Программа құрудың этаптары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАЅСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ Ж…НЕ ¤ЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

Ѕ. И. С„тбаев атындаЈы қазај ґлттыј техникалыј университетi

Есептеу техникасы кафедрасы

Курстыј жобаЈа

Т¦СIНIКТЕМЕ ЅА¤АЗ

Тајырыбы

Алматы 200

Мазмұны

Тапсырма. . . . 3

Кiрiспе . . . 4

1. Ақпараттық модельдi игеру, ДҚ-ны басқару . . . ………. 5

  1. Пәндiк облысты сипаттау . . . . …5
  2. ДҚ құрылымын сипаттау. . 5
  3. Кестелер құрылымын анықтау. . . . 6

2. Программаны өңдеу. . . . ……. . …7

2. 1 Менюдi өңдеу және сипаттау . . . 7

2. 2 Программаны сипаттау. . 7

3. Инструкциялар. . 16

3. 1 Жүйелiк талаптар. . . 16

3. 2 Қолданушы инструкциясы. … . . . 16

3. 3 Жүйелiк администрирлеу жүйесi. . …16

Қорытынды. . 17

Әдебиеттер тiзiмi. 18

А қосымшасы . . . 19

В қосымшасы . . . ……20

Тапсырма

Дерекјор жасау.

Тапсырма берген ″01″ 11. 2003ж. ојытушы: Азембаева Г. Т.

Тапсырма алЈан ″27″ 12. 2003ж. Студент

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары программалауға деген адамдардың қызығушылығы күрт өсіп кетті. Мұндай қызығушылық негізінен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың күнделікті өмірде дамуымен, олардың енгізілуіне тікелей байланысты болып отыр. Сөйтіп адам баласы компьютермен жұмыс істей отырып, жалпы жаңа ақпараттық технологиялармен танысу деген сұранысы күннен-күнге өсіп келгендіктен, программалауға деген құштарлығы да пайда болады.

Компьютерлердiң әртүрлi модельдерiнде қарай ОЖ-ның архитектурасы (құрылымы) мен мүмкiндiктерi де әрқалай бола бередi. Ең көп тараған ОЖ түрлерiне мыналар жатады: MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNIX және қазіргі кезде дербес компьютерлердің пайдаланушыларының арасында Windows операциялық жүйесінің жиыны өте әйгілі болып отыр. Сондықтан да программалауды жасағысы келген адам ең алдымен осы жүйелерде жұмыс істейтін программаларды жазуға тырысады. Әрбір операциялық жүйе түрлерінің күн-күнге дамуына байланысты оларға қатысты қолданбалы программалар да дамып келеді.

Операциялық жүйе ДЭЕМ-нiң (дербес) программалық құралдарының ажырамас бөлiгi болып саналады. Әрбiр адамға ЭЕМ-нiң барлық құрылғыларын басқару мүмкiншiлiгiн беретiн, сол себептi басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс iстегiсi келетiн әрбiр адамға өте қажет операциялық жүйенiң (ОЖ) алатын орны ерекше болып есептелiнедi.

ОЖ екi негiзгi қызметтi орындайды:

  • Барлық қолданбалы және жүйелiк программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бiр-бiрiмен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету.
  • Әрбiр адамға ЭЕМ-дi жалпы басқару мүмкiншiлiгiн беру.

Сонымен, ОЖ - адам мен ЭЕМ аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастырытын программа немесе өзара байланысқан программалар тобы.

ОЖ-нiң атқаратын қызметiн мынадай үш топқа жiктеуге болады:

  • Мәлiметтердi енгiзу-шығарудың барлық түрлерiн ұйымдастыру;
  • ЭЕМ-нiң сыртқы ортамен қатынасын ұйымдастыру;
  • Мәлiметтердi сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару;

Есептеу техникасының тез дамуы және программалық қамтаманың тиімді әдістерін құру қажетігі программалау жүйесінің пайда болуына әкеліп соқты. Мұндай жүйелер «тез құру» деп аталынатын жүйеге бағытталған, олардың ішінде Borland Delphi және Microsoft Visual Basic атап кетсе болады. Тез құру жүйесінің негізінде (RAD - жүйесі, Rapid Application Development - қолданбаларды тез құру ортасы) визуалды жобалау технологиясы және оқиғалық программалау жатыр. Олардың мәні мынада: құру ортасы негізгі жұмыстың көп бөлігін өзіне алады, ал программалаушыға диалогтық терезелерді конструкциялау және оқиғаларды өңдеу функцияларының жұмысын қалдырады.

Delphi - бұл тез құру ортасы, онда программалау тілі ретінде Delphi тілі қолданылады. Delphi тілі - объектілі -бағытталған тіл, оның негізінде Object Pascal жатыр.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Delphi ортасы

Delphi өте қарапайым түрде жүктелінеді, яғни Borland Delphi 7 менюінен Delphi 7 командасын таңдау арқылы жүзеге асырылады. Delphi жүктелгеннен кейін экранда жұмыс жасауға қажетті терезе пайда болды. Мұнда бір терезенің орнына экранда бес терезе пайда болады:

  • Delphi 7 - негізгі терезесі;
  • Form 1 - стартовый бастапқы форманың терезесі;
  • Object Inspector - объектілердің қасиеттерін редакторлайтын терезе;
  • Object TreeView - объектілердің тізімін көру терезесі;
  • Unit1. pas - кодты редакторлау терезесі;

Негізгі терезеде меню командалары, құрал-саймандар панелі және компонентер палитрасы орналасқан.

Программалық қамтаманы жүйелік және қолданбалы деп екі түрге бөледі. Жүйелік программалық қамтама - бұл операциялық жүйені құрайтын барық программалар. Ал қалған программаларды қолданбалы деп санайды. Мұндай программаларды қысқаша қосымша (қолданба) деп атайды.

командалар менюі

құрал-саймандар панелі компоненттер палитрасы

Object Inspector терезесі - объектілердің қасиеттерін редакторлайтын терезе объектілердің қасиеттерінің мәнін редакторлау үшін тағайындалған. Object Inspector екі қосымшасы бар: Properties (объектілердің қасиеттері көрсетілген) және Events (объектілердің мәндері көрсетілген) . Визуалдық жобалау терминологиясында объекттілер - бұл диалогтық терезелер және басқару элементтері (енгізу және шығару өрістері, командалық батырмалар, ауыстырып қосқыштар және т. б. ) . Мысалы, Width және Height (ені және биіктігі) қасиеттері форманың өлшемін, ал Top және Left қасиеттері - форманың экрандағы орнын, Caption қасиеті - мәтіннің тақырыбын береді.

Оқиғалар және оқиғаларды өңдейтін процедуралар

Оқиға (event) - бұл программаның жұмыс істеу барысында болатын әрекеттер. Delphi әрбір оқиның белгілі бір аты бар. Төменде Windows кейбір оқиғалары келтірілген.

1. Кесте. Оқиғалар

Оқиға Қандай жағдайларда орындалады

Onclick тышқанның батырмасын шерткенде

OnDblClick тышқанның батырмасын екі рет шерткенде

OnMouseDown тышқанның батырмасын басқанда

OnMouseUp тышқанның батырмасын жібергенде

OnMouseMove тышқанның орны ауысқанда

OnKeyPress пернетақтаның пернесін басқанда

OnKeyDown пернетақтаның пернесін басқанда. OnKeyPress және OnKeyDown оқиғалары - бұл қайталанып отыратын оқиғалар.

OnKeyUp пернетақтаның басылған пернесін жібергенде

OnCreate объекті құру кезінде (форманың, басқару элементінің) . Бұл оқиғаның өңдеу процедурасы әдетте айнымалыларды инициализациялау үшін қолданылады.

OnPaint программаның бастапқы жұмысында экранда терезенің пайда болуы кезінде, терезе бөлімінің пайда болғанынан кейін.

OnEnter фокусты басқару элементімен алғанда

OnExit фокусты басқару элементімен жоғалтқанда

Кодтың редакторы

Кодтың редакторы программалау тілінің түйінді сөздерін (procedure, var, begin, end, if және т. б. ) полужирным қарайтылған қаріппен белгілейді, ол программаның құрылымын түсінуді жеңілдетеді. Кодтың редакторы түйінді сөздерден басқа түсініктемелерді де курсив қаріпімен белгілейді.

Программаны құру процесінің барысында код редакторы терезесі мен форма терезесінің арасында көшу қажеттігі туады. Оны View құрал-саймандар панелінде орналасқан Toggle Form/Unit командалық батырма немесе <F12> пернесін басу арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл панельде сонымен қатар мынандай командалық батырмалар орналасқан: View Unit және View Form. Егер жоба бірнеше модульдерден немесе формалардан тұратын болса, онда жоғарыда аталып кеткен командалық батырмалардың көмегімен өзіңізге керекті модульдерді немесе формаларды таңдай аласыз.

View Form

View Unit Toggle Form/Unit

Жобаның құрылымы

Жоба - бұл файлдар жиыны, оларды қолдана отырып компилятор программаның орындалатын файлын құрады (EXE-файлын) . Қарапайым жағдайда жоба мыналардан тұрады: жобаны описание баяндалу файлы (DOF-файлы), негізгі модульдің файлы (DPR-файлы), ресуртық файл (RES-файлы), форманы описания файлы (DFM-файлы), қолданбаның негізгі коды және оқиғаларды өңдеу функциялары бар форманың модуль файлы (PAS-файлы), конфигурация файлы (CFG-файлы) .

Delphi жобасы өз алдына программалық бірліктердің жиыны - модульдер болып келеді. Негізгі модуль нұсқауларды қамтиды, олардан программаның орындалуы басталады. Қолданбаның негізгі модулі толық Delphi құрастырылады.

Негізгі модуль dpr кеңейтілуі бар файлды құрайды. Қолданбаның негізгі модуінің мәтінін көру үшін Рroject менюінен View Source командасын таңдау керек.

Негізгі модуль program сөзімен басталады, одан кейін программаның аты жазылады, ол жобаның атына сәйкес келеді. Жобаның аты жобаны сақтау кезінде беріледі. Одан uses сөзінен кейін қолданылатын модульдерден аттары жазылады: Forms модульдік библиотечный стр36 және elya. pas форманың модулі.

Жолы ($R *. RES) түсініктемеге ұқсайды, алайда бұл компиляторға ресурстық файлдарды қосудың директивасы. Ресурстық файлы қолданбаның ресурстарын қамтиды: пиктограммалар, курсорлар және т. б. Ал жұлдызша ресурстық файлдың аты жобаның атымен бірдей екендігін көрсетеді, бірақ оның кеңейтілуі res. Ресурстық файл мәтіндік файл емес, сондықтан да оны мәтіндік редактор көмегімен көруге болмайды. Ресурстық файлдардар жұмыс істеу үшін арнайы программалар қолданылады, мысалы, Resource Workshop. Сонымен қатар Delphi құрамына кіретін Image Еditor утилитасын қолдануға болады, оны Tools менюіндегі Image Editor командасын таңдау арқылы жүзеге асыруға болады.

Модуль келесі бөлімдерден тұрады:

  • Интерфейс - компиляторға модульдің қандай бөлімі программаның қалған модульдеріне доступный екендігін хабарлайды.
  • Жүзеге асыру - implementation сөзімен ашылады, ол форманың жұмысын қолдайтын жергілікті айнымалылардың баяндалуын, процедуралар мен функцияларды қамтиды. Бұл бөлім {$R *. DFM} директивасымен басталады.
  • Инициализация - модульдің айнымалыларын инициализациялауды орындауға рұқсат береді.

Компиляция және қателер

Компиляция - бұл бастапқы (исходной) программаның орындалатын программаға түрлендірілу процесі. Компиляция процесі 2 этаптан тұрады. Бірінші этапта программа мәтінің қателерінің жоқ болуы тексеріледі, ал екінші этапта орындалатын программа (EXE-файлы) генерацияланады.

Оқиғаларды өңдеу функциясының мәтінін енгізгеннен және жобаны сақтағаннан кейін Project менюінен Compile командасын таңдап, компиляцияны орындауға болады. Компиляция нәтижесі мен процесі Compiling диалогтық терезесінде бейнеленеді. Бұл терезеде компилятор қателердің (Errors), ескертулердің (Warnings) және подсказка сыбыр сөздердің (Hints) санын көрсетеді.

1. Сур. Компилятордың жұмыс істеу схемасы

Егер бастапқы мәтінде синтаксистік қателер жоқ болған жағдайда ғана компилятор орындалатын программаны генерациялайды. Ал программада қателер бар болса, онда ең алдымен оларды түзетіп, содан соң қайтадан компиляциялауды орындау керек.

2. Кесте. Қателер жайындағы компилятордың хабары

Хабар Мүмкін болатын себептер

Undeclared identifier var бөлімінде баяндалмаған айнымалы қолданылады;

Баяндалған айнымалының атын жазған кездегі қате, мысалы, summa айнымалысы баяндалған болсын, ал программа мәтіннінде ол suma:=0 деп жазылса.

Нұсқауларды жазу кезіндегі қате, мысалы, repeat орнына repet жазылса.

Unterminated string Жолдық константаны жазу кезінде, мысалы, хабарды аяқтайтын тырнақша жазылмасаю

Incompatible types…and… Меншіктеу нұсқауында өректің типі өрнектің мәнін қабылдайтын айнымалының типіне сәйкес келмейді немесе оған берілуі мүмкін емес.

Missing operator or semicolon Нұсқаудан кейін ; қойылмаса.

2. Программа құрудың этаптары

Программалау - бұл программаны құру процесі, ол келесі қадамдар тізбегімен көрсетілуі мүмкін:

  • Спецификация
  • Алгоритмді құру
  • Кодтау
  • Жөндеу
  • Тесттеу
  • Анықтамалық жүйені құру
  • Орнатқыш дискіні құру

Ал енді осылардан ең негізгілеріне тоқтап кетейік.

Спецификация

Спецификация, программаға белгілі бір талаптарды анықтау - бұл ең негізгі этаптардың бірі болып табылады, онда бастапқы ақпарат сипатталынады, алынатын нәтижеге белгілі бір талаптар қойылады, қолданушы мен компьютер арасындағы қатынасты қамтамасыз ететін диалогтық терезелер құрылады.

Алгоритмді құру

Бұл этапта көзделген нәтижені алу үшін қандай әрекеттердің орындалуы керектігі анықталынады. Егер есепті шешудің бірнеше жолы бар болса, яғни алгоритмнің әр түрлі варианттары болса, онда программист солардың ішінен ең тиімдісін және де тез нәтиже бере алатынын таңдап алады. Алгоритмді құру этапының нәтижесіне алгоритмнің мәтіндік түрде баяндалуы немесе оның блок-схемасы жатады.

Кодтау

Программаның талаптары мен оны шешудің алгоритмі құрастырылғаннан кейін алгоритм таңдалынған программалау тілінде жазылады. Оның нәтижесінде негізгі программа пайда болады.

Жөндеу

Жөндеу - бұл қателерді іздеу және оларды жою процесі. Программадағы қателер екі топқа бөлінеді: синтаксистік (мәтіндегі қателер) және алгоритмдік. Синтаксистік қателер - жеңіл жйылады. Ал алгоримтдік қателерді табу өте қиын. Жөндеу этапын программа дұрыс жұмыс істеп тұрған жағдайда аяқталды деп есептейді.

Тесттеу

Егер де сіздің программанызды басқада қолданушылар пайдаланатын болса, онда бұл этап өте маңызды болып келеді. Бұл этапта көптеген кірістік деректердің жиынына программаның қалайша әрекет ететіндігін тексеру керек.

  1. Delphi программалау тілі

Delphi программалау ортасында программаларды жазу үшін Delphi программалау тілі қолданылады. Delphi программа өз алдына нұсқаулардың тізбегі болып келеді, оларды әдетте операторлар деп атайды. Нұсқаулар бір-бірінен нүктелі үтір арқылы бөлініп жазылады.

Әрбір нұсқау идентификаторлардан тұрады. Идентификатор мыналарды обозначать белгілеуі мүмкін:

  • Тілдің нұсқауын (:=, if, while, for) ;
  • Айнымалыны;
  • Константаны (бүтін немесе бөлшек сан) ;
  • Арифметикалық (+, -, *, /) немесе логикалық (and, or, not) операцияны;
  • Бағыныңқы программаны (процедура немесе фукция) ;
  • Бағыныңқы программаның немесе блоктың (begin, end) басы (procedure, function) мен аяғын (end) белгілеу;

Деректер типі

Бүтін тип

Delphi тілі деректердің 7 бүтін типін қолдайды: Shortint (8 бит), Smallint (16 бит), Longint (32 бит), Int64 (64 бит), Byte (8 бит, таңбасыз), Word (16 бит, таңбасыз), Longword (32 бит, таңбасыз) . Object Pascal Integer бүтін типін қолдайды және ол ең универсалды болып келеді, оның эквиваленті - longint.

Вещественный тип

Delphi тілі 6 Вещественный типті қолдайды: Real48 (6 байт), Single (4 байт), Double (8 байт), Extended (10 байт), Comp (8 байт), Currency(8 байт) . Типтер бір-бірінен мүмкін болатын мәндердің диапозонымен, компьютер жадысында деректерді сақтаудың байттық сандарымен айрықшаланады. Delphi тілі Real вешес-й типін қолдайды және ол ең универсалды болып келеді, оның эквиваленті - Double.

Символдық тип

Delphi тілі 2 сиволдық типті қолдайды: AnsiChar және WideChar:

  • AnsiChar типі - бұл ANSI кодындағы символдар, олардың диапазоны 0-255;
  • WideChar типі - бұл Unicode кодындағы символдар, олардың диапазоны 0-65535;

Object Pascal Char символдық типін қолдайды және ол ең универсалды болып келеді, оның эквиваленті - AnsiChar.

Жолдық тип

Delphi тілі 3 жолдық типін қолдайды: ShortString, LongString және WideString:

  • ShortString типі өз алдына компьютер жадысына статикалық түрде орналасқан жолдар болып келеді, оның ұзындығы 0-255 символдар;
  • LongString типі өз алдына компьютер жадысына динамикалық түрде орналасқан жолдар болып келеді, оның ұзындығы бос жадының көлемімен шектеледі;
  • WideString типі өз алдына компьютер жадысына динамикалық түрде орналасқан жолдар болып келеді, оның ұзындығы бос жадының көлемімен шектеледі; WideString типіндегі жолдың әрбір символы Unicode-символы болып келеді;

Delphi тілінде жолдық типті белгілеуге String идентификаторын қолдану рұқсат етіледі. String типі ShortString типіне эквивалентті.

Логикалық тип

Логикалық шама екі мәннің біреуін қабылдай алады: True және False. Delphi тілінде логикалық шамаларды Boolean типіне жатқызады.

Стандарттық функциялар

Функция мәннің типімен және параметрлердің типімен сипатталады. Функцияның мәні меншіктелетін айнымалының типі функцияның типіне сйәкес келуі керек. Сол сияқты функцияның фактілік параметрінің типі де, яғни функцияға қатынаған кездегі көрсетілетін параметр формалды параметрдің типіне сәйкес келуі керек. Ал басқаша болған жағдайда компилятор қате туралы хабарды береді.

Математикалық функциялар

3. Кесте. Математикалық функциялар

Функция Мәні

Abs (n) n абсолюттік мәні

Sqrt (n) n - нан квадраттық түбір

Sqr (n) n квадрат

Sin (n) n синус

Cos (n) n косинус

Arctan (n) n арктангенс

Exp (n) n экспонента

Ln (n) n натуралдық логарифм

Random (n) 0 ден n-1 дейінгі кез келген бүтін сан

Түрлендіру функциялары

Түрлендіру функциялары ақпараттың енгізілуі мен шығарылуын қамтамасыз ететін нұсқауларда ең көп қоданылады. Мысалы, Label1. Caption:=FloatToStr(x) нұсқауы Label1өрісінде x айнымалысының мәнін көрсетеді.

4. Кесте. Түрлендіру функциялары

Функция Функцияның мәні

Chr (n) коды n тең символ

IntToStr (k) жол, бүтін k бейнесі болып келеді

FloatToStr (n) жол, вешест-й n бейнесі болып келеді

FloatТostrF (n, f, k, m) жол, вешест-й n бейнесі болып келеді; функцияны шақырған кезде мынаны көрсетеді: f - пішім (бейнелеудің тәсілі) ; k - дәлдік (жалпы керекті сандардың саны) ; m - ондық нүктеден кейінгі сандардың саны;

StrToInt (s) бүтін, оның бейнесі s жолы болып келеді

StrToFloat (s) вешест, оның бейнесі s жолы болып келеді

Round (n) белгілі ережелер бойынша n дөңгелектеу жолымен алынған бүтін

Trunc (n) n бөлшек бөлігін алып тастау арқылы алынған бүтін

Frac (n) бөлшек, вешест n бөлшек бөлігі

Int (n) бөлшек, веш n бүтін бөлігі

  1. Процедуралар мен функциялар

Delphi программалау кезінде программист жұмысы негізінен оқиғаларды өңдеу процедураларын (бағыныңқы программа) құруда.

Object Pascal тілінде программаның негізі бағыныңқы программа болып табылады. Бағыныңқы программалардың екі түрін ажыратуға болады: процедуралар және функциялар. Олар өз алдына белгілі бір жұмысты атқаруға арналған нұсқаулардың жиыны болып келеді. Бағыныңқы программаның нұсқауларын орындау үшін ең алдымен бағыныңқы программаны шақыру керек. Функцияның процедурадан айырмашылығы мынады: функция атымен мән байланысты, сондықтан да функцияның атын өрнектерде қолдануға болады.

Процедураның құрылымы

Процедура тақырыптан басталады, ал одан кейін мыналар болады:

  • Константаларды баяндау бөлімі;
  • Типтерді баяндау бөлімі;
  • Айнымалыларды баяндау бөлімі;
  • Нұсқаулар бөлімі;

Процедураның жалпы түрі:

рrocedure Аты (параметрлер тізімі) ;

const

//мұнда константалардың баяндалуы

type

// мұнда типтердің баяндалуы

var

// мұнда айнымалылардың баяндалуы

begin

//мұнда программаның нұсқауы

end;

Функциялардың құрылымы

Функция тақырыптан басталады, содан соң константаларды, типтер мен айнымалыларды, сонымен қатар нұсқауларды баяндау бөлімдері келеді.

function Аты (параметрлер тізімі) : Типі;

const

//константаларды баяндау бөлімінің басы

type

//типтерді баяндалу бөлімінің басы

var

//айнымалылардың баяндалу бөлімінің басы

begin

//нұсқаулар бөлімінің басы

result:=мәні; //функция атымен мәнді байланыстыру

end;

  1. Деректер базасы

Қолданушының пікірінше, деректер базасы - ақпаратпен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін программа. Мұндай программаны жүктегенде экранда кестелер пайда болады, олардың көмегімен қолданушы өзіне керекті мәліметтерде таба алады. Сонымен қатар қолданушы деректер базасына жаңадан бір мәліметтерде енгізе және өзгерте алады.

Программистің пікірінше, деректер базасы - ақпаратты қамтитын файлдар жиыны. Қолданушыға деректер базасын құрай отырып, программист деректер файлдарымен жұмысты қамтамасыз ететін программаны құрады.

Қазіргі кезде көптеген программалық жүйелер бар, олардың көмегімен жергілікті (dBASE, FoxPro, Access, Paradox) және удаленные (Interbase, Oracle, Sysbase, Infmix, Microsoft SQL Server) деректер базасын құруға және қолдануға болады.

Delphi деректер файлдарымен жұмыс істейтін программаларды құруға мүмкіндік беретін компонентерді қамтиды. Олар түрліше жүйелермен құрылуы мүмкін: dBASE бастап Infomix және Oracle дейін.

Деректер базасының классификациясы

Деректерді қолданатын программалардың орналасқан жеріне қарай және бірнеше қолданушының арасындағы деректерді бөлу әдісіне қарай деректер базасын жергілікті және удаленные деп екі түрге бөледі.

Жергілікті деректер базасы

Жергілікті деректер базасының деректері бір құрылғыда орналасады, мысалы, компьютердің дискісі немесе желілік диск.

Удаленная деректер базасы

Удаленная деректер базасының деректері (файлдары) удаленный компьютерде орналасады.

Удаленная деректер базасымен жұмыс істейтін программа екі бөліктен тұрады: клиенттік және серверлік. Қолданушының компьютерінде жұмыс істейтін программаның клиенттік бөлімі серверлік программамен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.

Удаленный компьютерде жұмыс істейтін программаның серверлік бөлімі сұратуларды қабылдап, оларды орындайды және деректерді клиенттік программаға жібереді. Сұратулар SQL (Structured Query Language) тілінде көрсетілген командаларды құрайды.

Удаленный серверде жұмыс істейтін программа бірнеше қолданушыға біруақытта ақпараттарға қатынауды қамтамасыз ете алатын түрде жобаланған. Деректерге қатынауды қамтамасыз ету үшін файлдарды бұғаттау блокировка механизмінің орнына транзакция механизмі қолданылады.

Транзакция - бұл кейбір әрекеттер тізімі, олар деректерді жібермес бұрын олармен міндетті түрде орындалу қажет. Егер транзакцияны құрайтын әрекеттер тізімінін орындау барысында қателер кездесетін болса, онда ол жаңадан қайталанады. Сөйтіп транзакция механизмі аппараттық сбоев қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол деректерге көпқолданушылық қатынауды қамтамасыз етеді.

1 Ајпараттыј модельдi игеру, ДЅ-ны жобалау

  1. П„ндiк облысты сипаттау
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика және оның негіздері
Есептердің математикалық моделін құру
ЭЕМ даму этаптары. Ақпаратты өлшеу бірліктері. Информатиканың алгоритмдік негізі. Санау жүйесі
Электрондық оқыту құралдарын жасау және білім беру жүйесінде пайдалану
«Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәні бойынша әдістемелік-оқу кешені
Ақпарат мөлшерінің өлшемі
Анықтама конфигурация объектісі
Жобалаудың жалпы сұрақтары
Бағдарламаларды әзірлеудің құрал-саймандары пәнінен дәрістер
Ақпараттық модель және оның берілу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz