Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Б Е К І Т Е М І Н
БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы
Шығыстану институтының
директоры, т.ғ.д., профессор

------------ Әбусейітова М. Қ.
ақпан 2007 ж

МҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Халықаралық
қатынастардың кешенді мәселелері бөлімінің 2007 жылдың 23 ақпанында өткен
мәжілісінің
№ ... Х А Т Т А М А С Ы Н А Н көшірме

Төрайым: Меңдіқұлова Г.М. т.ғ.д., Халықаралық қатынастардың кешенді
мәселелері бөлімінің меңгерушісі
Мәжіліс хатшысы: Қанафин Қ.К. т.ғ.к.
Қатысқандар: Арыстанбекова А.Қ. ЖҒҚ,т.ғ.д.; Джалилов З.Г. ЖҒҚ, филос.ғ.к.;
Байзақова Қ.Е. Ж.Ғ.Қ т.ғ.д.; Атантаева Б.Ш. АҒҚ,т.ғ.к.
Шақырылғандар: Мәшімбаев С.М.т.ғ.д., профессор; Жұмағұлов Қ.Т. т.ғ.д.,
профессор (Қаз.ҰУ), Нұрманова А.Ш. АҒҚ, т.ғ.к.

Күн тәртібінде:
1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің тарих
факультетінің жалпы тарих кафедрасының ізденушісі Т.Айдостың XX ғ. 90
жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы атты
07.00.03.- жалпы тарих мамандығы бойынша дайындалған диссертациялық жұмысын
тарих ғылымының кандидаты дәрежесіне ұсыну үшін талқылау.

Төрайым, тарих ғылымдарының докторы, Меңдіқұлова Гүлнара Малбағаровна:
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің тарих
факультетінің жалпы тарих кафедрасының ізденушісі Т.Айдостың XX ғ. 90
жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы атты
07.00.03.- жалпы тарих мамандығы бойынша дайындалған диссертациялық жұмысы
тарих ғылымының кандидаты дәрежесіне ұсыну үшін талқылауға түсіп отыр.
Диссертациялық тақырып әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
Ғылыми кеңесінде 2000 ж. 15-желтоқсанда бекітілген (№4 хаттама). Ғылыми
жетекшісі- тарих ғылымдарының докторы, профессор С.М. Мәшімбаев.
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің
жалпы тарих кафедрасында орындалған. Диссертациялық жұмыс ҚР Білім және
Ғылыми министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және
аттестаттау Комитетінің талаптарына толық сай келеді. Зерттеудің негізгі
нәтижелері үш халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда
баяндалып, үш ғылыми мақалалар жарияланған. Диссертациялық жұмыстың ғылыми
консультанты – тарих ғылымдарының докторы профессор С.М. Мәшімбаевтың оң
пікірі бар. Диссертациялық жұмыс рецензенттері т.ғ.д. профессор Қ.Т.
Жұмағұловтың, т.ғ.к. А.Ш. Нұрманованың жазбаша түрде берілген оң
пікірлері бар. Ендігі сөзді жұмысы туралы баяндау үшін ізденуші Т.
Айдосқа береміз.
Айдос Т.М.: Менің сіздерге ұсынып отырған тақырыбым XX ғ. 90
жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы, жұмыстың
құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер
тізімінен тұрады.
Тақырыптың өзектілігі XX ғ. соңғы онжылдығы тарихи оқиғаларға толы
болды. Сол кезге дейін үстем болып келген қос тарапты жүйенің ыдырауы
Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінің жеке сыртқы саясат жасауына
кең мүмкіндіктер ашты. Соғыстан кейінгі алғашқы коммунистік емес үкімет
құрған Польша Республикасы болатын.
XX- ғасырдың аяғында соңғы орасан зор империялардың бірі Кеңестер Одағы
өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Ақырында
бұрынғы Кеңестер Одағының аумағында қысқа мерзімде бірнеше жас тәуелсіз
мемлекеттердің қатары бой көтерді, олардың арасында Қазақстан да бар еді.
Ұзаққа созылған кезең ішінде екі үстем держава мен блоктардың арасында
тепе-теңдікті ұстауға мәжбүр болған көптеген мемлекеттер үшін жаңадан
қалыптасқан жағдайлар бұрын-соңды болмаған сыртқы саяси және сыртқы
экономикалық мүмкіндіктер ашты.
Польша мен Қазақстан қарым-қатынастары бұрынғы КСРО-ның аясында
қалыптасып, екі ел бастарынан кешкен саяси оқиғалардан кейін жаңа қарқын
мен мазмұнға ие болды.
Қазақстан егемендігін Шығыс Еуропа елдерінің ішінде ең алғашқы болып
таныған Польша біздің елімізбен жан-жақты қарым-қатынас орната бастады.
Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара
қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Оның үстіне екі елдің өзара іс-
қимылының терең қатпарлы факторлары Варшава мен Астананың көптеген
көкейкесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айқындайды,
мұның өзі ғаламдық және қауіпсіздік аймақты қамтамасыз етуге бағытталған
сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды екі жақты қолдауға
жәрдемдеседі.
Польша Республикасының біздің елімізге байланысты өзіндік бірқатар
қызушылығы бар. Біріншіден, Қазақстан жерінің табиғи минералдық шикізат
көздеріне бай болу қай елдің инвестициясы үшін болсын ең тиімді аймақ.
Сонымен бірге бүгінде Қазақстандағы поляк диаспорасы екі ел арасында жақсы
байланыс дәнекері ролін атқаруда.
Қазақстан Республикасы Польшамен экономика, саяси, мәдени салада кең
көлемді қатынастар орнатуға мүдделі еді. Себебі әлемдегі мемлекеттердің
даму тәжірибесін ескере отырып, елдегі қайта құру ісін нәтижелі жүзеге
асыруда Қазақстан үкіметі Шығыс Еуропа елдерінің процестерінің жақындығын
ескереді.
Қысқа мерзім ішінде Қазақстан мемлекеті өзінің көп ғасырлық тарихи
жаңғыртуы, қазіргі дүниедегі өз орнын анықтауы, ішкі және сыртқы саясаттағы
басым бағыттарды айқындауы тиіс болып отыр. Осы тұрғыда республика
халықаралық байланыстардың қалыптасу мен даму тарихын терең ғылыми
зерттеудің зор маңызы бар. Соның ішінде тенденцияларына талдау жасау ғылыми
жағынан да, саяси көзқарас тұрғысынан да өзекті мәселе.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Польша мен Қазақстан арасындағы саяси,
экономикалық және мәдени қарым – қатынастарды арнайы түрде зерттеген
жұмыстар аз. Бұл тұрғыда осы мәселелер бойынша қысқаша мағлұмат беретін
поляк-қазақ қарым- қатынастарын баяндайтын еңбектерді айтуға болады.
Поляк-қазақ қатынастарының тарихи бастаулары деген мәселені қойып,
зерттеуде негіз болар деректермен бірге, бірқатар ғылыми зерттеулердің бар
екендігі анықталды. Соңғы кезде Польшада осы мәселеге байланысты бірнеше
көлемді еңбектер жарық көрді.
Қазақ жеріндегі поляктар қызметі туралы көрсетуді тырысқан поляк
тарихшысы А.Кияс болатын. Оның Поляки в Казахстане. Прошлое и настоящее
атты еңбегінде Бенекдит Поляктан бастап ұлт-азаттық көтеріліс, революция,
соғыстар, сталиндік режим кезінің тарихынан Қазақ Республикасының
тәуелсіздік алған алғашқы жылдарына дейін қамтылған.
Келесі поляк зерттеушісі Й.Стрельчиктің Встереча двух миров.
Апостольская столица и монгольский мир в первой половине XIII в. деген
еңбегінде Рим папасы жіберген елшіліктің құрамында болған Бенекдит Поляктың
Қазақстан жері арқылы өткен кезін баяндайтын мағұлматтар айтылған. Автор
Рим папасы елшілерінің қазақ сахарасын мекендеген халықтардың тұрмысы, әдет-
ғұрпы, табиғаты, ауа-райы, тарихы туралы көріністерді баяндайды.
Ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан поляк революционерлерінің қазақ
даласын танып- білуге қосқан үлесін анықтауға бағытталған Поляки –
исследователи и наблюдатели культуры народов Средней Азии и Казахстана
деген еңбекті З.Ясевич жазды. Зерттеуші дерек көздерін талдай отырып, осы
мәселе бойынша Қазақстанға саяси себептерге байланысты тап болған
поляктардың қызметі туралы құнды мәлімет береді.
Поляк-қазақ қарым-қатынастарының тарихи генезисіне арналған соңғы
кезде шыққан Р.Бадовскийдің еңбегін атауға болады. Польские певцы
Казахстана деп аталатын еңбекте автордың келтірген деректі фактілері екі
жақты байланыстың ертеректегі тарихының барлық салаларының даму барысын
түсінуде бағыт-бағдар береді.
Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихын зерттеу шеңберінде белгілі
зерттеуші М. Гавенцкийдің В степи далекой. Поляки в Казахстане атты
еңбегін ерекше атап өткен жөн. Онда автор Қазақстандаға поляктардың өткен
тарихы мен бүгінгі жағдайы, Польшадағы қоғамдық ұйымдардың Қазақстандық
поляктарға көрсеткен гуманитарлық, ғылым, білім саласындағы көмектері
жайында М. Гавенцкийдің тікелей біздің республикамызда жүргізген
зерттеулерінің нәтижесінде жазылған.
Қазақстанның әлемдік экономикалық даму үрдесіне қосылуының тиімді
жолдарын іздестіруде Польшаның соңғы он жыл ішінде жүзеге асырған
экономикалық реформаларының тәжірибесі назар аудартыруда.
Бұл мәселеге жұмыстың бір параграфын арнауымыздың өзі Польшаның
экономикалық тәжрибесінің басқа Еуропа елдеріне қарағанда Қазақстанда
үйлесімді болуы мүмкін деген көзқарастан туындап отыр.
Мамандарға Польша кереметі деген атпен белгілі болған бұл
экономикалық саясатының мәні мен мазмұны, тез арада көзге көрінген нәтижесі
біраз зерттеушілердің назарын аударған.
Польшадағы экономикалық реформаның тікелей ұйымдастырушысы, оның
пионері аталған Л. Бальцеровичтің Социализм. Капитализм. Трасформация.
Очерки на рубеже эпох деп аталатын еңбегінің маңызы өте зор. Автор XX ғ.
80 жылдарының соңындағы саяси дағдарыс, оның ел экономикасына тигізген
әсері, экономикалық реформаның алғы шарттары, осы реформаның іске
асырылуына елдегі саяси себептердің кері әсеріне реформаның нәтижесі,
системалық өзерістерге ғылыми түрде талдау берген.
Польшадағы экономикалық реформалардың жүзеге асуына үлкен үлес қосқан
мемлекет қайраткері Гжегож В. Колодконың еңбектері осы параграфты жазуда
құнды дерек көзі болды. Оның Польша – 2000. Новая экономическая стратегия
атты еңбегінде 1993 ж. бастап Польшадағы реформаның барысына тоқталып, ауыл
шаруашылығының жағдайы, жұмыссыздық мәселесі, қаржы секторындағы
жетістіктері қаралады. Сонымен бірге автор реформаның одан әрі тереңдей
жүруі үшін өзінің Польшаға арналған стратегиялық бағдарламасын ұсынады.
2000 жылға дейінгі Польшаның экономикалық дамуына болжам жасауға тырысқан.
Кеңес дәуірінде Қазақстанда В. Дьяков пен Г. Сапаргалиевтің
Общественно – политическая деятельность польских ссыльных в
дореволюционном Казахстане атты көлемді еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте
зерттеушілер Қазақстан жеріндегі жер аударылған поляк революционерлерінің
жергілікті халықтармен қарым-қатынасы, қазақ халқының әдет-ғұрпын,
мәдениетін, тарихын зерттуге қосқан үлестерін жоғары бағалаған.
Қазақстанда айдауда болған поляктардың өмірі мен творчествосына Ф.
Стеклованың зерделі зерттеулерін соншалықты ризашылықпен ауызға алуымыз
керек. Ол өзінің ғылыми мақалаларында Г. Зелинский, А. Янушкевичтің қазақ
халқының әдет-ғұрпын зерттеудегі еңбегін атап өтеді.
XX ғ. 90 – жылдардағы Польшаның сыртқы саясаты жайлы және ондағы
демократиялық өзгерістер мен оның ішкі және сыртқы саясатқа тигізген әсері
жайлы көптеген еңбектер жарық көрді.
Ресей тарихшыларының Орталық және Шығыс Еуропа XX ғасырдың 2-ші
жартысында атты 3 томдық еңбегі басылып шықты. Бұл еңбектің 3-ші томында
осы аумақтағы елдердің, соның ішінде Польшадағы саяси трансформацияның
кезеңдері, негізгі бағыттары, проблеммалары, нарықтық институттардың
қалыптасуы, шаруашылық қызметтегі либерализация барысына талдау жасалған.
Зерттеушілер Орталық Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық және ғылыми ортаның
бүтіндей практикалық, теориялық маңызды мәселелердегі дисскуссияны ашып
көрсетуге тырысқан. Олардың ішінде Польшадағы 80-90 жылдардағы барқытты
революцияның қозғаушы күштері мен себептеріне баға беру, сыртқы саясат
контекстіне анализ, нарықтық экономиканың қалыптасуындағы мемлекеттің рөлі
мәселесіне объективті баға берілген.
Ресей зерттеушісі Л. Лыкошинаның Лешек Бальцерович атты еңбегі
Польшадағы XX ғ. 90-жылдарының басындағы өзгерістерге арналған. Бұл
көлемдегі еңбекте автор 90-жылдардағы Польша экономикасының барлық
салаларын қамтыған қайта құру процестеріне тоқталады. Мұнда сонымен бірге
экономикалық реформалардың табысты жақтары және кей салаларда жіберілген
кемшіліктері туралы ойлар тұжырымдалған.
Соңғы жылдары депортация тарихының негізгі проблемаларының жаңа тарихи
таным мен методология тұрғысынан саралауда қыруар істер тындырылды. Осы
бағытта бірқатар зерттеулер жарияланды. Олар зорлап қоныстандыру саясатының
шынайы мәні мен мақсатын, салдарын ашуда осы кезеңге дейін қалыптасқан
жаттанды пікірден арылуға, өткен тарихқа жаңаша қарауға жағдай жасады. Осы
кезенде жарық көрген ғылыми еңбектер КСРО өкіметінің қоныстандыру саясатын
тарихи трагедия ретінде көрсетеді.
Қазақстандағы поляк диаспорасының тарихы мен өзіндік орны мәселесі
зерттеуші Л. Исованың Қазақстан –Польша, поляк мәселесінің эволюциясы
атты кандидаттық диссертацисында баяндалды. Зерттеуші поляк диаспорасының
Қазақстан территориясына жер аударылуының себептері, оларды
республикамыздың облыстарына орналастыру, кездескен қиыншылықтары, қазіргі
тәуелсіз Қазақстандағы көп ұлтты халықтар арасындағы олардың тең құқықтық
орнына бүгінгі күн тұрғысынан баға берген.
Республикамыздың белгілі тарихшыларының құжаттық негізбен байыпты
ғылыми зерттеуді сәтті ұштастырған Депортированные в Казахстан народы:
время и судьбы еңбекте Кремль тоталитаризмінің кешірілмес қылмыстарының
бірі – бұрынғы Кеңестер Одағы аумағындағы республикалардан Қазақстанға
арнайы көшірілген және депортацияланған тұтас халықтар тағдырының толғақты
мәселелері алғаш рет жан-жақты сөз болады.
Қазақстан жеріне зорлап қоныс аударылғандардың ішінде тікелей жастық
шақтарын өткізген зерттеушілер Т. Күлбаев пен А. Хегай болатын. Олардың
Депортация деп аталатын еңбектерінде біздің республикамызға зорлап
қоныстандырылған әртүрлі ұлттардың келу себептерін орналасу жерлерін,
қайғылы тағдырларының ащы жақтарын ашып көрсеткен.
Соңғы кездерде жарық көрген еңбектің бірі – Қазақстанның даму институты
мен президенті мұрағаты бірігіп Из истории поляков в Казахстане деген
құжаттар жинағын басып шығарды. Бұл еңбекте Батыс Украинадан жер аударылған
поляк диаспорасы өкілдерінің саны, олардың Қазақстан облыстарына орналасуы
туралы мәліметтер – мұрағат құжаттарының негізінде берілген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жанынан құрылған
шығармашылық топ Мұстафа Шоқайдың өмірі мен саяси қызметіне арналған
таңдамалы 2 томдық еңбекті жарыққа шығарды. Бұл еңбекте зерттеушілер
Түркістан халықтары тарихында бұрын-соңды болмаған құбылыс – демократиялық
Еуропаның ортасында Түркістандық саяси эмиграцияның қызметінің негізін
қалаған М.Шоқайдың қызметін көрсетеді. Сонымен қатар, сол кезде сталиндік
оппозицияда болған М.Шоқай және Түркістандық басқа зиялыларға XX-ғасырдың
20-30 жылдарындағы Польшаның мемлекет қайраткері Ю. Пилсудскийдің көрсеткен
көмегі, қарым-қатынасы баяндалады.
XX ғ. 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдары Польшада жүргізілген реформалар
туралы С. Мәшімбаевтың Социально-экономические реформы в Польше (1989-
1995 гг.) деген мақаласы жарық көрді. Мақалада 1989-1995 жылдардағы
жүргізілген әлеуметтік және экономикалық реформа, нарықтық қоғамға өту
кезіндегі Бальцерович жоспары, оның жүргізілу жолдары туралы
қарастырылады. Польшада өтпелі кезеңнің аяқталуы, оның Еуропалық одаққа
кірген елдермен байланыстары жаңа тарихи көзқараста қарастырылады.
Польша мен Қазақстан арасындағы қарым- қатынастар жөнінде мемлекет және
қоғам қайраткерлерінің жеке ғалымдардың еңбектері бар.
Бұл жөнінде ең алдымен Қазақстан Республикасының сыртқы істер
министрі Қ. Тоқаевтың Под стягом независимости және Қазақстан
Республикасының дипломатиясы деген еңбектері зерттеушілер үшін өте құнды
мәлімет беретіні аян. Бұл еңбектерде автор Қазақстанның Шығыс Еуропа
елдерімен, оның ішінде Польшамен ресми байланыстары, олардың ішінде
дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастары туралы баяндаған.
Екі ел арасындағы саяси экономикалық, мәдени байланыстар барысы туралы
кезінде Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі елші қызметін
атқарған Т.Сүлейменовтың Қазақстан – Орталық және Шығыс Еуропа
ынтымақтастығының болашағы деген мақаласы жарияланды. Бұл мақалада Польша
мен Қазақстан қарым- қатынастарының жалпы арнасы, оларды дамытудың маңызы
мен бағыттары, болашағы нақты мысалдар негізінде баяндалады.
Польша мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарға байланысты нақты
зерттеулер енді ғана іске асырылуда. Осыған байланысты стратегиялық даму
институты мен поляк ғалымдарының біріккен Kazachstan Historia
Spoeiczenstixo Politika деген еңбегі жарық көрді. Зерттеу жұмысы Польша
және Қазақстандық ғалымдардың бірлескен жұмыстарын қорытылындай әрі
жақындастыра келе, егеменді Қазақстанның трансформациялық процестеріне аса
зор көңіл бөледі. Бұл еңбекте сонымен бірге екі мемлекет арасындағы саяси
байланыстар туралы, парламенттер мен үкімет аралық ынтымақтастық,
экономикалық саладағы қарым-қатынастар ерекше аталып өтеді.
Жалпы алғанда, жоғарыда аталған еңбектері талдау бізді төмендегідей
қорытындыларға алып келеді: тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының басым
бағыттарын, яғни оның Польша Республикасымен қарым-қатынастарын, зерттеу
ісі қолға алына бастаған. Алайда жұмыс нәтижелері әзірге аз. Бұл тақырып
объектісі кешенді түрде зерттелмеген, сондықтан да әлі күнге дейін іргелі
еңбектер жарық көре қойған жоқ. Польша Республикасы мен Қазақстан
Республикасының қарым-қатынасының жекелеген салаларын қамтитын мақалалар
күнделікті басылымдарда немесе жинақтар түрінде жариялануда.
Зерттеу жұмысының деректік негізгі. Диссертациялық жұмыстың деректі
көзін ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Сыртқы істер министрлігінің
ағымдығы мұрағатының материалдары, Польша Республикасының Қазақстан
Республикасындағы елшілігінің ағымдағы мұрағат материалдарын құрады.
Сонымен бірге статистикалық жинақтамалар мен анықтамаларды пайдалану
арқасында Қазақстанның жалпы шетелдермен экономикалық байланыстары және
Польша – Қазақстан экономикалық әсіресе суда байланыстары жөнінде нақты
мәліметтер, сандық көрсеткіштер алудың мүмкіндігі туды.
Деректердің және бір маңызды тобына Польша Республикасы мен Қазақстан
Республикасы сыртқы саясаттарының жан-жақты берік нығая түсуіне өз
үлестерін қосқан халықаралық қатынаста екі ел ынтымақтастығын одан әрі
нығайта отырып, қиын да күрделі мәселелер жөнінде өз ой-пікірлерін
білдіретін қайраткерлерді жатқызуға болады. Атап айтқанда, ел Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың, Қ.К. Тоқаевтың, Т. Сүлейменовтың, А. Квасьневскийдің, М.
Гавенцкийдің, А. Скубишевскийдің, Л. Бальцеровичтің еңбектері. Себебі, бұл
мемлекет қайраткерлердің саяси оқиғалар барысында болғандықтан,
еңбектерінің деректік дәрежесі өте құнды.
Ақырында диссертация жұмысын жазуда деректердің келесі бір қайнар көзі
болған мерзімді баспасөз беттеріндегі материалдар мен Польшада шығатын
мерзімді басылымдардағы мағлұматтар мен Интернет жүйесіндегі ақпараттарды
да пайдаландық.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері
Тақырыптың зертеу деңгейін саралай отырып және ондағы фактілерді
жүйелей келе диссертация жұмысын жазуда төмендегідей мақсат алға қойылды:
Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихи алғышарттарының қалыптасуы
мен барысын зерттеу және қамтып отырған салаларын анықтау, жалпы
ерекшеліктерін саралай отырып, Польшаның сыртқы саясатында Қазақстанмен
қарым-қатынасының алатын орын анықтау. Осы негізде диссертация жұмысын
туындайтын міндеттер:
- Польша мен Қазақстан арасындағы байланыстың тарихи бастауын саралап,
олардың өзара таныстығы соңғы он жылмен шектелмейтінін, оның белгілі бір
тарихи сабақтастығы бар екенін көрсету;
- Халықаралық аренада екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың дәйекті
қалыптасуына екі жақтың да мүдделі үндестігі негіз болатындығын анықтау;
- Екі елдің саяси сферадағы өзара түсінушілігі мен ынтымақтастығының
қалыптастуының қадамдары мен поляк-қазақ қарым-қатынастарының принциптік,
келісімдік құқықтық негізінің жасалу процесін саралау;
- Польшаның қазіргі кезде экономикасын реформалаудағы қол жеткізген
табыстарын саралай отырып, біздің республикамыздағы реформалар барысында
тигізер үлесін көрсету;
- Польша мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы
байланыстардағы қадамдарын, олардың қамтып отырған салларын көрсете келе,
екі жақты байланысты нығайтудағы ролін негіздеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы оның Қазақстан – Польша
қатынастарының XIII бастап XX ғасырдың басына дейінгі аумақты тарихи
кезеңдегі тарихи бастаулары мен ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан басталған
қазіргі кездегі қалыптасу кеңеюге бет алған қадамдарын тарихи саралап,
зерттеулердің тұңғыш тактикасы болып отырғандығында. Диссертация жұмысында
деректердің, құжаттардың басым көпшілігі тұңғыш рет зерттеліп, ғылыми
айналымға қосылды. Польша мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі
күнге дейінгі қалыптасуы мен даму барысын және болашағы жөніндегі жұмысты
жазудағы алынған ғылыми нәтижелер, кең көлемді бұрын жарық көрмеген
деректердің басым бөлігін тұңғыш рет айналымға енгізіп, Қазақстан мен
Польша арасындағы саяси, мәдени, экономикалық байланыстардың бұрын-соңды
жеке тауқымет ретінде зерттелмегендігін яғни тың тақырып болғандығы
салдарынан таңдалған, қарастырылған мәселелер алғаш рет жүйелі түрде ғылыми
негізде зерттелгендігі көрсетілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Польша мен Қазақстан
арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, өзара ынтымақтастықты, оның
аймақтағы болашағын жан-жақты зерттеу нәтижесінде келесі тұжырымдар
қорғауға ұсынылады:
1. Қос тарапты әлемдік құрылыс жүйесінің ыдырауының нәтижесінде Польша
Республикасының әлемнің бәріне танылуы мен құрметтелуі мақсатында
шетелдермен әрі ұлттық әрі адамгершілік негіздегі бейбіт қарым-
қатынас жасауды өзінің сырттық саяси ұстанымы ретінде қаралды.
2. XX ғасырдың соңғы он жылының ішінде нарықтық қатынас Польша
экономикасының ұтымды тапқан жолы болып, Польша Шығыс Еуропадағы
бірден- бір дамыған мемлекет қатарына қосылды. Польшаның он жыл
ішіндегі экономикадағы табыстары халықаралық аренада поляк кереметі
деген атпен белгілі болуының мәні зерделенді.
3. Сыртқы саясат саласында Польша Орталық Азияда қалыпты қатынастар
орнатуда,бұл елдер үшін поляк кереметі үлгі ретінде әлі де әзірше
қызықтыруда. КСРО-ның ыдырауынан кейінгі саяси жағдай Польшаға Орталық
Азияда жаңа құрылымды пайдалануға мүмкіндік берді. Сараптау нәтижесі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдың медицина тарихы
Түркістан қаласының шығу тарихы
Ислам мәдениеті мен ғылымы
Орта ғасырлардағы ислам мәдениеті
Жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері
Желтоқсан жаңғырығы
Қорқыт ата туралы
Қазіргі заман мәдениеті мен оның негізгі мәселелері
Әлемдік және дәстүрлі діндер
Қазақ халық дастандары және халқымыздың рухани мәдениетінің әлемге танылу мәселесі
Пәндер