ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Экономика факультеті
Экономика кафедрасы
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
тақырыбына жазылған
Күндізгі оқу
бөлімінің 4 курс студенті
Мамандығы 520830 Экономика
Мурсалиева Анара Муратовна
Ғылыми
жетекші:
э.ғ.к., доцент Асабай С.Б.
Рецензент:
э.ғ.к., доцент
Өтепберген К.Е.
Жұмыс қорғауға жіберілді
Экономика кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.к., профессор
Сейдахметов А.С.
Алматы,
Жоспар:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1 Шағы кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет ету
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін
факторлар ... ... ... ... 20
2. БИКЕН-ЖАРНАМА ЖШС МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ БАҒАЛАУ.
2.1 Бикен-жарнама ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы ... ... 25
2.2 Бикен-жарнама ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН
АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан республикасында шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау..46
3.2 Бикен-жарнама ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру
жолдары ... ... ... ..64
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ
КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
Кіріспе
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен инновациялық
серпілістің жаңа кезеңіне аяқ басты. Сонымен қатар еліміз экономикалық
үрдістерге сай дамып келе жатқан озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып,
өндірісті, соның ішінде экономиканың нақты секторын таңдап алды.
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған жолджауында ел
экономикасын көтеру, соның ішінде шағын кәсіпкерліктің белсенділігін
арттыру қажеттілігін атап өткен болатын.
Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілігін
қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік
бизнесті қолдаудың және оның тауарлар мен қызметін әлемдік нарықтарға
жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың
әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз қажет.
Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік
шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа
экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Қазіргі таңда әлемдік экономикада бәсекелестіктің қарқыны артуда.
Сонымен қатар нарықты жаңа өнімдермен, жаңа қызметтермен қамтамасыз етуге
ынталы өндіргіш күштердің белсенділігі де жоғарылауда.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектісінің
қызметі осы үрдіс нәтижесіне қызығушылық білдіретін нарықтық қатынас
қатысушыларының назарына ие.
Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау кәсіпкерліктің
тектік түсінігінің мәнән, сонымен қатар кәсіпкер мен кәсіпкерлік табыс
түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді.Қазіргі жағдайда іс-әрекеті мен
пайда болуын ескеріп , кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет: Кәсіпкерлік-
бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа
келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген , қауіптің
және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын , шаруашылық жүргізуші
субъектілердің ынталы , инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі
ұйымдастыру процессі.
Қазіргі заман жағдайында кәсіпорын күнкөрісін қамтамасыздандыру үшін
басқару персоналына бәрінен бұрын өз кәсіпорнының, сонымен қатар
потенциалды бәсекелестерінің қызмет етуінің тиімділігінің дәрежесін бағалай
білу керек. Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі – кәсіпорынның
экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы. Ол кәсіпорынның бәсеке
артықшылығын, іскерлік келісімдегі потенциалын, қаржылық және өндірістік
қатынастағы кәсіпорынның және оның экономикалық назарының қаншалықты
кепілдіктендірілгенін өндірісі қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанын
анықтайды. Бірақ кәсіпорынның қызметіне оның алға қойған мақсатына жетуіне
бір ғана тиімділік дәрежесін нақты бағалау аз.
Берілген дипломдық жұмыста Бикен-жарнама ЖШС кәсіпкерлік қызметін
арттырумен байланысты мәселелер, ұсыныстар мен экономикалық талдаулар
мәселелері қарастырылады.
Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты: нарық жағдайында
өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің экономикадағы белсенділігі мен
тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық,
әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырап тастауға, жеке меншік
капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге
міндетті. Осы және тағы басқа мәселелерді үшінші бөлімде қарастырамыз.
Қазіргі заманғы экономикада шағын кәсіпкерліктің рөлі өте маңызды болып
табылады.
Нарықтың әртүрлі сфераларын жеңіп алу және әлемдік қауымдастықтың
көптеген елдерінде шағын кәсіпкерліктің өркендеуі , кәсіпкерліктің осы
формасының ТМД республикаларында , соның ішінде Қазақстанда кең таралуын
анықтады.
1.Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық
мәселелері.
1.1 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет
ету тиімділігі.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне баға беру оның
тиімділігінің соңғы нәтижелері арқылы жүзеге асырылады. Тар мағынада
тиімділік әсер беретін, қажет нәтижеге қол жеткізетін, жүзеге асыратын
дегенді білдіреді.
Шағын кәсіпкерлік –бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық
экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген,
қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және
белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасаты, табысты алу мақсатымен өндірістің
барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен
басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін - өзі ұйымдастыру
процесі.
Анықтаманың өзінде айтылғандай, шағын кәсіпкерлік – бұл нарықтық
экономика субъектілерінің белгілі бір анықталған критерийлер, көрсеткіштер
және заңдар негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі .
Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі қызмет етудің барлық
сатысындағы маңызды сапа белгісі болып табылады. Қызмет ету тиімділігі
өндіріс потенциалын қолдану дәрежесін көрсетеді, ал бұл қоғамдық
өндірістегі нәтижелер мен шығын арасындағы қатынасты анықтайды. Шығын
өзгермей-ақ нәтиже жоғарылаған сайын, бір-бірлік шығынға қарағанда нәтиже
жылдам өскен сайын немесе аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай
түседі. Еңбек өнімділігінің көлемі өндірістегі экономикалық тиімділікті
жалпылайтын критерий болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық тиімділігінің негізі – оған
қол жеткізу үшін жұмсалған шығын мен нәтиженің өзара салыстырылуында,
осылайша тиімділік әсер дәрежесін көрсетеді.
Әр түрлі ғалым-экономистер шағын кәсіпкерліктің тиімділігін арттыруға,
оның маңызын ашуға қатысты өздерінің анықтамаларын ұсынады.
К.Решетинскийдің пікірінше, тиімділік белгілі бір қатынасты білдіреді
және соңғы нәтижеге қандай көлемде шығын жұмсау арқылы қол жеткізілгенін
көрсетеді.
Тиімділік бұл – пайдалы әсер мен оған жету үшін жұмсалған шығын
арасындағы өзара қатынас. Бірақ шығынның мақсаттылығын көрсететін нәтиже
арасындағы белгілі бір ара қатынас болып табылады.
Шағын кәсіпкерлік тиімділігінің төрт түрі анықталған, олар:
1. Экономикалық тиімділік келесі постулат арқылы корсетіледі: Кәсіпорында
шешім қабылдаған кезде әрқашан шектеулі, қолда бар құралдарды
пайдалана отырып, көздеген мақсатқа қолайлы жетуді есепке ала отыру
керек.
2. Әлеуметтік тиімділік қолда бар шектеулі құралдармен кәсіпорынның
барлық қатысушыларының әлеуметтік қажеттілігін
қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
3. Техникалық тиімділк – кәсіпорынның техникалық
мақсатына
байланысты, алға қойылған техникалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз
етеді (өндірістік потенциалға қажетті, өнімге және өндірістік
бағдарламаға қойылған сандық және сапалық талаптардың
орындалуы).
4. Экологиялық тиімділік – кәсіпорынның
экологиялық
мақсаттарға жетуіне зейін қояды.
Қызмет ету тәжірибесінде экономикалық, әлеуметтік, техникалық және
экологиялық мақсаттар бір-бірімен тығыз байланысты және тәуелді.
Әдеттегідей экономикалық тиімділікке жетуге бағытталған шешім әлеуметтік
те, техникалық та, экологиялық мақсаттарға да қатысты.
Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын экономикалық тәуелсіз тауар өндіруші
бола отырып, мемлекет бекіткен салық салымдары мен әлеуметтік шектеулер
көлемінде өндірістік дамудың тиімділігіне баға берудің кез-келген түрін
қолдануға құқылы. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтау, оның
сандық және сапалық бағалауын талап етеді, яғни қызмет ету тиімділігінің
критериі мен көрсеткіштерін анықтау.
Жоғарыда айтылған экономикалық әсер натуралды және құнды көрсеткішпен
көрсетіледі, олар кәсіпорын қызметінің соңғы және аралық нәтижелерін
анықтайды.
Осындай көрсеткіштерге мысалы: жалпы өнім, тауарлы өнім, өткізілген
өнім, өндірістік ресурстардың әртүрлі элементтерін үнемдеу, өнімнің өзіндік
құнын төмендетуден жалпы үнем жатқызылады.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық қызметін талдау нәтижелері болашақта
даму жоспарының шешімін жасау үшін негіз түрінде қолданылады, олардың
кейбіреулері кәсіпорынның арнайы және басқа да қорларының қор құраушылары
болып табылады.
Қызмет етуге баға берген кезде тек қана экономикалық емес, әлеуметтік
нәтижелерін де ескеру қажет.
Шағын кәсіпкерлікте экономикалық қызметтің тиімділігі тиімділік
категориясының баға беру мүмкіндігін одан да дәлірек көрсетеді. Ол әрдайым
нәтиже құндылықтарымен шығын құндылықтарының қатынасымен байланысты және де
баға берудің өзгерісімен өзгере алады.
Экономикалық қызмет ету тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану
дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің өндірістік шығынға қатынасы арқылы
анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылаған сайын қажетті еңбегін 1 ңгеге
жұмсаған шығынның есебінен тез өскен сайын немесе пайдалы нәтиженің бір
бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі.
Қызмет ету тиімділігі – тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және
қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына
коэффициент бойынша өлшеуге болады – шығудағы ресурстарға кірудегі немесе
өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы болып
табылады.
Экономикалық қызмет тиімділігін жоғарылату мәселесі келесі: әрбір
еңбек, материал, қаржы ресурстарының бірлігне өнім өндіру көлемінің едәуір
өсуін жүзеге асыру. Бұл нәтижеде еңбек өнімділігінің жоғарылауын көрсетеді,
яғни қызмет ету тиімділігін жоғарылатудың критериі болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттілігі мен
мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық
даму кезеңінің қазіргі заманғы ерекшелігімен ескертіледі. Жалпы тиімділік
мәселесі жаңа емес, ол материалдық өндіріс кезеңінің интерпретациясынан
бері бар және белгілі бір өндіріс түрінің өндірістік қатынастарын
көрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында бір нарық субъектісі
жұмысының нәтижесі, басқа субъектілер жұмысының нақтылығына және
жинақтылығына байланысты, мұндағы тиімділік мәселесі анықтаушы болады.
Өндірісті басқару жүйесінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін объективті
анықтай алу үлкен мағынаға ие.
Өнеркәсіпте шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін өлшеудің
бастапқы принциптері қоғамдық формациялардың барлығына бірдей. Әрине
айырмашылықтар да бар, олар жермен, уақытпен және бағалау әдісін тәжірибесі
нақты белгілеумен, ең соңында экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-
ақ экономиканы басқаруды ұйымдастырумен анықталады.
Нарықтық экономиканың және кәсіпкерліктің негізгі табысы болып
табылатындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы критериі негізінді шығын
мен ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен
сақтай отырып, олардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып табысты
максималдау алға қойылған.
Кәсiпкерлiк дегенiмiз – белгiлi бiр iстi iстей бiлу. Іс iстеу – адамның
iскерлiгi, белсендiлiгi. Кәсiпкерлiк деген ұғым өмiрде экономикалық
белсендiлiкке колданылады, адамның жан-жакты белсендiлiгiн талап етедi.
Кәсiпкерлiктiң ерекшклiктерi – дербестiк және тәуелсiздiк, экономикалық
ынталалык, шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершiлiк, жаңашылдық.
Турлерi:
атқаратын мiндетiне қарай бөлiнедi: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық,
консультациялық.
Меншiк турлерi бойынша: жеке меншiк, мемлекеттiк меншiк, қоғамдық
құрылымдар меншiгi.
Кәсiпкерлiктiң ұйымдық- экономикалық формасы:
• Концерн – көп салалы АҚ әр түрлi компаниялардың бақылау покеттерiн
сатып алады.
• Ассоциация – экономиканың дербес кәсiпорындардың ерiктi бiрлестiгi.
Маманданған кәспорындардың негiзгi мақсаты – ғылыми-техникалық,
өндiрiстiк, экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi бiрiгiп шешу.
• Консорциум – iрi финанс операцияларын жүргiзу үшiн (өте iрi жобаға
бiрiккен) кәсiпорындардың бiрлестiгi.
• Синдикат – бiр саланың кәсiпкерлерiн тауар сатуға бiрiктiру.
• Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндiрiс
мөлшерi жөнiнде келiсiм.
Кәсiпкерлiктiң ұйымдық-құқықтық формалары коммерциялық және
коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйымдарды келесі түрде бөліп
қарастыруға болады.
1.Жекелік
2.Ұжымдық
3.Корпоративтi
Жекелiк кәсiпкерлiк немесе жеке кәсіпкерлік заңды тұлға құрмастан
қызметін жүзеге асыра алады. Кәсiпкер капиталы өзiнiң жеке меншiгiнен
алынады және тәуекелдiлiк бара отырып табыс табуға ұмтылады.
Ұжымдық кәсiпкерлiктiң түрлерi: шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк
қоғамдар.
Корпоративті кәсіпкерлікке ассоциациялар мен бiрлестiктер, концерндер,
холдингтер жатқызылады.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесiне (салымдарына) бөлiнген
коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп аталады. Еліміздің
заңнамаларына сәйкес шаруашылық серіктестіктер толық, сенім, жауапкершілігі
шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп бөлінеді.
Қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық
мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп
аталады.
Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкімен жауап
беретін қатысушыларды және кәсiпкерлiк кызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын,
өздерінің қосқан салымдары шегінде тәуекел ететін салымшылары бар
серіктестік сенiм серiктестiгi деп аталады.
Бiр немесе бiрнеше адам құрған жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен
белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серіктестік жауапкершілігі шектеулі
серіктестік деп аталады. Қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап
бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты өздерінің қосқан
салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық
капиталға қосқан салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз
болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен, енгізген салымдарының еселенген
мөлшерінде қосымша жауап беретiн серіктестік қосымша жауапкершiлiгi бар
серiктестiк деп аталады.
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар
шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам деп аталады.
Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға және
мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi
өндiрiстiк кооператив деп аталады.
Қазакстан Республикасында кәсiпкерлiктiң дамуы.
Қазакстанда кәсiпкерлiк ерте заманнан келедi. Көшпелi шаруашылық
жағдайында кәсiпкерлiк еркiн дамыған жоқ.Капитализмнiң дамуымен кәсiпкерлiк
дамыды.1861 жылғы реформадан кейiн темiр жол құрылысы,ауыр өнекәсiп
салалары орын алды.
1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму жолдары
Кәсіпкерлік – шағын бизнес дамуынан басталды. Шағын бизнесте кәсіпкер
белгілі бір мақсаттарға бағытталып, белсенді болады.Өзінің кәсіпорнына
кәсіпкер көптеген энергияны, уақытын жұмсап, өзінің ісіне тапқырлықпен
қарайды. Ал ірі компанияларда менеджер өзінікі болмағандықтан жоғарғы
тиімділікке талпынбай, бірқалыпты жұмыс істей береді.
Алғашқыда кәсіпкерлік кәсіпшіліктен және сауда салаларынан бастау
алады. Уақыт өте келе дами түсті.
Біртіндеп 15 ғасырға таман көпестер, кәсіпқойлардан тұратын кәсіпкерлер
бірлестігі пайда болды. Дәл сол кезде кәсіпкерлік термині шықты. Бұл
терминге өндірістің дамуына, сауда және табыс алуға бағытталған іске
байланысты тұлғаларды жатқызған.
19 ғасырдың екінші жартысында кәсіпкер және капитал иесі – капиталист
терминдері арасындағы айырмашылық пайда болды. Корпоративті қаржыландырудың
жаңа әдістері кәсіпкерлік ұйымдардың пайда болуына әсерін тигізді. Кез
келген капиталист кәсіпкер болмауы мүмкін, ал кәсіпкер капиталист болмауы
мүмкін.Әрине капиталист басқарудың кәсіпкерлік стилін ұстануы мүмкін.
Кәсіпкерліктің ескі ұғымы соңғы кезде жаңа түсінік алды. Қазіргі кезде
кәсіпкер – бұл нарық сұранысы мен даму болашағын түсінетін және осыны
басқарушылық білімімен, өндірістік ресурстарды қолданумен табыс табу
мақсатында байланыстыра алатын адам.
Жеке, отбасылық және шағын кәсіпкерлік инициативалар шағын
кәсіпорындар негізінде ұйымдастырылады, өйткені ол үшін үлкен бастапқы
капитал қажет емес. Шағын бизнес кәсіпорындары ірі фирмалармен бәсекеге
тұра алады. Шағын кәсіпкерліктің келесі артықшылықтары бар:
• Нарық сұранысына оперативті икемділігі;
• Жаңа техниканы ендірумен байланысты жұмысты орындауда мобильділігі;
• Ресурстарды тиімді пайдалану, соның ішінде екінші сатылы өндіріс;
• өндірістік емес басқарушылық құрылымдарда жанама шығындарды азайту;
• капитал айналымының жоғарғы жылдамдығы.
Осы артықшылықтар негізінде шағын бизнестің:
• тауарлық нарықты тұтынушыларға қажетті бұйымдармен толтыруды
жылдамдатады;
Шағын кәсіпорындар – нарық қатынастарының негізі. Нарықтың монополияға
қарсы құрылымының қалыптасуы кезеңінде тек ведомстволықты ғана емес,
сонымен қатар жалпы экокномикалық монополизмді жоюда шағын кәсіпорындар
маңызды роль атқарады. Олар қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымының
қалыптасуында, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде ерекше орын
алады.
Шағын кәсіпорын – меншіктің әр түрлі формалар негізінде халық
шаруашылық салаларында құрылады және шаруашылық қызметтің барлық түрін
жүзеге асырады.
Шағын кәсіпорынға жаңадан құрылған, бұрын жұмыс істеп тұрған:
• өнеркәсіп пен құрылыста – 200-ге жуық;
• ғылым мен ғылыми қызмет көрсету ісінде – 100 шамалы қызметкерлері
бар;
• өндірістің басқа салаларында – 50 шақты;
• өндірістік емес салаларда – 25-ке;
• бөсшек саудада – 15-ке жуық адамдары бар кәсіпорындар жатады.
Шағын кәсіпорындарды: шаруашылықты бірлесіп еңбек ете отырып,
жүргізетін заңды құқығы бар азаматтар, отбасы мүшелері және басқа адамдар;
мемлекеттік, жалгерлік, бірлескен кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, олардың
кәсіпорындары, кооператив, акционерлік қоғамдар, шаруашылық қоғамдары,
серіктестіктер, шаруашылық ассоципциялары, басқа да кәсіпорындар мен
ұйымдар; мемлекет мүлкін басқаруға өкілетті мемлекет органдары құра алады.
Қазіргі таңда шағын кәсіпорындар енді-енді аяғына тұрып келеді. Мұнда
жалпы өркениетті мемлекеттердің тәжірибесі мол болғандықтан назарын соған
аударалық. Осы мәселеге байланысты кәсіпорындардың көлемі мен тиімділігі
туралы сұрақтарды қарастыру қажет.
Әр түрлі экономикалық жағдайларда кәсіпорындардың тиімділігі мен
көлемінің арасында белгілі бір байланыстар болады. 19 ғасырдың аяғы мен
20ғасырдың басынан бастап, ірі кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға қарағанда,
өздерінің тиімділігін дәлелдеп отырды. Өндіріс жедел шоғырлана бастады. Ірі
кәсіпорындардың дамуы тиімділікті арттырды, себебі өндірістің көлемі
артуына байланысты өндіріс шығындарының орташа мөлшері төмендей бастады.
АҚШ. Бұл елдің шағын кәсіпорындарына жұмысшы күшінің жартысы
жұмылдырылған. Олар елдегі барлық сауда-саттықтың 44 процентін және ұлттық
өнімнің 38 процентін өткізуді қамтамасыз етеді. Шағын бизнесті АҚШ үкіметі
1953 жылы құрылған шағын бизнес әкімшілігі арқылы сүйемелдей бастады. 1978
жылдан бастап, Ұлттық тұтыну үшін шағын бизнес деп аталатын бағдарлама
бойынша арнайы сүйемелдеу жүргізіледі. 80жылдардың басында АҚШ-тың сауда
министрлігінде бірнеше ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру және сүйемелдеу
мақсатымен шағын бизнесті басқару органы құрылды. 1980-1990жылдары басқару
бөлімі 70мың шағын кәсіпорындарға 11 млрд. доллар инвестиция және 31 млрд.
доллардан артық 180 мың кредитке кепілдік берді.
Өнеркәсіп салаларында шағын кәсіпорындардың тиімділігі бірдей емес.
Кейбір салаларда ірі кәсіпорындардың тиімділігі жоғары, ал бұған керісінше
басқа салаларда шағын немесе орташа кәсіпорындарының тиімділігі жоғары.
1-кесте. АҚШ-тың өңдеуші өнеркәсіп саласындағы әр түрлі көлемдегі
кәсіпорындардың өнім өндірудегі ара-қатынасы
Өнеркәсіп салалары Ірі: орташа және шағын
кәсіпорындарының тауар өнімінің
көлеміндегі байланысы % есебімен
Машина жасау 64:26:10
Қара металлургия 76:19:3
Темекі 64:33:3
Тағам 12:55:33
Жеңіл 12:58:30
Аяқ киім 4:73:23
Тігін 7:53:40
Резіңке (техникалық және 34:43:23
пластмассалық)
Халық тұтынатын тауарлар шығаратын салаларда (тағам, жеңіл, аяқ киім,
тігін салаларында) орташа және шағын кәсіпорындардың үлесі жоғары, ал
машина жасау және қара металлургия салаларында ірі кәсіпорындар тиімді
жұмыс жасайды.
Жапония. Бұл елде шағын және орташа кәсіпорындар өңдеу өнеркәсібінде,
құрылыста, қызмет және сауда сфераларының барлық кәсіпорындарының 99,2
процентін қамтиды.
2-кесте
Жапонияның халық шаруашылығындағы орташа және шағын кәсіпорындар
Көрсеткіштер Орташа және шағын кәсіпорындарының
үлесі, %-і
Кәсіпорындар саны 99,2
Соның ішінде:
Өңдеу өнеркәсібінде 99,5
Көтерме және бөлшек саудада 99,4
Олардағы жұмыскер және 80,6
қызметкерлердің саны
Соның ішінде:
Өңдеу өнеркәсібінде
Көтерме және бөлшек саудада 87,0
Өткізу көлемі
Соның ішінде:
өңдеу өнеркәсібінде 51,8
Бөлшек саудада 80,4
2-кестедегі келтірілген деректер Жапония халық шаруашылығында шағын
және орташа кәсіпорындар тек кәсіпорындардың саны бойынша ғана емес,
сонымен қатар олар еңбеккерлер саны және тауарлар өткізу көлемі бойынша
маңызды орын алатындығын көрсетеді.
Шағын бизнесті сүйемелдеу 40 жылдары сыртқы сауда және өнеркәсіп
министрліктерінің құрамында (қасында) ұйымдастырылған шағын және орташа
кәсіпорындар басқармасы қамқорлығы арқылы жеңілдік несие беру және салық
салу арқылы және бюджеттен тікелей қаржы бөлу жолымен жүргізіледі.
Жапонияның шағын кәсіпорындарына мемлекеттік салық салу ставкасы 12, ал
жергілікті орындарда 6-процентке кемітілген.
Қазақстан Республикада шағын кәсіпорындардың әрекеті Шаруашылық
қызметтің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы және Жеке
кәсіпкерлік туралы заңдарда анықталынған. Шағын кәсіпорындардың
дамуын экономика министрлігі бақылайды.
Қазақстанда 1994 жылдың басында 16,2 мың шағын кәсіпорындар, 12,7 мың
жекеменшік кәсіпорындар және 14,3 мың фермер шаруашылықтары әрекет жасады.
Шағын кәсіпорындар негізінде сауда және қоғамдық тамақтану органдарында
(20,7 процент), құрылыста(14,1) және өнеркәсіпте (12,9) құрылған. Жеке
меншік кәсіпорындарда: сауда және қоғамдық тамақтану (37,8 процент),
құрылыс (33,3) және өнеркәсіпте (9,9процент), әрекеттің осы түрімен
айналысады.
Шағын кәсіпорынды дамыту нарықта тауарлармен толтыру мен қызметпен тез
қамтуға, салалық және аймақтық үстемдікті жоюға, бәсекені кеңейтуге, ғылыми-
техникалық прогресс жетістіктерін енгізуге, сыртқа тауарлар шығару қарқынын
арттыруға көмектеседі. Олар адам еңбегін қажетсінетін салалардың аясын
кеңейте түсіп, жұмыссыз халықты және жұмыстан босаған қызметкерлерді
жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай туғызады.
Қазақстан Республикасының аймақтық ерекшелігі шағын бизнестің дамуына
қолайлы. Бұл әдістің басты экономикалық, демографиялық және табиғи-
географиялық алғы шарттары:
• Республикадағы шикізат ресурстарын кешенді және ұтымды игерудегі әлі
де болса, біршама резервтердің барлығы, әсіресе қазба байлық шығаратын
өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы екендігі, ең алдымен халық тұтынатын
тауарлар және қызметтердің өндіру қажеттілігі;
• Шағын бизнес - өндірісті құрылымдық жағынан қайта құруға және
экономиканы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағыттауға жол ашатындығы;
• Жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбек ресурстары санының, әсіресе
жергілікті ауылдық жерлерді жоғары екендігі;
• Республиканың Еуразиялық географиялық орналасу ерекшелігі;
• Республиканың көптеген аймақтарының шағын бизнесті дамытуға табиғи-
географиялық бейімділігі. Бұл әсіресе оңтүстік аймақ сауда және
қолөнер кәсіпкерлікті дамытуға аса қолайлыекендігімен ерекшеленеді.
Соңғы жылдардағы статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитет
деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындар саны азая
түсті. 1994жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіштер 1992 жылдан бастап,
тиісінше – 12 және 21 проценттей болса6 ал 1993 жылдан – бұған керісінше,
37 және 29 процент төмендеп кетті. Міне осыған байланысты 1994 жылы маусым
айында Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен
дамытудың 1994-1996жылдарға арналған Бағдарламасы қабылданған.
Бұл бағдарлама кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік оргшандарды
жетілдіре беру мүмкіндіктері шешу көзделген. Осы міндеттерді шешу 1996
жылдың аяғына таман жеке кәсіпкерлердің шектеулі мөлшері
Жасақталуы және олар ауылшаруашылығы өнімдерін шығарудың кемінде 70
процентін, өндірісінің 40 процентін, қызмет көрсету мен сауда тауар
айналымы көлемінің 90 процентін қамтамасыз етуіне қол жеткізуіне
тиісболатын.
Дүние жүзінің экономикасы дамыған елдерінің іс-тәжірибесін ескерсек,
олардың жүз тұрғынына шаққанда – шамамен бір-бірден шағын кәсіпорыннан
келеді екен. Осы деңгейге жету үшін Қазақстанда кемінде 150 мың жеке
шаруашылық жүргізуші субъектілер құрылуы қажет.
Шағын бизнесті дамыту мақсатымен бизнес-кластарды мына бағыттарда
ұйымдастыру көзделіп отыр:
1. халықтық кәсіпшілік бұйымдарын өндіру
2. көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерін консервілеу
3. сут өнімдерін өндіру және қалдық өнімдерді пайдалану;
4. тұрмыстық техникаларды, музыкалық аспаптарды жөндеу;
5. жеке ресторандар, қонақ үйлерді және магазиндерді ашу.
Енді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кейбір ерекшеліктері мен
кемшіліктеріне тоқталсам.
Шағын кәсіпорындардың келесі ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
шаруашылықтың жергілікті шарттарына жедел бейімделуі, шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің іс-әрекеттерінің жоғары деңгейдегі тәуелсіздігі; шешім
қабылдаудың және қабылданған шешімдердің орындалуының оперативтілігі және
иілімділігі; қызметінің, әсіресе, басқарудың жүзеге асырылуы кезіндегі
шығындардың төменгі деңгейі; жеке адам (индивидуум) үшін өз идеяларын
жүзеге асырудың мүмкіндігі; бастапқы капиталға деген сұраныстың аздығы;
жергілікті нарық талаптарын қанағаттандыру үшін өндіріс процессіне және
өнім өндіруге өзгертулердің тез енгізілуі; өзіндік капиталдың қатысты түрде
жоғары айналымдылығы .
Халықаралық Еңбек Бюросының Мәлімдемесінде былай деп айтылған : шағын
кәсіпорындар маңызды бәсекелік басымдықтарға ие, ірі кәсіпорындармен
салыстырғанда бір жұмысшыға аз капиталсалымын қажет етеді, жергілікті
материалдық және еңбек ресурстарын кеңінен қолданады.
Шағын кәсіпорын иелері қор жинауға және инвестициялауға үлкен көңіл
бөледі, олардың табысқа жетудегі жеке мотивациясы өте жоғары деңгейде . Бұл
жалпы кәсіпорын қызметіне оң әсерін тигізеді. Шағын бизнес субъектілері
жергілікті нарықтардағы сұраныс деңгейін жақсы біледі, тоарларды, көбінесе,
нақты тұтынушылардың тапсырыстары бойынша өндіреді, жалданбалы жұмысшылар
санының өсуіне жағжай туғызады.
Шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда жұмысбастылар санын
көбейтуге әсер етеді, сонымен қатар кәсіпті кадрларды даярлауға және
тәжірибелік (практикалық) білімдерді таратуға ықпал етеді. Тағы бір айта
кететін жайт, шағын кәсіпорындар бірқатар шетелдерде басымдықты иеленуде,
тек саны жағынан емес, сондай–ақ өнім өндірудегі үлесі, жұмыс атқаруы,
қызмет көрсетуі бойынша .
Солай бола тұрса да, шағын кәсіпкерлікке кейбір кемшіліктер де тән,
солардың ішіндегі ең маңыздылары: тәуекелдік дәрежесі өте жөғары, сондықтан
нарықтағы жағдайдың тұрақсыздық деңгейі де жоғары; ірі компанияларға
туелділігі; істі басқарудағы кемшіліктер; қосымша қаражат және несие
алудағы қиындықтар; келісімшартқа отырғанда әріптестер сенімсіздігі.
Әрине, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кемшіліктері мен сәтсіздіктері
ішкі және сытрқы себептерге байланысты.
Тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпорындардың сәтсіздіктерінің көбісі
менеджерлердің тәжірибелерінің жоқтығына және шағын кәсіпорын иелерінің
кәсіби маманданбағанына байланысты. Тәжірибе жинақтаған кәсіпкерлер шағын
фирмаларда жұмыс жүргізгенде табысты болып келеді. Егер фирманы бір адам
емес, екі, үш немесе төрт адамнан құралған кәсіпкерлік топ басқарса ,
кәсіпорын өмір сүру мүмкіндігі жоғары, өйткені бірлесіп шешім қабылдау
кәсіпті және тиімді. Шағын фирмалардың өмір сүруінің ұзақтығына тағы
бастапқы қаржыландыру көлемі де әсер етеді.
Қоғамдағы біресе пайда болатын, біресе жойылатын сұранысты іздеу және
оған бейімделіп, икемделу – шағын бизнес стратегиясының негізін құрайды.
Әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, әртүрлі ұйымдық –
құқықтық формалардағы кәсіпорындардың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
жатқызылуының негізгі критериі болып жұмысшылардың саны табылады. Бірқатар
ғылыми жұмыстарда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір меншік иесі
басқаратын кәсіпорын немесе шағын адамдар тобынын құралған кәсіпорын
жатқызылады делінген. Ережеге сәйкес, нарықтық экономика субъектілерінің
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуының жалпы көрсеткіштеріне
персонал саны , жарғылық капитал көлемі, активтер көлемі, айналым ( табыс ,
пайда ) мөлшері жатқызылады. Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша,
көрсеткіштердің жалпы саны 50-ден асады. Алайда жиі қолданылатын
критерийлерге келесілер жатады: кәсіпорындағы жұмысбастылардың орташа саны,
жылдық айналым, активтер мөлшері. Дамыған елдердің барлығында шағын
кәсіпкерлік субъектілерін осы жұмыскерлер санына байланысты анықтайды.
Европалық Одақта 1995 жылдың бірінші қаңтарынан шағын кәсіпорындарға
көрсеткіштердің келесі деңгейінен аспайтындар жатады: жұмыскерлер саны 50-
ге дейін; жылдық айналым 4 млн.-ға дейін; баланс сомасы 2 млн.-ға дейін .
Шағын кәсіпорындарды қолдау жөніндегі шаралар белгілі болғанда, шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің басқа да көрсеткіштері қолданылуы мүмкін.
Европалық Одақ Комиссиясы ұсынған көрсеткіштер мынадай: жұмыскерлер
саны 100-ден аспайтын; өзіндік негізгі капитал мөлшері 75 экюға дейін болуы
және осы кезде мынадай шарт орындалуы керек: жарғылық капиталдағы ірі
компаниялар үлесі үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Европалық Одақ
Комиссиясы тағы микрофирмаларды бөліп көрсеткен, олардағы жұмысшылар саны
10 адамға дейін . Бұл микрофирмалар, негізінен, жеке – дара, жанұялық
кәсіпорындар немесе фермерлік шаруашылықтар болып табылады .
Экономикалық ынтымақтастық және дамудың халықаралық ұйымы 19-ға дейін
жұмысшылар саны бар кәсіпорындарды өте шағын, 99-ға дейін жұмысшылар
саны бар кәсіпорындарды шағын, ал 100-ден 499-ға дейін жұмысшылар саны
бар кәсіпорындарды орташа деп, ал 500-ден астам жұмысшылары бар
кәсіпорындарды ірі деп атап көрсеткен .
Қазіргі заманғы экономикада шағын кәсіпкерліктің рөлі өте маңызды
Дамыған елдерде шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың 55%-дан 80%-
ға дейіні еңдек етеді, ал Жалпы Ішкі Өнімнің 50%-дан 65%-ға дейіні
өндіріледі. Қазір шағын бизнес тұрақты саяси және экономикалық дамудың
ядросы қызметін атқарады.
Ірі өндіріспен салыстырғанда шағын кәсіпорындар бірқатар басымдықтарға
ие. Ол нарықтық таңдаудың кең еркіндігін ұсынудан, шығындарды тез қайтарып
алудан, тұтыну сұранысының өзгеруіне жедел бейімделуінен көрінеді. Сондай-
ақ шағын бизнес нарықты тауарлармен (қызмет көрсету, жұмыстар орындау)
толтыруға, салалық және аймақтық монополияны жоюға , бәсекелік деңгейін
өсіруге қабілетті болады.
1.3. Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар.
Фактор сөзі (латын тілінен аударғанда – істеуші, өндіруші) нарық
жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің тиімділігіне әсер етуші күш
деп қарастырып кетеміз.
Нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің тиімділігіне
көптеген факторлар әсер етеді.
Жағымды – бұл факторлар аты айтып тұрғандай-ақ шағын кәісіпкерліктің
қызметіне жағымды әсер етеді.
Жағымсыз – керісінше бұл әсер ету бағытына байланысты жіктелуі.
Шағын кәсіпкерліктің тиімділігін арттыратын факторларға мыналар жатады.
1. Өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдану.
2. Экономиканың құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық факторлар,
ұтымды басқару, шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік инфрақұрылымын ары
қарай дамыту, өнімнің сапасын арттыру. Шетелдік инвесторлар мен
біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен
олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі. Шет
елдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да
тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді:
• Ауқымды инвестицияларды тарту.
• Әлемдік деңгейдегі менеджментқызметі құлдырау жағдайында болған аса
ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.
• Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді
кірігу қамтамасыз етілді.
Бірінші топқа жататын факторлар шағын кәсіпкерліктің өндірістік
ресурстарын, алдағы мүмкіндіктерін анықтайды.
Осы мүмкіншіліктердің әрі қарай іске асырылуы екінші факторға
байланысты, яғни нарық қатынастарына байланысты.
Олардың жүзеге асырылуы келесілерге бағытталған.
• Нарықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында өндірістің ырғақтылығын
қажетті ресурстарды уақытылы жеткізу;
• Тиімді коммерциялық жұмысты жүргізу үшін өндіріс шығындарын азайту
және бірқалыпты жағдайда сақтау;
• Кәсіпорынның техникалық және экономикалық деңгейін қамтитын табыс
көлеміне қол жеткізу. Бұл тауарлық маркетингті жүргізу барысында
жүзеге асырылады.
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің өндірістік қызметі сыртқы
факторларға байланысты. Оларды келесідегі топтарға біріктіруге болады.
• Әлемдік нарықтың және ішкі нарықтағы жағдайдың өзгеруімен байланысты.
• Мемлекет ішінде немесе глобалдымасштабтағы саяси жағдайдың өзгеруімен
байланысты.
• Инфляциялық процестермен байланысты.
• Мемлекеттің қызметімен байланысты.
Жоғарыда айтылғандай кәсіпкерлік қызметтің дамуына байланысты және
байланысты емес көптеген факторлардың жиынтығы оның қызмет ету тиімділігіне
әсер етеді.
Шағын кәсіпкерлік қызметіне байланысты қызмет ету тиімділігінің басты
факторларына өндірілген өнімнің көлемінің өсуі, өзіндік құнының төмендеуі,
сапаның жақсаруы, өндірістік қорларды тиімді пайдалану дәрежесі, еңбек
өнімділігінің жоғарылауы жатқызылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне байланысты емес факторларға
жататындар: мемлекет реттейтін өткізілетін өнімнің бағасының өзгеруі,
өнімді өндіруге және өткізуге табиғи, географиялық, транспорттық және
техникалық жағдайдың әсері.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі қызметінің тиімділігіне әсер ететін келесі
факторы өнімді өндіру және оны өткізу болімінің өзгеруі болып табылады.
Нәтижесінде өткізу көлемі өскен сайын кәсіпорынның тиімділігі арта түседі
және керісінше.
Маңыздылығы кем емес тиімділікке әсер ететін факторлардың бірі өнімнің
өзіндік құнының өзгеруі болып табылады. Табыс көлемі мен өнімнің өзіндік
құны арасында кері байланыс бар. Өнімді өндіру және өткізу шығындарының
көлемімен анықталатын өнімнің өзіндік құны төмендеген сайын, табыс
жоғарылайды және керісінше болады. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызмет
тиімділігіне тікелей әсер ететін факторларға қолданыстағы баға жатады.
Өнімнің ерікті бағасының деңгейі белгілі – бір деңгейде кәсіплрынның өзіне
байланысты болады. Ал кәсіпорынға байланысты емес факторға
жоғарыдаайтылғандай мемлекет реттейтін баға жатады.
Жоғарыда қарастырылған факторлардан басқа шағын кәсіпкерлік
субъектісінің қызмет ету тиімділігіне әсер ететін факторлар өндірілген және
өткізілген өнімнің құрылымына байланысты. Рентабельділігі жоғары өнім
көлемінің үлесі көп болған сайын, кәсіпорын табысы көбірек болады. Жалпы
алғанда кәсіпкерлік қызметке ықпал ететін факторлар кәсіпорынның орналасқан
жеріне, оның экономикалық белсенділігіне, қызмет түріне, өнім өткізу
нарығына және тағы басқа жағдайларға байланысты ерекшеленіп отырады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік
аспектілігінде . Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын
көбейтуге жағдай жасайды , сөйтіп , жұмыссыздықты азайтады . Бұдан басқа
халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай
өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі . Ең алдымен бұған
қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай
болуына қарай өздерінің жеке ісін ашу , өзінің бизнеспен айналысуын
жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ , шағын кәсіпорындардың
дамуына қажеттілігін тудырады .
Сонымен , жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа
өтуінде шағын кәсіпорындар жанама өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің
ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден,
нарықтық қатынастардың тұрақтылығы , солай болғандықтан, халықтың көптеген
бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда
олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді , терең мамандандыруда іске
асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады.Онсыз оның
экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық
дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді;
үшіншіден шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың
қызмет етуіне тиек болады .
Шағын кәсіпорындар жайында статистикалық мәліметтерге назар аударайық .
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2005
ж. 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген , оның 195,7
мың шағын кәсіпорындар құрайды.
Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтар саны
2005 ж. 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиісті күніне
8,7%-ды құрады.
Шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2003 ж. 16,2%-ды құрады.
Заңды тұлғалар - тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен кірістерінің
артуы 2004 ж. 2003 ж. қарағанда 8,7%-ды құрады.
Шағын кәсіпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем
өзгерген жоқ.. Белсенді заңды тұлғалар - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
жалпы санынан Сауда ; автомобильдерді , тұрмыстық бұйымдар мен жеке
пайдаланатын заттарды жөндеу саласы - 40,5 %-ы басым жағдайды иеленген ,
шағын кәсіпкерлік саласында белсенді халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы
жұмыспен қамтылған (шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың жалпы
санынан 31%-ы).
2003 ж. көлеңкелі экономиканың үлесі ЖІӨ-ден 22,6%-ды құрады, әйтсе де
1992 жылдан 1998 жылдар кезінде аталған көрсеткіш орташа 30-38%-ға дейінгі
аралықта бағаланды.
2.Бикен-жарнама ЖШС мысалында кәсіпорын қызмет ету тиімділігін талдау
және бағалау.
2.1. Бикен-жарнама ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы.
Бикен-жарнама кәсіпорны 1993 жылы екі кәсіпорынның бірігуі негізінде
құрылған: Алматы қала безендіру және Алматылық трикотаждық комбинаты.
Өндірістік кооператив нысанында 4 жыл бойы жұмыс істеп өндіріс ұлғаюы мен
жұмысшылардың санын көбейту арқылы кәсіпорын Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексі, шаруашылық серіктестіктер туралы Заңдық күші бар
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы және тағы басқа
заң шығарушы мен құқықтық актілер негізінде шаруашылық жүргізуші субъектіге
ауыстырылды.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен кейін, жеке меншік құқығы бар,
өзіндік балансы бар, республикалық және шетелдік банктік шоттары бар,
өзінің мөрі және басқа да реквизиттері бар заңды тұлға болып табылады.
Серіктестік өзінің қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге
асырады. Республикада және шет елде өз атынан келісім-шартқа отыруды жүзеге
асырады, мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болып, жауапкершілік
апарады, сотта жауап тартушы және жауап апарушы ретінде қатысады.
Серіктестіктің жарғылық қоры 62000 (алпыс екі мың) теңге көлемінде
тіркеледі, бұл құрылтайшының өзіннің ақшасы негізінде жиналып, серіктестік
меншігіне беріледі.
Құрылтайшы жарғылық капиталға өзінің жарнасы көлемінде серіктестіктің
міндеттерімен жауапты болатын жеке тұлға болып табылады. Серіктестік өзінің
міндеттерімен барлық мүлкіне жауап апарады.
Серіктестікті құру және қызмет атқарудың мақсаты өндірілген өнім,
атқарылған жұмыс, көрсетілген қызметке қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру және алынатын таза табыс негізінде кәсіпорын жұмысшылары мен
құрылтайшыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру
болып табылады.
Серіктестік келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: өндірістік, сауда-
саттық, делдалдық-коммерциялық, олар өз кезегінде келесілерді жатқызады:
• металдық құрылғылар, визуалды және түстік жарнаманы дайындау, құру
жұмыстары және монтаж;
• жарнамалық өнімді шығару, символдарды шығару, фирмалық белгілер,
дизайнерлік құру жұмыстары;
• көркем-безендірушілік қызмет, көркем және сувенирлік өнімдерді
шығару;
• баспашылық қызмет, полиграфиялық және баспа өнімдерін шығару;
• қоғамдық тұтыну тауарлар өндірісі, өндірістік-техникалық тауарлар
өндірісі;
• өндірістік-техникалық өнімдерді сату, сатып алу бойынша коммерциялық
қызметті атқару. Бұған шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар,
техника, жанармай, қоғамдық тауарлар, өнімдер жатады.
• сауда-саттық қызмет;
• әр түрлі өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдерді көтерме және
бөлшек сауданы жүргізу, ұйымдастыру. Бұған шикізат, материалдар,
қоғамдық тұтыну тауарлары, әр түрлі тауарлар, өнімдер, автокөліктік
құралдар мен механизмдерді айырбастау және делдалдық операцияларды
жүргізу;
• делдалдық және жабдықтау қызметі;
• өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы келісімдік қатынастарды
қалыптастыру, маркетинг, менеджмент;
• жарнама-ақпараттық қызмет.
Серіктестік қызметінің мақсаты өз клиенттерін қанағаттандыру болып
табылады. Оның клиенттеріне: Қазақстан Республикасында және одан тыс
жерлерде қызмет атқарушы кәсіпорындарды шаруашылық қызмет өндірісінен
максималды пайда түсіретін сапалы жарнамалық өнімшығару. Серіктестік
шығарушы өнім ассортименті 100-ге жуық. Тұтынушылық сұраныс құрылымының
өзгеруінен соңғы жылы шығарылатын өнім ассортименті кеңейді.
Барлық өндірілетін өнім 6 топқа бөлінген:
1) Баспа өнімдері: жалаулар, ауыстырушылар, плакаттар, марапаттау
ленталары, палаткалар, қолшатырлар, тенталар, орамалар, пакеттер.
2) Тігу өнімдері: баскиімдер, киім-кешек, арнайы қызметкерлер киімі,
жалаулар және басқа да өнімдерді тігу.
3) Шелкография – бұйымға логотипті жасау, оның ішіне: стикерлер,
трансферттер, диспенсерлер, қаламсаптар, қапшықтар т.б. жатады.
4) Тігін өнімі: погондар, тігіншемелер.
5) Биллбордтар.
6) Түсті жарнама.
Өндірілетін өнімнің үлкен үлесі баспа өнімдеріне (58%), түсті жарнамаға
10%, биллбордтарға - 7%, тігін өнімдеріне – 9%, шелкографияға – 9% келеді.
3-кесте. Бикен-жарнама ЖШС-ның техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
№пп Көрсеткіштер 2003 жылы 2004 жылы
1 Өнім өткізуден түскен табыс, мың тг. 114666 249600
2 Өнімнің өзіндік құны, мың тг. 93680 209363
3 Жиынтық табыс, мың тг. 20986 39237
4 Негізгі қызметтен түскен табыс, мың 10460 12120
тг.
5 Негізгі емес қызметтен түскен табыс, 10460 12120
мың тг.
6 Салық салудан кейінгі негізгі емес 7322 8484
қызметтен түскен табыс, мың тг.
7 Таза табыс, мың тг. 7322 8484
8 Жұмысшылардың орташа тізімі, адам 112 124
9 Қорқайтарымдылық, тг. 3,91 6,28
10 Қорсыйымдылық, тг. 0,26 0,16
11 Активті бөлімнің қорқайтарымдылығы 4,50 7049
12 Еңбектің қорқаруландырылуы, мың тг. 262,142 319,227
13 Материал қайтарымдылығы, тг. 21,10 31,11
14 Материал сыйымдылығы, тг. 0,047 0,032
15 Бір жұмысшының жылдық орташа тигізген 1023,804 2004,839
үлесі, мың тг.
Техникалық-экономикалық көрсеткіштердің талдауы келесі бағыттарды
анықтады: 1) зерттелген периодта кәсіпорын табыстарының барлық түрлері
(өнім өткізуден түскен табыс, жиынтық табыс, негізгі қызметтен түскен
табыс, салық салуға дейін және салық салудан кейін негізгі емес қызметтен
түскен табыс, таза табыс) көбейді, бұл өндірістің ұлғаюы мен көлемінің
өсуіне байланысты; 2) өнімнің өзіндік құны өсті, бірақ оның өсу қарқыны
таза табыс көрсеткішінде айқын көрінбейді; 3) жұмысшылардың орташа тізімі
ұлғайды; 4) соған байланысты әрбір жұмысшының жылдық орташа қызмет жасауы
екі есеге жуық өсті; 5) қорқайтарымдылық, еңбектің қорқаруландырылу
көрсеткіштері өсіп, сәйкесінше қорсыйымдылық көрсеткіші төмендеді; 6)
материал қайтарымдылығы өсіп, материал сыйымдылығы төмендеді. Осылайша
Бикен-реклама ШЖС ресурстарын пайдалану жалпы бағалағанда тиімді болып
табылады.
Талданатын периодтың ішінде кәсіпорын қызметін суреттеу үшін
кәсіпорынның өндірістік күштерін толық, тиімді пайдаланылуын талдау қажет.
Зерттелетін уақыт ішінде өнім өндірісінің динамикасын анықтаймыз. Осыған
орай шығарылған өнім ассортименті кең болғаннан кейін, өнімнің негізгі 6
тобын белгілеп көрсеттім. әр топ бойынша өндірілген өнім проценттік
көрсеткіштермен анықталған. Талдаудың қорытындылары 4-кестеде көрсетілген.
4-кесте. Кәсіпорын өндірістік күштерін тиімді пайдаланудың талдауы.
№ Көрсеткіштер 2003 жылы 2004 жылы
Күштерді тиімді пайдалану (%):
1 Баспа өнімдері 62,8 70,3
2 Тігу өнімдері 45,6 51,8
3 Тігін өнімдері 27,6 33,3
4 Шелкография өнімдері 73,3 81,1
5 Биллбордтар 40,0 49,7
6 Өнімнің 5 негізгі топтары бойынша өндірістік 49,86 57,24
күштерді орташа пайдаланудың орташа көрсеткіші
Барлық талданатын период кезеңінде кәсіпорын өндірістік күштерінің
тиімді пайдаланылуы 100%-ке жеткен жоқ.
Мысалы баспа өнімдерінен өндірістік күштердің максималды тиімді
пайдаланылуы 2004 жылы 70,3%-ті құрады, ал минималды пайдаланылуы 62,8%
құрды; шелкография өнімдері бойынша 73,3%-тен 81,1%-ке дейін
өсті.Өндірістік күштердің тиімді пайдаланудың ең төменгі көрсеткіштері
тігін өнімдерінде 33,3 көрсетіледі. Тігу өндірісі мен билбордтар
өнімдерінің жағдайлары салыстырмалы түрде бірдей болып келеді. Осы
өнімдердің өндірістік күштерін тиімді пайдаланудың көрсеткіштері 51,8% және
49,7%-ке дейін өсті.
Жалпы алғанда зерттелген период аралығында өндірістік күштердің
пайдаланылу қарқыны өсті: баспа өнімдерінде 62,8-ден 70,3%-ке, тігу
өнімдерінде – 45,6-дан 51,8%-ке, тігін өнімдерінде 27,6-дан 33,3%-ке,
шелкография өнімдерінде 73,3-тен 81,1%-ке және билбордтарда 40,0-тан 49,7%-
ке дейін.
Кәсіпорында негізгі қорлар көлемі интенсивті өскендіктен, кәсіпорын
өндіріс көлемі мен өнім өткізуді көбейту керек болатын. 2003 жылға
өндірістік күштердің пайдаланылуы орташа 49,86%-тін құрды. Сол себептен
кәсіпорын басшылығы өнім өткізудің жаңа тауарларын тауып бейімделуі керек.
Өндірістік күштердің пайдалану тиімділігін анықтағаннан кейін, негізгі
капиталды қолдану мен зерттелетін периодта кәсіпорынның мүліктік жағдайын
бағалайық. Қаржылық-шаруашылық қызметті бағалаудың көрсеткіштер жүйесінде
кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау үлкен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz