Моңғол мемлекеті және оның құрылу тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3б

І. Моңғол мемлекеті және оның құрылу тарихы.

1. Моңғол мемлекетінің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8б
2. Әлемді жаулап алушы – Шыңғысханның
өмірбаяны ... ... ... ... ... ... 9б .
3. Шыңғысхан жорықтарының
басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11б.

ІІ. Шыңғысханның дүниежүзін жаулап алу саясаты және моңғол – татар
шапқыншылығының тарихта алатын орны.

1. Шыңғысхан империясының әскери құрылымы мен Жасақ заңдар
жинағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 13б.
2. Шыңғысханның Орта Азияға жасаған жорықтары. Отырар апаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15б
3. Моңғол – татар шапқыншылығының зардаптары мен маңызы ... ... 21б

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .23б

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.25б

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .27б.

Кіріспе.
Өзектілігі.
Кім білмес кешегі өткен Шыңғысханды,
Жартысын дүниенің түгел алды.
Талайын Еуропаның бас игізіп,
Қорқытып Қытайға да алым салды, -
деп ұлы ғұлама Шәкәрім жырлағандай, кең байтақ жердің жартысына өмірін
жүргізген әлемге әйгілі дара тұлға, өткен мыңжылдықтың үздік адамы атағына
ие болған хандардың ханы Шыңғысханның тарих сахнасында алатын орны ерекше.
Шыңғысхан өзінің жорықтарымен бүкіл әлем тариханың мәдениетіне, даму
үрдісіне әсер етті. Соның ішінде, Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі
халықтардың өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ол өзінің жаулап алу
жорықтары арқылы Қазақстан жеріндегі тайпалардың құрамын өзгертті. Жаулап
алған жерлердегі бұрынғы қалыптасқан мемлекеттердің орнына жаңа
мемлекеттер, ұлыстар пайда болды. Бытыраңқы қазақ тайпаларын біртұтас
мемлекетке шоғырландырып, қазақтың халық болып қалыптасуына алғы шарттар
жасады. Шыңғысханның ұрпақтары осы мемлекет үшін ат салысып, халықтың
тәуелсіздігі үшін күрескен болатын.
Көптеген жүзжылдықтар бойы Шыңғысханның ұлы да қанды бейнесі, оның
өмірі мен кезеңіне бүкіл әлемдегі көп адамдарназарын аударған. Моңғол
тайпасы қият – боржығындардың жетекшісі Темүжін, Есугей – баходырдың ұлы,
талапты да батыл қолбасшы Керей тайпаларының күшті одағының басшысымен
қарым – қатынасқа қол жеткізді және уақыт өте келе бірде дипломатиялық
жолмен, бірте әскери күштің көмегімен барлық тайпаларды, керейлермен қоса
өз қол астына алуға қол жеткізді. 1206ж моңғол шонжарларының құрылтайында
Темүжін, ұлы хан – Шыңғысхан болып жарияланды. Жаңа моңғол мемлекеті, айқын
көрінген шонжарлық сипатқа ие болды. Ол орталықтандырылған әскери -
әкімшілік күйге негізделген болатын. Олардың ең кішісі, жорықтар мен
тұтқындауларға он әскер шығаруға міндетті, көшпенділер отбасының тобы
болған ең ірісі – ханға 10.000 әскер жинақтау мүмкіншілігін беретін иелік
болатын.
Шыңғысханға әлемнің түрлі тілдеріндегі көлемді әдебиеттер арналғаны
бәрімізге белгілі. Біреулер Шыңғысханды ұлы жаулап алушы және мықты тұлға
деп, бұл қолбасшының жаулап алуларын таңданарлықтай бейнелейді. Келесі
біреулері Шыңғысханның жеке басының жетістіктерін, әскери және
ұйымдастырушылық қабілетін мадақтады. Бір жағынан, кейбір авторлар
Шыңғысханның қызметін даттады және оны жабайы аң ретінде суреттеді. Алайда,
көптеген авторлардың ойынша Шыңғысханның қызметін, болып жатқан тарихи
аясын есепке ала отырып бағалап, қарастырған жөн.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бұрын ғылымда қалыптасқан көзқарастар мен
қазіргі тарихтағы осы мәселе жөніндегі зерттеулерді салыстыра отырып,
моңғол мемлекетінің тарихы мен қоғамдық құрылысын, саяси, әлеуметтік,
экономикалық жағдайына дұрыс баға беру.
Осы тұрғыдан алғанда өз алдыма төмендегідей міндеттерді қойдым:
- Моңғол мемлекетінің құрылу тарихына тоқталу
- Шыңғысханның шығу тегін зерттеу
- Шыңғысханның өрлеу дәуіріне әлеуметтік баға беру
- Қытайды жаулап алуы туралы мәліметтер қарастыру
- Орта Азияны жаулап алуына себеп болуын анықтау
- Шыңғысхан империясының әскери құрылымы мен Жасақ заңдар жинағына
тоқталу
- Моңғол – татар шапқыншылығының зардаптары мен Қазақстан,Орта Азияға
тигізген ықпалын, тарихтағы алатын орнын зерттеу.
Курс жұмысының тарихнамасы: Аталған тақырыптың зерттелу деңгейіне
келетін болсақ, біз ең алдымен бұл мәселе жайында көптеген деректерге
сүйенеміз. Олардың ішінде парсы тарихшысы Рашид – ад – Диннің Жылнамалар
жинағы атты кітабы. Бұл еңбек ХІV ғ басында Гозам хан тұсында жазылып,
Шығыс ғалымдарының еңбектерінің арасында алдыңғы орындардың бірін алады.
Себебі, Рашид – ад – Дин сол кездегі басқа да моңғол деректерімен қатар,
алдыңғы деректердің бірі болып табылатын Алтын Дебтер атты еңбектерге
сүйенген. Сондай – ақ, ол өзі осы болып жатқан оқиғалардың куәсі болған.
Сонымен бірге, Ибн - әл – Насырдың хроникасын, Джузджанидің
Насыр кестесін, Джувейнидің еңбектерін атап көрсетуге болады. Оның
шығармасы Тарих – и – джаханчушай - ортағасырлық еңбектердің ең бір
құндысы болып табылады. Бұл кітапта Қазақстан жерінің, оның ішінде,
оңтүстік өңірлердің моңғолдар қалай жаулап алғандағы туралы баяндалған.
Джувейнидің еңбегін жоғарыда атап өткен парсы тарихшысы Рашид – ад – Дин
мен тағы басқалары пайдаланған болатын. Еңбек көптеген тілдерге аударылып,
1975ж орыс тілінде дежарық көрген.
Келесі еңбек Моңғолдардың құпия шежіресі - әйгілі әлемдік мұра,
ғажайып жылнама. Шығармада ұлы Шыңғысхан мен ол ғұмыр кешкен жаугершілік
заман туралы аңыздар ғана емес, тарихи тамаша ақиқаттар да жеткілікті. Біз
оны оқи отырып, ХІІІ ғ моңғол тайпаларымен қоныстанған, бірге көшіп,
бауырласып, доспен төс түйістірп, жайға қарсы бірге қылыштасқан керей,
найман, қоңырат, меркіт, татар және таға басқа ру – тайпалардың тыныс –
тіршлігінен таныс боламыз.
Осы құнды еңбек қазақша алғаш аударылып, Моңғолияда жарық көрген.
Оны ана тілімізге аударған – жазушы Мағауия Сұлтанияұлы еді.
Зерттеліп отырған мәселеміз туралы құнды деректерді, оның ішінде
моңғолдардың ежелгі тарихы туралы мәліметтерді қытай деректері де береді.
Солардың бірі – Юаньши (Юань династиясының тарихы ) 1370жылы жазылған.
Бұл кітапта моңғол мемлекетінің және моңғол феодлдарының Қытайдағы
жүргізген саясаты туралы әртүрлі мәліметтер келтірлген.
Моңғол тарихы туралы еңбектер Еуропада шығысқа деген
қызығушылыққа байланысты кейінгі уақыттарда пайда болған. Ескі Еуропа
деректерінен саяхатшы – миссионерлердің мысалы, Марко Полоның, Плано
Картинидің шығармаларын атай аламыз.
Плано Картини негізінен сол кезеңдегі ауыр өмір тауқыметі жайлы
және қолөнерші – құлдардың, тұтқындардың жұмысы туралы жазған. Татарлар
(моңолдар) оларды (қыпшақтарды) қырып жіберген және өздері солардың жерінде
тұрады, ал тірі қалғандары құлға айналған - деп жазған.
Ал Марко Поло ХІІІ ғ екінші жартысында өзі басып өткен қалалар
мен аймақтардың жағдайы туралы баяндаған.
Бұл мәселе жөнінде орыс тарихшыларының қалам сілтеуіне келетін
болсақ, ХІХ ғ көптеген еңбектер мен мақалалар жарық көрген болатын. Бірақ,
осындай көптеген еңбектердің шығуына қарамастан, моңғол тарихына қатысты
деректер соңғы уақытқа дейін аз зерттеліп келеді. Ал 1934жылы жарық көрген
академик Б.Я. Владимировтың еңбегі осы елқылықты толтырғандай болды.
Еңбекте моңғол тарихына байланысты фактілік материалдар келтіріледі. Оның
еңбегң – Общественный строй монголов - деп аталады.
Б.Я. Владимировтың өз еңбегін ХІІІ – ХV ғ феодалдық Русьтің
тарихына арнай отырып, Алтын Ордаға қатысты мәселелерді қарастырған.
А.Ю. Якубовский өз еңбегінде көшпенді моңғол тайпаларының
өміріне, әскери құрылымына, тағы басқа мәселелерге сипаттама берді. Бұл
еңбекте Алтын Орда мемлекетінің құрылуынан ыдырауына дейінгі аралықтағы
тарихи оқиғалар қамтылған.
Ерекше атап айтатын еңбектердің бірі – академик В.В. Бартольдтың
тарихнамасына қосылған аса үлкен үлес. В.В. Бартольд тұңғыш рет орта Азия
тарихын зерттеуді жаңа тарих ғылымының деңгейіне көтерді. Орта Азия
тарихындағы моңғол жаулап алушылығынан кейінгі кезеңді сипаттай отырып,
ХІІІ ғ басындағы көшпелі моңғол қоғамы жайлы тың деректер келтіреді. В.В.
Бартольд осыған дейінгі моңғолтанушылардың тарихи роліне жаңа көзқараспен
қарай отырып, өз бағасын берді.
Еуразиялықтар моңғолдардың үстемдік концепциясынан бас тартқан
алғашқы орыс ғалымдары болатын.
Моңғол жаулап алушылығы тарихының қазақ ғалымдарының
зерттеулеріне келер болсақ, А.Ш. Қадырбаевтің еңбегін атап көрсете аламыз.
Ол өзінің Қазақстан Шыңғысхан мен оның мұрагерлері дәуірінде ХІІ – ХІVғғ
атты еңбегінде моңғолдарға дейінгі қазақ даласындағы саяси, әлеуметтік –
экономикалық жағдайға кеңінен тоқталады. Сонымен қатар, моңғол
шапқыншылығына шыдай алмайбасқа жаққа қашып, бас сауғалаған қыпшақтардың
басқа елдердің тарихында алған орны туралы баян етіледі.
Айта кетер тағы бір еңбек 1992 жылы жарық көрген С.Г. Кляшторный
мен Т.И. Султановтың еңбегі – Казакстан летопись трех тысячелетий.
Хара – Деванның Чингисхан как полководец и его наследие -
атты кітабы оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен мән берген.
І. Есенберлин Шыңғысхан әлемді сілкіндірушісі - атты
еңбегінде Ұлы әлемді дүр сілкіндірушінің басшылық етуінің негізгі кезеңдері
бейнеленген, сондай – ақ кітап, біздің күндерге дейін сақталып қалған
моңғол, қытай, мұсылман авторларының алғашқы деректері мен Еуропа
саяхатшыларының Азияның шеткері аймақтарына саяхаты деректеріне
негізделген. Шыңғысханның өмір тарихына арналған бұл кітапта, оның жеке
басының және ол өмір сүрген ортаның мінездемесі бейнеленген.
Сонымен қатар, қазіргі кезде моңғол – татар шапқыншылығы
туралы, Шыңғысханның өмірі мен қызметі туралы көптеген оның деректер,
мақалалар жарық көруде. Мысалы: Ә. Балқыбектің Шыңғысхан – далалық тұлға,
З. Жандарбектің Тағы да Шыңғысхан туралы, И. Қабышұлының Шыңғысхан
туралы оның бет ақиқаты, М. Бұлытайдың Зұлымдық формуласы: Шыңғыс ханды
ақтап алуға асығудың астарында не сыр бар атты мақалалар осы тақырыпқа
қатысты көптеген мәліметтер бере алады.
Қарастырылып отырған курс жұмысының хронологиялық шегі:
негізінен, ХІІ – ХІІІ ғ аралығын қамтиды. Яғни, Моңғол мемлекетінің
құрылуынан бастап, Шыңғысханның жаулаушылық саясаты мен оның зардаптары
туралы қарастырылған.
Практикалық маңызы: Тақырып бойынша саралап зерттеу арқылы,
деректерге сүйене отырып, студенттер өздерінің іс – тәжірибелерінде ғана
емес, теориялық тұрғыдан алғанда да, сонымен қатар, реферат, баяндама,
семинар жұмыстарын жазу барысында да қолданыла алады.Ғылыми еңбектерді
пайдалана отырып, көптеген мәліметтер ала алады.
Курс жұмысын жоғары оқу және орта білім беретін оқу
орындарындағы студенттер мен көпшілік қауым қосымша оқу құралы ретінде
қолдануға болады.
Методологиялық негізі: объективті тұрғысынан баға бере
отырып, басқа тайпалардың қоғамдық, саяси, әлеуметтік – экономикалық
құрылысы мен мәдениетінің тарихын салыстыра отырып, жан – жақты саралау.
Тақырыпты жазу барысында көптеген ғылыми көзқарастарға сүйене отырып,
зерттеу жұмысы тарихи көзқарас, өзара салыстырмалы түрде, жаңаша пікірлер
мен деректер негізінде баға берілген.
Жұмыстық құрылымы: Курс жұмысы кіріспеден, негіз бөлімдердің
тарауларынан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер мен қосымшалардан
тұрады.

І. Моңғол мемлекеті және оның құрылу тарихы.
1. Моңғол мемлекетінің құрылуы.

ХІІІ ғ бас кезінде Моңғол мемлекетінің құрылуы Орталық және Орта Азия,
Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына
орасан зор ықпал жасады.
ХІІ ғасыр мен ХІІІ ғасырларда моңғолдардың экономикасы жедел
дамып, феодалдық қатынастар қалыптаса бастады.
Тарихи деректерде жаулап алушылар әртүрлі аталған. Араб,
парсы, орыс, Батыс Еуропа деректерінде Шыңғыс хан мен оның Алтын Ордадағы
мұрагерлерінің әскерлері татарлар деп аталса, бұл этноним шығыс – моңғол
тайпаларының бір бөлігіне ғана қатысты болған. Осы тайпалардың аты бойынша
Моңғолияның б.кіл халқы Қытайда, татарлар деп аталса, ол қытай
деректемелерінен басқа тілдегі аталған деректердің бәріне көшкен. Ал,
Шыңғысханның өзі мен оның төңірегіндегілер, сондай – ақ, оның мұрагерлері
өздерін моңғолдар деп, өз мемлекетін Моңғол мемлекеті деп атаған. Яғни,
моңғолдар деген этноним Орталық Азияның Шыңғысхан біртұтас мемлекетке
біріктірген бірқатар тайпалардың атауы болған.
Моңғолияның ең ірі тайпалары – моңғолдар мен татарлар
арасындағы күрес моңғолдардың жеңісімен аяқталды. Әр жақтан [татарлардан
да, моңғолдардан да] басқа жаққа шығып, сайып келгенде Шыңғысхантатарлар
мен қытай императорының барлық тайпаларын [өз] семсеріне жем еткенге
[дейін] [бірін - бірі] өлтіріп, тонай берді; - деп Рашид – ад – Дин өз
еңбегінде жазған.
Деректемелерде моңғол әміршілерінің татарларға қарсы [соңғыларының
Шыңғысханның әкесін өлтіргені үшін кек алуы негізінде] осы кескілескен
күресінің көрсетуі зерттеушілердің Шыңғысхан әскерлеріндешынына келгенде,
татарлар болмаған деген қорытынды жасауына мүмкіндік береді.
Татарлар деген атау (бұл арада, шынына келгенде этникалық емес,
этникалық – саяси термин айтылып отыр) моңғолдардың татар тайпасынан емес,
қайта олар өздерінің батысқа қарай аттанып, жорық жасағанда ертіп кеткен
түркі халықтардан шыққаны деген пікір айтылған. Сол сияқты татар –
моңғолдар деген қосарланған атау кейіннен шыққан, моңғол мемлекеттері
ыдырағаннан кейін жүз жыл өткен соң пайда болды. Оны бірінші рет 1823 жылы
П. Наумов қолданған деп атап өтеді.
Бұл этнонимдердің мәндері тең сөздер ретінде бөлек қана
пайдаланған дұрысырақ болар еді. Оларды алғаш В.Н. Татищев пен Н.М.
Карамзин солай қолданған. Бұл екі этноним ғасырлар бойы бұрынғы Жошы мен
Шағатай ұлысының аймақтарында татар (қазақ, қырым, Сібір т.б) халықтары
және Моғолстаннан Шығыс Түркістан моңғолдары этносаяси қауымдастықтары
атауларында сақталды.

2. Әлемді жаулап алушы – Шыңғысханның өмірбаяны.

Ал енді ол туатын
уақыт жеткен кезде,
Шыңғысхан өзінің оң
қолының алақанында
бір түйір ұйыған
қанды қоса дүниеге келді

Асыл аңыз.

Болашақ Шыңғысхан бір деректер бойынша 1162 жылы туылған. Әкесі
Есугей – бахадүр, татар басшысы Темүжін – ініне тұтқынға алғандықтан, ұлына
Темүжін деген ат қойған.
Есугей бірде өзі үлкен ұлы Темүжінді, Бөртеге құда түсіп, моңғолдың
кқне дәстүрі бойынша, ұлын белгілі бір уақытқа құдасының үйінде қалдырып
кету үшін, қоңырат тайпасынан шыққан Дәй – шешенге ертіп барды. Қайтар
жолда оны, жауласып жүрген татарлар танып қойып, оған у беріп өлтірді.
Есугей бахадүрдің бірінші және ең сүйікті әйелі Оғлун қоңырат руынан
шыққан дейді.
Сол кезде Есугей бахадүр Онон өзенінің бойында құс аулап жүріп, өзіне
алқоңыт тайпасынан қыз алып, үйлену тойынан келе жатқан Меркіттің әке -
Үнледуіне кез болады. Күймен үңіліп, ерекше ару қызды көріп таңырқаған ол,
үйіне барыып өзінің үлкен бауыры мен кіші бауыры Дәрітай – Отшығынды ертіп
келді. Олардың жақындағаның көрген Үнледу шошып кетті, бірақ оның астында
Құрдұй – құба сәйгүлігі болды. Ол құбасының санын аямай шабалап, шоқының
артына шауып кеткені болғанымен, ана үшеуі қалар емес. Үнледу қыратты
айналып, өз күймесіне оралғанда, Оғлун оған былай деді: - Бұл адамдардың
ойын түсіндің бе?. Сенің өмірін жайында екендігі беттерінде тұр ғой. Сен
аман – есен болсаң, қыз немесе әйел күймеден табылады. Саған Оғлун деген
атпен басқа қызды атауына тура келіп тұр – ау деймін. Сақтан, мені сүйде,
кет бұл жерден! осы сөздерден соң ол жейдесіншешіп берді. Өзінің Құрдұн –
құбасын байлап, Үнледу Онон өзенін бойлай, жоғары қарай қаша жөнелді.
Қуғыншылар оның алыстығына көз жеткізіп, қайта оралды. Есугей – бахадүр
Оғлунның атын ауыздығынан ұстады, үлкен бауыры Дәрітай – Отшығын дәл
жанында жүріп отырды.
Ол жылдары моңғол қыздары күйеуді өздері таңдамайтын. Олардың
тағдырын әкелері немесе соқыр жағдай шешті. Моңғол руы экзогамды болды, ол,
моңғол жігіті өз руының қызына үйленуге тыйым салды.
Темүжін Оғлун мен Есугей – бахадүрдің тұңғышы болды. Оның дүниеге
келуінің алдында Есугей басқа татар – моңғол тайпалары татарларға қарсы
моңғол жорығына қатысты Татарлар, солтүстік Қытайда басшылық еткен, Цзинь
(Алтын) династиясының императоры, оны көне татар – моңғолдар атағандай,
қытайлық Алтай – қағанға моңғол хандарының бірі – Ашбағай – қағанды
сатқындақпен ұстап берді. Ол үшін ең алғашқы кек алу жорығы, татар
сатқындарына қарсы жүргізілген жорық болды. Татарлар жеңіліске ұшырап, сол
тұтқындардың ішінде татар қолбасшыларының бірі Темүжін де болды. Дәл осы
кезде Есугей және басқалары тұтқындар мен үлкен олжаларын алып, жеңіспен
Онон өзенінің оң жағындағы жерге оралған кезде Оғлунның ұлы дүниеге келді.
Есугей батыр баласының туылуын жауды жеңу сағатымен сәйкес келуін бақыттың
белгісі деп санап, оған өзінің беделді тұтқыны Темүжіннің есімін берді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, Темүжін есімі ежелгі моңғол тілінен
аударғанда ұста дегенді білдіреді екен. Бұл оқиға 1155 жылы болды.
Моңғол жазбаларының шегінде Темүжіннің генеологиясын былайша
суреттеуге болады: Ботанша руының шөбересі болған атасы Хайду руының
рубасы, моңғолдардың аңыз анасы Алан – құбаның ұлы, өз екі бауыры сияқты,
аспаннан жаратылу мөрімен бейнеленген болатын. Аңыз бойынша оның ұлдары әр
түн сайын киіз үйдің түндігі арқылы оның төсегенің жанында пайда болған
аққұбаша адамнан туылған болатын.
1135 жылдан кейін Қабыл – хан Цзинь императорының таққа отыру
салтанатына барды. Басында жүржендер моңғолдарды жақсы қарсы алып, олардың
құрметіне той жасады. Алайда қайтар жолда оның сарайға қайта оралуын
ұсынған хан құғыншысы келді. Тығырыққа тірелуден қорыққан Қабыл – хан бұл
ұсыныстан бас тартты. Ал жүржендер оны күштеп алып кетуге әрекет жасағанда
қашты. 1137 жылы Қабылға жүржен елшісі келді. Хан елшілерді өлтірді. Сол
уақытта олар моңғолдарға қарсы жорық бастады. Қабыл – хан өлген соң билік
оның айтуынша ұлдарының біріне емес, Хайдудың немересі және Темүжіннің арғы
атасы Түмбінайдың немере ағасы Ашбағай – ханның қолына өтті. Ашбағай қаза
болғаннан кейін, моңғолдар Темүжіннің әкесі Есугей – бахадүрдің немере
ағасы Қабылдың баласы Құтлықты сайлады. Темүжіннің атасы Бартан батыр –
Қабылдың баласы және Құтлықтың ағасы болды. Құтлық өлгеннен кейін ХІІ ғ
ортасында моңғолдардың бірлестігі бұзылып, оның ұрпақтары өз ұлыстарымен
өмір сүрді.
1161 жылы (Темүжін ол кезде алты жаста еді) жүржендер тайпалармен
одақтаса отырып, Бұйыр – Нұр өзенінің маңында моңғолдарды жеңіліске
ұшыратып, моңғолдар мен татарлар арасындағы өшпенділікті теріңдете түсті.
Есугей – батыр, бірнеше моңғол ұлыстарын біріктірген ұлыстың басшысы
болды. Оның өмірі соғыстар мен жорықтарда өтті және оның ерлігі мен
тегеурінінен қорыққан достары мен дұшпандарының көпшілігі өз өмірін сақтап
қалу үшін бағынды.
Темүжін тоғыз жасқа келгенде, Есугей оған Оғлунның руынан, яғни
алқоңыт руының қызына құда түспекші болды. Баланы өзімен бірге ертіп алып,
ол жолға шығады. Жолда оларға қоңырат руынан шыққан Дай – сешен
кездеседі.есугей оның оң жасар қызы Бөртеге қарап, жүр жарқын, көзі оттай
жанып тұр екен деп, оған құда түседі. Ол өзінің тоғыз жасар ұлы Темүжінді
он жасар қалындығына моңғол халқының ежелгі салты бойынша күйеу – жігіт
етіп, қоңырат руынан шыққан Дай – шешенге қалдырып кетеді. Қайтар жолда
Есугейге тойлап жүрген татарлар кездеседі. Олар оны танып, ішімдікке у
қосып береді. Жол үстінде Есугей бұл сұмдықты сезіп, үш тәуліктен соң үйіне
жеткенде ауырып, жатып қалады. өмір алдында, ол өзінің жақыны Мұңлықты
шақырып, Тезірек менің Темүжінімді жеткіз - осы сөздерді айтып, 1165 жылы
дүние салды.
Сонымен, Темүжіннің өмірінен мағыналы кезеңдерді көруге болады.
Алғашқы кезең Темүжіннің тоғыз жасар кзінде болған әкесінің өліміне дейін
балалық шағы. Бұл кезеңде, әрине, тарихта қалатындай ешқандай оқиғалар
болған жоқ.
Тай – шуаттың Тарғытай – Кирилтұхы Темүжінді тұтқынға алып,оның қашып
құтылуына дейінгі ересектік шағы. Моңғолдың құпия тарихында бұл кезеңнің
бір – ақ ақиқаты жазылған. Темүжін мен Хасардың бірігіп, Бектерді өлтіруі,
ал одан ары қарай Темүжіннің 11 жасар кезіндегі, басқаша айтқанда 1173 жылы
Жамұхамен достығы туралы шолып өткен.
Үшінші кезең – зерттелуі бұрынғыдан да қиын, Темүжіннің жастық шағы, келесі
бір ақиқат – Бөртен үйленуі.
Төртінші кезең – ержету, кемелдену шағы. Бұл кезеңді 1201 жылы тауық
жылымен шектеуге болады, бұл жылдан бастап дерек дәлсіздіктері
хронологиялықтан, басқа бағыттарға ауысқан. 1201 жылы Шыңғысханның жігерлі
саясатына ашуланған тайпалар одағы бастапқы Моңғолиядағы ішкі соғыс. Бұл
кезеңде 11 жыл бойы тек 3 оқиға болды. Темүжіннің Жұмаханмен ренжісуі,
татарларға жорық және жұрқа руымен есептесу. Бұл оқиғалар 1182 жылы болған.
Қалған 16 жыл уақыт – Темүжіннің ұсақ княздан, тек моңғолияның ғана емес,
бүкіл дала билеушісінің тағына отыруға ниет еткен, кейіңірек ұлы жаулап
алуларға шешім болған кезең.

3. Шыңғысхан жорықтарының басталуы.

Моңғол мемлекетінің сипаты мен құрылысы моңғол қоғамында қалыптасқан
бытыранқылық – феодалдық қатынастар мен халықтың көшпелі тұрмысына сәйкес
келді. Бытыранды өмір өткізіп, үнемі бір – бірімен жауласып келе жатқан
моңғол ру – тайпаларының бір тұтас мемлекетке бірігуі тайпалар арасында
талассыз болып отырған қиян – кескі қан төгіс соғыстарды тыйды. Өндіріс
күштердің өркендеуіне жағдай жасап, феодалдық қатынастарды нығайтты. Моңғол
ру – тайпаларының басын бір жерге қосып, олардың халық болып қалыптасуына
себепші болды. Сөйтіп, өз заманына сай алға басарлық фактор болған еді.
Бірақ, мұнымен аяқталмады. Шыңғысхан бастаған моңғол әскері феодалдық
– шонжарлары жаулаушылық соғысты жүргізе берді. Осыдан соң күн санап күшейі
түскен Тимучии өзінің төрт төңірегіндегі тайпалар мен ұлыстарға шабуыл
жасады. ХІІІ ғ басында татар, қоңырат, жалайыр, ойрат, керей, меркіт,
найман, оңғыт (уақ) т.б. тайпаларды бағындырды. Сөйтіп, Шыңғысхан билеген
моңғол патшалығының іргесі қаланды. Оның бұл кездегі территориясы: шығыста
Хангай тауынан, батыста Алтай тауына дейінгі, солтүстікте Байкал көлінен,
оңтүстікте Шин патшалығының шекарасына дейінгі ұлан – байтақ өңірді
қамтыды. Бар билікті өз қолына алған Шыңғысханның алдына қойған мақсаты :
ішкі саяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдыртпау. Ол үшін көрші жатқан
халықтардың жерін басып алу, соғыс жолыа түсу, оған үстем тап өкілдерін
тартты.
1205 жылы Шыңғысхан Таңғұт мемлекетіне (Батыс Қытайға) жорық жасайды,
бірақ ол сәтсіз ақталады. 1208-1209 жылдары моңғол әскерлері бұрынғы
жорықты қайталап, таңғұт әскерін қатты әлсіретті, олар моңғолдарға салық
төлеп тұрғандай дәрежеге жетті.
1207 жылы Шыңғысхан бұрын батысқа шегініп кеткен наймандардың соңынан
Жебе мен Сүбедейді жіберді. Моңғолдар бұл арада көздеген мақсатына жете
алмай,, оның есесіне қырғыздарды ойсыратып жеңген Түркістандағы ұйғыр
хандағын бағындырды.
1207-1208 жылдары қыста Шыңғымханның үлкен ұлы Жошы бастаған моңғол
әскерлері оңтүстік Сібірдегі орман халықтарын, ойраттарды, буряттарды,
якуттарды бағындырды. Енисейдегі қырғыздың билеушісі Арыс Алдиярұлы бек, ақ
сұңқар, ақ тұлпар, қара бұлғын ішік тарту етіп, Жошыны қарсы алып, соғыспай
бағынды.
1218 жылы Шыңғысхан Жебе ноян бастаған 20 мың әскерін Күшілікке қарсы
Жетісуға аттандырды. Шыңғысханнан жеңіліп Жетісу өңіріне келген найман Таян
ханның баласы Күшлік хан бұл арада Батыс Лиау патшалығының үкіметін тартып
алып, бір мезгілдері билеген.
Шыңғысхан әскерлері Жетісу өңіріне кіріп, Қарлық Арыстан ханға өз
қызын атастырып, бұл өңірді өз патшалығының құрамына қосыа алды.

ІІ. Шыңғысханның дүниежүзін жаулап алу саясаты және моңғол – татар
шапқыншылығының тарихта алатын орны.

2.1. Шыңғысхан империясының әскери құрылымы мен Жасақ заңдар жинағы.

Шыңғысхан таққа отырғаннан кейін өз армиясының қуатын нығайта
отырып, өзін толастамаған жорықтардың шыңынан көрсете берген ұлы қолбасша
және данышпан билеушінің ұйымдастырушылық қабілеті оның әскерінің құрамынан
ақ көрінді. Моңғол армиясы оған дейін де пайда болып, дамыса да, негізгі
әскери техникада тактикаларын нығайту, жауларының тесімді соғыс әрекеттерін
қабылдау, әскери тәртіпті күшейту, жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
ХІV-ХV ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
Түрік және монғол тайпаларының қалыптасуына байланысты зерттеушілердің ұстанымдары
Шайбанилық Әбілқайыр хан
Отандық тарих ғылымныда Алтын Орда туралы іргелі зерттеулер
Моғолстанның құрылуы
Қазақ халқының этногенезі (Халықтың пайда болуы мен қалыптасуы)
Пәндер