Бірлескен кәсіпорындар халықаралық ынтымақтастықтың формасы ретінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Шетелдік кәсіпорындармен ынтымақтастықтың жаңа формаларын дамыту

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЫСАНДАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Сыртқы экономикалық келісімдердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...5
1.2 Кәсіпорынның экспорттық және импорттық саясатының ерекшеліктері..9

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ CЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... .16

2.1 Бірлескен кәсіпорындар халықаралық ынтымақтастықтың
формасы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Қазақстандағы бірлескескен кәсіпорындардың
қызметі ... ... ... ... ... ... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..25

КІРІСПЕ

Республикамыз әр жыл сайын сыртқы экономикалық қызметті реттестіруде
және халықаралық экономикалық қатынастар формаларын кеңейтуде, экспорт және
импорт қойылымдарынан бастап, несиелік, қаржылық, инвестициялық
ынтымақтастықтың әр түрлі формаларын қолдануға дейін. Экономиканың берілген
секторының даму перспективасын алдын-ала болжамас бұрын, қол жеткізген
деңгейдің бағасын жасау керек. Бұл тек тауар және қызметтің импорты мен
экспортының дамуының негізгі көрсеткіштерін бақылауды ғана емес, сонымен
қатар республиканың сыртқы экономикалық қызметінің негізгі бағытының
дамуындағы өзгерістерге талдау жүргізуді талап етеді.
Сыртқы экономикалық қызмет – тауарлы экономикалық, ғылыми-техникалық
ынтымақтастықтың әдістері және құралдары мен шетелдік мемлекеттермен ақша-
қаражаттық және несиелік қатынастардың жиынтығын көрсетеді. Сыртқы
экономикалық қызметтің басты бөлігі болып тауарлармен, жұмысшылармен,
қызметтермен , ақпараттармен және интелектуалды қызметтің нәтижелерімен
халықаралық айырбас шеңберіндегі кәсіпорын қызметі ретінде анықталатын
сыртқы сауда табылады.
Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушы кәсіпорыны – бұл жекеленген
мүлікті иемденетін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықты
иеленуге құқы бар, жауапкершілікті дербес заңды тұлға. Сыртқы экономикалық
қызметке қатысушы кәсіпорынның оның дайындалған құжаттарында анықталған
қызметтің нақты белгіленген мақсаттары болу керек. Сыртқы экономикалық
келісімдердің мақсаттары және тапсырмалары жарлықта немесе басқа да
кәсіпорындардың құрылған құжаттарында көрсетілгендерге қарсы келмеуі керек.
Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық,импорттық, реэкспорттық және
қарама-қарсы сауда келісімдері бөліп көрсетілген.
Еліміздің экспорттық мүмкіндіктерін көбейтуге инвестицияның әсерін
жоққа шығармау керек, әсіресе инвестиция саласындағы халықаралық
ынтымақтастықтың формаларын дамытуға әсерін. Сонымен, республикадағы
халықаралық инвестицияның формасының неғұрлым тиімдісі бірлескен
кәсіпорындар болып табылады. Шетелдік капиталдың негізгі инвестициялары
болып 106 елдің кәсіпорын,ұйым және басқа да шаруашылық субъектілері
табылады. 2002 ж. барлық бірлескен кәсіпорындардың 40%-ы импорттық
операцияларды жүзеге асырды, 6,5%-ы экспорттық, 15,5 %-ы өндірістік. 2003-
жылдың қорытындысы бойынша барлық белгіленген салаларда бірлескен
кәсіпорынның үлесі қысқарған, есесіне ішкі рынокқа өнім жеткізуші бірлескен
кәсіпорындар үлесі көбейген.
Бұл тақырыптың өзектілігі – кәсіпорындардың сыртқы экономикалық
қызметін талдау болып табылады.
Сондықтан, мен кәсіпорын экономикасы пәнінен курстық жұмысымның
тақырыбын Шетелдік мемлекеттермен ынтымақтастықтың жаңа формаларын дамыту
деп алдым.

I КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЫСАНДАРЫ

1.1 Сыртқы экономикалық келісімдердің түрлері

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі – бұл экспорт және импорт
тауарлары мен қызметін халықаралық өндірістік және ғылыми-техникалық
кооперациялармен байланысты,өндірістік шаруашылық салаларының қызметтері.
Кәсіпорынның халықаралық рынокқа шығуы кәсіпорынның өзі үшін қалай
болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге
әкеледі. Біріншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұлттық экономиканы
тұрақтандыруда қосымша ынталандырудың елеулі факторы болып табылады.
Нарыққа өту кезеңінде дағдарыс құбылыстарын жеңудің бірден-бір бағыты –
сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру. Бұл жөнінде соңғы кезеңде
республикамызда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Екіншіден, кәсіпорын
сыртқы экономикалық факторларға икемді және жедел сезінуі, дүниежүзілік
шаруашылық байланыстарын ұтымды пайдалану мақсатында белгілі өндірістік
ресурстарды оңтайлы жұмылдыруы мүмкін. Үшіншіден, және де кері байланысы
да болады:түрлі елдердің серіктері шаруашылық ынтымақтастық шеңберінде
Қазақстанмен кәсіпкерлікті нақтылы дамытуға елеулі ықпал етеді, оның
техникалық және технологиялық деңгейінің артуы ең ақырында экономиканың
өсуіне әкеледі. Соңында, төртінші, тек ұлттық шаруашылық кешенінде тұйық
оқшауланған сыртқы пайдалы бәсекеден айырылған кәсіпкерлік, белгілі
тиімділік дәрежеге жете алмайды.1, 200бет
Солай болғандықтан, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасында
үлкен маңызы болғандықтан, оған мемлекет тарапынан барынша қамқорлық жасау
қажет-ақ. Мемлекет дүниежүзілік рынокқа шығатын ұлттық кәсіпорындарды
реттестіреді және қолдайды. Сондықтан да, мемлекеттің сыртқы экономикалық
қызметі – активтік төлем балансын алу және халықтың әл-ауқатын жақсарту
мақсатындағы дүниежүзілік рынокта тауарлар мен қызметті одан әрі дамытуды
қамтамасыз ететін нысаналы саясат.
Қоғамдық ұйымдар және бірлестіктер сыртқы экономикалық қызметтің
субъектілері бола алады. Олар халықаралық үкіметтік емес бірлестікке ене
алады, тікелей халықаралық байланысты ұстана алады, сәйкес келісімдер жасай
алады.
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу белгілі экономикалық
және әлеуметтік әдістерге негізделеді. Оларға импорт-экспорттық тарифті
қолданатын түрдегі кедендік-тарифтік реттеу,квоталау,лицензиялау және т.б.
жатқызуға болады.
Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық, импорттық, реэкспорттық және
қарама-қарсы мәмілелер болып ажыратылады.
Экспорт – бұл елдің кеден аумағының шекарасынан кері әкелуге
міндеттемесіз шығаратын тауарлар және шетел азаматтарының қызметі мен
зиялылық меншіктің нәтижесінде мумкіндік беретін құқық.
Импорт – шетел сатушыларынан сатып алынатын тауарлар, елдің аумағына
оларды әкелу, осы тауарларды өзінің бастапқы түрінде шетелдің сатып
алушыларына қайта сату.
Қарама – қарсы сауда (қарама-қарсы мәміле) – экспортты, импортты
операцияларды ұйымдық ұштастыру болып табылады.Экспортшы өзінің тауар
құнының барлығын немесе сатып алушының қарама-қарсы тауар құнының бір
бөлігінің төлемін қабылдауға міндеттенеді. Бұған қарама-қарсы мәміле тауар
айырбасы негізінде айырбас(бартер) ынтымақтастық бола алады. 1, 201бет
Қазіргі кездегі экономикалық дамудың этапынан кәсіпорынның сыртқы
экономикалық қызметінің екі бағытын бөліп көрсетуге болады: бірлескен
кәсіпкерлік және шетелдік қарсыластармен сыртқы саудасыз келісім жасау.
Бірлескен кәсіпкерліктің сұрақтары біріккен кәсіпорын құрылатын
мемлекеттегі саудалық және азаматтық заңдылықтар нормаларымен анықталады.
Сыртқы рынокта келісімге отыру және жасау келесі позициялар бойынша
құқықтық реттеулерге бағынады. Халықаралық сыртқы экономикалық қызмет
бойынша келісімдер және азаматтық заңдылықтар нормалары сыртқы экономикалық
келісімдерді жүргізудегі тараптардың құқығы және міндеттері оның жасалған
орнында құқықтық актілермен анықталады. Сыртқы-саудалық келісім – бұл екі
тарап арасында жасалатын сату-алу, жеткізу, қандай да бір жұмыс, қызметті
көрсету туралы келісімшарт.
Келісімшарт – міндеттерді орындаудағы тараптардың материалдық
жауапкершіліктің сенімін анықтаушы негізгі базалық құжат, сондықтан
келісімдердің соңғы нәтижесі оны дұрыс жасауға байланысты.
Келісімшартта келесідей бөлімдер болуы керек:
- жалпы жағдайлар
- келісімшарт нысаны
- келісімшарттың құны және бағасы
- тауарды жеткізу мерзімі
- төлем шарты
- жүкті қораптау және маркілеу
- шағым білдіру реті
- санкциялар және айыппұлдар
- форс-мажор және дамудың шешімін табу. 2, 444бет
Дәл қазіргі кезде кәсіпорын экспорттық-импорттық операцияларды өз
бетімен, шетелдік тікелей келісімшартқа отыруды жүзеге асыру арқылы немесе
делдалдар арқылы, яғни өздерінің сыртқы экономикалық қатынас бойынша
қызметін көрсететін басқа кәсіпорындар арқылы жүзеге асыра алады.
Сыртқы экономикалық қызметтің құқықтық формасын таңдау кәсіпорынның
экономикалық мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне байланысты.Басқа кәсіпорын
арқылы сыртқы экономикалық қызметтегі өзінің мақсаттарын жүзеге асыра
отырып,экспортер(импортер)-кәсіпоры н тапсырыс келісімшартын, комиссия
келісімшарттарын қолданады.Комиссия келісімшарттарын жасау барысында
шетелдік қарсыластармен келісімшарт жасау барысында
экспортталатын(импортталатын) тауарларды өндіруші – кәсіпорын атынан
кәсіпорын – комиссионер көрінеді.Келісімшартқа қол қоюмен бірге комиссионер
анықталған жағдайларда бұл келісімшартты жүзеге асыруға
міндетті.Нәтижесінде комиссионер-кәсіпорын тараптардың өзара келісімдері
арқылы келісімшарттардың ортақ құнынан келісілген пайыз мөлшерінде сыйақы
алады.
Егер сөз тапсыру келісімшарттары туралы болатын болса, онда
экспортер(импортер)-кәсіпорын белгілі сыйақыға өз атынан басқа
кәсіпорындарға келісімге отыруды тапсырады.
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің түрлері мен формаларының
әртүрлілігі мемлекеттің сыртқы байланыстарының жалпы тиімділігінің өсуіне
ықпал ету керек.Бұл мынандай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, яғни
валюталық ресурстардың және сауда көлемінің ұлғаюына,экспорт және импорт
құрылымдарының жақсаруына, сыртқы қарыздарды жабуға, ынтымақтастық ортаны
кеңейтуге, капитал және технологиялық меншікке тартылуына мүмкіндік береді.

1.2 Кәсіпорынның экспорттық және импорттық саясатының ерекшеліктері

Экспорттық қызметті іске асыра отырып, кәсіпорын экспорттың
мақсаты экспорттық қызметтің стратегиясы, сыртқы рыноктың талабы, қазіргі
кездегі және болашақтағы өзінің мүмкіншілігі мен ресурстары жөнінде айқын
мағлұматы болуы тиіс.Басқаша айтқанда, кәсіпорын өзінің нақты экспорттық
саясатын әзірлеу қажет.
Кәсіпорынның экспорттық саясаты сыртқы рынокта кәсіпорын қызметінің
стратегиясы мен принциптерін, тауарлардың экспорттық сұрыптамаларын
болжамайды, сол сияқты экспорттық өнімдерде жаңарту қарқынын,бағаны,
сапалық деңгейін, кепілдікті және сервистік қызмет көрсетуді анықтайды.
Кәсіпорынның экспорттық саясатының маңызды құрамды бөлігі тауарлардың
экспорттық сұрыптамасын қалыптастыру және басқару болып табылады.Негізгі
міндеті мынадан тұрады: экспортты дер кезінде тауарлардың белгілі
жиынтығына ұсыныс жасауды, оның өндірістік іс-әрекетінің бейініне сай
болатын және шетелдің сатып алушыларын белгілі санатының талаптарын толық
қанағаттандыру.
Кәсіпорын – экспортшы сыртқы рынокта халықаралық бәсекемен айналыса
бастайды.
Бәсекелестік күрестің мына түрлерін бөлуге болады:
- функциялық бәсеке – кез-келген қажеттілікті түрлі тәсілдермен
қанағаттандыруға байланысты болады.Сондықтан да, барлық тауарлар
қанағаттандыруды қамтамасыз ететін осындай қажеттілікті функциялық
бәсеке деп атайды;
- көріністі бәсеке – нақтылы қажеттілікті қамтамасыз етуге арналған
тауарлардың елеулі параметрлерінің өзгеше көрінуі салдарынан болуы
мүмкін;
- заттық бәсеке – ұқсас тауарлар тек өзінің сапалық сипаттамасының
ерекшелену мүмкіндігінің нәтижесі;
- бағалық бәсеке – біркелкі тауарларды түрліше бағалармен ұсынумен
ұйғарады.Тура бағалық бәсекеде кәсіпорын шығарған немесе сатуға
арналған қолда бар тауарларының бағалары төмен екендігін
хабарлайды;
- бағадан тыс бәсеке - әдепкіде бәсекелестерге қарағанда, сенімділік,
аз бағада және қазіргі дизайннан тым көбірек жоғары бағаны ұсынады.

Экспорттық ішкі саудадан өте жоғары тәуекелділігімен
ерекшеленеді.Негізгі комерциялық және саяси тәуекелдер бөліп
көрсетілген.Коммерциялық тәуекелдер тауарларды рынокта өткізумен, жүкті
тасымалдаумен, сатып алушының төлем қабілеттілігімен және тауардың ақшасын
төлеумен,сонымен қатар валюталық курстың ауытқуымен байланысты. 2,446 бет
Саяси тәуекелдер мемлекеттің экспорт және импорт саласындағы
саясатымен анықталады, яғни экспорт және импортқа тыйым салу, ақша
құралдарын аудару, сонымен қатар көтеріліс, соғыспен байланысты тәуекел.
Кәсіпорынның экспорттық қатынасын реттеуші негізгі құжат-экспорттық
мәміле немесе сату-алу келісімшарты.Мәміле екі негізгі бөлімнен тұрады.1-
бөлімде мынандай мәліметтер беріледі:
- тауардың сапасы
- тауарлардың саны
- тауарлардың бағасы
- жеткізу шарттары
- жеткізудің уақыты және орны
Мәміленің 2-ші бөлімінде экспортердің міндеті мазмұндалады.
- тауарларды қабылдау шарттары
- төлем шарттары
Экспорттық келісімдер жеткізу транспорттау, сақтау, кедендік
рәсімдеу этаптарында шетелдік әріптестермен келісімдерді мақұлдайтын
әртүрлі құжат қораптарымен қамтылған болуы керек. 3, 349 бет
Экспорттық операциялардың құжаттық базасын оларсыз толық болмайтын
кейбір позициялар бар,мысалы:
- экспорттық тауардың өндірістік қамтылуы;
- тауарларды жіберуге дайындау;
- шаруашылық және коммерциялық құжаттар;
- төлем-шоттық операциялар;
- тауарлы-транспорттық құжаттар;
- тауарларды сақтандыру, кедендік рәсімдеу келісімдері.
Тағайындау және мазмұнына байланысты құжаттардың мағынасы әртүрлі
болады.Мысалы, егер тауарларды экспорттау бойынша құжаттар пакеті жүкті
белгіленген жерге апаруды көрсетсе, онда мұндай құжаттар тауарларды апару
деп аталады.Егер құжаттар тауарларды жіберуді сипаттаса, онда бұл құжаттар
жіберу құжаттары деп аталады.Экспортталатын тауарлардың санын, сапасын және
құнын бағалау үшін коммерциялық құжаттар және есептеулер тағайындалады.
Осылайша,құжаттардың негізгі есебі болып тауарларға толық және
нақты сипаттама беретін коммерциялық есеп табылады. Құжаттар жинағы “коммер
циялық есептеулер” келесідей функционалды топтарға жіктеледі:
- сырт көз есептері, онда бір немесе басқа ақыны төлеуді талап ету
жоқ.
- алушыға беретін тауарлардың аты, бағасы жазылған қағаз есебі,
тауарларды қабылдау фактілері бойынша жазылады.
- дайын затты сипаттайтын есеп құжаттары әкелінетін тауарлардың кең
номенклатурасы болғанда жазылады.
- алдын-ала есептеулер тауарларды бөліктеп әкелетін кезде
қолданылады.
Экспорт бойынша есептік операциялардың құжаттық рәсімдемесінен
басқа, техникалық документацияда
спецификация, қораптау қағазында көрсетілген, қойылатын тауарладың көлемін
де сипаттау керек.
Тауарлардың сапасы сыртқы экономикалық келісімдердің шарттарына тауарлардың
сәйкестігін көрсететін сапа сертификаттарында жазылып қояды.Сапа сонымен
қатар, мынандай құжаттармен дәлелденеді:
- кепілдік беру міндеті;
- байқап көру протоколы;
- жіберуге рұқсат;
Транспорттық құжаттар пакетін құрайтын тауар экспорты ұйымдары
төмендегілерді білуі қажет:
- транспорттық құралдардың (теміржолдық, авиа және т.б)
түрлеріне
байланысты тауарлық –транспорттық накладнойлар;

- теңіздік тасымалдау жағдайындағы коносаменттер;
- қайтару-қабылдау актілері;
- қоймалық куәліктер және басқалар;
- жүктік- кедендік декларация;
Осы соңғы халықаралық саудада маңызды құжат болып табылатын соңғы жүктік-
кедендік декларацияға кәсіпорын өзінің сыртқы экономикалық қызмет
тәжірибесінде ерекше назар аударуы тиіс. Есептеу формалары-бұл жүкті алып
жүретін тауарлы- транспорттық құжаттарды, сонымен қатар төлем құжаттарды
ақылау, жіберу, рәсімдеу тәсілдері.
Қолданылатын есеп формалары:
- ашық есептер бойынша есептеулер
- аударулар
- инкассо
- аккредитив
Көрсетілген формалар қолма-қол есептесу кезінде қолданылады, бірақ
шаруашылық операциялар бойынша халықаралық есептердің көбісі банк арқылы
қолма-қолсыз формада жүргізіледі.2,448 бет
Ашық есеп бойынша есептеулер экспортердің тәуекелдік деңгейі өте
жоғары болғандықтан, бір-бірін жақсы білетін контрагенттер келісімдерінде
ереже ретінде қолданылады. Серіктестер тауарларға сияқты ақшалай құралдарға
да қарыздар есебін жүргізеді.Тауарларды жіберген кезде келісімнің
шарттарына сәйкес ақша жіберу арқылы немесе қарама- қарсы сауда арыз
немесе басқа жолдармен өтегенде сатып алушының қарызы көбейеді. Ал банк
арқылы жіберу 2 тараптардың біреуіне тәуекелдігі жоғары болады. Аударымдар
– бір банк басқа банкке экспортерге белгілі суммасын беруді тапсыру арқылы
жүзеге асады.
Аударым аванспен төлеу мүмкіндігін қарастырады. Мұндай есептесу
формаларын қолданған кәсіпорын біріншіден, ол тез орындалатындықтан уақыт
ұтады, екіншіден ақша ұтады.Бірақ, экспортер толық ала алмай қалуы да
мүмкін,ал импортер ақшаны төлеп қойып,тауарды ала-алмай қалуы да мүмкін.
Инкассолық форма – тәуекелден қорғануды қарастырады.Мұнда
экспортер өзінің банкіне тауарды жіберу туралы құжаттарды жеткізген
жағдайда төлеу туралы құжаттарды импортер банктен алуды тапсырады.
Аккредитив – мұнда құжаттар банк арқылы өте баяу өтеді.
Сыртқы сауда тәжірибесінде сату-алу келісімдерінің әртүрлі
ерекшеліктеріне байланысты бағаның көптеген түрлерін қолданады.
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінде бағаның әр түрлілігі кездеседі.
Олардың ішіндегі негізгілері:
- әлемдік баға
- ұсыныс бағасы
- өзгермейтін баға
- сырғыма баға
- базистік баға
- фактурлық баға
- анықтаушы баға
Импорттық тауарлар және қызмет көрсетулер кәсіпорынның сыртқы сауда
қызметінің негізгі құралы болып табылады және де тауарлардың кеден
тәртіптемесі болып саналатын кері импорт (реимпорт) тіршілік етеді.Онда
қазақстандық тауарлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы АҚШ елдерінің экономикалық қарым – қатынастары
Германия
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Бірлескен кәсіпорындарды басқару және ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстанның Украинамен, Беларусьпен және Закавказье мемлекеттерімен қарым - қатынастары
Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-тың атқарушы органы ретінде Кеден саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Кеден саласындағы халықаралық ұйымдар
Қытайдың орталық азиядағы сыртқы саясаты
Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастар
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Қазақстан Республикасы мен Белорусь арасындағы қарымқатынас
Пәндер