Заңды тұлғалар төлейтін салықтардың түрлері
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің 4 курс
студенті Ташимов А. Заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері тақырбында
жазылған бітіру жұмысына берілген
П І К І Р
Ташимов А.бітіру жұмыс ретінде таңдап алған тақырыбы қазіргі уақытағы
маңызды да өзекті тақырыптардың бірі. Мемлекеттің бюджеттерінің 60 проценті
салықтардан қалыптасатындығы белгілі. Соның ішінде ерекше орынды заңды
тұлғалар төлейтін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер алады. Осы заңды
тұлғалардың төлейтін салықтарының түрлері, оларды төлеуге байланысты заңды
тұлғалардың міндеттері мен құқықтары, төлейтін салықтарының түрлері, заңды
тұлғалардың салықтық құқықсубъектілігі Ташимовтың бітіру жұмысының зерттеу
объектісі болып табылады.
Ташимов жұмысын жазу барысында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың
еңбектерін қолданған, оларға талдау жасаған, осы мәселені реттейтін
нормативтік құқықтық актілерді қолданған және осы қатынастарды әрі қарай
жетілдіруге байланысты өз пікірлерін айтқан.
Жұмыстың артықшылықтары мен бірге кемшіліктері де бар. Айталық,
Ташимов, жұмысында заңды тұлғалар төлейтін әлеуметтік салықтарға толығырақ
тоқталмаған, және заңды тұлғаларға, өздерінің салықтық міндеттемелерін
орындамағандары үшін қолданылатын жауапкершілік шараларын қарастырмаған.
Дегенімен, бұл кемшіліктер жұмысқа қойылатын бағаға әсер етпейді деп
ойлаймын. Жұмыс, осындай жұмыстарға қойылатын талаптарға сай орындалған,
әдебиеттер жеткілікті көлемде қолданылған
және жақсы қорғалған жағдайда өте жақсы деген бағаға бағалануға лайықты.
Пікір беруші Конституциялық
және әкімшілік құқық кафедрасының
аға оқытушысы, заң ғылымдарының
кандидаты Жатқанбаева
А.Е.

студенті Ташимов А. Заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері тақырыбында
жазылған бітіру жұмысына берілген
С Ы П А Т Т А М А
Ташимовтың бітіру жұмысы күрделі де ауқымды тақырыптардың және
қазіргі уақытта көп зерделеуді, талдауды қажет ететін өзекті тақырыптардың
бірі.
Қазіргі кезде салықтар – Қазақстан мемлекетінің негізгі кіріс
көздері болып табылады. Сонымен бірге, салықтар мемлекетпен қоғамдық
өндіріске, оның құрылымы мен динамикасына, ғылыми-техникалық прогресстің
дамуына экономикалық әсер ету ретінде қолданылады. Осы тұрғыда заңды
тұлғалар төлейтін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер ерекше роль
атқарады және бюджетті қалыптастыруда ерекше орын алады.
Ташимов бітіру жұмысын жазу барысында осы мәселені реттейтін
нормативтік актілерді орынды қолдана отырып, жеткілікті көлемде арнайы
әдебиеттерге анализ жасап, жұмыстың құрылымында көрсетілген сұрақтардың
мазмұнын ашқан. Жұмыс қойылатын талаптарға сай орындалған, қорғауға
жіберуге болады.
Ғылыми жетекші
Сыздыкова Ш.С.
М А З М Ұ Н Ы
К І Р І С П Е
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4 - 8
1 ТАРАУ Салық жүйесінің түсінігі және оны ұйымдастыру ерекшеліктері
1.1. Салық жүйесінің түсінігі және оның мәні
... ... ... ... ... ... ... ..9 - 22
1.2. Салық жүйесін ұйымдастыру қағидалары ... ... ... ... ... ... .23 -
26
1.3. Қазақстан Республикасының салық жүйесі ... ... ... ... ... ... 27 -
33
2 ТАРАУ Заңды тұлғаларға салықтар салуды құқықтық реттеу
1. Заңды тұлғалар төлейтін салықтардың түрлері ... ...34-39
2. Заңды тұлғалардың салықтық құқықсубьектілігі: элементтері және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40 - 41
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

.42-44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативтік
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .45
Арнайы
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..46
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жұмсала береді. Ал, арнайы салықтардың
нақты көрсетілген мақсаттары болады. Негізінен, олар арнайы бюджеттік
немесе бюджеттік емес ақша қорларына аударылады. Сосын қатаң түрде тек
мемлекет белгілеген шараларға қолданылады.
Салықтың ставкісінің сипатына байланысты салықтар регрессивті,
прапорционалдық, прогрессивтік деп бөлінеді. Салықты бұлай жіктеу салықтың
салық төлеушінің кірістерінің көлеміне байланысты болады.Регрессивті
салықтар кірістің көлеміне байланысты болмайды. Прапорционалды салықтар
керісінше, салық төлеушінің кірісінің көлеміне байланысты болады, бірақ
салықты алу проценті тұрақты болады. Прапорционалды салықтарда кірістің
көлемінен тәуелсіз бірыңғай проценттік ставкілер болады. Прогрессивті
салықтарда салықтың проценті салық төлеушінің кірістерінің көлемінің өсуіне
байланысты бірге өсіп отырады.
Қазақстан Республикасында салықтарды төлеу конституциялық
міндеттердің шеніне көтерілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы
азаматтардың тек қана салықтарды төлеу міндеттілігін ғана емес, басқа да
алымдар, баждар, төлемдер сияқты міндетті төлемдерді төлеу міндеттілігін
атайды.
Ата заңымызда көрсетілгендей мемлекетімізде салықтар мен міндетті
төлемдерді тек қана Қазақстан Республикасының Парламенті және заңдармен
көрсетілген реттерде Қазақстан Республикасының Президенті ғана енгізе
алады. Ал төлемдерді заңдармен көрестілмегендіктен кез-келген жергілікті
орган енгізе береді.
Қазақстан Республикасының территориясында салықтар теңге арқылы
төленеді. Тек Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған өкілетті
мемлекеттік органмен жер қойнауын пайдалануға байланысты контракт жасалған
жағдайда немесе, салықтық заңдармен көрсетілген реттерде салықтар натуралды
түрде төленуі мүмкін.
Қазіргі салықтық қатынастар 2001 жылы 12 маусымда қабылданып, 2002
жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізілген ҚР Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы Заңымен реттеледі. Бұл Салықтық кодекс
мемлекетіміздің нарықтық қатынастарға өтуге байланысты туындап жатырған
өзгерістерге аз уақытта қалыптасуға, ішкі құқықтық базаны қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Түбегейлі жаңа салықтық қатынастар мезанизмін
қалыптастыру және жүзеге асыру Қазақстанда өтіп жатырған нарықтық
реформалардың жаңа бір беті болып табылады. Қабылданған Заңмен оның өмірге
енуі, жүзеге асырылуы аралығында біраз уақыт өтетіні белгілі. Бірақ ондай
жағдай заңның нормаларын қабылдамаушылық болғанда болады. Сондықтан,
қабылданған заңдардың жүзеге асырылуы тек мемлекеттік органдармен ғана
емес, барлығымызбен қамтамасыз етіледі. Сол себепті, салықтық қызмет сияқты
халықтың әл-аухатына, мемлекеттік экономикалық, саяси жағдайына әсер ететін
қызметтерге барлығымыздың барынша ат салысқанымыз дұрыс.
2 Тарау Заңды тұлғаларға салықтар салуды құқықтық реттеу
2.1. Заңды тұлғалар төлейтін салықтардың түрлері
Қазақстан Республикасының Салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы Заңы :
- мемлекетте алынатын салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлерін
анықтайды;
- салықтар мен алымдарды төлеуге байланысты міндеттемелердің пайда болуы,
өзгеруі, тоқтауы негіздерін көрсетеді;
- салық төлеушілердің, салықтық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік
органдардың құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын көрсетеді;
- салықтық бақылаудың нысандары мен тәртібін және тәсілдерін көрсетеді;
- салықтық құқықбұзушылықтар түрлерін және олар үшін жауапкершілік
шараларын көрсетеді;
- салық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз
әрекеттеріне шағымдар беру тәртібін анықтайды.
Жоғарыдағы көрсетілген мәселелердің ішінде ерекше орынды заңды
тұлғалар төлейтін салықтар алады, себебі, бюджеттің кірістерінің негізгі
көздерін заңды тұлғалар төлейтін салықтар құрайды.
Заң әдебиеттерінде жалпы теория бойынша барлық құқық субьектілерін
үш негізгі топқа: 1. жеке тұлғалар; 2. ұйымдар; 3. қоғамдық құрылымдар ,-
деп бөлу қалыптасқан. Бірақ, салықтық құқық субьектілерін мұндай тәртіппен
жіктеу олардың ерекшеліктерін, құқықсубьектілігін толығымен ашпайды. Біз
салықтық құқық субьектілерін келесідей жіктеу дұрыс деп ойлаймыз:
1. Жеке тұлғалар (біздің мемлекетіміздің азаматтары, шетел азаматтары,
азаматтығы жоқ тұлғалар);
2. Ұйымдар;
3. Мемлекеттік органдар;
4. Қоғамдық-территориялық құрылымдар.
Химичева Н.И. ...салықтық қатынастарға қатысатындар: салық төлеушілер,
салықтық қызмет органдары, және салықтарды қабылдап, сәйкес бюджеттердің
есеп шоттарына аударатын банктер және кредиттік ұйымдар, - деп
көрсетеді[1]. Олар осы қатынастарда белгілі бір құқықтарды иеленіп,
міндеттер атқаратын тұлғалар, яғни, салықтық құқық субьектілері болып
табылады. Сондықтан, жоғарыдағы салықтық құқық субьектілерінің тізімі
шектелмеген болып табылады.
Субьектілердің ішіндегі ұйымдар деген түсінік кең түсінік болып
табылады. Ұйым әлеуметтік көрініс болып, өндірісті бақаруға байланысты
жұмыстардың бағыты болып, белгілі бір міндеттерді жүзеге асыруға
байланысты шаралардың жиынтығы болып табылады. Бірақ, қазіргі заңдар ұйымға
түсінік беріп, оның спецификалық мақсатын анықтады. Қазақстан
республикасының Азаматтық кодексі заңды тұлға белгілі бір белгілерді
иеленген ұйым болып табылатындығын көрсетіп берген.[2] Бұған қарап біз
ұйымның түсінігінің заңды тұлға түсінігінен кеңірек екендігін көреміз.
Кәсіпорын немесе мекеме салықтық құқықтың субьектісі ретінде дербес
кіріс көзі (жинақамасы, табысы) болғанда, мүліктік дербестігі болғанда
танылады. Кейбір ғаламдардың ұйымдарда заңды тұлға статусының болуы немесе
болмауы, ол субьектінің салықтық құқық субьектісі ретінде танылатындығы
жөніндегі сұрақтың шешілуіне әсерін тигізеді деген пікірлерімен келісуге
негіз жоқ.
Азаматтық кодекске сәйкес, ұйымдарда заңды тұлға құқығы әділет
органдарында тіркелген уақыттан бастап пайда болады. Яғни, мемлекеттік
тіркеуден өтпеген заңды тұлға салықтық құқық субьектісі бола ала ма деген
сұрақ туындайды. Салықтық заңдар бұл сұраққа тікелей жауап бермейді.
Сондықтан, В.В. Витрянский мен С.А.Герасименколар ұсынған салық төлеу
міндеттілігі ол субьектіде салықтық міндеттеме салынатын обьекті пайда
болған ұйым салық төлейді деген ұсынысы[3] дұрыс деп ойлаймыз.
Жоғарыда жасалынған қорытындыларды есепке ала отырып, салықтық құықтық
коллективті субьектілерін :
1. күрделі ұйымдар;
2. жәй үйымдар;
3. салықтық құықтары шектелген ұйымдар деп жіктеуге болады.
Мұндай жіктеуде жәй ұйымдар қатарына салықтық иммунитеті жоқ
территориялық құрылымдары жоқ заңды тұлғалар және азаматтық
құқыққабылеттілігі бар заңды тұлғалар жатады. Күрделі ұйымдарға жоғарыдағы
аталған заңды тұлғалар, егер құрамында территориялық құрылымдары бар болса,
кіреді. Салықтық құқықтары шектелген ұйымдарға заңды тұлғалардың құрылымдық
бөлімдері жатады.
Заңды тұлғалар бірнеше салықтардың түрлерін төлейді. Айталық,
корпоративті табыс салығы, транспорт құралдарына салықтар, әлеуметтік
салықтар, мүлік салығы, жер салығы, бірыңғай жер салығы және тағы да басқа
міндетті төлемдерді төлейді.
Корпоративті табыс салығы өндірістік еңбекпен табылған таза табыстың
бір бөлігін алу болып табылады. Корпоративті табыс салығы республикалық
бюджеттің кіріс көзі болып табылады. Бұл салықтың түрін төлейтін заңды
тұлғаларға жататындар:
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлға ретінде
танылған кәсіпорындар мен ұйымдар. Олардың ішінде кредиттік ұйымдар мен
сақтандыру ұйымдары да бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
территориясында құрылған шетелдік қатысуы бар ұйымдар да.
- жеке балансы және есеп айырысу шоттары бар кәсіпорындар мен
ұйымдардың филиалдары мен басқа да құрылымдық бөлімдері.
Корпоративті табыс салығын төлеуші ұйымдарға сондай-ақ, шетел
мемлекеттерінің заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының
территориясында тұрақты өкілдіктері арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырушы басқа да ұйымдар жатады.
Бұл салықты салу обьектісі кәсіпорыннның жалпы өнімі болып табылады.
Жалпы өнім – бұл өнімдерді, тауарларды өткізуден, қызметтер көрсетуден,
жасалған жұмыстардан түскен, мүлікті жалға беруден түскен табыс, құрылыс,
ғимараттардың құнының өскенінен түскен табыстар және басқа да салықтық
кодекспен көрсетілген табыстар болып табылады.
Салық салу кезінде:
- жергілікті органдардың қарамағына берілген жекешелендірілген
әлеуметтік-мәдени және коммуналды-тұрмыстық мақсаттағы обьектілердің
бағалары есепке алынбайды;
- негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, кәсіпорындардың
өндірістік және өндірістік емес базасын жетілдіруге салынған капиталды
салымдар есепке алынбайды.
Шетел валютасындағы кірістерге салықтар тенгеге шаққандағы табыс
бойынша есептелінеді. Бұл жағдайда шетел валюталарындағы кірістер кәсіпорын
өзінің кірістерін есптеген күндегі Ұлттық банктің анықтаған курсы бойынша
есептелінеді.
Шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың кірістерін есептеген кезде
олардың қалыптасуының келесідей ерекшелітері есепке алынады:
1. шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаның табысының тек Қазақстан
Республикасының территориясындағы қызметінің нәтижесінде тапқан
табысына ғана салық салынады.
2. егер шетелдік қатысуы бар заңды тұлға тек Қазақстан Республикасының
территориясында ғана өз қызметін атқармай, оның аумағынан тыс
жерлерде де атқарса және табысына байланысты салынатын салықтың
мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін біздің территориямыздағы
табысы жөнінде бөлек есеп жүргізбесе, онда, табысының мөлшері салық
төлеушімен келсе отырып, салық органымен анықталады.[4]
Корпоративті табыс салығы салық төлеуші орналасқан жер бойынша ,
салықтық кезеңде ай сайын, аванстық төлем түрінде ағымдағы айдың 20-шы
жұлдызынан кешіктірілмей төленеді. Ал түпкілікті есеп айырысуды салықтық
кезеңнің нәтижесіне байланысты, декларация тапсырылуға көрсетілген
мерзімнен кейін, 10 күннен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz