындардың көлемі салалардың мамандануына, олардың технологиялық ерекшеліктеріне, масштаб эффектісінің қызметіне байланысты болады. Сондай- ақ капитал сыйымдалағы өте үлкен салалары бар, сонымен бірге кәсіпорынның үлкен көлемдері талап етілмейтін, керісінше олардың шағын көлемі дұрыс деп танылатын салаларда бар.

Қазіргі заманға сай экономикада масштабы бойынша әртүрлі өндірістерге күрделі комбинация тән- яғни монополиялық құрылым тенденциялары бар өте ірілері және көптеген факторлардың әсерімен құралған кіші өндіріс орындары.

Бір жағынан, ғылыми техникалық прогресстің тұрақты тенденциясы өндіріс концентрациясы болып табылады. Әсіресе ірі фирмалар үлкен материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарын, мамандандырылған кадрларды қолданады. Олар маңызды технологиялық қозғалыстарды анықтайтын ірі масштабты ғылыми- техникалық өңдеулерді жүргізуге қабілетті болып келеді.

Екінші жағынан, соңғы кездері айтарлықтай капиталды, құралдардың үлкен көлемін және көптеген жұмысшылар кооперациясын талап етпейтін сфераларда шағын жіне орта кәсіпкерлік болмашы ғана өсіп келеді. Шағын және орта кәсіпорындар әсіресе ғылымды көп қажет ететін өндіріс түрлерінде өте көп, сондай- ақ тұтынушылар тауарын өндірумен байланысты салаларда да өте көп.

Өз кезегінде шағын және орта кәсіпорындардың дамуы экономиканың тірілуі үшін жағымды шарттар құрады: бәсекелес орта құрылады; қосымша жұмыс құрылады; құрылымдық қайта құру белсендірек жүргізіледі; тұтынушылық сектор кеңейеді.

Шағын кәсіпорындардың дамуы рынокты тауарлар мен қызмет көрсетулермен байытады, экспорттың потенциялдық көтерілуіне, жергілікті шикізат ресурстарын жақсы қолдануға әкеледі.

Шағын кәсіпорындардың әртүрлі елдерде жұмыс істеу тәжірибелері. Шағын кәсіпорындар бүкіл дүние жүзінде маңызды роль ойнайды. Соңғы бірнеше жылдарда Батыс Еуропада, АҚШ- та және Жапонияда көп санды шағын және орта кәсіпорындардың жиынтығы ретінде шағын бизнестер үлкен мәнге ие бола бастады. Олардың негізгі салмағы- бұл 20 адамнан артық жұмысшылар жоқ өте шағын кәсіпорындар. Шағын кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарының 3/2 өсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп ол бұл елдерде жұмыссыздықты айтарлықтай қысқартады.

Шағын кәсіпкерлік тек қана тұтынушылық сферада ғана тиімді емес, ол сонымен бірге шағын механизмдер, жартылай фабрикаттар және соңғы өнімді өндіруге қажетті басқа да элементтерді өндіруші ретінде тиімді болып келеді. Осының барлығы қоғам экономикасында шағын кәсіпкерліктің рөлімен орнын анықтауға кешенді әдістің қажеттілігін көрсетеді.

Шағын кәсіпкерлікте Ресейдің қызметіне де қоюға болатын үлкен босалқы қорлар жасырылып жатыр. Мысалы, АҚШ - тың шағын және орта фирмалары Жалпы Ұлттық Өнімнің 40% және жалпы ұлттың жеке секторлардың тең жартысын өндіреді, оның ішінде: өңдеуші шаруашылықта-21%, құрылыста- 80, көтерме саудада- 86, қызмет теу сферасында- 81%. Бұл кәсіпорындарда жұмысбастылардың тең жартысы қамтылған.

Соңғы жылдары Еуропа елдерде капиталды орталықтандыру және концентрация тездете түсті, мысалы, Бельгияның сталь шаруашылығында, Испанияның мұнай концерндерінде, Дания мен Голландияның АПК- ларында, сондай- ақ сталь концерндерінде, формацевтикада, Швецияның ағаш өңдеуінде және Швецарияның сағаттық шарушылығында.

Капиталды орталықтандыру мен концентрацияның басты ерекшелігі ұсақ және шағын фирмалардың күйреуі шағын бизнестің жоғалуына әкелген жоқ. Ол өзінің өміршеңдігін, қайтадан құруға қабілеттілігін көрсетті және сонымен бір уақытта өзіне ірі концерндердің тарапынан қызығушылықтар тудырды. Күйреуге ұшыраған ұсақ фирмалардың орнын жаңалары алады, сондықтан қайта өндіру жүреді. Айта кететін бір жәйт, тоқырау жылдарында шағын бизнесте жұмысбастылық азайған жоқ.

Шағын кәсіпорындар барлық дамыған елдерде қолдауға ие. Бұл қызмет тең дәрежеде елдің экономикасына толығымен байланысты болғандықтан, әрбір азаматқада пайдасы зор, сондықтан мемлекеттік мойындауға және қолдауға ие болды.

Шағын кәсіпорындар қоғамдық өндіріс үрдісіне қосымша еңбек қосады, бұл жаңа құндылықтар құрып, Ұлттық табыс пен Ұлттық байлықты арттырады.

Шағын бизнестің формалары франчайзинг, венчурлық кәсіпкерлік жүйелері болды.

Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқ алу үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендету, тауарды жеткізуге, құрал- жабдықтарды сатып алуға, несие алуға көмек түрлерінде жеңілдіктер бар.

Ұсақ фирмалар ірі компаниялар өнімдерінің бөлшек сатушылары болып қалыптасады. Мұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі корпорациялардан сауда запасын, несие алады және олардың қамқорлығына енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды, сондай- ақ өз қамқорындағылардан ұдайы төлем алып отырады.

Венчурлық фирма - ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі шығындарға сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты «күйіп кетуге тәуекел етеді».

Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп, тезірек екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны АҚШ болып табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі күні венчурлық фирма Қазақстанда құрылып жұмыс істей бастады.

Нарықта кәсіпорындардың қандай қызмет түрін және қандай өзін- өзі ұстау бағдарламасын таңдауына байланысты. Батыс елдердің экономикада шағын кәсіпорындардың келесідей түрлері болып көрсетіледі: коммунанттар, патиенттер, эксплеренттер.

Коммунанттар. Осы топтың шағын кәсіпорындары, шарт бойынша, жекелеген құралдар мен бөлшектерді дайындау мен маманданады, кейде аралық жинақтармен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорындар өте ірі кәсіпорындармен кооперациялық байланыстар арқылы бір- бірімен тығыз байланысты.

Бұл кәсіпорындардың көмегімен ірі өндірістер оған тиімді емес көмекші өндірістерден құрылады. Бұл топтың шағын кәсіпорындары ірілеріне өте тәуелді болады да, өздерінің аралығында қатаң бәсекелестік күрес жүргізеді.

Патиенттер. Бұл топтың кәсіпорындары негізінен шектелген сұраныстармен локальды рынокқа жергілікті шикізат көздерімен материалдарына бағытталған соңғы өнімді шығаруға маманданған.

Бұл азық- түлік, киім, аяқ- киім, ұсақ құрылыс жұмыстарының өндірістері. Олар айтарлықтай дәрежеде ірілеріне тәуелсіз, кейде өндірілетін өнімнің жоғары сапалылығына байланысты ірі кәсіпорындарға шикізаттық бәсеке құра алады.

Эксплеренттер. Бұл топтың кәсіпорындары - былайша айтқанда тәуекелшіл фирмалар немесе инновациялық кәсіпорындар, негізінен ғылыми, конструкторлық өңдеулермен, техникалық ашылулардың коммерциялық құрылымы мен, тәжірибелік тауар партияларын өндірулермен айналысады.

  1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАСИЕТТЕРІ

Шағын бизнес шаруашылық қызметтің ерекше әдісі ретінде шаруашылық

формаларының көптүрлілігін стимулдауға қабылдаған, айтарлықтай дәрежеде ішкі шаруашылық дамуды күшейтуге, халықаралық еңбек бөлінісімен айырбасында Қазақстанның мүлкін салыстырмалы түрде жүзеге асыруға және халықтың жұмысбастылығын кеңейтуге арналған.

Кәсіпкерлік әлемдәк қоғамдық дамудың барлық кезеңдеріне тән. Ж. Б. Сей өзінің «Саяси экономия трактатында» кәсіпкерді «өзінің есебі үшін күресетін және өзінің пайдасына қандайда бір өнім түсіруге тәуекелділік жасайтын тұлға» ретінде сипаттайды. Сөйтіп ол кәсіпкерлікте тәуекелділік факторын бөліп көрсетті, ал кәсіпкерді өзінің табысын алуға тәуекелділік жасайтын адам ретінде көрсетті. Кәсіпкерлікті жүзеге асырудың қажетті шарттары ретінде адамның білімдерін, өндіріс факторларын қызметке келтіруді есептеді.

Нәтижесінде кәсіпкерлік «ұйым» ретінде сипатталады. Маршалл бойынша оның ерекшелігі мақсаттың құрылуынан, шығармашылық үрдіс ретінде оның функцияларының жүзеге асырылуымен түсіндіріледі.

И. Шумпетер кәсіпкерлікті ғылыми- техникалық және қоғамдық прогресстің двигательі ретінде қарастыра отырып, капитализмнің «адамдық» факторы ретінде зерттеді. Капитализмнің орталық фигурасы ретінде кәсіпкерді есептеді. Кәсіпкерлікті технологияның дамуымен, жаңалықтармен және экономикалық өсімімен байланыстырды.

Кәсіпкерлік қызмет шығармашылық сипатқа ие, мұнда кәсіпкер жеке тұлға ретінде өзіндік қасиеттердің болуы қажет: инициативалық, тәуекелділікке бел буушылық, бизнестің экономикалық заңдарын және принциптеріне ие болу. Мыныдый қорытынды жасауға болады, кәсіпкерлер идеяларды іздейді, оларға қазіргі заманға сай әсер етіп және оларды табысқа қол жеткізу қайнар көзі және экономикалық пайданы арттырушы ретінде қолданады.

Классикалық нарықтық кәсіпкерлік ынталандыруы институционалдық формалар мен қамтамасыз етіледі: экономикалық және аналитикалық билікті бөлу, келісім- шарттар мен кепілдіктермен; әлеуметтік мәдениеттік және этикалық дәстүрлер байланысымен; азаматтық еркіндіктің демократиялық идеяларының бірігуімен.

Шағын кәсіпкерлікте кәсіпкерлер функциясының және басқарудың интеграциясы «басқармашылық кәсіпкерлікте» жүзеге асырылады.

Дамыған елдерде шағын өндірістің өлшемдік құрылымы әр түрлі деңгейлермен берілген. Жапонияда жеке кәсіпорындардың жеті тобы берілген. Фирманы 3 фактор негізінде шағын және орта бизнеске жатқызу критериясы Ұлыбританияның заңдарында өңделген: мұнда жұмысбастылардың санына байланысты баланыс құрылымы және жылдық айналым бағаланады.

Жапонияның шағын және орта кәсіпорындарына 10- нан 100 млн иенға дейінгі капиталы бар компанияларды жатқызады. Ал АҚШ- та шағын бизнес кәсіпорынның жылдық көлемі бойынша анықталады.

Қазақстанда «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шағын кәсіпорындар жұмысбастылардың ортажылдық санымен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлға болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік шаруашылық бірліктерінің ерекшеліктеріне мыналар жатады.

  1. жекеменшік иесінің басқаруға қатысуы;
  2. өндірістік және үй шаруашылық қызметінің барлық облысындағы жоғары икемділік;
  3. ішкі ресурстар негізінде өзінің дамуын бағыттау;

Өте сақтайтын бір жайт, шағын бизнестердің ликвидациясы тоқырауға

ұшырады деген сөз емес. Осы жерден шағын кәсіпкерліктің дамуының негізгі бағыттарын көрсетуге болады:

  1. қызмет масштабының консервациясы;
  2. іскерлік белсенділіктің ақыры кеңеюі;
  3. тез экспонсия және оның орта және ірі компанияларға ауысуы;

xx ғасырдың 70- жылынан бастап реформалаудың инициативасы және шаруашылық нәтижелігінің көтерілуі ірі фирмалардан шағын фирмаларға ауысып келе жатыр.

Бұл үрдістің негізінде қазіргі заманға сай МГР сипатының принципиальды өзгеруі жатыр. Экономика үшін соңғы сипат үшін өндірістің «индивидуализациясымен» байланысты одан әрі қарай дамуы, нақты тұтынушыға бағыт алу.

Электроника, мехатроника, материалдық кіріспе осы облыста бір уақытта соңғы жетістіктер шағын кәсіпорынның өндірістік базасының радикальды қайта құрылуына әсер етті. Шарушылық роботтарының пайда болуы және кең таралуы, икемді өңдейтін кешендердің, автоматты жоспарлау жүйесінің және өнімді өндірудің, қазіргі заманға сай өңдеу құралдарының және ақпараттарды жіберудің пайда болуы кіші фирмаларға кішімасштабты өндіріс шығындарын төмендетуге, дайындалатын тауарлардың сапасын арттыруға, тұтынушылардың сұраныстарын толығымен және өз уақытында есептеуге мүмкіндік береді.

Шағын кәсіпкерлік мынандай бөлімдерге бөлінеді:

  • дәстүрлі түрдегі шағын фирмалар ( жанұялық фирмалар, микро кәсіпорын, кіші зауыттар, сервистік компаниялар және т. б. )
  • әскери кемеде қажеттіліктің 30 пайызын жабатын өте кіші норвегиялық компания сияқты өз облысындағы «мини монополистер».
  • тәуекелшілді шағын кәсіпорындар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес этикасындағы негізгі тұжрымдамалар
Қазақстан менеджмент методологиясы
Менеджмент теориясы. Менеджмент және фирма
Менеджмент фирманың басқару теориясы
Фирма және кәсіпкерлік
ФИРМА ПАЙДАСЫ ШЫҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ, ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ФИРМА ПАЙДАСЫН КӨБЕЙТУ
Фирманың теориялық аспектілері
Кәсіпкерліктің теориялық аспектілері
Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру
Менеджмент теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz