Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріне жалпы шолу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Б І Т І Р У Ж Ұ М Ы С Ы

Шәкәрімнің діни философиясы

Мазмұны
1. Бітіруші жұмыстың көкейкестілігі: Кеңес үкіметінің тұсында қазақ ақын-
жазушыларының қара жағылып қырғынға ұшырап кеткендері белгілі. Сол
саясаттың зардабынан Шәкәрім атамыздың да еңбектері мен олардың айтқан
шындықтарын жасырып ұрпақтарына оқытпай келді. Шәкәрім еңбектеріндегі
ашылмаған сырлар мен оның Ислам жайындағы философиялық ой-пікірлері болашақ
ұрпақ үшін құнды болып табылады.

2. Жұмыстың теориялық қолданылуы: Бұл еңбекті қазіргі таңда
Шәкәрімтанушылар мен ізденушілерге теориялық тұрғыдан нұсқаушы әрі бағыт-
бағдар беруші құрал бола алады.
3.Жұмыстың практикалық қолданылымы: Бұл жұмыс орта және жоғарғы оқу
орындарында философия, дінтану факультеттерінде білім нәрін алып жатқан
студенттерге қолдануға әрі зерттеушілерге таптырмас дүние.
4.Бітіру жұмыстың мақсаты: Шәкәрім атамыздың еңбектеріндегі
философиялық тың дүниелердің ашылмаған сырларын ашу болып табылады.
5.Жұмыстың міндеті: Шәкәрім атамыздың өмірінің шындық жолында шырылдап,
өз халқының ішіндегі сауатсыздарға не үшін ашынғандығын әрі оның
еңбектерінің әлі де болса құндылығын жойматындығын айқындап беру.
6.Зерттеу әдістері: Шәкәрімтанушы ғалымдардың еңбектерімен қоса осы
тұрғыда жазылған ғылыми жұмыстар негізге алынды. Осы тұрғыда жазылған
еңбектер мен қоса Ислам дінінің негізі болып саналатын Құран мен Сүннеттер
кеңінен пайдаланылды.
7.Зерттеу обьектісі: Шәкәрімнің өмірі мен философиялық ой-пікірлері.

Бітіру жұмыстың құрылымы : Бітіру жұмысы -
1. Кіріспеден ;
2. II тараудан ;

І тарау. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбектері
І.1.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны.
І.2. Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріне жалпы шолу.

ІІ тарау. Шәкәрімнің діни философиясы
ІІ.1. Шәкәрімнің дүние танымы және жан туралы трактаттары.
ІІ.2. Шәкәрімнің діни философиясы.

4. Қорытындыдан ;
5. Сілтемелерден ;
6. Пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Жоспар

Кіріспе
І тарау. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбектері
І.1.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны.
І.2. Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріне жалпы шолу.

ІІ тарау. Шәкәрімнің діни философиясы
ІІ.1. Шәкәрімнің дүние танымы және жан туралы трактаттары.
ІІ.2. Шәкәрімнің діни философиясы.

Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Шәкәрім есімі еліміздің егемендік алғанға дейін әдебиет тарихына енбей,
еңбектері ел аузында ғана сақталып келді. Осылай бола тұра оның есімінің ел
ішінде даңқы өсе түскен. Мұның айқын дәлелі Шәкәрім шығармаларының қайта
жаңғаруы болып отыр. Шәкәрім шығармаларының шағын жинақтар түрде жарық
көруі, ғалымның аты өшсе де, хаты өшпейді деген аталы сөзді
дәлелдегендей.
Оның еңбектеріндегі ақиқат ұшқындары мен қоса, сол дәуірдегі халлықтың
әл-ауқатын айқын көруге болады. бұған мысал ретінде мына өлең шумақтарын
көрсете аламыз:
Ар – қайда рахым қайда әдеп қайда.
Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда.
Көз жұмып көппен көрген ұлы той деп,
Береді бұл надандық кімге пайда.
Ақынның дүниетанымы сол кезде бүкіл әлемді жайлаған жалған пікірлермен
мүлде қарама-қайшы келді. Еуропадан белең алған бұл індеттің кесірінен
сақтау үшін, қаншама еңбектер жазды. Оның еңбектері сол кезде еленбей
қалғанымен арттағы ұрпағына таптырмас бағалы дүниеге айналды. Енді
Шәкәрімнің ақиқатты үгіттеу мақсатында жазылған үш анық мұсылманшылық
шарттары деген еңбектерін шығармаларындағы философиялық ұшқыр ойлармен
тереңдеу танысып көрелік. Сонымен қатар ақын өміріменде қысқаша танысайық.

І тарау. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбектері
І.1.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны.
Ақынның қасіретті жаны, кеніш көңілі, трагедиялық тағдыры айқын
таңбаланған. Сонымен қатар өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек
танимыз. Бір пендеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң бар. Өлең
өресін, өнер биігін айқындайтын көрсеткіш. Және біздің туған тілімізде,
ұлттық әдебиетімізде Абайдан соң ғана мүмкін болған жетістік.
Осы тұлғалық та тұнық, сырлы да сазды өнер жолдарының авторы, шынында
да Абайдың туған бауыры болатын. Ата тек жағынан алғанда да, үлгі - өнеге
жөнімен мұрат – мақсат тұрғысынан қарағанда да.
Шәкәрім! Абайдың ерекше туған інісінің аты Шәкәрім еді. бұдан елу жыл,
сексен жыл бұрынғы қазақ поэзиясында Абайдан соңғы танымал есім. Абайдан
соңғы ең көрнекті тұлға. Одан соң өзі өлсе де, аты өшпеген. Шығармашылары
сақталса да, жұрт алдында жарқырап шықпаған. Өлең-жырлары, дастан-хиқаялары
ел аузында жүрсе де, әдебиет тарихына енбеген. Баспа сөзде мүлде-мүлде
атаусыз қалған. Атауға тиым салған. Осыған керісінше ел ішіндегі даңқы өсе
түскен. Күні кеше ғана өтсе де, көзін көрген талай адам әлі күнге ауыл
арасында жүрсе де, өмірі ертігіге; ісі аңызға айнала бастаған.
Ал, шығармалары ... шығармашылары сансыз қол жазба, сауатты, сауатсыз
көшірмелер арқылы бүкіл қазақ даласына тарапты. Ақсақалдар бас қосқан
жиынды жерді, ағайындар мен мейман күткен отырыста дастандары жырланыпты.
Сөйтіп, есімі көмескіленгенімен, еңбегі күңгірт тартпаған ақын туған елінің
рухани өмірінен сырт қалмапты. Қазіргі қарасақалдар қатарына енген біздің
буын Абаймен қатар Шәкәрім үлгісінде кәміл танып өсті десем артық болмас.
Өз басым Шәкәрім дастандарын Абай өлеңдерімен қатар жаттап, тіл
сындырғандықтан айтып отырмын бұл сөзді.
Әйтсе де ... жарияның жөні бөлек. әсіресе, жұртшылық тасқа басқан
қағазға, көзбен көретін сурет, құлақпен еститін ақпарға бір жола ден
қараған қазіргі заманда. Әдебиет дамыды, мәдениет жаңарды, жаңа ұрпақ өсіп
жетті. Соңғы ширек ғасырда Шәкәрім еңбегі тек ортаңғы, ілгері буындағы
санаулы адамдардың ғана жадында тұрған еді. Қалың қауымға мүлде бейтаныс
келді. Және уақыт озған сайын мүлде ұмытылып бара жатты. Ақыры ... Ештен
кеш жақсы дегендей, Шәкәрім есімін қаймықпай атайтын күнге жетіппіз.
Ақынның біразы революциядан бұрын шағын жинақтар түрінде болған, кезінде
кеңінен таралса да, Москва, Ленинград, Алматының орталық кітапханаларында
бірер сақталған, ол көпшілігі қолжазба күйінде қалған мал-мұрасын жарыққа
шығаруға жағдай туды. Қазақ әдебиетінің өткен тарихындағы баспа сөз, ауыз
екі сөзде айтылғандай ақтаңдақ емес, ызбарлана үңіреген қара қыстардың
бірін тығындауға мүмкіндік туды. Кәміл танымақ, түбегейлі зерттемек,
болашақ үлгісі. Әуелгі кезекте оқырман қаумға Шәкәрімнің өмір жолы, өмір
мұраты туралы мағлұмат бермекпіз.
Шәкәрім 1858 жылы Шыңғыстауда дүниеге келді. Болашақ ұлы ақын Абайдың
жеті ағайында болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің ең
үлкені еді. Парасатты, мейірімді, кең пейіл ағаны Абай айрықша сыйлаған
көрінеді. Құдайберді Шәкәрімнің алты дасында қайтыс болды. Бұдан соңғы
жерде жетімдік, жақсылық көрмесе де, әке бауырынан айырылған, қаршадайынан-
ақ ерекше зеректігін аңғартқан Шәкәрімді Абай өз қамқорлығына алды. Туған
әулет дәстүрі, үлкен орта ыңғайы, ақын аға тағылымы Шәкәрімнің азамат
ретінде қалыптасуына ғана емес, ақын ретінде қанаттануына да ерекше әсер
етті. Әкеміздің бір шешесінен туған Ибрахим мырза, - қазақ ішінде Абай деп
атайды, - сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік һәм Алланың берген
ақылына да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден
тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның
сәулесін сездім. Ибрахим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі
азақ білінді. Абай болмағанда дәмішманд, хәкім, философ кісі еді, - деп
жазады. Шәкәрімнің өзі кейініректе. Бұл інінің өз өмір жолын байыптауы ғана
емес, ақын ағаның халық тарихында атқарған қызметін, ерекше болмысы мен
трагедиялық тағдырында кәміл түсінгенін аңғартатын сөз. Ал, өмірде мейірбан
аға өнерде аса қатал төреші еді. Жаңа айтар сын, артар міндет – мүмкінде,
қабілет күші биігіне орай ауырлана аумақтана түсетін.
Арнайы оқу орындарын бітірмесе де, Абайдың башылығымен және де өз
бетінше іздену нәітижесінде Шәкәрім сол замандағы қазақ арасындағы, -
қазақ қана, - бүкіл Түркістан өлкесінде ең ғұлама адамдардың бірі болып
шығады. Түрік, араб, парсы тілдерімен қатар орыс тілдерінде жетіп біледі.
Классикалық шығыс поэзисын орыс және еурапа әдебиетінің озық үлгіоерін
терең түсіне оқымен шектелмей, философиямен дін тарихына қатысты еңбектерді
қадағалап отырады. Құнанбай әулетінің дәстүрі бойынша ел ішінде билік құрып
көреді. Бұл кезде өнер жолына бір жола бет қойған дұшпаны көбейіп, тынысы
тарылған Абайға сүйеніш, демесін болады. алайда, көп ұзамай-ақ болыстықтың
бар қызығын басқа інілерге қалдырып, өзінің шын мұратты - сөз патшалығын
жаулауға бет қояды.
1904 жылы Абай өлімі, өнерлі екі іні – Ақылбай мен Мағауиядан тағы
айырылуы, Роосия империясы шегіндегі барлық езілген ұлт үлкен үміт артқан
1905 жылғы алғашқы орыс революциясының жеңіліске ұшырауы Шәкәрім санасына
оның өмірге, қоғамдық қызметке ерекше әсер етеді. Шәкәрім тіршілік, тағдыр
туралы сауалдарына жауап іздейді. Оқу, іздену аймағын кеңейте түседі.
Дінтану емес, елтану, жер тану мақсатында қажыға барып қайтады. Бұл сапар
оның ой өрісін кеңейтеді. Ақын қазақ халқы дін қуған мұсылманшылық жолын
емес, ғылым-білім қуған еуропа жолын таңдауы керек деген ойға беки түседі.
Осы кезде өзі көптен әуестеніп жүрген Толстойшылдық идеясына бір жола
берілген ақын өмірден бас кешіп, жұрттан аулақтайды да, Шыңғыстың күңгей
сыртындағы Шақпақ дейтін жерге таза әдеби қызметпен айналысып, қысы-жазы
жападан жалғыз жатады. 1917-1928 жылдар аралығында су уақыт дүние ау өмірге
қайта ораландай болады. Ел ішіндегі игі өзгерістерді құттықтайды, газет
журналдар бетінде ағымына үн қосқан өлеңдер бастырады. Алайда қарт ақын көп
ұзамай қайтадан ел тіршілігінен аулақтайды. Шәкәрім 1931 жылы қайтыс
болады.

І.2. Шәкәрім Құдайберді еңбектеріне жалпы шолу

Ғұлама қаламгердің өнердегі жолы ұзақ та ұлағатты. Келісті әрі күрделі.
Атаның мол дәулеті ағайын туыстың өр кеудесі, ағаның мәртебе даңқы
арқасында былай өскен Шәкәрім өзінің өмір жолыр ғана емес, өнер жолын да
сауық-сайраннан, мереке қуаныштан бастайды. Абайдың өлең өрнегін ұстанған,
Абайдың тіл мәденитін үлгі тұтқан махаббат жырларының өзінде Шәкәрім тың
болу табуға, соны сыр түюге ұмтылады:
Жаудырап көзі,
Тамшылап сөзі,
Жібектей шашын жараса,
Қалмайды халың,
Шығады жаның,
Қиғаштай көзбен қараса,
Бұл дүниеде қыз қызық,
Боз балада ой бұзық.
Бұл қазақ лирикасындағы өзгешелеп.
Ертістің ар жағынан көрдім сені,
Сырғаңды қайық қылып өткіз мені ,
- деп әдептен аспай, наздана қиылу емес. Тіпті, Алиф деп ай иузіңе
ғибрат еттім, - деп, Сана ғашық болып кәмтар, - Сүлейман, Ялилед,
Искандар - Ала алмас барша мулпиғызә, - деп үмітсіз сәлем жолдайтын мұңды
сағынышта емес шынайы өмір. Бүкпесіз сезім. Керек десеңіз анайы құмарлықтың
бұлықсып шыққан от жаққан.
А, дүние, дүние,
Ақылға сонда кім ие?!-
Ынтызар қанадан өзгешерек хал, аспандағы айдың жерге түсуі, періштенің
пендеге айналуы.
Шәкәрімнің осы шамада шығарған, махаббат қуанышына арналған екінші бір
өлеңі (Шын сырым) бұдан өзгеше сипат танытады. Ақынның ұмтылары биігін,
стұтана межесін айқындайды. мен түріктің пәк сұлуын тәңіріне теңелем,
-Самарқанд пен бұхараны тетіндегі жалғыз меңге берер ем-деп жалқи шырқаған
мақабат жыршысы Хафиздың өзін жарысқа шақырған. Шәкәрім қазақ поэзиясында
мүлде соны бағытқа із салады. өлең өрнегі де сөз саптасы да үйреншікті
қалптан бөлек. Ежелгі шығыс поэзиясының еркін игергендегі, қазақтың
дәстүрлі лирикасындағы қара өлеңінің қасиетін жете таныған, Абай өнегесін,
Абай тағлымының кәміл ұғынған жас ақын тілі ұстанған, өзіндік жол тапқан
қас шебер екенін анғартады.
Бақатсыз жүрегім жалындап жанып тұр,
Үмітті тілегім орынсыз қалып тұр.
Ақыл, қайрат сабырдың бәрі кетіп,
Адасқан асығың мұңлы әнге салып тұр.
Бұл Хафиз әуені Науаи үлгісі. Тәжік-Парсы, Түркі-Шағатай дәстүрі. Соның
өзінде қазақ үшін тосын естілуге тиіс. Көңілге берік орнап, жүректе нық
таңбалануға тиіс. Алайда бұл махабат жырының құлақ күйі, әуелгі аккорда
ғана. Ақын қиялы, ақын сезімі ешқандай шарттылыққа бағынбайды, тежеуге
қарамайды. Ақынның ғашығы – жай ғана сұлу емес, бір адамның, жұмыр басты
пенденің ғана құмары емес. Онсыз тіршілік жоқ. Дүниеде сән-салтанат, өмірде
мән мағына жоқ. Бүкіл әлемнің көркі, жердегі, көктегі жанды-жансыз
атаулының тәңірісі, бар ғаламның қорғаушы күші – сол ғана.
Күн батып жоғалады нұрыңнан ұялып,
Жұлдыз бен ай қалды сәулеңнен нәр алып.
Жеті қарақшы айналып сені іздеп жүр,
Бәрі де сені ойлап тас болып сандалып.
Үркер мен Таразы шашуды шашуға,
Шолпан да қарады мауқын бір басуға.
Темірқазық арқандап қос боз атын,
Жаратып ойы бар тойыңа қосуға.
Асқақтата талғап, екін шалқыан ақын ғарыштан бір-ақ шықты. Және күпілдек
жел сөз, күмпиген теңеу, жылтырақ әләміш жоқ. Ақын ойының кеңдігі, ақын
қиялының өрнегі көрінеді. Жазғы аспанда жапырлай көтерілген Үркер, жартылай
жыпырлаған Таразы, Темірқазыққа байлаған. Ақ боз ат пен көк боз ат, ол
екеуін жорып, тынымсыз шыр айналған жеті қарақшы ... жыр сазы, көңіл ырғағы
қазақ санасына сіңісті космогониялық түсініктермен атасып жатыр. Ақын
сөзінің әсерлі күші осында. Екінші бір әсер осы жолдардың түп астарында
жатыр. Аңыз бойынша, аспанды шыр айналып жүрген жеті қарақшының мақсаты -
Ақ боз ат пен Көк боз атты ұрлау. Бір заанда бұлардың аралығы өте алыс
болған екен. Қазір жеті қарақшы жақындаған. Бірақ қос боз атты
Темірқазықтан ағытып жеткенше тағы қаншама ықылым өтеді. Қос бозды ұрлау –
ақыр заман күніне сәйкес келмек... Сол жеті қарақшы әлі арқанда жүрген Қос
бозды ақынның сүйіктісінің тойында қоспақ. Тұспал түсінікті. Ақын қол
жетпес сұлуға ғашық болған, екеуі бұл дүниеде қосылмақ емес.
Шәкәрім лирикасының тағңы бір озық сипаты - нәзік те терең психологизм.
Сезім қылын шерттер, санаға таңбаланар сыршылдық ақынның алғашқы
туындыларынан-ақ байқалған. Қаншама әсерлі болғанымен бұл өлеңдерде жалаң
сезім қуанышы, жастық көңіл буы басым еді. Абай ағаның өнеріндегі әрбір
жаңа қадам, өзгеше лепесін қалт жібермей қадағалап, терең түсіну, шығыс
поэзиясын оның ішінде әсіресе Қожа Хафиздің сырлы жырын бойға сіңіру, бұдан
соңғы жерде орыс әдебиетін етене тану, орыс тілі арқылы бүкіл батыс сөз
өнеріне қол созу ақын талантына өзгеше қуат береді. Қоғамтану, дүниетану,
өз алдына өнер мұратына жету туралы түсінік жаңадан қалыптасты.
Қазақ реализмі Абай тұсында қалыптасты. Ұлы ақынның өнерлі шәкірттерінің
жан-жақты қызметі нәтижесінде әдебиетте жетекші әдіске айналды десек, бұл
реттегі Шәкәрім еңбегі тек лирикалық поэзиямен шектелмейді. Білімдар
Шәкәрім эпикалық жанрларға да қалам тартады. Ақынның атын бүкіл қазақ
даласына танымал еткен Қалқаман Мамыр және Жолсыз жаза (Еңлік Кебек)
поэзиялары.
Өмірде шын болған Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр хиқаялары ескі
күндердің өзінде ел арасында кеңінен тараса керек. Бұл трагедиялық
тағдырлар туралы алғаш рет қалам тартқан Абай деп білуге тиіспіз. 1898
жылыДала уалаятының газетінде (№29,31-32,34) жарияланған қазақтардың
есінен кетпей жүрген бір сөз атты көлемді поэзиялық шығарма өзінің таным
өресін, ой өрнегінң тұрғысынан ғана емес, сөз саптау,сөйлем құру тәсілдері
жағынан алып қарағанда да тек Абайға ғана тән сипат танытады. Кейбір
зерттеушілер бұл еңбек Шәкәрімге тиесілі деп пайымдайды.

А). Енді Шәкәрім поэмалары туралы азғана сөз
Шәкәрімнің үш поэмасы да (Қалқаман - Мамыр, нартайлық – Айсұлу) ескі
қазақ тұрмысынан алынған. Бірақ, бұлардың ешқайсысы да рарихи шығарма емес.
Шығармаларда тарихи-фон ғана, автордың баса назар аударғаны - әлеуметтік
мәселелер, мінез құлық жайы. Жанырлық тұрғыдан алғанда Қалқаман – Мамыр
миро этикалықбейім, Еңлік – Кебек - әлеуметтік дастан, ал, нартайлық –
Айсұлу -махаббат драмасы дер едік.
Қалқаман – Мамыр 19912 жылы Семейде, Жәрдем серіктігінің баспасында
басылып шыққан. Нақты жазылған уақыты белгісіз. Өз ізбасрларының
творчествосын жіті қадағалап отырған Абайдың Қалқаман –Мамырды оқығаны,
пікір айтқаны турасында ешқандай дерек жоқ. Шәкәрім шығармасының бас
кейіпкерлерінің бірі ел тұтқасы – ғұлама қарт Әнет бабаның қиыннан жас
таппай шалдыққан сәтін сипаттай отырып, оны Абай тағдырымен салыстырады.
Ал, Еңлік – Кебек (жолсыз жаза) 1912 жылы жарық көреді. Бұл поэманың
Қалқаман – Мамырдан соң туғанын автордың өзі ескертеді. Нартайлық –
Айсұлу атанмыш поэмадан соң, тіпті бері де, 1929 жылы Ноябрьде жазылған.
Бұл шығарма біздің заманымызға қол жазба қалпында жетті. (Ескерте кетейік
Нартайлық - Айсұлу - Шәкәрім атын ақтай алмайтын өте әлсіз шығарма).
Шәкәрімнің Шығыс тақырыбындағы көлемді мұрасы – Ләйлі – Мәжнун. (1922
жылы Шолпан журналында жарияланған). Түп негізгі Фузулиге барып
тірелгенімен, бұл еңбекті қазіргі ұғымдағы аударма деп айту қиын. Ләйлі -
Мәжнун ғашықтық хикаясы Низалиге де, Науаиға да шабыт берген. Шығыстың сөз
зергерлерінің жыр жарысы – Назира дәстүрі бойынша, ақынның ең басты мұраты
жаңа тақырып табу емес, жаңа жол табу, белгілі сарынды өзгеше түрге бөлеу,
өзіндік болумен бейнелеу десек, Шәкәрім қалдырған Ләйлі – Мәжнун дастаны
мың жылдық тарихы бар ежелгі сюжетті ең соңғы көрінісі, шын мәніндегі
тастума болып табылады.
Шәкәрім өзінің екінші жартысында Европа әдебиетіне, оның ішінде әсіресе
орыс әдебиетіне ерекше ден қояды. Тіршіліктің барлық саласында орыс
әдебиетіне, білімпаздардың жолын ұстанады.
Лев Толстойдың Шәкәрім болмысындағы өзгеше жарық сәулесі ақынның адамдық
тұлғасымен адамгершілік, ағартушылық кейпімен ғаламгерлік қарымнан – бүкіл
өмір жолы, өнердегі мұратынан айқын танылады. Ақын пәни тіршіліктен
аулақтаған уақытта, жапанда жалғыз жатқан күндерінде – 1924 жылы Толстойдың
ізгілікті, мейірбандық, бауырмалдықты уағыздаған Ассерия патшасы
Ассархадан . Үш сауал, Крез патша әңгімелерін аударған. Бұл аудармалар
кезінде баспа көрмегенімен, қол жазба түрінде халық арасына кең тарайды.
Шәкәрімнің халық бірден қабылдаған, жыр етіп айтып, көшіріп оқыған, бірақ
кешеуілдеп шыққан, кітап бетін 1924 жылы ғана көрген, оның есесіне ақын
өлімінен соң 1935 жылы қайыра жарияланған (баспаға шығарған Бейсембай
Кенжебаев) ең елеулі еңбектерінің бірі – Дубровскийдің өлеңмен жазылған
аудармасы.
Шәкәрімнің қаламгерлік қызметі тек ақындық немесе аудармашылықпен
шектелмейді. Ғұламаның еңбегі сан-санасы. Оның суреткер ретіндегі мұрасының
бір тармағы – проза болса (әйел теңдігі, ескі қазақ ауылындағы саяси
әлеуметтік жағдай туралы жазылған Әділ Мария повесі), автор мүлде басқа
тұрғыдан көрінетін тағы бір мол арна – тарих пен философия.
Ғалам болмысы, замана тұрпаты, адам табиғаты туралы көп толғаған Шәкәрім
өмірдің мәні, дүниенің баянсыздығы жайында көп жазған еді.
Қайғы емес - қаза,
Болмаймын наза,
Ноқталы басқа бір өлім... –
деп жас кезінде – ақ өмірдің өтпелі екенін мойындаған ақынның, алпысқа
аяқ артқан шағында: Қаласаң қай сайда - деп, өз өмірінің немен тынарын
олжаған ақынның қайғысыз қазаға ұшырауы да, көмусіз, отыз жыл бойы ойпанда,
құр құдық түбінде қалуы да шын трагедия емес. Туған жан өлмек, - тағдырға
көнбек, - деген Шәкәрімнің сөзі. Ақын өмірі, ақын тағдыры. Ең үлкен
қайғы, шын трагедия – Шәкәрім мұрасының елу жыл бойы жабулы жатуы. Қысастан
өлген жаны бір сәт қана азап шексе, өзінің ең елеулі қайраткерінің бірін
санапқа қоса алмаған рухани мәдениетіміз жарты ғасыр бойы жапа көріпті. Сол
кемістің орны енді толды. Өлген – тірілді, өшкен – жанды дейді мұндайда
қазақ. Қайырымымен болсын – бірақ бұл жаңалықтың, жаңғырудың алғашқы лебі
ғана. Тірілмек сөз, жанбақ шырақ тек Шәкәрім емес.

ІІ тарау. Шәкәрімнің діни философиясы
ІІ.1. Шәкәрімнің дүние танымы және жан туралы трактаттары.

Адам сияқты боп көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнің соң бір
түрлі тіршілік бар. Ал екі өмірге керекті іс – ұждан. Ұждан дегеніміз –
ынсап, әділет, мейірім.
Сөз басы.
Кетті, келді,
Толды, сенді,
Өзгелейді бұл ағаш.
Туды, өлді,
Жанды, сөнді,
Өршіп өнді қайтадан.
Дөңгеленткен,
Өңгеленткен,
Түк білімсіз күш пе екен?
Тіпті мінсіз,
Кемшіліксіз,
Есті қылған іс пе екен?
Жан деген не?
Мүлде өле ме,
Шын жоғалып сөне ме?
Дене жан деп,
Жоғары өрлеп,
Жаның мен деп келе ме?
Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жандардан бастап адамдарға шейін
бәрі өзі нәсімдерінің жақсылықта болып, өсіп өнуіне қам қылады. Мұны –
барлық таласы дейді. бұл жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам
шамасына қарай қай бірі өзі үшін, қай бірі табы үшін, қай бірі барша адам
үшін жақсылық бақ іздейді. Ақыл қарауылда адам толығы барша адамға бақ
іздеген болады.
Тіршілік туралы адамдар арасында айтылып келе жатқан жол бар. Бірі жол
бар бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң бұлда тіршілікке, тіпті
ұқсаиайтын бір түрлі ұқсамай өмір бар. Сондықтан жалғызғана дүние
тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек
дейді. Мұны ақырет-келгеннен соңғы өмір жолы деп атайды. Енді бірі бұл
әлемдегі барлық нәрінің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп
жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілмейтін жан жоқ дейді. Менің ойымша,
осы екі жолдың қасысы анық екенін табу арқылы сау адамға қатты міндет. Неге
десең адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсаң біліп жаратушы ие бар
өлген соң да бір түрлі өмір бардеген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек.
Егер шын болса соңында қашып ойлап, адамдарды түпкілікті бақытқа жеткізу
үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей жалғыз осы дүние қамын қылу үшін,
олай болса бұл екеуін тексереміз? Оны тексерушінің әр түрлі дін деп жайынан
хабары, әр түрлі ғылым жайынан әр бір білімділердің сол туралы айтқан
сөздерінен хабары болу керек, және қатты керек бір шарты - өзінің тұтқан
діні, оқыған-ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі бәлендей жақсы кісі
айтты деп нанып қалған сөзіне бір жала байланып қалмай ақылын әбден шын
босатып сол екі жолдарындағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері
һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтасыз, науқассыз сау ақылмен
сынау керек. Әйтпесе, адам әдет құмар нанымынан шыға алмай, арқандаулы ат
сияқты болады. Және өзінің мынау жөн дегенін халық арасына салуы керек.
Неге десең, қайсысы болса да әбден сыналып, тазарған соң шын болмақ.
Бұл екі жолдың түбінің қайдан шыққанын тексерсе, адамдардың біз һәм
әлемдегі барша нәрселердің қайдан пайда болғанын, мұны кім жаратқан деген
ойынан шыққан. Неге десең адам ақылы оны ойламай тұра онемайды және адам
жаңа бір нәрсені көрсе мұны кім жасаған, бұл неге керек демей қоймайды?
Сондықтан жаратушыны іздеп әркім әр түрлі ой жүргізген. Тіпті, ескі
замандағылар жаратушыны осы деп немесе осында жаратушылық қасиеті бар деп
күн, от, ағаш, тас сияқтыларға табынған. Немесе әр нәрсенің бір тәңірі бар
деп сурет жасап табынған. Онымен тұрмай адам қолынан келмейтін істерді
істеген алдамшы жәдігесі, бақсы, дуана сияқтыларды да тәңірінің орнын
басады деп сондайларға да табынған. Сөйтіп, соқыр кісіге сандалып жүргенде
пағамбар дегендер шығып, барлықтың бәрін жаратқан ие бар, өлген соң бір
түрлі тіршілік бар, осы өмірде өлшеусіз бақ, қиын азап бар, мұны бізге сол
жаратушы ие білдіреді дейді. Сіздерге ұқтыруға бұйырды деген. Ол кездегі
адамның бір қатары бұған нанып ерсе де бір қатары нана алмай бұрынғы қалып
алып қалған әдетінен шыға алмаған.
Енді біліп жаратқан ие де жоқ, өлген соң өмір де жоқ жолдың түбінде де
осы барлық әлем неден бар болды деген ойдан шыққаны төменгі сөзден мәлім
болды. Ескі заманның білімділері әр нәрсенің түпкі негізі неден
жаратылғанын тексеріп, тамам нәрсенің негізі
Нәрсе деп білген. Онысы-от, су, топырақ, ауа. Олардың кейігі білімділер
ол төрт нәрсенің әр біреуі әлде неше негізден жаратылғанын таба-таба
жақынырақ кезде түр негізі сексен шамасы екенін тапты. Әр дененің кішкентай
тараулардан қосылып жаралғанын тауып, ол кішкентайды қанша ұқсатса да
ақырында, тіпті болуға келмейтін болады. Сол бөлінуге келмейтін түп
негіздердің атын европаша атам деп атап, арапша мадда немесежер деп атады.
Біздің қазақша аты жоқ болған соң бұл кітапта біз оны атам, мадда деп
атаймыз. Сөйтіп барша нәрсе сол сексен шамасы атамдардың бір-біріне
қосылғанынан дене жасап, әлде неше түрге түсіп, бір-бірінен өрнеп, жаралып
жатқанын тапқан. Мұны алғаш тапқан ион грек жұртының Пифагор деген
білімдісі.кейбіреулердің сөзіне қарағанда Пифагор оны Финикия жұртынан
үйренді дейді. Олай болса алғашқы тапқан Финикияның Садда деген қаласынан
шыққан Моско деген адамы болады. Кім бұрын тапса да бұл атомды басында не
нәрседен жаралғанын, оның не іске жарайтынын білу үшін іздеп тапса да,
гректің Эпикор уа Демокрит деген білімдері сол атомды дәлел қылып барлық
әлем атомнан өршіп жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие
жоқ деген бір жолға негіз салды.
Араб жұртының патшалығы зорайып әр елдерді қол астына қаратқан Аббес
тұқымы патша болған кезде ион – гректің білімділерінің жазған кітаптарын
араб тіліне көшіргенде осы атом туралы сөздерді араб тіліне көшіріп
мұсылман молдаларының ортасына: барлық әлем басынан бар ма еді? соңын
жаралды ма деген дау кіруіне осы атом себеп болды. Соңғы кезде европаның
Гасенди Декрат, Ньютон Линней сияқты ойшылдары бұрыңғы Эпикур,
Демокриттерден қалған жаратушы ие жоқ дегенді қайта жаңғыртып, европа
арасына сол ойдың жайылуына болады және атомдар бірін- бірі қосылуына бір
күшті дәлел табылды. Ол әр нәрседе бірін- бірі тартатын қуат барлығы. Оны
орысша притяжние деп, арабша тожазиб дейді. Мұны алғашқы тапқан Англияның
Исаак Ньютон деген ойшылы.
ХҮІІ жүз жылдарда (ХҮІІ ғасырда - құрастырушы) алманың үзіліп жерге
түскенінен ойлап тапқан. Бұл біліп жаратқан ие жоқ дегенді ұғындыра айтсақ,
әлемде бар нәрсенің негізі сексен түрлі атап, солар бірін бірі тартатын
притяжние заңымен қосылып, дене жасап, бірінен бірі өсіп өзгеріп жатыр. Оны
былай қылайын деп әр қайсысын әр бөлік жаратып жатқан ие жоқ және деген өз
алдына бір нәрсе емес, сол атомдардан жаралған дененің бір қозғалысы
өзгерістерден шыққан сипат.
Адам өлген сом дененің құраулары шіріп, шашылып, бытырап әр қайсысы өз
атомдарына қосылып кетеді де, жан дегенің бір жола жоғалады. Сондықтан
өлген соң тірілу жоқ дейді. жақын кезде шыққан бір кітапта Европаның осы
кездегі білімділері атомды электрия қуатымен әлде неше бөліп, ол ұсақтың
атын электрон қойды. Мұның арабша аты жоқ болса керек. Жақында бір оқыған
кітапта Хикату кахаробаание депті. Мағынасы электрия талқаны деген-ау
деймін. Былай болғанда атомдарда бөлінгені ғой. Осы кезде білімділер жоғары
да айтқан 80 шамалы негіздің бәрінің негізі бір нұр екен деп жүр дейді.
олай болса, барлық әлемнің түп негізі нұр болғаны дейді.
Нұр – жарық. Нұр күннен не оттан шықса да жан-жағының бәріне күлтеленіп
шығады. Нұр бір секунтта 300 000 шақырым жүреді. Күннің нұры жерге 8 мунут
17 секунтта келіп жетеді. Күннен де алыс кейбір планета жұлдызының нұры
жерге 300 жылды жететіні бар. Тіпті, алыстағының нұры жерге мың жылда азар
жететіні бар. Нұрдың жүрісін орысша лопитер, мұсылманша муштари деген.
Планеттің (Планетаның құраст) пик деген төрт жолдасы Юпитерді айналғанда
көлеңке жағынан шыққаннан өлшеп тапқан. Ол Юпитер күнді айналғанда 12 жылға
жақын мезгілде бір айналып шығады. Бұл нұрдың жайын жазғандағы мақсұтым
мынау нұрда өздігінен бар болмай, бір нәрседен шығатыны, ол да қозғалып
жүретіні ойда болсын. Және барлық әлемнің ұшы-қиыры жоқ көп зорлығы
білінген әлемге қарағанда, білінбегендердің есеп өлшеуі келмейтіндігі
оқушының ойында болсын дедім.
Жан, рух. Жан деушілердің сөзі жоғарыда айтылып еді. сөйтсе де бірақ
ұғымдырақ қылып айталық: Сөзді мынау дененің арасы сезімнің орта тұрағы
центрі мида, ол жоқтаса бәрі де жоқтайды. Сол мидағы орта тұрақпен мұқым
денелер арасындағы суретін қимылдататын тамыр-сіңірлерге тұтастыратын бір
жалғастық (правой) бар. Сондықтан жан деген нәрсе жоқ. Егер жан бар болса,
ми жан болар еді. оның жан емес екендігін көріп, біліп тұрамыз.
Дене әрқашан өзгеріп тұратын болғандықтан , жылдар, уақытар өту себепті
, бір жан өзге дене болып ауысады. Адамның әр түрлі сезімі, әр істі істеуі
сол мидың өзіне ғана тән сезу, ескерулер. Ол денеше әрқашан өзгеріп
тұрмайды. Адам өлген соң, дененің құраулары шашылып-бытырап, басқа бір
өсімдік, хайуандарға кірісіп араласады. Сөйтіп әркім өзіне арнаулы жаны
болмай, біреуден біреуге көшіп жүретін болғансоң, не дене, не жан қайта
тірілу жоқ. Адамның сезімім өмірім деп жүргені сол миға біткенсезу,
әсерленудің жаңаруы, әрбір жаңамы сезуі ғана. Өзге бөлек ешнәрсе емес. Ол
өзгеріп тұрған дене, бұрынғы дененің өзі емес құры ұқсаған болады.
Сондықтан адам оны өмір деп біледі дейді.
Енде жан туралы ой жүгіткен білімділердің сөзін айталық : Герман шефлер
деген білімді айтады: жан атом қуатынан құралған бір қуат дейді. Уириео –
тіршілік механика дене машиналарының 10 түрінен бір түр дейді. Доиуареман:
әр тямырда электрия бар; дейді ой денедегі атомдардың қозғалысының әсері
дейді. Стуармелс: адамның тіршілігі бізге сондай қиын бір сырармен
байқалады. Дүние тіршілігі жаратылыстың өзге қиын сырларына қарағанда
түпсіз, өлшеусіз; бостықта ғы кішкентай арал сияқты. Ж Дальн : жан атом,
дене емес, жаннан шыққан әсрлерде дене қасиеті, жөні, ой, оймен суреттеу,
ойға түсіру сияқты жан қасиеттерінің түбі де жоқ, суретте және жан
қасиеттері заман, уақыт астына кірмейді. Бл ақылдың өзінен шығатын
қаситтерді дене жаралысының еш сипатымен сипаттауға, өлшеп ұйқастыруға
келмейді.
Бұлайша болып жан жаралысына денеден шыққан соң, денедегісінен қуатты
болып, тіпті жоғалмайтындығы білінеді. Шын анықтап қарағанда, жан дене
сияқты емес. Дене өледі, өзгереді. Жан олай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбектері
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Шәкәрім тілінің ерекшелігі
М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
Шәкәрім шығармаларын оқу – тәрбие жұмысында пайдалану
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орнын көрсету
Пәндер