Шииттік шын мәнінде Әлидің ұлы Хусейннің 680 жылы
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Философия және ғылыми методология кафедрасы
МӨЖ
Тақырыбы: “Шииттер”
Орындаған:
Тексерген:
Алматы, 200
Мазмұны
Шииттер
Шииттік секталар
Исматулла кім және ол қазақстанға қашан келді?
Шілхана, зікір және Исматулланың “құдіреті”
Сопылық сектаның құрылымдық жүйесі
Сопылардың тактикасы
Шииттер
Шииттер – ислам діні бағыттарының ішіндегі (сүнниттерден кейінгі)
екінші ірі бағытын ұстанушылар. Исламдағы шииттік бағыт Мұхаммед
пайғамбардың жалғыз мирасқоры, мұсылман уммасын басқаруға лайықты имам
ретінде төртінші “тақуа халиф” Әли мен оның ұрпақтарын ғана мойындайтын
мұсылмандардың басын біріктіреді. “Шиа” араб тілінен аударғанда топ,
партия, жақтаушылар, көмекшілер деген мағынаны білдіреді.
Шиизм діни доктрина ретінде біртіндеп қалыптасқан. Ол Хусейн (Мұхаммед
пайғамбардың немересі, Әли және Фатима ұлдары) өлімі (680 жыл) және 749-750
жж. Аббасидтерәулетін халифтер ретінде мойындау кезі аралығында пайда болды
деп есептеледі. Алайда Иранда ХҮ ғасырдың аяғына дейін суннизм үстемдік
етуші болса да, имамның пәктік идеясы көрінісін беретін шиизм көптеген
провинцияларда халық қозғалыстарының ұраны бола бастады. Олардың ішінде
атақтылары: Куфы тұрғындарының омей халифі Хишамға (739-740), Абу Муслимге
(747-750) қарсы көтерілістері, Хиджаздағы зейдитстік көтерілістер (762-763,
786), сонымен қатар Иранда ІХ-Х ғғ.
Шииттердің тарих сахнасына шыққан мерзімі туралы әртүрлі пікірлер бар.
Шииттік дерек көздер бұл ағымның Мұхаммед пайғамбардың тірі кезінде ортаға
шыққанын және Әзіреті Әлидің ұлылығын дәріптеп, соның жағында болғандардың
“Әли Шиасын (партиясын)” қалыптастырғандықтарын алға тартады. Кейбір
тарихшылар шииттіктің Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Әлиді заңды
халиф ретінде талап етушілердің ортаға шығарған таза саяси ағым екендігін
айтады. Ал енді біреулер бұл ағымды үшінші халиф Османның өлімінен кейін
пайда болған саяси әрекет деп бағалайды.
Алайда осы айтылғандардың барлығы бір қарағанда тарихи оқиғаларға
сәйкес келгенімен, шииттіктің жүйелі түрде ағым болып қалыптасқан уақытын
дәл көрсетіп тұрған жоқ. Шииттік шын мәнінде Әлидің ұлы Хусейннің 680 жылы
Кербала деген жерде жауыздықпен өлтірілуінен кейін саяси сипаттағы жүйелі
түрде ұйымдасқан ағым ретінде көріне бастады. Пайғамбардың ұрпағы, әрі
сүйікті немересі Хусейннің қатыгездікпен өлтірілгендігі туралы хабар жан-
жақта үлкен көтерілістердің шығуына себеп болды. Осындай дүмпулердің
алғашқысы Медине қаласында Абдулла ибн Ханзала тарапынан ұйымдастырылды.
Халықты өз жағына жиып алып ол Хусейннің өшін алу мақсатында халиф Язидке
қарсы шықты. Медине маңындағы шайқаста халиф әскерлері оларды басып
тастайды. Осы секілді шииттердің ислам тарихынан көптеген көтерілістеріне
куә боламыз.
Бұл ағым – көптеген бағыттарға бөлініп кеткен өте бытыраңқы ағым.
Шииттердің жіктелуі діни-саяси көшбасшылық мәселесіне байланысты
қақтығысулар, алауыздықтар нәтижесінде жүріп отырды. VІІ ғасырдың өзінде-ақ
шииттер ішінде екі бағыт – байыпты және радикал (шектен шыққан) шииттер
қалыптасқан болатын. Олар біраз уақыт өткен соң түбегейлі өзгеріске
ұшырады. Шииттердің діни доктринасының негізін қалаған Абдулла ибн Саба деп
есептеледі. Ол радикал шииттердің көшбасшысы болған (VІІ ғасырдың орта
шені). Оның есімімен әрбір пайғамбардың, соның арасында Мұхаммедтің де
“рухани өсиетхатын қабылдаушысы” (васи) болатындығы туралы идея
байланыстырылады. Әлиді васи, яғни пайғамбардың орынбасары деп жариялау
оның тегінің таңдаулы екендігіне баса назар аударады. Әлидің көзі тірісінің
өзінде-ақ, оның айналасындағылардың ішінде оны құдайдай көріп, пір тұтқан
адамдар кездескен. Сондай адамдардың біразын исламды теріс сенімдерден
сақтау мақсатында Әлидің өзі тірідей өртетіп жіберткен жағдайлар да болған.
Шииттердің діни ілімінің рәсімделу кезеңі Аббасидтер әулетінің орнығу
уақытымен, яғни VІІ ғасырдың соңынан VІІІ ғасырдың ортасына дейінгі
дәуірмен анықталады. Оған қастандық жасалғаннан кейін жараланып өлген
Әлидің қасіретінің культі және Кербалада 680 жылы өлтірілген оның баласы
Хусейннің тартқан азабы – шииттердің діни ағымға айналуына әкелген
факторлар еді.
Шиизм ішінде Алидтердің қайсысы имамат атына ие болуы туралы
қақтығыстар негізінде пайда болған әртүрлі бағыттар бар. Шиизмнің негізгі
тармақтары: кайсаниттер (ХІ ғасырда жойылған), зейдиттер, имамиттер. Бұл
бағыттар исмаилттермен салыстырғанда бәсең болып табылады. Шиизмде имам
(сунниттермен салыстырғанда) Алла және адам арасындағы делдал рөлін
атқарады. Ол “құдіретті субстанция” болып табылады.
Шииттер де барлық ислам жолын ұстанушыларға ортақ бастау – Құранға иек
артады. Рухани билікті Әлидің мұрагерлігіне беру туралы жалпы қағидат –
имамат (қауымның жетекшілері) о бастан берілген, оны арнайы бекітуге
болмайды. Нәтижесінде заңды талапкерді анықтау барысында өте күрделі,
кейде, тіпті шешілместей мәселелер туындап отырған еді. Әрбір шииттік имам
қайтыс болғаннан кейін оның орнын кім басатындығы туралы алауыздық басталып
кететін, сөйтіп Әлидің үрім-бұтақтарының әрқайсысы өз тарапынан билікке
келетін адамның мүддесін қорғайтын. Билікті берудің қағидатына қатысты көп
түрлі түсініктер болғанымен де, шииттік ортада Әли әулетінің мұсылман
қауымында билік етуге тікелей құқы барлығын бұлжымайтын қағида деп танитын.
Шииттер, сунниттер сияқты, Суннаны мұсылман дін ілімінің екінші көзі,
бастауы деп есептейді. Өздерінің аңыздарын шииттер әдетте ахбар (хабар,
мәлімет) деп атайды. Олар Мұхаммед пайғамбардың замандастарының – Әлидің
қарсыластарының қалдырған аңыздарын жалған деп, мойындамайды. Шииттік
ахбарлар сунниттік ахбарлармен салыстырғанда кейініректегі ахбарлар болып
табылады. Олардың өзіндік канондалу үдерісі Х-ХІ ғасырларға тиесілі.
Мұсылмандардың қасиетті аңыздарын жинаушы шииттік діндарлар арасынан
Мұхаммед әл-Кумми (903 ж. өлген), әл-Кулайни (939 ж. өлген), Мұхаммед ат-
Тусидің (10678 ж. өлген) аттары әйгілі.
Шииттерде, сунниттерге қарағанда, қасірет шеккенді, азап тартқан жанды
пір тұту кең тараған. Дін жолында азаптану идеясына, Әли мен оның баласы
Хусейннен басталған біраз шииттік имамдардың қайғылы тағдырларына шииттер
баса назар аударады. Аңыз бойынша Әлидің сүйегі жерленген Неджеф қаласы,
“ұлы азап тартушы” Хусейннің көмілген жері деп есептелетін тұста орналасқан
Кербаладағы (Ирак) мешіт – шииттердің киелі орындары болып есептеледі,
сонда олар қажылық жасайды. Шииттер табынатын тағы бір жерлер — Ирандағы
Кум мен Мешхед қалалары.
Шииттік тәжірибеде кең орын алған қағидат тақия (байқампаздық,
естілік, ақылдылық) – “өз сеніміңді ақылмен жасырып-жабу” қағидаты, яғни
адамның жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, әлде жамағаттың
ортақ мүддесін көздеу мақсатында өз дініңе, сеніміңе берік бола тұра, іс
жүзінде – оған қарсы келетін нәрселер жасау мен айтуға рұқсат етіледі.
Шииттер мұндайға жайдан жай жол беріп отырған жоқ. Өйткені олар – өз
тарихында саны жағынан аз болып, біраз қысым көрген жандар.
Шииттік секталар
Шиитер өз араларында жиырмаға жақын секталарға бөлініп кеткен.
Солардың ішіндегі ірілері: кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, “шеткі”
шииттер және исмаилиттер саналады.
Шииттер арасында Әлидің ұлдары Хасан мен Хусейннің ажалынан кейін
кайсаниттер бірінші болып бөлек шықты. Олар Мұхаммед ибн әл-Ханафияны (700
ж. шамасында өлген) имам деп жариялады. Шииттердің көп бөлігі бұл
сайлаудан бас тартты. Өйткені Мұхаммед ибн әл-Ханафия пайғамбардың қызының
баласы емес еді. Кайсаниттер шеткі шииттерге жатады. Олар өздерінің мойнына
“жазықсыз өлтірілген” Хусейн үшін кек қайтаруды жүктеген. Сондай-ақ ислам
сеніміне жат болып саналатын рухтың бір денеден екінші бір денеге өтуі
туралы сенімді енгізгендігі үшін кәпірлер деп саналған. Кайсаниттер
Мұхаммед ибн әл-Ханафияны Мұхаммедтің пайғамбарлығының отын Әли арқылы
қабылдаушы және киелі білімге иегер деп жариялады. Мұхаммед ибн әл-
Ханафияның өлімінен соң оның ізбасарлары бірнеше секталар мен бағыттарға
бөлініп кетті. Кайсаниттер қауымдары ІХ ғасырдың ортасына дейін тіршілік
етті.
Зейдиттік ағымның негізін салушы – Хусейннің немересі Зейд ибн Әли
болып табылады. Өздерінің көзқарастары тұрғысынан сунниттерге ең жақын
шииттік ағым болып саналады. Олардың негізгі мақсаты Әли әулетінен тараған
имам басқаратын теократиялық мемлекет құру болды. Зейд – Әлидің шөбересі,
бесінші имам деп танылды. Зейдиттер Иранда, Иракта, Хиджазда, сол сияқты
Йеменде де орналасқан. Аталған жерлерде олар терең тамыр жайып, өздерінің
мемлекеттерін құрды. Зейдиттердің жоғары билік туралы іліміне сай,
имаматқа келуге тек қана “Пайғамбар әулетінің” ғана құқы бар, яғни имамат
тек Фатимадан және оның ұрпақтарынан бастау алуы тиіс делінеді. Өйткені
оның үлкен ұлы – Хасанның болсын, кіші ұлы – Хусейннің болсын ұрпақтарының
билікке бірдей құқы бар. Зейдиттік қауымдар біздің уақытымызға дейін жеткен
және қазіргі таңда Йемен Араб Республикасының ресми мәзһабы болып
табылады.
Шииттердің саны жағынан ең көп әрі байыпты қатарын имамиттер
қалыптастырады. Олар Әли әулетінен шыққан 12 имамды мойындайды.
Имамиттердің басқа бір атауы – иснаашариттер. Иснаашариттер – 12 имам жолын
жақтаушылар. Имамиттердің имамдар “баспалдағы” келесі адамдардан тұрады:
1. Әли ибн Әбу Тәліб (Куфада 661 ж. өлтірілген);
2. Хасан ибн Әли (Мединеде 669ж. өлген);
3. Хусейн ибн Әли (Кербалада 680 ж. өлтірілген);
4. Әли Зейн әл-Абидин (713 әлде 714 ж. өлген);
5. Мұхаммед әл-Бақыр (Меккеде 732 ж. өлген);
6. Джафар ас-Садық (Мединеде 765 ж. өлген);
7. Мұса әл-Казим (Бағдатта түрмеде 799 ж. өлген);
8. Әли ар-Риза (Тусада 818 ж. қайтыс болған әлде у беріп өлтірілген);
9. Мұхаммед ат-Тақи (Бағдатта 835 ж. өлген);
10. Әли ан-Наки ( 868 ж. өлген);
11. Хасан әл-Аскари (8734 ж. өлді);
12. Мұхаммед әл-Махди (8734 ж. жоғалып кетті).
Имамиттердің сенімі бойынша он екінші имам болып саналатын Мұхаммед әл-
Махди жас кезінде жоқ болып кеткен және қайтып оралмаған. Ақырзаман
жақындағанда келетін “құтқарушы (махди)” сол болып табылады. Қазіргі кезде
имамизм мемлекеттік дін түрі ретінде Иранда қабылданған, Ирактың
тұрғындарының жартысына дейінгі саны – шииттер-имамиттер, олардың
қауымдастықтары Ливанда, Кувейтте, Бахрейнде, Сауд Арабиясында, Иорданияда,
Ауғанстанда және де басқа ислам тараған елдерде бар. Сунниттік дінбасылар
имамиттерді олардың догматтық ұстанымдарының байыптылығына сай, өздеріне
жақын тартады. Олардың екі арасындағы келіспеушілік имаматтың мәнін
түсінуге келгенде басталады.
Шииттік исламдағы шеткері бағытты ғулат (шектен шыққан көзқарастарды
ұстанушылар) деген атау алған көптеген секталар мен тарамдалған бұталар
танытады. Олардың “шектен шығып кетулерін” Әлиді және оның ұрпақтарын
құдайдай көрулерінен байқауға болады. Шеткі шииттер ортасында имамдарға
жаратылыстан тыс күш тиесілі деген ойлар туындады. Олардың “жасырын” күйі
және дінге сенушілерге құтқару міндетін өтеу үшін қайта оралуы, имамдардың
көріпкелдігі, жандарының көшіп-қонып жүруі және тағы басқа ойларын мысалға
келтіруге болады. Шеткі шииттер белсенділігінің шарықтаған кезі VІІІ ғасыр
болған еді. Ол – халифатта әулеттік дағдарыстар мен жөнсіздік күшейген
уақытқа тұспа-тұс келеді. Көп жағдайларда олар Ирак территориясында әрекет
еткен.
Мұсылманшылықтың тарихына өшпес із қалдырған шииттердің басқа бір
бағыты – исмаилиттер болды. Олардың тарихы өзінің бастауын VІІІ ғасырдың
ортасынан алып жатыр. Шииттер арасындағы кезекті жарылыс алтыншы имам
Джафар ас-Садықтың рухани билігін иемдену мәселесіне қатысты болды. Ол өз
ұлы – Мұса әл-Казимді өз орнына ізбасар деп, имамиттік “баспалдақтың”
жалғастырушысы ретінде тағайындап кеткен еді. Джафар ас-Садықтың таңдауын
оның үлкен ұлы Исмаилдың жақтастары қабыл алмады. Имаматтың Исмаилдың
ұрпақтарында қалуын жақтағандар исмаилиттер деп атала бастады. Ұстанымдары
түгелдей исламға қайшы болды. Олар, діни үкімдер қара халық үшін арналған,
ал ғалымдар құлшылық жасамаса да болады дейді. Құран аяттарының сыртқы
мағынасы емес ішкі мәніне үңілу қажет деп санап, дінді бұрмалауға жол
берді. Қазіргі таңда Сирия, Үндістан және Иранда ұстанушылары бар.
Шиитер әлемдегі бүкіл мұсылман қауымының он пайызға жуығын (110 млн.
адам) құрайды. Исламның бұл бағытын Иранның (80 пайыз) түгеліне жуығы,
Ирактың жартысынан көбісі (60 пайыз), Әзірбайжан, Ливан (30 пайыз),Йемен
және Бахрейн мұсылмандарының елеулі бөлігі (40 пайыз), Ауғанстан және
Пәкістан мұсылмандары (20 пайыз), Сауд Арабия мұсылмандары (10 пайыз)
ұстанады. Мұнда сонымен бірге басшысы ретінде Ага-ханды мойындайтын
исмаилеттерді, 15 млн. Түркия алевиттерін, Сирия алавиттерін (тұрғындардың
12 пайызы) жатқызуға болады. Қазақстанда шииттікті әзірбайжан ұлт
өкілдерінің өте аз бөлігі ұстайды.
Исматулизм бағытының сопылық синдромы
6 карашаның жексенбі күні тамағы кесілген 33 жасар жігітті
Алматы қалалық 12-аурухананың алдына белгісіз біреулер тастап кеткен.
Қансыраған жігітке дәрігерлер шығыл көмек көрсетіп аман алып қалды. Кейін
белгілі болғандай, Оңтүстік Қазақстаннан діни білім алуға келген ол жігіт 9
айдан бері Алматыдағы “Мамыр” ықшам ауданындағы Шәкәрім атындағы медіреседе
қамауда болған. Жаралы жігіттің айтуынша, бұл медреседе атуы-шулы Исматулла
Максұмның шәкірттері дәріс берген. Алғашында өз еркімен келген әлгі соңыра
медресе ұнамай кетпекке ниеттенген. Бірақ медреседегілер оны қараңғы
бөлмеге қамап, шынжырмен кісендеп тастап, ұрған, зәбір көрсеткен. Зікір
салуға мәжбүрлеп, тәулігіне небары үш сағат тынықтырған. Мұндай қорлыққа
шыдай алмаған ол өзін өзі өлтірмек болып, тамағын пышақпен бауыздаған.
Қазір жігіттің жағдайы жақсы.
Бұл оқиғадан соң іле-шала құқық қорғау органдары Шәкәрім атындағы
медресеге барып 40 адамды ұстаған. Ішкі істер органдары қазір тергеу
жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Былайғы жұрт оларды йассауишілдер, зікіршілер немесе сопылар деп
атайды. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерін қасиетті Құранмен қатар ұстайды.
Алқа қотан отырып зікір салуды мұсылманның бес парызынан жоғары қояды.
Пірлері — Пәкістаннан келген Исматулла. Сопылар өздерін “жамағат” деп,
басқаларды “жамағат емес” деп бөліп қарайды. Тіпті соңғы кезде
йассауишілдердің өздерін “Мәдінің сарбазымыз” деп, ақирет күнін жақындатуы
да діни экстремизмге бейімдігін аңғартады.Соған қарап, мұндай ұйымдарда
діни-ахлақи насихаттан гөрі саяси пиғылдың басымдығын көруге болады.
Дінтанушылардың пікірінше, жұрттың мұндай топтарға еруінің екі себебі бар,
бірі – діни сауатсыздық, адасушылық. Екіншісі, бұл материалдық байлық,
ақшаға қызығу немесе қызмет, жұмыс, т.б.
Қазақстанда экстремистік пиғылдағы сопылық ағымның күш алып келе
жатқаны туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаев
2004 жылдың 1-қыркүйегінде айтқан болатын. Бірақ бұл ақпарат тиісінше
талданбай, талқыланбай қалды. Неге? Мұның өзіндік себептері бар.
Біріншіден, сопылар қазақ тілді ақпарат құралдарына тікелей қысым көрсетіп
немесе жанама ықпал етіп отыр. Екіншіден, орыс тілді БАҚ бұл проблеманы
түсіне бермейді және қазақ қоғамын іштей ірітіп бара жатқан бұл дертті
талдауға құлықты емес. Үшіншіден, сопылардың сектаға тән жабықтығы —
өздерінің ықпалындағы ақпарат құралдарынан басқаларға ешқашан сұхбат
бермейді, дін мәселесіне қатысты жиындарға келмейді, ашық пікірсайысқа
шықпайды. Солай болса да қазіргі қазақ қоғамында іштей “пыш-пыш” талқыланып
жатқан мәселенің бастысы — осы. Жаңа заманғы қазақстандық сопылар туралы
тақырыптың қойыртпағы мен шиыртпағы өте күрделі. Олар туралы толық түсінік
беру үшін орта көлемдегі кітап жазу керек. Өйткені сопылар туралы
жинақталған бес жүзге таяу материал соған сұранып тұр. Солай болса да,
мәселенің маңыздылығын ескере отырып, газет оқырмандарына аз да болса
мағұлмат бере кетейік.
Исматулла кім және ол Қазақстанға қашан келді?
Исматулла Мақсұм – қазақстандық сопылардың рухани ұстазы, пірі. Оны
тақсыр деп атайды, қасиетті әке cанайды, жамағаттың әрбір мүшесі құлдық
ұрып, қолын сүйеді.
Исматулланың бұған дейін кім болғаны, не істеп, не қойғаны, не
кәсіппен айналысқаны туралы ақпарат жоқтың қасы. Кеңес-ауған соғысы
кезінде Ахмад Шах Масуд әскерінің діни идеологы болды деген сөз бар.
Жақында ғана жарық көрген оның Құран сырларының әліппесі кітабында
келтірілген деректерде түкті қошқардың тұқымы екені, ата-бабалары –
Шалқар әулие, Маймақ ишан Сыр бойы, Ақтөбе өңірінде жасағаны айтылған.
Естіп, білетіндер болар, бұл дерек әлі екшелене жатар.
Бізге анығы – 1944 жылы туған, ауған-пәкістандық азамат. Қазақстан
азаматтығын алған-алмағаны белгісіз.
Исматулланың Қазақстанға келуіне бірден бір себепші болған адам -
Ғалым Боқаш. Ғ.Боқаш — қазір Алматы қаласы әкімінің идеология жөніндегі
орынбасары. Бұған дейін ол “Қазақстан” ұлттық телеарнасының ақпаратты-
сараптамалық бағдарламалар дирекциясын басқарды, апталық Мезгіл хабарын
жүргізді.
1997 жылы, ол кезде Ғ.Боқаш ҚазМҰУ-дің шығыстану факультетінің студенті,
тәжірибеден өту үшін Пәкістанның Пешевар университетіне барады. Сонда
Исматулланы жолықтырып, арбауына түседі. Ақырзаман боларда пір мүридтерін
іздейді дегендей, Исматулла 1997 жылы Алматы жанындағы Қарасу мешітіне
келіп, медресе ашып, мүридтер дайындай бастайды. Мүридтер арнайы қырық
күндік оқудан өтеді. Оны қырықтық, шілхана деп атайды. (Бұл турасында
мақаламыздың келесі бөлімінде толығырақ айтылады). Бірақ Исматулланың
бірінші крест жорығы сәтсіз аяқталды. Қазақстан заңдарына қайшы әрекеті
үшін 1999 жылдың күзінде құқық қорғау органдары медресе-шілхананы жауып,
Исматулланы Пәкістанға депортациялап, Қазақстаннан аластады. Сол кезде
ақпарат құралдарында айтылып, қоғамда үлкен дүрбелең туғызған бұл оқиғаны
тағы бір еске сала кеткеннің артықтығы болмас: сонау Торғайдан медреседе
оқып жатқан ұлы Алмастан хабар алуға келген Бақытжан Фазылова бірнеше күн
бойы баласына жолыға алмай әуре-сарсаңға түседі. Ақырында құқық қорғау
органдарына шағымданады. Тақсырдың тұтқынындағы Алмасты құтқару үшін
Алматы қаласы Жетісу ауданының ішкі істер бөлімі арнайы операция
ұйымдастырды: полиция отряды мешітке басып кіріп, жамағатты таратты,
Исматулладан басқа төлқұжаты жоқ екі ауғандық азамат ұсталды. Тақсыр дін
таратып, имандылық уағыздап жүргенін айтып, біраз қарсылық көрсетті. Ал
Алмас көзінше өзін ұрып-соғып, қолын қайырып, тілін тартқанын полиция мен
журналистерге зар жылап тұрып айтты. Бұл сюжеттер НТК мен 31 – телеарнаның
архивінде сақтаулы. Прокуратура қылмыстық іс қозғап, сопылар бүркеніп
жүрген Төле би қоғамдық қорын жапты.
Былтыр осы оқиға турасында сол кездегі идеологиялық сектордың
жетекшісі - ақпарат және қоғамдық келісім министрі болған Алтынбек
Сәрсенбайұлынан сұраған едім. Ол Қарасу мешітінде расында да діни фанаттар,
экстремистер дайындалғанын айтты.
Осылайша Исматулланың Қазақстандағы миссиясына нүкте қойылғандай еді.
Бірақ тамыр тартып, желі салып үлгерген сопылық ағым біржолата жойылып
кеткен жоқ. Исматулланың орнын Нарымбай Разбекқажыұлы басты. Елде қалған
шәкірттері студенттік жатақханаларда астыртын жиындар өткізіп, кейбірі оны
қорғап мақалалар жаза бастады. Соның бірі – Ғ.Боқаш. Оның қасиетті адамның
қадірін білмедік деген сыңайдағы мақалалары Қазақ әдебиеті газетінде
жарияланды. Санжар Керімбай, Елдос Еміл сияқты мүридтер оңтүстік, батыс
өңірлерді адақтап, үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатпады. Жамағат
мүшелерінің өзара жазысқан хаттары мен басқа да материалдарға қарасақ,
Исматулла ретін тауып Қазақстанға келіп-кетіп жүрген. С.Керімбай былай
дейді: “... тақсыр болса бүгін міне сағат үште Алматыға Пакистаннан ұшып келе
жатыр. Ал шәкірттерінің ол кісіні алып барып қондыратын оңаша үйі жоқ.
Осыны сен ұят деп сезініп көрдің ба?.. Бүкіл жамағаттың “Менмін” деген
жігіттері тақсырды қайда кіргізерін білмей бастары қатып, дал болды. Ал
қайдағы бір ақшалы қазақтың Сматулла тақсырға менің көзімше. “Ей Сматулла,
мына шұбырынды қаңғыбастарыңды алып үйімнен жоғал” дегені есіңнен шығып
қалды ма?! Тақсырдың түн ішінде алтын басымен қайда барарын білмей біздің
көзімізше намыстан жарылып өле жаздағыны саған әсер етпей ме?”.
Бұл хатта айтылған ақшалы қазақтың үйі (Школьный-2, 240 үй, “Мамыр”
ықшам ауданының маңы – О.Ә.) қазір зікірші-сопылардың штаб-пәтері, әрі
қырық күндік курстан өткізетін шілханасы. Басқосу, мәслихат, алдағы
аптада жасалатын шаруаның жоспарын талқылайтын жиын, оны өздері кіші
құрылтай деп атайды, осында өтеді. Исматулла да, одан кейінгі “тақсыр”
Нарымбай да, өзін олардың “баспасөз хатшысымын” деп таныстыратын Қазақ
радиосының ақпарат бөлімінің жетекшісі Еркін Стамшалов та осында отырады.
Бұл үйдің иесі Қарақалпақстаннан келген оралман, ауқатты адам деседі.
Әуелде ыңғай бермей жүрсе де, артынан мүкаммалын жамағатқа басыбүтін
беріп тынды. Бұдан кейін Адамның басын айналдырып тастайтындай
Исматулланың не құдіреті бар? деген сұрақтың туары сөзсіз. Бұл туралы
мақала барысында айтылады. Әрі оның еш құпиясы жоқ. Адамды мұрсатта зомби
қылып, діни фанатқа айналдырып жіберетін Аль-каеда мен ваххабшылардың
технологтары туралы айтылып та, жазылып та жүр. Исматулланы да солардың
қатарына қоюға әбден болады.
Оны мүридтері әулие санайды. Нарымбай ол – бос жолдыбай адам емес,
әулие адам, оған иманымыз кәміл дейді. Тіпті кейбір зікіршілер: Мәді
пайғамбар, біз – сарбаздарымыз дейді.
Әрине, оның елді аузына қаратып, ұйыта алатындай харизмалық тұлға
екенінде дау жоқ. Шау тартқанына қарамай шапшаң, оқыс қозғалады. Дембелше,
ызбарлы жүзі дін адамынан гөрі, шайпау, ыссы адам екенін байқатады. Дауысы
өткір, зәрлі, шаңқылдап сөйлейді. Зікір салып жатқан бейнетаспаны көріп
отырып, бір досымның мынау аумаған Гитлер ғой дегені бар.
Жалпы, Исматулла кім, неғылған адам? дегенде, белгілі бір сыртқы
саяси күштердің жансызы, дәлірегінде, діни-конспирологиялық массондық
ложаның өкілі деген де пікір бар.
Шілхана, зікір және Исматулланың құдіреті
Ең алғаш қырық күннен өткендер - ҚазМҰУ-дің филология, шығыстану,
журналистика және тарих факультетінің студенттері мен аспиранттары.
Арасында Оңтүстік Қазақстан облысынан, Атырау, Торғайдан келгендер, кәмелет
жасына жетпеген балалар да болды. Шілханаға бір кірсең оңайшылықпен шығу
мүмкін емес, тәртіп өте қатал, тақсырдың рұқсатынсыз көшеге шығуға, бөгде
адамдармен сөйлесуге болмайды. Тіпті газет-журнал, әдеби кітап оқуға,
теледидар көруге де қатаң тыйым салынған. Қырық күн бойы тақсырдың уағызын
тыңдап, алқа-қотан отырып, зікір салады. Бұған шыдай алмаған, иә көнгісі
келмегендерді ұрып-соғып, тіпті төсекке таңып, байлап тастайды. Мұны олар
адам бойындағы “шайтанды қуу” дейді. Таяқ жеп, зәбір көрушіге біз сені
ұрып жатқан жоқпыз, сені азғырып, иектеп жүрген жын-шайтаныңды қағып
жатырмыз деп түсіндіреді. Мұндай инквизиция бұрын-соңды ислам дінінде
болған жоқ. Медресе-шілханаға бөтен-бөгде адамның кіруі мүмкін емес,
айнала қысы-жазы қатаң күзетіледі. С.Керімбайдың мына хатына қарағанда
күзетшілердің де, қырық күндік курстан өтетін шәкірттердің де жағдайы мәз
емес: “Қаншама біздің жігіттер медреседе қыстың күні күзетте жүріп суық
шалып, ауру боп құлап, көбісі мүгедек боп қалды. Емделуге ақшалары да жоқ.
Мына жақта медреседе тұла бойын үсік шалған Серғали сандырақтап суық
бөлменің ішінде тұра алмай жатқанда мен Жапонияда жылы жерде сенімен қол
ұстасып жүруім керек пе еді? Нұртас, Серіктердің әйелімен барып қосылатын
жері жоқ. “Бізде бала қайдан болсын. Күйеуіммен айында бір рет жатпаймын”
депті Нұртастың әйелі. Олардың керек десең ғұсыл құйынатын да жері жоқ”...
Зікіршілер” Қарасу мешітінен қуылғаннан кейін Алматыдағы автодромға
қарсы бір жарым қабатты және қасында қосалқы сарайы бар үлкен үйге
орнықты. Бұл Нарымбайдың үйі болса керек-ті. “...Нарымбай тақсырды отырған
үйінен шығарып, ол үйді медресе қылып жіберді. Ал өзін алты баласымен
Қарасудың арғы жағындағы екі бөлмелі сарайға қуып тықты. Ол үйдегі күйеу
баласы үш қызымен квартира іздеп қаңғып кетті. Нарынбай тақсыр айлап,
жылдап үйінің бетін көрмейді...” (24.02.04 ж). Өткен жылдың күзіне қарай бұл
үй сопы қыздардың монастыріне айналды. Бұған дейін олардың шілханасы
Қаскелеңде болды.
Зікір ұғымы Құранда бар. Зікір (зикр) – құдіретті жаратушы Алланы еске
алып, еске тұтып жүру деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл ұғымның мағынасын
кейіннен пайда болған мистикалық секталар өзгертіп, зікірді енді еске
алуға жіберудің техникасы мен әдісіне айналдырады (Ислам.
Энциклопедический словарь. – Москва, 1991., 77-бет). Сөйтіп, уақыт өте келе
суфизмнің ең қатал, тоталитарлық ордендері зікірді еске алудың
медитациясы деген ұғымға ұластырады. Кейіннен жүректі тазалау деген
мистикалық ұғым пайда болған. Сопылар үшін зікір – адамның рахатты күйдегі
трансқа түсуі болып есептелген. Тіпті кейбір секталарда адамның жүйкесіне
әсер ететін есірткі шөптер, кофе, наша, алкоголь секілді күшейткіш
дүниелерді де пайдалана бастаған (Ислам. Энциклопедический словарь, Москва,
1991., 77-бет). Адалын айту керек, бірақ бұл сопылық ағымның бәріне бірдей
тән емес.
Ал қазақстандық сопылардың зікірі – мүлдем басқа нәрсе. Оны өздері
алқа зікір және ара зікір деп бөледі. Жалпы, қазақ халқының ұғымында
бақсылар зікір салады, зікір, зікірлеу сөздері жағымсыз экспрессивті
мағынада қолданылады.
Теология ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz