Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері

Білім мен тәрбие берудегі Ыбырайдың алға қойған мақсаттары.

Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептері.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Педагогика училищелері мен жоғары оқу орындарының филология
факультеттері оқу программаларынан қазақ халқының ұлы ағартушылары Шоқан
Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өмірі мен творчествосын
оқып білуге мол орын берілген. Соның ішінде өзін болашақ мұғалім –
тәрбиешілік мамандығына дайындауға бағыштаған жастар үшін педагог Ыбырай
Алтынсариннің алатын орны ерекше. Өйткені ұлы педагогтің тұлғасында
оқытушылық мамандыққа тән қадір-қасиеттердің бәрі бар. Ол-мұғалім –
методист, халық ағарту, ісінің ұйымдастырушысы, оқулықтар авторы және қоғам
қайраткері. Ыбырай – фальклорист, ақын-жазушы, журналист.
Бұл тақырыптағы мақсат Ыбырай мұраларының қай шамада игерілгенін
көрсету, нақты мазмұндар мен проблемалар қалай шешілді, болашақта не
істеу керек деген ой туғызу, ізденімпаздыққа жетектеу.
Ыбырай Алтынсаринді жаңашыл педагог-ағартушы, белгілі қоғам қайраткері
ретінде тану, оның шығармаларын осы тұрғыдан талдау біздің заманымыздың 40
жылдарынан басталды оның шығармалары кең талданып, олардың мазмұны мен
мақсаты, идеясы ашылып көрсетілді.

Негізгі бөлім

1. Ыбырай Алтынсариннің
өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері

Ыбырай Алтынсарин 1841 20 (қарашада) қазанда Торғай облысы, Николаевск
уезінің Арақарағай болысында (қазіргі Қостанай облысның Затобол ауданында)
дүниеге келді. Әкесі Алтынсары ауыл молдасы алдын көргені болмаса, басқадай
оқу қумаған, момын, үй-шаруасымен айналысқан адам болған. Ол Ыбырай үш
жасқа толғанда қайтыс болады. Шешесі Айман (Арғын руынан Шеген бидің қызы)
ескі салт бойынша қайнысы Қошанға шығады, одан туған балдардың ұрпақтары
баршылық. Ыбырай әкесі өлгеннен кейін тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден
алады. Балғожа Жаңбыршин - белгілі би, ірі бай болған адам. Ол ұзақ уақыт
Орынбор Шекара комиссиясы комиссиясы қол астында қыпшақ руына старшина
болып қызмет істеген, патша өкіметінен шен-шекпен алған “ірі феодалдардың
бірі”. Орысша тіл білген, ақыл парасаты да мол болған би.
Патша үкіметі Қазақстанға ықпал жасаудың басты жолы қазақ даласына жаңа
мектеп ашуды, “сол арқылы өзінің отаршылық саясатын дала тұрмысында ұтымды
жүргізе алатын адамдарды жергілікті халықтан дайындауды отаршылдық
саясаттың қалтқысыз жүзеге асуын тиісті жерлерде қамтамасыз етіп отыратын
шаралардың бірі ретінде санады”. Шекара комиссиясы жанынан ашылатын мектеп
және Орынбор қазақтарын басқару туралы “Ережелерді” 1844 жылдың 14
маусымында бекітті. Мектепке тек қазақ балалары, ондада көбінесе тек ата-
аналары патша өкіметіне қызмет көрсететіндердің немесе оған адал
берілгендігмен көзге түскендердің балалары алынатын болды. Осынау “Ережені”
көзі ашық Балғожа би жақсы түсінді. Болашақ ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин
оқитын мектептің ашылуына арналған адымдар осылай басталған еді.
1846 жылдың 5 наурыз күні Балғожа би Орынборға әдейі барып, өзінің жақсы
танысы, Орынбор Шекара комиссиясының төрағасы генерал-майор
М.В.Ладынженскийге әдейі жолығып, немересі Ыбырайды ашылмақ мектебіне
қабылданатын қазақ балаларының кандидаты етіп тіркеп қоюды сұрап арыз
берді. Арыз қанағаттандырылды.
Ыбырай 1850 жылы 22 тамызда Орынбор Шекара комиссиясы жанынан қазақ
балалары үшін ашылған мектепке 30 баланың бірі болып қабылданады.
Мектеп қабырғасында ол көп нәрсені үйренді – орыс тілін меңгереді, оның
тіршілік – тұрмысқа қажетті ерекшеліктерін, Россия экономикасының озық
екенін түсінеді.Болашақ ұлы педагогтің ой-дүниесі кеңейіп, байқампаздық
қасиеттері дамиды. Орыс зиялыларының шығармаларынан нәр алады. Ыбырай аса
зерек болады, жоғары балдар алып оқиды.
Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы жазды осы мектепті үздік бағалармен бітіріп
шықты, тиісті куәлік және дәрігерге көмекші деген ресми анықтаманы да қоса
алады.
1857-1859 жылдары қыпшақ руы ұзын бөлімінің меңгерушісі, войскалық
старшина, атасы Балғожа Жаңбыршиннің қарамағында хат жүргізуші болып
атқарады. 1859 жылдың тамыз айының бірінен бастап, Орынбор облыстық
басқармасына кіші тілмаш (аудармашы) болып тағайындалады.
1860 Орынбор өлкесінің басқару орны Орынбор бекінінсінен қазақ балалары
үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алады. Осы мектепке Ы.Алтансарин оқытушы
болып тағайындалады. Өз тілек сұрауы бойынша жаны сүйген қызметі қолына
тиген соң Ыбырай Алтынсарин 1860 жылдың шілде айында біржола елге Торғайға
келіп, ағарту жұмысына кіріседі. Торғай бекінісі комендатурасында тілмаш
жұмысын да қоса атқара жүреді.
1861 жылы қыркүйектің 1-і күні Троицк қаласында қазақ мектебі ашылып,
оған 30 оқушы қабылданады.
Бұл жылдар Ыбырай Алтынсариннің Торғай қаласында мектеп ашуға әзірлік
жұмысын жүргізген кезеңі. Ол өте ауыр жағдайда болды. Орынбор басшылары
мектеп десе, салғыртсып, қырын қарап, қойылған мәселелерді соза шешіп,
уақытты ала берді.
1863 жылдың аяғына таман Ыбырай Алтынсарин жобалаған мектебінің
құрылысын бітіріп, жүйелі оқуды бастауға әзірліктің аяқталғанын Орынбор
әкімшілігіне хабарлайды.
1864 жылы қаңтардың 8-і күні Торғайдағы қазақ мектебі салтанатты түрде
ашылды. Үлкен той болды. Халықтың әдет-ғұрпына сай ат-шабыс, тағы басқа да
ұлттық ойындар ұйымдастырылды, қазақтар мәз-мәйрам, үлкен қуаныш үстінде,
бірден он үш бала жазылды, олардың көбі елдегі билердің, төре-ожалардың
ұрпақтары еді.
Ыбырай Алтынсарин 1865 жылы мамыр айының 22-жұлдызында мектептегі
оқушыларды сыннан өткізді, онда шәкірттерге мынандай талаптар қойылады;
1. Орысша кітаптан кішігірім шығармаларды оқытып, түсінгенін қазақша айтып
шығу:
2. Әр түрлі заттардың атауын орысша атау:
3. Орысша сөйлеу. Өзі оқыған кітаптан кейбір қысқа шығармаларды айту:
4. Жекелеген сөйлемдерге грамматикалық талдау жасау, сөздерден сөйлем
құрау, олардың мазмұнын түсіндіру:
5. Таза жазу:
6. 1.000.000- дейінгі сандар
7. Татар тілін - оқу және жазу:
8. Мұсылман дінінің қағидалары.
Оқушылар мамыр айының 22-жұлдызынан бастап алғаш рет жазғы демалысқа
таратылды.
1868 жылы қазан айының 21-жұлдызында қахақ даласын басқарудың “Уақытша
Ережесі” бекітіліп, Орал және Торғай облыстары ұйымдастырылды.
Торғайдағы қазақ мектебі 1868 жылы бір – төрт жылдық орыс-қазақ училищесі
қайта құрылды.
Ыбырай Алтынсарин 1867 жылы өзінің белгілі этнографиялық “Орынбор
ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің
очеркі”, “Орынбор ведомствовасы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той
жасау дәстүрлерінің очеркі” мақалаларының қолжазбасын аяқтады. Олар кейін
1870 жылы жарық көрді.
1866 жылы Ыбырай Алтынсарин кіші жүздегі жаппас руы, Достияр бөлімінің
құрметті ақсақалы Шолақ қызы Айғанысқа үйленді.

2. Білім мен тәрбие берудегі

Ыбырайдың алға қойған мақсаттары.

Ыбырай Алтынсарин білім және тәрбие беру мақсаттары өмір талабынан туып,
қазақ халқының жалпы мұң-мұқтаждарымен астарласып жатыр. Ыбырайдың
педагогикалық мұраты балаларға “жан-жақты және кең көлемде білім беру”.
Ол оқыту процесінде:
1) Білім беру мен тәрбиелеуде мұғалімнің ролін жоғары қойды.
2) Оқу-материалдық базасының шешуші маңызын атап көрсетті.
3) Оқулықтарды таңдап ала білуге үлкен мән берді. Инспектор ретінде тиісті
оқулықтарды өзі оқып, кейін қажет тапса, мектепте пайдалануға ұсынып
отырды.
Орыс графикасын пайдаланып, “Қазақ христоматиясын” жазу жұмысын қолға
алды. Қазақ мектебінде орыс тілін оқыту әдіс-амалдары туралы қолжазбаларын
тағы да қайта қарап, өңдеп, толықтыру жұмысымен айналысады.
Ыбырай Алтынсарин Торғай облысындағы уездерде мектептер ұйымдастыру,
олардың оқу-материалдық базасын жасау, оқытушылар іздестіріп тауып,
оларды шақыру сияқты қазақтар үшін болашағы мол, күнделікті мәселелерді
ойластыра бастайды, ойларын қағаз бетіне түсіреді. Ең алдымен уезд
орталықтарындағы мектептерді нығайту, олардың жұмысын тиянақты ету
мәселесін шешу керек деп түйді.
Ы.Алтынсарин қазақ жастарының жоғарғы оқу орындарына түсіп оқуы,
сөйтіп олардың жоғары білім алулары үшін көп қызмет істейді.
Ыбырай барлық уақытта оқу бағдарламаларымен шектеліп қалмай, оларды
кеңейте, қолға түскен қосымша материалдармен толықтыра түсуді оқытушылардан
талап етіп отырды. Білім беруде кітапхананың орны ерекше бағаланады. Ол:
“Жақсы білім беру керек, қалай болса солай, оқытуға болмайды”, “Оқытатын
кітаптар ғылымға негізделуі тиіс”, - деді.
Ы.Алтынсарин адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтерді, оны шешу жолдарын
іздестірді. Бұл жағынан алғанда ол революцияшыл демократтар мен орыс
педагогикасы классиктерінің негізгі идеяларын толық меңгерді.
Ыбырай Алтынсарин орыс-қазақ мектептеріне арнап Орынбор баспаханасынан
екі оқу құралын – “Қазақ христоматиясын” және “Қазақтарға орыс тілін
үйретудің бастауыш құралын” жарыққа шығарды.
Екі кітаптағы барша қазақ сөздері орыс графикасымен берілді.
Бұл екі кітап қазақ мәдениетінің қалыптасуы, өсу тарихында үлкен оарын
алған, өте маңызды еңбек болды, сонымен бірге олар қазақ өмірінде өз
тілінде жазылып, баспаханадан арнайы шыққан тұңғыш оқулықтардың төл басы
еді.
Ы.Алтынсарин қазақ фольклорын тәрбие мақсатында аса щеңбер пайдалана
білген – “Қобыланды”, “Жәнібек батыр”, “Қара батыр”, тағы басқалары осының
мысалы. “Кел, балалар, оқылық!” – жастардың оқу гимні. Аудармаларының
тәрбиелеік мәні. Мақал-мәтелдер, мысалдар – тәрбие құралы.

Ыбырай Алтынсариннің оқу және өнері туралы

хіх ғасырдың екінші жартысында демократиялық бағыт ұстаған орыс
педагогтері - Ушинский, Бунаков, Корф, Л.Н. Толстой,
Паульсон тағы басқалары мектептерге арнап оқулықтар жазды. Россия
қарамағындағы аз ұлттар өкілінен шыққан мұғалім-ағартушылар (Я.Гогебашвили,
И.Я.Яковлев, т.б.) да осы үлгіде оқулықтар мен методикалық құралдар жаза
бастады. Солардың бірі Ыбырай Алтынсарин болды. Оның орыс графикасында
жазған ”Қазақ хрестоматиясы”- педагогикалық құндылығы жағынан тамаша
ескерткіш.
”Қазақ хрестоматиясын” ұлы педагог қалай жазды, алдына қойған
мақсаттары, оны шешу қай деңгейде іске асты? Осы сұрақтарға жауап беру
абзал. ”Оренбургский листок” газетінің редакторы И.И. Евфимовский-
Мировицкийдің хрестоматияны бастырудағы және оны жариялап насихаттаудағы
еңбегі туралы айту керек.
Алтынсарин хрестоматиядан басқа ”Орыс тілін қазақтарға үйретудің
бастауыш құралы” еңбегін жазды. Бұған автор 500-ге тарта сөз бен сөздер
тізбегін енгізді. Ол тұңғыш рет сөз таптары бойынша сөздік жасады.
Екі еңбектің мазмұндық ерекшеліктерін, басты тақырыптарын атаңыз.
Жекелеген шығармалар (мысал- әңгімелерге) мен ережелерге талдау жасаңыз.
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының тұңғыш мұғалім-педагогі және
қоғам қайраткері. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырайдың ашқан болыстық мектептері
Ыбырай Алтынсарин өмірінің кезеңдері
Ыбырай Алтынсарин тағылымы
Ыбырай тағылымдарынын басы енгізуді ұмытпаған абзал
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Ұлы ұстаз мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер
Ыбырай Алтынсарин жайлы ақпарат
Пәндер