Шыңғыс хан әулеті
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих факультеті
Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Шыңғыс хан – тарихи тұлға
Орындаған: Жақиянова Арай
И-131 топ
Ғылыми жетекші: аға оқытушы
Жампеисова Л.М.
Семей 2008 ж.
Жоспары
Кіріспе
І. Шыңғыс хан - өз заманының туындысы
1.1 Шыңғыс ханның шыққан тегі, өскен ортасы және билікке келгенге дейінгі
өмір жолы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3-4
1.2 Шыңғыс хан әулеті

... ... ... .. 5-6
1.3 Ұлы ханның ілімі мен өсиеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
ІІ. Шыңғыс хан жөніндегі шындық
2.1 Шыңғыс – асқан әскери стратег, сыналған қолбасшы
... ... ... ... ... ... ... ... . 8-9
2.2 Қазақ заңдары және Шыңғыс ханның ұлы жасағы
... ... ... ... ... ... ... ... 10-11
2.3 Шыңғысханның тарихи орны жайлы әр түрлі көзқарастар
... ... ... ... ... . 12-14
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Өзектілігі: Шыңғыс хан – замана сауалына өз заманының әдіс, амалымен жауап
берген қайраткер. Бүгін оны өсіріп те, өшіріп те айту мүмкін емес.
Тарихилығы: Шыңғыс хан - әлем тарихында аса сомдалған тұлға. Оның өмірбаяны
аңыз емес, ақиқат. Шыңғыс ханды зерттеуде Шигеро Озова, В. Бартольд, В. Ян
т.б. 40-тан аса әйгілі ғалымдар тұр. Шыңғыс ханның тарихтан алар орны, ол
құрған мемлекеттің жағрафиясы, сыр-сипаты, қалдырған ізі төңірегінен қайта
сыр шертуге мүмкіндік бары рас.
Мақсаты: Шыңғыс хан тарихтың аса ауыр кезеңінің туындысы ретінде оның ағы
мен қарасы аралас атқарған бүкіл іс әрекетін өмір сүрген заманымен
салыстыра отырып, жан-жақты ашу.
Міндеттері: 1) Шыңғыс ханның шыққан тегін, өскен ортасын және билікке
келгенге дейінгі өмір жолын саралау; 2) Шыңғыс хан әулеті мен оның
ұрпақтары туралы мәліметтер беру; 3) Шыңғыс ханның ілімі мен өсиеттерін
талдау және қазіргі тұрғысынан баға беру; 4) Шыңғыс ханның әскери стратег,
сыналған қолбасшы ретінде шеберлігін көрсету; 5) Шыңғыс ханның ұлы заңының
маңыздылығын ашу; 6) Шыңғыс ханның тарихи орны жайлы әртүрлі көзқарастар
негізінде тарихи объективті бағасын беру.
Дерек көздері: Әлем әміршісінің өмірбаяны төңірегінде қалам тартқандардың
қатарында Чихихутаг, Цю Чи Жи (Чан Чун Бумба), А. Жувейни, Рашид-ад-дин,
Саган Сэуэн, Марко Поло, Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, Бичурин қатарлы
аса әйгілі ғалымдар тұр. Аталғандардың ішінен Чихихутаг, Цю Чи Жи, Марко
Поло еңбектері тіптен Шыңғыс өмірбаянының суымаған ізімен жазылды.
Тарихнамасы: В. Ян Шыңғыс хан кітабында Шыңғыс ханның Хорезмге жасаған
жорықтарын жазды. Марко Поло Монғолдың құпия тарихы деген жазылымында
Шыңғысхан, оның әулеті туралы жырланады. Майкл Х. Харт Шыңғыс хан деген
мақаласында Шыңғыс ханның өмірлік жолына тоқталып өтті.
Шыңғыс хан жөнінде 1929 жылы Белград университетінің профессоры Э.
Хара-Даван Шыңғысхан қолбасшы және оның мұралары деген тарихи кітап
жазды. 1929 жылы Эренжен Хара – Даван Қолбасшы Шыңғысхан және оның мұрасы
деген еңбегін жазды.
Қазіргі кездегі зерттеулер: Тарих ғылымының докторы Зардыхан Қинаятұлы
Шыңғыс хаған кім? деген мақаласында ұлы тұлғаның өмір жолының кейбір
тұстарына қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ Қазақ заңдары және Шыңғыс
ханның Ұлы жасағы деген мақаласында Шыңғыс ханның жүргізген мемлекет
реформасына тоқталды. Жұмахан Қожамқұл Жалайыр Шығыстың көкжалы – Шыңғыс
хан деген мақаласында Шыңғыс ханның қазаққа орны толмас қасірет-қайғысы
туралы жазады.

Бұған дейінгі әдебиетте де, тарихта да біз Шыңғыс ханды жауыз,
қанішер, басқыншы ретінде оқып, солай танып келдік. Оны бізге осылай
танытқан неміс не ағылшын ғалымы емес, орыстың әдебиеті мен тарихы. Бірақ
қазір заман өзгеріп, заң өзгеріп, талай тарихи мұралар мен фактілерге басқа
көзқараспен, шындық, ақиқат тұрғысынан қарап жатырмыз. Осындай тұста аса
ірі тарихи тұлға Шыңғысхан да қайтадан қарауды қажет етеді [9].
Шыңғысхан әлем тарихында аса сомдалған тұлға. Оның өмір баяны аңыз
емес, ақиқат. Әлем әміршісінің өмір баяны төңірегінде қалам тартқандардың
қатарында Чихихутаг, Цю Чи Жи (Чан Чун Бумба), А. Жувейни, Рашид-ад-дин
(Фазаллах), К.Д. Оссон, Әбілғазы, Жан Жэн Фэй, Иуй Юован Ан, То Жи,
Лувсанданзан, Саган Сэуэн, Марко Поло, Плано Карпини, Вильгельм Рубрук,
Бичурин, Палладий Кафаров, Г. Шмидт, В. Владимирцов, В. Бартольд, Ц.
Дамдинсурен, П. Рачневский, Шигеро Озова, Ж. Неру, Б. Сайшаал, Ш. Нацагдорж
қатарлы 40-тан аса әйгілі ғалымдар тұр. Аталғандардың ішінен Чихихутаг, А.
Жувейни, Цю Чи Жи, Марко Поло еңбектері тіптен Шыңғыс өмірбаянының суымаған
ізімен жазылды.
Әрине, Шыңғысханның тарихтан алар орыны, ол құрған мемлекеттің
жағрафиясы, сыр-сипаты, қалдырған ізі төңірегінен қайта сыр шертуге
мүмкіндік бары рас. Ал әмір Шыңғыстың ата тегі, өмір баянын қайта жасау
мүмкін емес. Ол моңғол үшін туып, моңғол үшін күресіп, ат төбеліндей
моңғолдарды жоқтан бар етіп, моңғолым деп өлген, табиғаты да, қаны да
моңғол адам.
Бүгін оны анау екен, мынау екен деп, бауырына тартушылардың өз
осалдығын (тіптен тексіздігін) көрсетіп қалатыны болмаса, Шыңғысхан тануға
ешбір жаңалық әкелмейді [8].
ШЫҢҒЫСХАН (өз аты - Тэмуджин, Темучин) (1155 жылы Онон өзені
бойындағы Делиун-Болдак шатқалы, - 25.8.1227, Сися мемлекетінің жері) –
монғол ханы, тарихтағы тұңғыш бір тұтас моңғол империясын құрушы, өз
заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей
батырдың семьясында туған. Өзінің әскери таланты арқасында және
дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204 жылдары
өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын (Меркіт тайпасының көсемі
Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян (Даян) ханға дейін)
талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін
көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері
және феодалдық тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған
бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала
ақсүйектері құрылтайының (съезінің) шешімімен 1206 жылы барлық тайпалардың
ұлы ханы болып жарияланды да Шыңғысхан (түрікше теңіз, мұхит деген
сөзден шыққан) лауазымын алды [1].
Тарихшылардың бәрі Шыңғыстың жетім екендігін жазады. Әкесі Есукей
қаза тапқан соң шешесі Өлең қоңыраттың белгілі биі Меңлекеге тұрмысқа
шыққан. Өлең ол биден он ұл тапқан. Өгей әкесінің балалары оған күн
көрсетпеген. Үйінен қашып жалайырлар ішіне келуінің бір себебі осы. Көп
тарихшылар жетім екенін, үйінен қашып кеткенін сөз етуден әріге бармаған.
Әкесі Есукей қоңырат қызы Өлеңге үйленгенін жоғарыда айттық. Өзі де
қоңырат руының қызы Бөртеге үйленді. Бөртеден Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле
туған. Демек, қазіргі тарихшылар айтып жүргендей, Шыңғысханды таза Моңғол
деу шындыққа келіңкіремейді.
Ертеде де бір рудың, тайпаның ел таңбасы болды. Жалайырдың да,
Шыңғысхан ұрпақтары да тамғасы тарақ. Ол кезде халықтар қазақ, моңғол деп
бөлінбеген кез. Ру-руымен, тайпа-тайпасымен көшіп-қонып жүре берген ғой.
Бұл – бірінші дәлел. Екіншісі – Шыңғыстың хан сайланған жерінің Наймантау
екендігі. Сол таудың етегінде Шыңғыстың ордасы болған. Шәкәрім
Құдайбердіұлының қойылған Шыңғыстауға соның аты. Өзенін осы қаһан кеткен
қыстап, - дегені осыны айтқанын аңғартып тұрғандай. Абай да осылай дейді.
Шыңғыс ордасы Наймантау етегінде болғандықтан ол таудың аты Шыңғыстау
атанып кеткен. Ал Шыңғысты ақ киізге отырғызып биік тап басына апарып заң
сайлаған жер Хан тауы атанған. Мұны Абайдың Біраз сөз қазақтың түбі
қайдан шыққан туралы деген мақаласын оқысаңыз айқын аңғарасыз. Үшінші
дәлел – Шыңғысхан ордасында қызмет еткендердің қазақтар екендігі. Атап
айтқанда, бас уәзірі атақ-даңқы алашқа әйгілі би Тұранбай баласы Ұран,
еркін уәзірі арғын, қуандық Тоқы би, Жалайыр Қорым баласы Мұқәлі ел
билеуші әмірі болды. Демек, жіліктің майлы басын қазақтарға ұстатқан.
Мұқәлі бейбіт кезде ел билеуші, соғыс кезінде әскер басы міндетін атқарған
[10].
1.2 Шыңғыс хан әулеті
Моңғолдар көне көшпелілердің бірі деп айтылады. Моңғол (хамаг моңғол)
әулетінің игі жақсылары бас қосып, Тэмужинді Чингиз хан деп лауазымдап,
Хамаг моңғолға хан көтерді. Көне түркі және моңғол ұғымында Чингиз хан
дегені аймақтың немесе көл-көлшіктің билеушісі, немесе ханы емес,
баршаның билеушісі. Көптің ханы – теңгіс хан деген мағына берсе керек.
Шыңғысханның таңба-мөріндегі Көкте тәңір, жер бетінде хаған бар. Әлем
иесінің таңба мөрі деп жазылуының түбірі, міне, осында жатса керек.
Шыңғысхан моңғол әулетінің бұл сенімін ақтады. Айналасына кім
білімді, кім адал, кімдер өткір, қырағы соларды топтастыра білді. Мысал
келтіріп көрелік. Шыңғысханның төрт дарабозы: Боорчы, Мухулай, Борохул, Зэв
(Жебе) төртеуі төрт тайпадан. Олардың екеуі тіптен түркі тектестерден. Ал
ханның тоғыз бас уәзірінің (9 өрлег): Мухулай, Чу Мэргэн, Боорчы, Сорхан
шар, Зэлмээ, Зэв, Хар Хяруу, Борохул, Чихихутагты алып көрсек, бірі
жалайыр, бірі шүршіт, бірі урианхат, бірі ойрат, бірі татар, бірі жүрхан,
тіптен боржығаннан бірде-бірі жоқ [6].
Керейттің бұрынғы астанасы Қара қорымды Моңғол елінің астанасы етіп
орында тұр. Өйткені, әзірге Шыңғысхан, оның ұрпағынан өзге әлемнің тең
жартысын жаулап алған ешкім жоқ.
Аталған елдерді жаулап алған аймағы аса кең: ол жапон немесе Сары
теңізден Каспий, Кавказға дейін, Байкөл ханғай жотасынан Ордосқа (Ся),
Түркістан құмайтына дейінгі кеңістікті қамтиды. Ұлы хаған көз жұмар алдында
ұлдарына айтқан өсиетінде келтіргеніндей бұл бір шетінен бір шетіне дейін
салт атпен Бір жыл жүріп әзер жететін жол екен. Немерелері бұл
жағрафияның батысын Адриатикаға, шығысын Ляодун түбегіне дейін жеткізіп,
Моңғол империясын құрды. Империя 150-ге жуық жыл (1223-1368) өмір сұріп,
тарихта айшықты із қалдырды. Осынау әскери стратегиялық жойқын жорықтың бас
стратегі, ой тастаушысы, қолбасшысы – ұлы хағанның өзі еді [4].
Шыңғысханның үрім-бұтағы, Моңғол империясының құрамында болған Орта
Азия мен Шығыс Түркістан, Алтын Орда, Юань Қытайы т.б. мемлекеттердегі
моңғолдың феодалдық билеушілері. Моңғол империясы күйрегеннен кейін бұл
мемлекеттер дербес өмір сүрді. Шыңғысхан әулеті Алтын ұрпақ (Алтын
ұруғ) деп аталып, моңғол феодалдары ақсүйектерінің ішінде ерекше құрметке
бөленді, мұрагерлік жолмен хан тағына отыруға және елдегі билікке араласуға
праволы болды. Моңғол империясы Шыңғысханның балалары басқарған 4 ұлыс-
иеліктен құралды. (қ. Қазақстан жеріндегі Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары).
Шыңғысханның төртінші баласы Төлеге 1227 жылы әкесінің қара шаңырағы –
моңғол жері иелікке тиді. Бірақ Шыңғысхан өлгеннен кейін оның орнына
отырған Үгедейдің ұрпақтары ұлы тақты өздеріне сақтап қалу үшін Төленің
тұқымымен кескілескен ұрыстар жүргізді. Шыңғысхан әулеті тұқымдары
ұлыстарының шекаралары олардың өзара қырқысулары барысында үздіксіз өзгеріп
отырды.
Шыңғысхан әулетінің арасындағы қақтығыстар оның тақтан дәселі
мұрагерлерімен қоса (баласы немесе немересі) ханның нағашы жұрты мен
ағайындары арасында да болды. Мұның өзі іс жүзінде олардың арасында ала
ауыздық туғызып, бара-бара жекелеген феодалдық топтардың қарулы қақтығысына
әкеліп соқты. Қару-жарақтың күшімен құрылған бұл империя жаулап алынған
елдер арасында терең тамырлы тарихи және экономикалық байланыстары
болмағандықтан ыдырап, оқшау бірлестіктер болып қала берді [7].
1.3 Ұлы ханның ілімі мен өсиеті
Иә, Чан Чун Бумба айтқандай, қаһарлы хағанды да мәңгілікке жазбапты.
Тангуд (Ся) жорығында 1225 жылы күзде Арбухада аң қуып жүріп, бөрте сұрдан
жығылып, мертіккен ханның денсаулығына ахау түседі.
1226 жылы көктемде түсінен шошынған хаған ұлдарын, жақын жекжаттарын
шақырып, елі жайлы арманын айтады. Бұл кезде Жошы қайтыс болған, Чагатай
батыста, Өгедәй шығыс қытай жорығында, Тулуй қасында екен. Бас-басыңа
хаған болуға ұмтыла көрмеңдер! Өгедәй хаған болсын деп айтқаным айтқан,
осыны ұмытпаңдар деп Тулуйдың келісім хатын алады. (А. Жувейни). Мен көз
жұмып кетсем көпке жария қылмаңдар, елдің бірлігіне жік түсуі мүмкін.
Еліңнің шаңырағы шайқалмай ұзақ жасайтын жолын қарастырыңдар. Менің тұрағым
Бурхан халдун екенін ұмытпаңдар дейді [8].
Бірақ бұл халықтың Бөрте Чино, Қоа Маралдан арғы тарихи тым күңгірт.
Көне моңғол жазбаларында айтылуы бойынша Бөрте Чино 767 жылы, Боржығын
атасы Боданчар 970 жылдары туылған адам. Қашанда игі жақсылардың ата тегіне
жармасу, жалбарынушылық қалған ба? Бөрте Чино әулетін шығыс мұсылман
тарихшылары Ди Огустың Қият тегінен таратса, қытайлар Ди-Шивэй тегінен, ал
тіптен буддаға жақындар оны Усан сандалт хан әулетінен ежіктеп таратады.
Тарих ұлы адамдарды аңызға айналдырып жіберетін мирас бар. Мухамед, Ғайса,
Ескендір, Темір, Туман, Атилла, қай-қайсын алып қараңыз, барлығы да
тәңірім өз жарлығымен әдейі жіберген елшісі, қатардағы біздер сияқты қара
топтан емес, күн нұрынан жаратылған, ару текті болып көрсетіледі.
Моңғолдың құпия тарихы, Алтын товч жазылымында Шыңғысхан, оның әулеті
осылайша жырланады.
Бүгінгі бізге белгілі болғаны Шыңғысхан Бөрте Чиноның 23, ал оны
нағыз моңғол - боржығын атандырған Боданчардың 13-ұрпағы. Әкесі Есукей
батыр Хабул ханның немересі, Бардан батырдың ұлы. ХІ-ХІІ ғасыр тоғысында
моңғол үстіртін мекен еткен көшпенді тайпалар қиян кешті тағдырды басынан
өткеріп жатты. Моңғол әулетінің тағдыры тіптен ауыр еді.
Моңғолдың ұлт тағдыры пышақ жүзінде тұрған осынау сұрапыл заманында
1155 жылы Онон өзені бойындағы Дәлгуун Болдог қыр көдесінде келешек дүниені
дүр сілкіндерген көкжал Шыңғыс немесе бала Тэмужин өмірге келді.
Күн-түн демей сабылып,
Қылыш-балта шабылып,
Бел шешуге мұрша жоқ,
Біріне бірі шабынып, - тұрған қилы заманы атадан жетелі туған
қырағы, қыран Шыңғысты тез ер жеткізді. Өз қатарынан озып туған ол он
жасынан-ақ ел тағдырына араласып кетті. Тэмужиннің бала жасындағы ең үлкен
ақылшысы бұрынғы Қоңыраттың олхунуд тайпасының қызы Өлэн (анасы) болды.

Ол Түркі және Тунгус мемлекеттерінің әскери билік жүйесінің келелі
және келеңсіз үрдістерін жете зерттей отырып, ХІІ-ХІІІ ғасырдағы моңғолдық
болмыс, мүмкіндігіне сай, өз заманынан озық моңғолдық темірдей атты
әскерін құрды.
Халқын мыңдық, жүздік жүйесіне икемдеді. Әрбір ер азамат әскери
борышын өтеуге міндетті болды. Хаған әскери бас қолбасшы. Мыңдықты сыналған
мыңбасылары, жүздікті белгілі адамдар басқарады. Мыңбасы ханға, жүз басы
мыңбасыларына бағынышты. Орда гвардиясы: Хэвтүүл, Торгуттарды тікелей хан
өзі басқарды.
Сайлауыттардан құралатын шекара әскери тобын құрды, әскери
жортуылдың алдымен барлаушы тобы аттанады. Барлаушы топтың міндеті жаудың
ұясын (тыл) бұзу, іріткі салу, қамсыздандыру болды.
Қарамағындағы халық түбірімен қарулы күштерге даяншылық етуге
міндетті. Бір сөзбен айтқанда, дүйім халық әскери тылға айналды.
Әскерилердің ішкі ережесін бекітіп берді. Әрбір жауынгер жеті түрлі ер
қаруын асынады. 3-5 жетек аты болады, алғаш бір айлық азықпен аттанады.
Одан ары жетек биенің сүтін ішіп бір ай, мінген атының жылы қанын сорып 14
күн, осылай үш айға жуық уақыт қамсыз жортатын мүмкіндігі болды.
1995 жылы Америка Біріккен (Құрама сөзі идеологиялық ұғым)
Штаттарында басылып шыққан Мыңжылдық жүз саңлағының тізімінде Шыңғысхан
бірінші. 1204 жылғы Найманға қарсы жорықтың да басында бас тартып, әскерін
құрылымдық, стратегиялық, тактикалық үлкен өзгерістен кейін ғана аттанып,
үлкен жеңіске жеткені белгілі.
1201 жылы әйгілі Хүйтэн шайқасында ауыз омыртқасынан жараланып жаны
әзер қалады. Жамуха жағы жеңіліп, оған жақтас болған топ Шыңғысханға келіп
қосылады. Шыңғысхан өзіне бас ұрып келген топқа қарап:
- Менің сары құла атымды ауыз омыртқасынан атып жаралаған (ат деп өзін
меңзеп тұр Қ.З.) қайсысың дегенде, Бэсүұд тайпасының сұр мергені Зэв (Жебе)
алға шығып:
- Тақсыр алсаңыз бас міне, сәйгүлікті нысанаға алған мен едім дегенде,
Шыңғысхан: нағыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz