Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
Жоспар:
Кіріспе
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін
негіздеу
1.1. Қолдану саласын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Кәсіпорын қызметінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.4. Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын
талаптар ... .10
1.5. Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын
талаптар ... .10
1.6. Ақпараттық жүйесінің концептуалды
схемасы ... ... ... ... ... ... ..11
2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау
2.1. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Басты ақпараттық көзі - бухгалтерлік
есеп ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3. Қаржы жағдайын талдаудағы
міндеттемелер ... ... ... ... ... .. ... ...20
2.4. Қаржылық жоспарлау,
болжау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 24
2.5. Кіріс және шығыс
құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...32
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 3
Кіріспе
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және
шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың
негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр.
Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат
мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан
Республикасының ақпараттандыру Заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын,
қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік.
Ақпарат дегеніміз - оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің
қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму
дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен,
біліктілігімен анықталады. Сондай - ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық
технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі
пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді
қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.
Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономиканы басқарудың қажетті
таптырмас құралына айналады. АЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді,
өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді жобалық
шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді, экономика бағытындағы қызметкерлерді,
техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен
әдістерді, сондай - ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы
деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі.
Ұсынылып отырған жұмыстың мақсаты – кәсіпорын қызметінің жалпы
жағдайын, қаржылық сенімділігін талдауға, оның элементтері және нақты
операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс - жүзіндегі шараларды өңдеуге
негізделген.
Қызметтердің барлық түрі (лицензиялануы тиіс қызметтер) Қазақстан
Республикасының Лицензиялану туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Өнімді өткізу Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асады. Негізгі
тұтынушылар мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жоғары
сапаны қажет ететін ішкі нарық.
Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенін
қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс.
Компьютерде жұмыс істеу үшін "достық интерфейсі" және ақпараттық жүйе
қолдануда қарапайым болуы керек, ол жағдайды алдын ала болжап, кәсіпорынның
барынша зиян шекпеуін қадағалайды.
АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты - нақты объектінің басқару жүйесін
қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен экономика - математикалық
әдістермен дамыта түсу. АЖ - ні жобалаудың ерекшелігі экономикалық
объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды
қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ - ні жобалау әр
түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп
қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол
берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ні тұрғызу кезінде тізбектеліп
орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі - бұл жұмысты ұтымды жоспарлау
мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.

1.1.Қолдану саласын талдау
Кәсіпорын қаржысы жалпы қаржы жүйесі қатынастарының бір бөлімі
және қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс
қорлармен, сақтандыру т.б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржынарығы
қатынасушыларымен тығыз байланысты.
Кәсіпорынның бірден–бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының
бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы
коэффициентін анықтайды.
1.2 Кәсіпорын қызметінің сипаттамасы
Кәсіпорын – бұл өндіру үшін құралған дербес шаруашылық жүргізетін
субъект, өндірілген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен
қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болуы
керек.
Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:
← Кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;
← өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;
← құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
← инвестиция және бюджеттен дотация;
← қайырымдылық жарнама;
← мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
← мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
← мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.
Кәсіпорынның негізгі ұйымдастыру функциялары:
← нормалау;
← күнделікті жоспарлау, еңбекті бөлу және кооперациялау;
← жұмыс орнын жоспарлау;
← еңбекке қолайлы жағдай жасау;
← дайын өнімді өткізу;
← рационализация (жаңашылдық).
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты
Ақпараттық жүйені тұрғызудың негізгі мақсаты – сұраушыларға
кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпараттарды немесе мәліметтерді
жинау, оларды өңдеу, сақтау және оларды қолдану саласы бойынша
автоматтандыру.
1.3. Ақпараттық жүйе құрылымына қойылатын талаптар
Ақпарат жүйесі – ақпаратты жинаудың, өңдеу, бөлу және қолданудың
әдістемелері мен құралдарының жиынтығы. Ақпарат жүйесі - өте кең ұғым.
Құрамдық сипаты бойынша 2 үлкен бөлімнен тұрады.
1-кесте
Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің
қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын (атқарымын) жүзеге
асыратын программалар жиынтығы. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады:
жалпы ПЖ және арнайы ПЖ.
Жалпы ПЖ – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін
ұйымдастыру мен ақпараттарды өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге
бағытталған программалар жиынтығын құрайтын КБРТ-дағы ПЖ бөлімі. Жалпы ПЖ-
ға мынадай негізгі компоненттер кіреді: операциялық жүйе, программалық өнім
және сынақтық-тесттік программалар.
Арнайы ПЖ - КБРТ-дың әр түрлі атқарымдық қосалқы жүйелері үшін нақты
мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалар.
2-кесте
Программалық жабдықталуына қойылатын талаптар:
1 Жалпы жүйелік программалық Microsoft 2000, NT, XP
жабдықталуы
2 Офистік бағдарламасы Office 2002
3 Қолданбалы программалық ортасы Delphi 7 программалық ортасы
4 МББЖ Paradox, Oracle, Database Desktop
5 Көмекші программалар Драйвер, утилиталар,
тексттік-кестелік редакторлар
Ұйымдастырушылық жабдықтау - жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын
айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады.
Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс
істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Оның
құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.
Бірінші топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік
құжаттарды қамтиды:
➢ ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
➢ типтік жобалар шешімі;
➢ кәсіпорынды алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі
әдістемелік материалдары;
➢ құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік
материалдары.
Екінші компоненті ақпарттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені
функционалдануында керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.
Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып
табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме,
техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.
Ұйымдастырушылық жабдықтаудың төртінші компоненті Іскер. Онда
жүйенің басты құрастырушыларды және функионалдық бөлімінің мамандарының
тізімі берілген.
Құқықтық жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және
эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды
қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта
түзету.
Жүйені тұрғызу барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен
атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді.
Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе
деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпаратты
өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды
қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.
Қазіргі уақытта қызметтердің барлық түрі (лицензиялануы тиіс
қызметтер) Қазақстан Республикасының Лицензиялану туралы Заңына сәйкес
жүзеге асырылады.
Техникалық жабдықтау – бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің
жұмыс істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені.
Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің
орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға
болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және тұтыну.
Бірінші сатысы экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда
болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан
тұрады.
Ақпараттарды түрлендіру операцияларының тобы (екінші саты)
ақпараттартың мағыналарын, нысандарын, құрылымдарын кеңістік және уақыт
бойынша өзгертуге бағытталған.
Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін және басқарудың
ақпараттық үрдісін жалғастыру үшін тұтынылатын мәні бар операциялар тобын
біріктіреді.
3-кесте
Техникалық конфигурациясына қойылатын талаптар:
№ Түрі Көрсеткіші, мәні
1 Компьютердің қуаттылығы 2400 Ггц
2 Жедел жадының көлемі 1024 Мб
3 Қатты жадының көлемі 80 Гб
4 Дисковод Қажет
5 CD – ROM Қажет
6 Микропроцессор Pentium (R) 4 CPU
7 Модем қажет емес
8 Файлдық жүйесі NTFS
9 Монитор түс беру сапасы 32 бит
10 Монитордың экрандық рұқсаттамасы 1152 нүкте 864 нүктеге
11 Видеокарта 256 Мб
Технологиялық жабдықталуы – ақпараттық технологиялар және олардың
ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау әдістерінің
жиынтығы.
Математикалық жабдықталуы – ең озық есептеу техникасының көмегімен
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттарын өңдеу және есептерді
шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдердің
жиынтығы. Математикалық жабдықтау экономикалық моделін, блок-схемасын,
алгоритмін құрып программалау жобасын жасаймын. Жабдықтау белгілі бір нақты
міндеттерді шешуді қамтамасыз ету керек және міндеттерді шешу барысындағы
дербес ЭЕМ-нің қызметін басқарып, оның орындалуын бақылап отырады.
АЖ-нің математикалық қамтамасыздандыруына қойылатын жалпы талаптар
болып мыналар табылады:
- аса тәжірибелі математикалық әдістермен алгоритмдерді пайдалану;
- қолданбалы бағдарламалар пакеттермен берілетін, типтік әдістерді,
алгоритмдерді, модельдер мен мүмкіндіктерді максималды пайдалану;
- пайдаланылатын математикалық әдістер техникалық және бағдарламалық
құралдардың мүмкіндіктерін ескеруі қажет, орын алатын жадының көлемі
мен шешу уақыты бойынша минималды мәндерге ие болуы тиіс;
- алгоритмдерді көрсетудің кез келген пішімі рұқсат етіледі: формулалық,
кестелік, блок-схема, сөздік бейнелеу және тағы басқалар.
ЭАЖ математикалық жабдықтауға келесі талаптар қойылады:
1) қолайлы математикалық әдістер мен алгоритмдерді пайдалану;
2) қосымша программалар пакеті беретін үлгі әдістермен алгоритмдерді
максималды пайдарану;
3) алгоритмнің кез келген түрі кіргізіледі: формулалық, кестелік, блок-
схемалық және т.б;
Математикалық жабдықтау келесі жалпы талаптарға сай келу қажет:
• ақпаратты іздеу нақты кілттерінің мәні жоқ болу қажет;
• қолданылмалы қосымша программалы пакетке енгізілетін стандартты
іздеу және есептеу процедураларын максималды пайдалану;
• программаның орындалу жолын бақылауды қамтамасыз ету;
Лингвистикалық жабдықтау – бұл ақпаратты автоматты түрде өңдеудің
тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен
байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-
техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтауға мыналар жатады:
1) ақпараттық базаның құрылымын бейнелейтін ақпараттық тіл;
2) мәліметтерді басқару және айла-шарғы жасау тілі;
3)Ақпараттық жүйені жобалау және жобалауды автоматтандыру жүйесінің тіл
құралдары;
Бағдарламалардың көптеген пакеттері бағдарламалаудың бірдей
тіліне ие. Мұны бағдарламалау тілін таңдауда ескеру қажет. Бағдарлама-ларды
құру мен жүргізудің қарапайымдылығы болжалуы тиіс. Бағдарла-малармен жұмыс
кезінде мәліметтерді орнатуды, ұйымдастыру мен көрсетуді қамтамасыз ететін,
мәліметтер анықтамалары мен сөздіктер жүйесі алдын-ала қарастырылуы керек.
Эргономикалық жабдықтау – жұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары
тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны
игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. КБРТАЖ-нің
эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:
➢ жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер
құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз
ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа
сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің
эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
➢ жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын
талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін
әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық
құралдар кешені.
Ақпараттық жабдықтау – КҚЖТАЖ-де қолданылатын техникалық-экономикалық
ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар
жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.
Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпараттың толықтығына,
сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:
➢ басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
➢ практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда
шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
➢ тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-
талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
➢ басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты
пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
➢ ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын
қамтамасыз ету.
Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет
ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:
➢ ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін
жасау;
➢ ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
➢ ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
➢ деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
➢ деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
➢ тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын
сәйкестендіру.
Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың
құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады.
Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база болып
бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге
асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі
машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады.
1.4.Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар - жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат
және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы.
Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент,
табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамaсыз ету
бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан,
математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы
жабдықтаудан.
Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар
жиынтығын, алгоритмдерді, экономика-математикалық әдістерді және
модельдерді қосады.
Ақпараттық жабдықтау ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық
және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.
Ұйымдастырушы жабдықтау АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы
жабдықтауға кіреді.
1.5. Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын
экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері
мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің
бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан,
ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару
шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне
қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның
құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі
жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық,
ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.
КҚЖТАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.
КҚЖТАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар кіреді:
➢ Рейтингті талдау ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;
➢ Сыныптау және кодтау;
➢ Нормативті - анықтамалық құжаттар.
Рейтингті талдау ақпарат ұғымы - кәсіпорын қызметінің, жұмысының
қандай деңгейде екендігін анықтау үшін керекті мәліметтер, ақпараттар.
Сыныптау дегеніміз – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері
бойынша ретке келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын
топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша топ, түр,
қосымша түр, тип.
Кодтау – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі
дегеніміз – бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.
Нормативті - анықтамалық құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз
пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа
деректер кіреді.
Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін
бейнелейді, яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат.
Ішкі жабдықтау – КҚЖТАЖ-нің жұмыс істеу кезінде пайдаланатын
машиналық тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын
ақпараттық қордың бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ немесе ДЭЕМ-де
ақпаратты автоматты түрде енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді.
Оған қатты магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар,
фотохромдық тасығыштар, микрофильмдер және тағы басқалар жатады.
4-кесте
Ақпараттық ауқымдар – белгілі тәсілмен атауланған және
ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланыста болатын деректер жиынтығы.
АА-дың деректемелер (реквизиттер) тізбесі, әрбір деректеменің ұзындығы және
олардың АА-ға орналасу тәртібі анықталады. АА-дың тағайындалуы бойынша
енуші, аралық және шығушы болып бөлінеді. Енуші ауқымдарға жедел немесе
бастапқы ақпарат және объектінің басқару бойынша мәселені шешуге деген
сұраныстар кіреді. Шығару ауқымы экранға немесе баспаға берілетін
деректерден тұрады. Осы ақпараттар негізінде пайдаланушылар шешім
қабылдайды, яғни ақпараттарды пайдаланады.
1.6. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесінің
концептуалды схемасы
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты
әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі
концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін
бейнелейді және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі
бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды
бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке
жабдықтаушы жүйешелер жатады.
Концептуалды схема

2.1. Мәселе қойылымы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесіндегі
негізгі мәселе - дер кезінде кәсіпорынның қазіргі жағдайы жайлы
мәліметтерді алып отыру.
Қаржы – бұл ақша қатынастары. Қаржы ылғи да ақша түрінде көрінеді:
бөлу түрін, әртүрлі табыстардың жасақталуын және пайдалануын, шаруашылық
субъектісінің қорын, мемлекеттің өндірістен тыс сфера құрамының
инвестициялық және қаржылық іс-әрекетін көрсетеді.

Қаржылық қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өндірістік, инвестициялық жұмыс жүргізу барысында ақша қатынастары арқылы
кәсіпорынның өз қаражаттарын жасақтау, олардың табыстарының және қарызға
алынған жасақтарынан қор жинау және тұтынуға бөліп жұмсауымен байланысты.
Кәсіпорынның жұмысын қаржыландыру және оның жасақталу көздері.
Қандай да болмасын кәсіпорынның бастапқы капиталы құрылтайшылардың
қаражаттары есебіне құрылады. Ал салынымның түрлері: ұзақ пайдаланылатын
объектілер, өндірістік запастар, бағалы қағаздар, мүліктік құқық, сонымен
бірге белгілі бір сома ақша болуы қажет.
5-кесте
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері
Принциптері Принциптердің мазмұны
Нақтылығы Талдау нақтылы деректерге негізделеді, оның
қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады.
Жиынтылығы Процесті объективті бағалау мақсатында оны
жан-жақты зерделеу
Жүйелілігі Бір-біріне өзара байланысты экономикалық
құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес.
Тұрақтылығы Талдауды түпкілікті, алдын ала белгілі уақыт арқылы
жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін емес.
Объективтілігі Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ
зерделеу, объективтік қорытындылар жасау.
Пәрменділігі Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің
жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының
жарамдылығы.
Үнемділігі Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу
нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен
елеулі түрде аз болуы керек.
Салыстырымдылығы Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен
жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық
процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде
қорытындылардың сабақтастылығы сақталу қажет.
Ғылымдылығы Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген
әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек.

Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа
топтастыруға болады:
➢ өтімділік (төлем қабілеттілігі);
➢ пайдалылық (табыстылық);
➢ активтерді басқару тиімділігі.
АЖ ендірілгенде ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының
тиімділігін жоғарылату талабы қойылады.
Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:
– есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым
ведомосты түрінде автоматтандыру;
– АЖ-нің ақпараттық және программалық қамтамасыз етуді жаңарту;
– нақты уақыттағы Басқарманың қаржы - несие шаруашылығын толық
талдау;
– алынған дұрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;
– есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;
– бірегей МБ құру.
Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:
– жұмыс жеделділігі;
– ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;
– қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге
асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және
оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты
жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы - кәсіпорынға сырттан
түсетін ресурстар.
6-кесте
Қаржы ресурстарының құрамы
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Меншікті қаржылар Оларға
есебі құрылатын теңестірілге
н
қаржылардың
есебінен
құрылатын
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге
қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын
өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып,
ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.
1. Тез өтімділіктің коэффициенті – қысқа мерзімді несие
қарыздарының ең өтімділік активтердің ағымдағы міндеттеменің
қатынасын білдіреді.
2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті – егер дебиторлық
қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек,
қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда
дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда неше рет
бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
3. Несие қарыздарының айналым кезеңі – бұл коэффициент тауарларды
сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және
несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу жағдайына
жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты
кәсіпорынның қолда бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне
байланысты болады.
4. Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) –
ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивидендтермен толық
есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының және ұзақ
мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын
көрсетеді.
5. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті – ол қарыз капиталының
меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері) ара
салмағын бейнелейді.
Бұл коэффициент кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде
қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады.
Сонымен, бұл көрсеткіш неғұлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың
қарыздары көп және соғұрлым оның тұрақсыздық ахуалы да орын алады.
2.2. Басты ақпараттық көзі - бухгалтерлік есеп
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты ақпараттық көзі -
бухгалтерлік есеп, бұл кәсіпорынды қоғаммен және оның серіктестерімен
тығыз байланыстырады, олар кәсіпорынның қаржы жағдайын білу мақсатында
бірінші кезекте бухгалтерлік баланспен танысады.
Қаржы жағдайын талдау жасаудың ақпараттық көздері бухгалтерлік
(қаржылық ) есептер:
- №1 форма Кәсіпорынның балансы;
- №2 форма Қаржы нәтижесі және оны пайдалануы туралы;
- №4 форма Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп.
Баланс мәліметі бойынша кәсіпорын, акционерлер, инвесторлар,
кредит берушілер, сатып алушылар, сатушылар, т.б. алдында өз міндеттерін
атқара алатындығын немесе қаржылық қиындық бар екенін көрсетеді.
Баланс екі жақты кесте, сол жағында актив, оң жағында пассив.
Актив пен пассивтің тең болуы баланстың маңызды сыртқы белгісі.
Бухгалтерлік балансты тікелей меншіктегі әртүрлі мүліктік құралдар тобы
(материалдық құндылықтар) және осы құндылыққа құқық, шаруашылық
субъектілері (кәсіпкерлер, банктер, инвесторлар, т.б.) еркімен құрылған
капитал ретінде көрінеді. Баланс шаруашылықтың (кәсіпорынның) жағдайын
ақшалай бағалау ретінде береді, оны 1,2-кестелерден көруге болады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы
басқарушылық және кәсіпкершілік шешімдерінің қажетті шарттары болып
саналады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі
көздерінің бірі – бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы
жағдайын, оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі
деректері көрсетіледі.
Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау
жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен
ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын
көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның нарықтағы
кәсіпкерлігінің белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы
орнықтылығы және төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.
Нарықтық жағдайда әрбір кәсіпорын экономикалық дербес тауар
өндіруші ретінде мемлекеттік шеңберде бекітілген салық аударымы және
әлеуметтік шектеу, меншікті өндірісті дамыту тиімділігінің кез-келген
бағалылығын пайдалануға ерікті.
Өндірістің тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден
басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму мақсатына сай қол жететін
нәтижелілікті барынша көбейту немесе өндірістік шығындарды барынша азайту
қажеттілігінен шығады.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы,
активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті (акционерлі) капиталы,
өтемпаздығымен сипатталады.
7-кесте
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы. Ф №1 мың теңге.
Актив Жол коды Жыл басына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz