ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕР ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Шаруашылық субъектілер қаржысының мазмұны,ақша қатынастары.
1.2 Шаруашылық субъектілердің ерекшеліктері,функциялары
2. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ.
2.1 Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы қорланымдары
2.2 Талдаудың мақсаттары мен міндеттері
2.3 Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері мен ақпараттық қамсыздандыру
2.4 Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен динамикасын жалпы бағалау
3. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУШЫ РЕТІНДЕГІ КӘСІПОРЫН
ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУ
3.1 Кәсіпорынның қаржы саясаты- кәсіпорын қызметі тиімділігін жоғарлатудың
негізі
3.2 Кәсіпорын қызметі тиімділігін басқару мен жоспарлау
3.3 Кәсіпорынның өтімділігімен төлем қабілеттілігін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Шаруашылық субъектілер қаржысы дегеніміз-өнім өндіріп,сату кезінде
ақшалай табыстарды,қор мен қорланымдарды жасау, бөлу және пайдаланумен
байланысты экономикалық қатынастарды айтады.Ақшалай табыстар мен
қорланымдарға өнімді,жұмысты ,қызметтерді өткізуден түсетін түсім
,ақша,кәсіпкердің жалпы,таза табысы жатады.
Шаруашылық субъектілер қаржы категориясынан туындайтын өзіндік
категориялардың бірі, сондықтан бұл категория қаржы категориясы сияқты
бөлгіштік,бақылау функцияларын атқарады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің аса
маңызды буыны ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады,өйткені
мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржысының сферасы шеңберінде материал,еңбек және
қаржы ресурстарының көпшілік бөлігі шоғырландыралады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысының болуы ,жалпы
мемлекеттің қаржысы сияқты ,тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және
экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ақша нысанында
ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің негізгі жақтарын білдіреді және
экономикалық заңдар талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін
тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар
мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық
шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық тетігі,экономиканы
қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші
субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларсыз мүмкін
емес.Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік
қатынастардың жиынығынды ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі
буындарының шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне өнеркәсіп , ауыл
шаруашылығы,құрылыс,көлік,жабдықтау -өткізу,сауда,дайындау, геологиялық
барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты,
тұрғын-үй коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы , кредит,сақтық, ғылыми,
білім, медициналық, ақпараттық, маркетингтік және басқа қоғамдық пайдалы
қызметтің сан алуан сфераларындағы қызметтерді жүзеге асыратын
кәсіпорындардың ,фирмалардың, қоғамдардың, корнцерндердің ,
ассоциациялардың, саалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың ,
шаруашылықаралық, салааралық,кооперативтік ұйымдардың ,мекемелердің
қаржыларын кіріктіреді.
Сонымен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы -өнімдерді,
жұмыстарды және қызмет көрсетулердің өндіргенде және өткізгенде ақшалай
табыстарды, қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты
экономикалық қатынастар.
Бұл жұмысыты орындаудағы басты мақсатым –шаруашылық жүргізуші
субьектілер қаржысының маңызын,қаржы қорланымдарын, оның құрамы мен мәнін,
ерекшеліктерін, функцияларын, қызмет ету барысын анықтап, оларға талдау
жасау.
Жұмыстың құрылымы үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде, шаруашылық
жүргізуші субьектілер қаржысының маңызы, ерекшеліктері, функциялары, ақша
атынастары,екінші бөлімде, шаруашылық жүргізуші субьектілердің ақша қорлары
және қаржылық жағдайды талдау жатса,ал үшінші бөлімде,кәсіпорынның қаржысын
басқару қарастырылған.
Жұмысты орындау барысында келесі авторлардың еңбектерін қолдандым: К.
Ш. Дүйсенбаев, Э. Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиева, Б.Нидлз, Х. Андерсон, Д.
Колдуелл, А.И. Ковалев, В.П. Привалов,т.б.

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕР ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘНІ
1.1 Шаруашылық субъектілер қаржысының мазмұны,ақша қатынастары
Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын ,атап айтқанда ,
халықтың қажетіліктерін ,өндірістік емес сферасының материалдық шығындарын
қамтамасыз етудің көздерін-жасалатын қоғамдық өнімді,ұлттық табысты және
ұлттық байлықты алғашқы бөлуді қамтитындықтан және кәсіпорындар деңгейінде
мемлекеттің қаржы ресурстарының басым ауқымы қалыптасқандықтан бұл буынның
қаржысы қаржылардың негізі,бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық субъектілер қаржысының өзіне тән мазмұны мен сыртқы
көрініс түрлері бар. Мазмұны ретінде қаржылық категорияны анықтайтын сыртқы
қаржы құрамы болып табылады. Қаржының мазмұны мен көрініс түрлері бір-
бірімен байланысты. Бірақ олардың тұрақтылық дәрежесі ұқсас емес. Қаржының
көрініс түрлері оның мазмұнына қарағанда тез өзгереді
Шаруашылық субъектілер қаржысы ақшалай түрде көрсетілген өндіріс процесінің
негізгі жақтарын сипаттайды және оны экономикалық заңдардың талаптарымен
сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олар ұлттық шаруашылықты әрі қарай
дамыту үшін қажет ақшалай жиынтықтар мен табыстарды пайдалану мен қайта
бөлу үшін пайдаланады. Бұл даму процесі ұлттық шаруашылықты басқару
жүйесінің маңызды экономикалық құралы болып табылады. Шаруашылық
субъектілердің қаржысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі
ретінде, олар басқа да өндірістік қатынастармен сәйкес ұлттық шаруашылықты
басқарудағы төмеңгі бөлімшелердің шаруашылық қызметінің тиімділігіне әсер
етеді.
Шаруашылық субъектілер қаржысы өзіне кәсіпорын, фирма, қоғам,
ассоциация, салалық министрліктермен басқа да шаруашылық ұйымдардың,
шаруашылық аралық, сала аралық, мекемелердің, құрылыс, транспорттық,
саудалық, жобалық қызметтердің, байланыс, сақтандыру, ғылым, білім,
медицина, ақпараттық, маркетингтік және басқа да қоғам саласындағы
қызметтердің қаржыларын қамтиды.
Жекеменшіктің дамуы кәсіпорынның жаңа түрлерінің пайда болуына
әкеледі: жеке, кооперативті, акционерлік және аралас.
Ұлттық шаруашылықтағы әр салаларының қаржылары өзіндік ерекшеліктерге
ие болады. Бірақ, барлық саладағы шаруашылық субъектілер қаржысының мәні
мен негізгі принциптері ұқсас болып келеді, бұл жалпы шаруашылық
принциптермен бірыңғай экономикалық заңдармен себепті.
Қаржылық қатынастар құрамында шаруашылық жүргізуші субьектілердің ақша
қатынастарының мынадай топтарын бөліп көрсетуге болады:
• басқа әртүрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (өнім өткізуден түсім-
ақша алу ,өткізуден тыс табыстар түсіру,материалдық шығындарды
төлеу,шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу ,бағалы
қағаздарды өткізу);
• өзінің еңбек ұжымымен(бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді , сыйлық қорын
жасауды ,табысты бөлу және тұтыну қорынан жұмыскерлерге жәрдемақылар
төлеуді ,сонымен бірге жұмыскерлердің қаражаттарын тартуды
ортақтастырады;
• мемлекетпен –бюджетке салықтар төлеу ,бюджеттен қаржыландыру кезінде ,
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде , сондай-ақ олар
бойынша төлемдер алғанда,валюта қорлары мен ресурстарын
қалыптастырғанда;
• банктермен(қаржылық қатынастардың бұл тобы банк кредиттерін алу ,оларды
қайтару ,кредиттер бойынша пайыздар төлеу,банктерге уақытша пайдалануға
белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру,банк өткізетін бағалы қағаздармен
жасалатын операциялар түрінде жүзеге асырылады;
• сақтық органдармен -мүлікті,қызметтерді,коммерциялық және коммерциялық
емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
• жоғары ұйымдармен –ішкі салалық қайта бөлу шегінде
(пайданы,табыстарды,капиталды қайта бөлу кезінде ,жалгерлік төлемдер
бойынша)
• құрылтайшылармен(құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін
қаржы жараналарын төлеу,шаруашылық жүргізуші субьектілердің пайдасын
бөлгенде және оның бір бөлігін щартқа сәйкес құрылтайшыға аудару;

1.2 Шаруашылық субъектілердің ерекшеліктері,функциялары
Шаруашылық субъектілер қаржысының ерекшеліктері келесі белгілер
арқылы көрінеді:
• қаржы қатынастарнының көпқырлылығы
• өндірістік құралдардың міндетті болуы
• жоғары белсенділік
• ШЖС бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі
Осы аталған ерекшеліктеріне қарай және ұйымдық құрылымына қарай
келесідей жіктеуге болады:
1. Қызметтің сферасы бойынша:
а) материалдық
б) материалдық емес
2. Өндіріс түрлері бойынша:
а) тауарды өндірушілер,жұмысты атқарушылар
б) қызмет көрсетуші тұлғалар
3. Шаруашылық қатынастардың сипаттамасы бойынша:
а) коммерциялық
б) коммерциялық емес
4. Меншік нысандары бойынша:
а) жеке
б) мемлекеттік
в) қоғамдық ұйымдар меншігі
г) аралас
5. Ұйымдық-құқықтық түрлері бойынша:
а) шаруашылық серіктестіктер (акционерлік қоғам,толық
серіктестіктер, ЖШС,сенім серіктестіктері)
б) мемлекеттік
в) кооперативтер
г) қоғамдық ұйымдар
д) өндірістік емес сфералық ұйымдар мен мемлекеттер
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы сияқты екі функциясы
болады:бөлу және бақылау.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысының өзіндік ерекшелігі-
оның бөлгіштік сипатында,өйткені шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық қатынастардың негізгі бөлігі ақшалай табыстар мен қорланымдарды
бөлу нәтижесінде пайда болады.
Бөлу функциясы екі жақты негізде жүзеге асырылады:
– бухгалтерлік,статистикалық және жедел есептемедегі қаржылық
көрсеткіштер арқылы
– қаржылық ықпал ету арқылы.
Бірақ, егер экономиканы басқарудың орталықтандырылған жүйесі

кезінде щаруашылық жүргізуші субьектілерге өнім шығаруға, пайдаға, өзіндік
құнға және басқа көрсеткіштерге қызметтің қатаң шекаралары қойылса, қазіргі
кезде ықпал жасау экономикалық тұтқалар мен ынталандырмалардың
(салықтар,жеңілдіктер) көмегімен жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бөлгіштік функциясының
ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара толық айналымының үдерісінде өндірілген
өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде
бөлінгендігінде болып тұр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс үдерісінде
құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды және оның көмегімен
шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бүкіл ақшалай табыстар мен қорлар
қалыптасады және пайдаланылады. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды
экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік
тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.Бөлгіщтік
функцияны орындай отырып қаржы жалпы ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамиамасыз етеді және оның барлық стадияларына әсер ете отырып оған қызмет
жасайды.Бұдан басқа ,ақша қаражаттарын дұрыс бөлу шаруашылық жүргізуші
субьектілердің жұмысын жақсартуға ынталандырушы ықпал етеді.
Бөлу- өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл үдеріс
шаруашылық жүргізуші субьектілердің өнім өткізуден түсім-ақша алуы және
оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға
пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың бір бөлігігі қайта бөлу ретінде
орталықтандырылған қорларға – мемлекеттің бюджетке , бюджеттен тыс қорларға
түседі,ал қалған бөлігі еңбекақы төлеуге ,әлеуметтік мұқтаждықтарға
,өндірісті кеңейту және даму жөніндегі щығындарды қаржыландыруға
шаруашылықтың қармағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының бақылау функциясы
кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз
шарушылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші
субьектілердің ішінде ғана емес ,сонымен бірге оның басқа
субьектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара
қарым-қатынастарда да жүзеге асырылады. Субьектілер арасындағы өзара
қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға , көрсетілген қызметтерге және
орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен
өзара іс -әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалу
кезінде ,басқа кредиттерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

2. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
2.1 Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы қорланымдары
Шаруашылық –қаржылық қызмет үдерісінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы
қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып
, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражатары үнемі қозғалыста
болады:түседі,қорланады,жұмсалады.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы тәжірбиесінде
кәсіпорындардың , жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік
,шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әртүрлі
қорлар пайдаланылады. Өз қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық
жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса,кейбірі өзгертіліп,қайсы
біреулері жеке бөлініп шықты.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл
ақпаратты өндіріс ,шаруашылық –қаржылық және әлеуметтік қызметті басқаруда
пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді.Жекелеген қорлардың
қозғалысы қаржы көлемін,нысанын пайдалану мөлшерін неғұрлым анық
көрсетеді.Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға жоспарланған
,сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық
көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп қисап үшін бастапқы мәліметтер
ретінде қызмет етеді.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің істеуі үшін неғұрлым
маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік
капиталдар,қорлану қоры,еңбекақы төлеу қоры,басқа шаруашылық органдармен
болтын үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет ,басқа меншік иесі немесе құрылтайшы
берген шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүлкінің мөлшерін сипаттап
көрсетеді және алғашқыда , шаруашылық жүргізуші субьектілерді құрғанда
өндірістік капиталды ,материалдық емес активтерді ,айналым құралдарын сатып
алудың көзі болып табылады.Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жаслады.
Жарғылық капитал мөлшері шаруашылық қызмет үдерісінде өзгеріп
отырады;негізгі капиталға жұмсалатын инвистициялар,таза табыс есебінен
болатын айналым капиталының өсімі,тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға
дейінгі және капиталдың басқа толықтырылуы нәтижесінде көбейеді;негізгі
құралдарды шығару немесе беру ,оның тозуын есептеу , зияндарды шығару
есебінен кемиді.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қарамағында қалатын қаражаттар
негізінде ,яғни салықтар мен басқа төлемдерді төлегеннен кейін шаруашылық
жүргізуші субьектілер кешенді қорларды –тұтыну қоры мен қорлану қорын
құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
– бүкіл жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу шығындары ;
– ақшалай төлемдер,соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
– еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және
натуралдық нысанындағы қаражаттар;
– материалдық көмек;
– еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
– жұмыскерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін
табыстар;
Сөйтіп ,тұтыну қоры еңбекке ақы төлеуге бағытталатын қаражаттар және
жұмыскерлерді материалдық көтермелеу мен түрлі төлемдер үшін шаруашылық
жүргізуші субьектілерінің қарамағында қалдырылатын таза табыстың бір бөлігі
есебінен құрылады.
Қорлану қоры:
– шаруашылық жүргізуші субьектілер қарамағында қалатын табыс;
– негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық
аударымдар;
– шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім ақша;
– банктер кредиттері;
– қарапайым кциялардың қосымша шығарылымы;
– басқа көздер есебінен қалыптасады;
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын
қаржыландыруға:
– негізгі және айналым капиталын толықтыруға ;
– ғылыми-техникалық прогресті дамытуға,жаңа өнімдерді игеруге;
– табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға;
– өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерін салуға
қатысуға пайдаланылады;
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің валюта қорлары валюта
қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:
– экспорттық валюта түсім ақшадан;
– жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
– банктердің,соның ішінде шетел ,басқа қаржы мекемелерінің және
шетелдік заңи тұлғалардың валюталық кредиттерінен;
– ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пункттері
арқылы валюта сатып алу;
– бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі(гранттар);
Жөндеу қоры-шаруашылық жүргізуші субьектілерде негізі капиталарды
өндеудің барлық түрлерін: күрделі,орташа,ағымдағы түрлерін жүргізу үшін
жасалады,олар өнімнің ,жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны
есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға
қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдар нормативтерін шаруашылық
жүргізуші субьектілер өздігінше белгілей алады,бұл шығындар көлемі негізгі
капиталдардың жәй-күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады.Ішінара
жөндеуге жұмсалатын шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың
есебінен жабылуы мүмкін.

2.2Талдаудың мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі заманғы жағдайларда тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін
басшыларға өз кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық жағдайдың, сондай-
ақ серіктері мен бәсекелестерінің іскерлік белсенділігі жағдайын нақты
бағалай білуі қажет. Ол үшін:
• кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын бағалау әдістемесін
меңгеруі;
• қаржылық ақпараттарды жинақтаудың, өндеудің үстірт және үстірт емес
түрде пайдалануы;
• тәжірибеде осы әдістерді жүзеге асыруға қабілетті талдаушы мамандарды
тарту қажет.
Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, деп жазады профессор
Балабанов И.Т.*, бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын
(яғни төлемқабілеттілігі мен несие қабілеттілігі), қаржы ресурстары мен
капиталды пайдалану, мемлекеттік алдында өз міндеттемелерін орындау.
Стуков С.А. қаржылық жағдай жөніндегі өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды**: Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүрү қабілеттілігін кешенді талдау.
Қаржылық-экономикалық жағдай шаруашылық қызметтің барлық қатысушыларының
экономикалық мүдделерін тиімді жүргізуде. Оның бәсеке қабілеттілігі мен
артықшылығын анықтайтын кәсіпорынның белсенділігі мен сенімділігін маңызды
критерийлері. Ол қаражаттарды орналастыру мен пайдалану және олардың
қалыптасу көздерімен сипатталады.

Талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынды жалпы және сонымен бірге оның
қаржылық ресурстарын басқарудағы ең күрделі проблемаларды айқандау.
Қаржылық талдаудың мақсаттары:
← қаржылық жағдайдың көрсеткіштерінің өзгерістерін табу;
← кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды табу;
← қаржылық жағдайдың сандық және сапалық өзгерістерін бағалау;
← кәсіпорынның қаржылық жағдайдың белгілі бір датаға (күнге) бағалау;
← кәсіпорынның қаржылық жағдайының тенденцияларының өзгерісін бағалау;
← кәсіпорынның қаржылық жағдайдың тенденцияларының өзгерісін анықтау;
Қаржылық жағдайды талдау келесі тұтынушылар тобына керекті:
• Кәсіпорынның менеджерлеріне және ең бірінші кезекте қаржылық
менеджерлерге. Кәсіпорынды оның қаржылық жағдайын білмей шаруашылық
шешімдер қабылдау, оны басқару мүмкін емес. Менеджерлер үшін алынған
қаржылық натижелер мен ресурстардың шаруашылық қызметінде қолданылатын
(шешімдерді) олармен қабылданған шешімдердің тиімділігін бағалау маңызды
болып табылады.
• Меншік иелеріне, соның ішінде акционерлерге.Оларға кәсіпорындарға
салынған қаражаттардың қайтарымдылығы қандай болатындығын, кәсіпорынның
табыстылығы мен рентабелділігін, сонымен бірге экономикалық
тәуекелділіктің деңгейі мен өздерінің капиталдарының жоғалту мүмкіндігін
білу маңызды.
• Кредиторлар мен инвесторларға. Оларды берілген несиелерінің қайтару
мүмкіндігін бағалау қызықтырады.
• Жеткізіп берушілерге. Олар үшін жеткізілген өнімдер үшін төлемдер,
көрсетілген қызметтері мен жүмысты төлеуді бағалау маңызды.
Сөйтіп, жоғарында атап өтілген қаржылық талдаудың тұтынушыларының
тізімі осы талдауды экономикалық процестердің барлық қатысушылары қажет
ететіндігін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдаудың басты міндеті
бастапқы қаржылық жағдайы мен оның одан әрі даму динамикасын дұрыс бағалау
болып табылады. Ол келесі сатылардан құралады:
1) қаржылық-экономикалық жағдайды теңестіру;
2) кеңістіктік уақыттық айырымда қаржылық-экономикалық жағдайдың өзгерісін
айқындау;
3) қаржылық-экономикалық жағдайға өзгеріс әкелген негізгі факторларды
анықтау;
4) қаржылық жағдайды нығайтудың шаруашылықішілік резервтерін айқындау.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау қаржылық
талдаудың, сондай-ақ менеджменті мен аудиттің мәнді элементі болып
табылады.
Қаржылық талдаудың негізіне қаржылық есеп беруді талдау жатады. Бұл
қаржылық-экономикалық жағдайды бағалауды жүргізуде қаржылық талдаудың
әдістері мен жүмысшы амалдарын пайдалануды негіздейді. Қаржы менеджментінің
мәні нң тиімді жағдайларда қосымша қаржы көздерін тартуға, ең тиімді
инвестициялауға, қаржы нарығында пайдалы операцияларды жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін қаржылардыбасқаруды ұйымдастырудан тұрады. Кәсіпорын
дамуының қаржы қаржы көздерін іздестіру, сонымен қатар қаржы ресурстарын ең
тиімді инвестициялау бағыттарын анықтау нарықтық экономика жағдайларында
өзекті болуда. Қаржы менежменті маңындағы табыс көбіне қаржылық есеп беруді
зерттеп білудің жан-жақтылығына, жүйелігіне, мұқияттылығына тәуелді.
Мұнда алдынғы орынды кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын талдау
алады.
Кәсіпорындар арасында, соның ішінде және хаалықаралық деңгейде, банктік
және сақтандыру бизнесінде шаруашылық байланыстың кеңінен дамуы шаруашылық
субъектінің де, және оның қарсы агенттерінің де қаржылық-экономикалық
жағдайын бағалау объективтігі мен негізділігіне талаптардың елеулі артуын
білдіреді. Бұл міндетті шешудің алғышарттарының бірі болып аудиторлық
институттың қызмет етуі журеді.
Аудит – бұл кәсіпорынының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің
әрекеттегі заңға сәйкес сенімділігін, толықтығын тексеру. Аудит келісімін
шарттық бастамаларда тәуелсіз аудитормен немесе аудиторлық ұйыммен жүзеге
асырылады. Аудиттің негізгі қызметтері болып табылатындар:
← консалтингтік қызметті жүргізу (кеңес беру);
← бизнес жоспардың негізділігін тексеру;
← құжаттармен құжатайналымын тексеру;
← қаржылық-экономикалық жағдайды талдау;
← сауда-өндірістік қызметті және оның қаржылық нәтижелерін бағалау және
басқалары.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тексеру және талдау нәтижесіндегі
аудиторлар ресми нысанындада белгілі бір кезеңде бақыланып отыоған
экономикалық объектілердің қызметі қортындысы туралы негізделген түйін
ұсынады.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық талдау субъектілері болып кәсіпорын
қызметіне тікелей және жанама мүдделі ақпараттарды пайдаланушылар жүреді
(сызба 1).
Қаржылық-экономикалық жағдай – кәсіпорынның нарықтағы сенімділігі,
бәсеке қабілеттілігі, орнықтылығының маңызды сипаты. Сондықтан талдауды
пайдаланушылардың бірінші тобының әрбірі субъектісі өзмүддесінен шыға
отырып қаржылық ақпараттарды өз тұрғысынан танып біледі.
Талдау мәліметтерін пайдаланушылар

Кәсіпорын қаржыларының меншік иелерін ең алдымен меншікті капитал
үлесінің өсуі немесе кемуі, кәсіпорын әкімшілігімен ресурстардың тиімді
пайдаланылуы қызықтырады. Кредиторлар мен инвесторлар несиенің ұзартылуының
дұрыстығына, несиелендіру шарттарына, ақшалардыңқайтарылу кепілдігіне, өз
капиталдарын салудың табыстылығына көңіл бөледі. Жеткізушілер мен клиенттер
кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне, өтімді активтердің бар болуына және т.б.
мүдделі.
Пайдаланушылардың екінші тобына кәсіпорын қызметіне тікелей мүдделі
емес, бірақ келісім-шарт бойынша бірінші топтың мүдделерін қорғауға тиісті
талдау субъектілері жатады.
Әрбір кәсіпорын, өз шаруашылық мінез-құлқын өзгеріп тұратын нарықтық
коньюктура жағдайларында жоспарлай отырып, өз бәсекелестік айқымдамасын
нығайтуға ұмтылады. Сондықтанда қаржылық ақпараттың белгілі бір бөлімі
коммерциялық құпия аймағына өтеді. Бухгалтерлік есеп беруге негізделінетін
қаржылық-экономикалық жағдайды талдау сырткы талдау сипатын алады, яғни
ішкі басқарушылық есеп берілгендерін тартусыз және жариялаусыз жүргізілетін
талдау.
Жоғарында айтылғандар кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын
талдауды жүргізу ерекшелігін анықтайды, және де мұнда қаржылық талдаудың
барлық әдістерін пайдалануды шектейді.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдаудың мәнін қайта
бағалау қиын, себебі нақ соның өзі кәсіпорынның қаржы саясатын әзірлеу
құрылатын база болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиялық міндеттерін келесілер:
← кәсіпорын пайдасын жоғарлату;
← капитал құрылымын оңтайландыру және оның қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз ету;
← кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету;
← меншік иелері үшін кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайының
мөлдірлігіне қол жеткізу;
← кәсіпорынды басқару тиімді тетігін құру;
← қаржы қаражаттарды тартудың нарықтық тетігін кәсіпорынның
пайдалануы.
Талдаудың алынған нәтижелері негізінде қаржылық саясаттың бағытын
таңдау жүзеге асырылады.
Кәсіпорын үшін инвестициялық, жабдықтау-өткізілімдік, баға
аймақтарындағы басқарушылық шешімдерді талдау нәтижелері үлкен мәнге ие.
Даму стратегиясының басты мақсаты – барлық ресурстарды тиімді бөлу мен
пайдалануға негізделген нарықтағы орнықты жағдай. Мұнда ресурстарды
басқарудың басты әдісі болып шарушылық қызмет нәтижелерін аналитакалық
бағалау және болжамдау әдісі жүреді.
Технология, қажы, өткізілім мен өндірісті жаңарту аймағында тиімді және
нәтижелі шешімдер қабылдау үшін басқарушы қызметкерлерге кәсіпорынның
ағымдағы жағдайы туралы тұрақты және үздіксіз мониторинг керек. Қаржылық-
экономикалық жағдайды талдау шаруашылық жағдайға қас қағымдағы жағдайын
бейнелеп бар ресурстарды пайдаланудың ең күрделі проблемаларын бөлуге,
сөйтіп қалыптасқан нарықтың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне мақсаттар
мен ресурстарды ұйымдастыруға сәйкес келтіру күшін азайтуға мүмкіндік
береді.
Қаржылық-экономикалық жағдайды талдаудың негізгі міндеттеріне
жататындар:
← активтердің құрылымы мен динамикасын, олардың жағдайы мен
қозғалысын бағалау;
← меншікті және қарыз капиталы көздерінің құрылымы мен құрамы
динамикасын, олардың жағдайы мен өзгерісін бағалау;
← кәсіпорынның төлемқабілеттілігін бағалау мен баланс өтімділігін
бағалау;
← кәсіпорынның қаржы орнықтылығының салыстырмалы және абсолюттік
көрсеткіштерін талдау, оның өзгеру деңгейін бағалау;
← кәсіпорын ресурстары мен қаражаттарын пайдалану тиімділігін
бағалау.

2.3. Қаржылық жағдайды талдаудың әдістері мен ақпараттық қамсыздандыру

Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау негізгі көрсеткіштер
арасында өзара байланысты құрылымдандыруға мүмкіндік беретін әдістер мен
амалдар жиынтығы көмегімен жүргізіледі.
Абсолюттік көрсеткіштерді талдау – бұл бухгалтерлік есептілікте
көрсетілген берілгендерді танып білу: кәсіпорын мүлігінің құрамы қаржлық
салымдардың құрылымы, меншікті капиталдың қалыптасуы көздері, қарызға
алынатын қаражаттар мөлшері, өткізуден түскен түсүм көлемі, пайда мөлшері
анықталады.
Көлденең (уақыттық) талдау – бүл өткен кезеңмен өткізуден есеп берудің
арбір айқындамасын салыстыру, ал ол баланс баптарының және олардың
топтарының өзгеру бағытын айқындауға және оның негізінде базистік өсу
қарқындарын есептеуге мүмкіндік береді.
Тікесінен (құрылымдық) талдау қортындылық қаржылық көрсеткіштер
құрылымын анықтау, яғни жалпы натижелік көрсеткіштері есеп беру дегі жеке
баптардың үлес салмағын айқындау мақсатында жүргізіледі.
Тренділік (динамикалық) талдау бір қатар жылдарға есептіліктің әрбір
айқындамасын салыстыруға және трендіні анықтауға негізделген.
Тренді көмегімен келешектік, болжамдық талдау жүргізіледі. Қаржылық-
экономикалық талдаудың басты әдісі қаржылық (аналитикалық) коэфициенттерді
есептеу болып табылады.
Қаржылық коэффициенттер пайдаланушылардың әр түрлі топтарына:
акционерлерге, менеджерлерге, талдаушыларға қажет. Мұндай коэффициенттерді
талдау – бұл есептің жеке айқындамалары немесе есептіліктің әр түрлі
нысандары айқындамалары арасында арақатысты есептеу, олардың өз ара
байланысын анықтау.
Ондаған салыстырмалы көрсеткіштер белгілі, бірақ қолайлы болу үшін олар
бірнеше топтарға біріктірілген:
← өтімділік;
← төлемқабілеттілік;
← қаржылық орнықтылық;
← мүлік құрылымының сипаттамасы.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын алдын ала бағалау үшін
жоғарыда келтірілген көрсеткіштер топтары өз араларында сапалық
айырмашылықтары бар бірінші және екінші сыныптарға бөлінеді. Көрсеткіштер
тобының екі сыныпқа бөлінуі елеулі шамада қарастырылып отырған талдаушылық
құралдың жеткіліксіз дамығандығының салдары.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдауды жүргізу үшін
ақпараттық база болып бухгалтрлік есептілік (есеп беру) қызмет етеді.
Ұйымның (шаруашылық субьектінің) есеп берушілігі – бүл натижелерді
сипаттайтын және өткен уақытқа оның жұмысының жағдайын бейнелейтін
көрсеткіштер жүйесі.
Есеп берушілікке ағымдағы есептің барлық түрлері кірістірілген.
Соның арқасында есеп беруде кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің барлық
түрлерін бейнелеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Есептерді құрайтын мәліметтер сипаты бойынша басқарушылық (ішкі) және
қаржылық (сыртқы) есеп беру етіп бөледі.
Қаржылық есеп беруге бір қатар талаптар қойылады, олардың негізгілері:
← ақпараттардың орындылығы мен дұрыстығы;
← берілген есеп берудің мәнділігі.
Жоғарыда айтылып кеткенде, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын
талдау негізінен қаржылық бухгалтерлік есеп беруіне сүйінеді.

2.4.Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен динамикасын бағалау.
Қаржылық бухгалтерлік есеп беру бірнеше құраушы бырынғай тұтас есеп
құжаттарынан тұрады:
← бухгалтерлік баланс;
← пайда және зиян шегу туралы есеп;
← капитал қозғалысы;
← ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп; бухгалтерлік балансқа
жалғама.
Кәсіпорын жыл қорытындысы бойынша жоғарыда аталған құжаттардан басқа,
аудиторлар пікірінен, қаржылық есеп берулерге ескертулерден түратын
құжаттар қосымша ақпараттарды ұсынуға тиісті. Атап өткен жөн, аудиторлар
қаржылық есеп берулердің дәлділігін растамайды, тек есеп берудің
белгіленген ережелерге сайкес құрылғаны туралы касіби түйін жасайды.
Қаржылық есеп беру-бүл ұйымның откен белгілі бір кезеңге қызмет
нәтижелерін көрсететін құжат болғандықтан, сыртқы талдаушылардың ескірген
мәліметтерге сүйеніп сол кездегі жағдайын бағалағаннан басқа амалы жоқ.
Кәсіпорынның қызметі туралы көп түрлі экономикалық ақпарат және сол
қызметті талдаудың көптеген тәсілдері бар.
Сыртқы қаржылық есеп берудің берілгендері бойынша кәсіпорынның қаржылық-
экономикалық жағдайын талдаудың класикалықтәсілі болып табылады. Оның
жүргізілуі келесі сатылардан тұрады:
1. Ақпараттарды жинақтау және оның дұрыстығын бағалау, талап етілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару туралы
Қаржы жұмыстарының әдістері
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару
Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
Корпорациялардың қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Кәсіпорындағы қаржылық менеджментті жетілдіру жолдары
Қаржы – мақсатты ақша қаражат қорларының экономикалық негізі
Пәндер