Геграфиялық орны
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Орындаған :
АЛМАТЫ 200
I-Тарау. Шығыс Қазақстан облысының табиғи-экономикалық жағдайы.
1. Геграфиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы – республикадағы полиметалл өнеркәсібі, алтын
өндіру және арзан су электр қуатын өндіретін аса ірі орындардың бірі.
Орталығы - Өскемен (324 мың тұрғыны бар) қаласы. Кенді Алтайдың аса
ірі өнеркәсіп және көлік жолы торабы. Қала 1720 жылы Үлбі өзенінің Ертіспен
қосылған жерінде Өскемен бекінісі ретінде пайда болған.
Қазіргі Өскемен қаласы Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы
және облыс орталығы болып алғашқы рет 1932 жылы қалыптасса, ал соңғы рет
1997 жылы Семей облысымен бірігіп құрылған.
Оның шекарасы батысында Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында
Павлодар облысымен, солтүстігінде Ресейдің Алтай өлкесімен, оңтүстік-
шығысында Қытаймен, ал оңтүстік-батысында Алматы облысымен шектеседі.
Территориясы бұрынғы Семей облысымен қосып есептегенде – 276,3 мың км2,
халқы – 1814 мың адам. Халқының орташа тығыздығы 6,5 адамнан келеді. Бұл
республика бойынша орташа көрсеткішке жақын.
Шығыс Қазақстан облысының географиялық орны айтарлықтай қолайлы. Мұнда
Алтын алтай комбинаты орналасқан алтын кен орындары мен полиметалл
кендеріне өте бай. Кенді Алтай таулары бар. Алтайдың бөктеріндегі және
Ертіс бойындағы далалар, бұрынғы Семей облысындағы жазықтар мен Қазақтың
ұсақ шоқылары, тай және жазық жайылымдармен бірге Қазақстан жеріне Алтай
таулы өлкесінің оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс
немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады.
Оңтүстік Алтай солтүстік Бұқтырма өзені мен оңтүстікте Қара Ертіс
өзенінің аралығында жатыр. Батысында Кенді Алтай Бұқтырма ГЭС-нің
плотинасын салуға байланысты пайда болған орасан зор Бұқтырма бөгеніне
тіреледі.
Ертіс өзені ауданның территориясын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа
қарай кесіп өтеді де, оны Батыс Сібірдің солтүстік мұнайлы бөлігімен
жалғастырады. Локоть станциясы арқылы өтетін темір жол Батыс Сібірдің
оңтүстік-шығыс көмірлі металлургиялы бөлігіне жол ашады. Өскемен қаласының
Кенді Алтайдағы маңызды көлік жолдары торабына-темір жолдардың, автомобиль
және су жолдарының тоғысқан жеріне орналасуы онда алуан түрлі өнеркәсіптің
дамуына қолайлы жағдай туғызды. Оған ірі кәсіпорындар салуға мүмкіндік
беретін жер бедері мен таудан жазыққа шығу жағдайлары, су мәселесінің
шешілуі оң әсерін тигізеді.
Шығыс Қазақстанның табиғат байлықтары кен өндіру және өңдеу
өнеркәсібін дамытуға, арзан су электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді, ал
климат жағдайлары ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Кенді Алтайдың,
Қалба жотасы мен Тарбағатайдың қара немесе қоңыр топырақты ылғалы
жеткілікті бөктерлері суарылмайтын егіншілік үшін өте қолайлы.
Шығыс Қазақстан қала халқының үлес салмағы үлкен және негізінен
өнеркәсіп орталықтарында шоғырланған. Кенді Алтайдың бөктерлері мен тау
аралығындағы қазаншұңқырларда пайдалы қазбаларды өндіретін жерлерде,
кеніштерде байыту фабрикалары мен металлургия заводтарында көптеген шағын
қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар көбейді.
2. Жер бедері
Кенді Алтайдың жер бедері алуан түрлі болып келеді. Жоталардың шығыс
бөлігі қатты тілімденген. Батысқа қарай таулар аласарады да, пішіндері
жұмырланып, беткейлері көлбей түседі. Кей жерлерде төбесі тегістелген
үстірттер де кездеседі.
Батыс Алтайдың жер қойнауынан әр түрлі пайдалы қазбалар ашылды.
Сондықтан да Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды.
Қалба жотасы – Алтай тауларының Ертіс өзенінен батысқа қарай созылған
жалғасы болып есептелінеді. Батысында жота бірте-бірте аласарып, Қазақтың
ұсақ шоқысымен ұласады (бұрынғы Семей облысы).
Қазақстан Алтайы тақта тас, құм тас, туф, гранит сияқты алуан түрлі
шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген. Шығыс Қазақстан облысының көп
бөлігін Алтай тау жүйесінің және Оңтүстік Алтай жоталары (Сарымсақты,
Нарын, Үлбі, Күршім) алып жатыр. Шығыс Қазақстанның табиғат жағдайлары
барынша алуан түрлі, өйткені оның шағын территориясы ұсақ төбелі жазықтар
мен биіктігі орташа тауларды ғана емес, сондай – ақ тау арасындағы көлемді
қазаншұңқырларды, айтарлықтай кең өзен аңғарларын және тіпті кей жерлерін
мәңгі қар мен мұздықтар басқан биік тауларды да қамтиды. Сондықтан жер
бедері мен климатының, топырақ пен өсімдік зоналарының барынша алуан
түрлілігі бұл облыс табиғатына ерекше, қайталанбас әсемдік береді. Қиыр
солтүстігінде Қатын жотасы (бұл облыстың ең биік жері – мұзтау биіктігі –
4506 м), оңтүстігін Тарбағатай, Сауыр жотасы, Бұқтырма бөгенінің батысын
Қалбы жотасы қамтиды. Облыстың оңтүстігін алып жатқан Зайсан қазаншұңқыры
біршама жазық келеді. Жер қойнауы пайдалы қазбаларға, әсіресе, құрамында
негізгі компоненттер қорғасын, мырыш, мыстан басқа көптеген түсті металдар
кездесетін полиметаллдарға бай. Алтайда өзен мен көлдер көп. Өзен аңғарлары
және көл жағалары орман мен шалғынға бай, олар тау беткейлерін өрмелеп,
жоғары көтеріле береді. Бұл – Алтайдың туристер жиі аралап тұратын ең
көрікті жерінің бірі.
Сауыр – Тарбағатай көршілес жатқан жоталармен бірге біртұтас тау
жүйесін құрайды. Сауыр – Тарбағатайдың солтүстігінде Зайсан қазаншұңқыры,
ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр.
3. Климаты
Шығыс Қазақстан табиғат жағдайлары барынша алуан түрлі. Өйткені оның
территориясы ұсақ төбелі ұлан байтақ жазықтар мен биіктігі орташа тауларды
ғана емес, сондай-ақ тау арасындағы көлемді қазаншұңқырларды, айтарлықтай
кең өзен аңғарларын және кей жерлерін мәңгі қар мен мұздықтар басқан
тауларды да қамтиды. Сондықтан жер бедері мен климатының барынша алуан
түрлілігі бұл ауданның табиғатына ерекше қайталанбас әсемдік береді. Мұндай
табиғат жағдайы климатының әр түрлі болуына әсер етеді. Облыс климаты тым
континенттік, қысы суық және аязды, ал жазы жылы болып келеді. Тау
климатына тән заңдылық қысқы температура инверсия нәтижесінде биіктеген
сайын жылына береді. Қантардың орташа температурасы 450 м-де 16-220С болса,
1000 м-де 12,50С болады. Атмосфералық жауын-шашын 200-300 мм-ден 1600 мм-ге
дейін ауытқып отырады. Бұл көрсеткіш Қазақстан жерінде ең көп түсетін жауын-
шашын мөлшері. Орташа жылдық жауын-шашын тау етегінде 300-400 мм, ал Оба,
Үлбі өзендерінің жоғарғы бөлігінде 1800 мм-ге жетеді. Тау аралық ойыстарда
400-500 мм.
4. Су қоры
Облыс жер беті ағын суына бай. Қазақстандағы су қорының 40%-тен астамы
осында шоғырланған. Облыстық гидроэнергия қоры мол келген ірілі – ұсақты
300 – ден астам өзендері мен көлдері бар. Басты өзендері Ертіс және оның
салалары: Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Оба. Ірі көлдері: Зайсан мен Марқакөл,
таулы бөлігінде шипалы көлдер көп.
Ертіс өзені – Солтүстік Мұзды Мұхит алабынаң басты өзені. Оның
ұзындығы 4284км, 1700 км-ге жуығы ғана Қазақстан жерінде. Ол Қытайдан
басталады. Қазақстан территориясына Қара Ертіс болып Зайсан көліне құяды.
Көлден ағып шыққанда Ертіс деп аталады да, Обь өзеніне құйғанша осы аты
сақталады. Ертіске Зайсан көлімен Өскемен қаласының аралығында көптеген
салалар құяды. Бұлардың ішінде суы мол, әрі ең ірі саласы Бұқтырма өзені.
Бұқтырма сағасынан төменіректе Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма ГЭС-і
салынды. Ертіс шатқалында орысан зор плотина салудың нәтижесінде, ағыс
бойымен жоғары қарай ұзындығы 600 км-ге созылған су бөгені бар. Су
деңгейінің жоғары көтерілгені сонша, ол Ертіске құятын кіші – гірім
өзендердің аңғарлары мен жыраларды басып кеткен. Содан Ертіс кеңейіп,
тереңдеген. Су деңгейінің жоғары көтерілуінен Зайсан көлінің көлемі екі есе
өсіп, сыртқы пішіні мүлдем өзгеріп кеткен. Бұқтырма бөгенінен төменде, тау
аралық шатқалда Ертіс өзенінің екінші бөгені - Өскемен ГЭС-нің плотинасы
бар. Өскемен мен Семей қалалары арасында Ертіске бірнеше сала келіп құяды,
олардың ішіндегі ең ірілері – оң жақтан Үлбі мен Оба өзендері және сол
жақтан Шар мен Қызылсу өзендері. Ертістің суы электр қуатын өндіруге
пайдаланылады. Ондағы екі ірі ГЭС Өскемен мен Бұқтырма – Кенді Алтайдың
өндіріс орындарына электр қуатын беріп отырады. Ертістің барлық жері кеме
жүзуге қолайлы. Жолаушылар таситын және жүк тартатын пароходтар,
теплоходтар, катерлер жоғары қарай Қытаймен шекараға дейін көтеріледі.
Ертістің республика өміріндегі маңызы зор, бірақ ол халық шаруашылығында
толық пайдаланылмай келеді. Сондықтан Ертіс суын толық пайдалану мақсатында
Орталық Қазақстанға Ақсу қаласынан бастап Ертіс – Қарағанды каналы салынды.
Оның ұзындығы 500 км, ені 40 м, тереңдігі 5-7 м-ге жетеді. Каналдың екінші
кезеңі жүріп жатыр. Ол Жезқазғанға дейін жеткізілмек. Сонымен қатар
Бұқтырма, Үлбі және Оба өзендері ағаш ағызуға және электр қуатын өндіруге
пайдаланылады.
Зайсан көлі – Алтай мен Сауыр – Тарбағатай аралығындағы қазаншұңқырда.
Бұл – ағынды көл. Оған ірнеше кіші-гірім өзендер келіп құяды, олардың ең
ірісі – Қара Ертіс. Көлден бір – ақ өзен – Ертіс ағып шығады. Зайсан – тұщы
көл, ол қыста қатады.
Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысының таулы аймағындағы ірі, ағынды
көл, 1434 м биіктікте жатқан тектоникалық қазаншұңқырда. Ауданы 455 км2,
ұзындығы 38 км, ені 29 км, тереңдігі 27 м. Көл жағалауы шығанақтармен
тілімденген тік құз жартасты. Көл айналасындағы тау беткейінде қарағай,
самырсын т.б. орман ағашы өседі. Марқакөлге бірнеше кіші-гірім өзен құйып,
бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады. Суы тұщы, мөлдір, балыққа бай.
Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылды. Қорық солтүстігінен Қазақстан
Алатауының Күршім жоталары мен оңтүстігінен теңіз деңгейінен 1447 м
биіктіктегі Азуатау аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан.
Қорықтың жалпы көлемі 71 мың га, оның 44 мыңын көл алып жатыр. Қорық
ауданындағы климат шұғыл континентті.
Көлдің жағалауында ормандар, бұталар, жемістер, бал дәмді әрі дәрілік
шөптер өсетін өте әсем орманды дала, таулы ландшафт бар. Қорықта аю,
сілеусін, марал, арқар т.б. бар.
5. Ауыл шаруашылығы
Облыс жерінде негізінен қара топырақ, тау беткейлерінде орманды сұр,
шалғындық, қызыл қоңыр топырақ тараған. Зайсан қазаншұңқырында қоңыр, сор
және сортаң жамылғысы кездеседі.
Облыс жерінің ауыл шаруашылығына жарамды (63,6%), оның ішінде
жыртылған, шабындығы, жайылымы (17%), орманды (10,6%) жері бар. Облыстың
аграрлық - өнеркәсіптік кешені құрамындағы биязы жүнді қой, етті-сүтті,
сүтті-етті мал, құс, астық, майлы күнбағыс, омарта және бұғы – марал
шаруашылығына маманданған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бар.
Шығыс Қазақстан аграрлық - өнеркәсіптік кешенінде мал шаруашылығы
жетекші роль атқарады. Мұнда дала мен кейбір мал жайылымдары мал
шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай туғызады. Шабындықтар кең алқапты
алып жатыр. Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Нарын өзендерінің жайылмасындағы
суармалы шалғындар – ең жақсы пішендіктер болып саналады.
Мал шаруашылығының негізгі саласы – етті-жүнді қой (әсіресе бұрынғы
Семей облысының территориясы) шаруашылығы, ет – сүт бағытындағы ірі қара
өсіру жақсы дамыған. Балды өсімдіктер көп өсетін Алтайдың бөктері мен
Тарбағатайдың оңтүстік баурайында омарта шаруашылығы дамыған. Хош иісі,
ерекше дәмі және шипалық қасиеті үшін Алтайдың тау балы әлемдегі ең жақсы
балдың бірі болып саналады. Ауданның биік таулы бөлігінде мал
шаруашылығының ерекше саласы – марал өсіру дамыған. Ауданда табынды жылқы
шаруашылығы да өркендеген.
Шығыс Қазақстан егіншілігінде астық шаруашылығы басым. Негізгі
егіншілік аудандар Ертіс бойындағы далаларға, әсіресе, Ертістің оң жақ
жағалауындағы Белағаш даласы мен Алтай бөктері тұсындағы орманды далада
жыртылған жерлер тұтас алқапты алып жатыр. Техникалық дақылдар ішінде
күнбағыс басты орын алады.
1.6. Өнеркәсібі
Кенді Алтай игерілуі жөнінен бүкіл Қазақстандағы алғашқы кен ауданы
болып табылады, өйткені түсті металдардың кейбір кен орындары мұнда XVIII
ғасырда Өскеменнің негізгі қаланғаннан кейін көп ұзамай ашылған және
игерілген.
Мұнда теміржол мен автомобиль жолдарын салу, оның аса бағалы қазба
байлықтары мен су қуаты байлықтарын жан-жақты пайдалану, сондай-ақ құнарлы
жерлерді дәнді және техникалық дақылдар, егісі мен мал шаруашылығын дамыту
үшін жайылымдар ретінде игеру, Шығыс Қазақстанның жедел дамытуда шешуші
роль атқарады.
Шығыс Қазақстанның қазіргі экономикасында жақсы дамыған ауыр өнеркәсіп
өркенеп келе жатқан аграрлық - өнеркәсіптік кешенмен ұштасқан. Полиметалл,
яғни қорғасын – мырыш өнеркәсібі және титан – магний секілді электр қуатын
көп қажет ететін түсті металдар өндірісі, әсіресе Алтай алтын комбинатына
жататын ірі алтын өндіріс орындары осындағы өндірістің мамандаушы салалары
болып табылады.
Аудан өнеркәсібінің бұлайша мамандануы оның жер қойнауындағы көп
компонентті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz