Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I-Тарау. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері (мәні және маңызы)
1.1 Шағын кәсіпкерліктің қызметі мен бағалау әдістері

II-Тарау. Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
2.1 Ұлыбританияда шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері
2.2 Италиядағы шағын кәсіпкертің құру жолдары

III-Тарау. Еліміздегі шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму
жолдары
3.1 ҚР-да шағын кәсіпкерліктің дамуын талдау
3.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның
негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн
тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Оның негізгі маңыздылығын ҚР-ы
Президентінің Қазақстан-2030 Қазақстан халқына жолдауында: еліміздің
экономикалық саясатының бірден-бір басым бағыты шағын кәсіпкерлік деп
аталынған. Сондықтан шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару еліміздің жүзеге
асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Оның
стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай
ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет:-айқын көрініс алған шикізаттық бағыт;
-қайта өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуы; -импортқа тәуелділігі;
-инфрақұрылымның нашар дамуы; -аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі
орналаспауы. Бұл аталған біздің экономикамыздың мұндай зардаптарын шағын
және орта бизнестің даму жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын
кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне
ықпал етуі және өндіріс, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде
қамтамасыз ете алуы жатады. Сол үшін кәсіпкерлік қызметті еліміздің
шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған
байланысты мемлекетте кәсіпкерліктің жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек
шағын кәсіпкерлікті дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда
қосар үлесі де аз болмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай шағын
дамып отырған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып
табылады.Шағын кәсіпкерлік экономикалық өсу деңгейінің, ұлттық табыс
көлемінің деңгейін де анықтайды. Әлеуметтік жағынан да функциясы – жаңа
қосымша жұмыс орындарын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылығын
көрсетеді. Сондықтан, шағын кәсіпкерліктің мемлекеттегі нарықтық
экономикалық қатынастарды құруда алатын манызды роліне байланысты бұл
жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды
басқару мен оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни қолдау
оның даму үрдістерін айқындаумен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін
негіздеуді талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер анықталды:
• кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясы
сипатталынды;
• әлемдік тәжірибелер негізінде шағын кәсіпкерліктің экономикадағы ролі
мен орны анықталды;
• Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру тенденциялары мен
жағдайы зерттелінді;
• ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің даму үрдістері айқындалған;
• ҚР-ғы шағын кәсіпкерлердің және шағын кәсіпорындардың қызметін
ұйымдастырудағы проблемалары анықталынып, оларға сипаттамалар
жасалынды;
• Кәсіпкерлік қызметтің ынталандыру жұмыстарына тоқтала отырып, талдау
арқылы мәні ашылды.

I-Тарау. Шағын кәсіпкерліктің теориялық негіздері (мәні және маңызы)

Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол
кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер
ретінде болған. Орта ғасырларда кәсіпкер деген термин одан да бұрынғы
антрепренер, яғни француз сөзі делдалдық екі мағынада қолданылды: 1)
түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе
құрылыс жобаларын басқарушы. Ал кәсіпкерлік ұғымын ең алғаш ХVIII
ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген.
Ол кәсіпкер деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.
Егер "кәсіпкерлік" терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын
қарастыратын болсақ:
1723ж : Парижде басылып шыққан коммерцияның жалпылай сөздігінде ең
алғаш "кәсіпкер" ұғымы, яғни "обьектіні өндіру немесе құруда өзіне
міндеттеме алатын адам" пайда болған;
1725ж.: Р. Контильон : кәсіпкер – ол нарық жағдайында тәуекел етуімен
байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;
1776ж.: Адам Смит, кәсіпкерлік – кәсіпорынның меншік иесі;
1797ж : К. Бодо, кәсіпкер – ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске
жауапкершілігі бар адам;
1803ж : Ж.Б.Сей, кәсіпкерлік – екі өндіріс факторлары еңбек пен
капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;
1876ж : Ф. Уокер, кәсіпкер - ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі
мен пайда табатын адам;
1934ж : И. Шумпетер, кәсіпкер – ол инновациялардың көзі және дамудың
қозғаушы күші, новаторлар;
1964ж : П. Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше
көп пайда түсіретін адам;
1975ж : А. Шапиро, кәсіпкер – ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді
ұйымдастырушы.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп – пайда табуға бағытталған және
тауарларға ( қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге
асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.
Бұл тұрасында ҚР-дың Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: меншік
түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға ( жұмысқа,
қызметке) сұранысты қанағаттындыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы
қызмет және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік
жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.
Кәсіпкерліктің бірнешінеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл
ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
- жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
- жоспарлау, ұйымдастыру,бақылау;
- құралдарды іске асыру еркіндігі;
- жаңа шешімдерді,идеалдарды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент
фукнкцияларымен байланыстыеркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік
дегеніміз – ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге
асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып
табылады.
Жалпы кәсіпкерлік қатнастарды қарастырудың алғашқы сипаты – олардың
субьектісі мен обьектісі. Кәсіпкерліктің субьектісіне экономикалық қызметке
қатысушы түрлі мүшелерді, алдымен жеке дара индивиттерді жатқызамыз, содан
соң кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни
акционерлік қоғамдар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер.
Ал кәсіпкерліктің обьектісі – ол адамның белгілі бір қызметі, нақты
жағдайда: новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас,
бөлудің әртүрлі факторларын қосу. Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі -
өндірілген өнім мен қызмет.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде қарастыруға болады, ол
төрт сатыдан тұрады:
• жаңа идеяларды іздестіру мен бағалау;
• бизнес-жоспарды құру;
• қажетті ресурстарды іздеу;
• құрылған кәсіпорынды басқару.
Бұл аталған сатылар бір –бірімен тығыз байланысты. Бірінші кезеңде ,
барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер
өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты –
пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір
уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет
әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау
іскерлік әлемде жоғары бағаланады.
Екінші кезеңде, ең күрделі мәселе – бизнес-жоспарды құру методологиясы
жатады, яғни өзіне нарық сигменттерін қосатын, оның
көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарларын, өндіріс және
қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету.
Үшінші кезеңде, ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау;
бастапқы деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар
жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптады бағалу жұмыстары жүзеге
асырылады.
Төртінші кезеңде, пайда болған кәсіпорынды басқару. Ол нақтыланған
өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру,
табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы қызметтің
бағалануы арқылы шешім қабылдаудан тұрады.
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі
белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілердің бірі – шаруашылық
субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық
механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің
негізгі талабы – экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен
таңдау еркіндігі. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға
құқығы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен
шектелген, олар сыртқы ортамен субьектілер әрекетінің нәтижесінен шығады.
Дегенмен, кәсіпкерлік қызметтің басты шарты – барлық мүмкіндіктер деңгейі
тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат шаруашылық жүргізудегі тәуекелге
баруы. Тәуекел – жоспар немесе болжауды қаратырылған нұсқалармен
салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Шаруашылық
тәуекелді негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтижелердің ара –
қатнасы жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің келесі белгісі – ол толық экономикалық
жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы.
Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді.
Сонымен қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған
ортаны ластамау; өндірістің қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлық
гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті кәсіпкерліктің жүзеге
асырушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс;
жауапкершілік; іскерлік этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін
жатқызуға болады. Міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім қабылдау
қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары
бағаланады және нәтижелі сипатта болады.
Кәсіпкер – қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттерін келесі
функцияларды орындау арқылы жүзеге асырылады:
• нарықты зерттеу арқылы төлем қабілеті сұранысы бар тауарлар мен
қызметтерді іздеу;
• тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау;
• төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
• бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде
ұйымдастыру және оларды басқару;
• маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар
мен қызметтерді сату, тарату;
• табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, т.б. бөлу.

1. Шағын кәсіпкерліктің қызметтері мен бағалау әдістері.

Жалпы кәсіпкерлік бірнеше қызметтер атқарады: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық, басқарушылық қызметтері бар. Енді әрқайсысына жеке
– жеке тоқталып мәнін ашатын болсақ:
Өндірістік қызметі өндіріс пен материалдарды – техникалық қамтамасыз
етуді және шаруашылық қызметке қажетті шикізат, құрал – жабдықтар және тағы
да басқалармен өзара байланыстылығын қарастырады және өндірістік сипатта
жүзеге асады.
Кәсіпкерліктің коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін
анықтау және кәсіпорындар мен нарықтық контрегенттер арасындағы айырбас
процестерін басқаруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар ақша және сауда
– айырбас операциялары бойынша келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.
Ал кәсіпкерліктің қаржылық қызметі келеі функцияларды іске асырудан
тұрады: қаржы есебінің енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен
капиталдың мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау, ақша
нарығы, банктер, инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыста
қалыптастыру; сатып алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты
маркетингтік қызметтер және тағы басқалар.
Келесі кәсіпкерліктің қызметі – ол басқарушылық функциясы кезінде
кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар немесе ақпарат құралдарымен өзара
қарым-қатнастардын басқару; кәсіпкерлік идеялар, инициативалық талаптарды
және басқару тәжірибелерін қалыптастырып, тарату; капиталдар мен
табыстардың қолданылуын басқару; ғылыми зерттеу жұмыстары мен
жобалық жұмыстарды тиімді пайдалану; бизнес қажеттліктеріне сәйкес
жұмысшыларды тарату, таңдау, жұмысқа алу сияқты қызметтер атқару.
Сонымен кәсіпкерлік қызметінің сферасына байланыссыз өз
қабілеттіліктерін келесі функциялардыорындау арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерліктің қызметін бағалаудың бірнеше бағыты
бар, шағын кәсіпкерлікті анықтаудың сандық, сапалық және аралас әдістері
бар.
Сандық көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорындардың шағын бизнес
секторына кіретіндігін анықтау үшін: персонал саны, жалпы өнімнің көлемі,
өндірістік қорлардың көлемі; өндіріспен сату көлемі; активтердің баланстық
құны сияқты сандық көрсеткіштермен анықталады: ал шағын кәсіпкерлікті
анықтауда сапалық көрсеткіштерге негізінен субьективті сипаттар мен
тәжірибе;
Аралас әдіс экономикалық және статистикалық тәсілдерді қолдануды
ұсынады: нарықтағы үлесі; тәуелсіздік, жалпы ұлттық өнімдегі үлесі;
бірқалыпты басқару айналымы.
Дамыған елдерде негізгі критериялардың есебінде шағын кәсіпорындардың
анықтауы негізінен шаруашылық айналымның көлемдері мен жұмысшылар саны
жатады.
Сонымен қатар, шағын бизнес, ағылшын елдерінде айтылады, ал Япония
және Батыс Еуропада ұсақ кәсіпорындар деп пайдаланылады.
Әлемнің дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың
басты мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің
экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы,
интелектуалды меншікті қорғаудың тиімді әдісі; жеңілдетілген әкімшілік
шаралары; салық демалыстары және тағы басқалай басты нысанаға алынады.

II-Тарау. Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
2.1 Ұлыбританияда шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру ерекшеліктері

Бүкіл дүние жүзінде шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы
үлесі жоғары. Сол шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне елдің экономикалық
дамуының өсуі тәуелді болады. Әсіресе соңғы кезеңдерде Ұлыбританиядағы
шағын кәсіпкерліктің кеңінен дамуы орын алып отырғандығы байқалып отыр.
Ұлыбританиядағы шағын бизнеске жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын
және орта фирмалардың жиынтығына тең формалар болып табылады. Бұл фирмалар
американдық фирмалардың 99% қамтиды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе
жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 87% саны 20-дан
аспайтын, ал 80% 10-нан аспайтын адамдар жұмыс істейді. 1980 жылдардың
аяғында Ұлыбританиядағы шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық
жағынанда ерекше байқалады. Мысалы үшін тек 1988 жылдардың өзінде ғана
1млн. шағын кәсіпорындар пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар
құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жуық қана шағын
кәсіпорындар өмірге келіп отыратын болатын. Ұлыбританиядағы шағын және орта
фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40% өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте
21%, құрылыста 80%, көтерме саудада 86%, қызмет көрсету саласында 81%
құрайды.
Ұлыбритания экномикасында олар ғылыми – техникалық прогресс сферасына
жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізу тең
жартысына жуығын қаматамасыз етеді. Өндіріске жұмсалған әрбір доллар
шығынға олар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда орташа есеппен алғанда 17
еседен көп ғылыми жаңалықтар енгізуде. Шағын инновациялы өндіріс мұнда
ғалымдар және инжинерлер, сол сияқты
тапқырлардың еңбегінде ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда жыл сайын
құрылатын 600-700 мың фирмалардың 18 бөлігін ғылыми-техникалық жаңашылдық
өндірісінде мамандандырылған, сонымен қатар, Ұлыбританияның инновациялық
саясатының негізгі бағыттарының бірі – ол қаржы түсімдерін реттеу болып
табылады. Ол екі бағытта құрылады:
1) бюжеттен мақсатты бағытталған субсидияландыру арқылы;
2) қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту;
Бұл бағытты іске асыруда Ұлыбританиядағы шағын бизнестің әкімшілігі
( ШБӘ) құрылған және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық, консультациялық,
материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады.
Шағын бизнес әкімшілігі шеңберінде Ұлыбританияда келесі бағдарламалар
жүзеге асырылады:
- халықаралық саудаға көмектер;
- зерттелу мен жобаларды жасауға көмектері және қаржыландыру;
- ұлттық кәсіпкерлікті дамыту;
- әйел кәсіпкерлерге жағдай жасау;
- ардагер - кәсіпкерлерге көмектер;
Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы шағын кәсіпкерліктің субьектілеріне
қаржы ресурстарын қамтамасыз ету келесі бағыттарды қарастырады:
- шағын кәсіпкерлікті инвестициялауды компаниялардың конкурстық
негізде несиелермен қамтылуы;
- қарыздар мен несиелер негізінде мемлекеттік іс ұсынылуы (ШБӘ 25
жылға дейін 750 мың долларға дейінгі саудалар береді;
- қошаған ортаны қорғауға байланысты шағын бизнесті қаржыландыру (
бұл жағдайда ШБӘ максималды деңгейі бір млн. доллар мөлшерінде
сауда береді).
Сонымен қатар, Ұлыбританиядағы қолдау жұмыстары шағын кәсіпкерлік
субьектілеріне салықтық жеңілдіктер берумен ерекшелінеді. Мысалы, табысы 50
мың доллар кәсіпорындарға 15% салық мөлшерлемесі бекітілген, 70 мың
долларға дейін табысы бар шағын фирма салық нормасы 25 %; ал ең жоғарғы
мөлшері 34%. Барлық федералды ведомоствалар мен 12 шағын бизнесті дамыту
мекемелерінің 100млн. долларлық бюджетінен шағын ғылыми зерттеу фирмалар
қызметін қаржыландыруға өздерінің 1,25% қаржы ресурстарын бөлуге міндетті
болып табылады.
Өтпелі кезең экономикасында шағын кәсіпкерлік мәселесі дамыған
мемлекеттер тәжірибелерін талдау маңызы өседі. Дамыған капиталистік
мемлекеттердің тәжірибелерге талдау көпшілігінде шағын және орта
фирмалардың жалпы жұмысбастылықтағы үлесінің артуын көрсетеді.

ЖҰӨ-гі шағын кәсіпорындар үлесі, 1998 ж.

Мемлекет Шағын кәсіпорындарЖұмысбасы Шағын кәсіпорындар үлесі
саны
Мың бір.Мың Мың адам Жұмысбастылық ЖҰӨ,
адамға үлесі, % %
Япония 6450 49,6 39,5 78 52-55
АҚШ 19300 74,2 70,2 54 50-52
Еуропа елдері15770 45 68,0 72 63-67
Германия 2590 37,0 18,5 46 50-54
Ресей 870,6 5,9 8,5 10,1 10-12
Ұлыбритания 8753 22,1 48,5 32,0 40-45
Италия 2980 9,5 34,0 16,3 8-10

Сонымен қатар, мемлекеттерде шағын бизнестің ұйымдастырылуы әр түрлі
қаржыландыру көздері арқылы, техникалық және технологиялық көмек көрсетуге,
бюджетті – қаржылай жеңілдіктер болуы, инфраструктуралық қолдау шаралары
және шағын кәсіпкерлікті қолдау, дамыту іс-шаралары жатады.
2.2 Италиядағы шағын кәсіпкерліктің дамыту жолдары

Италияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен
меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады.
Екінші сипаттама - кәсіпорынды тікелей басқарудың айқындылығы, яғни
кәсіпорын қызметінің айқындылығы: оның көлемінің шектеулілігі қожайын мен
жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынастар сипаттарын білдіріп,
өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын
тудырады.
Үшіншіден, кәсіпорындар өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы:
ол шаруашылықтың нәтижелілігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан тәуекелге
бел буатындығынан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен
тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.
Төртінші – істі жанұялық негізде жүргізу, кәсіпорындар қызметін
нәтижелі жүргізу, ұйымдастыруға атадан балаға мұра ретінде машықтану.
Бесіншіден – шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде
кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады.
Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капиталдар нарығы (қор
биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің
аздаған несиесіне арқа сүиейді, сондықтан да олар үшін қаржылындыру
мәселесі басты проблема болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыдағы аталған сапалық жақтарымен бірге
сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді:
жылдық айналым сапасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Италияда қабылданған
есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар
жатқызылады:
1. Белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі – барлық жеке
еркін мамандық иелері (дәрігер, нотариустар, салық пен жарнама
бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет
ететін инженерлер, педогогтар, баспасөз, өнер қызметкерлері
және тағы басқалар ).
2. Жұмыс істейтіндер саны 1-ден 43 адамға дейінгі және жылдық
айналымы 1 млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар;
3. Жұмыс істейтіндер саны 50-ден 499 адамға дейінгі және жылдық
айналымы 1 млн.-нан 10млн. маркаға дейінгі орта кәсіпорындар.
Италияда 1980 ж. аяғына қарай жоғарыда көрсетілеген сипаттың
статистикалық есептеу тәртібіне байланысты 1.9 млн. шағын және орта
кәсіпорындар жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша
мынадай негізде бөлінеді (мың есебінде):
- қолөнерде – 537,
- саудада – 225,
- өнеркәсіпте – 108,
- қызмет көрсету саласында – 665,
- еркін мамандық секторы – 360.
Италиядағы шағын бизнестің экономикалық маңызы, біріншіден барлық
еңбекке жарамды халықтың 23 бөлігін қамтып отырған жұмыс беруші ретіндегі,
екіншіден елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын құрайтын өнім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірбиелері
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Кәсіпкерлік қызметтері және мазмұндары
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Шағын бизнес және оның құрылуы
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының проблемалары
Шағын бизнес ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың орны мен маңызы
Шағын бизнес теориясы
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Пәндер