Ластаушы заттар мен токсиканттар


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
- Токсикология.
- Тыңайтқыштар, пестицидтер мен детергенттер.
- Ауаны ластаушы заттар
- Су қорларын ластаушы заттар
- Топырақты ластаушы және аздырушы көздер
- Қоршаған ортаның ластануы туралы статистика
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Өндірістік улар және олармен улану. Өндірістік у - белгілі бір жағдайларда (мысалы жұмыс аумағы ауасы үшін шекті-рауалы концентрациясынан асып кеткен жағдайда), кәсіпорын қызметкерлерінің улануын туындатуы мүмкін, өндірістің бастапқы аралық, жанамалы немесе соңғы өнімі болып саналатын у.
Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады, шикізат өнімдері, аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында, тау-кен, машина жасау, мұнай, жеңіл өнеркәсіпте т. б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау барысында, белгілі бір химиялық өңдеуден химиялық заттар бөлінеді. Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Қазірде 7 млн. астам химиялық заттан түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері шығарылуда. Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп, оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттар, яғни, токсиканттар деп аталады. «Өндірістік улану» ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды зат» ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі аэрозолдар да кездеседі.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда, шикізаттық, аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.
Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі, бензолмен уланған - қан айналым мүшелерін айтуға болады.
Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы, ісу, тері және шырышты қабаттың іріңдеуі - әсіресе, қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс жасау барысында туындайды. Тікелей эсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы құбылыстармен сипатталады.
Негізгі бөлім
Өндірісті улар және олардың классификациясы.
Халық шаруашылығында қолданылатын химиялық заттардың саны көп. Олар былай жіктеледі:
Химиялық систематикасы:
- органикалық;
- бейорганикалық;
- элементті-органикалық.
Ағзаға әсер ету қасиеттері бойынша:
1) Тұншықтыратын:
- қарапайым тұншықтырғыш, демалатын ауадан (азот, сутегі, гелий) оттегін қысу;
- химиялық әсерету, жасуша мен қан арасында газ алмасудың бұзылуы (СО, синилді қышқыл) ;
2) Тітіркендіргіш - өкпе немесе демалу жолдарының сілемейлі қабықшасының тітіркенуі.
3) Ұшпа анашалар:
- қанға түскеннен кейін жүйке жүйесіне әсер етеді:
- соңы толық анықталмаған анаша заттары (эфирлер, майлы, азот тұнбасы) ;
- ішкі ағзаға кері әсер ететін заттар (галагенөндіретін майлы қатар) ;
- қан жүйесіне әсер ететін заттар (араматты көмірсутектер) ;
- жүйке жүйесіне әсер ететін заттар (алкаголь, майлы қатардағы күкіртті қосылыстар) ;
- қанға және қан айналымына әсер ететін органикалық азотты қосылыстар (анилин, нитробензол) .
4) Әртүрлі әсер ететін металлорганикалық және бейорганикалық қосылыстар (сынап, қорғасын, фосфор) .
Зақымдануына байланысты:
- нейтротропты;
- гепатотропты;
- невротоксикалық;
- кардиотоксикалық;
- қан уы.
Спецификалық әсеріне байланысты:
- аллергендер;
- тератогенднр;
- мутагендер;
- супермутагендер;
- концерогендер (күшті, әлсіз, орташа) .
Қауіптілігіне байланысты (класстар) :
1- төтенше қауіпті (Be, Cd, Pb, Hg, Tl) .
2- жоғары қауіпті (Sb, As, Ba, Se),
3- жай қауіпті (Cr, Ag, Al),
4- азғана қауіпті (Cu, Fe, Mn, Zn, Ni, Ge, Sr, Rb, Cs) .
Агрегатты күйде:
- газ;
- бу;
- аэрозольдар.
Улыхимикаттар (пестицидтер) :
- инсектицидтар;
- акарициды;
- гербицидтар;
- фунгицидтар
3. Токсикология (грекше toxіkon - у және logos - ілім) - медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы:
♣ әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология;
♣ ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді.
Қазіргі токсикологияда үш негізгі бағыттары бар:
- теориялық;
- профилактикалық (гигиеналық) ;
- клиникалық;
Теориялық токсикология - экзогенді химиялық огенттермен осы жүйенің араласу процесстері байқалатын, тірі жүйедегі әртүрлі түр өзгерістерінің жоғалуын немесе дамуын, араласу механизмі мен заңдылықтарын, формасын, түрін, оқытады. Қоршаған ортаның химиялық компоненттерінде адамзатқа қолайлы экологиялық бағыттардың жасалуы оның жетістіктеріне жатады.
Профилактикалық токсикология - адам айналасындағы өндірісті немесе өндірісті емес ортаның химиялық құрамының антропогенді және табиғи өзгеруі адамда химиялық этнология (химиялық аурулар) ауруларының пайда болуын ескертетін бағыттар.
Профилактикалық токсикология ҚО әртүрлі химиялық қосылыстардың токсико-гигиеналық әдістері мен принциптерін, сонымен қатар тікелей немесе жанама байланыс жасайтын ғылыми негізді құрайды және зерттейді.
Профилактикалық токсмкологияның зерттеу әдістері болып:
- жануарларға тәжірибе;
- химиялық агенттермен байланыс жасайтын адамдарды бақылау;
- клиникалық бақылау кезінде адамдарда, агенттермен байланысынан кейін сол немесе басқа потологияның пайда болғанын байқаймыз.
Профилактикалық потология келесі түрлерге бөлінеді:
-коммуналды;
-тағамды;
-өндірісті;
-ауылшаруашылық;
-тұрмысты;
-касметикалық.
Профилактикалық потология экологиялық токсикология сияқты оны жекелендіріп және анық экологиялық профиль құрайды.
Клиникалық токсикология - адам мен оның ұрпақтары өндірісті және өндірісті емес жағдайларда химиялық заттармен байланысу кезінде пайда болатын жасырын және анық, созылмалы немесе өткір ауруларды зерттейді.
Оның құрылымы:
-созылмалы химиялық ауруларды зерттеу;
-өткір химиялық аурулар туралы оқу;
-нашақорлы токсикология;
-емдік токсикология;
- жасанды материалдардың адамға биологиялық әсерін зерттеу.
Ауыл шаруашылығында, өндірісте және тұрмыстық қажетке пайдаланылатын минералды тыңайтқыштар, пестицидтер мен детергенттер құрамында улы заттар көп болғандықтан адамдардың денсаулығына, басқа тірі организмдерге, қоршаған ортаға өте зиянды және қауіпті болып саналады. Пестицидтер өсімдіктерді, ағаштарды, ауыл шаруашылығы өнімдерін, мақтадан, жуннен, теріден жасалған заттарды сактау үшін, ауыру таситын, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқамен, басқаларды пайдаланып өмір сүретіндермен күресу үшін қолданылады. Олар күрделі химиялық қосындылар болып есептеледі. Өсімдіктердің биіктігін, өсуін реттейтін аукцин, гибереллин, ретардант, жапырақты түсіретін - дефелиант, өсімдікті тамырымен жойып жіберетін - десикант, гүлімен ұрығын түсіретін дефлорант, хайуандар мен шыбын-шіркейлерді үркітетін рефелент, оларды қызықтырып ұстап алатын - атрактант, тұқымды өлтіретін хемостирилизатор, т. б. химиялық заттар пестицид қатарына жатады. Бұлардың атаулары өздері ықпал ететін өсімдіктер мен жануарлар тобының латынша атауынан басталып, соңына <<цид>> деген жалғау қосылудан - құралған. Мысалы акарцид, альгецид, интектицид, ихтиоцид т. б. Пестицидтерді қолданғанда өте сақтық қажет. Қоршаған ортаға және адамдарға әсері көп. Өсімдіктерді биялогиялық әдістермен қорғау нақтылы нәтиже бермегенде ғана пестицидтерді қадетті мөлшерден асырмай пайдалауға болады. Пестицидтердің ішінде өте қауіптісі хлро мен органикалық заттар қосындысынан тұратын ДДТ, диэльдрин, эльдрин, полихлордиофенил сияқты түрлері. Олар ұзақ уақыт бұзылмай, ерімей, шірімей сақталатын болғандықтан топырақта, теңіз суларында көп жиналады. Мысалы ДДТ 50 жыл бойы сақталады. Жыл сайын жүз мың тонна, жарты ғасырда 3 млн. тонна ДДТ өндіріледі. Оның қаншасы топырақта, қаншасы теңіз суына жиналғанын ешкім білмейді. Антарктидада жүрген пингвиннің бауырына ДДТ табылғанын ескерсек жер жүзіне қалай кең тарағанын түсінуге болады. АҚШ, Венгрия, Швеция бұрынғы кеңестер одағы, т. б. бірқатар елдерде ДДТ-ны қолдануға тиым салынған. Ал дамушы елдер оны безгек, бөртпе сүзек ауруларына қарсы қолданып келеді. Дүние жүзінде 10 жыл бұрын 4 млн. тонна пестицидтер шығарылатын. Қазір қанша шығарылатыны жөнінде мәліметтер толық емес, өйткені көтеген мемлекеттер өнім мөлшерін жасырып, жарияламайтын болды. Экологиялық жүйелер үшін өте қауіпті пестицидтер өндіруді жасыру, әрине адамзат алдындағы өз қылмыстарына жауап беруден қашудын бір түрі ғой. Америка әскерлері Вьетнаммен соғысқанда 600 мың гектар ағаштарды пестицидтер қолданып, түгел жойып жібергенін әлем ұмытқан жоқ. Гербицид, дефолияант, десикант, дефлорант т. б. улы химиялық заттар Орта Азиямен Қазақстанда әсіресе мақта, күріш, бидай алқаптарында ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді. Соның салдарынан Оңтүстік облыстарда кісі өлімі, әсіресе жас сәбилердің өлімі, ауру-сырқауы, жарымжан болып тууы өте көбейіп кетті. Деттергенттер жинақтау әдісімен алынған химиялық заттар. Олардық негізгі қасиеті заттардың сыртқы қабатына тез әсер етіп өзгерту немесе тазарту. Өндірісте, тұрмыстық қызметте оларды кір кетіру, жуу үшін, сыртын бояу, әшекейлеу үшін қолданады. Детергенттер суда ерімей, ұзақ сақталады, ұсақ организмдер ірітіп-шіріте алмайды. Бір литр суда 1 мг. Түссе, су көбіктене бастайды. Детергенттердің рұқсат етілген шегі 1 литр суда 0, 3 мг. - нан аспау керек. Ал қалдық суларда бұл мөлшер 5-10 есе асып кетіп жатады. Дүние жүзінде жылына 4 млн. тоннадан астам детергенттер өндіріледі. Минералды тыңайтқыштар, әсіресе азот пен фосфор, жыл сайын 300 млн. тоннадан астам егістік пен шабындықтарға қолданылады. Олардың бәрін өсімдіктер пайдаланбай топыраққа, жаңбырмен, ағын-сулар мен көлдерге, теңіздерге жиналып жатады. Су беті көктеп, көк жасыл балдыр басып кеткен көлдер осының белгісі. Қоршаған орта көп ластаушы заттар қатарына сынап, қорғасын, кадмий, мышьяк т. б. улы химиялық заттар мен олардың қосындылары жатады. Қоршаған ортаға көп тараған көмір қышқыл газ, көміртек тотығы, күкірттің, азоттың, хлордың түрлі қоспалады да табиғатты ластаушы заттар болып табылады. Табиғаттан керегін алып, қалпына келтіруді, байлықтарын молайтуды ойламай күн көрудің нәтижесінде дер мен ауа ластанып, өзен, теңіз, мұхит түрлі жарамсыз қоқыс төгетін орынға айналып барады. Өкінішке орай, адамдар табиғатты тілсіз құл санап, оған өз биліктерін жүргізуге құмар болып алды. Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп, денсаулыққа зиянын тигізеді, ал уытты заттар денені улайды. Ауа жаратылыс жолдармен және адамдардың іс - әрекетінен ластанады. Табиғи жолмен ластану жанар таулардың атқылауынан, теңіз суы буға айналуынан, тау ұнтағы мен топырақты жел мен дауыл ұшырағанда, орман мен далада өрт болғанда шаң -тозаң, күл т. б. аспанға көтеріліп ауамен араласу арқылы болады. Желтоқсаннан ақпан айына дейін соғатын тропиктік белдеулер желі Сахараның 60- тан 200 млн тоннаға дейін шаң көтеріп мыңдаған км жерге апарады. 1883 жылы Қаратау жанар тауы атқылағанда аспанға көтерілген күл мен тозаң бірнеше жыл бойы ауада болып, Ұлы Британия жағалауына дейін жеткен. 1985 жылы желтоқсан айының 19- ында күндізгі сағат 10- да Ашхабад қаласын қараңғылық басып, аспан қызғылт сары түске түсті, жарты сағаттан кейін қараңғы болып пәтерлерде шам жағуға тура келді. Сағат 13- те аспан ашылып жарық болса, екі с ағаттан кейін қайтадан қараңғы түсті, Сол күні қала үстінен 170 мың тн шаң өтті. Теңіз сулары буланғанда ауаға тұз қалдықтары, өрттен кейін күл мен шаң қосылады. Ауада органикалық қалдықтардың да шаң- тозаңы болады. Оларға бактерия, ұсақ саңырауқұлақ т. б. өсімдік және жануарлар қалдықтарының шірінділері жатады. Адамдардың іс- әрекетінен болатын ластануға өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, құрылыс кәсіпорындарының, коммуналды- тұрмыстық мекемелердің шаң- тозңы мен қалдықтары жатады. Жыл сайын атмосфералық ауаға шамамен алғанда мына мөлшерде ластаушы қалдықтар қосылады :
- теңіз сулары тұздары 550 млн тн
- топырақ беті щаңы 250 млн тн
- жаңартау атқындылары 80 млн тн
- өрт күлі мен түтіні, шаңы 70 млн тн
- жаққан отын күл -түтіні, шаңы 30 млн тн
- өнерқәсіп қалдықтары, түтіні, шаңы 15 млн тн
- ауыл шаруашылық шаңы мен түтіні 5 млн тн.
Бұл мәліметтерден адамдардың іс- әрекетінен болатын ластану мөлшері тым аз барлық ластаушы заттардың 5 процентінен аспайтынын көруге болады. Бірақ бұл ешкімді де қуантпайды. Себебі адамдарпдың іс- әрекетінен пайда болған шаң- тозаң, түтін, басқа қалдықтардың химиялық құрамы өте күрделі, адмдар мен табиғат үшін аса қауіпті. Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31, 9 проценті иісті газ (СО), 27 проценті күкіртті газ (SO2), 1, 1 проценті азот тотығы (NO2), 28, 3 проценті қалқып жүретін қатты түйіршіктер. Өндірістің негізгі салаларының ауаға шығаратын ластаушы заттардағы үлес салмағы мынадай.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz