Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.1. Орта мекетптегі сыныптан тыс шаралар туралы ұғымдар және оларға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2. Орта мектептің химия сабағында сыныптан тыс шараларды оқушыларға ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
1.3. Орта мектеп химия пәні бойынша мектепте жүргізілетін сыныптан тыс шараның іс.тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Математика және жаратылыстану факультеті
Химия және биология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

Орындаған:

Тексерген: п.ғ.к., доцент

Талдықорған 2011 жыл
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1. Орта мекетптегі сыныптан тыс шаралар туралы ұғымдар және оларға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.2. Орта мектептің химия сабағында сыныптан тыс шараларды оқушыларға ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
1.3. Орта мектеп химия пәні бойынша мектепте жүргізілетін сыныптан тыс шараның іс-тәжірибесі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да қоғамның дамуы мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жоғарғы деңгейге көтерілуі білім берудің сапасын арттыруға тікелей байланысты екендігі көрсетілген. Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мәнділігі, біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден телекоммуникация, ақпараттық, интернеттік байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару, тазару, сондай-ақ азғынданудың да қатарласа дамуы мүмкін. Жеткіншіктердің санасын түрлі жолдармен уландыру тәрбие жұмыстары әлеуеттерінің әлсіреуі, нашақорлық, жұмыссыздық, тастанды балалар санының көбеюі, кейбір сапалардың төмендігі де ықпал жасайды. Әсіресе, қазіргі жастарды теріс жолға түсіретін, санасын бұзатын жәйттердің бірі – дүниеқұмарлық. Нарық заманы бай етсе, біреуді кедейлендіріп, дүниенің қызығы адамгершілік міндеттерінен ажыратуға себеп болады. Болашағымыз – жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын: білімділік пен тәрбиелілік, еңбекшілдік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен парасаттылық, ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік, мейірімділік пен қайырымдылық, өзін-өзі тануы мүмкінділігі мен қабілетін білуі және оларды игеруі, қолдауы, жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға жеткізетіндігімен маңызды.
Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ә.Табылдиев сынды ғалымдар, қазақ этнопедагогикасын, тарихын, этнопедагогика мәселелерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жүйеледі. В.А.Ким, Л.А.Байсерке, Қ.Бөлеев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Назарбаева, Ж.Б.Сәдірмекова, К.К.Жанпейсова, К.Ж.Қожахметова, Л.К.Керімов, А.А.Калюжный, Б.Ы.Мұқанова, Н.Н.Хан, А.Н.Ильясова, А.Б.Нұрлыбекова, В.В.Трифонов, Р.К.Толеубекова, Э.А.Орынбасарова Ж.Ембергенова, К.Ж.Ибраева, А.Қ.Каплиева және т.б. қазіргі кезеңдегі ғалым-педагогтар адамгершілік тәрбиесін қазіргі адамзаттың дамуына қатысты бағытта қарастырып, өзін-өзі танудың мәнін көрсетіп, адамгершілік құндылықтардың маңызын педагогикалық-психологиялық негізде зерттеуде.
Адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін теориялық тұрғыдан қоғам талаптарына сай қарастырылмауын шешу және қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыларға адамгершілік құндылықтарды сыныптан тыс жұмыстарда қалыптастыру өз дәрежесінде болмауы себептері, олардың осы қарама-қайшылықтарды зерттеу барысында анықталды. Осы аталған қарама-қайшылықтарды ұтымды шешу мақсатымен зерттеудің өзекті мәселелерін анықтап “Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары” деп таңдау жасап, тақырыпқа қатысты зерттеуді нақтыладық.
Зерттеудің мақсаты: сыныптан тыс жұмыстарда қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды теориялық негіздеп, педагогикалық шарттарын сұрыптап, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін мектептердің сыныптан тыс жұмыстары.
Зерттеу пәні: сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, сонымен бірге ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау бойынша тәрбие жұмыстарының жүйесін және оның нобайын жасап оңтайлы педагогикалық технологиясы бойынша сынып жетекшісінің оқушыларға адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды жетілдіріп, тәрбие үдерісінде қолайлы және қоғамға лайықты қазіргі кезеңнің үлкен динамикалық сұранысы тұрғысынан орындалса, әлеуметтік, экономикалық және саяси жедел жаңарулар талаптарына сәйкес жеке тұлғаларда, адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге нәтижелі қол жеткізіледі, өйткені, бұл қазіргі қоғам тіршілігіне оң ықпал жасайды.
Зерттеу міндеттері:
- “жалпы құндылық”, “адамгершілік құндылық”, “адамзаттың жалпы құндылығы”, қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік құндылығы ұғымдарының педагогикалық мәніне, әлеуметтік-педагогикалық маңызына сипаттама беру;
- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау.
- жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайын жобалап, оның өлщемдері, көрсеткіштерімен деңгейлерін анықтау.
- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, ұсынылатын педагогикалық технологияның тиімділігін тәжірибелік-экспериментте тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру, жүйелеу, тиімділігін арттыру арқылы олардың дара ерекшеліктерін, бейім-қабілеттерін, белсенділіктерін дамытуға жағдай туады. Өмірді құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық негіздегі таным теориясы, психология және педагогика ғылымдарының жеке тұлға және оның дамуындағы іс-әрекеттер теориясы, құндылықтар теориясын, іс-әрекет теориясы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру теориясы.
Зерттеу әдістері: Зерттеудің өзекті мәселелеріне философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, мәденитанулық, құндылықтанулық әдебиеттерді талдау жүргізіп, педагогикалық ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты теориялық тұрғыдан қарастыру, жалпы орта білім беретін мектептің оқу құжаттарын зерделеп, сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жан-жақты талдап, қорытындылау, өткізілетін іс-шараларға талдау жүргізіп, саралау, сауалнама әзірлеп, тәрбие үдерісіне бақылау жүргізіп, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға қатысты мүмкіндіктерін анықтау, мақсатқа сай тәжірибелік-экспериментті жүргізу, оның нәтижелерін математикалық талдау арқылы өңдеу және қорытындылау.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы, Білім және ғылым министрлігінің оқу-тәрбиеге байланысты тұжырымдамалары (1999 ж.), “Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы” (1995 ж.), “2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы”, “Мәдени мұра” (2003 ж.) бағдарламасы, оқушылардың ізгі қасиеттері тәрбиесіне қатысты жалпы білім беретін оқу орындарын қалыпты құжаттары, оқу орындарының мұғалімдері, тәрбиешілер, ағартушылар және сынып жетекшілерінің озық тәжірибелері, автордың педагогикалық іс-тәжірибесінен жинақталып, саралаған еңбектері.
Зерттеудің базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Шымкент қаласындағы № 51 Төле би атындағы орта мектепте, № 52 М.Өтемісұлы атындағы мектепте және Сайрам ауданындағы № 84 Төлеген Тәжібаев атындағы, №95 орта мектепте өткізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- зерттеу жұмысы бойынша “жалпы құндылық”, “адамгершілік құндылық”, “адамзаттың жалпы құндылығы”, “қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік құндылығы” ұғымдарының жаңа негіздегі мәні анықталып, оларға сипаттама жасалды;
- сыныптан тыс жұмыстардағы жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды.
- жеткіншек оқушылардың адамгершілік құндылығын қалыптастырудың өлшемдері мазмұндық-құрылымдық нобайы жасалып, көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлері нақтыланды;
- сыныптан тыс жұмыстарда адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары сұрыпталып, жеткіншектерде адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық технологиясы ұсынылып, тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеудің практикалық мәні:
- жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары сұрыпталды, жасалды;
- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншіктерге адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың нобайы ұсынылды;
- “адамгершілік құндылықтар әлемі” атты сынып жетекшілеріне арналған тәрбие жұмыстары технологиясының үлгі мазмұны құрылып, тексерістен өткізіліп, мектеп тәжірибесіне ендірілді;
- зерттеулер қортындысы арқылы сыныптан тыс жұмыстардың іс-тәжірибелеріне арналған әдістемелік нұсқаулар жасалып, қолданылуда.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- жеткіншектерге жалпы адамгершілік және адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық мәнін қарастырып,
“Жалпы құндылық”, “Адамгершілік құндылық”, “Адамзаттың жалпы құндылығы” ұғымдарына сипаттама жасалды;
- сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық шарттары сұрыпталды;
- педагогикалық технология арқылы жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың біртұтастығына қол жеткізіп жеткіншектердің өзін-өзі тануын, оны дамытуды, жан-жақты жетілдіру, қазіргі кезеңге лайықты тәрбиелеу, ел азаматы болуы арқылы отбасына, қоғамға, еліне пайдасын тигізу басты мұраты екендігі эксперимент барысында дәлелденді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі теориялық қағидалар мен әдіснамалық талапқа, зерттеу мәніне сәйкес әдістеме қолдану арқылы тәжірибелік-эксперимент бағдарламаға және мақсатымызға сай, сонымен бірге бастапқы эксперимент және ақтық көрсеткіштер нәтижелерімен қорытыланды, жалпы білім беретін оқу орындарының жеткіншектерімен жасалынған тәжірибелік-эксперимент қорытындылары зерттеу жұмыстарының тиімділігін байқатты.
Зерттеу нәтижелері дәлелді және негізділігі мен жұмыстың сапалылығын көрсетті.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (Түркістан қ.), Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде, Шымкент университетінде (Шымкент қ.), С.Сейфулин атындағы Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетінде (Астана) өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалды. Зерттеу еңбектерінің нәтижелері мерзімді басылымдарда, ғылыми жинақтарда, әдістемелік нұсқауда жарық көрді.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, 2 сызбанұсқадан, 1 суреттен, 4 кестеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

1.1. Орта мекетптегі сыныптан тыс шаралар туралы ұғымдар және оларға сипаттама

Химиядан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олипиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық
қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі.
Осындай жұмыс түрі химия курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі - оқушылардың химия апталығын ұйымдастыру болып табылады.
Оқушылардың химияға қызығуын біршама қанағаттандырғанымен факультативтік сабақтардың да мазмұны мемлекеттік бағдарлама бойынша шектеледі. Оқушылар бағдарламадан тыс көптеген мәселелерді білгісі, үйренгісі келеді. Мұның өзі химияның тұрмыстағы және халық шаруашылығындағы маңызының күн сайын артуымен де байланысты. Оқушылардың осы тілегін орындау мақсатымен сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі. Өзінің атынан көрініп тұрғанындай бұл жұмыстар – оқушылардың қалауы бойынша мұғалімнің жетекшілігімен сабақтан тыс жүргізілетін оқу жұмысын ұйымдастырудың бір түрі[13].
Химиядан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету, кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, химиядан өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес[13].
Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі – оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктерінің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармышылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақстары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәрбиелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбініесе оқыған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.
Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талықыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.
Экскурсия жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады жән оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Экскурсия сабағын өткізудің орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.
Оқыту процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Экскурия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын-ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды.
Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
Біріншісі – кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, ақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш және орта сыныптарда алдын ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.
Екіншісі – ілеспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі мүмкін.
Үшіншісі – қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекітту мақсатын көздейді.
Экскурсия сабағының нәтижелі өтуі негізінен мұғалімнің алдын-ала дайындық жұмыстары мен өткізу орнын дұрыс таңдай білуіне байланысты болмақ. Мұғалім экскурсия болатын нысананы алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға оның мақстаны түсіндіреді.
Мақсатына қарай оның жоспары жасалады. Жоспарда негізінен мына мәселелер қарастырылады:
1. Экскурсияның барысы, негізгі кезеңдері, басталу жәнеғ аяқталу уақыты;
2. Маршруты, қамтитын нысанасы;
3. Экскурсияға қажетті құрал-жабыдықтар;
4. Экскурсия барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары;
5. Жеке және топ болып атқаратын жұмыстардың түрлері;
6. Экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.
ХVІІІ ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты. Оқытудың бұл түрі тек ХІХ ғ. бастап қолданыла бастады.Оны Ресейде Л.Н. Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде кеңірек пайдаланды. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатыстытанымдық қызғушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушлардың пәнге бейімділігін ескере отыра, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады; олар жоғары сынып оқушыларының еңбекке дайындығына елеулі үлес қосады.
Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Кітаппен, анықтама әдебиеттерімен, оқу-әдістемелік нұсқауларымен өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын тәрбиелейді, приборлармен қарым-қатынасқа түсу, оларды орнықтыруда өзіндік ақыл-ой еңбегі мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастырып, эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілдерін меңгереді.
Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады.
Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады[1].
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті – оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, ғылымға бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп, жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме мен ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағытты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және ттапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту порцесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.
Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және консультация сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жұмыстарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесіндегі оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқыпболғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізілу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі.
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және топтық практикалық-лабораториялық жұмыстары, тақырып бойыншашығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шыңармаышылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардыі әр түрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.
Оқушылардың таным белсенділігі – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті[3].
Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
1 – сызбанұсқа. Оқушылардың таным белсенділігі

Оқушылардың таным белсенділігі

Сыртқы белсенділік

Ішкі белсенділік

Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, тәжірибелік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне – оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып табылады. Бұл қасиетсіз адамның қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес[4].
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту порцесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (творчествалық т.б. белсенділік) түрлері болады.
Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестігін керек етеді.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
Оған әсер ететін мотивтер т.б.
Внеурочная работа – составная часть учебно-воспитательного процесса школы, одна из форм организации свободного времени учащихся. Направления, формы и методы В.р. во многом совпадают с дополнительным образованием детей. В школе организуются кружки, научные общества учащихся, художественные студии, спортивные секции и т. п. [12.]
Сыныптан тыс оқу дегеніміз – белгілі бір педагогикалық мақсатқа бағышталған оқушылардың өз бетімен оқуы. Ол әр сыныптың оқу бағдарламасындағы материалдарға сәйкестендіріле жүргізіледі.
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінгі күнге дейін философтар, психологтар, педагогтар мен әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылардың зерделерінен орын алып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сол себептен де, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б. мәселелер ғалымдарды толғандырып келеді.
Еліміздегі нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаhандану заманында сұранысы артып отыр. Әсіресе, заманауи технологиялық үдерістер әлеуметтік-экономикалық өмір тіршілігіне етене енуіне байланысты интернет, ақпаратты – коммуникативтік, жаңашылдық (инновация) үстемдік құрғанда адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталынуда. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі болып табылады.
Сонымен құндылық дегеніміз не ? Құндылық – ол адамның жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, сөйлеу мәдениеті, қызығушылығы, еңбек сүйгіштігі, қоршаған қоғамдық ортада алатын орны екені тарихи-педагогикалық әдебиеттерде айқындалған.
ХХІ ғасырдағы қазіргі философияда құндылықтарға қандай түсініктеме береді?
Монографиялық зерттеулерде, философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде құндылық, адамгершілік құндылық, жалпы адамзаттық құндылық ұғымдарының мәні жайлы оларға әртүрлі анықтамалар берілген. Бірақ, құндылық ұғымының мәні, мағынасы әртүрлі болуынан ойлар, пікірлер де әртүрлі болған[13].
Бұл сұраққа құндылықтар теориясы, басқаша айтқанда аксиология жауап беруге ұмтылыс жасайды, грек тілінен ахіс - құндылық және logos - ілім деген мағынаны береді. Аксиология ғылымы құндылықтардың табиғатынан, орны мен мәнін, олардың байланыстар жайлы мәселелерге жауап береді.
Аксиология философиялық зерттеу мен және оны талдауы бойынша болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Аксиология ғылымының мақсаты – болмыстың, жалпы құрылымындағы құндылық мүмкіндігін және оның нақтылық ойының айғақтарына деген түсінігін, қатынасын, байланыстарын көрсетіп ұғымдарын қалыптастырады.
И.Кант және Г.Гегель – немістің ұлы философтардың танымдары бойынша құндылықтар ұғымына зейін қойып, талдаулар жүргізген. Мысалы, И.Кант аксиологиялық түсініктерді қалыптастыру үшін қоршаған әлемді ойша нақты және идеалды деп екіге бөлген. Адам алдына қойған мақсатына жету үшін ол факторлардың ықпалына, мәнділігіне қатысты деген ойларда болған.
Олай болса, құндылықтар теориясы алуан түрлі түсінік, ой, көріністер арқылы құрылым туындап, философиялық келбет, көрініс қалыптасады. Олардың зерттеулерімен танысу барысында құндылықтар теориясын өмірге алып келгендігі және оларды типтерге бөлуге арналған философиялық әлеуметтік тұжырымдары айқындалады.
Мәдениетті деген ұғым әдепті, білімді, сауатты, түсінігі жеткілікті, өз заманның алдыңғы буыны екендігі туралы ойға келеді. Оның маңызды құрамдас бөлігі – адамның қиындықты шешуі, рухани-тәжірибені игеру негізі және реттеушісі сипатындағы құндылықтары теориялық тұрғыдан талдануы, философиялық, педагогикалық ой-пікірлер жиынтығы мен қалыптасу тарихындағы түрлі бағыттармен түсіндіріледі. Сол бағыттардың ішіндегі түрлеріне: натуралисті психологизм, трансцендализм, мәдени тарихи-релетивизм және социологизм жатады.
Шынайы дүниедегі кез-келген құбылыстың, заттың өзіндік қайталанбас құндылығы болуымен қатар, құндылықты феномен есебінде қарастыратын алғашқы типті – натуралистік психологизм дейміз. Натуралистік психологизм өкілдері құндылықтарды адамдардың биологиялық және жантану тұрғысынан байланыстырып, қайнар көзі есебінде түсінеді.
Ақиқат, еркіндік, сұлулық, игілік тәрізді рухани әлемнің құндылықтарын табиғи әлеммен байланыстыра қалыптасуымен бірге нақты әсерлермен түсіндіруге ұмтылғандар, екінші тип – аксилогиялық трансцендентализм, тәжірибеден тыс, ақыл-ой санасын түсініп білуге болмайды деген идеалистік философия еді. Трансцендентализмнің өкілдері В.Виндельбант, Г.Риккерт сананың қатпарларындағы туындаған қалыптардың әртүрлі формасы болатындығын айтқан.
Келесі, үшінші тип - әрбір құбылыстың көпжақтылы құндылығы болуы, оның салдары, жалғасы сияқты бағдары болатындығын мойындауда. Оны тарихи релятивизм әрбір тарихи кезеңде мәні артуы мүмкін деген бағыттың өкілдері А.Тойнби, П.А.Соркиндер болатын.
Әлеуметтік тип құндылықтардың әлеуметтік қажеттілігі бар, маңыздылығы айқындалған қалып деп еспетейді. Бұл бағытқа М.Вебер еңбек сіңірген, ол төртінші тип деп айтылуда. Сонымен аксиологияның ілім есебінде қалыптасуына үлес қосқан Ф.Ницще өзінің мораль генеологиясы атты шығармасы адамдарды жақсы және жаман, игілік пен зұлымдық тәрізді түсініктерді, қарама-қайшылық, қарсы пікірге бөліп, болмыс пен құндылықты бірімен-бірін қатар қарастырып салыстыру философтардың үлесі деген ойды білдіреді. Философ Ф.Ницще құндылықты мәндік категория емес, тек бағалау немесе субъектінің әлемді таңдауындағы ішкі тәжірибесі деп пайымдайды.
Синергетикалық, герменетиканың жаңа жүйе, тарихи оқиғалар, құбылыстар, мәтіндер мағынасын өткен және қазіргі біртұтас дүние деп есептеу арқылы жалғасын тауып отырады. Мәселен, Х.Гадамер герменевтиканы қазіргі кезеңнің әмбебап философиясы деп ойласа, Х.Гадамердің пайымы бойынша құндылықтарды түсіну үшін жеке адамды, халықты, мемлекетті түсіну жеткіліксіз, олардың даму, қалыптасу, өзгерулер себептері, жалпы тарихына терең зер салу қажеттілігін айтып, ақиқат деп сонда айта аламыз, сырын түсініп жолын, әдісін табамыз[7].
Қоғамда дәстүрлі құндылықтармен қатар әрбір тарихи кезеңде пайда болған, әрбір әлеуметтік қауымдастық үшін маңызды құндылықтар өмір сүрді. Этникалық қауымдастықтар өзіндік ұлттық құндылықтарды түзесе, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар барлық адамдарды біріктіреді. Қоғамда даму, жылдардың өтуі, ғасырларға ұласуына сәйкес құндылықтар қоғамда адамға маңыздылығы жағынан өзгеріп, орын ауыстыруы тарихтан белгілі. Қоғамдағы үрдістердің даму қисынына байланысты тіршілікте, әрине, құндылық мәнін жоғалтуы мүмкін емес, тек мән берілмеуі ықтимал. Құндылық өте сирек кездесетін құбылыс, ол парасаттылықтан байқалады, рухани дамудың биік белестеріне деткен адамдардың қасиеті.
Сайып келгенде, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы мәселе - өмір. Өмір – адамның күнделікті және өмір бойында жалғасатын тіршілік. Тіршілік иесі ертеңін ойлап еңбек етеді, білім алады, тәжірибе жинақтауды, өмірдің мәні де сонда, жалғасы, ізбасары, көмекшісі болуында, қуаныш пен қайғы, бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ сияқты құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетеді.
В.Франкл айтқандай өмір мәнін адам жаны ұмтылатын рухани деп түсіндіреді. Өмір мәнін түсіну әр түрлі жас кезеңінде және әртүрлі жағдайда пайда болуы мүмкін, сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мән беруі тиіс, әйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мәні жазылып, құрастырыла салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мәнін іздестіру адам үшін табиғи құбылыс болып саналады.
Сонымен адам өмірінің мәні жоғары құндылық жүйесін түзеді:
1.Тәжірибеден (трансдентальдық) ақыл-санадан тыс құндылық. Оған жаратушы ием туралы әлем дүниесіндегі абсолютті ұстанымдар, моральді абсолют жүйесі енеді. Бұл құндылықтар адамды өлім туралы ойлауға, оған мән беруге әкеледі. Олар идеологиялық жүйені біріктіреді, құрайды, қоғамды біріктіреді, адамның тіршілігіне әсері бар.
2.Әлеуметтік – мәдени құндылықтар: саяси мұраттар, мемлекет мәдениеті, мемлекет тарихы, мемлекеттік шекара; дәстүрлер, аймақ, т.б. қасиеттері бар адамды тапқандай боады.
Сонымен, құндылық дегеніміз – идеал және мәнділік, олардың ерекшеліктері субъектілер арасындағы қатынастарда жүзеге асырылып, көрініс табады. Құндылық болса субъектілер арасындағы жеке тұлға немесе тұтас қоғам деңгейіндегі қатынастардың жалпы кезеңдерін білдіреді. Зерттеу барысында төмендегідей жоғары құндылықтар иерархиясы анықтала түсті, яғни олар: Адам, Өмір, Денсаулық, Отбасы, Отан, Еңбек, Білім, Мәдениет, Бейбітшілік, Жер, Адамзат, Даму, Ар-ұят, Еркіндік, Бақыт, Еңбек, Өмір, Ақиқат, Жақсылық, Әділеттілік, Табиғат, Қоғам, Таным, Теңдік, Бауырластық, Сұлулық, Қарым-қатынас, Ойын[15].
Еліміздің қазіргі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негізін зерттеу барысында, өзіндік жаңа ұстанымға негіздей келе, жалпы адамзаттық құндылықтар ішінен Адам, Еңбек, Білім, Отбасы, Ұлт, Бейбітшілік, Жер, Отан, Мәдениет деген құндылықтарға, ерекше назарымызды аудардық.
Айтылған пікірлерге, өмірлік тәжірибеде құндылықтар тізіміне, қазіргі кезеңдегі басты тұлға, басты капитал жасампаздықтың иесі, гуманистік бағыттағы жан, ең маңызды құндылық иесі – Адам екендігі даусыз. Жер бетіндегі барлық заттар, бүкіл адамзаттық мәдени мұралардың ең ізгілері – құндылықтар адам қолдарымен, ақыл-ойларының нәтижесінде жасалған.
Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеуші профессор Р.К.Төлеубекова жеке адамның адамгершілік құндылықтарын жоғары сынып оқушыларына тәрбиелеу тұжырымдамасын жасағандықтан, оны ғылыми-зерттеу жұмысымызда, біздер негізге алдық және оны дамытуға ұмтылдық.
Айтылған жүйелер (А.Н.Леонтьев, Б.Г.Кузнецов, В.Супредин, А.Тоинби, Н.Д.Хмель, Р.К.Төлеубекова, Л.А.Байсерке, А.А.Калюжный, В.А.Ким, Э.А.Орынбасарова т.б.) бір-біріне ұқсастығы болғанымен жалпы, адамзаттық құндылықтарға авторлардың ортақ көзқарастарын көреміз, оларды біріктіріп тұрған ізгілігті бағыт: үш жүйеде де Адам ең негізгі құндылық. Әлеуметтанушылар құндылықтар жүйесін зерттеу нысандарына алып, мысалы, көпшілікке белгілі Әлеуметтанушының жұмысшы кітабы деген шығармада: Кез-келген нысан (материалдық немесе идеалдық) тұтас топтың немесе жеке адамның мақсат-ниеті, тілек-ықыласының негізін құрап, өмір сүруінің маңызды шарты болып табылса, онда ол әлеуметтік құндылық бола алады делінген[19].
Жоғарыда айтылған пікірлерді тұжырымдай келіп, қорытындыласақ: құндылық зат та, нәрсе де, мәселе де емес, олардың қасиеттері де емес, ол адам ойының қандай да бір жоғары түрі екендігі анықталады. Құндылықтар дегеніміз – ұнатқан игіліктер мен оларға қол жеткізу тәсілдері туралы қорытындылаған, белгілі көзқарастар, орнықты ойлар, үлгі аларлық объектінің озық тәжірибелері, сыннан өткен пікірлер арқылы өзінің мінез-құлқын анықтайды. Келесі бір авторлар, мінез-құлық құндылықтар мәдениетінің түрлері мен байланыстарына ерекше назар аударып зерделеуде.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып, жетілдіру бағытында сыныптан тыс жұмыстар арқылы ізденістер жасап жатыр. Мәселен, қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы адамзаттық ұлттық құндылық тенденцияларына ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу (Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева, Т.Сапабекова және т.б.) жүргізіп келеді. Аталған ғалымдардың ортақ ойлары біркелкі ой-пікірге келіп тоғысады, адамның кісілік келбеті соған лайықты.:
оқушылардың іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әртүрлі қабілетер мен қажеттіліктерді бойға жинақталған және ізгілік бағытымен реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибелерде нақты жүзеге асырылатын үдеріс;
олардың адамгершілік жолындағы ізденістер білімнің, біліктің және дағдының жай жиынтығы емес;
оқушылар ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, ұжымшылдығы, білім және басқа да көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді.
Алайда, оқушыны ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру – аса күрделі, бір мәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсы мәнді болып келетін үдеріс. Сондықтан, олар қарым-қатынастар жүйесіне әртүрлі бағытта енеді. Ұжымдық қатынастар жүйесіне жеке бастың жағдайы шын мәнінде дербес, әлеуметтік тәжірибеге байланысты болғандықтан, достарының тарапынан болатын қарым-қатнас түрліше жағдайда әрқалай болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.

1.2. Орта мектептің химия сабағында сыныптан тыс шараларды оқушыларға ұйымдастыру жолдары

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі. Ірі ғалымдардың өмірінен, ғылымға шексіз берілуінен үлгі – өнеге алады, ашқан жаңалықтарының мәнін және маңызын түсінеді. Химияның және химия өнеркәсібінің жетістіктерімен, еңбек адамдарының қажырлы істерімен танысу оқушыларда мақтаныш сезімін тудырады, сарамандық істерге тікелей араласуға құлшындырады. Еңбекті қадірлеуге, бастаған ісін ақырына дейін жеткізуге, өздігінен жұмыс істей білуге үйретеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, мазмұны және әдістері сабақтағыдан өзгеше болып келеді. Олардың мазмұны бағдарлама арқылы шектелмейді, мектептің жағдайына, оқушылардың қызығуына қарай анықталады. Оқушылардың қызығуы сабақ үстінде, ғылыми-көпшілік кіаптарын, мерзімді баспасөзді оқығанда туады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда еріктілік негізі сақталады және оларды жүргізудің негізгі әдісі – оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Мұғалім ақыл-кеңесін беріп, бағыттап отырады.
Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен ұйымдастырылу негіздері: оқушылардың химияға құштарлығын жоспарлы дамыту; сабақта өтілген материалдармен байланысын қамтамасыз ету; сыныптан тыс жұмыстарға қоғамдық мән беру; теориялық және сарамандық жұмыстарды ұштастыра жүргізу; жұмыстың түрін таңдаудағы оқушылардың еріктілігі мен орындаудағы міндеттілігін, ұйымдастыру жұмыстарындағы белсенділігі мен дербестігін қамтамасыз ету; көпшілік және жеке жұмыстарды ұштастыру; сыныптан тыс жұмыстарға мамандарды, оқушылардың ата-аналарын қатыстыру; сыныптан тыс жұмыстармен оқушыларды шамадан тыс шұғылдандырмау; сыныптан тыс жұмыстарға кәсіптік бағдар беру. Сыныптан тыс жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана коймай, сонымен бірге болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді[20].
Мектептің тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі − сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар болып есептеледі. Оқушылардың пән сабақтарында меңгерген білімдерін, үлгі-өнегелерін сыныптан тыс уақытта жүргізілген жұмыстарда пайдалану қоғамдық еңбекпен айналысуға ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен ықпалын тигізеді.
Соңғы кезде мектептердің алдына қойылып отырған тәрбие міндеттері сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шаралардың мазмұнына өзіндік әсер етіп отыр. Себебі, мектептердегі білім стандарты, тұжырымдамасы, жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары, жаңа ұлттық негізде жазылған оқулықтар, әдістемелік құралдар, сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларға жаңаша көзқарасты талап етеді.
Еліміздегі мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс жұмыстар екі бағытта: сыныптан тыс тәрбие жұмысы және сыныптан тыс жұмыстар деп жеке пәндер бойынша жүргізіледі.
Тәрбие жүйесінде сыныпта және сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі балалардың тұлғалық және жас ерекшелігіне қарай анықталады. Сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсаты − сабақ үстінде жүзеге асырылатын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, қоршаған ортаға қызығушылығын ояту, қоғамдық белсенділігін шыңдау, бос уақытын ұйымдастыруды көздейді.
Мұғалім оқушыларды сабақтан тыс уақытта қарым-қатынас жасауға, әртүрлі жағдайда баланы зерттеп, ол туралы мәлімет жинауға мүмкіндік алады.
Педагогикалық энциклопедияда мектептегі тәрбие жұмысының барлығы сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылып, сыныптан тыс тәрбие жұмысы деп аталады.
Бүгінгі таңда тәрбие жұмыстары оқушы тұлғасын тәрбие субъектісіне айналдырып, педагогикалық талаптарды орынды, белсенді қабылдап, өзінің сапалық қасиеттерін жетілдіру мақсатын көздейді. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын үйірмелер және тәрбие жұмыстарында балалардың өз бетімен жұмыс істеуіне кең мүмкіндіктер жасалады. Өздігімен басқаруға және дербестікті дамытумен үйлестірілуімен ерекшеленеді[21].
Мектеп практикасында сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына тек белсенді оқушыларды тарту әдетке айналуы кемшіліктердің бірі болып келеді. Неғұрлым қиын балаларды қызықты тәрбие сағаттарына тарту − олардың дұрыс өмір жолына түсуіне, ұжымдық іс-әрекетке қатысу ынтасының тууына ықпалын тигізеді. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың бұқаралық сипатта немесе жаппай оқушыларды қамту тұрғысында жүргізілуі басты ерекшелік болуы тиіс. Бірақ сыныптан тыс тәрбие жұмысының топпен және жеке оқушылармен ұйымдастырылатын түрлері бірін-бірі толықтыра түседі.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының элементтері мен компоненттері туралы бірнеше көзқарастар қалыптасқан. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау және мектептердегі қолданылуын зерттей келе, сыныптан тыс тәрбие жүйесін жеке-топтық компонент, мазмұндық компонент және іс-әрекеттік компонент деп бөлуге болады. Сыныптағы тәрбие жұмысының негізгі компоненттері мен элементтерін төмендегі 1-кестеде көрсетілді.

Кесте 1 − Сыныптан тыс тәрбие жұмыстардың құрылымдық компоненттері және элементтері

Сыныптан
тыс жұмыстардың компоненттері
Сыныптан тыс жұмыстардың құрылымдық элементтері

Жеке-топтық компонент
1. Сынып жетекшісі
2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы
3. Оқушылардың ата-аналары
4. Тәрбие үдерісіне және сынып ұжымының
күнделікті әрекетіне қатысатын оқушылар

Мазмұндық компонент
1. Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен
міндеттері
2. Тәрбие жұмысының мазмұны
3. Тәрбие жүйесінің құрылымы

Іс-әрекеттік компонент
1. Бірлескен әрекет пен қарым-қатынасты
ұйымдастыру формасы мен әдістері
2. Тәрбие жүйесінің барысы
3. Сынып оқушыларының өзін-өзі басқаруын
және педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету

Ал, бірқатар зерттеулерде сыныптан тыс тәрбие жұмысының формасын сипатына және ұйымдастырылуына қарай жіктелінген.
Ізденіс жұмысының нәтижесінде сыныптан тыс тәрбие жұмысын − ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Кеңес мүшелері
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ПРОЦЕСІНДЕ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Пәндер