Ғылыми - техникалық мәтіндердің функционалды стильдік ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Бүгінгі таңда техниканың мәні өте маңызды. Техникасыз өмір сүру деңгейі де дамымас еді, және де әрбір ашылған жаңа құрал-жабдық біздің өмірімізді жақсартып келеді. Шет мемлекеттермен ғылыми-техникалық ынымақтастық пен ақпарат алмасудың нығаюы нәтижелеріне орай ғылыми-техникалық әдебиеттерді аудару қабілеттілігі маңыздылығы ерекше артты.

Аударманың басқа түрлеріне қарағанда ғылыми-техникалық аударманың алатын орны маңызды. Ғылыми-техникалық аударманың негізгі міндеті - жариаланған ақпаратты оқырмандарға анық және дәл жеткізу. Ғылыми-техникалық аударманы зерттеу нақты аударманы көздейтін өзекті де маңызды мәселе. Бұл ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері туралы ақпарат алмасуды жеделдетуге ықпал етеді. Бұл жұмыста біз ғылыми-техникалық аударма стилін, әсіресе «Мұнай және Газ» өндірісіндегі ашып көрсетуге тырысамыз. Елімізде Қазақстан Республикасын әлемдегі ірі мұнай шығарушы елдер санатына қосатындай елеулі мұнай және газ қорлары бар. Минералдар еліміздің басқы табиғи ресурстарына жатады. Олар өндіріс өнімдерінің негізін құрайды, көбінесе олар әлемнің минерал шикізат нарығында маңызды орын алуға мүмкіндік беретін, елдің экономикалық шамасын анықтайды. Ал басқы қор ол - мұнай.

Мұнай жаңа заман экономикасы мен халықаралық қатынастарда қуат қоры ретінде зор қызмет атқарады. Қазақстан жер қойнауы көп бөлігі әлі де дами қоймаған табиғи қорларға толы. Айтуға негіз болғандықтан, Совет Одағы кезінде «Қазақстан жер қойнауында Менделеев кестесіндегі барлық химиялық элементтер бар. » Қазақстан өз қойнауындағылардың жүздеген бөлігін әле дамыта қоймаған делінген еді.

Ғылыми-техника саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуы әр түрлі тілде сөйлейтін адамдар арасында арнайы ақпараттың алмасуын талап етеді. Аудармашының міндеті - барынша тура аудармамен қамтамасыз ету, ол дегеніміз тура атаулар табу мен үдірісті дәл сипаттау.

Бұл дипломдық жұмыс ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Мұнай және Газ» саласындағы тақырыптарды салыстыру мен айырмашылығын табуға бағытталған. Аударманың мұндай түріне деген сұраныс техникалық құрал-жабдықтарды сипаттау мен техникалық атау сөздерді тарату кезінде туындайды. Мысалға, жаңа құрылғылардың нұсқауларын аудару айтарлықтай қиынға соғады. Ғылыми-техникалық аударма техникалық мағлұматтардың әр түрлі түсіндірмесі. Ғылыми-техникалық аударманың басқа аударма стильдерінен айырмашылығы, оның ең маңызды нысаны - қандай да бір саланың теориялық зерттелуі емес, керісінше құрал-жабдықтар мен саймандар, құрылғылар, моторлар, машиналар мен тетіктер және де жұмыс нұсқауларын пайдалану бойынша ұсыныстар. Сондықтан ғылыми-техникалық тақырыптардың негізгі айырмашылық ерекшелігі олардың техникалық атауларға бай болуында. [1; 323] .

Тақырыптың өзектілігі әлемдік қоғамдастықта ақпарат алмасу мен таралуы әдісі ретінде ғылыми-техникалық аударма маңыздылығының артуына негізделеді. Бүгінгі таңда бірқатар ашылған құрылғылар бар. Тақырыптың маңыздылығы технологияның шапшаң дамуы нәтижесіне байланысты. Сонымен қатар біздің өмірімізде түрлі техникалық құралдардың ашылуына байланысты пайда болған көптеген жаңа атаулар бар. Түрлі атауларға байланысты «Мұнай және Газ» саласының аудармасы күрделеніп барады, бұл адамдардың тілді жай ғана біліп қоюы жеткіліксіз, арнайы бір маманға дайындығы болғаны лазым дегенді білдіреді. Берілген жұмыс бойынша зерттеу мағлұматтарын орындау арқылы мұнай және газ саласының түрлі тақырыптарын аудару барысында лексикалық қиындықтар жинағын табуға болады. Осыған байланысты берілген мәселені зерттеу айтарлықтай өзекті, ол біздің зерттеу тақырыбымызды «Ғылыми-техникалық аударманың ерекшеліктері» (мұнайгаз саласында) таңдауымызды анықтайды. Берілген жұмыстың маңыздылығы «Мұнай және Газ» саласынан да хабары бар мұнайгаз өндірісі аудармасы атаулары ерекшеліктерін білетін білікті аудармашыларға деген сұраныстың артуынан тұрады.

Ғылыми стиль қазіргі заман тәжірибесінде кеңінен пайдаланылып жүр, өйткені жаңа заман ғылым дамуы жылдамырақ. Сондықтан ғалымдар әлемнің түкпір-түкпірінен өзара ақпарат алмасып отырады. Олар ғылыми- техникалық әдебиеттерді ұдайы аударып отырады. Қазіргі таңда Мұнайгаз өндірісінің Қазақстанның бүгіні мен ертеңі үшін маңызы зор. Сондықтан мұнайгаз өндірісі аудармасы ғылыми-техникалық әдебиетте лайықты орын алады. Бұл дипломдық жұмыс Мұнайгаз атау сөздері мен арнайы сөз қорының оқылуына ықпал етеді және де тәжірибелік бөлімі еліміздің байлығы «қара алтынның» қалай өндірілетіні туралы жалпы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ағылшын және қазақ тілдеріндегі «Мұнай және Газ» саласы тақырыптары аудармаларынының ерекшеліктері мен өзіндік айырмасын анықтау мен оқудың нәтижесінде алынған салыстырмалы талдау. Ол берілген аударма стилінің әрі қарай дамуы мен түсіндірілуін зерттейді.

Мақсатқа жетуде мына мәселелер әрекет етеді:

  • ғылыми-техникалық стиль сипаттамасын белгілеу;
  • ғылыми-техникалық тақырыптардың негізгі түрлерін белгілеу;
  • мұнайгаз өндірісі аудармасының лексикалық ерекшеліктерін анықтау;
  • мұнайгаз саласына байланысты барлық атаулардың басты аударма қиыншылықтарын түсіндіру;
  • мұнайгаз атауларын пайдалана отырып мысалдар келтіру, және де ағылшын ғылыми стилін қазақ ғылыми стилімен салыстыру

Зерттеу мағлұматтары ғылыми-техникалық әдебиеттері мен «Мұнай және Газ» саласы журналдары мәтіндері және мақалаларынан, «Мұнай және Газ» саласы арнайы әдебиеттерінен және арнайы сөз қорларының сөздіктерінен тұрады.

Зерттеудің нысаны мұнайгаз бағытындағы ғылыми-техникалық тақырыптар, лексикалық ерекшеліктерін анықтауда қызығушылық туғызатын сұрақтар.

Зерттеудің пәні «Мұнай және Газ» тақырыптары аудармаларындағы лексикалық жағынан туындайтын қиындықтары және де сөздік қорының мәні.

Зерттеудің теоретикалық негізі мынадай алдыңғы қатардағы жұмыстарға негізделген

  • аударма теориясы (Комиссаров В. Н., Латышев Л. К., Пумпянский А. Л., Коваленко А. Я., Ванников Ю. В. және т. б., )
  • мәтін теориясы (Власов С., Арнольд И. В. және т. б. . )

Зерттеудің әдістері. Жұмыста мәтіндердің салыстырмалы талдауына негізделген әдістеме ғылымы пайдаланылады.

Жұмыстың тәжірибелік бөлігінде ғылыми стиль ерекшеліктерінің ғылыми-техникалық мәтіндер аудармасына әсерін анықтауға тырысады. Бұл бөлімде лексикалық ерекшеліктерді тәжірибеде түсіну үшін көптеген мұнай және газ саласына байланысты атаулар кездесетін мәтіндерді көрсетеді. Бұл жұмыстың нәтижелері мұнайгаз өндірісі мәтіндерінің аудармаларында пайдалы мағлұматтар ретінде пайдаланылады.

Бұл дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады .

Жұмыстың бірінші бөлімінде ғылыми-техникалық стиль міндетті стиль түрі ретінде қозғалады. Сонымен қатар бұл бөлімде ғылыми-техникалық мәтіндердің негізгі түрін белгілеуге тырысады.

Екінші бөлімде ғылыми-техникалық стильдің арнайы түрін талдауға тырысады. Бұл бөлім мұнайгаз өндірісіне, оның ағылшын және қазақша мәтіндерінің лексикалық ерекшеліктеріне арналған. Талдауға әр түрлі мәтіндер арқылы мұнайгаз атау сөздерінің аударма мәселелері кіреді. Сондай-ақ бұл бөлімде мұнайгаз өндірісіндегі осы сияқты басқа мәтіндердің атау сөздерін аудару бойынша ұсыныстар мен әдістемелер берілген.

І БӨЛІМ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1. 1. Аударма - мәдениаралық және тіларалық коммуникация тәсілі

Бүкіл адамзат тарихында түрлі халықтар бір-бірімен сауда, әскери, саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми байланыста болды, сондықтан аударма адамның саналы әрекеттерінің көне түрлерінің бірі болып табылады. Көне заманнан бері аударма адамдардың тіларалық және мәдениаралық қарым-қатынас жасауына септігін тигізді, тек мемлекеттер арасында ғана емес, сонымен қатар, көпұлтты елдердің аумағында да. Көпұлтты мемлекеттерде аудармашылар айрықша мәртебеге ие болды. Мысалы, Ежелгі Карфагенде аудармашылар кастасы жоғары мәртебе мен құрметке ие болған, ал олардың эмблемасы жарқын да сәнді тоты болды. Қауырсындарының көп бояулығы аудармашының қай тілмен жұмыс істейтіндігін көрсеткен.

Аударма дамуының негізгі кезеңдерінің біріне жазудың пайда болуы жатады. Біріншіден, бұл адам әрекетінің түрлі саласындағы құндылықтары мен жетістіктерінің мәдениаралық алмасуына қуатты серпіліс берді, екіншіден, аударма практикасының жаңа түрі, яғни жазбаша аударма пайда болды және ол ауызша аудармамен қатар қолданыла бастады.

Бүгінгі таңда біз ғылым мен техника саласындағы аудармашылық серпілістің куәсі болып отырмыз. Аудармашылардың 70 пайыздан астамы нақ осы салада қызмет етуде. Аударма көлемінің басым бөлігі іскерлік хат-хабарларға, тұтынушылық ақпараттық мәтіндерге (нұсқаулар, анықтамалар және т. б. ), ғылыми-техникалық құжаттарға, санқилы келісім шарттарға, техникалық сипаттамаларға тиесілі болып отыр. [2; 93-96] .

Соның негізінде, аударма әдісімен жүзеге асырылатын және аудармаға бағытталған салыстырмалы, контрастивті зерттеулер (нақты тілдер жұбына арналған жеке аударма теориясы) өз бастауын сонда алды. Теоретикалық ізденістердің нәтижесінде аударма теориясының ұғымы қалыптасып, негізгі мәселелері айқындалды.

Қазіргі аударма теориясы ғылыми бағыт ретінде XX ғасырдың ортасында қалыптасты. Оның пайда болып, ілгері дамуына елеулі қажеттіліктерді қанағаттандыратын аударма практикасының күрт кеңеюі себепкер болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс, онымен тура және жанама байланысы бар кейінгі саяси оқиғалар мен өзгерістер («Нюрнберг процесі», отыршылдық жүйенің ыдырауы, БҰҰ, ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының пайда болуы, НАТО, Варшава келісімі әскери блоктарының құрылуы) халықаралық қарым-қатынасқа жаңа халықтарды, жаңа ұлттық тілдерді таратты.

Әралуан ұлттар өкілдерінің қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін аударма тіларалық және мәдениаралық коммуникация тәсілі болып табылады. А. Д. Швейцердің пайымдауынша «аударма тіларалық және мәдениаралық коммуникацияның бір бағыты және екі сатылы үрдісі, нәтижесінде мақсатты («аудармашылық») талдауға алынған бастапқы мәтіннің негізінде екінші мәтін (метамәтін) құрылып, алғашқысы өзге тілдік, мәдени ортада алмастырылады . . . Алғашқы мәтіннің коммуникативтік әсерін жеткізумен сипатталатын үрдіс екі тіл, екі мәдениет және екі коммуникативтік жағдай арасындағы өзгешелікті модификациялауға бағытталған». [3; 75] .

Аударма тілдік дәнекерліктің бір түрі болып саналады. Тілдік дәнекерліктің бұдан басқа рефераттау, аннотациялау, мазмұндама деген түрлері бар. Олар жеткізілетін ақпараттың көлемі және формаларымен ерекшеленеді. Аударма негізгі нұсқаның мазмұны мен форма бірлігін қайта жаңғыртатын үрдіс болғандықтан, қысқартылған баяндама, мазмұндау және басқа да тілдік дәнекерлерден мейлінше өзгешеленеді. «Аудару дегеніміз бір тілдің әдістерімен екінші тілде айтылған лебізді дәл және толық жеткізу». [3; 75] .

Аударманы қарастырған кезде көңіл бөлетін принципті жағдайлардың бірі ол қарым-қатынастың жеке тұлғалар арасындағы өзара әрекет екендігін ұғыну, соның барысында коммуниканттар мәдениет субъектісі, белгілі лингвомәдени қауымның өкілі ретінде қарастырылады. Аударманы мәдениаралық коммуникация ретінде бағалау тілдің мәдениеттің құрамдас бөлігі, тілдің біртұтас әлеуметтік-мәдени құрылым деген ұғымдарға негізделген.

Тілдердің бәрінің бірдей сөздік қоры мен сөздік құрамы, оның сөзжасам тәсілдері т. т. толып жатқан мүмкіндіктері бір-біріне сәйкес келе бермейтіні заңды. Аудармашылардың қиналатын жері де осы тұстан туындап жатады, өйткені тілдердің құрылымдық, стильдік, грамматикалық жүйелері, лексикалық байлығы әралуан тарихи негізде туып, жасалып қалыптасқан. Міне осындай әрқилылық аударма ісіне әсер етпей тұрмайды. [4; 131] . Алайда бұдан қайсібір тілдерді аударуға болатын, ал екінші біреулерін аударуға болмайтын тіл деп саралауға болмайды. Негізінде өз ұлтына қатықсыз қызмет етіп отырған тілдердің қай-қайсысында да аударма ісі жандана алады. Ендеше тілдер табиғатындағы әлгіндей ерекшеліктерден шошынудың жөні жоқ. Қайта ондай ерекшеліктердің әсерімен өз тілінің жаңа бір мүмкіндігі іске қосылып, жаңаша қыры ашылып жатады. Тілдердің бір-біріне игі әсері, өзара ықпалы дегенде оның осындай прогрестік мәнін ерекше ескеріп отырғаны дұрыс.

1. 2. Аудармашы туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері

Қазіргі заманғы аудармашылар үшін Вавилон - олардың кәсібінің рәмізі. Сондықтан болар, аудармашылардың Халықаралық федерациясы “BABEL” деп аталады. Көне еврей тілінде бұрындары Вавилон осылай айтылса керек. Вавилондық мұнара рәмізі аудармаға арналған кейбір кітаптардың беттерінде де кездесіп тұрады. Аудармашылық қызметтің б. э. д. ІІІ мыңжылдықтан бері келе жатқандығын Ассирия астанасы Ниневияның кітапханасынан табылған саз тақтайшалар да дәлелдейді. Ассириялық патшалар арасында алғашқы болып хат танығандардың бірі - Ашшурбанипал (б. э. д. 669-633) өз сарайларының біреуінде бүкіл көне вавилондық және шумерлік жазбаларды жинақтауға бұйрық береді. Сонда әлемдегі ең алғаш кітапхананың басым бөлігін шумерлер мен вавилондықтар аудару үшін қолданған көптілді сөздіктер құраған екен. Сол сөздіктердің ең көнелері өз ерліктерін империяның түрлі тілдерінде мадақтауды ұнатқан Саргон Аккадскийдің (б. э. д. 2872-2817жж. ) билік еткен кезіне сәйкес келеді. Ертеде, аудармашы кәсібі құрметті де сыйлы болған кезде, түрлі тілдерде сөйлейтін алуан елдің өкілдері тұратын ежелгі Карфагенде “кәсіби аудармашылардың” ерекше бір кастасы (жабық қауымы) болған. Карфагеннің аудармашылары сол кезде айырықша құқықтық мәртебеге ие болған көрінеді. Олар аудармашылық қызметтен басқа барлық міндеттерден түгелдей босатылса керек. Кейбір аударма тарихын зерттеумен арнайы айналысатындардың дәлелдеуі бойынша, аудармашылар кастасының мүшелері сыртқы түр кейіптерімен де қалған адамдардан ерекшеленетін: олардың барлықтарының шаштары тақырланып алынған және денесінде татуировка (теріге бояу жағылған инемен пістелене салынатын сурет) болған көрінеді. Олар татуировканы қазіргідей тек сән үшін емес, өзінің кәсіби деңгейінен ақпарат беретін рәміз ретінде қолданған. Бірнеше тілдерден аудара алатындардың денесінде қанатын жайған тотықұс бейнеленген, ал тек бір тілмен жұмыс істейтін аудармашылардың денесінде қанатын жаймаған тотықұстың суреті салынатын болған. Бір қызығы, көне Карфагендегі аудармашылық геральдикадан мүлдем хабары жоқ адамдар көп жағдайда бүгінгі күннің өзінде аудармашыны тотықұспен теңдестіріп жатады. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, Ежелгі Римде interpres (аудармашы) сөзі біршама кемсітушілік сипатта болыпты; interpres деп мәселенің байыбына бара қоймайтын, сөзбе-сөз аударуға дағдыланған, қабілетсіз аудармашыны атаған. Ежелгі Русьте оларды толмачтар дейтін болған. Сірә, ол атау біздің түркі тіліндегі “тілмәш” сөзінен шыққан болар. Сол көне замандардың өзінде-ақ аудармашылар дипломатиялық келіссөздерге қатысып, әскерлермен шетелге сапарларға бірге шығып отыратын болған. Соған қарамастан, аудармашыларға қолбала ретінде жоғарыдан төмен қарау қай мәдениетте болсын кездесіп тұратын жағдай. Аудармашы тек тілмәш, көшірмеші, қарапайым билингв, түпнұсқаның мәтінінен ауытқымайтын кірпияз ділмар, сөздің құлы ма әлде оның ұстасы ма? Түпнұсқаның мәтінін өзгертіп жіберетін сатқын ба әлде жан-жақты білімді интеллектуал, лингвист және этнограф, философ және психолог, тарихшы, жазушы және тіл тапқыры ма? Ол, кез келген оқырман секілді, түпнұсқа мәтінін “өзіндік жолмен” оқудан бас тартпайтын еркін суреткер ме әлде зейінді әрі сезімтал басқа тілді екінші автор ма? Аудармашы түпнұсқаны өз заманының адамдары мен өзінің жеке бас мәнеріне қарай қайта жасаушы, “өзгертуші-түзетуші”, сөйтіп, “керемет қателіктердің” негізін салушы ма әлде алдына басқа тілдік мәдениет адамдарын түпнұсқаның мазмұнына толығымен қанық етуді мақсат етіп қоятын төзімді еңбеккер ме? Қойылған сұрақтардың қай-қайсысы болсын біржақты жауабын ала қоймаған ашық сұрақтар. Ендігі жерде аударманың ел мен елді байланыстырушы сұхбаттылық пәрменіне тоқталатын болсақ, онда мәдениетаралық коммуникация, мәдениеттер сұхбаттастығы терминдері өзара ажыратуды, арақатынастарды саралауды қажет ететіндігін айтуымыз керек. Коммуникация термині бізге орыс тіліндегі әдебиеттерден келгенмен, әуел баста латын тілінен шыққаны белгілі. Қазақ тіліне бұл термин “қатынас” деп аударылады әрі дәл аударылады деп ойлаймын. Қатынастың да түр-түрі болады. Солардың барлығын екі негізгі топқа бөліп қарау мүмкін. Олар: тікелей қатынас, жанама қатынас. Тікелей қатынасты біз “араласу” деген ұғым арқылы да жеткізе аламыз. Ол адамдардың өзара, бөгде біреулерсіз, тікелей, бетпе-бет қатынасқа түсуін білдіреді. Басқа жақтан келгендер өздерімен қазақ тілін білетін тілмаш ұстаған. Тілмаштар тек ауызша аударған, қазіргі тілде «синхронды аударма» дейміз, бұл сала қазір аудармашылардың ең әлсіз жері, әсіресе орыс тілінен қазақ тіліне синхронды аудару әдістемесі әлі дамымай отыр. Ал жазбаша аударма түрі атамыз Баласағұниден бастау алған. Тілмаш-аудармашы жан-жақты білімдар болған. Тәуелсіздік алғаннан бері тіл мамандарына, әсіресе, қазақ тіл мамандарына, орыс, ағылшын, т. б тіл мамандарына сұраныс артып келеді. Ал бірақ білікті аудармашы табу қиын. Әр саладағы кез-келген маман, басшы өзі қазақ тілін оқып- үйренудің машақаты көптігін көріп, іс-қағаздарды мемлекеттік тілге көшіруде оңай жол - аудармашыны жұмысқа алады. Енді сол аудармашы көз майын тауысып аударған құжаттар оқылмайды да, жай, орыс тіліндегі құжатқа тіркеліп, күнін кешеді. Әр мекемедегі аудармашы өз сорпасында өзі қайнап, өз шамаларынша күн көруде. Салалық кеңес орындары бір жерде болса, кейсалады ол жоқ. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің түпкі мақсаты- сол құжат қазақ тілінде жасалып, яғни қазақ тілінде дайындалуы тиіс, сосын басқа тілге керек болса, аударылуы мүмкін. 90 жыл бойы орыс тілінде жасалып, қалыптасқан құжаттар, стандарт нысандар, Заңға сәйкес, мемлекеттік тілге аударылып, қазақша құжаттар туындауда. Әр салаға тән терминдер де, халықаралық терминдер де қазақшаланып жатыр. Оны біреу түсініп, біреу түсінбей, біреуі қолданылып, ал біреуі қолданыстан түсіп те қалып жатыр. Аудармашы көз майын тауысып, әр терминнің аудармасын іздеп, салыстырып, құжатты Заңға сәйкес талаптарға сай жасайды. Сол құжатты орыс тілінде дайындаған маман немесе басшы осы қазақша құжатты, қазақ тілін жақсы білгеннің өзінде де, тез түсіне кетуі екі-талай. Неге - дейсіз ғой. Себебі, осы саладағы қалыптасқан терминдер орыс немесе латын, ағылшын тілінде жасалған сөздер. Оның қазақшасын ол маман көбінесе білмейді де. Аудармашы оны көптеген сөздіктерден іздеп, электрондық «Заң» бағдарламасынан, немесе тағы басқа жолмен табуы мүмкін. Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінетін болса, сол тілдің басты құралы сөз. Сөз дегеніміз - заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады. Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді. Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалық мағына және грамматикалық мағына. Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы лексикалық мағына, ал сөздердің сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырғанда, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағына. Ағылшын тілінен қазақ тіліне тез және дұрыс аудару үшін грамматикалық дұрыс және сөздік қорының мол болуы жеткіліксіз. Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда сөйлемнің мағынасы өзгермейді, бірақ оның лексикалық және грамматикалық түрі өзгереді. Аудару барысында грамматика мен лексика өзара тығыз байланыста болады. Тек сөйлем құрамында ғана сөздің мәні ашылып, оның негізгі мағынасы анықталады. Аударма барысында аудармашы әрдайым мағынасы жуық ағылшын сөзі мен қазақ тілі сөзін салыстыру қажеттілігіне тіреледі. Яғни аударылып отырған тілдегі сөз мағынасы түпнұсқадағы сөзге сай келе ме, оны қолдануға бола ма деген сауалдарға жауап іздеп табу. Нақты мәтінді аудару барысында ағылшын және қазақ тілі лексика бірліктерін дұрыс салыстыру үшін аудармашы мынадай салыстырулардың маңызды түрлерімен таныс болуы тиіс. Олар эквивалент және варианттық сәйкестік эквиваленттік сәйкестік ағылшын сөзінің мағынасы қазақ тіліндегі сөздің мағынасымен толық сәйкес келеді. Мысалға, Monday - дүйсенбі. Ағылшын тіліндегі сөздің мағынасы қазақ тіліндегі сөздің бірнеше мағынасымен сипатталады. Мысалға plate сөзі 1. табақша; 2. қалың қалықтыр табағы; 3. аккумулятордың электроды; 4. зауыттық марка; 5. анод; 6. гальваникалық жабу.

1. 2. 1. Аудармашыға қойылатын талаптар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау
Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі
Ауызша мәтін артикуляциясы
Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер
БАҚ мәтіндерін классификациялау
Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері
Ғылыми стильді мәтіндерді аудару
Техникалық аудармаға қойылатын талаптар
Сөйлеу әрекетінің құрылымының көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz