Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе. 2-6

І. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы7-29

  1. Ақпан төңкерісі және Қазақстан. 7-11
  2. Шығыс Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер…12-19
  3. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының шақырыл себептері және Қазақстандағы көрінісі20-29

ІІ. Шығыс Қазақстандағы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы науқаны. 30-51

2. 1. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы науқаны және оның Қазақстанның Шығыс өңіріндегі жүзеге асырылу барысы. . 30-39

2. 2. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысында қарастырылатын мәселелердің Қазақстан өңірлерінде түйінделуі40-45

2. 3. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының таратылуы және оған деген Шығыс Қазақстан қоғамының көзқарасы………46-51

ІІІ. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы және оны мектепте оқыту жолдары52-59

3. 1. Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан тақырыбының сабақ үлгісі 52-56

  1. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы сайлау науқаны тақырыбына сыныптан тыс жұмыс. 57-59

Қорытынды. 60-62

Қолданылған әдебиеттер тізімі63-64

Кіріспе

Өзектілігі: Ақпан революциясының жеңіске жетіп, патшаның тақтан түсуін Ресей империясының отарлық езгі бұғауында болған барлық халықтар азаттық таңы атқандай қабылдады. Ғасырлар бойы тәуелсіздік жолында күрес жүргізіп келген қазақ халқы да төңкеріспен бірге келген зор өзгерістерді баянды ету жолына қызу кірісті. Ақпан революциясынан кейін ерекше саяси жүйе, яғни Уақытша үкімет пен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесі формасында қосөкіметтік қалыптасты. Бірақ көп ұзамай жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі Уақытша үкіметпен ымыраға келіп, Құрылтай жиналысын шақыруға дейін билікті ерікті түрде Уақытша үкіметке берді.

Сонымен Ресейдің және ұлт аймақтарының болашақтағы мемлекеттік басқару формасын анықтау, түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелер жөнінде шешімдер қабылдау, заңдар шығару Құрылтай жиналысының қолында болды.

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі кезеңде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы идеясы демократиялық өзгерістер деңгейін білдіретін өлшемге айналды, әрі қоғамдық өмірдің жандануына зор серпіліс берді.

Ең алдымен, бұл ел тарихындағы ең алғашқы демократиялық түрдегі сайлау еді. Дауыс беру жалпыға бірдей, тең, төте және құпия түрде болатындығы жарияланды. Әрбір кәмелеттік жасқа толған азамат жынысына қарамай дауыс беру құқығына ие болады. Құрылтай сайлауының демократиялық сипатына дауыс берудің пропорционалдық жүйе негізінде өткізілуі де дәлел. Пропорционалдық жүйе жағдайында аз дауыс жоғалады және әрбір партияның немесе топтың жинайтын даусы оның сайлаушылар арасындағы ықпалына азды-көпті сәйкес келеді. Сонымен, бірге, бұл жүйеде саяси күштердің басым өкілдігіне қол жеткізіледі, бұл қоғамның барлық топтарының мүддесінің толығырақ жеткізілуіне мүмкіндік жасайды[1; 13] .

Құрылтай жиналысы тәрізді аса маңызды саяси науқанға даярлану қазақ қоғамы үшін елінің даму жолын анықтайтын шешуші кезең болды. Кеңестік дәуірде 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық процестер мен оқиғаларға біржақты баға беріліп келді. Сол себепті халықтық басқаруға негізделген заң шығару органы болып табылатын Құрылтай жиналысына сайлаудың қазақ қоғамының саяси қырынан өсуіне, ел ішіндегі демократиялық өзгерістердің орын алуына тигізген ықпалын зерттеу тарих ғылымы үшін өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстанның шығыс өңірінде Бүкілресейлік Құрылтай сайлауына дайындық барысында атқарылған саяси іс-шаралардың мәнін ашу, түрлі әлеуметтік топтар мен саяси күштердің белсенділік деңгейін, олардың бағдарламаларында көтерілген мәселелердің өзектілігін талдау.

Бұл алға қойған мақсатымды аша отырып мынандай міндеттер қойдым:

  • Шығыс Қазақстандағы Ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық-саяси үрдістердің мәнін ашып көрсету;
  • Бүкілресейлік Құрылтай жиналысында қарастырылатын мәселелердің Қазақстан өңірлерінде талқылауына және ол жөнінде түйінді шешімдердің қабылдануына тоқталу;
  • Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұлттық және діни ұйымдар ұсынған бағдарламалардағы негізгі тұжырымдарды талдауға алу;
  • Қазақстандағы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайлаудың барысы мен нәтижелерін сараптау;
  • Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының таратылуы және оған деген Шығыс Қазақстан қоғамының көзқарасын анықтау;
  • Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан тақырыбын мектеп курсында оқыту әдістемесін жасау;
  • Құрылтай жиналысы сайлау науқаны тақырыбына сыныптан тыс жұмыс өткізу.

Зерттеу объектісі: 9 сынып. Қазақстан тарихы. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы науқаны.

Зерттеу пәні: Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы науқанының Шығыс Қазақстан өңіріндегі қоғамдық-саяси жағдайдың өрлеуіне тигізген ықпалы тақырыбының теориялық мәселелері және оны жаңа технологиялар арқылы оқыту жолдары.

Ғылыми болжам: Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан тақырыбын өткенде оқушыларға Құрылтай жиналысы туралы қосымша мағлұматтар беру оқушылардың осы мәселені терең меңгеруіне үлес қосады.

Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы: Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан тақырыбына арналған және Құрылтай жиналысы сайлау науқаны атты сыныптан тыс жұмыстың үлгісін практиканттар мен жас мұғалімдер өз сабақтарында қолдана алады.

Диплом жұмысын жазу барысында дерек көзі ретінде “Свободная речь”, “Бюллетень Семипалатинского исполнительного областного комитета”, “Воля народа” тәрізді сол кезеңнің мерзімді басылымдарында жарияланған материалдар қолданылған. Сондай-ақ Ә. Нысанбаевтың редакторлығымен жарық көрген “Қазақ” газетінің бетінде жарияланған мақалалар жинағы да дерек ретінде пайдаланылды.

Тарихнамасы: Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы және оған депутаттар сайлау туралы алғашқы пікір айтқан Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай, М. Тынышпаев, Р. Мәрсеков, Ж. Досмұхамедов және тағы басқа 20 ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері еді.

1919 жылғы тамызда РСФСР-дің ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты органында А. Байтұрсыновтың “Революция және қазақтар” мақаласы жарияланды. Осы шағын еңбегінде ұлт ұстазы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерісін қазақ халқының қалай қарсы алғаны туралы өз бағасын беріп, Алаш автономиясын жариялау мен оның үкіметін құрудағы себептерді ашып көрсетіп, Алашорданың уақытша Сібір үкіметі, Құрылтай жиналысы комитеті(Комуч) және Колчак билігіме қандай қарым-қатынаста болғандығы туралы өз пайымдауларын баяндайды[2; 122] .

Ә. Бөкейхановтың «Шығармалар» атты жинағында Құрылтай жиналысы сайлауы мәселесіне қатысты құнды мәліметтер берілген. Жинаққа Алаш партиясының негізін қалаушы, Алашорда үкіметінің төрағасы Ә. Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарық көрген еңбектері- мен бірге, оның Кеңес билігі тұсында түрлі басылымдарда (Ақжол т. б. ) жарияланған мақалалары, аудармалары енген[3; 3] .

1917-1918 жылдардағы тарихи оқиғаларға етене араласып, Уақытша үкімет билік орындарында қызмет атқарған М. Шоқайдың еңбектерінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына байланысты маңызды мәліметтер кездеседі. М. Шоқай 1917 жылға қатысты естелігінде Түркістан зиялыларының «автономиялық басқару жөніндегі үміттерінің Құрылтай жиналысы тарапынан қамтамасыз етілетініне» сенгендігін айтып, Құрылтай жиналысының күшпен таратылуымен бірге « федерация жайлы үмітіміз де жоқ болды», -деп жазды(4) .

Қазақ зиялылары қатарынан шыққан алғашқы большевиктердің бірі С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық еңбегінде Алашорда үкіметі мүшелерінің қызметі мен олардың Құрылтай жиналысына әзірлігі туралы біраз мағлұмат берілген. Автор 1917 жылғы қазақ қоғамындағы саяси белсенділіктің арта түскендігін орынды көрсетіп, өкінішке орай Құрылтай жиналысына қатысты фактілерді баяндауға келгенде тар таптық көзқарасты ұстанған. “Азын-аулақ қазақтан шыққан, ұлы өзгеріске(революцияға) қатысқандардың ұстазы Ресей большевик партиясы болып, революцияның жалпы жауларына қарсы шыққанда күрескен дұшпанның бірі- “Алаш” еді” деген пікірі осыған нақты дәлел бола алады[5; 5] .

20 ғасырдың 20 жылдарының соңы мен 30-шы жылдарының алғашқы бөлігінде ресми идеология тарапынан арнайы тапсырыс бойынша жазылған Б. Қаратаевтың Алашорда тарихына арналған еңбегі, Ә. Әйтиевтің естеліктері, І. Қабылов және басқа авторлардың мақалалары Алаш қозғалысы жетекшілерін күрес сахнасынан біржола ысыруға бағытталған репрессиялау саясатына берілген теориялық негіздемеге жақын еді. 50-60 жылдары жарық көрген Т. Елеуов, Б. Кенжебаев, Қ. Бейсембиев, А. Нүсіпбеков, Х. Бейсенов және басқа авторлардың еңбектері мен түрлі мақалалар жинағында Бүкілресейлік Құрылтайға қатысты мәселелер қаралып, бірақ олар партиялық көзқарас тұрғысынан баяндалған. 1970 жылдары жарық көрген К. Нұрпейісовтің, С. З. Зимановтың, Ә. Жанкелдиннің, К. Есмағамбетовтің, Б. Елкеевтің зерттеу еңбектері мен «1917 год в Казахстане» атты құжаттар жинағынан Құрылтай жиналысында қаралатын мәселелерге байланысты біршама мәліметтерді кездестіруге болады[6; 6] .

Кеңестік дәуірде тарих таптық, партиялық концепциялар тұрғысынан жазылғаны белгілі. Осыған сәйкес тоталитарлық жүйе тұсында Құрылтай жиналысы идеясы бүржуазия табының мақсат-мүддесі ретінде бағаланды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихты өркениеттілік көзқарас тұрғысынан жазу, оқыту қолға алынды.

Алаш және Алашорда мәселесіне арналған негізгі іргелі еңбектің бірі-К. Нұрпейісовтың “Алаш һәм Алашорда” атты монографиясы. Ол өз еңбегінде Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы саяси күштердің аражігін ашып көрсетті, қазақ съездерінде Құрылтай жиналысында бекітілуі тиіс мәселелердің талқылану барысына, қазақ зиялыларының ұстанған бағытына байланысты пікірін білдірген, Қазақстандағы Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау нәтижелеріне баға берген(7) .

М. Қойгелдиев «Алаш қозғалысы» атты зертеуінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы сайлауына қазақ зиялыларының көзқарасын ұлттық басылымдарда жарияланған деректер арқылы баяндаумен қатар, қазақ демократиялық интелигенциясының басты мақсаты «күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді жалпы ұлттық деңгейде жинақтап, белгілі бір тұжырымдарға келіп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына даярлық жасау» екендігін атап көрсетті(8) .

М. Құл-Мұхаммедтің “Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы” деген еңбегінде Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметі сараланып, Алаш бағдарламасының құқықтық негізі талданған.

Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мәселесі Ресей тарихшыларының да назарын адарған еді. Э. Каррдың “История советской России” Большевистская революция 1917-1923 атты монографиялық еңбегінде Ресейдің Ақпаннан Қазан төңкерісіне дейін жүріп өткен жолы, Лениннің Құрылтай жиналысы жөніндегі тезисінің жариялануының саяси мәні, Құрылтай жиналысының тағдыры туралы жаңа пікірлер айтылған(9) .

Құрылтай жиналысына қатысты көптеген ғылыми мақалалардың, еңбектердің авторы болған О. Н. Знаменский “Революция и Учредительное собрание” атты мақаласында Құрылтай жиналысы идеясының өмірге келуі, Құрылтай жиналысына сайлау, оны шақыру мәселесіне байланысты большевиктердің және өзге де партиялардың ұстанған позициясы, Құрылтай жиналысының құрамы объективті түрде жазылған.

А. Рабиновичтің “Большевики приходят к власти. Революция 1917 года в Петрограде” еңбегінде, авторлар ұжымы жазған “Политическая история:Россия-СССР-Российская Федерация” атты кітапта 1917 жылғы революциялық процесстер, большевиктердің билікті басып алуы, саяси күштер арасындағы тартыс құжат материалдары негізінде ашып көрсетілген.

Диплом жұмысы 1917 жылғы Ақпан төңкерісі мен Құрылтай жиналысының күшпен таратылуы, яғни 1918 жылдың қаңтарына дейінгі аралықты қамтиды.

І тарауда Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын шақыру және оның Қазақстандағы көрінісі талқыланған.

ІІ тарауда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы және оның Қазақстанның шығыс өңіріндегі жүзеге асырылу жолдары, оның барысы, таратылуы, қорытындылары сөз болған.

ІІІ тарауда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы сайлау науқаны тақырыбын мектепте оқытудың жолдары көрсетіліп, сабақ үлгісі жасалған.

1 тарау. 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы

  1. Ақпан төңкерісі және Қазақстан

1917 жылғы Ақпан төңкерісі патшалық Ресей империясының даму жолына түбірлі өзгеріс әкелген маңызды оқиға болды. Отаршыл патша билігінің құлатылуы және оның орнына келген Уақытша үкіметтің демократиялық ұстанымдарға негізделген саясаты қазақ халқының алдынан зор мүмкіндіктер ашты. Қазақ қоғамы қысқа сәтке болса да елінің даму жолын таңдау мүмкіндігіне ие болғандығын анық сезінді.

Ақпан революциясының қазақ жұрты үшін маңызды тарихи оқиға екенін Семей облыстық қазақ съезіндегі кіріспе сөзінде Г. М. Мәрсеков: «Біздің еркіндікке жетуімізге, құлдықтан босануымызға және үмітті болашағымыз үшін ең бірінші Ұлы орыс (Ақпан) революциясына міндеттіміз» - деп бағалаған болатын[10; 33] .

Қазақстан халқының қалың топтары Ресей патшасы ІІ Николайдың құлатылуын, Ақпан революциясын ірі саяси және экономикалық өзгерістерге деген үмітпен қабылдап, өздерінің ғасырлар бойғы тілектерінің орындалу мен толғағы жеткен ұлттық және әлеуметтік проблемалардың шешілуін сонымен байланыстырды.

Жақсылық хабарды естіген А. Байтұрсынов сол кездегі көңіл күйді былайша білдірген болатын: «Қазақтарға ақпан төңкерісі қанша түсінікті болса, қазан төңкерісі соншалықты түсініксіз көрінді. Олар алғашқы төңкерісті қандай қуанышпен қарсы алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға тура келді. Алғашқысын қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл төңкеріс оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында, екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсінуінде еді»[11; 41] .

Түрлі басылым беттерінде елде орын алған саяси өзгерістер жөнінде, оған деген халықтың пікірі турасында мақалалар жарияланды. Мәселен, «Қазақ» газеті: . . . Бұл жақсылық, қуаныш жалғыз ғана орыстардікі емес, отаны Ресей болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш. Бұрын Россияның өгей ұлындай болып жүрген бұратаналар енді Россия ұлы болып амалсыз теңеледі. Ескі үкіметтің неше түрлі қиянатын, зорлық, қорлығын басынан кешірген біздің қазақ сияқты жұрттарға мұнан қуанышты уақиға өңі түгіл түсіне де енбейді», - деп жазған болатын[12; 367] .

«Қазақ» газеті 1917 жылғы 223-санында Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Есболов, Т. Жаманмұрынов бастаған барлығы он бес қазақ интелегентігінің Қазақстанның барлық негізгі орталықтарына (25 адрес) жолдаған жеделхат мәтінін жариялайды.

Жеделхатта: “Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Жаңа құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір боларға керек. Учредительное Собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Жарамды жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, талас, партиялық сыйыспауларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарын - бірлік, адалдық болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі - демократическая республика, яғни мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларлық түрі».

Бұл келтірілген жеделхаттан қазақ зиялыларының саяси айқындамасын анық көруімізге болады. Ал ол айқындама, біріншіден, халықты жаңа билікке толық қолдау көрсетуге шақыру болса, екіншіден, сол билікті қолдау арқылы соның шеңберінде ұлт тағдырына қатысты негізгі зәру мәселелерді шешіп алудан үміттену еді[8; 215-216] .

Ұлттық зиялылардың мұндай бағытты ұстануы, белгілі дәрежеде, сол кезеңдегі қазақ қоғамының қоғамдық-саяси даму деңгейіне, содан туындаған талап-тілектеріне тәуелді болғандығын ұмытпаған жөн. Ал сол тарихи кезеңде қазақ қоғамы үшін бірінші кезекте тұрған нәрсе, әрине, ұлттық тәуелсіздік, ұлттық бостандықты өз қолына алу еді. Қазақ демократиялық интеллегенциясы бұл мақсатқа толық болмаса да, алғашқы кезеңде жарым-жартылай, яғни империя шеңберіндегі ұлттық автономияға жалпыресейлік демократиялық күштермен біріге отырып, қол жеткізуге болады деп түсінді. Ресейден бірден бөлініп кетуді мақсат етіп қоюға қазақ қоғамы әзір емес деп білді.

Ақпан төңкерісі - Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың заңды нәтижесі, патшалық тәртіптің құлауы елде сапалық тұрғыдан жаңа саяси жүйе құруға мүмкіндіктер туғызады. Империяда бұрыннан орын алып келген «Біртұтас және бөлінбес Россия» идеясы мен соған негізделген мемлекеттік саясатқа сызат түсе бастайды. Ақпан төңкерісінен кейін жаңа таптық, әлеуметтік, ұлттық және партиялық, көп жағдайда бір-біріне қарсы болған мақсат - мүдделерді жақтайтын күштер саяси күрес алаңына шығады[7; 74] .

Ақпан революциясынан кейінгі жағдайдың өзіндік ерекшілігі буржуазияның және буржуазияланып алған помещиктердің органы - Петроград жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі түріндегі қос үкімет болып табылады[13; 656] .

Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі. Елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екендігін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа бармайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік империалистік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі болған жұмысшылар мен шаруалардың революцияшыл - демократиялық өкімет органы болған кеңестердің қолына көшуге тиіс еді[7; 83] .

Мемлекеттік Думаның комитеті Петроград жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесімен ынтымақтасып, 28 ақпанда Уақытша үкіметті сайлады. Жаңа үкімет басында халық билеуге - министрлікке сайланғандар мыналар: бас министр, яғни Министрлер Кеңесінің төрағасы һәм ішкі істер министрі князь Львов, әскер һәм флот министрі Гучков, сыртқы іс министрі Милюков, оқу министрі профессор Мануйлов, қаржы министрі Терещенко, жер министрі Шингарев, әділет министрі Керенский, рухани министрі депутат Львов[12; 367] .

Уақытша сайланған үкімет Россияның мемлекеттік басқару формасын анықтайтын, әр ел өкілдерінің жиылысы - «Құрылтай жиналысына» дейін ел билеу ісін өз қолына алды және Құрылтай жиналысы бекітетін негізгі заң шыққанша 8 пунктен тұратын уақытша заң шығарған болатын:

  1. Барша саяси, діни айыпкерлер: бұрынғы үкіметке қастық һәм қарсылық қылғаны үшін, қару-жарақ жұмсап жауласқаны үшін, жер туралы жанжал шығарғаны үшін айыпкер болған һәм басқа сол сияқты бұрынғы үкіметке қарсылық жүзінде жазықты болған адамдардың кінәларына кешірім жасау;
  2. Ауыз сөз, баспа сөз, қауымдасу, жиылыс жасау сияқты істерге ерік беру;
  3. Діннің, тектің басқалығы жүзінде болған бұрынғы таршылықтарының бәрін жоғалту;
  4. Кешікпей Учредительное Собраниеге өкілдер шақыруға даярлану;
  5. Полицияны жоғалтып, халықтың өзінен милиция (бақылаушы) қою, милиция батығын халық мекемелері сайлау һәм сол мекеменің қарамағына өту;
  6. Сайлау негізі баршаға бірдей, тең, төте һәм қалау жағы құпия болу;
  7. Өзгеріс ісіне күшін қосқан Петроградтағы әскерлердің қару-жарағын тастатпау һәм Петроградтан басқа жерге алып кетпеу;
  8. Әскерлік жүзіндегі тәртіптерді нық сақтап, жалпы жұртқа берілген құқықтарды басқа мен қатар солдаттарға да беру; [12; 368] .

Бұл бағдарлама елдің конституциялық және демократиялық даму жолына аяқ басуына алғышарттай болды.

Ресей империясының құрамындағы барлық отар елдер сияқты қазақ халқы да Уақытша үкіметке қолдау көрсетті. 1917 жылғы 5 наурыздағы Уақытша үкіметтің жергілікті өкімет органдарын құру туралы қаулысына сәйкес наурыз айында Қазақстанның барлық жерлерінде Уақытша өкіметтің жергілікті орғандары құрылды. Революциядан кейін қалың бұқараның өсе түскен саяси белсенділігі әртүрлі комитеттердің (қоғамдық, азаматтық, коалициялық, қоғамдық қауіпсіздік комитеттері т. б. ) құрылуына әкеп соқты, осы комитеттер арқылы бұқара халық жергілікті жерлерде мемлекеттік істерді басқаруға қатысуға ұмтылды.

4 наурызда Петрапавлда Уақытша қоғамдық қауіпсіздік комитеті құрылып, кейіннен Атқару комитеті етіп қайта ұйымдастырылды. 1917 жылғы 5 наурызда Қалалық думаның, әскери өнеркәсіп комитетінің, көпестердің, офицерлердің, шенеуніктер мен басқалардың өкілдері Семейде қоғамдық ұйымдар мен армияның Облыстық атқару комитетін құрды. Көкшетауда - Уездік коалициялық комитет, Петрапавлда - кейініректе Атқару комитеті етіп қайта ұйымдастырылған Уақытша қауіпсіздік комитеті, Қостанайда - қоғамдық комиссия, Ақтөбеде - азаматтық комитет, Орал мен Верныйда уақытша атқару комитеті және басқалар пайда болды[13; 659] .

Сонымен Уақытша үкіметтің жергілікті саяси өкімет органдарын құруына қалалық думалар, әр түрлі одақтар, ұйымдар, комитеттер, земстволар негіз болған болатын. Әр ұлт, әр қауым, әр ұйымнан өкілдер кіретін қоғамдық ұйымдардың құрама комитеті жергілікті өкімет билігін жүзеге асырды.

Елдің орталығы мен басқа да аймақтарында орнаған қосөкімет көрінісі сияқты, Қазақстанда да Уақытша үкіметтің жергілікті органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері пайда бола бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Съезді облыстық Қазақ комитетінің төрағасы
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметі
Алаш қозғалысына қатысқан Кереку өңірінің қайраткерлерінің ұлтшылдығы
Қырғыз Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру барысындағы Кирревкомның атқарушылық және ұйымдастырушылық әрекеттері
Ресей жоғарғы оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі
Қазақ саяси партиясы
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметтері
Қазақ әскери революциялық комитеті және ұлт-зиялылары
ИОГҚ мұражайының басшылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz