Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті


Тақырыбы: Орта ғасырдағы Шығыс өркениеті.
Жоспар
Кіріспе.
І тарау. Орта ғасырлардағы Қытай, Жапон және Үндістан халықтарының өркениеті: даму ерекшеліктері мен тарихта алатын орны.
І. 1 Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
І. 2 Орта ғасырлардағы Жапон өркениеті
І. 3 Орта ғасырлардағы Үнді өркениеті
ІІ тарау. Орта ғасырлардағы араб, парсы өркениеттері: дамуы мен маңызы.
ІІ. 1 Орта ғасырлардағы араб-мұсылман (ислам) өркениеті.
ІІ. 2 Орта ғасырлардағы парсы өркениеті.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Тақырып өзектілігі: Тарихтағы қазіргі көп проблемалардың ішіндегі ең методикалық мәні бар проблема - ол, өркениет мәселесі екені анық. Ал өркениеттік даму туралы зерделі ойлардың өзі арыда ХІІІ ғ. өмір сүрген араб ғалымы Ибн Халдуннан бастау алып, ХХ ғ. аяғында батыста кеңінен әрі арнайы зерттеу нысаналарына айналған. Енді көп ғасырлар бойында әлемдік тарихқа өзіндік өрнегін салған, қайталанбас тарихи құндылықтарын қалдырған- Шығыс және Батыс дейтін екі толық күрделі карама- қарсылықты дамыған кеңістік қалыптасқандағы бәрімізге белгілі. Бір ғажабы, сан ғалымдар әлгі дамыған екі кеңістіктің қайсысы бұрын қалыптасты деген мәселеде әлі күнге таласып келсе де, бүгін де тарих Шығысты адамзат өркениетінің ең ежелгі ошағы әрі алтын бесігі ретінде мойындап та қойған. Тіпті, Шығыс пен Батыстың тарихи дамуы кезеңдеріндегі алшақтық пен ерекшеліктер де белгіленген.
Әйтсе де, соңғы уақытта тарихшылардың көбіне көп Шығыстың тұйықталып, мейлінше артта қалғандығының тарихи негіздері мен түп тамырлары айрықша қызықтырып келеді. Шынтуайтында Шығыс қаншалықты артта қалды? Барлық салалар да ма немесе әлде оны Европа дәйім басып озды ма? Міне, көп ғалымдарды толғандырған сауалды мәселе осы.
Шын мәнінде, тарихқа жүгінсек, орта ғасырлық Шығыс Европалықтар үшін ілкіде- ақ мол байлықпен таңғажайып күллі өнер, мәдениет, әдеби туындыларының бір ірі орталығы ретінде танылды. Шығыстағы өмір сүру деңгейі де ХІХ ғасырдың соңына дейін Батысқа қарағанда айтарлықтай жоғары болған. Шығыс Европалықтарды, әсірісе қалаларының саны мен ондағы тұратын халқының тығыздығы (демографиялық өсімі) жағынан таң- тамаша қалдырған. Батыстың ірі орталықты қалалары - Лондонда, Прижде, Венецияда және Флоренцияда ХІІІ ғасырда шамамен 100 мыңға тарта адамдар тұрған болса, сол уақытта ХІ ғасырда қытайдың өзінде жарты миллионнан миллионға дейін, ал араб шығысында 300-400 мыңға дейін тұрғындары бар қалалар болған. дүние жүзін аралаған атақты Венециялық жиһанкез Марко Поло өзінің жазбаларында шығыстың бай мәдени мұрасымен өркениеттің сол кезеңнің деңгейіндегі жетістіктерін тамсана отырып жазған. Әрине, сол уақыттағы европалықтар және кеңестік тарихи таным оларды жиһаркездің жай бір қиялынан жасап алған шынайылық деп қарап, маңыз бермегені түсінікті. Біз оны кешегі коммунистік немесе европадағы буржуазиялық идеялогияның үстем құрған заманында басқа сунат типтес халықтарды менсінбей, олардың тарихы мен мәдениетін жоққа шығарып, әлемдік тарихи даму протесіне зәредей де үлес қоса алмастан артта қалған үлкен территориялық кеңестік деп қарғанынан білеміз.
Қалай десек те, біз тарихи шынайылықтан ары аса алмаймыз. Тарихи нақты фактілер орта ғасырлық шығыс өркениеттерінің адамзаттың дамуға қосқан үлесін айна қатесіз растап та, дәйектеп те көрсете алады осы тұрғыдан келгенде, орта ғасырлық шығыс өркениеттерінің даму проблемалармен қорытындыоарына тарихи терең бір зерттеу жасауымызды біз кезі келген маңызды тақырып деп білеміз.
Тақырыптың тарихнамасы: әлемдік тарихтағы метологиялық мәні маңызды - өркениет тарихының жүз жылдан астам уақытқа созылған тарихнамасы бар. Олай болатыны өркениет теориясының түрлі негіздегі ғалымдардың сан алуан ой - толғандары, тұжырымдары, тарихи анықтамалары мен фактілері кілем тоқылғандай өрнектеліп бүтіндей бір елмен халықтың өткен болмысының өмір тарихынан немесе даму төркінен хабар - мәлімет береді. Өркениет тарихын зерттеушілер оған әртүрлі қырынан келіп, салалы еңбектер жазып қалдырған. Енді өркениет тарихын зерделеуге асқан білгірлікпен жете көңіл бөлген ғалымдарды атап айтқанда, П. Сорокин, А. Тойынби, Н. Данилевский, О. Шпенклер, А. Керебер, А. Швецер, Б. Ц. Ерасов, М. Вебер және т. б. Әрине, біз өркениетті зерттеуші ғалымдарды осылай жіпке иізгендей сабақтай беруімізге болады. Аталған тақырымызға байланысты бір қатар ғалымдардың елеулі еңбектерін атап шықсақ та жеткілікті. Олар: Н. И. Конрад, «Запд и Восток», В. И. Гуляевтің «Загадай погибших цивилизации», Б. Ерасовтың «Культура, религия и цивилизация Востока», Н. Моисеевтің « Типи общественных отношений на востоке в средние века» атты еңбектері және т. б. Бұл еңбектерде орта ғасырлық шығыс өркениеттерінің даму ерекшеліктері мен тарихи тәжірибелері байыпты зерделенген.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Орта ғасырлық ең бір дамыған елдердің мысалында - Қытай, Жапон, Үнді Ислам және Парсы өркениеттернің даму ерекшеліктері мен нәтежелерін зерттеуді жұмыстың негізгі мақсаты етіп алдық. Осыған сәйкес мына төмендегі міндеттер айқындалды.
- Дүние жүзілік өркениет тарихындағы шығыс өркениеттерінің даму ерекшеліктермен қалдырған тарихи сүбелі үлесін жаңа методолгиялық негіздегі көзқарстар арқылы қарастыру:
- Орта ғасырлық Шығыс өркениеттерін сол кезеңдегі Батыс өркениеттерімен салыстыра отырып зерделеу.
- Орта ғасырлық Шығыс елдеріндегі өркениеттің жаңарудың қайталанбас үлдгілерін көрсету:
Тақырыптың мерзімдік шеңбері. Тарихи дәуірдің үлкен VІІІ ғасырдан бөлігімен анықталады, яғни Рим империясының құлдырауынан басталған б. з. V ғасырынан Шығыс реносансының соңы болған ХІ - ХІІ ғасырларға дейінгі аралықты қамтиды. Аталмыш кезең аралығындағы Қытай, Жапон, Үнді Ислам және Парсы өркениеттерінің тұтастай бір тарихы, даму жағдайы.
Тақырыптың методологиялық негізіне бұрын және кейін жазылған өркениет тарихына байланысты орыс және шетелдік ғалымдардың ой - тұжырымдары негізге алынды. Сондай - ақ көбіне шығыс елінен шыққан ғалым зерттеушілердің еңбектеріндегі мәліметтерге сүйеніш қылдық. Жұмысты жазуда тарихи мәселелерді белгілі бір оқиғалармен байланыстыра қарастырылып, біз жинақтау, талдау, қорыту әдістері қолданылды.
І - ТАРАУ. Орта ғасырлардағы Қытай, Жапон және Үндістан халықтарыныңдаму ерекшелері мен тарихта алатын орны.
1. 1 Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті.
Қытайдағы феодалдық қатынастар құл иеленушілік фармацияның ішінде туа бастады. Феодалдық қатынастардың орнауы едәуір уақытқа созылды. Ол құлдардың, ерікті жәре жартылай ерікті шаруалардың шиеленіскен күресінің барысында орнықты.
Жаңа дәуірдің алғашқ кезінде Қытай экономикасының негізін жақсы дамыған ауыл шаруашылғы қалады. Ол елдің көптеген аудандарында жасанды суару жүйесі арқылы жүргізілді. Тыңайтқыштарды қолдану, жерді өңдеу мен өсімдіктерді күтуді жетілдіру өнімді арттырды. Қытайлықтар өте жоғары сортты темір өндірді, ол темірден жасалған саналы еңбек құралы тек ауыл шаруашылығының ғана емес, сондай-ақ қол өнерінің, құрылыс ісінің, кеме жасаудың, сән бұйымдары мен қару-жарақ жасаудың жетіле түсуіне ықпал етті.
Ертеде қытай халқы жібек мата тоқуды ойлап тауып, оның құпиясын көпке дейін сақтады. Қытайда басы бос шаруалар көп болды. Жер мемлекет меншігі болып табылды. Ол әр отбасының жұмысқа жарамды адамының санына қарай үлестірілді. Жер иемденуші шаруалар негізінен азық-түлік салғын (астық, мал, қолөнер, бұйымдары ) төледі. V-VІ ғасырда басыбайлы шаруалары бар бақуатты отбасылары пайда бола бастады. Олар өздерінің кедейленген туыстары мен көршілерін ліріптарлыққа салды. Сонымен қатар будда монастырларының жер иеліктері де болды.
Көшпелі моғол, түрік тайпаларының шабуылдары алғашқы орта ғасырларға қарай Қытайды бірнеше дербес мемлекеттерге бөліп жіберген болатын. Қытайды бірікеіруге алғаш рет Суй династиясы әрекет жасады. Оның негізін қалаушы янцзянь солтүстік Қытайдағы әскер басшысы болатын. 589 жылы ол солтүстік және оңтүстік Қытайды өзіне бағындырды оның мұрагері Ян Гуан кезінде Хуанхе мен Янцзу өз елдерін қосатын, ұзындығы 1000 км Ұлы канал салынып, ирригациялық жөйе кеңеитіле түсті. Оыны қытайдың түкпір-түкпірінен жиналған миллионнан астам қазды.
Суй династиясының билігі ұзақ болмпды. 618 жылы шыққан тегі жағынан жартылай түрік Ли Юань деген Сотүстік Батыс Қытай князі империядағы билікті тартып алып, жаңа Тан әулетінің негізін қалады. Бұл әулеттің билігі 300 жылға дейін 608 жылдан 907 жылға дейін созылды.
Империя астанасы Чань ань (қазіргі Сиань) болды. Оның халқының саны 1 млн. -нан асып түсті. VІІІ ғасырда Қытай халқының саны 75 млн-ға жетті. Бұл әулеттің ең күшті императоры Тайцзун (626-649) . Ол империя территориясын ұлғайтты. Тайцзун (Ли-ши-мин) тұсында чиновниктер 9 түрге бөлінді. Әртүрлі (категориясы) өз атағына сай жер үлесін иемденді. Орталықтандырылған үкімет 6 министрліктен тұрды. Жергілікті жерлерді губернаторлар басқарды. Облыстар округтерге, округтер-уездерге, уездер-болыстарға, болыстар-ауылдарға бөлінді. Ең төменгі бірлестік 5 үйден тұратын аула болды. Оның мүшелері бір-бірі үшін жауапты болды. Азы-түлік, яғни заттай салықтан басқа шаруалар жылына 20-50 күндік ауыр мемлекеттік барщинаны өтеуге тиіс болды. 884 жылы көтеріліс басылды. Хуан Чао қаза тапты.
Шаруалар соғыс кезінде көптеген феодалдар мен чиновниктер қырылды, олардың жерінің бір бөлігі шаруалардың қолына өтті. Уақытша болса да халық бұқарасы өз жағдайын жақсартты. Шаруалар қозғалысы Тан әулетінің билігін әлсіретті, көтеріліс басылғаннан кейін бұл әулеттің билігі бүкіл Қытайды бірдей қамтыды. Солтүстік Қытайда Монғолия билігі мен Манчужуриядан құрылған Қидандар мемлекеті өмір сүрді. Ол мемлекет Ляо деп аталды да, астанасын Яньцзин (Пекин) қаласы етті.
904 жылы Тан империясы жойылды. Тек 960 жылға қарай Қытайдың шаруашылығы қайтадан гүлденіп, Сун династиясының қол астына біріге бастады. Ол әулеттің негізін Солтүстік Қытайды жеңіп, өзіне бағындырып алған талантты әскербасы Чжао-хуаньинь қалады. Жаңа әулеттің астанасы алғаш Биань (қазіргі Кайфун) кейін оңтүстіктегі Ханчжоу қаласы болды.
Сун империясының экономикасы ХІ ғасырда құлдырап кетті. Елді жиі-жиі ашаршылық жайлап, халық қырылып жатты.
Үкімет жаңа шаруалар көтерілісіне қол бермей, қаңырай бастаған мемлекеттік қазынаны азда болса толықтыру үшін реформалар жүргізуге мәжбүр болды. Ол реформаны Сун әулетінің министрі Ван-Ань-Ши (1021-1086) жүргізді. 1069-1074 жылдары Ван-Ань-Ши бірнеше әлеуметтік -экономикалық жаңалықтар енгізді. Алдымен ол жерді қайтадан есепке алды, қызметкерлерді жер иеліктері үшін салық төлеуге міндеттеді (олар біртіндеп жер салығын төлеуді қоя бастаған еді. ) Ван-Ань-Ши сонан кейін шаруаларды мемлекеттік барщинадан босатып, оны ақшалай салықпен алмастырды. өз иеліктеріндегі жерлерінің салығын шаруалар енді жартылай азық-түлікпен жартылай ақшамен төлеуге мәжбүр болды.
Ашаршылыққа жолбермеу үшін Ван-Ань-ши мемлекеттік қамбалар ұйымдастырды. Онда сақталатын егін ашаршылық бола қалғанда халыққа үлестіретін. Өсімқорлықты шектеу масатымен ВАн Ань-ши сауданы толық мемлекет тік банктер ашқызды. Шаруалар слол банктен қарыз алатын болды. Ван-Ань-Ши сауданы толық мемлекет қарамағына бағындыруға сәтсіз әрекет жасады. 1069-1074 жылдарда Ван-ань-Ши бірнеше әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізді: алдымен ол жерді қайтадан есепке алды, қызметкерлерді жер иеліктері үшін салық төлеуге міндеттеді. (олар біртіндеп жер салығын төлеуді қоя бастаған еді) . Ван-ань-Ши сонан кейін шаруаларды мемлекеттік барщинадан босатып, оны ақшалай салықпен алмастырды. Өз иеліктеріндегі жерлерінің салығын шаруалар енді жартыла й азық-түлікпен, жартылай ақшамен өтеуге мәжбүр болды.
Ашаршылыққа жол бермеу үшін Ван Ань-Ши мемлекеттік қамбалар ұйымдастырды. Онда сақталатын егін ашаршылық бола қалғанда халыққа үлестірілетін. Өсімқорлықты шектеу мақсатымен Ван Ань-Ши мемлекеттік банктер ашқызды. Шаруалар сол банктен қарыз алатын болды. Ван Ань Ши сауданы толық мемлекет қарамағына бағындыруға сәтсіз әрекет жасады. Ол сонымен қатар әскерде де үлкен өзгерістер енгізбек болды. Әр үш отбасы бір жаяу әскер, әрбір он отбасы бір атты әскер жасақтап беруге тиісті еді.
Ван Ань-Шидің бұл әрекеті чиновниктер мен феодалдар наразылығын туғызды. 1075 жылы ол қызметінен босатылды. Оның бағдарламалары арамтамақтарды құртып, феодалдық мемлекетті нығайтуға бағытталса да «ел үшін қауіпті» деп саналды.
Бірақ Сун империясы нығайып кетпей, керісінше құлдырай түсті. 1127-1132 жылдары ірі-ірі 93 көтеріліс болды. Ал 1279 жылы империяны Шыңғыс ханның немересі құбылай жаулап алды. Оның әулеті қытайша Юань деп аталды.
VI-XI ғасырлардағы Қытай мәдениеті өз заманының ең озық мәдениеті болды. ХІ ғасырда Қытайда 2 мыңнан астам қала болды. VIІІ ғасырдың басында Қытайда «Астана хвбвршысы» («Столичный вестник») атты газет шықты. Ол ХХ ғасырдың басына дейін өмір сүрді.
, астрономияны, жағрафия мен тарихты жақсы оқып, үйренді. Олар ІХ-Х ғасырларда компас пен оқ-дәріні ойлап тапты. VIІІ ғасырда Қытайда Ханьлин академиясы ашылды. Ортағасырлық Қытай жылнамалары өте көп болды. Тек Сун империясынан (960-1279) 500 томдық жылнама қалды. Қытайда 100 мыңдаған қолжазбалары бар көптеген үлкен кітапханалар болған. Орасан зор елді басқару үшін үкіметке сауатты адамдар керек болды. Ірі қалаларда мектептер болды. Чиновник болып шығу үшін қиын емтихандар тапсыратын.
Егіншілік, металл қорыту, фарфор жасау, тағы басқа да кәсіптер жөнінен оқулықтар шығарылды. Қытай дәрігерлері көптеген өсімдіктерден дәрі жасау тәсілін білді. Олар қиын операциялар жасады. Қытай медицинасының ірі табысы - шешек ауруына қарсы егу болды. Қтайлықтар өз елінің тарихын мұқият зерттеді. Бұл туралы Қытай мәтелінде: «Өткенді ұмытпа, ол болашақтың ұстазы» делінді.
VIІІ-ІХ ғасырларда Қытай поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. Оның көрнекті өкілдері: Ян Бо (702-762), Ду Фу (712-770), Бо Цзюй-и (772-846) болды.
Императорлар мен ірі феодалдардың заказдары бойынша зәулім сарайлар мен пагодалар салынды. Пагода деген көп қабатты мұнара түрінде ағаштан, тастан, қоладан және темірден храмдар салды. Көптеген үйлер түрлі әшекейлі оюлармен өрнектелді. Төбесінің жиегі жоғары иілгендігі жалпақ корниздері оны жеп-жеңіл, көкке қарай қанатын қамдағандай етіп көрсетеді.
Суретшілер арнаулы мектептерде білім алды. Астанада сурет академиясы ашылды. Бейнелеушілер картиналарды ұзын жібекке немесе бүктемелі қағазға бояумен немесе тушьпен бояды. Қытайлықтар пейзажды «тау және су» деп атады. Бұлар табиғатты аңыз дүниесі, қуаныш пен жарқындық дүниесі деп көрсетеді. Суретшілер кейінірек суретті тек қана тушьпен салатын болды. Онда немістер, үлбіреген гүл мен жапырақтар, ааң мен құстар бейнеленді: мұндай суреттерді «гүл мен құстар» суреті деп атады. Астанада таңдаулы суретшілер картиналарының көрмелері ұйымдастырылды.
Орта ғасырларда Қытай халқы ғылымда, техника мен өнерде үлкен табыстарға жетті.
Қытай өзендер мен көлдерге бай ішкі аймақтары мен батысында өзендер аз сулы болса, шығыс, оңтүстік пен солтүстік аймақтардың өзендері керісінше мол сулы болып келеді. Хуанхэ, Янцзы, Синцзян Қытайдың ең үлкен өзендері болып табылады.
1. Шан династиясы.
Қытай ұрпақтан ұрпаққа өтетін билікке ие әулеттердің (династиялар) тарапынан басқарылған. Анық мәліметтер бойынша ежелгі Қытайдың билеуші әулеті Шан (Инь) әулеті болып табылады. Б. з. д. бұрынғы ХІІІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген бұл әулетке қараты территорияда түрлі тайпалар мен мәдениеттер болған. Батысы Шансимен, оңтүстігі Янцзымен, солтүстігі Хэбэйдің оңтүстігімен шекаралас жатқан жерлерге ие Шан әулеті бірнеше мәрте астанасын өзгертуге мәжбүр болып, б. з. д. 1050 жылы немесе жылы батыста орналасқан феодалдық патшалық Чжоу тайпасы тарапынан құрады.
Шан әулетінде көне билеушілердің рухтары мен табиғат күштеріне табыну сенімі болған. Егін шаруашылығының мұқтаждықтары мен жұмыстарына қолайлы түрде түжілген күнтізбе қолданылған. Шан өркениетінің жазуы, таңбалар мен буын формасындағы әріптерге негізделген еді. Қола өндірудің шебері болған шандықтар соғыс пен егіншілікте жетілдірілген құрал-саймандар қолданған. Тары, күріш пен бидай егуді игерген болатын. Шандықтардың елінде көптеген салаларды қамтыған күшті сауда-саттық байланысы болған. Тоқыма өнері де дамыған еді.
2. Чжоу династиясы.
Чжоулықтар этникалық құрамы және діни сенімі жағынан Шандықтардан басқа бір қайым болған. Құрбандыққа адам шалу дәстүрін жойған чжоулықтардың түрік тектес болғандарын айтушылар да бар. Алайда, екі династия да билеуші ақсүйектердің иерархиялық күшіне сүйенген және мемлекеттің ең үлкен қаржылық қайнар көзі салық болды.
Чжоулықтардың тұсында кәсіпқой жауынгерлер мен жалдамалы әскерлерден тұратын армия құрылды. Далалық аймақтарда атты әскер құрамалары жасақталды. Әскерлік қызмет жалпыға бірдей міндетті болып табылды. Егіншілкке маңыз беріліп, суғару жерлері құрылды. Аймақтар мен қалалар арасындағы сауда-саттық жетілдірілді. Шаруалар жер мен мүлік иесі болып, феодалдарға тәуелді болудан құтылды.
Чжоу династияның билігін мойындаған көне қауымдардың бірі болып табылатын Цинь әулеті б. з. д. VIІ ғасырдың орталарында Қытайдың батысындағы ең қуатты мемлекетті басқарып тұрды. Шығыс бағытта ілгерілеу болмағандықтан батыстағы қытай емес халықтарды бағындырған Цинь мемлекеті басқа мемлекеттерде орын алған азамат соғыстарына қатыспады. Өзіне тән бір әкімшілік жүйе құруға, әлеуметтік және экономикалық салаларды жандандыруға қол жеткізді. Саясатта бәсекелес және қарсылас мемлекеттерді әлсіретіп, жеке-жеке жойып жіберу (жұтып жіберу) стратегиясын қолданған Цинь мемлекеті солтүстікте де үлкен территориясы болған Чжоу мемлекетін құлатып, б. з. д. 221 жылы бүкіл елді біріктірген Цинь мемлекетін құрды. Цинь мемлекетінің патшасы Ши Хуанди (Циньнің бірінші императоры) деген атақпен «император» атағын алды.
Феодалдық құрылысты жойған бұл империя бүкіл елді қамтыған билік жүйесін құрды. Үлкен жол торабын құрып, Бохай шығанағынан Тибетке дейін созылған Қытай қорғанын соқтырды. Қытайға атын берген Цинь (Сһіn) династиясының шекарасы кейін ішкі немесе негізгі Қытай деп есептелген территорияларды қамтитын шекараларға жетті. Көптеген адамдар мен дүние-мүлік шығынына себеп болған кең ауқымды жазалау әрекетін жүргізген соң қайтыс болған Ши Хуандидің артынан (б. з. д. 209) қарқынды бөліну үрдісі болып, Янцзы аймағындағы толқулардан кейін империя құлады. (б. з. д. 206) оның орнына Хань династиясы келді.
3. Хань династиясы.
Хань династиясы Қытайдың ең үлкен династияларының бірі. Қытайдың алғашқы ұзақ өмірі империясын басқарған Хань династиясы Лю Банның «Гао Цзу» деген император атағын алуының тұсында құрылды. Кейінірек Батыс Хань династиясы мен Шығыс Хань династиясы болып екіге бөлінген Хань династиясы өте көп ішкі қырқыстар, сарай ойындары мен үстемдік үшін күрестерге сахна болды. Осы себептен көптеген императорлар мен императрицалар билік жүргізіп, таққа шығып, тақтан түсіп жатты.
Императордың ауызша және жазбаша бұйрықтары басқарушы органның заңдары сияқты еді. Қытай империясының қытай емес халықпен және көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары да император тарапынан белгіленіп отырды. Хань династиясының басқаруындағы Қытайдың Рим және Жапония мемлекеттерімен, далалық көшпелі тайпалармен саяси, әскери және сауда-саттық байланыстары болды.
Хань билігіндегі Қытайда маңызды рухани жетістіктерде болды. Б. з. 105 жылы тұңғыш рет қағаз ойлап табылды. Б. з. 100 жылы тұңғыш қытай тілінің сөздігі жиналды. Конфуцийге қатысты афоризмдер мен бүкіл классиктер табылып, зерттелді. Осылацша Қытайдың алғашқы библиографиясы жасалды. Әсіресе императорды және оның жетістіктерін халыққа тарату жұмыстары тарихтың жазылуына үлкен үлес қосты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz