Шоқан Уәлиханов подполковник


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І - тарау. Шоқан Уәлиханов және қазақ қоғамын зерттеуші.

1. 1 Шоқанның өмір жолы, өскен ортасы

1. 2 ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамы

ІІ - тарау. Шоқан Уәлиханов - қазақтың алғашқы шығыстанушысы

2. 1. Шоқан - қазақ деректанушысы

2. 2 Шоқан саяхаты және тарихи - жағрапиялық зерттеулері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының ұлы ғалымы, жарқын жұлдызы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов отандық шығыстану ғалымы мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның қысқа, жарқын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырлық дамуының рухани ізденістерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой санасың биіктей өркендеуіне ықпал етті.

Шоқан Уәлиханов өзінен кейін мол әдеби - тарихи мұра қалдырды. Өзінің тым қысқа ғұмырының барысында Шоқан европалық ғылым үшін “белгісіз”, “жұмбақ” болып келген Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектері мен қоғамдық саяси тақырыптағы толып жатқан шығармалар жазып үлгерді. Шоқан Уәлиханов терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы бірқатар мәселелерді жаңаша көтере білген кемелді ғалым болды.

Шоқан Уәлихановтың қоғамдық тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең - қазақ халқының орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демоктариялық мәдениетімен жақындасу дәуірі, сондай - ақ толық отарлыққа түскен дәуірі еді. Сол кездегі Шоқанның қоғамдық өмірдегі қызметі көп қкрлы. Сондықтан да ол көптеген зерттеу еңбектерінің тақырыптарының негізіне алына алады. Бүгінгі таңда еліміз егемендігін алған уақытта отандық тарихымыз өзінің тарихи қайраткерлерінің тұлғасын зерттеуге зор көңіл бөліп отыр. Әсіресе ұлтымыздың қазақ екендігін дәлелдеп бағуға тырысқан ғалымымыз - Шоқан Уәлихановтың бай тарихи, ғылыми мұрасын зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Еліміз демократиялық қоғам қуруға ұмтылып келе жатқанда қазақтың ұлы ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың өз халқының тарихын зерттеп, әлемге таныту мен төл мәдениетін өркендетуге ұмтылған қызметі муқият саралап зерттеуді талап етеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Шоқан Уәлиханов өз заманында дүниежүзілік шығыстану ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан әр салалы, терең мазмұнды еңбектер қалдырды. Шоқан Уәлихановтың жеке басы, қоғамдық қызметі тарихтың әр кезеңінде жоғары бағаланды Шоқан Уәлихановтың жолдары жарқын мінезі, кемелді ақылы, көптеген дарынды қабілеттері жайлы замандастары жан тебірентерлік жылы лебіздер қалдырды. Шығысты зерттеуші әйгілі ғалым Е. И. Ковалевский Шоқанды “Асқан данышпан жас жігіт, қазақ халқының ең жақын досы, әрі орыстың мемлекеттік мүддесін қадір тұтушы” деп атады [5. 21 б. ] Көрнекті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Моңғолия мен Орта Азияны зерттеуші И. Н. Потанин Шоқан Уәлихановтың еңбектерін жоғары бағалай отырып, “Шоқан қазақ ішінен оқырман қауымын талқан болса, ол өз халқының шын мәнісіндегі асқан данышпаны болар еді” - дейді. [28. 74 б. ] Атақты шығыстанушы ғалым Н. И. Веселовский өзінің еңбектерінде Шоқан Уәлихановтың ғылыми қызметтерінің нәтижелерін пайдалана отырып: “Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінің аспанынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шықты - орыс ориенталистері бірауыздай оны таңғажайып құбылыс деп қарады, одан түркі халықтарының тағдыры туралы аса маңызды ұлы жаңалықтар ашады деп үміт күтіп еді” - деп жазады. [5. 42 б. ]

Шоқанның жақын достарының бірі Ф. М. Достоевский өзінің хаттарында Шоқанға: “Европалық білімге тұнғыш қолы жеткен адамсыз. Сахараның не екенін “оның маңызын және өз халқыңыздың Ресейге қандай қатысты бар екенін Ресей халқына түсіндіру… сізге көп міндеттер жүктейді” - деп жазып, оны алдығақарай шығыстану зерттеу жұмыстарына итермейді. [5. 61 б. ]

Шоқан Уәлихановтың шығармалары тұңғыш рет 1904 жылы орыс географиялық қоғамымен басып шығарылды. Бұл басылым құнды мәліметтер бергенімен, патшалық цензураға қатты ұшыраған, қайта өңделген Шоқанның ғылыми еңбектері, саяхат күнделіктерікеңес уақытында да мұқият сараланады. Оның қолжазбаларымен текстологиялық жұмысты ҚазССР Ғылым Академиясының академигі А. Х. Марғұлан, ғылыми қызметшілер А. Б. Никольская, М. С. Тұрсынова, П. Г. Галузо, Л. М. Әуезова жүргізеді. Осы зерттеулердің негізінде 1958 жылы, ал кейіннен толықтырылып, 1970, 1985 жылдары Шоқанның шығармалар жинағы басылып шығарыла бастайды.

Шоқан Уәлихановтың шығармаларының негізінде оның саяси, экономикалық, философиялық көзқарастары, тарихи танымдары, этнографиялық мұралары жекелей саралап зерттеліне бастады.

“Сот реформасы туралы жазбалар”, “Қазақтардың қонысы туралы” және т. б. көптеген шығармаларының негізінде Шоқанның саяси және экономикалық көзқарастарын С. Д. Зиманов, А. Б. Әтішев өздерінің “Шоқан Уәлихановтың саяси көзқарастары” атты еңбегінде қарастырады. Мұнда олар Шоқанның қазақтың билер институтының құрылымын зерттеді, патша реформасының олқылықтарын көрсетуі, қазақ қоғамының өмірінде көшпелі мал шаруашылығының алатын орнына арналған ойлары сараланады (қараңыз 2, 13 әдебиет)

Шоқанның 150 жылдық мерейтойына байланысты Бүкілодақтық конференция өткізіледі, осында Шоқанның жеке басы мен мұраларына қатысты бірнеше құнды баяндамалар жасалады. Болашақ зерттеу жұмыстарына негіз қаланады Н. Е. Бекмаханова Валиханов және орыс мәдениеті атты баяндамасында Шоқанның көзқастарының қалыптасуына әсер еткен Омбы қаласында оқыған жылдар, алдыңғы қатарлы орыс демократиялық мәдениет пен оның өкілдерінің ықпалы таразыға салынып талқыланады [37. 105 б. ]

Шоқанның ағартушылық ойлары да зерттеу нысанасына айналды. Х. А. Арғынбаев, А. Марғұлан, Ш. Абдрахманова, Н. Ивлев, А. Х. Қасымжанов, С. Көпеков өзінің еңбектерін ғалымның ағартушылық ойларына арнайды. Шоқан тарихтағы экономикалық және саяси факторлардың маңызды рөлін ескерді, әлеуметтік құбылыстарды ағартушылық көзқарас тұрғысынан түсіндіруге тырысты деген қорытынды жасалды. [35. 105 б., 23. 80 б. ]

Шоқанның ғылыми мұраларының басым көпшілігі оның саяхаттарының нәтижесінде жиналып жазылғандығы баршамызға белгілі. Шоқанды саяхатшы - зерттеуші ретінде А. С. Бейсенова, Б. А. Литвинский, Н. К. Стрелкова, Т. Бекниязов және т. б. көптеген зерттеушілер зерттеді. “Елдерді сипаттауда Шоқанда географиялық очерк басым болды” деп атай келіп [3. 244 б. ] . А. С. Бейсенова Шоқанның барған жерлерін сипаттау тәсілін атап көрсетеді. Б. А. Литвинский Уәлихановтың Ыстықкөл мен Жоңғарияға барған саяхаттарын зерттеп, Шоқан жайлы Орталық Азияны зерттеуші ретінде сөз қозғайды. Шоқан - универсал, оның экспедициялардың есептік материалдарына объектілерді кешенді зерттеу тән. Оны халықтардың - қазақ, қырғыз, ұйғырлардың тарихы, қазіргі жағдайы, көршілермен қарым - қатынастары, тұрмысы мен салттары “қызықтырды”, - деп жазады. [37. 105 б. ]

Шоқанның тарихи танымдары бүгінгі таңда негізгі зерттеу нысанасына айналып отыр. Д. Дулатова, Р. Б. Сүлейменов, Д. А. Моисеев, Н. Қанафияұлы, И. Шәмшәтұлы Шоқанды шығыстанушы тарихшы ретінде қарастырады “Халықтар тарихын зерттеуде, Шоқан ауыз әдебиеті мен жазба ескерткіштерді кешенді түрде пайдаланды” - деп ескертеді Д. Дулатова. [12. 28б. ] Р. Б. Сүлейменов, В. А. Моисеев, Н. Қанафияұлы өздерінің еңбектерінде Шоқанның халық тарихын зерттеудегі ауыз әдебиетінің рөлін мұқият қарастырады. Шоқан тек қазақ ғана емес, қырғыз тарихнамасының да негізін қалаумы деп атап көрсетеді. [20. 96 б]

Шоқан ғылыми әдебиетте этнограф ретінде де жоғары бағаланады. Ол халықтардың рухани және материалдық мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты. Осы зерттеулерін В. П. Курылев, З. Еркімбеков, А. Қонысбаева, Ш. Момынова және т. б. өте жоғары бағалайды. “Шоқанның этнографиялық әдеби мұралары орысшығыстануына зор үлес қосты” деп бағаланады. [47. 55б. ] Шоқанның ғылыми мұралары әлі де болса, көптеген зерттеу жұмыстарын талап етеді.

Курс жұмысының мақсаты:

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың дүниежүзілік шығыстану ғылымына қосқан құнды ғылыми, тарихи, әдеби және этнографиялық зерттеулерінің мазмұнын және олардың қоғамдық - мәдени дамуға тигізген әсерін ғалымның шығармалары мен соңғы жылдары жазылған ғылыми еңбектер негізінде зерделеу.

Курс жұмысының міндеттері:

Шоқан Уәлихановтың ғылыми материалдары мен әр түрлі тарихи - әдеби мұраларына талдау жасау негізінде курс жұмысына төмендегі міндеттер қойылды:

  • Шоқан Уәлихановтың дүниетанымының, көзқастарының қалыптасуына әсер еткен ортасын, өмір жолын қарастыру;
  • Шоқан Уәлихановтың қазақ халқын әлемге танытуға деген ұмтылыстарын, саяси - экономикалық көзқарастары мен философиялық дүниетанымын саралау;
  • Алғашқы қазақ деректанушысы ретінде Уәлихановтың қазақ халқының шығутегі, хандары, батырлары туралы деректеріне сипаттама беру;
  • Ғалымның атын әлемге әйгілі еткен, зерттеу жұмыстарына негіз болған георафиялық сапарлары мен еңбектері жайлы мәліметтер көрсету;

Курс жұмысының практикалық маңызы.

Егеменді еліміздің өзінің төл тарихын танып білуге көңілі ерекше ауып тұрған жағдайда Шоқан Уәлихановтың зерттеу еңбетері оның көптеген беттеріне жарық түсіреді, сол уақыттағы тарихи жағдайын терең түсінуге жол ашады. Курс жұмысында Шоқан Уәлихановтың қоғамдық, ғылыми қызметі халықтың мүддесіне сай жүргізілгені объективті түрде дәлелденеді және тарихи - әдеби шығармалары соңғы кездегі зерттеулерге негіз болғандықтан, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан толданады. Осы материалдарды оқулықтар мен мектеп бағдарламаларына енгізіп, арнайы курстар түрінде де өткізуге болады.

Курс жұмысының методологиялық негізі.

Шоқан Уәлихановтың әдеби, тарихи, географиялық және этнографиялық еңбектері жарық көргенімен де, олар алғашында патша үкіметімен, ал кейінен кеңес билігімен сынға ұшырады. Курс жұмысында біз кейінгі жылдардағы зерттеу жұмыстарының нәтижелерінің негізінде объективтілік, бірізділік және даму принциптеріне сүйеніп, ғалымның ғылыми мұрасы өркениеттік көзқарас тұрғысынан қарастырылады.

Курс жұмысының хронологиялық және географиялық шеңбері.

Ғалым, тарихшы, этнограф ретінде Шоқан Уәлихановтың қоғамыдық қызметін ашу үшін курс жұмысы ғалымның өмір сүрген 1835-1865 жылдары мен ол өмір сүрген және сапарлармен аралаған Қазақстан, Орта Азия, Орталық Азия және Ресей елдері тарихын қамтиды.

Курс жұмысының құрылымы.

Жұмыс Кіріспеден және екі ірі тараудан тұрады. І тарау өз ішінде екі бөлімшеден тұрса, ІІ тарау өз ішінде тақырыптың мәнін ашу мақсатында екі бөлімнен құралған. Сонымен қатар, қорытнды және пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.

І-тарау. Шоқан Уәлиханов және қазақ қоғамын зерттеуші

1. 1 Шоқанның өмір жолы, өскен ортасы

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қараша айының ішінде сол кездері Құсмұрын дуанының аға сұлтаны, майор дәрежесіндегі Шыңғыс Уәлихановтың қара шаңырағында дүниеге келген. Шоқанның кіндік қаны тамған Құсмұрын бекінісінің ескі жұрты қазіргі Қостанай облысы, Жетікөл ауданы Шөптікөл аулынан үш - төрт шақырым жерде орналасқан. Азан шақырылып қойылған есімі Мухамедқанафия болғанына қарамастан, анасының Шоқан деп еркелетіп қойған есімі өмір бойына сақталып кетеді.

Шоқанның анасы Зейнеп - қазақша хат таныған, өз заманының көзі қарақты қыз - келіншектерінің бірі. Оның әкесі - бала жасынан шешендік өнерімен ел ішінде аты аңызға айналған, кейінен Сібір қазақтары арасынан алғаш рет аға сұлтандық әкімдікке қолы жеткен, атақты Шорман би.

Шоқанның балалық шағы негізінен оның сүйікті әжесі Айғанымның аулы - Сырымбетте өтті. Орта жүз ханы Уәлидің кіші әйелі - Айғаным жігерлі әрі көреген әйел болған. Ол шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің Азиялық департаментімен және Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. [29. 5 б. ] Сырымбетте тұңғыш қазақ мектебін аштырды (екіншісін Құсмұрында оның баласы Шыңғыс салдырды) . [17. 12 б. ]

Уәлихановтардың отбасында Шоқаннан басқа алты ұлы және төрт қыз болды, оларға қарағанда Шоқан жастайынан өзінің ақылы, өжеттігі, табандылығы және қабілеттілігі мен ерекшеленетін. Шоқанның балалық шағы сахарада, өзінің өткендегі ерлік істері жайлы көптеген аңыздарды есінде сақтап отырған халықтың арасында өтеді, сөйтіп сезімтал бала тарихи аңыздарға жастайынан құлақ қойып, халықтың халық ортасынан шыққан адамдармен араласуға, халқтың өлең - жырлары мен әңгімелерін тыңдауға құштар болып өседі.

Бала Шоқанның сана - сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле беруіне әжесі Айғаным үлкен әсер еткен. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі “халық даналығының сарқылмас білім бұлағы” болған. Халықтың озық дәстурлері мен салтын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің аяғына дейін ұмытпай есінде сақтаған.

Шоқан ерте, кейбір мәліметтер бойынша, төрт жасында хат таныған. Әдетте балахат танымай тұрып - ақ сурет салуға құрштарлана береді. Шоқанның әкесі Шыңғыстың үйіне чиновниктер, офицерлер, олардың ішінде топографтар жиі тоқтайтын. Шоқан солардың жұмысымен танысып, еліктей жүріп, алдымен қаламмен, сиямен, ал кейіннен бояумен сурет салуды үйренеді. Сурет салу баланың аңғарымпаздығын ұштап, оның өмір құбылыстарына тереңірек бойлай түсуіне көмектесті.

1840 жылдары Тобылда губернатор, кейіннен Орынбор шекара комиссиясының төрағасы болған М. В. Ладыженский қазақ халқының сот ісіне қатысты ғұрыптары мен ауыз әдебиеті нұсқаларын жинақтауға көп көңіл бөлген. Шыңғыс Ладыженскийдің бірнеше талап - тілектен тұратын өтінішін орындау үшін өз үйіне әйгілі жыршылар мен аңызшы - әңгімелерді, ақын, әнші, күйшілерді шақырғанда, шекаралық басшылықтың тікелей тапсырмасымен Аманқарағай, Құсмұрын төңірегіндегі жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына араласқанда Шоқанды үнемі ертіп жүрген. Зерделі, зерек Шоқан бес жаста екендігіне қарамастан, А. А. Сотниковтың басшылығымен Күнтимес пен Қараобадағы қазба жұмыстарынан үлкен әсер алады.

Жеті жасынан бастап мектепке барған Шоқан молданың қолынан араб жазуының негіздерін меңгереді. Бұл схоластикалық мектепте тек шағатай тіліндегі ортағасырлық әдебиет мұраларын оқумен, араб және парсы тілдерінде сөйлеп жаттығу және шығыс ақындарының өлеңдерін тақпақтай жатқа айтумен ғана айналысқан.

Даланың дәстүрі бойынша, сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни “жеті жұрттың тілін білу” парыз болған. Сондықтан Шоқан шығыс тілдерін оқуға ден қойып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін де жақсы меңгерген.

Айғаным әжесінің айтқан әңгімелері, елдің атақты от ауыз ақын - жырауларының өлең- жырлары баланың халық поэзиясына деген ынтасын ерте оятты. Халық поэзиясына жастайынан құмартқан Шоқан, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата- анасына дауыстап оқып беріп жүреді. “Еркокше” және “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” атты халық дастандарын ол тіпті бала кезінде - ақ жазып алып, кейін өзінің ұстазы Н. Ф. Костылецкийге берген. [30. 20 б. ] Шығыстың басқа халықтарының поэзиясымен де шұғылданған Шоқан, ауылда жүрген кезінің өзінде де ол шығыс әдебиеті классиктерінің өлеңдерін оқудан бас көтерген емес.

Шоқанның ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының өкілдерімен тығыз байланыста болуы үлкен әсер етеді. Академик А. И. Шренк, Сібір қазақтарының облыстық басқармасында қызмет істеген декабристер С. М. Семенов, В. И. Штейнгель, Н. В. Басаргин және Қазан университетінің студенттері С. Сотников, Н. Ф. Костылецкий, Т. Сейфулин сияқты көптеген жоғары білімді адамдар Шыңғыстың аулында бірнеше рет болған. [1. 22 б. ]

Шоқанның білімге деген құштарлығы барған сайын күшейе түседі. Алайда оның үй маңайында алған білімі шындығында да діни, схолостикалық сипатта еді, бұл сол тарихи кезеңнің өзінде тіпті сұлтан баласының өсуінің өзіне аз болатын.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Ресейдің қазақ өлкесін отарлауы күшейе түскен уақытта ескі феодалдық тәртіптің күйрей бастады патша үкіметі мен үстемдік жүргізушібай феодалдар мүдделерінің біте қойнасуынан көрінді. Осы жағдайда билік тізгінін қолдан шығарып алмас үшін орыс мәдениетіне ұмтылудың қажет екенін түсіне бастаған қазақ ақсүйектері өз балаларын орыс мектептері мен училищілеріне, жоғары оқу орындарына бере бастады. Шоқанның әкесі мен әжесі чиновниктік мансапқа жету үшін оның тек қана европалық білім алуы қажет екенін түсінді. Бұл жерде Шыңғыс Уәлихановтың көптеген орыс ғалымдарымен тығыз байланыс жасағанын да айта кету керек.

1847 жылы күзде Шыңғыс өзінің орыс достарының көмегімен баласын Сібірдегі сол кездегі ең жақсы оқу орны деп саналған Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Кадет корпустары әскери негіздегі арнаулы жабық оқу орны саналғандықтан, онда офицерлер мен бай - шонжарлар балаларының ғани түсіп оқу мүмкіндігі болған. Бұл оқу орнының мәдени өмірдегі маңызын дәл бағалау өте қиын еді. Аса көрнекті қоғам және әскер қайраткерлері ғалымдар мен публицистер осында тәрбиеленіп шықты.

Кадет корпусының оқу мерзімі - даярлық класы екі жыл, негізгі кластары бес жыл, арнаулы класы бір жыл, барлығы сегіз жылға созылған.

Арнаулы класта тактика, артиллерия, далалық фортификация секілді әскери ғылымдар жүретін болғандықтан, хан тұқымынан екендігіне қарамастан, патшалық өкіметке сенімсіз бұратана ұлт өкім болып табылатын Шоқан арнайы оқу бағдарламасы - “Офицер етіп шығару үшін қырғыз сұлтандарының балаларына Сібір кадет корпусында өтуге мүмкін депсаналатын пәндердің жалпы бағдарламасы” бойынша білім алған. [20. 45 б. ]

Шоқан Уәлиханов өмірінің кадет корпусында оқыған кезеңі едәуір дәрежеде оның болашақ тағдырына - орыс армиясы офицерінің ғана емес, сонымен бірге зерттеуші ретінде қалыптасуына әсер етті. Нақ сол кездері оның дүниетаным көзқарасының негіздері қаланып, өмірде алар орны мен қоршаған ортаның шындығына деген қарым- қатынасы қалыптасты. [13. 21 б. ]

Шәкірттердің ішінен оның жалғыз өзіне ғана кітапхана қорларымен танысуға рұқсат берілді, ол орыс және шетел әдебиетін құныға оқыды. [19. 17 б. ]

Корпуста оқыған жылдары Шоқан тек орыс тілін ғана емес, неміс және француз тілдерін де меңгерген, сонымен бірге өзі бұрыннан білетін араб тілі білімін барынша жетілдіре түсті. Осында жүріп Шоқан сол кездегі ең көкейтесті өмірлік мәселелерді қозғап жатқан маңдай алды журналдармен таныса алды, атап айтқанда “Современник” журналын оқыды. [19. 17 б. ]

Екінші курстан бастап Шоқан мен оның ұстаздары арасында етене жақындық және достық қатынастар орнайды. Сезімтал шәкіртке корпустың оқытушысы Н. Ф. Костылецкийдің күшті ықпалы тиді, оның айналадағы өмірге сын көзімен қарау сезімін оятты, өзінің қазақ халық эпостарын зерттеу ғылыми жұмысына тартты. Н. Костылецкийді Шоқанның дала өмір салты мен дәстурлерін жақсы білетіні қызықтырды.

Демалыс күндері Шоқан алма кезек алғашқы кезде корпус оқытушыларының, кейіннен Омбы қаласы чиновниктері мен интеллигенциясының үйінде - оның ішінде аса білімді адамдардың бірі - К. К. Гутковскийдің үйінде қонақта болып жүрді. Гутковскийлердің отбасында әрдайым жолаушы жүрген атақты адамдар - әдебиетшілер, саяхатшылар, жер аударылған петрошевийлер, чиновниктер мен әскери адамдар жиналатын. [30. 68 б. ] Қаладағы ең таңдаулы, адамгершілігі мол әрі оқыған отбасылармен таныс дамуына елеулі ықпал етті, - деп куәгер болады Г. Н. Потанин. [45. 7 б. ]

Сібір кадет корпусы екі бөлімшеге: ротаға және эскадронға бөлінетін. Әдетте ротаға чиновниктер мен офицерлердің балалары қабылданатын. Эскадронда казактардың және “бұратаналардың” балалары оқыды. Жағдайдың әмірімен Шыңғыс сұлтанның баласы эскадронға қабылданды. Нақ осы жағдай даланың ақсүйегі Шоқан бұқарамен жақынырақ танысып, оның мұң - мұқтажы мен тілегін жақсырақ білуге көмектесті, мұның өзі сонымен бірге біршама дәрежеде оның демократиялық сенімінің қалыптасуына ықпал етті. [19. 19 б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов сапарлары
Шоқанның жастық шағы
Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы
Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері
Құрлық әскерлерінің әскери институты
АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ
Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы
Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуда ресей әскерлерінің әскери қимылдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz