Салық саясатының мәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Салық саясатының мазмұны мен маңызы

1. Салық саясатының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...4

2. Салық саясатының ықпалы мен
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2. Қазақстан Республикасының салық саясатының жүргізілуі мен бюджетке
әсері

1. Салық саясатының бюджетті толтырудағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2.2. Қазақстан Республикасының салық саясатының
басқа дамыған елдерден
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 32

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Кіріспе

Осы курстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы салық саясатының
қалыптасу ерекшеліктері деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп
отырған саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз
тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық
жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған
жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап,
еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де
кемшілігін көрсетуге тырыстым.
Салық жүйесі өте күрделі жүйе. Мемлекетіміздің әл – ауқаты мен
қауіпсіздік саясатына арқау боларлық тұрақты экономикалық дамуына әсер
ететін жүйе. Бұл арада салық төлеушілер де, мемлекетте арақайшылық
болмайтын қатынас болу үшін салық саясатын заң арқылы дұрыс жолға қоя білу
керек.
Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары
жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты
кезаңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне
қарай жүргізеді.
Салық салу обьектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақты
және жеке болып бөлінеді.Нақты салықтар – мүліктердің сыртқы белгісіне
қарай, нақтылы табыстың түсуі есептелместен (жер салығы , мүлікке
салынатын салық, құнды қағаздарға лынатын салық) салынады.
Жеке салықтар жеке адамдар мен заңды мекемелердің қаражат жағдайына
байланысты (пайдаға салынатын салық, табыс салығы, мұра немесе сыйға
тартуға ауысқан мүліктерге салынатын салық) салынады.
Қазіргі экономикалық дағдарыстан әлі де құтыла алмай отырған еліміз
үшін салық жүйесін жетілдіру, дамыту тақырыбы өте өзекті, маңызды және де
керекті деп ойлаймын.
Айта кету керек, 1995 жылы 24 сәуірде Президенттің Заң күші бар
жарлығымен қабылданған Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер
туралы Салық Кодексі біздің еліміздің экономикасы үшін үлкен қызмет
атқарды. Жалпы ішкі табыстың бүгінгі күні барлық ТМД елдерімен
салыстырғанда жоғары деңгейде тұруы – соның айғағы.
Шетел инвестициялары біздің экономикаға келтіру және бағыттау
бағдарламалары салық заңдылығымен айтылып жатқанын айту керек. Жалпы қарап
отырсақ, салық кодексінің әлемдік стандартқа сай болуы – шетелдік
инвестицияның біздің елге келуіне көп әсер беруі.
Біздің салық жүйеміздің жоғары деңгейде көріне білгені елімізге көп
пайда келтіреді.

І. Салық саясатының мазмұны мен маңызы.

1. Салық саясатының мәні.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болады және оның өмір сүруінің негізі
болып табылады. Мемлекетті ұстау үшін оның азаматтарының ақшалай немесе
натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.
Адамзаттың даму тарихында салықтың формалары мен әдістері мемлекеттің
сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
Олардың қызмет ауқымы кеңейіп,әлеуметтік – экономикалық процестердегі рөлі
де өзгеріп отырады. Тауар - ақша қатынастары неғұрлым дамыған жүйелерде
салықтар да жақсы дамып, оларға мүмкіндігіше әсер етеді.
Мемлекетке түсетін салық түсімдеріне тән ерікшелік – олар сан алуан
қоғам қажеттеріне таратылып пайдаланады. Салықтардың мемлекет, басқа өкімет
органдары белгілейтін сан алуан мақсатқа арналған жарналардан,
аударымдардан, төлемдерден айырмашылығы осында. Бұған әлеуметтік
сақтандыруға төленетін қатаң нысаналы аударымдар, жарналар, арнайы қорларға
аударылатын жарналар мен аударымдар жатады. Нақты қатынастары түзілуі
жағдайындағы салық саясатының негігі бағыты –халықтың нақты табыстарының
едәуір бөлігін орталықтандырылған қоғамдық тұтыну қорлары арқылы
қалыптастыру, приниптерінен бас тарту. Бұл халықтың еңбекке қабілетті
бөлігінің табыстарын еңбек белсенділігін арттыруға экономикалық мүдделігін
арттыру арқылы көбейтуге мүмкіндік береді. Салық жүйесі арқылы қоғамның
еңбекке қабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары
жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты
кезаңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне
қарай жүргізеді.
Салық салу обьектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақты
және жеке болып бөлінеді.Нақты салықтар – мүліктердің сыртқы белгісіне
қарай, нақтылы табыстың түсуі есептелместен (жер салығы , мүлікке
салынатын салық, құнды қағаздарға лынатын салық) салынады.
Жеке салықтар жеке адамдар мен заңды мекемелердің қаражат жағдайына
байланысты (пайдаға салынатын салық, табыс салығы, мұра немесе сыйға
тартуға ауысқан мүліктерге салынатын салық) салынады.
Салық салу обьектілерінің есепке алу және бағалау тәсілдеріне қарай
кадастрлық төлеушінің жарияланым бойынша салық алу сияқты 3 тәсілі бар.
Бірінші жағдайда салық алынатын обьектілердің тізімі негізінде,
олардың табыс нормаларын көрсете отырып есептеу және салу(жер салығы, мүлік
салығы нақтылы табыс есептелмей іске асырылады).
Екінші әдіс бойынша жарияланымында төлеуші табыстың мөлшерін, қажетті
жеңілдіктерді және салық сомасын көрсетеді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін заңды мекеменің
бухгалтериясында есептеліп, сол жерде төленеді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдар мен баж
салықтарының үш тобын, салық қатынастарын реттеп отыратын құқықтық нормалар
мен салық қызметі органдарын (Бас салық инспекциясы мен оның жергілікті
органдарын) қамтиды.
Салық – шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы асырылатын, қаржы
қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық
мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін
белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты
қаржы көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында
қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтардың мәнін толық
түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың
экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар: фискалдық, реттеушілік, қайта
бөлу. Ең негізгі қызметі фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызмет
арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық
міндеті артады. Ретеушілік қызметі - салықтың маңызды қызметі. Осы қызмет
арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни реттеуі жүзеге
асырылады. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субьектілер табысының бір
бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі
жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана
отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизімінің қызмет
ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып,
салық саясатын анықтайды.
Салық термині құқықтық актілер мен әдебиеттерде жиі кездеседі.
Оның мәні мен мағынасы жөніндегі талас пікірлер көп. Салықтың мәнінен
тереңдеп түсіну үшін салық салу теориясының классигі Адам Смиттің
еңбектерінің жалпы бұқаралық үлкен маңызы бар. Оның салықтар жөніндегі
көзқарасы дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің салық жүйесін
қалыптастыруға негіз болған. Салық салу принцптерін анықтауға Адам Смит
салықтарға қойылатын төмендегідей талаптарды ерекшелейді.
Салықтардың ашық түрде болуы Адам Смиттің айтуы бойынша, салық
мемлекеттің құқық түрінде көлемі мен төлеу мерзімі белгіленген жүктемесі.
Жалпы қоғамның мүддесі үшін мемлекеттің өмір сүруі үшін мемлекеттің салық
жинау құқы туындайды, яғни салықтар - заңмен негізделген, ашық түрдегі
мемлекеттік алым.
Салықтардың бір мөлшерлігі немесе тең үлестілігі, яғни барлық
тұлғалар өз табиғатының шамасына қарай мемлекетке қолдау көрсету
керек. Өйткені олар мемлекеттің қамқорлығының, қорғауының арқасында сол
табысқа ие болып отыр. Салықтардың ашық түрде болуы, салық төлеушілерге
төленетін төлемдердің уақыты, орны, көлемі және төлем әдістемелерінің
белгілі бөлігін талап етеді. Салық жинаудың арзандығы мемлекет қазынасына
түсетін салықтарды жинау үшін шығатын шығындардың мүмкін болғанша аз
мөлшерде болғанын көздейді. Салықтар жинаудың көп ғасырлық тарихы
болғанымен салықтардың толық экономикалық анықтамасын беруде пікір -
таластар әлі күнге таластаған емес. Мысалы: С.Д.Цыпкин салықтарды
материалдық табыс көзі бар жағдайда алдын – ала көзделген ставкалар
бойынша есептелген және нақты мерзімде бюджетке төленетін, мемлекет
белгілеген міндетті жеке нысандары және қайтарымсыз төлемдер деп
қарастыруда. Бұл салықтардың жан – жақты кең ашылған анықтамасы
екенін айтуымыз керек. Воронованың берген анықтамасы бойынша салықтар
түсінігі мынадай:
Салықтар белгілі бір мөлшерлер мен мерзімдерде жиналып
мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің уәкілетті
органдары актілерінің негізінде заңды және жеке тұлғалардың бюджетке
өткізетін өтемсіз төлемдері.
Бұл кезінде заң салымның негізі категорияларының алтын
қырына енген қысқа тұжырымды анықтама болғанымен, онда салықтың
міндеттілік, қайтарымсыздылық және баламасыздық белгілері орын таппай
қалған.
Бұл тұрғыдан қарасақ, салық құқығы теориясының мықты
мамандарының бірі деп танылып жүрген С. Г. Пепеляевтің берген
анықтамасы ерекше қызықтырарлықтай. Оның айтуынша салықтар - үкімет
субъектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ететін, контрубуция
немесе жазалау түріндегі емес мемлекеттік мәжбүрлер мен қамтамасыз
етілген, міндеттілік, жекеленген сетемсіздің, қайтарымсыздылық
бастамасымен заңды және жеке тұлғалардың меншігін заңды нысанда
иемдену.
Қалай дегенмен бұл анықтама да, тізіп айта берудің қажеті
жоқ, басқа да маман қаржыгерлердің берген бағалары да салық
белгілерінің толық, жан – жақты тұжырым деп баса алмай отыр.
Сондықтан болар бүтінде көптеген авторлар салық анықтамасының
мазмұның салыққа сипаттама бере келіп, негізгі белгілерін жеке –
жеке айта отырып береді. Мысалы, салық кодексінде белгіленген жеке
кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін деген алым бар. Ол
алымды төлегені үшін мемлекет жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға рұқсат береді, яғни алымның бұл арада қарама бар - салық
төлеушіге нақты түрде не үшін алым төлегені түсінікті, айқын.
Ал төлеген салық оны төлеген салық төлеушіге нақты
түрде келешекте қызмет ете ме жоқ па, бұл белгісіз. Міне, салық
пен ғылымның айырмашылығы бар.
Мысалы: төлемнің баламасыздығын да осы тұрғыдан түсіндіруге
болады. Салық төлегені үшін салық төлеуші сол төлемге пара – пар
келетін ешқандай балама міндетті мемлекет мойнына алмайды.
Салықтың тұрақты міндетінің туындалуын төмендегі мысалмен
түсіндіруге болады. Егер жеке тұлға жеңіл машина көлігінің иегері
болса онда ол сол көліктің меншік иесі болған күннен бастап, сол
меншікті құқы біткенше көлік құралдары салығын төлейтін салық
төлеуші болып табылады және жыл сайын тұрақты түрде аталған
салықты төлеп отыруға міндетті. Сол сияқты егер жеке тұлға үй не
пәтер сатып алса онда ол меншік иесі болған күннен бастап, мүлік
салығы мен жер салығың төлеу міндетті.
Салық пен заңдастырылған мысалда болды, оның табиғатының,
өміршендігінің заң мен негізделуі деген мағына береді. Яғни белгілі
бір объектіге салынатын салықтың заңдастырылған құқықтық – негізі
өмір сүруге құқы болуы керек. Айталық мысалы, ауамен дем алғаны
үшін деген салық енгізу ойға алынды делік. Осындай салық түрін
енгізген уәкіметті ортаның құқы бар ма, жоқ па? Қалай мұндай салық
түрін заңдастыруға болады? Адам жаратысынан ауамен дем алғаны үшін
салық төлеген жағдайда, қандай шара қолданылмақ ?
Міне, осындай негізсіз түрде түрлі – түрлі салықтар түрі
туындану үшін, оларға өмір сүруге болатын заңдастырылған нысан
берілуі керек.
Ал, салықтардың заңмен белгіленетіні төлем болатыны, қай мемлекет
болмасын өз салық жүзінде енгізілетін салықтар түрін тек қана
заңмен қабылдау арқылы белгілейді. Мысалы, 2001 жылғы 12-ші маусымда
қабылданған салық және бюджетке төлейтін басқа да міндетті
төлемдер туралы
Салық кодексі бойынша Қазақстан Республикасы салық жүйесінде
9 салық, 13 алым және 9 төлем түрлері қарастырылған заңда аталған
салықтар мен төлемдерден басқа да төлемдер түрлерін жасауды ешбір
органының салық төлеушіден тасып кетуге құқы жоқ. Себебі ол салық
туралы заңды белгіленбеген, көрсетілмеген.
Сондықтан мемлекет өз қазынасының кіріс бөлігіне түсетін төлемдерді
заң түрінде белгілейді және тек белгіленген төлемдерді, өз
міндеттері туындағанда төлеп отыруды салық төлеушілерге
міндеттейді.Жоғарыда айтылған салық белгілерін мемлекеттік төлемдердің
(салық, алым, төлем т. б.)табиғатын дұрыс ашу үшін қолдана білу –
азаматтардың құқықтарын сақтай отырып, әрбір төлемді тиімді түрде
ұйымдастыру және мемлекеттік кіріс жүйесін ғылыми негізде нысандауға
кепілдік берер еді.
Салық элементтері. Салық өз табиғатында белгілі бір элементтерден
тұратын күрделі құрылым. Салықтар элементтері болып мыналар табылады:
1. Салықтың құқықтық негізі. Бұл салықты төлеу міндеттемесінің некеге
байланысты туындайтынын айқындайды.
2. Салық субъектісі – салықты кім төлегенін айқындайды.
3. Салық объектісі – салықты не үшін және не заттан төлейтінін айқындайды.
4. Салық шамасы(нормасы) – салықты қандай мөлшерде төлейді, салық салу
ставкасын қалай қолданатынын айқындайды.
5. Салық бойынша жеңілдіктер – не себептен салық төлеуші салық төлеуден
босатылады немесе аз мөлшерде салық төлеуге құқы бар екенін айқындайды.
Әрбір салықтың табиғатында, құрылымында аталған элементтер тобы
кешенді түрде қатысты болу керек. Аталған элементтердің біреуі салықтың
бойынан табылмаса, онда ол салық белгіленбеген болып табылады. Тек қана
салық бойынша жеңілдіктер кейбір салықтарға қатысты болмауы мүмкін. Ал
қалған элементтердің қатысты болуы – міндетті талап. Салықтар белгілері
туралы жоғарыда айтқанымыздай салықтар тек заңдастырылған құқықтық нысанда
ғана өмір сүре алады. Салықтар элементтерінің кешкенді тобы толық қатысты
болған жағдайда ғана салық заңды түрде белгіленген, қалыптасқан болып
табылады. Заң тұрғысынан қарағанда бұл құқықтық акт нормативтік акт
қатарына жатқызылады. Ал нормативтік актіні жариялау нақты салық төлеуші
мен мемлекет арасында салық міндеттемесін туындатады. Мөлшері, төлеу
тәртібі мен мерзімі салықты белгілеген құқықтық актімен анықталған ақша
сомасын мемлекетке берудің салық төлеушіге жүктелген міндеттемесі – салық
міндеттемесі деп аталады. Салық салу объектісінің болуы – салық
міндеттемесінің туындауының кепілі. Мысалы, тауарлар өткізу, қызмет
көрсету арқылы жеке немесе заңды міндетті түрде салық төлеуші болып
табылады, яғни құқықтық нормативтік актілерге сәйкес олардың мемлекет
алдында салық міндеттемесі тоқтатылады. Жоғарыда айтылғандай салық
міндеттемесі салық төлеуші мен мемлекет аралығындағы қарым – қатынасты
білдіреді.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезаңде салықтардың құқықтық
негізі болып Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы заң –
Салық кодексі болып табылады.
Салық міндеттемесінде көрсетілген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде
салықты төлеу заңдылық міндеттемесі жүктелген тұлға – салық субъектісі деп
аталады. Салық субъектілері зады және жеке тұлға болып бөлінеді. Олардың
салық төлеу режимдері әртүрлі, ал кей жағдайларда тек өздеріне ғана тиісті
төлейтін салық түрлері де әртүрлі. Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес өз құқықтық меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе басқаруында
оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен алған міндеттемелері бойынша жауап
бере алатын, сот алдында талапкер ие жауапкер бола алатын ұйым – заңды
тұлға болып табылады. Заңды тұлғаның жеке өзіндік бухгалтерлік есестік тепе
– теңдікті немесе сметасы болуы керек. Сонымен қатар өз аты жазылған мөрі
болуы шарт. Заңды тұлғаның статусы үшін оның ұйымдастыру – құқықтық
шамасының (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектелген серіктестік,
өңдірістік кооператив т. т.) еш маңызы жоқ. Бірақ кейбір салықтар түрік
төлеу үшін (мысалы, коорпорациялық табыс қосылған құнға салық) заңды
тұлғаның коммерциялық, не коммерциялық емес екенінің белгілі маңызы бар.
Өз қызметінің негізгі мақсаты тек пайда табу болып табылатын
ұйымдар – коммерциялық ұйымдар болып табылады. Бұлар негізінен мемлекеттік
кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өңдірістік кооперативте пайда
табуды алға міндет етіп қоймаға ұйымдар – коммерциялық емес ұйымдар. Олар
көбінесе қоғамдық бірлестіктер, тұтынушылар одағы, діни бірлестіктер
нысанында болып келеді. Бірақ оларға кәсіпкерлікпен айналысуға шектеу
қойылмаған. Атап кеткендей салық субъектісінің тағы бір категориясы – жеке
тұлғалар. Салық заңдарына сәйкес салық төлеуші жеке тұлғаларға Қазақстан
Республикасының азаматтары, шет мемлекеттері азаматтары және азаматтығы жоқ
тұлғалар жатады. Қазақстан Республикасы азаматтарына азаматтығы бар
фактісінің өзі салық міндеттемесіне заң бойынша орындауын жүктейді. Ал шет
ел азаматтарына келер болсақ, салық заңына сәйкес, олар кез келген 12 айлық
кезең ішінде 183 күннен артық Қазақстанда болса резидент, болмаса резидент
емес тұлға болып бөлінеді.
Мысалы шет ел азаматы Қазақстанға 2001 жылдың 1 – ші қарашасында
2 жылға контрактімен жұмыс істеуге келді. 2002 жылдың 1 – ші қарашасында,
яғни оның Қазақстанда болу кезеңіне 12 ай толғанда шет ел азаматының
резиденттік статусы анықталады. Сонымен 2001 жылдың 1 – қарашасынан 2 – ші
жылға дейін (қараша 30 күн + желтоқсан 31 күн + қаңтар 31 күн + ақпан 28
күн + наурыз 31 күн + көкек 30 күн + мамыр 2 күн = 183 күн) аталым азаматқа
резидент еместерге белгіленген тәртіппен салық салынады. 3 – ші мамырдан
бастап ол резидент болып ессптеледі және соған сәйкес заңда белгіленген
барлық салықтар түрі төлейді.
Салық субъектісі салықты алып жүруші ретіенде де танылады.
Салықты алып жүруші – салық салудың нақты ақырғы қорытындындысында барлық
ауыртпалықты көтеруші тұлға. Әсіресе, бұл құбылысты жанама салықтармен
(қосымша құн салығы, акциздер) байланыстыруға болады. Яғни салық субъектісі
болып табылатын дүкен сатушысы салықты төлеуге тиісті. Бірақ салық сомасы
тауар құнын қосылған нәтижесінде тауар тұтынушы тауар құнын да, салықты да
төлейді, ал сатушы төленген салық сомасын тауар тұтынушыдан қайтарып алады.
Қорыта айтқанда тауар сатып алушы тұтынушы салық субъектісі болмаса да, шын
мәнісінде сол салықты төлеуші болып табылады. Бұл жағдайда жай ғана жеке
тұлға, айтылған салыққа төлеуші ретінде еш қатысы болмаса да, сол салықтың
ауыртпалығын көтеріп, салықты алып жүруші болып отыр.
Салық объектісі – субъект, яғни салық төлеуші салықты не заттан
төлейтінін корпарациялық табыс салығы үшін заңды тұлғаның табысы, жер
салығы үшін жердің аудан көлемі, мүлік салығы үшін мүліктің құны т. б.
болып табылады. Субъектіде табыстың, жердің немесе мүліктің меншігінде
болуы – мемлекеттің солардың негізінде салықты белгілеуіне негіз бола алу
және сол салықты төлеу міндеттемесін туындалуы. Мұндай салықты белгілеуге
табыстың, мүліктің т.б. салық салу объектілерінің болуы негіз болып
табылады делінген. Дегенмен кейбір жағдайда салық салу объектісі бар
болғанымен, ол салық алуға негіз бола алмайды. Мысалы, тұрғын үй бар, ал
салық төлеуші – субъект жоқ. Бұл жағдайда салық есептеудің мәні жоқ.
Өйткені төлейтін салық субъектісі жоқ. Салық төлеушінің мөлшерін анықтайтын
заңмен белгіленген салық салу шамасы салық нормасы деп аталады. Көп
жағдайда ол салық салу ставкасы мен салық салу бірлігінің өзара
қимыл байланысының нәтижесі болып табылады. Салық салу бірлігі
дегеніміз салық салу базасын анықтайтын салық объектісінің бірлігі.
Мысалы, жер салығында салық салу бірлігі болып жер учаскінің 1 га
аумағы табылады. Мүлік салығын алайық. Салық объектісінің, яғни
мүліктің құнының, салық салу бірлігі 1 теңге болып табылады. т. с. с.
Салық салу бірлігіне сәйкес мөлшері – салық салу
ставкасы деп аталады.
Салық базасының өсуі немесе кемуіне байланысты салық
ставкасының өзгеру тәртібі – салық салу әдістемесі деп аталады.
Салық салу әдістеменің төрт негізгі түрін бөліп атауға
болады: теңдік, пропорционалдық, прогрессивтік ( үдемелі) және
регрессивтік (кемімелі)
Салық мөлшері барлық салық төлеушілер үшін нақты белгіленетін
сома мөлшеріне тең болып ( тепе–тең салық салу ) не салық салу
ставкасын қолдану арқылы анықталуы мүмкін. Тепе – тең салық салуда
барлық салық төлеушілерден бірдей мөлшерде салық ұсталады. Мысалы,
патент арқылы жұмыс істейтін, кәсіпкерлік қызметтерінің сипаттамасы
бірдей, жеке тұлғалардан есептеліп, ұсталатын салық сомасы барлығы
үшін бірдей.
Салық салу ставкасы бойынша салық бірлігінен нақты ақшалай
сома арқылы салығы ұстау әдісі. Мысалы, жер салығы бойынша
Қарағанды қаласы үшін 1 м2 жерге 0,2 теңге. Ставка қолданылады.
Екіншіден проценттік ставка қолдану арқылы салық ұстау. Корпарациялық
табыс салығының ставкасы 30% . Ол барлық заңды тұлғалар үшін ( оған
тек негіз құралдары жер болып келетін заңды тұлғалар жатпайды)
бірдей. Тек салық салу базасы, яғни салық салынатын табыстары, әр
түрлі болуы мүмкін. Соған байланысты төлейтін салық сомалары да әр
түрлі. Проценттік ставкамен салық ұстау ставкасы пропорционалдық
ставка деп аталады.
Прогрессивті ставка салық салу базасының көлемі өскен сайын,
өзгермелі түрде өсіп отырады. Яғни салық төлеушінің табысы ұлғайған
сайын, одан ұсталатын салық ауыртпалығы да салық ставкасының
үдемелеп өзгеріп өсуігне байланысты көбейе береді. Мысалы, жеке
табыс салығын алайық. 15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке ( Ж Е
К) дейінгі табыс сомасынан 5% ставкамен салық ұстама, 15 ЖЕК мен 40
ЖЕК аралығындағы табыс сомасынан 10% ставкамен салық ұсталады. Бұл
салық бойынша ең жоғары ставка 30% екенін ескерсек, табыс ұлғайған
сайын, ұсталатын салық сомасы да ұлғайа беретіні түсінікті.
Регрессивтік ставканың прогрессивтік ставкаға кереғар ставка екені
әсте түсіпті. Бұл ставка біздің Қазақстан салық жүйесінде әзірше
қолданылмайды. Дегенмен, АҚШ салық жүйесінің мысалымен түсіндіре
кетейік. Әуелде бұл ставка прогрессивтік ставка тәрізді салық салу
базасының белгілі бір дейгейіне дейін өсіп отырады да содан кейін
кері төмендей бастайды.
АҚШ – та 11986 жылғы қабылданған реформа бойынша ерлі – зайыпты
адамдардың жылдық табыстары 149250 долларға жеткенше 33% ставкамен
салық ұсталса, табыс сомасы әрі қарай өскен жағдайда салық салу
ставкасы 28% төмендейді. Салық ставкасының қандай деңгейі жанама
салық дамуы үшін оптимальді болып келу қажет? Бұл экономистерді
әрдайым толғантып жүрген сұрақ. Салық ставкасының жобасыз өсуі
экономиканың дамуына керағар әсер етері сөзсіз. Осы орайда салық
ставкасын белгілеуде азаматтардың төлеу мүмкіндігіне сай келуі
факторы еске слына отырып жасалған шаралар, Лоренц сияқты
экономистердің атақты кесте – сызбаларын еске алуға болады. Бұлардың
барлығына ортақ 3 ескертуге тиісті жағдайлар бар:
1. Салық субъектісінің тұрғысынан алғанда, салық барлық азаматтарды
қамту керек.
2. Салық объектісінің тұрғысынан алғанда, салық салу объектісі
барлық азаматтардың төлем жасау мүмкіндігіне байланысты анықталу
қажет.
3. Салық ставкасы тұрғысынана алғанда, салық ставкасы
анықталғанда салық төлеушінің мүмкіндік жағдайына әсер ететін
барлық факторлар ескерілуге тиісті: салық төлеушінің жеке басының
жағдайы, салық салу объектісінің мөлшері және сипаты.

1.2 Салық саясатының ықпалы мен рөлі.

Республиканың жеке кәсіпкерлері екі жыл салық салудың патенттік жүйесі
жағдайында жұмыс істейді.
Салық патенті негізінде жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарға
салық салуды реттеу және жетілдіру мақсатында былтыр 19 тамызда Қазақстан
Республикасының аумағында салық патенті негізінде жүзеге асырылатын жеке
кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізімі бекітілді. Ол төрт бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі тұтыну тауарлары өндірісіне арналған. Ол киімдер
және басқа тігін бұйымдарын тігу, тоқыма бұйымдар дайындау, былғарыда
бұйымдар тігу, табиғи былғарыдан бас киімдер тігу, аяқ киім тігу,
галантерея бұйымдарын жасау т.б азық – түлік тауарларын өндіру сияқты
қызмет түрлерін қамтиды.
Екінші бөлімінде жеке кәсіпкерлердің тұрмыстық қызмет саласындағы
айналысатын кәсіптері айқындалған. Олар мыналар –металл
бұйымдарын,қолшатырларды, тұрмыстық машиналар мен жабдықтарды жөндеу, радио
– телеаппаратуралар мен компьютерлер жөндеу және т.б. жатады.
Жеке дәріс беру арқылы дайындық өткізу, денешынықтыру және
сауықтыру, жан –жануарларды емдеу , киім пішуге, тігу мен тоқуға үйрету –
жеке тұлғалардың әлеуметтік – мәдени саладағы көрсететін қызметтерін
айқындайтын үшінші бөлімге осылар жатады. Ал, төртінші бөлімде тізімге
түскен қызметтің басқа түрлеріне мыналар жатады: тұрақты сауда орындары бар
қоғамдық тамақтандыру, балмұздақ және салқын сусындар сату және т.б.
жатады. Тізімдегі төрт бөлімде барлығы 54 түрлі қызмет көрсету қамтылған.
Салық патенттерін беру тәртібін Қазақстан Республикасының 1997
жылғы 19 маусымдағы Жеке кәсіпкерлік туралы Заңына және Үкіметтің 1995
жылғы 16 тамыздағы Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру тәртібі
жөніндегі ережені бекіту туралы қаулысына сәйкес салық қызметінің
органдары белгілейді.
Зерттеудің, тексерудің, хронометраждың және басқа да мәліметтердің
нәтижелерін пайдалану арқылы орташа айлық ықтимал пайданы есептеу жолымен
республикалық салық органдары жеке кәсіпкерліктің әрбіртүріне берілетін
салық патент үшін төленетін ақының мөлшерін жеке –жеке белгілеуге тиіс.
Салық органдары салық патенттерін бір жылдағы шектеулі ықтимал айналымы
2000 айлық есепті көрсеткіштерден аспайтын жеке кәсіпкерлік қызметпен
шұғылданатын азаматтарға береді. Айналымның шектеулі мөлшері патентте
көрініс табады. Шектеулі белгіленген айналым жылына 2000 айлық есепті
көрсеткіш артқан жағдайда жеке тұлға бұл туралы өзіне салық патенттін
берген салық органдарына хабарлауға міндетті.
Тек содан кейін органдары нақты алынған пайда мен жұмсалған шығынға
байланысты салықтар төлеудің тәртібін айқындайды. Салық қызметінің
ұжымдары, мемлекеттік ұйым бола отырып, Қазақстан мемлекетінің
заңдарына сәйкес, әсіресе ең негізгі заң конституция бойынша, өзіне
жүктелген қызметін атқарады. Салық қызметының ұжымдары:
1. Салық төлеушінің құқықтарымен мемлекет мүдделерін сақтауға
және қорғауға, салықтың дұрыс есептелуіне, толымды болуына,
әрі уақтылы төленуіне бақылауды жүзеге асырады.
2. Салық төлеушілерімен салық салынатын объектілердің есебінде
уақытысы алуға, бюджетке есептелген және төленген салықтың
есебін жүргізеді.
3. Есептелген салық сомасымен салыстырғанда артық төленген
соманы салық төлеушілерге дұрыс қайтарып беруін жүргізеді.
4. Салықтың құқық бұзушылық деректерін жинауға, талдауға,
төлеуден жалтарудың өзге де түрлерін зерттейді.
Қазақстан мемлекетінің заңдарына әкімшілік ұстауды жүзеге
асыруға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарда көзделген басқа
да шараларды қолданылады. Салық қызметі ұжымдарының қызметкерлері
елді мекендерде, қала маңында және жергілікті жерде қатынайтын
қоғамдық көліктің дипломатиялық, консульдық өкілдіктер мен
халықаралық ұйымдарға тиесілі көліктен басқа барлық түрлерімен
ауылдық жерлерде жолжөнекей көлікпен сондай – ақ өзі қызмет
көрсететін учаскелер тегінде, бірақ облыстың әкімшілік шекарасынан
аспайтын учаскелерде осы көлік иелерінің есебінен поезбен, теңіз
және өзен кемелерінің тегін жүруге құқылы болып табылады.
Салық қызметінің құзырына жататын қылмыстық істерді қорғау кезінде
салық төлеушілердің қаржы – шаруашылық қызметіне салық комитетінің
бастығының ұйғарымы бойынша салық комитетінің бөлімшелерімен тексеру
жүргізуге міндетті. Салық қызметі ұжымдарының құқықтары бойынша
Қазақстан мемлекетінің салық комитетінің мәліметі бойынша 1998 жылдың
бірінші жартысында бюджетке түсетін салық және міндетті төлем
жөніндегі болжам 91% - процент орындалған. Салық комитетінің
қызметкерлері тиіс салықты бюджетке дер кезінде түсіріп отыруға күш
салып келеді. Сондай мақсатпен олар үстіміздегі жылдың бірінші
жартысында 9 – кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін тексеруден
өткізген. Қазақстан мемлекетіміздің егемен мемлекет болып қалыптасып,
нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдануының
әлеуметтік – экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы
басты орын мемлекеттік бюджетке тиісілі. Мемлекеттік бюджет
экономикасы реттеудің ең маңызды құралы десек, артық айтқандық
емес. Үкіметте мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін қарыз
алуға мәжбүр болады. Мысалы: мемлекеттік бюджетті қалыптастырып,
толтыруға жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтардың маңызы
үлкен. Бұл салада Есіл аудандық салық комитеті де жыл басынан бері
мемлекеттік және жергілікті бюджет қорына қаржы түсіруде айтарлықтай
жұмыстар жүргізуде.
Бюджеттін және бюджеттен тыс қорларға заң арқылы көзделген
мөлшердегі түсімнің түсіп тұруы және оның жиналып қордалануына
болжамды жоспар бойынша көзделген өтемнің мерзімінде және
белгіленген мөлшерде түсуін жандандырып, үздіксіз орындалу үшін
барлық мүмкіндіктерді пайдалана еңбек еткен ұжым қызметкерлері өз
міндеттерін зиян шектірмей атқарып келеді. Осындай жұмыстардың
нәтижесінде 1999 – жылдың басынан бері мемлекет қазынасына 39750,7
мың теңге қаржы түсіп, ал белгіленген жоспардың 105,2% - тің
құрады. Қазір комитетімізде осынау келелі істерді таяу уақытша
игеріп, күнделікті шаруа аясына енгізу үшін дайындық жұмыстары
жүргізілуі қажет.
Салықтың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз фискалдық
функциясы ежелден оның бірінші қызметі болып табылады. Екінші:
ынталандыру функциясы – бұл функциямен салық өндіру процесін
төмендетіп, күшейтіп отырады. Ол салық жеңілдіктері мен ставкаларымен
жасалады. Үшінші: бақылау функциясы – бұл функциямен заңды және жеке
тұлғалардың табыстары реттеліп бақыланып отырады.
Ол дегеніміз салық мөлшері түскен пайданың көлеміне қарай салынады.
Сонымен салық формалары таңдалып, оның мөлшерінің алуну әдістері,
жеңілдіктері пайдаланылады.
Жалпы ұлттық салықтар мемлекеттік банкке түседі, аймақтық
және жергілікті салықтар табыс өскен сайын белгілі бір процентте
өседі. Пайдаға салынатын салық іс - әрекетінің де өзіндік
ерекшеліктері бар. Дағдарыс кезінде кәсіпорын пайдасының бір бөлігі,
өндірісті неғұрлым қысқа мерзімде ұлғайту үшін оның дамуын
қаржыландыруға жұмсалады. Бұған бүкіл мүдделі, сондықтан бюджеттке
түсетін табыстың бір бөлігін беруге тура келеді. Екінші жағынан,
өндірістің ұлғаюы салық базасын кеңейтеді, сөйтіп салық базасының
төмендетілуінің есесі қайтарылады. Пайдаға салынатын салыққа
қойылатын келесі талап- бір – келкілік, яғни пайда ауқымы қанша болса
да, мөлшері бірдей болуы тиіс.
Жергілікті салықтан түсетін терімдер біріңғай мөлшер шегінде
болуға тиіс, оның біріңғайлығы меншіктің барлық формалары мен
өндірістің барлық салаларына түгел таралады.
Салық субъектісі - заң бойынша салық төлеуге міндетті, жеке
адам немесе заңды мекеме, таратушылар салықтың ауыртпалығын көтеретін
соңғы төлеушілер, мемлекеттің азаматтары, жеке адамдар. Бір сөзбен
айтқанда субъект - бұл салық төлейтін жеке заңды тұлға.
Салық объектісі – табыс, мүлік, қызмет көрсету ақша
операциялары салық салуға негіз болатын заттар. (тауар материалдық
игіліктер ). Сонымен қатар мүлік беру, табиғи ресурстарды пайдалану,
өнімнің жұмыс пен қызметкерлердің қосылған құны, шаруашылық айналым
т. б.
Қысқаша айтқанда объект – бұл салық есептеліп алынатын табыс
мүлік қызмет қаражат операция түрлері.Салық салу объектілері болып
табылады. Салықтар номенклатурасы салық объектілерінен басталады.
Салық төленетін табыс оның көзі болып табылады. Кейбір
салықтарда, мысалы: ( пайдаға салынатын салық ) – объектісі мен көзі
бірдей. Кейбір жағдайда салық төлеу үшін сатылған бір бөлігі салық
көзі болуы мүмкін. Салық мөлшері - салық салу өлшем бірлігіне тура
келетін салық мөлшері. Ол салық салу нормасын сипаттайды. Ол
төлеушінің табысына проценттік қатынаста бейнелейтін салық квотасы
деп аталады. Құрылым әдісіне қарай салық мөлшері тұрақты және
проценттік болып бөлінеді. Тұрақты ставкалар табыс мөлшеріне
қарамастан ( жер, мүлік салығы сияқты нақты салықтарда қолданылады.)
Салық бірлігінің шекті санасымен белгіленеді. Салық салу бірлігі –
салықты есептеу үшін белгіленген объектінің өлшем бірлігі. Салық
оклады – субъектілердің бір объектілерден төлейтін салық сомасы. Салық
жеңілдіктері – төлеушінің заңға сәйкес салық төлеуден ішінара үшін
жауапкершілік мемлекет заңымен анықталады. Табыс көзі – бұл
салық төленіп алынатын табыс болады.
Салық өндірудің төрт амалы бар:
1. Кадастырлық - есеп жүргізу салық салу объектілерге салық
салуда тізімдеу негізінен олардан түсетін табыс мөлшері
көрсетіліп деректі құжаттардың есебінсіз- ақ жүзеге асырылады
(жер, мүлік, салықтары есептеледі).
2. Декларация бойынша салық төлеушілердің табыс мөлшері қажетті
жеңілдіктер салықты есптеу сомасы жүзеге асырылады.
3. Табыс көзін табушылармен заңды тұлға бухгалтерлік құжаттар
арқылы салық төлеушінің жұмысы орналасқан жерден салық
есептеліп және төленіп отырады.
4. Патент негізінде кәсіпкерлік қызметтен әртүрлі салық
төленеді, айқындалған жұмыстары киім тігу т. б.
Салықтық кезаңді қысқаша айтқанда – алымдар мен салық салу
жүргізілген уақыты.
Заңды тұлғалар әлеуметтік салықты Қазақстан
республикасының азаматтары, сондай – ақ шетел азаматтары және
Қазақстан республикасында тұрақты азаматтығы жоқ тұлғалар еңбегіне
ақы төлеу қорынан 26% - процент мөлшері бойынша төлейді.
Мемлекеттік мекемелер әлеуметтік салықты еңбекке ақы
төлеу қорынан 25,5% - проценттік мөлшер бойынша төлейді.
Біріңғай жер салығын төлеушілер біріңғай жер салығын
төлеу үшін осы заңда белгіленген мерзімдерде есепті кезеңнін әрбір
айына әлеуметтік салық төленеді. Біріңғай жер салығын төлеушілер
біріңғай жер салығы бойынша декларация табыс ету үшін осы заңда
белгіленген мерзімдерде әлеуметтік салық бойынша декларация табыс
етеді.
Заңды тұлға құрмай патент негізінде кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке адамдар әрбір қызметкер үшін айлық
есептік көрсеткіштің 49% - проценті, сондай – ақ патент құнын анықтау
кезінде мәлімделген салық салынатын болып жорамалданған айлық
табыстың қосымша 5% - проценті мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.
Шаруа (фермер) қожалықтарын сондай – ақ заңды тұлға құрмай патент
негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды
қоспағанда, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
жеке адамдар әрбір қызметкері үшін айлық есептік көрсеткіштің 60% -
процентін сондай – ақ осы заңға сәйкес шегерім жасауға жатпайтын
шығындарды алып тастағанда айлық табыстың қосымша 10% - проценті
мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.
Әлеуметтік салық бойынша бюджеттік кезең күнтізбелік ай болып
табылады. Өз уақытында төленбеген әлеуметтік салық сомасы мерзімі
өткен берешектің әрбір күні үшін осы сомаларды төлеу күнінде
Қазақстан республикасы Ұлттық банкі белгіленген қайта қаржыландырудың
ресми мөлшерінде өсімді қоса есептеумен бюджетке өндіріп алынады.
Салық заңдарымен белгіленген мерзімнің аяқталуы бойынша 180 –
күннен астам мерзімде әлеуметтік салық бойынша салық төлеушінің
декларацияны ұсынбауы декларация негізінде төленуі тиіс, бірақ
төленбеген салық сомасының 50% - процент мөлшерінде айыппұлды өндіріп
алуға алып келеді.
Әлеуметтік салықтың дұрыс есептелуімен уақтылы төленуіне
бақылауды Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес салық органдары
жүзеге асырады. Әлеуметтік салық есептелмейтін төлемдердің тізбесі
үкіметаралық қоғамдық ұйымдар желесі бойынша төленетін гранттардың
қаражаттары есебінен жасалатын төлемдермен толықтырылады.
Сатылатын патенттің құнына салықтың мынандай түрлері
енгізіледі: табыс салығы, ағымдағы жылдың республикалық бюджетіне сәйкес
төленетін міндетті әлеуметтік сақтандыру және ықтимал айналым жылына 1000
айлық есепті көрсеткіштен артқан жағдайда – қосымша құн салығы. Берілген
салық патенті онда көрсетілген жеке қызмет түрі мен мерзіміне ғана жарамды
болып табылады. Оны басқа біреудің пайдалануына жол берілмейді.
Егер бұрын берілген салық патенті республикасының барлық аумағына
жарамды болса, енді 1997 жылғы 1 қыркүйектен бастап берілетін құжат сол
патент берілгені ауданға немесе қалаға ғана жарайды.
Сауда саласында салық патенті дүңгіршіктері мен тұрақ – жайлары, сондай –
ақ базарларда арнаулы орны бар азаматтарға ғана беріледі. Сөрелерде,
автомашиналар мен басқа орындарда сауда – саттық жасайтын азаматтар Үкімет
1995 жылы 12 шілдеде бекіткен Қазақстан Республикасының рыноктарында
тауарлар өткізу құқы үшін төлемдер түралы ережеге сәйкес белгілі бір
мөлшерде ақы төлейді.
Салық органдары Қазақстан Республикасының аумағында салық патенті
негізінде жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізіміне
енбеген жеке кәсіпкерлік қызметке қатысты азаматтарға салық патенттерін
бере алмайды. Жоғарыдағы талаптар бұзылған жағдайда кәсіпкерлер салық
заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тағы бір айта кететін нәрсе, өндіріске қатысты берілген салық
патенті, сонымен бір мезгілде кәсіпкердің жеке өндірген тауарларын өткізуге
де құқық береді. Егер жеке кәсіпкер айналысуға бел бұған қызмет Қазақстан
Республикасы Президенінің Заң күші бар Лицензиялау туралы 1995 жылғы 17
сәуірдегі Жарлығына сәйкес лицензиялауға жататын болса, онда салық патенті
лицензия алғаннан кейін барып беріледі. Сондай – ақ өткізілетін тауарлардың
сапа сертификаты мен оның шығу негізін дәйектейтін барлық құжаттар болуға
тиіс.
Салық саласындағы қайта құрулар уақыттың өткір талабынан туындап
отыр. Өйткені,нарықтық қатынастарға қатысты кәсіпкерлердің қызметін
қадағалау бұған тікелей байланысты.

ІІ. Қазақстан Республикасының салық саясатының жүргізілуімен бюджетке
әсері.

2.1 Салық саясатының бюджетті толтырудағы рөлі.

Салық салу обьектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар
болып жіктеледі.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
1. жер салығы;
2. мүлік салығы;
3. көлік құралына салық;
4. әлеуметтік салық;
5. жер қойнауын пайдалану үшін салық;
6. корпаративтік табыс салығы;
7. жеке табыс салығы.
Жанама салықтарға мына салықтар жатады:
1. қосымша құнға салық ;
2. акциз .
Енді осыларға кеңінен тоқтайын.
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысаны мен
тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:
1. ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге;
2. елді мекендер жерлеріне;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы
емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - өнеркәсіп жерлері);
4. ерекше қорғалатын табиғи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты
Ұлттық экономика мемлекеттік реттеудугі салық саясаты
Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы
Мемлекеттің қаржы жоспары
Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі
Қаржы саясаты жайлы
Бюджет - салық саясаты туралы
Салық саясаты
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық негіздері
Пәндер